Теңдеу ұғымын танытуды жалғастырады. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгереді.
Оқыту нәтижесі:
1. Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. 2. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады. 3. Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйренеді. Негізгі идеялары:
Теңдеулерді шешу және тексеру. Берілген әріптер мен цифрлардан өрнек құрастырып, жазып, оқу.Мазмұнды есептер шығару.