Қорытынды есебі «экспо-2017: Болашақ энергиясы»


ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы



бет2/2
Дата08.09.2017
өлшемі289,11 Kb.
#31321
1   2
ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» тақырыбында презентация қорғады және көрермендермен сайыс түрінде өткізіп қызығушылық танытты.Оқушылардың белсенділігі көрінді.

Математика пән мұғалімі Омарбаева Ақмарал 8а сыныбында «Жазықтықтағы нүктелердің координаталары.Кесінді ортасының координаталары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі туралы білімін кеңейтеді, координаталары бойынша нүктені салуын үйренеді, кесінді ұштарының координаталары ортасының координаталарын таба біледі.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі II. Қызығушылықты ояту III. Мағынаны тану .Сабақтың кезеңдері сақталған.Сабақты сәйкестендіру арқылы сұрақтың шешімін апталықтың тақырыбымен байланыстыра білді,топтық жұмыс арқылы постерь қорғады.

Омарбаева Ақмарал мен Кенжеева Айсұлу 8а-9а сынып аралығында «Болашақ және біз»тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізді.Мақсаты:оқушылардың математика, информатика, физика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту.Сайыс түрінде екі топ «Болашақ экологтар» және «Болашақ технологтар» арасында сайыс түрінде өтті.Оқушылардың белсенділігі жоғары болды,өз шеберлігін біліммен ұштастыра отырып,оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылығын оята білді. Көркемдік жағы мен құрылымы өте жақсы шықты.Сұрақтар апталық тақырыбымен сәйкес келеді. Қатысқан мұғалімдер өз дәрежесінде өтті деген баға беріп жатты.Информатика пәні мұғалімі Кенжеева Айсұлу «Нөмірленген және таңбаланған тізімдер» жаңа білім игеру сабағын 6 «А» сыныбында өткізді. Мақсаты: нөмірленген және таңбаланған тізімдерді түсіну, білу, ерік-жігер тәрбиелеу, тапсырманы аяқтау,Сабақ жақсы өтті деп бағаланды, себебі жұмыс нәтижесін оқушылар көрсете білді, олар сабақ мақсатына сай постерь жасап,таныстырды.Сабақта өмірмен ұштастыра отырып,пән аралық байланыс жақсы көрініс тапты. Айсұлу шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім болып танылды.Сабақтың құрылымы жақсы,оқушылардың ізденісі де байқалды.Математика пән мұғалімі Дүйсенова Әсия 6 «А» сыныбында «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» тақырыбында білім бекіту, өзіндік сабағын өткізді.Мақсаты: сурет бойынша теңдеу құрып, оның шешу жолдарын ережеге сәйкес шешімін табуға есептер шығару, топтық, жеке жұмыстар арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.Пайдаланылған слайдтар оқушылардың белсенділігін арттырып,қызығушылығын оята білді.Пән мұғалімдері Райсова Рая мен Дүйсенова Әсия 5-6 сыныптар аралығында «Математиканы өмірде пайдалана аласың ба?» атты сыныптан тыс жұмысын өткізді.Сыныптар топқа бөлініп сәлемдесуі мен ұран,эмблемалары жақсы болды.Оқушылардың жауапкершілігі мен белсенділіктері көрініп тұрды.Таңдалып алынған тапсырмалар деңгейлеріне сай алынған.Әрбір баланың бойында пәнге деген қызығушылығы мен білсем екен деген ойлар көрініс тауып отырды. Алынған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес алынған және тақырыпты ашатындай сұрақтар қарастырылған.

Математика пәні мұғалімі Райсова Рая 5 «А» сыныбында «Аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару» тақырыбында білімді бекіту сабағын математикалық ойын түрінде өткізді.Мақсаты:аралас сандарды қосу және азайту кезіндегі оқушылардың білімдерін жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту, өзін-өзі басқаруға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Сабақтың құрылымы да ерекше болды,оқушылармен өте тығыз байланыста,пәнаралық байланыс орнатылған.әрбір сабақтың кезеңі қорытындыланып,ерекшеленіп,бағаланып отырды.

6 «Б» сыныбында пән мұғалімі Вовк Татьяна «Решение линейных уравнений с одной переменной» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: теңдеудің қасиеттерін қолданып, оның шешу жолдарын ережеге сәйкес шешімін табуға есептер шығару, топтық, жеке жұмыстар арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.Тест жұмысы алынып, оқушылардың өздері бағалап, бағалау парағына ұпайларын қойып отырды. Тақтадағы есептерді оқушылар тексеріп, қателерін талдап көрсетті.Пән мұғалімдері Вовк Т.Н. мен Кулакаева Г.А. 7 «Б» - 8 «Б» сыныптары арасында «Эрудит» математикалық сайыс түрінде өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.Алынған сұрақтар көркем безендірілген оқушылардың жас ерекшеліктері еескерілген және ЭКСПО-ға байланысты сұрақтар жақсы таңдалған.Физика пән мұғалімі Жалбырова Г.Т. 7 «А» сыныбында «Газ қысымы» тақырыбында ашық сабақ берді.Мақсаты: ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым. Оның өмірде қолдануын және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Тәжірибе арқылы қысымның пайда болуының көрсетіп, сол арқылы физикалық диктант алып, бағалады.Жаңа тақырыпты экраннан слайд көру арқылы сабақты талқылады.

Апталықты қорытындылау мақсатында 5-11 сыныптар арасында «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламалық шоу ретінде өткізілді.Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі көрінді.Сұраққа жауап берген екі оқушы шығып, білімдерін жарыстырды.Алынған сұрақтар өте жақсы таңдалған және тақырыпқа сай алынған.

Апталықтың соңында өткізілген конкурстар мен сайыстарға белсене араласқан сыныптар мен жекелеген оқушыларға дипломдар мен мадақтама қағаздар тапсырылды.

Көрмеге қатысқан сыныптар бойынша 1-орын 10 «А» сыныбы

2-орын 8 «А» сыныбы мен 9 «А» сыныбы



3-орын 5 «А» сыныбы мен 11 «А» сыныптары марапатталды.


Каталог: uploads -> doc -> 0629
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0629 -> Сабақтың тақырыбы: «Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар»
0629 -> Сабақ жоспары Пән: АӘд сынып: 11 Күні: Сабақтың тақырыбы
0629 -> Сабақ ІІ. Өтетін орны: «СҚӨ және дизайн» бөлімі. ІІI. Сабақтың тақырыбы : «Жазық геометриялық денелердің изометриялық проекциялары»
0629 -> С. тақырыбы: Жасуша ядросы құрылысы, қызметі. Ядроның биологиялық ролі. Ядро шырыны. Хромосомдар. Ядрошық
0629 -> Бекітемін «Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі»мм басшысы Ә. Ж.Ұлықпанова
0629 -> Тақырып: Тұмар ханшайым. Негізгі мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет