Қорық-музейдегі музей педагогикасы елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»



бет1/3
Дата13.05.2020
өлшемі164,88 Kb.
#67892
  1   2   3
Байланысты:
корык-мудейдеги танымдык сабактар



ҚОРЫҚ-МУЗЕЙДЕГІ МУЗЕЙ ПЕДАГОГИКАСЫ
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Мәңгілік ел» идеясын қолдау және жас өспірімдер арасында кең насихаттау, ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, ата-бабамыздан қалған құнды жәдігерлерді дәріптеу мақсатында түрлі жұмыстар қолға алына бастады. Аталмыш мемлекеттік бағдарламалар мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба және елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елге Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау болды. Осының негізінде қаншама мәдени құндылықтар жарық көріп, тарихымыздың кейбір қырлары ашылып жатыр. Қазіргі таңда еліміздегі музейлер – ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми-танымдық бағытта қызмет атқаратын өз алдына дербес мекеме. Қорық-музейдің айналасындағы көптеген қорғандарды көру арқылы ежелгі қорымдар мен қасиетті орындарға ұлылар өмір сүрген өлкеге тағзым ету мен көзбен көрудің маңыздылығын сезінеді.

Кез келген халық өзінің өткенін, қайталанбас тарихын, салт-дәстүрін сақтап, қастерлеп ұрпақтан-ұрпаққа өсиет етеді. Ғасырлардың талай тезінен өткен әрбір мәдени мұра бағаланатын, сақталатын және қорғалатын орын ол музей екендігі белгілі. Ал музейде өтетін музейлік сабақтар қорық-музей атқаратын жұмыстардың бір бөлшегі болып саналады. Музейде білім беру процесінің мәні сәл өзгеше, музейге келуші ол тәрбие құралы емес, тең дәрежедегі пікірлесуші, яғни аудиториямен әңгімелесу диалог формасына ауысады. Музей мен оған келушілердің өзара қарым-қатынасының жаңа әдістеріне байланысты «мәдени білім беру қызметі» термині пайда болды. Музейде жүргізілетін сабақ немесе музейде білім беру ұғымы кең ауқымда қолданылады, яғни адамның интеллектісі мен ой-өрісін дамыту, оның жан дүниесі мен жеке қасиеттерін, қарым-қатынастарын дамыту болып табылады. Ал мәдени білім беру қызметінің теориялық және әдістемелік негізінде музей педагогикасы қалыптасады және музейге келушілермен жасалатын жұмыстың жаңа әдістері мен бағдарламасы жасалып, музейдегі көпшілікпен жасалатын жұмыстар түрлі формаларда жүргізіледі. Музей сабақтары оқушылардың жекеленген тақырып бойынша алған білімдерін бекітіп, тереңдетуге септігін тигізеді. Бұл жерде музей заты көрнекілік құрал ретінде емес, зерттеу көзі ретінде пайдаланылады. Музейлік сабақ оқушылардың оқу курсындағы тақырыбы бойынша білімдерін тікелей музей экспозициясы негізінде тереңдету мақсатында жүргізіледі. Музейлік сабақтың тағы бір ерекшелігі мектеп бағдарламасының міндетін музейде білім беру аясында жүзеге асыруында. Сабақ барысында көрнекі құралдар, архивтік құжаттар, бейнефильмдер мен тақырыптқа сай жасалған слайдтар пайдаланылады.

Туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыруға, шығармашылық бейімділіктеріне қолдау көрсетіп, алған білімдерін шыңдауға көмектесу мақсатында «Есік» қорық-музейі мектеп оқушыларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Қорық-музейдің негізгі зерттеу обьектілері сақ, үйсін мәдениетін зерттеу, дәріптеу, қорғау, сақтау және насихаттау болғандықтан осы салада білім алушылармен терең жұмыс жасауды қолға алды. Осы орайда сақ, үйсін тайпаларының тарихы, олардан жеткен құнды бұйымдарды насихаттауға, сондай-ақ мәдениеті мен мекен еткен жерінен, ғұрыптық наным-сенімдерінен сыр шертетін мектеп пен музейді байланыстыратын оқу әдістемелік кешен даярланды.

Қорық-музейі өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, өз еліне деген сүйіспеншілік пен адалдықты сондай-ақ, өз халқының тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында, оқушыларға арнап музей коллекцияларымен, еліміздің тарихы және мәдениетімен таныстыратын әртүрлі әдістемелік білім беретін бағдарламалар және музейлік сабақтар дайындап, өткізуде. Оқу кешені оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, көрнекілік құралдарды, электронды оқулықтар мен слайдтарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

«Өткен өмір бүгінгі ұрпаққа өнеге» деп аталатын оқу әдістемелік кешенінің негізгі мақсаты мектеп пен музейдің арасын жақындастыру, мектеп қабырғасынан алған білімдерін толықтырып нығайту, әртараптандыру, оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолданып, музей мәдениетін қалыптастыру еді. Қорық-музейге келген мектеп оқушыларына кітаптан оқығандарын көзбен көріп, қолмен ұстауға үлкен мүмкіндік туғызу. Әдістеме өскелең ұрпақтың рухани жаңғырып, қоғамдық санасын қалыптастыруда, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға, сабақтың тәрбиелік әлеуетін дамытуда ұстаздарға беретін көмегі орасан зор. Сондай-ақ мектеп жүктемесін азайту, кәсіптік бағдар беру, қорық-музейге келушілердің қатарын көбейту сияқты бірқатар мәселелерді шешуде салмақты үлесі бар. Қорық-музей дайындаған оқу-әдістемелік кешен мектеп мұғалімдері, музей қызметкерлері мен ұйымдастырушы педагогтар үшін қосымша әдістемелік көмек ретінде жасалды.

Тоғыз сабақтан тұратын әдістемелік кешенге қорық-музейдің қызметкерлері жүргізетін сабақтар еңгізілген. Әр сабақ қорық-музейдің экспозициялық залдарымен тығыз байланыста өтеді және өтетін тақырыпқа сай келетін сұрақтар, ойын түрінде жасалынған қызықты тапсырмалар орындалынып, сабақ барысында түрлі методикалық әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылады. Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын оятуға, алған білімдерін тереңдеуге және нығайтуға барлық жағдайлар жасалынған. Сондай-ақ сабаққа белсене қатысқан оқушыларға тоғыз бөлікке бөлінген Алтын адамның бейнесінің қиындылары беріледі, ал сабаққа толығымен қатысқан оқушы қиындыларды жинастыру арқылы арнайы сыйлыққа ие болып, сертификатпен марапатталады.

Алғашқы сабақ сақ мәдениетіне арналады, қорық-музейдің 1-экспозициялық

залындағы сақ мәдениеті туралы қызықты да, тың мәліметтер айтыла келе, «Алғыр оқушы», «Зымыран» тәрізді ойындармен сабақ пысықталады. Сондай-ақ музейдегі құнды жәдігерлерге қатысты жасалған сөзжұмбақта шешеді. Оқушылар мектептегі Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін музей қабырғасында шыңдай түседі. Оқушылар археологиялық электронды карта және сенсорлы ақпараттық киоскпен жұмыс жасайды. Сенсорлық ақпараттық киоскіден білім алушылар археологиялық және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің хронологиялық, типологиялық мерзімдерін және ерте темір дәуірінде өмір сүрген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, тарихи жәдігерлері туралы қосымша мәліметтерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде алады. Музей - саласында қалыптасқан ақпараттық технологиялар арқылы бұрынғы дәстүрлі қызмет аясының кеңейе түскендігін сондай-ақ жаңа технологияларды қолдану арқылы жұмыс түрінің мейлінше оңтайландырылғандығын, сонымен қатар заманауи ақпараттық құрылғылармен балаларды жақын таныстырудың бір жолы. XIX ғасырдың балалары үшін жаңа технологияларды қолдана отырып өткізілген сабақ жақсы есте қалатындығы баршаға аян. Демек, қорық-музейде заманауи құрылғыларды да пайлану мәселелері қарастырылған.

Музейдегі екінші сабақ Алтын адамның ашылу тарихына арналады. Қазақ елін әлемге паш еткен археологиялық олжа және Алтын адамның ашылу тарихындағы нақты деректер мен сол кездегі археологиялық экспедицияға қатысқан адамдардан алынған тарихи мәліметтер осы сабақта баяндалады. Алтын адам костюміндегі кейбір элементтердің қазіргі таңда Тәуелсіздік символына айналғандығы көрсетіліп, олардың қазақ тарихындағы маңыздылығы мен құндылығы сөз болады. Сондай-ақ қорық-музейдің экспозициялық залдарындағы Алтын адамның қабірінен бірге табылған құнды жәдігерлер көрсетіледі. Есік жазуы деген атқа ие болған 26 таңбасы бар күміс тостағанның сыры да айтылады. Сондай-ақ сабақ барысында оқушылар ребус шешіп, Алтын адамның бас киімінен жасалған пазлды құрастырады.

Өлке мақтанышы Бекмұханбет Нұрмұханбетовке арналатын үшінші сабақта 1969-70 жж Есік қорымынан табылған Алтын адамды қабірден аршып алуға бірден-бір қолы тиген археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовке арналады. Өмірін археологияға арнаған Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің өмірі, алған білімі, еңбек жолы, археология саласына қосқан үлесі, рухани ұстаз жөнінде ақпараттар айтылады. Архив құжаттарынан алынған нақты ақпаратпен танысады. Сондай-ақ қорық-музейдегі археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің мемориалдық кабинетіне экскурсия жүргізіледі. Нұрмұханбетовтің қорық-музей қорына тапсырған жәдігерлері мен таспаға жазылған сұхбаттары таныстырылады. Сабақ барысында оқушылар «Археолог - Бекен ата» атты ребусты шешіп, сабақ тест сұрақтарымен пысықталады. Сондай-ақ Бекен атаның еңбек жолындағы жеткен жетістіктері мен адами қасиеттері айталыды. Бехмұханбет Нұрмұханбетовтің қазіргі таңдағы ізін жалғастырушы шәкірттерінің еңбектері де айтылып кетеді.

«Музей – ЕСІКті ашады» атты төртінші сабақта «есік» сөзінің шығу тарихы мен этимологиясы, сонымен қатар өлке тарихынан сыр шертіледі. Сабақ дәріспен басталып, интерактив ойындармен жалғасын тауып, тест сұрақтарына жауап беріп, сөзжұмбақ шешу арқылы пысықталады. Сондай-ақ «Музей – ЕСІКті ашады» жобасына арнайы салынған суреттермен таныстырылып, шығу тарихы айтылады. Оқушылар сабақ барысында сөздің этимологиясына үңілудің жолдарымен танысады. Яғни мұндай танымдық сабақтар оқушылардың пәнге және өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттыра түсетіндігі хақ. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерін келтіре кеткенді жөн көрдік, «Жалпақ жұртыңды, исі алашыңды құрметтеу алдымен, өзің тұрған өлкенің тарихын танудан, адамын ардақтаудан басталады» деген екен.

Экскурсовод мамандығының қыры мен сыры атты төртінші сабақта музейдің айнасы, топ басқарушы, таныстырушы экскурсовод мамандығы жайлы айтылады. Музейге келген кез-келген қонақты жылы шыраймен, күлімдей қарсы алу экскурсоводтың басты міндеттерінің бірі. Қорық-музей экскурсоводтары экспозициялық залдарға дайындалған ғылыми мәтіндер мен жаңа материалдарды меңгере отырып, өз тарапынан экскурсияға толықтырулар мен тың деректер қосып, үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Экскурсоводтардың тыңдаушыға айтатын ақпараттарының шынайылығы, ақиқаттылығы басты назарда болуы керек. Экскурсияның жақсы, әрі тартымды өтуі экскурсоводтардың өз ісіне деген үлкен жауапкершілігімен тікелей байланысты. Дайындаған тарихи деректері мен маңызды мәліметтерін тыңдаушының жас ерекшелігіне қарай, қызықты әрі түсінікті жеткізе білуінде. Экскурсоводтар қорық-музейдің экспозициялық залдарына экскурсия жүргізумен ғана шектелмейді. Олар мәдени шараларды ұйымдастыруға, өткізуге, музейге келген қонақтардың қызығушылықтарын арттыруға, сондай-ақ оқушылардың ғылыми - ағарту және мәдени ой өрістерін кеңейтуге ат салысады. Экскурсовод экскурсияны жүргізу барысында топқа басшылық ете отырып, ұймдастырушылық қабілетін көрсетіп, процестің жетекшісі бола білуі керек. Экскурсия барысында экскурсоводтардан конструктивтiк, ұйымдастырушылық, қарым-қатынастық және аналитикалық қабiлеттерді қалай меңгергендерін көруге болады. Сабақ ары қарай жәдігерлер сөйлейді, сөзілгек, бір жәдігердің тарихы атты интерактивтік ойындармен жалғасады да, сұрақ-жауаппен пысықталады. Сөзжұмбақ шешілгеннен кейін оқушылармен еркін тақырыпта болашақта қандай маман иесі болатындығы жайлы әңгіме өрбиді. Музейдегі экскурсовод мамандығының қыры мен сыры жайлы ой бөлісіп, талқыланады. Әр адам мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Кез келген мамандықты толық меңгеру үшін көп еңбек пен қажыр-қайрат, білім керек, сондықтан да жүре қалыптасатын дағды мен біліктілікті жоғары деңгейге жеткізе қалыптастыру керектегі де айталыды.

Археологиялық қазба жұмыстарының ерекшеліктері мен маңыздылығына арналған бесінші сабақта мектеп оқушыларына археология ғылымы туралы түсіндіріледі. Археологиялық қазба жұмысы барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер жөнінде де айтылады. Сондай-ақ білім алушыларға қорық-музейде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары да баяндалады. Оқушыларға тарих ғылымы соның ішінде археология туралы көптеген деректер айтылып, маңыздылығы түсіндіріледі. Сабақ барысында түрлі интерактивті ойындар ойнатылып, шағын археологиялық құрал-жабдықтар суреттермен түсіндіріледі. Сондай-ақ қорық-музейдің фойесінде орналасқан археологиялық картамен жұмыс жүргізіледі. Сөзжұмбақ шешіліп, ой толғаумен сабақ қорытындыланады. Әр ғылымның тереңмен үңілетін қыры мен сыры болады, сабақ барысында археология саласының осы тұстары басты назарда болады. Қыш ыдыстарының сынықтарынан жасалған қолмен ұстауға болады интерактив ойыны ойнатылады. Қорық-музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы барысында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына арналған үшінші экспозициялық залдағы фото көрменің мәні мен маңыздылығы басты назарда болады.

Қорық-музей қабырғасында өткізілетін алтыншы сабақ Петроглифтен ою-өрнекке дейін деп аталады. Оқушыларға петроглифтер жайында түсіндіре отырып, «Есік» қорық-музейінің «Жетісу сақтарының мифологиясы мен идеологиясы» атты ғылыми қолданбалы жобасының аясында археологиялық барлау жұмысы барысында жаңадан анықталған петроглифтерге тоқталып, барлау зерттеу жұмыстарының қалай жүзеге асуы жайында баяндалады. Жас буынға петроглифтермен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін таныстыру, сондай-ақ ежелгі жартас бетіндегі суреттермен дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің арасындағы нақты мазмұндық параллелдер көрсетіледі. Қорық-музейдің 4-экспозициялық залына экскурсия жүргізіліп, саяхат сабақ түрінде өтеді. Сондай-ақ сабақ барысы салыстырмалы түрдегі интерактивті ойындар арқылы мәдени сабақтастықты көрсетіп, қорық-музей экспозициясындағы жәдігерлер арқылы тереңдетілген білім беріледі. Оқушыларға бейнефильм көрсетіліп, қорық-музейдің экспозициялық залында тұрған жартас бетіндегі суреттерге эстампаж жасалынады. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ барысы пысықталады. Қорық-музейдегі зерттеу жұмыстарының барысымен одан күтілетін нәтижелер жөнінде оқушыларға түсіндіріледі. Тақырыпты пысықтау мақсатында «Ой қозғау», «Таңбалы тас» сияқты бейнефильмдер көрсетіліп, оқуышалардың пікірлері, қорытылған ойлары талқыланады. Сондай-ақ түрлі табиғат апатынан яғни жел, жаңбыр кесірінен сынып, құлаған жартас бетіндегі түпнұсқалы суреттерді қорық-музейдің экспозициялық залынан көрсетіліп, бетіндегі суреттерге талдама жасалады. Кубик бетіне жасалған жартас бетіндегі суреттерді құрастыра отырып, интерактив ойынын ойнауға мүмкіндік болады. Қағаз қалам жоқ заманда ежелгі адамдардың жартас бетіне сурет салу технологияларымен жақын танысады.

Қорық-музейде өткізілетін сегізінші сабақ «Құсбегілік өнердің сыры» деп аталады. Сабақ қорық-музейдегі этнологияға арналған шағын экспозициялық бұрышқа экскурсия жүргізуден басталып, интерактив ойындармен жалғасын табады. Аспан падишахы бүркіт туралы тың әрі қызықты деректер айтылып, этнология саласының ерекшеліктері мен құндылықтары баяндалады. Жалпы балалардан бүркіт, құсбегілік туралы білгендерін сұрай келе, сонау сақ кезеңнен бастау алатын құсбегілік өнердің ерекшеліктері мен танымдық қасиеттері түсіндіріледі. Этногафиялық ұғымдардың қалыптасу тарихы да сөз болады. Қорық-музейдегі шағын этнологиялық бұрыштың қалыптасу тарихы да сөз болады. Аспан қыраны бұркіт туралы оқушылардың қызығушылықтары ашыла түсетініне сенеміз. Сондықтан әрбір музейлік мәні бар заттың мәнін, мағынасын айтқан кезде, оқущылар мен музей қызметкерінің арасында сұрақ-жауап өрбитіні белгілі құбылыс. Сондықтан да кез келген тосыннан келген сұрақтарға сақадай сай болуы қажет. Атадан балаға мұра болып қалыптасатын құсбегілік өнердің қалыптасу тарихы да айтылып кетеді. Жалпы балалар үшін қорық-музей қабырғасында жүргізілетін әрбір музейлік сабақтың маңыздылығы ерекше.

Музейдегі білім берудің қыры мен сыры нақтылай түсетін, қорық-музейдегі тоғызыншы сабақ музей мен мектеп адеп аталатын қорытынды сабақ. Қорық-музейдің экспозициялық залдары бойынша жүргізілген музейлік сабақтарды интерактив ойындар арқылы қорытындылау. Сабақ барысында оқушыларды топпен ұйымдасқан түрде жұмыс жасауға үйрету, сөздік-логикалық, көрнекі-бейнелі есте сақтау қабілетін, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, ой-қиял деңгейлерін дамытуға арналған тапсырмалар орындалады. Оқушылар топтық, жұптық жұмыстар жасайды. Сабақ барысында сатылай кешенді талдау әдісі қолданылып, интерактив ойындар ойнатылады. Интербелсенді тақта, маркер, бағалау парағы, стикер, ермексаз, презентация, оқулық мәтіні, мақал-мәтелдер жинағы және т.б. құралдар пайдаланылады. Сондай-ақ тоғыз сабақ барысында алған білімдерін шыңдай түседі. Қорық-музейде өткен музейлік сабақтар болашақта осы сала бойынша ғылыми жлбалар мен ғылыми жұмыстарға қатысуға үлкен мүмкіндік болатыны белгілі. Музейлік сабаққа келген оқушылар әр сабақтан соң алған әсерлерімен, көрген білгендерін достарына, отбасыларына жеткізуге асығады, ал музей жайлы естігендерін көзбен көруге келушілер пайда бола бастайды.



Қорыта келе, музей қабырғасында өтетін сабақ балалардың танымы үшін өзіндік маңызы бар. Болашақ білімді жастардың қолында десек, қорық-музейде өтетін музейлік сабақ арқылы оқушылар бойына мәдени білімді қалыптастыруға қосар үлесі зор.


«Экскурсовод мамандығының қыр-сыры» атты музейлік сабақ өткізілді. Музейдің экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Жұмай Гүлмира оқушыларға экскурсияға деген қойылатын талаптар мен ережелер жиынтығы, сонымен қатар әртүрлі тақырыптарға және әртүрлі адам топтары үшін экскурсиялар дайындау әрі жүргізу туралы айтты. Сабақ барысында бір сәт өздерін экскурсоводтың орнына қойып көруге тырысқан оқушылар, экскурсиялық процесс барысында өз қатарластарына тақырыпты ашатын нысандарды таныстырып, олар туралы қажетті ақпарат беріп, тарихи мәнге ие оқиғаларды сезіндіруге талаптанып, аталған мамандықтың да өзінің үлкен жауапкершілігі бар екенін сезінді. Мәдени әрі танымдық мақсатта ұйымдастырылған сабақтан оқушылар үлкен әсер алып қайтты.







Начало формы

Поиск


Поиск

Конец формы



  • Главная

  • Институт

  • Наука

  • Образование

  • Издания

  • Противодействие коррупции

  • Контакты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет