Қосарланған салықты болдырмау туралы Келісім



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі454,53 Kb.
#35004
  1   2   3
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасындағы Табыс пен мүлік салықтарына қатысты

қосарланған салықты болдырмау туралы
Келісім
(Бонн қ., 1997 жыл 26 қараша)

 

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы салық бөгеттерін жою жолымен экономикалық байланыстарды дамытуға ұмтылуды басшылыққа ала отырып,



мынаған келісті:

 

1-Бап



Келісім қолданылатын тұлғалар

 

Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.



 

2-Бап



Келісім қамтитын салықтар

 

1. Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттің, Жерлердің немесе саяси-әкімшілік бөлімшелердің немесе олардың жергілікті өкімет органы атынан алынатын табыс мен мүлікке салынатын салықтарға, оларды алу тәсіліне тәуелсіз қолданылады.



2. Табыс пен мүлік салығы деп табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыс пен мүліктің жекелеген элементтерінен алынатын салық есептеледі, оған жылжитын немесе жылжымайтын мүлікті айырудан түсетін табыс салығы, кәсіпорын төлейтін жалақы мен ырыздықақының жалпы сомасына салық пен мүлік өсімінен түсетін табыс салығы да енеді.

3. Осы Келісімге қатысты қолданылып жүрген салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:

а) Қазақстан Республикасында:

заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар,

заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың шектен тыс пайдасына салық,

(бұдан әрі "Қазақстан салығы" деп аталады);

b) Германия Федеративтік Республикасында:

оларға үстеме алымдарды қоса есептегенде

табыс салығы,

корпоративті салық,

мүлік салығы және

кәсіпшілік салығы,

(бұдан әрі "Германия салығы" деп аталады).

4. Келісім сондай-ақ, Келісімге қол қойылған күннен кейін, қолданыстағы салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын кез-келген бірдей немесе іс жүзінде соларға ұқсас салықтарға да қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдары олардың қолданылып жүрген салық заңдарына енгізілген елеулі өзгерістер жайында бір-бірін хабардар етіп отырады.

 

3-Бап



Жалпы ережелер

 

1. Егер контекстен басқа мағына тумаса, осы Келісімнің мақсаттары үшін:



а) терминдер:

аа) "Қазақстан" Қазақстан Республикасын білдіреді және географиялық мағынада қолданғанда халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан белгілі бір мақсаттар үшін егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын және Қазақстанның салық заңдары қолданылатын аумақты қамтиды;

bb) "Германия Федеративтік Республикасы" Германия Федеративтік республикасының аумағын, сондай-ақ Германия Федеративтік республикасы халықаралық құқыққа және ұлттық құқықтық актілеріне сәйкес табиғат ресурстарын зерттеу және игеру мақсатында егемендік құқықтарын және юрисдикциясын жүзеге асыратын, аумақтық теңізге жиектес теңіз түбі зонасын, оның астыңғы қабатын және оның үстіндегі су қабатын білдіреді;

b) "тұлға" термині жеке адамды және компанияны білдіреді;

с) "компания" термині салық салу мақсаттары үшін корпоративтік құрылым ретінде қарастырылатын кез-келген корпоративті құрылымды немесе кез-келген құқықтық субъектіні білдіреді;

d) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдері контекстке байланысты Қазақстан Республикасын немесе Германия Федеративтік Республикасын білдіреді;

е) "Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны" және "басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны" терминдері тиісінше Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды білдіреді;

f) "халықаралық тасымал" термині теңіз немесе әуе кемесі тек қана басқа Уағдаласушы Мемлекеттің ішіндегі пункттер арасында пайдаланылатын жағдайлардан басқа кезде Уағдаласушы Мемлекетте нақты басшылығы бар кәсіпорны пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесінің кез-келген тасымалын білдіреді;

g) "ұлттық тұлға" термині:

аа) Қазақстан Республикасы жайлы

Қазақстан Республикасының азаматтығын алған кез-келген жеке адамды және өздерінің осындай мәртебесін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде алған кез-келген заңды тұлғаны, әріптестік пен ассоциацияны білдіреді;

bb) Германия Федеративтік Республикасы жайлы

Германия Федеративтік Республикасының Негізгі Заңының түсінігіндегі кез-келген неміс және өздерінің осындай мәртебесін Германия Федеративтік Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде алған кез-келген заңды тұлғаны, әріптестік пен ассоциацияны білдіреді;

h) "құзырлы орган" термині:

аа) Қазақстан Республикасы жағдайында Қаржы министрлігін немесе оның өкілетті уәкілін;

bb) Германия Федеративтік Республикасы жағдайында Федералдық қаржы министрлігін немесе ол өзінің өкілеттігін берген органды білдіреді;

2. Уағдаласушы Мемлекет Келісімді кез-келген уақытта қолданғанда онда айқындалмаған кез-келген термин, салықтарына Келісім қолданылатын осы Мемлекеттің заңдары бойынша, егер контекстен басқа мағына шықпаса, осы уақытта қандай мағынада болса, сондай мағынаға ие болады.

 

4-Бап



Резидент

 

1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін "Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті" термині осы Мемлекеттің заңдары бойынша онда өзінің тұрғылықты жеріне, резиденттігіне, басқару орнына құрылған орнына немесе осындай сипаттағы кез-келген басқа өлшемге байланысты салық салынатын кез-келген тұлғаны білдіреді. Термин сондай-ақ осы Мемлекетті, Жерді және саяси-әкімшілік бөлімшелерді немесе олардың жергілікті өкімет органын қамтиды. Алайда бұл термин тек осы Мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа қатысты немесе сонда орналасқан капиталға қатысты осы Мемлекетте салық салынуға тиіс кез- келген тұлғаны қамтымайды.



2. Жоғарыда келтірілген 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болған жағдайда оның мәртебесі былай айқындалады:

а) ол өзінің қарамағына жататын орнықты тұрағы бар Мемлекеттің резиденті болып есептеледі; егер оның Мемлекеттердің екеуінде де өзінің қарамағына жататын тұрағы болса, ол неғұрлым тығыз экономикалық байланысы (өмірлік мүдделер орталығы) бар Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;

b) егер оның өмірлік мүдделері ортақ Мемлекетті айқындау мүмкін болмаса немесе оның Мемлекеттердің бірде-біреуінде өзінің қарамағына жататын орнықты тұрағы болмаса, ол өзі әдетте тұрып жатқан Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;

с) егер, ол әдетте Мемлекеттердің екеуінде де тұратын болса немесе олардың біреуінде де тұралмаса, ол өзі ұлттық тұлға болып табылатын Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;

d) егер ол екі Мемлекеттің де ұлттық тұлғасы болса немесе біреуінің де тұлғасы болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдары мәселені өзара келісе отырып шешеді.

3. Егер жоғарыда келтірілген 1 тармақтың ережелері бойынша компания Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болса, онда ол өзінің басшылығы нақты орналасқан тұрған Мемлекеттің резиденті болып саналады.

 

5-Бап



Тұрақты мекеме

 

1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін "тұрақты мекеме" термині сол арқылы кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі толық немесе ішінара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын білдіреді.



2. "Тұрақты мекеме" термині, атап айтқанда, мыналарды қамтиды:

а) басқару орны;

b) бөлімше;

с) кеңсе;

d) фабрика;

е) шеберхана; және

f) шахта, мұнай немесе газ скважинасы, карьер немесе табиғи ресурстар өндірілетін кез-келген басқа орын.

3. "Тұрақты мекеме" термині сондай-ақ мыналарды қамтиды:

а) құрылыс алаңын немесе құрылыс немесе монтаждау немесе құрастыру объектісін, егер осындай алаң немесе объект 12 айдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұрса; және

b) табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылатын қондырғыны немесе ғимаратты немесе осы жұмыстардың орындалуын бақылауға байланысты қызметтерді немесе табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылатын бұрғылау қондырғысын немесе кемені, егер тек осылай пайдалану 12 айдан астам уақытқа созылса, немесе осындай қызметтер 12 айдан астам уақыт көрсетілсе;

4. Осы Баптың мұның алдындағы ережелеріне қарамастан, "тұрақты мекеме" термині қарастырылады, бірақ мыналарды қамтымайды:

а) ғимараттарды кәсіпорынға тиесілі тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жіберіп тұру мақсаттары үшін ғана пайдалануды;

b) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жіберіп тұру мақсаттары үшін ғана ұстауды;

с) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа бір кәсіпорынның өңдеу мақсаттары үшін ғана ұстауды;

d) тұрақты қызмет орнын кәсіпорын үшін тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшін ғана немесе кәсіпорын үшін ақпарат жинау үшін ғана ұстауды;

е) тұрақты қызмет орнын кәсіпорын үшін дайындық немесе көмекші сипаттағы кез-келген басқа бір қызметті жүзеге асыру мақсаттары үшін ғана ұстауды;

f) тұрақты қызмет орнының қызмет түрлерінің кез-келген амалы нәтижесінде пайда болатын жиынтық қызметі дайындық немесе көмекші сипатта болған жағдайда, тұрақты қызмет орнын а) тармақшасынан е) тармақшасына дейін көрсетілген қызмет түрлерінің осындай амалын жүзеге асыру үшін ғана ұстауды.

5. Осы Баптың 1 және 2 тармақтарының ережелеріне қарамастан, төменде келтірілген 6 тармақ қолданылатын тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға кәсіпорынның атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпорынның атынан келісім шарттар жасасуға өкілеттігі болса және, әдетте, оны пайдаланып жүрсе, егер мұндай тұлғаның қызметі тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылған күннің өзінде осы тұрақты қызмет орнын жоғарыда келтірілген 4 тармақтың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмайтын осы бапта көрсетілген қызметпен шектелмесе, онда бұл кәсіпорынның осы тұлға кәсіпорын үшін атқаратын кез-келген қызметке қатысты осы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар деп қарастырылады.

6. Кәсіпорын Уағдаласушы Мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсіз мәртебесі бар басқа агент арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін ғана, мұндай адамдар өздерінің әдеттегі қызметі шеңберінде әрекет еткен жағдайда, осы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде саналмайды.

7. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе осы басқа Мемлекетте кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (тұрақты мекеме арқылы немесе басқадай жолмен) компанияны бақылауы немесе соның бақылауында болуы осы компаниялардың бірін өздігінен екіншісінің тұрақты мекемесіне айналдыра алмайды.

 

6-Бап



Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс

 

1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің басқа Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен (соның ішінде ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан) алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.



2. "Жылжымайтын мүлік" термині қаралып отырған мүлік орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез-келген жағдайда жылжымайтын мүлікке қатысты қосалқы мүлікті, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен құрал-жабдықты, жер меншігіне қатысты жалпы құқық ережелері қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүліктің узуфруктысын және минералдық ресурстарды, кен көздерін және басқа да табиғи қазбаларды игергені немесе игеру құқығы үшін өтемақы ретінде төленетін өзгермелі немесе тұрақты төлемдер құқығын қамтиды; теңіз және әуе кемелері жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылмайды.

3. 1 тармақтың ережелері жылжымайтын мүлікті тікелей

пайдаланудан, жалға беруден немесе жылжымайтын мүлікті оны қандай да

болсын басқа жолмен пайдаланудан алынған табыстарға қолданылады.

4. Жоғарыда келтірілген 1 және 3 тармақтардың ережелері сондай-ақ кәсіпорынның жылжымайтын мүлкінен табысқа және тәуелсіз жеке қызмет көрсету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүліктен түскен табысқа қолданылады.

 

7-Бап



Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда

 

1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсіпкерлік қызметпен айналыспаса, кәсіпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсіпорын жоғарыда аталған кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрсе, кәсіпорынның пайдасына, бірақ оның осы тұрақты мекемеге қатысты бөлігіне ғана, басқа мемлекетте салық салынуы мүмкін.



2. 3-тармақтың ережелерін ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса, онда ол осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда нақ осындай немесе осыған ұқсас қызметпен айналысатын және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын кәсіпорыннан толық тәуелсіз әрекет ететін жеке және дербес кәсіпорын ретінде алуы мүмкін пайдасы әрбір Уағдаласушы мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.

3. Тұрақты мекеменің пайдасын айқындау кезінде тұрақты мекеменің мақсаттары үшін жұмсалған шығындарды, соның ішінде басқару және жалпыәкімшілік шығындарын, олардың тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанынан қарамастан, шегеріп тастауға болады.

4. Осы тұрақты мекеменің кәсіпорны үшін тауарлар немесе бұйымдар сатып алу негізінде тұрақты мекемеге қандай да болмасын пайда есептелмейді.

5. Мұның алдындағы тармақтардың мақсаттары үшін тұрақты мекемеге

қатысты пайда, егер тек мұндай тәртіпті өзгерту үшін жеткілікті және

дәлелді себептер болмаса ғана, жылма-жыл бірдей тәсілмен анықталады.

6. Осы бап әріптестікке қатысудан алынған табысқа да қолданылады. Бап әріптестік қатысқан әріптестік қызметі үшін және несие бергені үшін немесе мүліктік құндылықтарды тапсырғаны үшін әріптес алған сыйақыға да қолданылады, егер осындай сыйақы тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары бойынша осы тұрақты мекемеден әріптес алған табысқа жататын болса.

7. Егер пайда осы Келісімнің басқа Баптарында бөлек айтылған табыстарды қамтыған жағдайда бұл баптардың ережелерін осы баптың ережелері қозғамайды.

 

8-Бап



Теңіз және әуе көлігі

 

1. Теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалда пайдаланудан алған пайдаға кәсіпорынның нақты басшылығының орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.



2. Осы Баптың мақсаттары үшін теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалда пайдаланудан алған пайда сондай-ақ қамтиды:

а) бос теңіз немесе әуе кемелерін жалдаудан алған табысты; және

b) тауарларды және бұйымдарды тасымалдау үшін пайдаланатын контейнерлерді (контейнерлерді тасымалдаумен байланысты трейлерді және жабдықтарды қоса) пайдаланудан, қызмет көрсетуден немесе жалдаудан алынған табысты;

егер осындай жалдау немесе осындай пайдалану, қызмет көрсету немесе жалдау, жағдайларға байланысты, теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалда пайдаланумен қатарлас болса.

3. Егер теңіздің кемелік кәсіпорынның нақты басқару органы теңіз кемесінде орныққан болса, онда ол теңіз кемесі тіркелген порт болатын сол Уағдаласушы Мемлекетте, ал осындай порттың жоқтығында - теңіз кемесін пайдаланатын тұлға резиденті болып саналатын Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан деп есептеледі.

4. 1-тармақтың ережелері, сондай-ақ тұлға, бірлескен қызметке немесе көлік құралдарын пайдалану жөніндегі халықаралық ұйымға қатысудағы пайдаға қолданылады.

 

9-Бап



Ассоциацияланған кәсіпорындар

 

1. Мына жағдайларда:



а) Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысқанда; немесе

b) бір ғана тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны мен басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынның басқаруына, бақылауына немесе капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысқанда,

және осы жағдайда екі кәсіпорын арасындағы коммерциялық және қаржы қатынастарына тәуелсіз кәсіпорындар арасында жасалуы мүмкін жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда олардың біреуіне есептелуі мүмкін, бірақ осы жағдайлардың болуына байланысты оған есептелмеген кез-келген пайда осы кәсіпорынның пайдасына енгізіліп, оған тиісінше салық салынуы мүмкін.

2. Уағдаласушы Мемлекет басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының осы басқа Мемлекетте салық салынатын пайдасын осы Мемлекет кәсіпорынның пайдасына қосып, тиісінше салық салса және осылайша қосылған пайда екі кәсіпорынның арасында қалыптасқан жағдайлар тәуелсіз екі кәсіпорын арасындағыдай болған жағдайда бірінші аталған Мемлекеттің кәсіпорнына есептелуі мүмкін пайда болса, онда осы басқа Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына, егер осы Мемлекет түзетулерді орынды деп қарастырса, тиісті түзетулер енгізуі тиіс. Мұндай түзетуді айқындау кезінде осы Келісімнің басқа ережелері тиісті дәрежеде ескерілуі тиіс, ал Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдары қажет болған жағдайда бір-бірімен ақылдасып отырады.

 

10-Бап



Дивидендтер

 

1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендтеріне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.



2. Алайда мұндай дивидендтерге дивидендтер төлейтін компания резиденті болып отырған Уағдаласушы Мемлекетте осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ, егер дивидендтердің нақты иесі басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болса, алынатын салық мыналардан аспайды:

а) егер дивидендтер төлейтін компания капиталының кемінде 25 процентін тікелей иеленіп отырған компания (әріптестіктен басқа) дивидендтердің нақты иесі болса, оның жалпы сомасының 5 процентінен;

b) қалған жағдайлардың барлығында дивидендтердің жалпы сомасының 15 процентінен;

Бұл тармақтың компанияның дивидендтер төленіп отырған пайдасына салық салуға қатысы жоқ.

3. Жоғарыда келтірілген 1 және 2 тармақтардың ережелеріне қарамастан, пайдаға қатысу құқығын немесе қарыз талабынан алынған (Германия Федеративтік Республикасында белсенді емес әріптестік осындай қатысуынан немесе "partiarishes Darlehen" немесе "Gewinnobligationen" табыс, қоса алғанда), қарызкердің пайдасын анықтағанда алып тасталатын табысқа, осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес, ол пайда болған Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

4. "Дивидендтер" термині осы Бапта пайдаланғанда акциялардан, "жуиссанс" акциялардан немесе "жуиссанс" құқықтардан, тау акцияларынан, құрылтайшылардың акцияларынан салынатын табысты немесе пайданы бөлетін компания резиденті болатын Мемлекеттің заңдарына сәйкес, акцияға табыс сияқты салықтық реттеуге жататын басқа табысты білдіреді. Сондай-ақ, термин, "дивидендтер" белсенді емес әріптестің ("stiller Gesselschafter"), оның осындай қатысуынан немесе "partiarishes Darlehen", "Gewinnobligationen" алынатын табысты немесе ұқсас төлемдерді және инвестициялық қорларды немесе инвестициялық трастарды сертификатпен бөлуді білдіреді.

5. Егер дивидендтердің нақты иесі Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола отырып, дивидендтер төлейтін компания резиденті болып табылатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты база және холдингтен тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және төленіп жүрген дивидендтерге байланысты қатысуы арқылы шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен немесе осындай тұрақты базамен байланысты болса. 1 және 2 тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретіне қарай 7 Баптың немесе 14 Баптың ережелері қолданылады.

6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып отырған компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алса, егер мұндай дивидендтер осы басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін жағдайды қоспағанда, немесе оған байланысты дивидендтер төленетін қатысуы шынында осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға жатса, компания төлейтін дивидендтерге осы басқа Мемлекет салық сала алмайды, тіпті, егер дивидендтер төленіп жатса да немесе бөлінбеген пайда толық немесе толық емес осы басқа Мемлекетте алынған табыстан құралса да, компанияның бөлінбеген пайдасына бөлінбеген пайдаға салық салығын салмау керек.

7. Егер, осындай қосымша салық бұрынғы салық салынатын жылдары мұндай қосымша салық салынбаған осы пайда сомасының 5%-тінен аспаса, бұл Келісімде ештеме де Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттің тұрақты мекемесіне жататын компанияның пайдасына осы Мемлекеттің ұлттық тұлғасы болып отырған компанияның пайдасынан алынатын салыққа қосымша салық салуға бөгет ретінде түсінілмейді. Осы тараптың мақсаттары үшін пайда, осы тармақта айтылған, тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте алынатын және осындай пайданың 50% сомаға азайтылған қосымша салықтан өзге барлық салықтарды шығарғаннан кейін анықталады.

 

11-Бап



Проценттер

 

1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.



2. Алайда, мұндай проценттерге олар пайда болатын Мемлекетте және осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ, егер проценттердің нақты иесі екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болса, онда осылайша алынатын салық проценттердің жалпы сомасының 10 процентінен аспайтын болады.

3. Жоғарыда көрсетілген 2-тармақтың ережелеріне қарамастан,

а) Германия Федеративтік Республикасында пайда болатын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстанның Ұлттық Банкісіне, Қазақстанның Экспорттық-Импорттық Банкісіне немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы арасында мезгіл-мезгіл келісілуі мүмкін кез-келген ұқсас ұйымға төленетін проценттер Германия салығынан босатылады;

b) Қазақстан Республикасында пайда болатын және Германия Федеративтік Республикасының Үкіметіне, Дойче Бундесбанкке, Германияны қалпына келтіру Несие ұйымына (Kreditanstalt fur Wiederaufbau) немесе дамушы елдерге қатысушы Немістің қаржы компаниясына төленетін проценттер және "Гермес" сақтандырушы компаниясы кепілдік берген займдарға төленетін проценттер қазақстандық салықтан босатылады;

с) Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын проценттерге алушы

проценттердің нақты иесі болып табылатын және егер осындай проценттер

төленіп тұратын тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады:

аа) кез-келген өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықты несиеге сатуға байланысты, немесе ғылыми жабдықты несиеге байланысты, немесе

bb) кез-келген тауарларды бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынға несиеге сатуына байланысты.

4. "Проценттер" термині осы Бапта пайдаланғанда ипотекалық кепілмен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген кез-келген түрдегі борыш талаптарынан алынған табысты және, атап айтқанда, үкіметтің бағалы қағаздарынан алынған табыс пен облигациялардан немесе борыш міндеттемелерінен алынған табысты, соның ішінде осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыш міндеттемелері бойынша алынған сыйақылар мен ұтыстарды білдіреді. Уақытында төленбеген төлемдер үшін айыппұлдар осы Баптың мақсаттары үшін проценттер ретінде қарастырылмайды. Алайда, "проценттер" термині 10-Бапта қаралған табысты қамтымайды.

5. Егер проценттердің нақты иесі Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола отырып, проценттер пайда болатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе, ал төленетін проценттерге қатысты борыш міндеттемесі шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, жоғарыда көрсетілген 1, 2 және 3 тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретіне қарай 7-Баптың немесе 14-Баптың ережелері қолданылады.

6. Егер төлеуші осы Мемлекеттің өзі, Жерлер, саяси-әкімшілік бөлімшелері немесе жергілікті өкімет органы немесе осы Мемлекеттің резиденті болса, проценттер Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған деп есептеледі. Алайда, егер проценттер төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті ме, жоқ па - осыған қарамастан - Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса, соларға байланысты проценттер төленетін қарыз туындаса және мұндай проценттерді осы тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтін болса, онда проценттер тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан мемлекетте пайда болған деп есептеледі.

7. Егер проценттер төлеуші мен оның нақты иесі арасындағы арнайы қатынастардың себебіне немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлға арасындағы арнайы қатынастарға байланысты борыш талабына қатысты және соның негізінде төленетін проценттер сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда проценттер төлеуші мен олардың нақты иесі арасында келісілуі мүмкін сомадан асып кетсе, онда осы Баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнің басы артық бөлігіне осы Келісімнің басқа ережелерін тиісінше ескере отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынады.

 

12-Бап



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет