Орта ғасыр Қыңырақ қаласы



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#87965
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Орта ғасыр Қыңырақ қаласы
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп (1)


Орта ғасырдағы 
Қыңырақ қалашығы
Жаскешу ауылы


Азаттық пен татулықтың көк туын желбіретіп, тәуелсіз
мемлекет атанғанымызға да 30 жыл толып отыр.
Ширек ғасырда Қазақстан өз тәуелсіздігін баянды
етуден бастап, мемлекетіміздің тұғырын берік
нығайтты. Біздің еліміз аз ғана уақыт ішінде әлемдік
қауымдастықта өзін толыққанды мемлекет ретінде
таныта білді. Бейбітшілікті ту еткен Қазақстан ішкі және
сыртқы саясатымен де көптеген елдерге үлгі болуда.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихымызда біз
экономикалық және саяси реформаларды тиімді жүзеге
асыра білдік. Ал рухани тұрғыдан өрлеу, үдерістерге
сай жаңғыру өзектілігін жойған емес.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Егемен Қазақстан»
республикалық газетінде «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласын жариялау арқылы рухани
өміршеңдігімізбен бірге ұлттық құндылықтарымыз,
елдік жолындағы ұстанымдарымызды айқындап
берген бұл - мақала болашақтағы біздің бағдармызды
айқындап берді. Әлемде Қазақтың даласындай тарихи
бай өлке табу қиын. Сарыағаш жерінің өзінде
де өткен тарихтан сыр шертетін қаншама мән, сыр
жатыр. Ұлы жібек жолы бойында орналасқан Сарыағаш
шаһаранда қаншама еларалық ынтымақтастық туралы
келісім-шарттар жасалып, мемлекеттік маңызы зор
оқиғалар орын алды. Ал, елін, жерін сүйетін, Отанды
қастерлейтін азаматтарды тәрбиелеуде осынау өткен
тарихтың алар орны ерекше. Елбасы да өзінің
бағдарламалық мақаласында тарихымыздың әрбір
сәтін жастарға тереңірек таныту арқылы ұлттық
құндылығымызды ұлықтап, рухани тұрғыда бай
жастарды тәрбиелеуге ерекше ден қойды.Жалпы
Сарыағаш өңірінде әрбір кезеңдерде түрлі тарихи
оқиғалар орын алды. Тарихты оқытуда, оны тереңірек
зерттеуде үлкен мән бар. Өйткені, біз осы өткенді
өскелең ұрпақ бойына сіңіре келе Отаншылдық
рухтағы жастарды тәрбиелейміз.
Олардың санасына өз туған жерінің өткен тарихын
оқыта келе болашаққа да баянды бағдар құрамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет