Организмге механикалық жайттардың, шудың, электр ағымының, иондаушы сәуленің, гипокинезияның аурутудырушы әсерінің тетіктерін өздігінен оқу



бет1/2
Дата11.02.2018
өлшемі335,04 Kb.
#37557
  1   2

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-1 БОЙЫНША СӨЖ






1 тақырып. КЕЙБІР СЫРТҚЫ ОРТА ЫҚПАЛДАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ АУРУТУДЫРУШЫ ӘСЕРІ (механикалық жайттардың, шудың, электр ағымының, иондаушы сәуленің, гипокинезияның)

Мақсаттары:

  1. Internet желісі және әдебиеттермен жұмыс жасап үйрену

  2. Организмге механикалық жайттардың, шудың, электр ағымының, иондаушы сәуленің, гипокинезияның аурутудырушы әсерінің тетіктерін өздігінен оқу.

  3. Теориялық білімін патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда және сынақ тапсырмаларын орындағанда қолдану


Тапсырма:

Оқу материалдарын мына сұрақтар бойынша дайындау:



  1. Механикалық жайттардың (созылу, қысылу, жыртылу, соққы) дерт туындататын әсері. Организмге механикалық күштердің жалпы және жергілікті әсері.

  2. Организмге дыбыс пен шудың аурутудырушы әсері. Дыбыс пен шудың патогенездік әсерін анықтайтын жайттар. Шудың арнайы және бейнақты әсері.

  3. Организмге жоғары барометрлік қысымның (гипербария) дерттуындататын әсері. Компрессия және сатурация, туралы түсінік. Декомпрессия кезіндегі бұзылыстардың патогенезі. Гипербариялық оксигенация, организм үшін жағымды және жағымсыз жақтары.

  1. Организмге жоғары және төмен температураның дерттуындататын әсері. Организмнің жергілікті мұздауы, патогенезі. Күйіктік ауру, даму сатылары, күю дәрежелері, күйік кезіндегі жасушалар өлімінің тетіктері.

  2. Организмге электр ағымының дерттуындататын әсері. Организмге электр ағымының жалпы және жергілікті әсерінің патогенезі.

  3. Организмге иондаушы сәуленің дерттуындататын әсері. Сәулесоққы ауруы, түрлері, сатылары, патогенезі. созылмалы сәулесоққы ауруы, сәуленің салдарлары

  4. Гипокинезия, ағзалар мен жүйелердің, зат алмасуы бұзылыстарының патогенезі. Гипокинезия қантты диабет, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының қауіп-қатер факторы ретінде. Қатаң төсек тәртібі кезінде организмдегі өзгерістер, алдын алу шаралары.


СӨЖ орындаудың түрі:

Берілген әдебиеттер, қосымша әдебиеттер және internet көзі бойынша материалдарды өздігінен оқу және сынамалық тапсырмаларды талдау, шешу.

Реферат немес презентация бойынша семестрлік жұмыс. Талаптарды «СӨЖ бағалау нышандары» бөлімінен қараңыз.
Орындалудың нышандары:

▪ №1 аралық бақылауда СӨЖ-дің осы тақырыптары бойынша сұрақтарына жауап беру

▪ №1 аралық бақылауда СӨЖ-дің тақырыптарының сынамаларына жауап беру

▪ презентация немесе рефератты қорғау


СӨЖ тапсыру мерзімі

6 апта, №1 аралық бақылау«СӨЖ бағалау нышандары» бөлімінен қараңыз.


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22-31, 75-80

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.100-144

  3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов // Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 6 -29

  4. Патофизиология //Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. – Томск: Изд-во Том. ун-та, 2006. - С. 42 - 66.

  5. Патологическая физиология. П/р Н.Н. Зайко. – Киев: Вища школа, 2004, С. 38- 56.

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 34 – 48

  7. Тестовые задания по патологической физиологии / под ред Т.П. Ударцевой и Н.Н.Рыспековой – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 34 - 48


Қосымша

  1. Основные проблемы, возникающие у больного при длительном постельном режиме. http: //www.uhodmed. ru / problems. htm.

  2. Ударцева Т.П. Механизмы адаптации к совместному воздействию свинца и ограничения движений / Под ред. А.Н.Нурмухамбетова, Алматы, 2001. - 226 с.

10. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь // Вестник Казахского государственного медицинского университета. – 2001, №12. - С. 56 – 60.

11. Ударцева Т.П., Рыспекова Н.Н., Жуйко Н.В., Имамбаева А.А. К патогенезу анемии при ограничении двигательной активности // Вестник Казахского государственного медицинского университета. - 2000, № 9. - С.168 – 173.


Тест тапсырмалары:

1. «Ұзақ жаншылу синдромы» қабаттасады (4)

A) ағзалардың атрофиясымен

B) сілеймемен

C) олиго – және анурия құбылыстарымен бүйрек жеткіліксіздігімен

D) организмнің уыттануымен

E) тіндердің некрозымен



2. I) гипербария, II) компрессия, III) сатурация, IY) декомпрессия, Y) десатурация түсініктеріне жатады (1)

а) қалыпты атмосфералық қысымнан жоғары атмосфералық қысымға ауысқанда

б) еріген азот артық түзілгенде

в) жоғары барометрлік қысым

г) жоғары атмосфералық қысымнан қалыпты атмосфералық қысымға ауысқанда

д) еритін газдардың азаюы

A) I) - в, II) – а, III) – б, IY) – г, Y) - д

B) I) -а, II) – б, III) – в, IY) – г, Y) - д

C) I) - г, II) – а, III) – д, IY) – в, Y) - б

D) I) - д, II) – а, III) – б, IY) – г, Y) - в

Е) I) - б, II) – д, III) – а, IY) – г, Y) - в

3. Қалыпты атмосфералық қысымнан жоғары атмосфералық қысымға ауысу нәтижесінде дамиды (3)

A) дабыл жарғағының қысылуы

B) қантамырлары мен өкпе альвеолаларының жарылып ауа эмболиясы дамуы

C) ішек газдарының қысылуы

D) ішкі ағзалардың қанға артық толуы

E) ішкі ағзаларға қан құйылуы



4. Төмен температураның зақымдаушы әсерін күшейтетін жағдай болып табылады (4)

A) организм реактивтілігі

B) қоршаған ортаның температурасы

C) ауаның қозғалу жылдамдығы және оның ылғалдылығы

D) айқын теріасты шел майы қабаты

E) жас мөлшері



5. Күйік кезіндегі зақымдану тетіктері байланысты (4)

A) нәруыздардың коагуляциясына

B) қылтамырішілік қанағымының бұзылысына

C) қанның аққыштық қасиетінің бұзылысына

D) тамыр қабырғасының өткізгіштігінің артуына

E) тіндердің коллоидтық жағдайының өзгерістеріне



6. Өлімге ұшырататын электрлік жарақаттың патогенезінде маңыздысы (2)

A) естен тану

B) тыныс орталығының зақымдануы

C) тамыр қимылдатқыш орталықтың зақымдануы

D) тегіс салалы және тірек-қимыл бұлшық еттердің тоникалық құрысулары

E) катехоламиндердің шығуы



7. Созылмалы сәулесоққы ауруына жұқпалы сепсистік жағдайлардың қосылуы, әсерінен дамиды (1)

A) анемияның

B) лейкопенияның

C) лимфоцитоздың

D) тромбоцитопенияның

E) эозинопенияның



8. Ұзақ гипокинезияда зат алмасуының бұзылыстарына тән (4)

A) АҮФ түзілуінің азаюы

B) оң азоттық тепе-теңдік

C) теріс азоттық тепе-теңдік

D) гиперлипидемия

E) гиперхолестеринемия



9. Ұзақ гипокинезия әкеледі (3)

A) остеокластар белсенділігі артуына

B) сүйек тінінде кәлций мөлшерінің азаюына

C) ЭКГ –да P - Q аралығының кемуіне

D) эритроцитозға

E) анемияға



10. Ұзақ қатаң төсек тәртібіне тән (4)

A) дене салмағының азаюы

B) бұлшық еттердің гипотрофиясы

C) бұлшық ет тінінде май қабаттарының артуы

D) веналық тромбоздың дамуы

E) дене қаңқасының төменгі бөлігінің гиперминерализациясы



11.Декомпрессия жағдайына тән (3)

  1. газдық эмболия

  2. тері астының эмфиземасы

  3. тұйық кеңістіктерде газдардың кеңеюі және олардың қысымының артуы

  4. ауа эмболиясы

  5. қанда газдардың ерігіштігінің артуы

12.Гипербарияда дамиды (4)

  1. тіндерде және организмнің сұйық орталарында азоттың ерігіштігі артуы

  2. тіндерде және организмнің сұйық орталарында газдардың ерігіштігінің азаюы

  3. сатурация

  4. ОЖЖ уыттанулық зақымдануы

  5. «тереңдікте рахаттану»

13. Шудың арнайы зақымдаушы әсері көрінеді (3)

  1. дыбыс қабылдағыш аппарат тамырларының тарылуымен

  2. естудің төмендеуімен

  3. ми қыртысының қозуымен

  4. ми нейрондарының қажуымен

  5. есту қабылдағышының құрылымдық өзгерістерімен

14. Шудың арнайы емес зақымдаушы әсері көрінеді (4)

  1. дыбыс қабылдағыш аппаратының зақымдануымен

  2. көңілдің төмендеуімен

  3. ми қыртысының қозу мен тежелудің бұзылыстарымен

  4. эмоциялық тұрақсыздықпен

  5. бас ауыруымен

15. Гипотермияның патогенезінде маңыздысы (3)

    1. жылу шығарудың төмендеуі

    2. жылу шығарудың артуы

    3. жылу өндірудің артуы

    4. жылу өндірудің төмендеуі

    5. қалыпты жылу өндіруде жылу шығарудың бұзылуы

16. Ұзақ шектен тыс ультракүлгін сәулелену тудырады (3)

  1. МАТ үрдістерінің белсенденуін

  2. радиотоксиндер түзілуінің артуы

  3. радиотоксиндер түзілуінің төмендеуі

  4. антиоксиданттардың белсенденуі

  5. тектік мутациялар

17. Организмге электр ағымының жергілікті әсері көрінеді (1)

  1. жүректің тоқтауымен

  2. тоникалық құрысумен

  3. тыныстың тоқтауымен

  4. электр ағымының белгілерімен

  5. қарыншалардың жыпылығымен

18.Электр ағымының жүрек арқылы өтуі тудырады (2)

  1. тәж артерияларының тарылуын

  2. тәж артерияларының кеңеюін

  3. қарыншалардың жыпылығын

  4. коронарлық қанағымының күшеюін

  5. жүректің минөттік көлемінің артуын

19.Организмге электр ағымының әсерінен тыныстың тоқтау патогенезі (4)

  1. тыныс орталығының қозуы

  2. тыныс орталығының салдануы

  3. ларингоспазм

  4. тыныс бұлшық еттерінің жиырылуы

  5. тыныс орталығын қандандыратын омыртқа артерияларының тарылуы

20. Радиосезімтал тіндерге жатады (3)

  1. cүйек тіні

  2. жыныс безднері

  3. жүйке тіні

  4. сүйек кемігі

  5. ішек шырышты қабатының эпителиі

  6. бұлшық ет тіні

21. Жіті сәулесоқ ауруының алғашқы серпілістер сатысына тән қан өзгерістері (2)

  1. нейтропениямен қабаттасқан лейкопения

  2. лимфопения

  3. анемия

  4. нейтрофилдік лейкоцитоз

  5. тромбоцитопения

22. Жіті сәулесоқ ауруының жалған сәттілік сатысы сипатталады (4 )

  1. аурудың айқын клиникалық көріністерінің болмауымен

Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет