Орта мектептерде арнаулы күндерді оқытудың тәрбиесі мен мәні



Дата28.01.2018
өлшемі108,41 Kb.
#34901
ҚҰНАПИНА Қ., КӨЛБАЕВ Н.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті



Орта мектептерде арнаулы күндерді оқытудың тәрбиесі мен мәні

Аннотация
Ұсынылып отырған мақала Қазақстан Республикасындағы арнаулы күндердің орта мектептегі балаларды тәрбиелеудегі маңызы туралы болмақ. Тәуелсіздік алып, еңсені өтерген шақта жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа, имандылыққа және т.б. бойларындағы адами қасиеттерді қалыптастыру – ұстаз үшін басты міндет. Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз байланысты. Сондықтан, мектеп оқушыларын тәрбиелеу үстінде оларды рухани дамытуға басты назар аударғанымыз жөн. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз – өзінің өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіру. Рухани даму жеке тұлғаның негізін қалыптастырудың негізі болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері, басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамыту, жетілдіру.

Кілт сөздер: арнаулы күндер, тәрбие, психология, патриотизм, ұрпақ, тұлға, мұғалім.
Білім беріп оның жемісін көру, кез келген мұғалімнің басты мақсаты. Ол әрине тәрбиеге келіп тіреледі. Тәрбиенің басты мақсаты деп, жас ұрпақты өмірге дәріптеуде және оларды тұлғалық жағынан дамыту мен қалыптастыруда алдын ала анықталған (болжанған) нәтижелер деп түсінуге болады. Көрнекті ғалым, психолог В.М. Бехтеров тәрбие мақсаты туралы мәселені шешу – бұл педогогика ғылымының тікелей ісі деп жазды [1,162-б.].

Қазіргі уақытта республикамызда оқушыларды тәрбиелеу үстінде адам ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты істер жүзеге асуда. Халықтың дәстүр, рухани мәдениеті негізінде, жас ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін іске асыру басты нысана болып тұр. Осы тұста арнаулы күндерді орта мектептерде оқыту өскелен ұрпақтың ұлттық сана сезімін, патриоттық қасиеттерін шыңдауда үлкен рөл атқарады.

Осы орайда Қазақстан Республикасындағы арнаулы күндерді дәріптеу, олардың мемлекет пен ұлт болашағы үшін маңызды екенін түсіндіру ерекше. Ұлттық тәрбиені жандандыру, оны осы қоғаммен сай алып жүру басты міндет болып табылады. Арнаулы күндердің бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Қазақстан Республикасында мерекелер үш топқа бөлінеді: ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер және кәсіби мереке. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 13 желтоқсандағы № 267-ІІ Заңы бойынша 3-бапқа сай мемлекеттік мерекелер мыналар:

1) 1-2 қаңтар - Жаңа жыл;

2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

4) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

5) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

6) 9 мамыр - Жеңіс күні;

7) 6 шілде - Астана күні;

8) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

9) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма бес жыл ішінде, қоғам өмірінің басқа салалары сияқты, тарих ғылымында да айтарлықтай өзгерістердің болғаны рас. Ең бастысы қазақтың кәсіпқой тарихшылары ешкімге жалтақтамай өз халқының тарихын ашық жазуға, батырларын мадақтауға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесінде ойып тұрып орын алатын мерекенің бірі - Жеңіс күні. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 қазандағы N 2534 Жарлығымен 9 мамыр Жеңiс күнi мереке күндерінің тiзбесiне енгiзiлдi. Ел басына күн туғанда етігімен су ішіп, елін қорғаған ата-апаларымыздың ерлігін үлгі тұтып, мектеп оқушыларына жеткізу – біздің парызымыз. [2, 24-б.].

Жеңiс күнi мерекесi 1945 жылы 8 мамырда КСРО Жоғарғы Советi Президиумының Жарлығымен фашистiк Германияға қарсы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңiстi атап өту үшiн бекiтiлген.

Қазақстандықтар фашизмдi күйретуге орасан зор үлес қосты. Қазақстан соғыстың қиын-қыстау жылдарында ауыл шаруашылық және өнеркәсiп өнiмiн өндiрудiң iрi базасына айналды. Қазақстаннан 1 млн. 366 мың адам майданға шақырылып, олардың әрбiр екiншi ұрыс даласынан оралмады. Ұрыс даласында атой салып, қазақ халқының атын шығарған батырларымыз жетерлік. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.

Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақжігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.

1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. [5, 33-б.].

Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.

Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім.Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін, Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан.Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын жайғастырылды, 532 506 адам көшірілді. Оған қоса, жаңа өнеркәсіптік нысандардың құрылыстары жеделдетілді. Соғыстың алғашқы 1,5 жылында Қазақстанда 25 кен орны пен шахта, 11 кен байыту фабрикалары, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай кеніші мен Гурьевтегі мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.

Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3 194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді. Бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Республиканың барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті.[7, 1-б.].

Осындай тарихи деректерді айта отырып, оқушылардың бейбітшілік заманда өмір сүріп жатқандарын түсіндіріп, отанына деген сүйіспеншілігін ояту, еңбексүйгіштікке баулу. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл екендігін дәріптеп, оқушыларды ұйымшыл болуға шақыру. Алайда, соңғы жылдар тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, мерекенiң маңызын қоғамдық санада, әсiресе жас ұрпақтың санасында төмендеу үрдiсi байқалады. Бір жағынан, мұндай жағдайды уақыттың өтуiмен, яғни жарты ғасыр бұрынғы соғыстың қаһарман ерлiк салтының бiрте-бiрте көмескiленiп бара жатқанымен түсіндіруге болады. КСРО құлағаннан кейiн азаматтық сәйкестiктiң өзгеруi де әртүрлi этникалық топтарда әрқилы қабылдау сезiмiн қоса туындатты. Екiншi жағынан, мерекенi өткiзудiң бұрынғы идеологиялық мазмұны мен нысандарының әбден ескiрiп, әрi уақыт болмысына сай келмеуі мәселені күрделендiре түсті.

Адамзат тарихындағы сұрапыл соғыс болып, өшпес ізін қалдырған бұл күннің келер ұрпаққа берер сабағы мол. Аталарымыздың қанын төгіп, жанын беруі арқылы келген бұл мерекенің маңызын оқушыларға жеткізу, ұлттық санасының қалыптасуына едәуір үлес қосады деген ойдамын.

Қазақ тарихындағы ерекше орын алатын арнаулы мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік – қазақтың ғасырлар бойы аңсаған арманы. Сол арманға жетеміз бе, жетпейміз бе деп, жетуден гөрі жетпеу күдігі басым болып тұрған шақта, үміт үзіліп, қара аспан төніп, күннің жарығын да, жылуын да сезе алмай, күйзеліп жүрген кезде келген егемендік бұл. Сондықтан егемендік дегенде, қазақтың тәуелсіздігі дегенде, басқа даулы, дүдамал мәселелердің барлығы сап тыйылуы керек. Егемендік ендігі біздің ұранымыз болуы шарт. Себебі, бұл күннің мәні мен маңызына басқа ешқандай арнаулы күн жетпейді.

1986 жылғы 16 желтоқсанда Кеңес үкіметіне қарсы болған көтеріліс қазақ елінің Тәуелсіздік алуына септігін тигізді. Мыңдаған қазақ жастары алаңға шығып, Тәуелсіз елде өмір сүргісі келетіндігін ұрандады. Бейбіт мақсатта басталған шерудің аяғы қанды қырғынға айналды. Кеңес үкіметі тұсында бұл шеруді бұзақылардың әрекеті ретінде, тіпті «қазақ ұлтшылдары» деп айыптауға дейін барды. Осы шеруде ерекше белсенділік көрсетіп, қыршыннан қиылған жастарымыз да бар. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова. Қайрат Рысқұлбековке кейiннен Халық қаһарманы деген атақ берiлдi. Өткен жылы Ербол мен Ләззатқа Жаркент қаласында ескерткiш орнатылды.

Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. [7, 1-б.].

Осындай қиындықпен келген Тәуелсіздіктің қадірін оқушыларға түсіндіре білуіміз қажет. Өкінішке орай, қазіргі уақытта бұл мерекеміз Жаңа жылдың тасасында қалып барады. Жыл сайын бірінші желтоқсаннан бастап көшелерге жылтылдаған шамдар ілініп, мемлекеттік ұйымдарға мекемелерін сәндеуге жоғарыдан бұйрық беріледі. «Балық басынан шіриді» демекші, үкіметтегі басшыларымыз осылай істейтін болса, қиындықпен келген тәуелсіздіктің ешқандай құны жоқ болғаны ма? Мемлекет, қоғам қайраткерлерінің бірі Мұхтар Шаханов осы келеңсіз жайт жайлы өлеңдерінде қынжыла жазады. Мысалға Мұхтар Шаханов ағамыздың бір өлеңінен үзінді келтіре кетсем:

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.

Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер.[8, 1-б.].

Әр тәуелсіздік мерекесі сайын осындай өлеңдерді оқушыларға оқытсақ, көздері ашық, көкірегі ояу, рухты азамат боларына сенемін. Себебі, рух- адамның жан дүниесінің асыл қасиеті. Рухты адам – күшті адам, рухсыздың ереңі бұлыңғыр. Ұлт та сол сияқты, сол ұлтты құрайтын адамдардың рухына қарай ерекшеленеді. Рухы күшті ұлт күшті де, рухсыз халықтың болашағы жоқ. Ұлттық сана-сезімі жетілмеген ұлттар күшті халықтардың шылауында кетіп, өзінің ұлттық болмысын жоғалтады. Бұл жайында Мұстафа Шоқай атамыздың керемет сөзі бар: «Ұлттық рухсыз ұлттың тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондай көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді». Осы тұста елбасымыз, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - жастардың қолында»,- деген сөзі бар. Демек, еліміздің болашағы үшін рухы мықты, ұлтжанды жастар тәрбиелеуіміз қажет. [6, 42-б.].

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлық қалыптастыруы [3, 7-б.]. Ұлт жандылыққа тәрбиелейтін отан қорғаушылар күні, нурыз мерекесі, 16- желтоқсан мерекесі т.б мерекелік арнаулы күндер жас ұрпақтың бойына отанын қорғаудың міндет екенін, тәуелсіздік осы мемлекеттің басты жемісі екенін түсіндіріп, жастарға патриоттық сана қалыптастырудың негізі болады. Жалпы адам бойында 1842 қасиет болса, оның 187-сі жағымды. Оның 30-дайы бастауыш сыныпта қалыптасуы тиіс. Патриоттық тәрбие мен ұлт аралық қатынастарды қалыптастыру үшін оқушыларды өз отанының мүддесіне қызмет етуге, отан тарихы мен мәдениетін, салт – дәстүрін құрметтеуге, отбасын, туған жерін сүюге тәрбиелеуіміз керек. Өз елінің табиғатын сүю, тарихын құрметтеу, оқушының көңіл күйіне әсер етіп, отанға деген сүйіспеншілігін арттырады [4.56-57-б.].

Қорыта келгенде, орта мектепте арнаулы күндерді оқыту - оқушылардың бойындағы тек қана жағымды қасиеттерін оятуына әсер етеді. Тарихын білмеген адам болашаққа бағдар ұстай алмайды. Ендеше, оқушыларға тарихи төл мерекелерінің мән–мағынасын ұғындырып, мақтан тұтуына тәрбиелеуіміз қажет.
Әдебиеттер


  1. Сейталиев Қ. Педогогиканың жалпы негіздері. Оқу құралы. – Алматы: «Өлке»; 2009. – 126 б.

  2. Педогогика. Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Астана. Л.Н Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті. (ЕАУ). 1998. – 52 б.

  3. Тәрбие жұмысының теория мен әдістемесі: оку құралы. Оқушылар мен студенттер, магистранттарға арналған / Қожаева С.Қ. – Астана: Л.Н Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, 2013. – 56-57 б.

  4. Туашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу – әдістемелік құрал. 2 – басылым. – Астана: Фолиант, 2011. – 7-б.

  5. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: Оқулық. – Алматы: «Нұр-пресс», 2005. – 208 б.

  6. Қазақстан- ата жұртым, қасиетім- ана тілім. /Шолпан Қирабаева, Азат Жоланова/ -Астана: Елорда, 2013.- 240 бет + 1 бет жапсырма.

  7. Портал «Қазақша Өлеңдер жинағы» | 18.09.2013

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/1356-muhtar.html

  1. Бүгін - Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл: қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды!| 22.05.2011

Дереккөзі: http://www.inform.kz/kaz/article/2388991

КУНАПИНА К.

Кандидат исторических наук, доцент



КОЛБАЕВ Н.

Казахский Национальный Университет им. Аль-Фараби

Магистрант ІІ курса факультета истории, археологии и этнологии
Воспитательное значение специальных днейв средней школе
Аннотация. Данная статья о значении воспитания специальных дней для учеников средней школы Республики Казахстан. Добившись независимости, сформировать у юных школьников любовь к родине, к гуманности, к справедливости и к другим человеческим качествам – самая главная задача для учителей. Завтрашнее будущее нашей Родины зависит от воспитания нынешнего юного поколения. Поэтому, при воспитании юного поколения следует обращать особое внимание на духовное и моральное развитие ученика. Главная задача в воспитании нынешнего поколения – духовное и моральное развитие ученика. Моральное развитие, это - найти свое место в жизни, осознать свою ответственность за свою жизнь, а также саморазвитие. Моральное развитие является основой в формировании личности человека. Развитые моральные качества у человека проявляется в его стремлении к лучшему, делать людям добро, в его саморазвитии и в самовоспитании.

Ключевые слова: Специальные дни, воспитание, психология, патриотизм, личность, учитель.

KUNAPINA K.

applıcant of hıstory scıence, assıstant professor



KOLBAEV N.

Kazakh Natıonal Unıversıty named after al-Farabı



II cours undergraduate of faculty of Hıstory, archeology and ethnology
THE VALUE AND THE MEANING OF TEACHING THE SPECIAL DAYS IN SECONDARY SCHOOLS

Abstract. This offered article special days in the Republic of Kazakhstan is about the value of upbringing the pupils in the secondary schools. After getting the independence and standing on own feet the main demand for teachers is to create patriotism, loyalty, morality in the minds of young generation. The future of our society-is closely connected with the education of today’s young generation. That’s why during the upbringing the pupils we should pay attention to development the morally side of it. The main problem of nowadays generation’s upbringing-developing the pupils morally. Morally develop is-finding it’s own place in life, to understand the responsibility, to modify by themselves. Morally development is the main part of formation individuals. Features of morally person are helping the other people, aiming the kindness, teaching itself, modifying.

Key words: special days, upbringing, psychology, patriotism, individual, teacher.
Каталог: edu.history -> media -> upload -> 2209 -> 2016
2016 -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
2016 -> Жандарбек з
2016 -> Досекеева К. А. Ахатаева К. Б
2016 -> 1916 ж., Түркістан: патшалық отаршылдық жүйе дағдарысы
2209 -> Сериккалиева а. Е
2016 -> Н.Ә. Атығаев «тарих-и рашиди»: жаңа басылым ескі кемшілік
2016 -> 1920-шы жылдары түркістан акср-індегі билікті қОРҒау органдарын қайта ұйымдастыру
2016 -> Әож 821. 512. 122. 09+821. 512. 122. 092 Сымбат Игиликқызы Әл Фараби атындағы ҚазҰу сүйінбай би


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет