әлемдік философиялық ойдан жырақта, дербес дамып, европалық және әлемдік философиялық бағыттар ықпалын сезінбей қалыптасуына байланысты өзіндік ерекшелігі мен сипаты, өзіне тән спецификалық зерттеу мәселелері бар философия. Орыс философиясының жалппы сипаты: 1. діни ықпалдың (православия және мәжусиліктің) әсеріне бейімділік; 2. бұқараға кең таралуы, қарапайым халыққа жақындығы мен түсініктілігі 3. нақтылығы; 4. адамгершілік және мораль мәселелерінің көп қарастырылуы; 5. философиялық зерттеу аясының кеңдігі; 6. философиялық ойлардың берілу түрінің ерекшелігі - саяси тәуелділікке байланысты қалыптасқан қатаң цензура нәтижесінде дамыған көркем шығармашылық, әдеби сын, публицистика, "эзоп тілділігі". Орыс философиясының әнінің негізгі салалары: 1. адам мәселесі; 2. космизм (космосты біртұтас организм ретінде қабылдау); 3. адамгершілік, мораль мәселелері; 4. Ресейдің Батыс пен Шығыс арасындағы өз даму жолын тандау мәселесі; 5. билік мәселесі; 6. мемлекет мәселесі; 7. әлеуметтік әділет мәселесі; 8. идеалды қоғам мәселесі; 9. болашақ мәселесі;