Орфография



Дата08.05.2020
өлшемі34,5 Kb.
#66601
Байланысты:
Orfografija


Орфография
Сөздің жазылу жағдайының бәрін графика тұрғысынан түсіндіре беруге келмейді. Графика бойынша: өлөң, құлұн, түлкү, жамбады, жасса, жұмұшшұ түрде жазуға әбден болады және мұның өзі сөздің айтылуына да дәл келер еді. Алайда қазіргі қазақ жазба тілі (жазуы) тілдің тек дыбыстық (айтылу) жағын ғана қамтып қоймайды: сонымен бірге морфология, сөзжасам, лексикология және фонетикалық құрамның тарихи дамуымен де тығыз астасып жатады.

Графика дыбысты нақты сөзден, морфемадан тыс берудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады. Сондықтан оны жазудың тым жалпы да дерексіз ережесі десе де болады, ал орфография – көптеген себептерге байланысты графикадан туындайтын бұрмалар, ерекшеліктер.

Орфография сөздің графикалық бейнесінің олай емес, былай болуы әлдеқайда қолайлы, әрі қонымды (мәселен, өлең деп жазу өлөңнен гөрі тимейді) екендігінің жалпы принциптері мен жеке ережелерін жасайды. Қысқасы, графика жеке дыбысты, әйтеуір жазуды қарастырса, орфография сөзді жазудағы графикалық мүмкіндіктердің таңдаулысын ғана алады.

Әлемдегі жазу жүйелерінің көпшілігі бірнеше ғасырлық даму жолынан өтті. Мәселен, орыс жазуының тарихы екі ғасырдан асады (осыған негізделген қазақ жазуы жарты ғасырдан асты). Алайда осындай ұзақ дамудан өтіп, жетілген деген жазулардың өзі де дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында толық сәйкестікке жете қойған жоқ.

Әріптердің қолданылуын орфография белгілейтін ерекше ережелер реттейді.

Орфография ( грек. orfos – дұрыс, grapho – жазамын) – 1) жазба пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі; 2) біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге де болады.

Ережелер жүйесі: 1) дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру; 2) сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу; 3) сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу; 4) бас әріпті пайдалану; 5) тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды және айқындайды. (Орфография ара-тұра «дұрыс жазу» дегенге синоним ретінде қолданылады). Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.



Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі не одан көп түрде жазылатын жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің (лат. рrincipium – негіз, бастау) негізінде орфографиялық ережелер жасалады. Жазу ережелері ойды дәл жеткізіп, жазылғанды дұрыс түсіну үшін өте қажет.

Қазіргі орфографияларда негізінен морфологиялық, фонетикалық және дәстүрлік принциптер қолданылады. Сондай-ақ дифференциялаушы принцип те болуы мүмкін.



Морфологиялық принцип сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемалар (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы: жан, жамбады, жаңғанда түрде айтылатын сөзформаларға ортақ түбір – жан, сондықтан: жан, жанбады, жанғанда деп жазылады. Ал: жаз, жазса, жазшы, айтуда: жаз, жасса, жашшы, алайда түбір(жаз) сақталып жазылады. Морфологиялық принципті фонемалық принцип деп те атайды. Мұнда бір фонема әр түрлі құбылғанына қарамастан үнемі алфавиттегі бір-ақ әріппен белгіленеді. Бұған жоғарыдағы мысалдан көз жеткізуге болады.

Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындағыдай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Сонда: жаз, жасса, жашшы, жан, жамбады, жаңғанда түрде жазылады да, фонемалық транскрипцияға жуықтайды.

Дәстүрлік принцип сөздің бір кезде жазылып қалыптасқан, дәстүрге айналған түрін сақтап жазу. Бұған қазақ тіліндегі: хат, хабар, халық, қаһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дәстүрлік принцип тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де, келмеуі де мүмкін.

Дифференциялаушы (лат. differentia – айырым) принцип – дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірінен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік принцип бойынша: хабар, хал, халық, хан, хат, хош түрінде жазып жүргендеріміз, о баста тіліміздегі омонимдерді (қабар, қал, қалық, қат, қош) орфографиялық жақтан айырудың нәтижесі деп түсіну керек. Қазақ тілінде 2,5мың омоним сөз бар, 10 – 15 сөзді түрлендіріп жазу арқылы бұл мәселені шешу мүмкін емес.

Дифференциялаушы принципке тілімізде бір сөздің мағыналы жақтан екіге жарылып, соған орай орфограммасының (грек. orthos – дұрыс, gramma -әріп) да өзгеруін айтуға болады: үкімет - өкімет, ауа - әуе, ақырет – ақирет, уақиға – оқиға, балағат – балиғат, ғылым – ілім, дауа – дағуа, дуа – дұға, дуана – диуана, қазір - әзір, жаңқа – жоңқа, қажет - әжет, қаһар – кәр, хал - әл, мәлім – мағлұм, тәлім – тағылым, мән-мағына, уәде – уағда т.б.

Қазақ орфографиясының негізгі принципі – морфологиялық принцип. Орыс орфографиясында да солай.

Осы принциптердің негізінде «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» жасалған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІ
050117 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы

Жоғары білім негізінде



ПСИХОЛОГИЯ пәнінен

Э С С Е

Тақырыбы: ӨЗІНДІК САНА-СЕЗІМ

Орындаған: 1-курс студенті А.Х.Мухтарханова



Тексерген: Л.А.Сағымбаева

Өскемен, 2010

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет