Ортогональ проекциялау Перпендикуляр және көлбеу



Дата01.06.2020
өлшемі194,05 Kb.
#71936
Байланысты:
Ортогональ проекциялау
Гос экзамен по педагогике, html tasks

Ортогональ проекциялау

Перпендикуляр және көлбеу


Сызуда ортогональ проекциялау, яғни проекция жазықтығына перпендикуляр түзулермен параллель проекциялау қолданылады. Машиналар детальдарының сызбалары бір, екі не үш өзара перпендикуляр жазықтықтарға ортогональ проекциялау жолымен алынады. Бұл жазықтықтар проекциялар жазықтықтары деп аталады. Кескінделетін детальдың проекциялары бар проекциялар жазықтықтары оларды қиылысу сызықтарын айнала бұру арқылы беттестіріледі.

1-суретте болттың сызбасын H горизонталь және V вертикаль екі жазықтыққа проекциялау жолымен орындау көрсетілген. Болттың екі проекциясының сызбасы 2-суретте көрсетілген.



Машиналар детальдарының сызбасын орындау кезінде стандартта белгіленген әр түрлі шарттылықтар пайдаланылады. Атап айтқанда, шартты түрде бұранда тұтас жіңішке сызықпен, ал центрлік және остьік сызықтар үзік сызықтармен кескінделеді. Кескінделудің бұл шарттылықтары 2-суреттегі болттың сызбасында қолданылған.



Перпендикуляр және көлбеу. Жазықтық пен онда жатпайтын нүкте берілсін. Берілген нүктеден берілген жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп берілген нүктені берілген жазықтық нүктесімен қосатын және жазықтыққа перпендикуляр түзуде жатқан кесіндіні айтады. Бұл кесіндінің жазықтықта жатқан ұшы перпендикулярдың табаны деп аталады. Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық деп осы нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығын атайды.

Берілген нүктеден берілген жазықтыққа жүргізілген көлбеу деп жазықтыққа перпендикуляр емес, бір ұшы берілген нүктеде, екінші ұшы жазықтықта жататын кез келген кесіндіні атайды. Кесіндінің жазықтықа жатқан ұшы көлбеудің табаны деп аталады. Бір нүктеден жүргізілген перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесінді көлбеудің проекциясы деп аталады.

1-суретте А нүктесінен α-жазықтығына АВ перпендикуляры мен АС көлбеуі жүргізілген. В нүктесі – перпендикулярдың табаны, С нүктесі – көлбеудің табаны, ВС – АС көлбеудің α жазықтығындағы проекциясы.

Түзуден оған параллель жазықтыққа дейінгі қашықтық деп осы түзудің кез келген нүктесінен жазықтыққа дейінгі қашықтық аталады.



Жазықтықтың кез келген екі нүктесінен параллель жазықтыққа дейінгі қашықтықтардың тең болатынды. Осыған байланысты параллель жазықтықтар арасындағы қашықтық деп бір жазықтықтың кез келген нүктесінен келесі жазықтыққа дейінгі қашықтық аталады.

Қорытынды сұрақтар: (Екі парақ қағазға орындаймыз. Орындап болған соң міндетті түрде қаламмен төменгі жағына аты-жөнімізді жазып, қолымызды қоямыз)



  1. Стереометрия жайында не білеміз?

  2. Аксиома дегеніміз не?

  3. Стереометрия аксиомаларының салдары

  4. Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың орналасу жағдайы

  5. Параллель жазықтықтар дегеніміз не? Қандай жазықтықтар паралелль болады(теорема)?

  6. Кеңістіктегі бұрыш дегеніміз не?

  7. Көлбеудің табаны және проекциясы дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет