Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет1/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью
Үстеу М
КІРІСПЕ

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған Қазақ тілі оқу бағдарламасына (Астана, 2016) сәйкес дайындалған 1-сынып оқулығы және оның жұмыс дәптерлерімен жұмыс істеудің тиімді жолдарын көрсетуге бағытталған.

Аталған бағдарламада бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2) негізге алып айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген /Қараңыз: Қазақ тілі. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. - Астана, 2016.

Осы бағдарламаға сәйкес оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбында қазақ тілін үйретуге арналған оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) тілді меңгертудің А1 (бастапқы) деңгейін қамтиды.

Жалпы білім беретін мектептегі оқу орыс тілінде жүретін 1 -сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені төмендегі құжаттарға негізделіп жазылды:

• Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 1 наурыздағы Президенттің № 205 Жарлығымен бекіген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2014 жылғы 24 қаңтардан әзірлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бастауыш білім беру стандарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысына 2015 жылғы 25 сәуірдегі толықтырулар мен өзгертулерді енгізу» туралы № 327 Қаулысы;

• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымда № 832 Қаулысымен бекіген Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары;

• Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2016 жылы 8 сәуірде бекітілген «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы: Орта білім беру аясын жаңарту аясында. Бастауыш білім беру оқыту қазақ тілінде емес: 1-4 сыныптар).

Ұсынылып отырған жаңа ОӘК құрамына мыналар кіреді:

• Қазақ тілі оқулығы;

• № 1 жұмыс дәптері, № 2 жұмыс дәптері, № 3 жұмыс дәптері;

• Аудиодиск (оқулық, жұмыс дәптерлері бойынша тыңдалым материалдары және оқулыққа электронды қосымша тапсырмалар);

• Әдістемелік құрал.

ОӘК-нің базалық білім мазмұны оқу бағдарламасында көрсетілген мынадай ортақ тақырыптардан тұрады:

1. Өзім туралы

2. Менің мектебім

3. Менің отбасым және достарым

4. Бізді қоршаған әлем

5. Саяхат

6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

7. Тағам және сусын

8. Дені саудың - жаны сау.

Аталған ортақ тақырыптар өз ішінде бір-бірімен лексика-грамматикалық жағынан тығыз байланысты бірнеше сабақтан тұрады. Әр сабақтың мазмұны жеңілден күрделіге қарай принципі бойынша құрастырылған. Оқушылардың белсенді сөздік қоры әр сабақ сайын арта түседі, дегенмен әр сөздің қайталану жиілігі оқулық мазмұнында ерекше ескерілген. Сондай-ақ оқулықта ешқандай грамматикалық атаулар қолданылмайды, грамматиканы тек құрылымдық үлгі ретінде салыстырмалы түрде үйрету ұсынылады. Мәселен, бірінші сынып оқушысы үшін мен сөзімен етістіктер оқимын, жазамын, аламын, ішемін, жеймін, сурет саламын, ойнаймын, барамын түрінде, ал сен сөзімен оқисың, жазасың, аласың, ішесің, жейсің, сурет саласың, ойнайсың, барасың түрінде өзгеретінін есте сақтау жеткілікті. Сол сияқты көп кітап болса, кітап сөзі кітаптар түрінде өзгеретінін есте сақтау арқылы сөздердің көпше түрі туралы түсінік алады. Осы мақсатта барамын етістігін үйге барамын, мектепке барамын, дүкенге барамын, тауға барамын деген тіркес түрінде үйрету арқылы барыс септігінің жалғауы қамтылады. Мәселен, 1-сыныпта оқушылардың барыс септігі жалғауын барлық сөздермен қолдана білуі міндетті емес, сондықтан барыс септігі жалғауларының бәрін түсіндіру әрі үйрету қажет емес. Аздаған сөздер қатарына жалғанатын жалғауларды оқушылар дыбыс үйлесімділігі бойынша ғана есте сақтайды. Мысалы: мектеп - мектепке, үй - үйге, дүкен - дүкенге, may - тауға, саябақ - саябаққа, спортзал - спортзалға. Барлық басқа жалғаулар да (септік, көптік, жіктік, тәуелдік) осындай құрылымдық үлгі бойынша үйретіледі.

Ұсынылып отырған ОӘК мазмұнына сәйкес аталған ортақ тақырыптар бойынша оқушылардың

төмендегідей дағдылары қалыптасады:





Ортақ тақы-рыптар

Қалыптасатын дағдылар

1.

Өзім тур алы

- Амандасу, қоштасу үлгілерін қолдана алу (Сәлем! Сәлеметсіз бе! Сау бол! Cay болыңыз!);

- Өзінің атын айта алу, басқа біреуден атын сұрай алу (Менің атым - ... . Сенің атың кім?);



- Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу (ата, әже, мұғалім, оқушы);

- He? сұрағына жауап беретін сөздерді (кітап, дәптер, қалам, қарындаш, доп, текше, жейде, шалбар, көйлек, етік, бәтеңке, күрте) атай алу;

- 1-ден 10-ға дейін санай алу; Неше? сұрағына жауап бере алу;

- Түстерді ажырата алу, қандай да бір заттың түсін айта алу (Бәтеңке жасыл).

- Өзінде не бар екенін айта алу (Менде доп бар. Менде сары доп бар. Менде екі сары доп бар);

- Бір нәрсені сұрап ала алу (Маған кітап берші/беріңізші);

- Алғыс айта алу (Рақмет!);

- Өзінің не киетінін/кимейтінін, оның түсі қандай екенін айта алу (Мен көйлек киемін. Менің көйлегім қызыл. Мен шалбар кимеймін).


2.

Менің мектебім

- Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді (үлкен, кішкентай, әдемі) атай алу;

- Не? сұрағына жауап беретін сөздерді (мектеп, сынып, парта, тақта, есік, терезе, үстел, орындық) атай алу;

- Мектебінің, сыныбының қандай екенін айта алу (Менің мектебім (сыныбым) үлкен /кішкентай, әдемі);



- Нешінші? сұрағына жауап бере алу (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы);

- Нешінші сыныпта оқитынын айта алу (Мен бірінші сыныпта оқимын).

- Сыныптағы заттарды атай алу және олардың түсін айта алу (тақта қоңыр, орындық қызыл, үстел қара);

- Өзінің жасын айта алу (Мен алты жастамын. Мен жеті жастамын);

- Оқу құралдарын атай алу (қалам, қарындаш, дәптер, кітап, сызғыш, өшіргіш, қайшы);

- Өзіне қажет оқу құралын сұрап ала алу (Маған қайшы (өшіргіш, сызғыш) берші/беріңізші);

- Өзінің мектепте не істейтінін айта алу (Мен мектепте жазамын, оқимын, сөйлеймін, тыңдаймын).


3.

Менің

отбасым

және

достарым

- Отбасы мүшелерін атай алу (ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас/сіңлі);

- Өзінің ата-әжесі, ата-анасы, аға-әпкесі, іні-қарындасы/ сіңлісі туралы (атын, қандай екенін) айта алу (Бұл - менің әкем/анам. Оның аты - ... . Ол күшті/ ақылды/ әдемі);

- Өзінің не істейтінін/істемейтінін айта алу (Мен доп ойнаймын/ойнамаймын. Мен сурет саламын /сурет салмаймын. Мен велосипед (коньки, шаңғы) тебемін/теппеймін.

- Өзінің досы туралы айта алу (оның аты, жасы, қандай екені, нешінші сыныпта оқитыны, не істейтіні туралы айта алу (Бұл - менің досым. Оның аты - Қанат. Ол жеті жаста. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ол сурет салады, доп ойнайды, велосипед теппейді);

- Өзінің атын, жасын, нешінші сыныпта оқитынын, не істейтінін/істемейтінін айта алу.


4.

Бізді

қоршаған әлем

- Үй жануарларын атай алу (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе);

- Андарды атай алу (аю, арыстан, кірпі, түлкі, керік, піл, қасқыр, қоян);

- Бұл не? сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу (аңдар, үй жануарлары, ауладағы гүлдер, ағаштар);

- Аңдардың, жануарлардың санын (1-ден 10-ға дейін санау, үйренген түстер бойынша), түсін айта алу;

- Аулада не бар екенін айта алу (Аулада ағаштар, гүлдер бар);

- Аулада не істейтінін айта алу (Мен футбол ойнаймын. Мен аулада сурет саламын. Мен асық ойнаймын. Мен велосипед тебемін);

- Қандай сурет салатынын айта алу (Мен ағаш саламын).


5.

Саяхат

- Көлік түрлерін атай алу (ұшақ, велосипед, мәшине, автобус, пойыз);

- Қайда баратынын /бармайтынын айта алу (мектепке, тауға, үйге, саябаққа, дүкенге);

- Саяхатқа немен (қалай) баратынын айта алу (мәшинемен, автобуспен, пойызбен, ұшақпен, велосипедпен, жаяу);

- Мектепке (үйге, дүкенге) кіммен баратынын айта алу (анаммен, әкеммен, атаммен, әжеммен);

- «Медеуде» не істейтінін айта алу (коньки, шаңғы тебу);

- Қазақ тіліне тән дыбыстарды (э, ө, ғ) тану, дұрыс дыбыстай алу, жаза алу, әр дыбысқа мысал келтіре алу.



6.

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

- Өзінің қайда тұратынын айта алу (Мен Қазақстанда тұрамын);

- Алматыда/Астанада тұратын/тұрмайтынын айта алу (Мен Алматыда тұрамын /тұрмаймын);

- 1-ден 20-ға дейін санай алу;

- Қазақ тіліне тән дыбыстарды (қ, і, ұ) тану, дұрыс дыбыстай алу, жаза алу, әр дыбысқа мысал келтіре алу.

- Ертегі білетін/білмейтінін айта алу (Мен ертегі білемін/ білмеймін);

- Суреті бойынша ертегілерді атай алу («Мақта қыз бен мысық», «Не дәмді?», «Көктем сәні»), ертегі кейіпкерлерін атай алу, рөлге бөліп ойнай алу.



7.

Тағам

және

сусын

- Дүкенге баратынын және дүкеннен не алатынын/алмайтынын айта алу (Мен дүкенге барамын. Мен айран (сүт, май, қант, нан, кәмпит, балмұздақ, шырын) аламын;

- Ас мәзірі бойынша не алатынын (сорпа, ботқа, ет, сүт, шырын) айта алу;

- Өзінің не ішетінін/ішпейтінін (су, шай, айран, сүт, шырын) атай алу (Мен сүт ішемін. Мен шай ішпеймін);

- Жеміс атауларын (алма, алмұрт, жүзім, өрік, шие) атай алу, өзінің не жейтінін/жемейтінін айта алу (Мен алма жеймін. Мен алмұрт жемеймін);

- Көкініс атауларын атай алу (қызанақ, орамжапырақ, сәбіз, қияр, пияз, картоп), салат (ерекше ас мәзірі) жасау үшін қандай көкіністер керек екенін айта алу (Мен салат жасаймын. Маған сәбіз, орамжапырақ керек);

- Өзінің балмұздақ жейтінін/жемейтінін айта алу, оны сипаттай алу (Мен балмұздақ жеймін. Балмұздақ тәтті);

- Қазақ тіліне тән дыбыстарды (ү, ң, һ) тану, дұрыс дыбыстай алу, жаза алу, әр дыбысқа мысал келтіре алу.


8.

Дені саудың - жаны сау

- Дене мүшелерін атай алу (бас, қол, аяқ, саусақ, көз, қас, құлақ, мұрын, ауыз, шаш);

- Таңертең не істейтінін айта алу (жаттығу жасаймын, тамақ ішемін, мектепке барамын);

- Қайда баратынын (ауруханаға, дүкенге, тауға, үйге, саябаққа, мектепке) айта алу;

- Ауырады/ауырмайды сөздерін орынды қолдана алу (Менің тісім ауырады/ ауырмайды);

- Спортзалда не істейтінін айта алу (жаттығу жасаймын, жүгіремін, доп ойнаймын);



- Неге? сұрағын түсіне білу, сұраққа жауап бере алу.


1. Оқулықтың мазмұны мен құрылымы
Ұсынылып отырған оқулық 8 ортақ тақырыптан (бөлімнен) тұрады. Әр бөлім өзара байланысты бірнеше сабақтан тұрады. Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі сабақ реті бір-біріне сәйкес дайындалған. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар мазмұны оқулықтағы жаңа тақырыпты толықтырып отырады.

Жаңа тақырыпты ұсыну барысында:

• жаңа тілдік материалды ұсыну;

• жаңа материалды меңгерту және жаттықтыру;

• жаңа материалды бекіту басшылыққа алынады. Оқулықта грамматикалық материал «Есте сақта!» айдарымен оқушының қабылдауына жеңіл болу мақсатында тек кесте түрінде нақты құрылымдық үлгілер арқылы берілген. Оқушыларға жаңа грамматикалық форманы түсіндіруде ешқандай грамматикалық атаулар берілмейді. Оқушыларға жалғаулардың сөзге үстейтін грамматикалық мағынасы ғана түсіндіріледі.

«Кел, қайталайық!» деген сабақтар оқушылардың әр бөлім бойынша өткендерін қорытындылау мақсатында дайындалған. Оқушылар оқулықта берілген 8 сурет бойынша жұмыс істейді. Әр суретте берілген сөйлесу үлгісінің толық нұсқасымен тыңдау арқылы танысады. Егер оқушылар суретке мұқият қараса, сұрақтардың жауабын суреттер бойынша өздері де таба алады.

Оқулықтың соңында әрбір ортақ тақырып бойынша үйренген сөздер, сөз тіркестері, сөйлем үлгілері жинақталған және оқушыларға, ата-аналарға көмек ретінде қазақша-орысша сөздік берілген. Бұл сөздікте оқулық бойынша белсенді сөздік қор қамтылған.

Интерактивті қосымша тапсырмалар әр сабақтың соңында мультимедиалық проектор, интерактивті тақта, жеке компьютер немесе планшеттер қолдану арқылы жүргізілетін ұжымдық немесе жеке жұмыс түріне жатады. Интерактивті қосымша тапсырмалар оқушылар әр сабақта өтетін жаңа материал бойынша негізгі ақпаратты қайталауға, бекітуге арналған. Қосымша тапсырмалар тыңдау арқылы түстерді, сандарды ажырата білу, сөз бен суретті сәйкестендіру, әріптерден сөз құрау, сөздерден сөйлем құрау, сөйлемдегі сөздерді орын тәртібі бойынша орналастыру сияқты оқушылар үшін жеңіл әрі қызықты орындалатын тапсырма түрлерінен тұрады.

Орындалған тапсырмалардың дұрыс нәтижесін оқушы өзін-өзі тексеру немесе мұғалімнің көмегі арқылы анықтай алады.
2. Жұмыс дәптерлері: мазмұны және құрылымы
1, №2 жұмыс дәптерлері. Жұмыс дәптерлерінде оқулықтағы лексика-грамматикалық тақырыптарға сай тапсырмалар берілген. Дәптердегі тапсырмалар оқулықтағы лексикалық тақырыптармен тығыз сабақтастырылған. Бояуға, сызып сәйкестендіруге, дұрыс жауапты белгілеуге, жазуға арналған бұл тапсырмалар оқушының қызығушылығын арттырады.

Бұл дәптердегі тапсырма түрлері оқулықтағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қай­талауға, жаттықтыруға, бекітуге арналған. Сондай-ақ жұмыс дәптерлерінде тыңдау арқылы орындалатын тапсырмалар да қамтылған. Тапсырмалар мынадай үлгіде берілген:

• Тыңда. Суретін сал.

• Тыңда. Белгіле.

• Тыңда. Боя.

• Тыңда. Жаз.

• Тыңда. Сұраққа жауап бер.

Мәселен, 1-бөлімнің 5-сабағындағы 3-тапсырманы (3.5.3.) орындау үшін оқушылар ненің суретін салатынын тыңдайды. Мысалы: Үш қызыл текше. Екі сары текше. Бес жасыл текше. Яғни оқушылар дәптерге үш қызыл текшенің, екі сары текшенің, бес жасыл текшенің суретін салуы керек. Тапсырманы орындау кезінде оқушылар «Үш қызыл текше» деген сөйлемді тыңдағаннан кейін мұғалім оқушылардың осы суретті салуына уақыт беруі қажет. Содан кейін екінші/үшінші суреттің тапсырмасын тыңдатады, суретін салады. Бұл арқылы оқушылар тыңдаған ақпаратты қаншалықты дұрыс түсінгендерін көрсете алады.

Сондай-ақ оқулықта және жұмыс дәптерлерінде (белгілеріне байланысты (*У) тапсырмаларды орындау кезінде (белгісі иә, бар, дұрыс деген сияқты жауаптарды және етістіктердің болымды түрін білдіреді (барамын, аламын, ішемін т.с.с). Ал (белгісі жоқ, дұрыс емес де­ген сияқты жауаптарды және етістіктердің болымсыз түрін білдіреді (бармаймын, алмаймын, ішпеймін т.с.с).

3 жұмыс дәптері. ОӘК-нің № 3 жұмыс дәптері оқушылардың білім деңгейін қадағалаудың, жұмыс нәтижесін жинақтаудың ерекше үлгісі ретінде ұсынылады. №3 жұмыс дәптерінде әр бөлімнің соңғы сабағы («Менің кітапшам») берілген. Аталған жұмыс дәптеріндегі тапсы­рмалар оқушылардың орындауына жеңіл әрі қызықты түрде (бояу, сәйкестендіру, толықтыру, белгілеу, жазу, суретін салу т.с.с.) ұсынылған. Мұнда оқушылар әр бөлім бойынша үйренгендеріне шолу жасап, қайталай алады.

№ 3 жұмыс дәптері жыл бойы мұғалімде сақталады, ол тек «Менің кітапшам» деген сабақ кезінде оқушыларға таратылып беріледі. №3 жұмыс дәптері оқушылардың жыл бойғы жұмысының нәтижесі ретінде оқу жылының соңында әр балаға табыс етіледі.

3. Аудиодиск

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану жан-жақты әрі тиімді жүзеге асырылуы тиіс. Оқулыққа қосымша ұсынылып отырған жұмыс түрі үш бағытта дайындалған:

1. Оқулық бойынша тыңдалым материалы (мұнда әр бөлім бойынша тыңдалым тапсырмалары) мынадай үлгіде берілген: 1.1.1. (1-бөлім, 1-сабақ, 1-тапсырма);

1.1.2. (1-бөлім, 1-сабақ, 2-тапсырма).

2. Дәптерлер бойынша тыңдалым материалы да оқулық үлгісімен берілген.

3. Оқулыққа арналған электронды қосымша тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды орын­дау арқылы оқушылардың АКТ-ні қолдану дағдылары қалыптастырылады. Тапсырмалар оқулықта берілген лексикалық тақырыптар бойынша құрылған. Тапсырмалар өткен материалды қайталауға, бекітуге жаттықтырады. Белгілеу, сәйкестендіру, дұрыс жауапты таңдау, әріптерден сөз құрау, сөйлемдегі сөздерді және мәтіндегі сөйлемдерді ретімен орналастыру сияқты оқушылар үшін қызықты әрі танымды болатын тапсырмалардан тұрады. Қосымша тапсырма­лар мынадай үлгіде берілген: 1.1. (1-бөлім, 1-сабақ); 1.2. (1-бөлім, 2-сабақ).

Оқу жылындағы барлық сағат саны - 66 сағат.



Ортақ тақырыптар

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1.

Өзім туралы

1-сабақ. Сәлем! Сенің атың кім?

2-сабақ. Бұл кім?

3-сабақ. Бұл не?

4-сабақ. Қандай доп?

5-сабақ. Неше доп?

6-сабақ. Киімдер

7-сабақ. Сен не киесің?

8-сабақ. Кел, қайталайық!

9-сабақ. Менің кітапшам






2.

Менің мектебім

1-сабақ. Мынау - мектеп

2-сабақ. Менің сыныбым

3-сабақ. Оқу құралдары

4-сабақ. Мен жеті жастамын

5-сабақ. Алмабек мектепте

6-сабақ. Мектепте

7-сабақ. Мен қаламмен жазамын

8-сабақ. Кел, қайталайық!

9-сабақ. Менің кітапшам






3.

Менің

отбасым және достарым



1-сабақ. Бұл кім?

2-сабақ. Менің анам

3-сабақ. Менің досым

4-сабақ. Сен не істейсің?

5-сабақ. Менің достарым

6-сабақ. Кел, қайталайық!

7-сабақ. Менің кітапшам






4.

Бізді қоршаған әлем

1-сабақ. Үй жануарлары

2-сабақ. Аңдар

3-сабақ. Біздің аула

4-сабақ. Аулада

5-сабақ. Менің елім

6-сабақ. Кел, қайталайық!

7-сабақ. Менің кітапшам






5.

Саяхат

1 -сабақ. Мен мектепке барамын

2-сабақ. Ол қайда барады?

3-сабақ. Мен анаммен барамын

4-сабақ. Көлік түрлері –

5-сабақ. Мектепке барар жол

6-сабақ. Саяхат

7-сабақ. Біз «Медеуге» барамыз

8-сабақ. Кел, қайталайық!

9-сабақ. Менің кітапшам






6.

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

1-сабақ. Менің туған жерім

2-сабақ. Ою

3-сабақ. Домбыра

4-сабақ. Макта қыз бен мысық

5-сабақ. Мен ертегі білемін

6-сабақ. Не дәмді?

7-сабақ. Көктем сәні

8-сабақ. Кел, қайталайық!

9-сабақ. Менің кітапшам





7.

Тағам және сусын

1-сабақ. Сен не аласың?

2-сабақ. Таңертең

3-сабақ. Ac мәзірі

4-сабақ. Сен не ішесің?

5-сабақ. Сен не жейсің?

6-сабақ. Мен салат жасаймын

7-сабақ. Балмұздақ

8-сабақ. Менің кітапшам



1

8.

Дені саудың -жаны сау

1 -сабақ. Оң қолымда бес саусақ

2-сабақ. Сен таңертең не істейсің?

3-сабақ. Мамандықтар

4-сабақ. Дәрігерде

5-сабақ. Аурухана

6-сабақ. Спортзалда

7-сабақ. Кел, қайталайық!

8-сабақ. Менің кітапшам







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет