Орта Азияның Еуразия Қоры Жылыой ауданына арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін гранттық байқауға қатысуға шақырады



Дата20.06.2018
өлшемі120,5 Kb.
#43925

Орта Азияның Еуразия Қоры

Жылыой ауданына арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін гранттық байқауға қатысуға шақырады

Орта Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) -  аймақта 2005 ж қаланған қоғамдық ұйым. ОАЕҚ қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады, жергілікті қоғамдастықты және азаматтық және экономикалық ахуалды нығайту арқылы азаматтардың өз болашақтарын қалауға көмек береді. Орта Азияның Еуразия Қоры Еуразия Қорының қызметін жергілікті институт ретінде жалғастырып келеді. Еуразия Қоры – жеке коммерциялық емес ұйым, 1993 ж бастап Орта Азиядағы азаматтық белсенділікті көтеруге, жеке кәсіпкерлікті дамытуға, білім беру және мемлекет басқаруға арналған ынталарға 40 миллион долларға жуық инвестиция жасады. ОАЕҚ-ң бағдарламалары жөнінде толық ақпаратты және қамқоршылар кеңесінің мүшелерінің тізімімен http://www.efcentralasia.org сайтында таныса аласыздар.


А. Бағдарлама жөнінде

«Теңізшевройл» ЖШС-і қаржыландырған Жылыой ауданына арналған «Әлеуметтік дамуға азаматтық қатысу» бағдарламасының үшінші жылы.



Бағдарлама мақсаты: КЕҰ-дың тұрақтығын нығайту.

Міндеттер:

  • Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін КЕҰ дың жүмыс нәтижелерін бірігу;

  • Институттық дамыту арқылы КЕҰ дың тұрақтығын нығайту;

  • Жергілікті қоғамдастық қоры жүмыс механизмді таныстыру.



В. Қызметтің қажеттілігі

Осы гранттар азаматтардың аудан мәселелерін шешуге қатысу үшін, Жылыой ауданының КЕҰ институционалды дамуы және серіктестіктің дамуына қажет. Әлеуметтік жобалар гранттар тақырыптары екінші жыл гранттық жобаларды бағалау және осы гранттар ішінде өткізілген қажеттіліктерді бағалау негізінде ұсынылған болатын.


С. Гранттық сұранымдардың қызмет бағдары

Осы бағдарлама аясында келесі мзмұны бар гранттық сұранымдар қарастырылады:




  • Жергілікті мұғалімдер мен оқушылар біліктілігін арттыру, дамыту, оқыту арқылы мектептердегі білім беру жүйесін жақсарту, сонымен қатар осы міндеттерді шешу үшін бірігу.

  • Ересек тұрғындар мен оқушылар арасында салауатты өмір салты мен спортты насихаттау.

  • Өмір дағдыларын нығайтуға бағытталған жастардың білім саласындағы және басқа да ынталарын дамыту.

  • Әлсіз тұрғындар топтарына – мүмкіндіктері шектеулі адамдар, көпбалалы отбасылар, жетім балалар, жұмыссыздар және т.б. арналған әлеуметтік жобалар.

  • Әйел адамдарға арналған әлеуметтік жобалар.

  • Тұрғындарға экологиялық тәлім-тәрбие беру, туризм.

  • Жергілікті өзін-өзі басқару қызмет сапасын жақсарту және т.б. сияқты ауданға арналған басқа да әлеуметтік ынталар.


Гранттық жобаны іске асыру мерзімі – 2012 жыл.

Гранттық жобаның географиясы – Жылыой ауданы.

Сұраным беру тілі: орысша немесе қазақша.

Сұраным беру мерзімі: Сұранымдар grant_zhylyoi_2012@ef-ca.org поштасына 2012 ж. 3 ақпан, сағ 18.00 кеш емес жіберілуі тиіс.

Нәтижелерді жариялау: 17 ақпан 2012 ж.
D. Келесі квалификациясы бар ұйымдар сұраным бере алады
Мемлекеттік тіркеуі және әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыруға ниеті, жүмыс тәжірибе бар Жылыой ауданы мен Қазақстан КЕҰ-дары шақырылады. Басқа КЕҰ өзінің сұрамдарын Жылыой КЕҰ мен бірге жасап жіберу керек.

Сұраным түрі

Сұраным келесі ақапараттан тұруы тиіс. Егер ақпарат толық емес болса, онда сұраным қарастырылмайды.
1. Басты бет (көлемі 1 бет):

Ұйым атауы.

Пошталық индекс, ұйым мекен-жайы және электронды пошта (бар болған жағдайда). Телефон және факс нөмірі.

Жоба директоры мен есепшісінің аты-жөні мен кәсіптік квалификациясы. Жоба командасы мүшелерінің түйіндемесі. (№1 Қосымшадағы үлгі).

Ұйымның заңды статусы (жарғы мен тіркеу туралы куәліктің көшірмесі).

Жоба қамтылатын географиялық аумақ.

Жобаның іске асыру мерзімі.

Теңгедегі сұранатын сома.


2. Сұраным беретін ұйым туралы мәлімет (көлемі жарты бет):

  • Ұйымыңыздың мақсаты мен міндеттері.

  • Гранттық байқау тақырыбында өткізілген жобалар мен шараларды іске асыру тәжірибесі.


3. Жоба сипаттамасы (көлемі 3 бет):

  • Мәселенің қойылуы – жоба қандай мәселені шешеді, ауданыңызда осы жобаны іске асырудың қажеттілігі неге туындады, егер бар болса, статистикалық мәліметтермен, қажеттіліктерді анықтау нәтижелерімен түсіндіру.

  • Гранттық жобаның мақсаты мен міндеті.

  • Жоба аясындағы шаралар, қызметтер – олар жобаның мақсаты мен міндетімен байланысты болуы керек.

  • Жоба қызметінен күтілетін нәтижелер – мәселедегі қандай нақты өзгерістерге, жақсартуларға қол жеткізе аласыз. Жобаның логикалық моделі (№2 Қосымшадағы үлгі).

  • Нәтижелерді бағалау механизмдері (жобаның мақсатты тобына сауалнама жүргізу) – жобаның күтілетін нәтижелері қалай өлшенеді.

  • Жоба қызметінің нақты кестесі (№3 Қосымшадағы үлгі).

  • Жобаның мақсатты тобымен әрекет ету мехинизмдері, жобаға қызығушылығы бар тұрғындарды, мемлекеттік органдарды қалай тартасыз – аудан әкімдігі сайтында немесе жергілікті газетте 3-4 мақала. Және де мақсатты тобыңызға арналған 3-4 бұқаралық шара. Жоба қанша волонтер тартады көрсету керек.



4. Қаржыландыру, бюджет және грант қаражатын қолдану (көлемі 1 бет):

  • Тенгедегі сұранатын жалпы грант сомасы.

  • Тенгедегі жоба бюджеті, бюджет үлгісі №4 Қосымшада және де бюджет толтырудағы кеңестер берілген.

Грант қаражаты тек қана сіз көрсеткен сұранымдағы шығындарға ғана қолданыла алады, және шығын берілген жобаның іске асырулуымен ғана байланысты болу қажет. Олар: жоба орындаушыларының жалақысы, баспа шығындары, жоба бойынша байланыс шығындары, керекті оргтехниканы жалға алу, іс-сапар шығындары және т.б. тікелей шығындар. Грант қаражатын пайдалану жоба бойынша қызмет бағдарларымен шектелген ( С. Гранттық сұранымдардың қызмет бағдары тарауын қараныз).

Грант қаржысы құрылыс, жөндеу немесе белгілі бір орын, көлік және өндірістік құралдар сатып алуға, өзіндік пайда алуға, сонымен қатар, берілген жобадан тыс орындаушының шығындарын жабуға тиым салынады.

Жобаны іске асырудағы сұраушының және оның серіктестерінің кеңес алу және білім алу туралы қажеттілігі жөнінде ақпаратты жоба сұранымына енгізілуіне кеңес беріледі. Ұйым өз аманатын/салымын көрсететін сұранымдар ерекшеленеді – жоба үшін нені ақысыз жасай аласыз (мысалға: сіздің уақытыңыз, жабдық пен жұмыс жасау орны – бұларды грант жүру уақытында пайдаланатын ақшалай түрде бағалап, сомаларды сіздің өз аманатыңыз ретінде көрсету керек).



Ескетру: Шындыққа сәйкес келмейтін немесе алжастыратын ақпаратты берген ұйымдар ОАЕҚ –мен грант бөлу үшін қарастырылмайды.

F. Шешім қабылдау процессі мен іріктеп алу критерийлері
Байқауға шақыру бұл грант ешбір сараптаусыз және қалыптасқан процедурадан өткізбей беріледі деген сөз емес. ОАЕҚ Сарапшылар кеңесімен бірлесіп, сұраным келіп түскеннен кейін 2 жеті көлемінде жобаны қарастырады, мақұлданған жағдайында жоба қызметіне грант бөледі. Сарапшылар кеңесіне жергілікті үкімет өкілдері, Атырау КЕҰ-ры, «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері шақырылады.
1. Стратегияның, мерзімдердің, нәтижелердің нақтылығы (20%);

2. Күтілетін нәтижелер мен жобаланатын шығындармен арақатынасы(25%);

3. Жобаның сапалық және сандық нәтижелері (мысалы: жоба бағытталған тұрғындар тобының өмір сүру деңгейінінің өлшемді өзгеруі, мәселе жағдайының өзгеруі) (20%);

4. Қажеттіліктерді анықтау нәтижелерін қолдану мен стратегиялық жоспарға сай келуі. Аудан үшін әлеуметтік жобаның маңыздылығы. (20%);

5. Жобаға серіктестерді тарту және қосымша ақша көздерін тарту ушін. (15%)
Сұраным қарастыру қорытындысынан кейін ОАЕҚ-ң мынадай құқығы бар:


  • ұсынылған жобалардың ешқайсысын қолдамау;

  • жобада көрсетілген қызметтің жекелеген түрлерінің іске асырылуын қолдау;



Байланыс ақпараты

Толық ақапарат алу үшін, байқауға қатысу және сұраным толтыру жөнінде кеңес алу үшін мына адамдарға хабарласа аласыздар: Мадина Галиева, +7 727 250 18 10, madina@ef-ca.org







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет