Өркенің өссін! Сәрсенбі Дәуітов



Дата26.08.2017
өлшемі29,01 Kb.
#28162
Өркенің өссін! Сәрсенбі Дәуітов

Жарияланды 24-11-2014, 20:47 Категориясы: Кембридж тәсілі 

Әдебиеттік оқу. 3 - сынып
Тақырыбы: Өркенің өссін! Сәрсенбі Дәуітов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін тану мен таныту, таразылау мақсатында оқушының еркін ойлау, еркін сөйлеу, еркін жазу арқылы зерттеушілік қабілеттерін, дүниетанымын, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Зерттеу, зерделеу, түйіндеу әдіс - тәсілдері арқылы қазақтың ұлттық әдебиеті мен төл тарихын тереңірек тани алу қабілеттерін дамытады. Оқушылар тәуелсіз елдің білімділігі, құзыреттілігі жан - жақты жетілген азаматы болып тәрбиеленеді. 
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу сабағы
Сабақтың түрі: Сараптама жасау сабағы
Сабақтың сараптамалық бөлімдері:
• Зерттеу
• Зерделеу
• Түйіндеу

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сараптамалық технологияның іздену, жинақтау, салыстыру, таразылау, саралау, сараптау, жүйелеу, қорытындылау тұжырымдау, түйіндеу әдіс - тәсілдері.
Қажетті материалдар: интерактивті тақта, Төле би портреті, суреттер, оқулық, өздері жинаған мәліметтер.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі. Түгендеу, оқушының назарын сабаққа аудару.

1. Психологиялық дайындық.


Не үшін?
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін!
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін!
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін!
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін!
- Ал аяғың?
- Шетте жүрсем,
Туған жерге қайту үшін! Қ. Мырза Әли
- Ия, балалар туған жерімізді әрқашан да ұмытпауымыз керек.

ІІ. Жаңа сабақ


Сараптама жасалатын тақырып:
«Өркенің өссін!» (Ел аузынан)
1. Үйге алдын – ала сараптама жасап келуге «Өркенің өссін!» мәтіні беріледі. Жаңа сабақты бастамас бұрын өткенді қайталап, пысықтап алу. Интерактивті тақтадағы сұрақтарға оқушылар жауаптарын жазады.
- Әдебиет нешеге бөлінеді?
- Қандай ауыз әдебиетінің түрлері бар?
ӘДЕБИЕТ

• Ауыз әдебиеті
Жазба әдебиеті

Ауыз әдебиетінің түрлері: айтыс, жаңылтпаш, әңгімелер, мақал – мәтелдер, тұрмыс – салт жырлары, шешендік сөздер, ертегілер, эпостық (батырлық, ғашықтық) жырлар, аңыз әңгімелер.


2. Үй тапсырмасына алдын – ала берілген «Өркенің өссін!» мәтініне сараптама жасалады.
Сараптама жасаудың бірінші бөлімі – Зерттеу.
Мақсаты:
Төле би өмір сүрген тарихи кезең мен Төле бидің өмірін суреттейтін «Өркенің өссін» деген ел аузынан жеткен шығарманы зерттеу.
1. Топтық жұмыс:
Зерттеу жүргізетін топтар:
1. «Тарихшылар» тобы.
2. «Әдебиетшілер» тобы.

«Тарихшылар» тобы


Тапсырма: Төле би өмір сүрген тарихи кезең туралы мәліметтер жинайды.
«Әдебиетшілер» тобы.
Тапсырма: «Өркенің өссін» аңызына, кейіпкерлеріне талдау жасайды.

2. Жеке жұмыс:


Шығармаға талдау жасау
Кейіпкерлерге талдау жасау
І Зерттеу жұмысының кестесі
1. «Тарихшылар» тобы. Тарихи кезеңге сипаттама жасайды
2. «Әдебиетшілер» тобы. Көркем туындыға сипаттама жасайды.
Тарихи кезең сипаты
Қоғам. Оқиға. Тұлға.
• Төле би Әлібекұлы ( 1657 – 1756 жылдары өмір сүрген)
• Төле би қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. 15 - 16 жасынан бастап - ақ шешендік өнерімен таныла бастаған.
Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен. Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі.
Көркем туынды сипаты
Мазмұн. Тақырып. Идея.
«Өркенің өссін» аңызы
Мазмұны:
Аттары болдырып шаршап келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ қыз - келіншектер кездеседі. Кедейдің қызы Данагүл: «Үлкендердің алдын кесіп өтпейік, олар – ел қорғайтын батырлар. Мүмкін ақылды, дана қариялар шығар, бізге шапағаты тиер» - дейді. Қыздар тыңдап, тоқтап тұрады. Төле би мұны байқап қалып, қыздарды шақыртады. Қыздар Данагүлдің айтуымен жаяу - лап келіп, иіліп сәлем береді. Төле би жөн сұрасқан соң, неге тосып тұрғандарын сұрайды. Данагүл:
- Сіздердің араларыңызда аталарымыз, ағаларымыз, батыр, ерге ақыл айтар ақсақал бар шығар, үлкен кісілердің батасын алайық деп тосып тұрдық,- дейді. Төле би Данагүлдің атын, әкесінің атын сұрап біледі де:
- Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін, Құдай тілеулеріңді берсін! - деп батасын береді.
Тақырып: Үлкенге құрмет, әдептілік
Идеясы: Жас ұрпақты адамгершілік қасиеттерге, әдептілік пен ибалыққа баулу.

Сараптама жасаудың екінші бөлімі: Зерделеу


Ұжымдық жұмыс:
Оқушылар жинаған мәліметтерін ой елегінен өткізіп зерделейді.
Каталог: uploads -> doc -> 1029
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1029 -> Сабақ 3 сынып М.Әуезов Әбілмансұр
1029 -> Хасенова М. Төлешова Д. Жетекші: география пәнінің мұғалімі Ильяшова Ж. Р
1029 -> Русская литература 8 класс с нерусским языком обучения
1029 -> Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, өздік жұмысы
1029 -> Сабақтың тақырыбы Қанықпаған көмірсутектер. Этилен. Мақсаты
1029 -> Сабақтың түрі: Экскурсия сабағы. Сабақтың көрнекілігі: Домбыра, үнтаспа, слайд. Сабақтың барысы
1029 -> Сценарий : Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет