Орындаған: Жексенбі Мөлдір Жаңа дәуір философиясы. Декарт, Спиноза, Бэкон, Лейбниц философиясы



бет1/8
Дата08.02.2022
өлшемі30,24 Kb.
#122132
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Декарт, Спиноза, Лейбниц. Жексенбі ММ
Декарт, Спиноза, Лейбниц. Жексенбі ММ

Орындаған: Жексенбі Мөлдір
Жаңа дәуір философиясы. Декарт, Спиноза, Бэкон, Лейбниц философиясы.
Жаңа дәуір философиясы (ағылш. modern philosophy) — XVII, XVIII және XIX ғасырлардағы француз, ағылшын және неміс философиясы.
Шартты түрде "жаңа дәуір" деп 1640 жылғы Ағылшын революциясынан басталатын дәуірді айтады, ол капиталистік қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылыс болатын. Жаңа дәуір философиясы арқылы адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және ортағасырлар), "адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек дүниенің қожасы" деп сенген жаңа рухани пікірді сомдады.
Жаңа дәуір философиясы рационализм және эмпиризм сынды екі бағытты ұстанды. Онда тума идея туралы философиялық пайым және адам санасы таза тақта деген философиялық пайым өзара пікірталас жүргізді.
Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі:
1. онтологиялық
2. гносеологиялық
3. этикалық рационализм
Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.
Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.
Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»).
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:
1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;
2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.
«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.
Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады.
Декарттың философиядағы үлесі мынадай:
1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;
2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды;
3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді;
4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.

Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:


1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);
2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);
3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;
4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;
5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;
6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.
Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.
Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде
Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.
Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай).
Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:
1.материалды (заттар),
2. рухани (идеялар).
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.
Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған. Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады. Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.
Р.Декарт «философияның негізгі сұрағын» да дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде, с ана ма? Таласы мағынасыз. Материя мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі – материалды және рухани – субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды – олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық салаларында шын білімге қол жеткізуге болады.
Рационалистік – дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынады:
1.Зерттеу барысында бастапқы қағидалар ретінде тек ақиқат, шын, ақылмен және логикамен дәлелденген, ешбір күдік туғызбайтын білімдерді ғана пайдалану;
2.Күрделі мәселені қарапайым бөлшектерге, бөліп қарастыру;
3.Белгілі және дәлелденген сұрақтардан белгісіз, дәлелденбеген сұрақтарға жүйелі түрде өту;
4.Зерттеудің жүйелілігін, логикалық тізбегін қатаң сақтап, сол тізбектегі бірде-бір зерттеу бөлшегін тысқары қалдырмау.
Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер.
Ол білімдер екі түрде:
1.Ұғымдар;
2.Пікірлер түрінде беріледі.
Туа біткен ұғымдарға жататындар:
«Құдай» (бар); «сан» (бар); «ерік»; «тән»; «жан»; «құрылым», т.б.
Туа біткен пікірлер:
«бүтін өз бөлшектерінен үлкен»; «жоқтан ештеңе пайда болмайды»; «бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес», т.б.
Декарт практикалық танымды жақтады:
Декарт бойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс:
1.адамның қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
2.ол білімдерді адам мүддесі үшін табиғатты барынша пайдалануға қолдану;
3.адамды жетілдіруге және
4.түпкі мақсат - адамның табиғатқа үстемдігіне пайдалану.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет