Орта білім оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша география пәнінен тест спецификациясы



Дата20.06.2018
өлшемі74,5 Kb.
#44009


Орта білім оқу жетістіктерін

сырттай бағалау бойынша география пәнінен тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:

1) математикалық сауаттылық адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;

2) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (биология, химия, физика, география) – қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;

3) оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі) мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу, қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.

Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.

1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының география пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.


  1. Тест мазмұны.

Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10, екінші деңгейде – 6, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.

География пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.






Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Дүниежүзінің физикалық географиясы

01

Физикалық география

01

Кіріспе. Жер – Күн жүйесінің ғаламшары. План және карта

02

Жер қабықтары

03

Географиялық қабық. Жер бетіндегі адамзат

02

Материктер мен мұхиттар географиясы

01

Кіріспе. Жер шары табиғатының негізгі ерекшеліктері

02

Материктер мен мұхиттар географиясының алуан түрлілігі

02

Қазақстан географиясы

01

Қазақстанның физикалық географиясы

01

Кіріспе.Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы

02

Қазақстан табиғатының жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы

03

Қазақстанның ірі географиялық аудандары

04

Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану

02

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

01

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні

02

Халқы және еңбек ресурстары

03

Салааралық кешендер географиясы

03

Функционалдық сауаттылық

01

Қолдануға арналған тапсырмалар

01

Физикалық география

02

Материктер мен мұхиттар географиясы

03

Қазақстанның физикалық географиясы

04

Қазақстанның экономикалық географиясы

02

Анализге арналған тапсырмалар

01

Физикалық география

02

Материктер мен мұхиттар географиясы

03

Қазақстанның физикалық географиясы

04

Қазақстанның экономикалық географиясы

03

Синтезге арналған тапсырмалар

01

Физикалық география

02

Материктер мен мұхиттар географиясы

03

Қазақстанның физикалық географиясы

04

Қазақстанның экономикалық географиясы


3.Тест жоспары: Дүние жүзінің физикалық географиясы – 6 тапсырма

Қазақстан географиясы – 8 тапсырма

Функционалдық сауаттылық:

Қолдануға арналған тапсырмалар -2 тапсырма

Анализге арналған тапсырмалар - 2 тапсырма

Синтезге арналған тапсырмалар - 2 тапсырма

4.Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Жердің табиғаты, саяхатшылар мен зерттеушілер, план және карта, жер қабықтары мен географиялық қабық туралы білімдер, жер халықтарының саны мен олардың орналасуы;

Материктер, дүние бөліктері және мұхиттар, олардың зерттелуі, табиғаты, ерекшеліктері;

Қазақстанның физикалық географиясы және оның зерттелуі, табиғаты, пайдалы қазбалары, ерекшеліктері, экологиялық проблемалары;

Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы: ел шаруашылығы, халқы, еңбек ресурстары, экономикалық аудандастыру, геосаяси жағдайы;

Табиғи құбылыстар мен экономикалық үрдістер жайлы білімдерін әр түрлі өмірлік жағдайда қолдану;

Табиғи үрдістердің, аумақтардың және салалық өнеркәсіптің себеп-салдар байланысын талдау және анықтау. Табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, статистикалық мәліметтерді және картографиялық материалдарды өндеу, салыстыру және түсіндіру;

Географиялық ақпараттардың (есеп, график, т.б.) түрлері мен формаларын жинақтау және жүйелеу.



5.Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындауға берілетін уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 30 минут.



6. Нұсқа және тапсырмалар саны:

Бір тест 20 тест тапсырмасынан тұрады.

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

7.Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.



Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

8. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған кезде оқушы 20 балл алады.
Каталог: upload -> specifications VOUD SO 2015 kaz
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
specifications VOUD SO 2015 kaz -> Орта білімнің оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша қазақ әдебиеті пәнінен тест спецификациясы Мақсаты
specifications VOUD SO 2015 kaz -> Орта білім оқу жетістектерін сырттай бағалау бойынша дүние жүзі тарихы пәнінен тест спецификациясы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет