Орта мектепте кванттық физиканы оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолдану әдістемесі ағабек Қ. М



Дата24.04.2017
өлшемі50,59 Kb.
#15094
ӘОЖ 373.3/.5:53

ОРТА МЕКТЕПТЕ КВАНТТЫҚ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Ағабек Қ.М. – 110-13 тобының студенті

Ғылыми жетекші: Садық Б.Х. – аға оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент



Резюме

В этой статье рассматриваются методы эффективного применения компьютерных программ в обучении курса квантовой физики в средней школе.

Summary

In this article, options are considered effective methods of using computer programs in teaching a course in quantum physics in secondary school.
Қазіргі кезде білім беру саласын оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті.

Қазіргі ақпараттық қоғамға байланысты білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарында оқу үрдісін компьютерлендіру – оқу жүйесін жетілдірудің негізгі шарты екені белгілі. Білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру процесінің басым бағыттарының бірі ретінде оқытушылардың тек кәсіби сапасы мен дайындық деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілеріне де жаңа талаптар қояды.

Кванттық физика – микробөлшектердің (элементар бөлшектер, атомдар, атом ядролары, молекулалар) қозғалысын және олардың бір-біріне жасайтын әсерлерін зерттейтін қазіргі теориялық физиканың аса маңызды саласы. Оның ғылым болып қалыптасуы XX ғасырдың бас кезінде ашылған физикадағы ұлы жаңалықтармен тығыз байланысты.

Мектепте кванттық физиканы оқытудың қиындықтары, оқушылардың шектеулі танымдық мүмкіндіктерімен және материя қозғалысының кванттық формасының ерекшеліктерімен байланысты.



Физика пәнін оқытуда ақпараттық–коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мынадай негізгі артықшылықтары бар:
- Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орындарында отырып қол жеткізе алады (интернет, қашықтан оқыту);
- Олар оқушыларға тақырып шеңберіндегі физикалық құбылыстарды немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер қорын ұлғайтады;
- Компьютер көмегімен оқушы өз бетінше жұмыс жасай алады;
Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Кванттық физика бойынша оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктер туралы, біздің бастапқы кезеңде жүргізілген эксперимент нәтижелері айтады. Оқушылар микрообъектілер қасиеттері мен олардың қозғалысы туралы, динамикалық теңдеулер жайлы, кванттық және классикалық физика заңдарының арасындағы қатынастық туралы білмейді. Бұған, біріншіден, кванттық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің кемшіліктері мен қиындықтары себеп болды; екіншіден, қолданыстағы жалпы білім беру стандарттарымен, бағдарламаларымен және оқулықтарымен анықталған кванттық физика тарауының мазмұны ғылымның қазіргі күйіне сәйкес емес деп есептейміз.

Казіргі кванттық физика дамып келе жатқан, әлі соңғы тараулары жазылып бітпеген физикалық теория. Ол тек ғылыми көзқарастарда ғана емес, сонымен бірге техникада айтарлықтай төңкеріс жасауда. Біз атомдық электростанциялардың беретін тогын пайдаланудамыз. Бізді қоршаған радиоқабылдағыштар мен телевизорларда жартылай өткізгішті кванттық техника қолданылады. Жұмысы кванттық құбылыстарға негізделген интегралдық схемаларды пайдаланатын калькуляторлар мен компьютерлер тұрмысымызға кеңінен енуде. Халық шаруашылығы мен медицинада кванттық сәулелер көздері қолданылуда. Материяның кванттық қасиетіне негізделіп асқын өткізгіштерден жасалған магниттерді пайдаланып келеміз.

Компьтерлік бағдарламаларды кванттық физика курсын оқыту барысында қолдану мұғаліммен оқушының іс-әрекеттері белгілі бір нәтижеге бағытталуы тиіс. Оған әрбір ұстаздың компьютерлік бағдарламаларды жетік меңгеруі тиіс және оқушылардың қабілетін дұрыс бағамдап, компьтерлік бағдарламалар арқылы шығармашылық жұмыстарға дұрыс бағыттай білуі тиіс. Кванттық физика курсын оқыту барысында әрбір физикалық құбылысты немесе процесті сипаттайтын модельдерді компьютерде жасауға және оларды оқу процесінде тиімді қолдануға болады.

Мемелекеттік стандартта 11- сыныпта лабораториялық жұмыс және компьютерлік бағдарламаларды қолданып модельдеу практикалық тапсырмаларыда еніп отыр.

«Орта мектепте кванттық физика курын оқытуда компьютерлік бағдарламаларды тиімді қолдану» тақырыбын зерттеу барысындағы зерттеу нысаны 9-11 сыныптардағы кванттық физика курсы болатын. Алдымызға қойған мақсатымыз кванттық физика курсын оқытуда компьютерлік қолданудың тиімді әдістемесін жасау және негіздеу болатын. Зерттеу жұмысы барысында алдымызға қойылған болжамдарды айқындап, нәтижесін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдедік. Зерттеу жұмысын қорытындылай келе, төмендегі тұжырымдарды алдық:

1. Елімізде қолданылып жүрген «Физика-11» оқулығындағы кванттық механика элементтерін оқытылу жағдайына салыстырмалы талдау жасалды;

2. Салыстырмалы талдау барысында зерттеу нысанының мазмұнын оқушыға заман талабына сай компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы жеңіл түсіндірілуі қажеттілігі анықталды.

Кванттық физика курсы мектеп бағдарламасында:

9 сыныпта - 15 сағат (Атом физикасы),

11 сыныпта - 30 сағат бөлiнген (Кванттық физика).

Зерттеу жұмысымда оқыуда компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы кванттық физика бөлімін оқытудың тиімді әдістері жасалды. Лабораториялық жұмыстар және практикалық жұмыстарды орындауға арналған “Открытая физика”, “Живая физика”, “Физика в картинках ” бағдарламаларын қолдану әдістері жасалды. Оқушылардың тақырыпты күрделі болғандықтан толық қабылдай алмауы, кванттық механика тақырыптарында микробөлшектерді қолмен ұстап, көзбен көру мүмкіншіліктерінің шектеулілігінен туындаған болатын. Зерттеу барысында бұл мәселелер толықтай қамтылды. Кванттық физика бөліміндегі құбылыстарды(Фотоэффект, Резерфорд тәжрибиесі.Атомның құрамы т.б.) түсіндіруге арналған Macromedia Flash МХ бағдарламасында жасалған анимациялар жинақталды. Осы аталған бағдарламалардың әр қайысысының кванттық физика курсын оқыту барысында өзіндік ерекшеліктері бар. Бірақ аталған бағдарламалар кванттық физика курсындағы тақырыптарды толығымен түсіндіруге жеткіліксіз. Осы мақсатта мектеп физика пәні мұғаліміне көмекші болатын, Turbo Pascal, Matchat бағдарламалау тілін қолданып есептерді моделдеу, Macromedia Flash МХ анимациялық бағдармамасын қолданып анимация жасау әдісмесі жасалды.

Мектепте іс-тәжірибеден өту барысында сабақ жоспары құрылып, компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы сабақтар өткізілді. Өткізілеген сабақ бойынша оқушылар мен ұзтаздар арасында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша 93% қолдау тауып отыр.


Әдебиеттер

1. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1998

2. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту теорииясы және әдістемелік негіздер. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2006

3.Тендібай Көшеров «Электронды есептеуіш машина физика мен астромияда».Оқу құралы.Алматы, 2010ж.



4. Физика: Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сынып мұғалімдеріне арналған құрал/ Р.Башарұлы, т.б.-Алматы: «Мектеп»,2007.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет