Орындаған: Қыдырәлі Дулат инф-20-1
Тапсырмалар:
1. Болашақ маман ретінде (өзіңіз оқитын мамандық бағыты бойынша)
студенттің әрекетін жобалайтын құзыреттіліктер тізімін жасаңыз (яғни бір
мамандық бағыты бойынша болашақ маман қызметінің табыстылығын
анықтайтын құзыреттіліктер тізімін жасаңыз.
Қазіргі информатика педагог студент құзыреттілігінің жаңа компоненттері келесідей дағдыларды қамтуы керек:
- білім беру мекемесінің бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын құруға ықпал ету;
- "желілік қоғамдастықтардағы педагогтардың диалогтық өзара іс-қимылын" жүзеге асыру, телекоммуникациялық білім беру технологиялары көмегімен біліктілікті арттыру;
- әр түрлі жастағы аудиторияларда медиа-білім беру қызметін жүзеге асыра білу;
- ақпараттық-талдау қызметін іске асыру;
- білім беру жүйесіндегі әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін жүргізу, өңдеу және талдау;
- эвристикалық, инновациялық-маркетингтік қызметті жүзеге асыру;
- өзінің ұйымдастырушылық-басқарушылық мәдениетін дамыта отырып, бизнес-процестерге қатысу;
- білім беруді ақпараттандыру процестерін басқару саласындағы қызметті жүзеге асыру;
- информатиканы ерте оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру.
Білім алушылардың АКТ (ақпараттық коммуникациялық технологиялар)-құзыреттілігінің деңгейі информатика оқытушыларының қызметіне тікелей байланысты. Мұғалімнің біліктілігі білім алушылардың құзыреттілік деңгейіне әсер етеді: мұғалімнің біліктілігі неғұрлым жоғары болса, білім алушылардың АКТ құзыреттілігі соғұрлым жоғары болады.
2. Еуропа Кеңесі мен ЮНЕСКО анықтаған еуропалық жастар меңгеруі
тиіс негізгі құзыреттіліктер тізімдерін Венн диаграммасы негізінде
салыстырыңыз.
3. Жоғары мектепте тұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы
құзыреттілік көзқарастың қажеттілігі мен маңыздылығын негіздеңіз.
Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі.
Құзырет - өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.
Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат.
Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды. Кәсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып табылады.
Педагогикалық қызмет табиғатында шығармашылықты талап ететіні белгілі қағида. Адамның шығармашыл мүмкіндіктерінің дамуы тұрғысынан интеллектуалды, эмоциалық, рухани потенциалының баюына, жетілдіруге, тануға ұмтылуға нақты жағдай туғызады. Осыған байланысты ұстаздардың кәсіби дайындығының мақсаты да өзгереді. Кәсіби құзыреттіліктің қалыптасу процесі кәсіби білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын қамтиды, ұстаздың жалпымәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі күнделікті педагогикалық қызметте әр түрлі танылады және әр түрлі іске асады. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі деп, біз өзара байланыстыүш компонеттен тұратын тұлғаның қасиеттерін түсінеміз:
- Педагогикалық қыметте жүзеге асатын кәсіби білім;
- Кәсіби біліктілік;
- Мұғалімнің кәсіби құнды қасиеттері;
Бұл үш компонент мұғалімнің тұлғасын дамыту мақсатымен біріктірілген, сонымен қатар әр компонент педагогикалық қымет үрдісінде бірде алғышарт, бірде құралы, бірде нәтижесі болып кызмет атқарады.
Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі кәсіби білім, білік, дағдыны қалыптастыру, педагогтің жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсібимаңызды сапаларын қалыптастыруды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |