Орындаған: Әбсаттар Н. М



Дата14.12.2021
өлшемі114,16 Kb.
#100742
түріБағдарламасы
Байланысты:
14 тапсырма Әбсаттар Н
SIW 11, 15 тапсырма, 15 практикалық тапсырма, 2 аралық бақылау, 14-практикалық тапсырма Әбсаттар Нұрбибі, 14-практикалық тапсырма Әбсаттар Нұрбибі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Тақырыбы: Шағын жинақты бастауыш мектептерге педагог-мамандарды даярлау және қайта даярлау

Орындаған: Әбсаттар Н. М.

Қабылдаған: Айтжанова Э. Н.

Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Шағын жинақталған мектептерге педагогикалық кадрлар даярлау, жоғары оқу орындарындағы бейіндік мектептер үшін білім беру магистрлерін даярлау»- міндеті қойылған. Шағын жинақталған мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтікэкономикалық дамуының өзегі. Ауылдық шағын мектептердің барлығы дерлік қазақ мектебі болып табылады. Сондықтан ауылдық мектептердің мәселесі – қашанда қазақ елдігінің өзекті мәселесі болып қала бермек. Шағын жинақталған мектептер – жаңадан пайда болған құбылыс емес. Мұндай мектептердің өмірге келуі XІX ғасырдың екінші жартысынан басталатыны белгілі. Оларды алғашқылары және ең белгілілері Бөкей ордасындағы мектептер, Орынбор шекарасы жанындағы мектептер, «Мамания» мектебі, Ы. Алтынсарин үлгісімен ашылған мектептер т.б. екенін айта кеткен жөн. Ал қазіргі уақытта, яғни бүгінгі күнде мұндай мектептердің жалпы саны 4000-нан асып отыр. Сөйтіп, шағын жинақталған мектептердің қазақ топырағында тұңғыш білім көзі болған Бөкей ордасындағы мектептерден бастау алып, қазіргі уақытқа дейін ауылдық жерлерде өмір сүруі, әлі де сақтаулы, жалпы, педегогика тарихында шағын комплектілі мектептерге деген сұраныстың еш уақытта жойылмағанын, қайта ауылдың мәдени және рухани өмірінің бірден-бір ошағы болып отырғынын дәлелдейді. Ұлы М. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе», М. Жұмабаевтың «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі» деген ұлағатты сөздері шағын ауыл мектебінің тағдыры – ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселе екенін айғақтайды.


Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы “Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамытуының басым бағыты” атты Қазақстан халқына жолдауында елдiң дамуының басты бағыттарының бірі ретінде Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуі атап көрсетiлсе, «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» - делінген [2,3]. Сонымен, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жылғы жолдауларында, «Интеллектуалды ұлт -2020» жобасында ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім жүйесімен кіріктіру, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы, білім беру жүйесін жаңашылдық тұрғыда дамыту, жалпы қоғамды ақпараттандыру, болашақ ұрпақтың ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыруға негізделген рухани-адамгершілік тәрбие беру стратегиялық бағыттардың біріне айналуда. Шағын жинақталған мектептерге кадрлардың тұрақтануына кедергі болатын жайлар: - шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің сағат жүктемесі жоғарылығына қарамастан жалақысының төмендігі; - ақпарат көздерінің аздық жасауы; кітапханалары қазіргі ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен жабдықталуы төмен болуы; бір мұғалім өзінің пәнінен басқа арнаулы дайындығы жоқ бірнеше басқа пәндерді беруі; Жоғарыда айтылғандардан келіп, біз баяндамамызда шағын кешенді мектептерге кадрлар даярлау мәселесін сөз еткенді жөн көрдік. 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «Шағын жинақталған мектеп - сыныпжинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».



Шағын комплектілі мектеп — әртүрлі жастағы балаларды қосып оқытатын интегративті модель. Оның негізгі белгілері:

а) әртүрлі жастағы бірнеше сынып оқушылары бір мезгілде қатар оқытылады;

ә) бір пәндік принцип негізінде барлық сыныпта бір мезгілде біртектес, туыс пәндер жүргізіледі;

б) ортақ тақырыптық принципке негізделіп, бір пән ішіндегі мазмұны, идеясы жақын материалдар алдын ала іріктеліп, бір мезгілде оқытылады;



в) оқушылардың дербестігі, өзіндік жұмыс пен әрбір оқушымен жеке жұмыс басты орын алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет