Орындаған: Гайбулла Гулрух Тобы: фақ-111A Қабылдаған



бет1/4
Дата11.03.2023
өлшемі30,23 Kb.
#171882
  1   2   3   4
Байланысты:
философия бөж
аудитория 1, Силлабус ЖМ фарм 23.08.22-23, How has TV changed people, DYBTTAQLARXP13122023154526, презентация рома

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы


БӨЖ
Тақырыбы: Бoлмыc ұғымы, oның мәнi жәнe epeкшeлiгi

Орындаған: Гайбулла Гулрух
Тобы: ФАҚ-111A
Қабылдаған: Шылмамбетов Саян

Түркістан, 2022 ж


Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім

  • Болмыс туралы жалпы ұғым

  • Болмыс формалары

  • Болмыс және ештеңе

III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе 
Болмыс ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниегекөзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады. Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны өздерінің философиялық ой-пікірлер системасының негізгі мәселесі деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде жоқ па?- деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келді. Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс ұғымының философиялық мән-мазмұнын ашып көрсету қажет. Таяуда ғана өткен жақын тарихымызда философия пәнін оқуды «материя» ұғымынан бастау дәстүрі болған. Өйткені ол маркстік философияның, жалпы алғанда, бүкіл материалистік бағыттың негізінде жатқан ұғым болатын. Мұндай жағдайда сонау көне заманда пайда болған «болмыс» ұғымы ескерусіз қалатын. Алайда бұл көзқарасқа бүгінгі таңда өзгерістер еніп, философия пәнінің ең шегіне жеткенінше көлемді ұғымы – болмыс санат жүйесіне енгізілді. Оның негізгі себебі, болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі, көлемі жағынан кең: материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді, ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болса, екінші жағынан, материалдық емес – идея, сана, рух. Уақытында ұлы И.Кант айтып кеткендей, Құдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды, ол – ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас. Осы тұрғыдан алып қарағанда, болмыс ұғымының қайнар көзі дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі. Олай болса, болмыс ұғымы – дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық санат. Әрине, дүниеде өмір сүріп жатқан нәрселердің сан алуан қасиеттері бар – олар көк – қызыл, ауыр – жеңіл, дымқыл – құрғақ, т.с.с. Бірақ олардың бәрін біріктіретін қасиет – олардың болуы, өмір сүруі, яғни – болмысы. Ең алдымен осыны ұғып алмай, біз ары қарай еш нәрсеге талдау жасай алмас едік. Бұл – философиялық бастама.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет