Осы кітапша оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson



Pdf көрінісі
Дата29.09.2019
өлшемі1 Mb.
#48974
Байланысты:
Lesson-Study-Handbook-Kazakh
форма силлабуса 2019каз, Lesson-Study-Handbook-Kazakh, Lesson-Study-Handbook-Kazakh

 

 

Lesson Study UK 

www.lessonstudy.co.uk

 

 



 

 

 

 

 

Lesson Study: нұсқаулық 

 

Пит Дадли 



 

 

 



 

 

 



 

 


Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 2 

Lesson Study: нұсқаулық 

 

Осы  кітапша  оқыту  мен  оқу  үдерісін  жетілдіру  және  дамыту  мақсатында  Lesson 

Study (сабақты зерттеу) тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады. 

Кітапша: 

 



мектептерде Lesson Study тәсілін қолдануда, 

  Lesson Study-ді жоспарлауда, өткізуде және талдауда,  



 

Оқушыларды Lesson Study үдерісіне тартуда, 

  Lesson Study өткізу нәтижесінде алынған тәжірибелік білімді әріптестермен бөлісуде 



көмектесе алады. 

Lesson  Study  –  мұғалім  тәжірибесі  саласындағы  білімді  жетілдіруге  бағытталған, 

сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол 

ХІХ  ғасырдың  70-жылдарында  Жапонияда  бастау  алып,  осылайша  Батыста  қолданылатын 

«Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. 



Lesson  Study-ге  шараны  бірлесе  жоспарлап,  өткізетін,  қадағалайтын,  оқыту  мен 

оқуды  талдай  отырып,  өз  қорытындыларын  қағаз  бетіне  түсіретін  мұғалімдер  тобы 

қатысады.  Lesson  Study  циклін  өткізу  кезінде  мұғалімдер  оқыту  тәжірибесіне  жаңа  әдістер 

енгізеді  немесе  оны  жетілдіреді,  кейін  ашық  Lesson  Study  өткізу  немесе  жұмыс  сипатталған 

құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. 

Батыста  Lesson  Study  америкалық  зерттеушілер  жапон  мұғалімдерінің  жалпы 

педагогика  саласында  да,  сондай-ақ  АҚШ-тың  оқушыларымен  салыстырғанда  жапон 

оқушыларының  білім  деңгейлері  анағұрлым  жоғары  болуын  қамтамасыз  ететін  белгілі  бір 

пәнді оқыту  саласында да  білімдері  жоғары  екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана 

танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999). 

Қазір  уақытта  Шығыс  Азияда  Lesson  Study  Жапониямен  қоса,  Сингапурде,  Гонконг 

пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, 

Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. 

Lesson  Study  бастауыш  және  орта  мектептерде  негізгі  пәндер  бойынша  оқушылардың 

білім  деңгейін  көтеру  және  оқыту  әдістемесін  жетілдіру  мақсатында,  сонымен  қатар  оқыту 

үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson 

Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:   

•  Өздері  күнделікті  жинаған  материалдары  мен  жүйелі  бағалау  деректерін 

оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады. 

•  Алдағы  уақытта  әзірленетін  немесе  жетілдірілетін,  белгіленген  міндеттерге  жауап 

беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз). 

•  Үш  «бақылаудағы  оқушыны»  анықтайды,  олар  әрқайсысы  сыныптағы  белгілі  бір 

топтың  өкілі  болуы  қажет,  мысалы,  оқу  үлгерімінің  деңгейі  жоғары,  орта,  төмен 

оқушылардан. 

•  Lesson  Study-ді  бірлесіп  жоспарлап,  сабақты  өткізу  барысында  зерттелетін  үш 

оқушыны  үнемі  назарға  ала  отырып,  оқыту  әдістемесін  пайдаланады  және  оның 

нәтижелерін мұқият зерттейді. 

•  Бақылаудағы  оқушылардың  дамуы  мен  оқуына  басты  назар  аудара  отырып,  Lesson 



Study  өткізеді  және  оны  қадағалайды.  Аталған  үдерістер  бірнеше  сабақ  бойы 

қайталанып,  жетілдірілуі  мүмкін.  Бақылауды  барлық  Lesson  Study  кезінде  жүргізу 

міндетті емес. 

•  Бақылаудағы  оқушылардың  Lesson  Study  туралы  ойларын  білу  үшін  олармен 

сұхбаттасады. 

•  Lesson Study-ді талқылайды. 

•  Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен 

жетістіктерін,  оқуда  көрсететін  нәтижелері  мен  кездесетін  қиындықтарын  білу, 

сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін 

пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді. 



Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 3 

•  Мектеп  мұғалімдеріне  таныстырылым  жасау  немесе  коучинг  өткізу  арқылы  Lesson 



Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады. 

Осы аталған әрбір кезең бойынша толық ұсыныстар кітапшаның тиісті тарауларында 

көрсетілген, олар авторлардың Англия мен шетелдердегі мектептер мен колледждерде Lesson 

Study тәсілінің қолданылуы жөніндегі білімдеріне негізделген. 

Соңғы  екі  тарауда  мектеп  басшыларының  бұл  бағытта  не  істей  алатындығы  туралы 

идеялар қарастырылған: 

a. 


Lesson  Study  өткізу  уақытын  жоспарлау  және  осы  тәсілді  мектеп  бағдарламасына 

енгізу; 


ә.  Lesson  Study  негізінде  кәсіптік  оқытуды  дамыту  мен  қолдау,  сонымен  қатар  мектеп 

аясында коучинг  өткізуге арналған тұғыр ретінде Lesson Study моделін қолдану үшін 

жетекші мұғалімдерді пайдалану. 

 

 

Алғыс білдіру  

Осы  кітапшада  автор  Ұлттық  стратегиялар  (2008),  Ұлттық  мектеп  көшбасшылығы 

колледжі  (2003,2005),  Оқыту  мен  оқу  саласындағы  зерттеу  бағдарламасы  (TLRP)  мен  CfBT 

үшін жазған Crown Copyright материалы пайдаланылған. 

Жоғарыда  аталған  және  осы  басылымдарға  негіз  болған  зерттеулерді  автор  2003 

жылдан 2011 жылдар аралығында Кембридж университетінде Экономикалық және әлеуметтік 

зерттеулер  кеңесі  Оқыту  мен  оқу  саласындағы  зерттеу  бағдарламасы  аясында  бөлген  грант 

қаражатына жүргізген. 

Мен  білімімнің  толысуына  үлес  қосқан  және  Lesson  Study  тәсілі  туралы  түсінігімнің 

қалыптасуына,  сол  арқылы  осы  кітаптың  жазылуына  ықпал  еткен  көптеген  мұғалімдерге, 

директорларға,  жергілікті  билік  өкілдеріне,  ғалымдарға,  саясаткерлерге  және  шетелдік 

әріптестерге алғысымды білдіремін.  



Пит Дадли 

 

Кембридж, 2011 

 

 



 

 

Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 4 

1. Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет? 

 

Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:  

•  әдеттегіге  қарағанда  балалардың  білім  алғандығының  анағұрлым  анық, 

әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; 

•  мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал 

шындығында  жағдай  қандай  екендігі  арасындағы  айырмашылықты 

көруге; 


•  оқытуды 

нәтижесінде 

оқушылардың 

қажеттіліктерін 

барынша 

қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; 

•  Lesson  Study-ді  басты  мақсаты  оқушыларға  білім  алуға  көмектесу  және 

топ  мүшелерінің  кәсіби  дамуына  ықпал  ету  болып  табылатын 

мұғалімдердің  желілік  қоғамдастығы  аясында  іске  асыруға  (Dudley,  P. 

2011a); 


•  Lesson  Study  мүмкіндіктерін  өзінің  педагогикалық  тәжірибесінде 

қолдануға көмектеседі. 

Dudley, P. (2011) Lesson  Study: what it is, how and why it works and who is

  using it [Lesson 

Study:  ол  не,  ол  қалай  және  неліктен  жұмыс  істейді,  оны  кім  қолданады], 

www.teachingexpertise.com

  

 



 

Табысты  мұғалімдер  көбінесе  сыныпта  болып  жатқанның  біразына,  кейде  тіпті 



көпшілігіне  мән  бермейді.  Бұл  –  кемшілік  емес!  Бұл  –  оларға  табысты  болуға  көмектескен 

үдерістердің нәтижесі. 

Толығырақ  тоқталайық.  Сынып  дегеніміз  –  кәсіпқойларға  қызмет  етуге  тура  келетін 

барынша  күрделі  жұмыс  жағдайлары:  шамамен  бір  сағатқа  жуық  уақыт  ішінде  сабақта 

жұмыс  істеп  отырған  30  және  одан  да  көп  оқушы  үлкен  көлемді  ақпарат  өндіреді.  Бұл 

ақпараттың  мұғалімге  жетуінің  жылдамдығы  да  үлкен,  соның  салдарынан  сабақ, 

жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады (Lewis, 1999). 

Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын қалай 

игеретінін бақылаған. Рэгг және басқалар (1996) анықтағандай, мұғалімдер бірінші үш жылда 

барлық  қиындықтан  өтіп,  жақсы  педагог  болып  қалыптасады,  себебі  өздері  үшін  проблема 

болып  табылатын  оқу  жағдайын  басқарудың  жаңа  тәсілін  тапқанда  олар  бұл  тәсілді  осыған 

ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі бір оңтайлы нысанға айналдырып алады 

да, реті келген кезде қолданып отырады. Осындай жағдайларда тәжірибелік білім мұғалімнің 

саналы түрде істеп тұрғанын растай алмайды, бұл болжамды (немесе жасырын) білім болып 

табылады, яғни біздің велосипед тебу туралы біліміміз сияқты: ондай білімнің бар екені қажет 

болғанда ғана білінеді, бірақ оны сөзбен жеткізу өте қиын. 

Мәселен,  тәжірибелік  білімдері  егжей-тегжейіне  дейін  жазылып,  басқаларға  беріліп, 

кейіннен  қайта  орындалатын  хирургтардан  айырмашылығы,  мұғалімнің  тәжірибелік  білімі 

өзінде  қалады,  себебі  ол  тәжірибе  кезінде  қалыптасады,  оның  үстіне  иесі  әдетте  оның  бар 

екенін біле де бермейді. Мұғалімдер өз сыныбында автономды түрде «жеке маман» ретінде 

жұмыс  істейтіндіктен,  басқа  мұғалімдерде  әріптесінің  «болжамды»  білімін  тәжірибеде 

көруге мүмкіндік бола бермейді. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның 

жұмысының  нәтижелілігі  бағаланатын  болғандықтан,  ол  сол  баға  пен  пікірдің  үдесінен 

шығуға  тырысып,  өзінің  «жасырын»  білімдерін  көрсетуге  ұмтылмайды,  яғни  тәуекелге 

бармауды жөн көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді. 

Санасыз  субъктілерге  қарағанда  адамдар  көп  көлемді  ақпаратты  «сүзгіден»  өткізу 

арқылы игереді. Мысалы, нақты «еститін» дыбыстардың ішінен біз олардың аздаған бөлігіне 

ғана  мән  береміз,  өзімізді  сырттан  келетін  ақпараттан  қорғаштап,  тек  маңыздысына  немесе 

оқыстарына  ғана  көңіл  аударып  үйренгенбіз.  Мұндай  сүзгілеу  тетіктері  бізге  өз 

мақсатымызға жету үшін қолдануды маңызды деп санайтын мәселелерге ғана көңіл аударуға 



Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 5 

мүмкіндік береді. Сыныпта да дәл солай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, 

белгілі  бір  сәтте  болған  маңызды  нәрселерді  ғана  ескереміз.  Біз  маңызды  деп  санаған 

ақпаратты  лезде  меңгеріп,  бірден  өзімізге  ыңғайлы  түрде  сақтап  аламыз,  бұл  күрделі  әрі 

жылдам  сабақ  жағдайында  біз  басымдық  берген  басқа  да  маңызды  нәрселерді  өңдеу  үшін 

жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді. 



Lesson Study  тәжірибелі  мұғалімдермен қатар,  еңбек жолын  жаңа  бастаған  мамандарға 

да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау 

арқылы  біз  оқыту  туралы  бірлескен  пікір  қалыптастырамыз.  Бұл  жағдайда  біз  оқыту 

аспектілерін  өзіміздің  ұстанымымыз  тұрғысынан  ғана  емес,  Lesson  Study  дайындаған 

әріптестеріміздің  көзімен  де  қарастырамыз,  соның  нәтижесінде  біз  Lesson  Study  барысында 

бақылаған  нақты  сабақты  өзіміздің  жоспарлаған  сабағымызбен  салыстырамыз.  Бұл  біздерге 

өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім 

ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. 



Lesson  Study  тәсілін  пайдаланатын  көптеген  адамдардың  айтуынша,  зерттелетін 

жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол 

арқылы  олар  туралы  көбірек  біле  отырып,  біз  өз  оқушыларымыздың  әрбіреуін  анағұрлым 

жақсы  тани  бастаймыз.  Демек,  мықты  және  нашар  оқушылардың  аралығындағы  «орташа» 

сыныпты  оқытуға  қарағанда,  Lesson  Study  мұғалімге  өз  жұмысын  болмашы  ақпаратпен 

шамадан  тыс  жүктемей,  барлығынан  хабардар  болып,  өмір  бойғы  тәжірибесінде  әрбір 

оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді. 

Менің  зерттеулерім  (Dudley,  2011b)  Lesson  Study-дің  рефлексивті,  қайталамалы  және 

бірлескен  тәжірибесі  күрделі  оқу  ақпаратын  іріктей  алатын  тәжірибелі  ұстазға  екінші 

дәрежелі ақпаратты елеп тастап, тек қажеттісін ғана іріктеп алуға көмектесетіндігін көрсетіп 

отыр.  Бұл  оқу  ақпаратының  қадағаланатын  оқуға  тікелей  қатысты  бөлігін  ғана  басқаруды 

қамтамасыз  етеді,  басқа  жағдайда  ақпараттың  дәл  осы  бөліктері  қажетсіз  болар  еді.  Lesson 



Study  тәсілі  мұғалімдерге  олардың  өмір  бойғы  тәжірибесі  тек  жоғарыда  аталған  сүзгіні  іске 

қосқанда ғана жетістіктікке жету мүмкін болады дейтіндігіне қарамастан, оларға осы сүзгіні 

өшіріп тастауға үйренуге көмектеседі.

 

 



 

 

Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 6 

2. Lesson Study  жүргізу 

 

Lesson  Study  тәсілі  кем  дегенде  үш  Lesson  Study-ден  тұратын  циклден  құралады,  ол 

сабақтарды  мұғалімдер  тобы  бірлесіп  жоспарлап,  оқытып/қадағалайды  және  талдайды 

(төмендегі 1-суретті қараңыз). 



 

 

1-сурет. Lesson Study циклдері (Дереккөз: Бетлехем университеті, «Оқыту мен оқудағы шеберлік 

орталығының» оқу құралы: Lesson Study, Dudley, Р. (2011)) 

 

Ұсынылатын іс-әрекеттер 

Мектепте  жаңа  кәсіби  оқыту  әдісін  енгізу 

ұнайтын бір топ мұғалімді іріктеп алыңыз (үш адам 

болғаны  қолайлы  болмақ).  Бұл  топтың  құрамына 

басшылық  өкілі  мен  бай  тәжірибесі  бар  мұғалім 

қатысса, Lesson Study тиімді болады. 

Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде 

өздерін  сырттан  қатаң  бақылауға  алынғандай  сезім 

тудырмай,  кідірместен  «тәуекелге  бел  бууға» 

мүмкіндік  беретін  негізгі  ережелерді  белгілеу 

мақсатында мәжіліс өткізіңіз. Lesson Study барысында 

топтың  барлық  мүшелерінің  кәсіби  білім  алушы 

ретінде мәртебесі тең болады. 

Белгілі  бір  мектептің,  сыныптың  немесе  белгілі 

бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде 

қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық 

жұмыс  арқылы  оқыту  үшін  пікірталасты  қолдану 



Түсініктемелер 

«Бұл сыныпта болып 

жатқан нәрселерге басқаша 

қарауыма мүмкіндік берді». 

Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 7 

қағидаттары. 

Сабақтарды  жоспарлауда,  бақылауда  және 

талдауда  Lesson  Study-дің  жалпы  нысандарын 

пайдаланыңыз (үлгілері осы кітапшада берілген).  

Бірінші 


Lesson 

Study-ді 

жоспарлау 

үшін 

мұғалімдерге  арнайы  уақыт  бөліңіз  (кем  дегенде  бір 



сағат). 

Lesson  Study  кезінде  олардың  уақытын  бағалаңыз 

және  Lesson  Study  аяқталғаннан  кейін  бірден  немесе 

көп  уақыт  өткізбей  талқылау  жүргізуді  қамтамасыз 

етіңіз. 


Жұмыс  барысына  белсенді  түрде  қызығушылық 

танытыңыз. 



Lesson  Study-ді  жүргізетін  топқа  өз  нәтижелерін 

әріптестеріне  көрсетулері  үшін  арнайы  мүмкіндік 

ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б.). 

Топтың  бұл  мүшелерін  келесі  Lesson  Study-ді 

өткізу 

үшін 


жаңа 

топты 


ұйымдастыруда 

педагогикалық  ұжымның  көшбасшылары  ретінде 

пайдаланыңыз. 

 

 



 

Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 8 

3, 4.  Бірінші  Lesson  Study-ді  жоспарлау  және  «бақылаудағы» 

оқушыларды анықтау 

 

Ұсынылатын іс-әрекеттер 

Бірінші 


Lesson 

Study-ді 

қандай 


сыныпта 

өткізетіндігіңізді анықтап алыңыз, содан кейін әртүрлі білім 

алушы  топтың  шынайы  өкілі  болып  табылатын  үш 

оқушыны:  жалпы  дағдылар  немесе  жекелеген  пәндер  үшін 

қажетті  дағдылар  бойынша  сыныпта  оқитын  оқушылардың 

ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш 

өкілін таңдап алыңыз.  

Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының 

деңгейін анықтап алыңыз. 



Lesson  Study-дің  аяғында  әр  оқушыдан  қандай  нәтиже 

күтетініңіз  туралы  қысқа  да  нұсқа  жазып  алыңыз.  (Сізге  1-

суреттегі жоспарлау сызбасын пайдалануға болады). 

Өзіңіз  жетілдіргіңіз  келетін  немесе  пайдалануды 

жоспарлап  отырған  оқыту  әдісінің  қолданылу  ретіне  назар 

аудара  отырып,  сабақтың  әр  кезеңін  жоспарлаңыз. 

Бақылаудағы  әрбір  оқушыдан  қандай  реакция  күтетіңізді 

жазып  отырыңыз:  өзінің  тақырыпты  игеру  қарқынын 

көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді. 

Қандай  ресурстар  қалай  қолданылатындығын  және 

тақтада  не  жазатыныңызды  барынша  дәл  анықтап  алыңыз, 

әрбір кезең үшін уақыт шеңберін белгілеңіз. 

Бақылаушылар  арасында  кім  қай  бақылаудағы 

оқушыны 


(оқушыларды) 

қадағалайтынын 

келісіп 

алыңыздар.  Барлығы  екі  оқушы  қадағалап,  үшінші  оқушы 

назардан тыс қалмайтынына сенімді болыңыз. 

1-суретте Lesson Study-ді жоспарлау сызбасы ұсынылған. 

Оны  пайдалану  үшін  А3  форматына  дейін  үлкейту  қажет. 

Сабақтың  басында  Lesson  Study  тобының  әрбір  мүшесінде 

сызбаның  көшірмесі  болу  керек,  өйткені  олар  бақылау 

барысында  оған  түсініктемелерін  жазып  отырып,  кейін 

талқылау кезінде өз жазбаларына сүйене алады. 

Түсініктемелер 

 

 



2-сурет. Lesson Study қағидаттары 

«Бақылаудағы» оқушыларға 

басты назар аудару расында 

да маңызды нәрселерді 

анықтауға мүмкіндік береді»   

Бақылаудағы А оқушы 

Аты

………….. 

 

 

 



Осы оқушыға арналған 

табыс критерийі. 



Lesson Study аяқталған кезде 

А оқушы ... істей алады 

(сабақта қойылған оқу 

мақсатына жетудегі 

қарқынын оқушы қалай 

көрсететінін сипаттаңыз). 

 

Қосымша түсініктемелер   



Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 9 

5.

 

Бірінші Lesson Study-ді өткізу 



 

 

Ұсынылатын іс-әрекеттер 

Lesson  Study-ді  жоспарлау  үшін  келесі  бетте 

ұсынылған  сызбаны  қолданыңыз.  Оны  А3  форматына 

дейін үлкейткен абзал болады. Сызбаны, сонымен бірге, 

(көшірмесі  жасалып,  Lesson  Study-дегі  бақылаушыларға 

берілсе)  бақылау  картасы  ретінде  де  қолдануға  болады 

және  Lesson  Study-ден  кейінгі  талқылау  барысында 

негізгі материал бола алады.  

Бақылаудағы  оқушылар  жұмыс  істеп  отырған 

кезеңдерді  бірлесіп  бағалауға  ерекше  назар  аударыңыз. 

Сіз оқушылардың жетістіктерін бағалау материалдарын 

қолдана  аласыз.  Топ  мүшелерінің  бақылаудағы 

оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына қарай 

нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі 

келетіндігін нақты жазып отырғаны өте маңызды. 



Lesson  Study  бірлесіп  жоспарланатындықтан,  ол 

топтың  бірлескен  меншігі  болып  табылады.  Бұл 

бақылаушылардың 

мұғалімге 

емес, 

бақылаудағы 



оқушыға  (оқушыларға) көп көңіл бөлетіндігін  білдіреді. 

Олар  әрбір  бақылауды  бақылаудағы  оқушыға  ғана 

негіздей  отырып  бастауға  тырысып,  кейіннен  бақылау 

аясын кеңейту  арқылы  топтың немесе  толық  сыныптың 

қамтылуына ұмтылуы керек. 

Бақылаушылар 

бақылаудағы 

оқушылардың 

сабақтың  әр  түрлі  кезеңіндегі  жауаптарын  белгілеп 

отырып, 


осы 

кезеңде 


жоспарланған 

нәтижеге 

сәйкестігін немесе одан алшақтығын ескеріп отырулары 

қажет.  Екіталай  жағдай  туындаса,  оларды  да  ескеру 

қажет.  Егер  барлығына  бірдей  жағдай  орын  алса 

(мысалы,  барлық  оқушы  бір  нәрсені  дұрыс  түсінбесе), 

оны оң жақ бағанға белгілеңіз.   

Мүмкін  болса,  әрбір  түсініктеменің  уақытын 

белгілеп отырыңыз.  

Қорытындылай  келе,  жоспарланған  нәтижемен 

салыстыра  отырып,  әр  оқушының  ілгерілеуінің 

дәлелдемесін  анықтап,  олардың  күтілетін  нәтижеге 

қаншалықты 

жеткенін 

белгілеңіз. 

Бақылаудағы 

оқушылар  (топтар немесе  сынып)  үшін келесі  сабақтың 

негізгі  кезеңдері  қандай болмақ?  Оларға  сабақтан кейін  

қандай  сұрақ  қоя  алар  едіңіз?  Оларды  парақтың 

соңындағы  «алғашқы  ойлар»  деген  жолға  жазып 

қойыңыз.  

Түсініктемелер 

 

«Адамдардың реакциясын көру 



маңызды: егер бір нәрсе қолдан 

келмесе де, ол «қаралы оқиға» деп 

қабылданбайды, себебі адамдар 

оны бірлесіп жоспарлады» 

Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 10 

1-кесте. Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесі 

    Пән                                         Сабақтың тақырыбы                                                                        Мұғалім/бақылаушы 

Осы Lesson Study-дегі оқу мақсаты қандай (ол тізбектелген сабақтар топтамасының бір бөлігі болуы мүмкін). 

Осы Lesson Study-де қандай әдістемені жетілдіруді/әзірлеуді мақсат етіп қойдыңыз? 

Ағымдағы жетістіктер 

мен табыс критерийлері 

Олардан сабақ соңында 

белгілі бір аспекті бойынша 

қандай нәтиже күтетініңізді 

сипаттаңыз.  

Бақылаудағы А оқушы......................  



Осы оқушыға арналған табыс критерийлері

 

Бақылаудағы В оқушы .....................  



Осы оқушыға арналған табыс критерийлері

 

 Бақылаудағы С оқушы .....................  



Осы оқушыға арналған табыс критерийлері

 

 



Тізбектелген сабақтар 

топтамасының кезеңі  

А оқушы(лар) қалай 

жауап береді деп 

күтесіз 


Жауап беру 

кезінде ол(ар) 

қалай бақыланды 

В оқушы(лар) қалай 

жауап береді деп 

күтесіз 


Жауап беру 

кезінде ол(ар) 

қалай бақыланды 

С оқушы(лар) қалай 

жауап береді деп 

күтесіз 


Жауап беру 

кезінде ол(ар) 

қалай бақыланды 

Мысалдар / 

сұрақтар 

Кезең ... 

(шамамен 

жұмсалатын уақыт) 

 

 



 

 

 



 

 

Кезең... 

(шамамен 

жұмсалатын уақыт) 

 

 

 



 

 

 



 

Қорытынды кезең ... 

(шамамен 

жұмсалатын уақыт) 

 

 



 

 

 



 

 

Оқушылар нені істей 



алды?  (Олар қандай 

нәтижелерге жетті 

және оның қандай 

дәлелдері бар?) 

 

 

 



 

 

 



 

Алғашқы ойлар 

 

 

 



 

 

 



 

 


Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 11 

6. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу 

 

 

Ұсынылатын іс-әрекеттер

 

Ұлыбританияда  Lesson  Study  топтары  зерттеу 



аяқталған  соң  оқушылардың  пікірінше,  не  пайдалы 

болғанын,  олардың  нені  білгенін  және  олардың 

көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, 

сабақты  тағы  бір  рет  өткізсе  нені  өзгертуге  болатыны 

туралы  пікірін  білу  үшін  бақылаудағы  оқушылармен 

жиі сұхбаттасып тұрады.  

Сұхбат  ұзаққа  созылмай  (5  минуттан  аспағаны 

дұрыс),  барлық  бақылаудағы  оқушылармен  бір  уақытта 

немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін. 

Оқушылардан  жауап  алуды  мүмкіндік  туысымен 

бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң өткізген 

дұрыс. 


Өзіңіздің 

жазбаларыңызда 

олардың 

кейбір 


жауаптарын түртіп алуға тырысыңыз.  

Кейде  бақылаудағы  оқушылармен  бірге  оқитын 

топтардағы  басқа  оқушылардан  да  жауап  алынады.  Бұл 

жауаптарды  әр  түрлі  тұрғыдан  қарастыруға  мүмкіндік 

бергенімен, 

жиналған 

мәліметтерді 

жүйелеуді 

қиындатып жіберуі мүмкін. 

 

Түсініктемелер

 

2-кесте. Бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар 

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар 

 

Саған  сабақта  бәрінен  де  не 



ұнады? 

 

Сен  нені  үйрендің?  Бұрын 



істей  алмағандарыңнан  қазір 

нені  істей  аласың?  Нені 

жақсырақ 

істей 


аласың? 

Қаншалықты жақсы? т.б. 

 

Оқытудың  қай  бөлігі  сен 



үшін барынша тиімді болды? 

 

Егер дәл осы сабақ басқа 



топта өткізілетін болса, нені 

өзгертер едің? Неліктен  бұл 

бөлігін өзгертер едің?  

 

 



 

«... Олар [оқушылар] бүкіл оқу үдерісін 



қолға алады, ол үшін жауап береді және бұл 

істе оларға көмек көрсетіледі. Бұл - ғажап, 

себебі ... олар біз үшін оларға көмек 

көрсетуге жағдай жасай отырып, бізбен 

байланыста жұмыс істейді. Таң қаларлық, 

шынымен таң қаларлық құбылыс!» 

Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 12 

7. Lesson Study-ден кейінгі талқылау 

 

Ұсынылатын іс-әрекеттер 



Lesson  Study  тобына  мүмкіндік  болса  сабақтан 

кейін  бірден  жиналу  қажет  (әрине,  сабақ 

өткеннен  кейін  24  сағаттан  кешіктірмей).  Сіз 

топ  мүшелерін  Lesson  Study-ден  кейінгі 

жетістікті 

талқылау 

критерийлерімен 

таныстыра аласыз:  

1.  сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу; 

2.  бақылаулар  нәтижелерін  қабылдау  және 

сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау; 

3.  сабақтан  кейінгі  талқылауды  бірлесіп  оқыту 

әдісі ретінде бағалау; 

4.  бақылау 

кестесінде/жоспарында 

нақты 


мақсаттар мен мәселелерді белгілеу; 

5.  талқылаудың  «модераторын»  (талқылауға 

позитивті  бағыт  беріп  отыратын  төраға) 

тағайындау, 

бұл 

рөлді 


ол 

адамның 


қызметімен байланыстыруға болады; 

6.  Талқылау  барысында  Lesson  Study  тобының 

білім  алғандығын  жазып  алып  отыратын 

және  соңында  осы  топ  мүшелеріне  немесе 

топқа  кірмейтін  адамдарға  түсініктеме 

беретін  «кеңесшіні»  (соңғы  түсініктеме 

беретін  адам)  тағайындау.  Бұл  адам  мектеп 

қызметкері  болмауы  да  мүмкін.  (Takahashi, 

2005). 

Ең 


бастысы, 

талдауды 

оқытудан 

емес, 


бақылаудағы 

оқушылар 

(мен 

басқа 


оқушылардың) 

оқуын, 


білім 

алғандығын 

қадағалаудан  бастау  керектігін  ұмытпау  керек 

(3-суретті  қараңыз).  Бұл  реттілік  оқушылардың 

білім алуына баса назар аударып, мұғалімдердің 

оқытуын  талқылауға  ойысып  кетуге  жол 

бермеуге  көмектеседі,  себебі  талқылаудың 

соңғы  түрі  мұғалімдерге  субъективті  және 

кәсіптік  дамуға  ықпал  ете  алмайтындай  болып 

көрінуі мүмкін (3-суретті қараңыз). 

Қол қойып, күнін жазыңыз. 

Түсініктемелерді  мұғалімдер  бөлмесіндегі 

кәсіби даму журналында сақтаңыз. 

Түсініктемелер 

 

 



 

 

 



«…Өз ойларыңызбен бөлісу кезінде жаңадан 

қаншама нәрсе білетініңіз таңғалдырады. 

Сондықтан, күрделі жағдайларда мен бұл мәселені 

неліктен дәл осылай шешу керектігімізді 

дәйектеуім қажет. Соның нәтижесінде менің 

білімім де нығайып, өз бетімше істей алмаған 

нәрсені түсінуіме мүмкіндік туады. 

Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 13 

 

 



 

3 сурет.

 

Lesson Study-ден кейінгі талқылау сызбасы 

 

Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға пайдалануға 

болады 

3-кесте. Талқылау барысында жазба жүргізуге арналған кесте 

Сабақ қорытындысы бойынша талқылауларды жазу 

 

Бақылаудағы А 



оқушы 

Бақылаудағы B 

оқушы 

Бақылаудағы C 

оқушы  

Оқушының әрқайсысы 

қандай прогреске қол 

жеткізді? Ол жеткілікті 

болды ма? Олардың 

сыныптарындағы басқа 

оқушылар қандай нәтиже 

көрсетеді?  

 

 

 



Енгізіліп жатқан әдіс 

қалай көмектесті немесе 

кедергі келтірді (екеуі де 

болуы ықтимал)? 

Қандай тосын оқиғалар 

болды?  


 

 

 



Әр оқушының нәтижесін 

жақсарту үшін келесі 

жолы әдістеменің қандай 

аспекті(лері) түзетілуі 

керек? 



   



 

   



 

   



 

 

Келесі жолы біз не 



істеуге тырысуымыз 

керек? 


   


 

   



 

   



 

 

 



Т.А.Ә.А...………………………………..          Мерзімі……………………………………. 

 

 



 

Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 14 

8. Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру 

 

Ұсынылатын іс-әрекеттер 

Lesson  Study-ді  бастамас  бұрын  топ  мүшелеріне  өздері 

енгізіп жатқан оқыту әдісінің негіздеріне қатысты қандай 

жұмыс  атқарғанын,  ол  туралы  не  білгенін,  нені 

пысықтағанын  әріптестеріне  көрсетуге  мүмкіндік  беру 

қажет.  Мұғалімдер  өздерінің  істеген  істері  туралы 

пікірлерімен  басқалармен  бөлісетінін  алдын-ала  білсе, 

олар  мұны  бүкіл  үдеріс  бойында  естерінде  ұстайтын 

болады. Бұл Lesson Study тобына өз пікірлері мен ойларын 

әріптестері алдағы уақытта оны пайдалана алатындай етіп 

нақты баяндауға мүмкіндік береді. 



Lesson  Study  қысқа  бейнежазбалары  мен  PowerPoint 

таныстырылымына  салынған  фотосуреттері  –  сабақты 

өткізу  барысын  көрсетіп,  тәжірибені  қорытудың  танымал 

тәсілі  (Сізге  мектебіңізде  бейне  және  фотоматериалдарды 

пайдалану  ережесінің  бар  екендігіне  көз  жеткізу  қажет 

болады).  



Lesson  Study  тобы  дайындаған,  бейімдеген  немесе 

жетілдірген  педагогикалық  әдістемені  толық  ұғынуға 

көмектесу  мақсатында  Lesson  Study  тобына  басқа 

мұғалімдермен  жұмыс  істеу  (коучинг  өткізу)  мүмкіндігін 

ұйымдастырыңыз. 

Тәжірибені нақты тұжырымдау, түсіндіру және көрсету:  

1.  әріптестерінің  тәжірибесіне  сүйеніп  өз  тәжірибесін 

жетілдіруде көмектесетінін; 

2.  түсіндіру  мен  коучинг  жүргізіп  отырған  маманның 

жұмыс тиімділігін арттыратынын естен шығармаңыз.  

Себебі 

Lesson 

Study 

кезінде 


мұғалімдер 

әдетте 


пайдаланғанымен,  ол  туралы  ешқашан  айтпайтын 

тәжірибедегі  жасырын  (санасындағы)  білімін  ашық 

көрсетеді.  Басқаларға  түсіндіру  арқылы  мұғалімдер  өз 

білімдері  туралы  көп  білуге,  сөйтіп  білімдерін  одан  әрі 

жетілдіруге мол мүмкіндік алады. 

Нені білгеніңізді және көпшілікке ұсынғаныңызды атап өтіп, 

баға беріңіз.  

Мұғалімдер 

бөлмесінде 

«оқыту 


қабырғасын» 

ұйымдастырыңыз.  Ол  жерде  Lesson  Study  тобы  өз 

жұмыстарын  (фотосуреттерін,  бақылауларын,  оқушылар 

сауалнамалары  мен  пікірталас  нәтижелерін,  бастапқы 

болжамдарын)  ұсына  алады.  Бұл  ресми  таныстырғаннан 

кейін  де  мұғалімдер  бөлмесінде  осы  мәселе  төңірегінде 

ұзақ уақыт бойы талқы жүргізуге ықпал етеді.  

Түсініктемелер 

 

 

 

«Әдетте мұғалімдердің қолдары мүлдем 

босамайтындықтан, олар өздері енгізетін 

нәрселердің нәтижесін басқалардың 

қолданатынын көргісі келеді, сондықтан бұл 

жағдайда қысқа ғана мәтіндер мен 

бейнематериалдар көп көмек бере алады». 


Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 15 

9. Lesson Study-ге арналған уақытты жоспарлау және оны мектеп 

бағдарламасына енгізу  

 

Ұсынылатын іс-әрекеттер 

Егер  Сіз  зерттеумен  айналысатын  мұғалімдер  мен 

мектептегі 

басқа 


әріптестеріңізге 

бұл 


әдістің 

нәтижелерін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік жасасаңыз, 



Lesson  study  баға  мен  сапа  тең  дәрежеде  ескерілген 

ұтымды тәсіл болмақ. 

Кейбір мектеп директорлары кәсіби білім алуға арнайы 

уақыт  бөлген,  ол  уақытта  Lesson  Study  топтары  өз 

сабақтарын  жоспарлап, талдайтын болған. 

Мамандарды  оқытуда  уақытты,  кезең  кестелерін, 

үзілістерді  және  басқа  да  тәсілдерді  орынды  қолдана 

білсе, 


сабақ 

қорытындыларын 

талқылауды 

жоспарлауға 

және 

оны 


өткізуге 

материалдық 

қаражатты талап ете бермейтін уақыт табуға болады.    

Оқу 


бөлімінің 

меңгерушілері 



Lesson 

Study-ді 

қызметкерлеріне  кәсіби  білім  беру  тәсілі  ретінде  өз 

мектептерінің оқыту мен оқу жүйесіне енгізе алады. Бұл 

мұғалімдер  мен  басқа  мамандарға  кәсіби  білім  алу 

құқығын  беріп,  қазіргі  кезде  кең  таралған  және  оқу 

тәжірибесіне  айтарлықтай  ықпал  ететін  модельдерді 

көздейтіндіктен,  үздіксіз  кәсіби  дамуларына  мүмкіндік 

туғызады (4-бетті қараңыз). 

Мысалдардың  бірі  -  Lesson  Study  мен  оның  тиімділігін 

басқару  арасында  өнімді  байланыс  орнату,  соның 

арқасында  Lesson  Study-ге  қатысу  мен  оның 

нәтижелерін  әріптестеріне  таныстыру  тиімділікті 

басқару  құралдарының  бірі  ретінде  қарастырылатын 

болған. 


Зерттеуге 

тартылған 

қызметкерлердің 

айтуынша,  Lesson  Study-ге  қатысу  оқыту  тұрғысынан 

алғанда  оншалықты  тиімді  емес  салада  тәуекелсіз 

жұмыс  істеуге  қарағанда,  олардың  өздерін  сенімсіз 

сезінетін 

мәселелерді 

шешудегі 

дағдыларының 

анағұрлым жетілуіне көбірек ықпал ететінін сезінген. 



Lesson  Study  тиімділік  мониторингінен  бөлек  жүзеге 

асырылуы керек.  

Кейбір  Lesson  Study  топтары  өздері  дайындап  жатқан 

әдістерін  басқа  мұғалімдерге  ашық  Lesson  Study-де 

көрсетеді.  Мұндай  жағдайда  оқушылар  сабақтан  соң 

қалып, жақын маңдағы университеттерден шақырылған 

адамдар  үшін  сабақ  көрсетіліп,  кейіннен  барлығы  ол 

сабақты қызу талқылайды. Мұндай үлгі Жапонияда кең 

тараған.  

Түсініктемелер 

 

 



«…Есікті жауап алып, өз сабағын бере беретін 

мұғалімдер кенеттен: «Тұра тұрыңдар, бұл мен үшін, 

сондай-ақ сабақтағы балалар үшін пайдалы ғой. Мен 

істеп отырған нәрсе менің сыныбымның ғана емес, 

бүкіл мектептің нәтижесін көрсетпей ме!?» деп 

ойлануы мені расында да таң қалдырды әрі қуантты».

 

Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 16 

10. Lesson Study негізінде кәсіптік оқытудың дамуына ықпал ету және оның 

моделін ведомствоаралық және мектепаралық коучингіге арналған 

платформа ретінде пайдалану мақсатында Lesson Study бойынша 

тренерлерді жұмысқа тарту 

 

Ұсынылатын іс-әрекеттер 

Lesson  Study  тобына  көмек  көрсету  үшін  озат 

мұғалімдер мен кеңесшілерді шақыруға болады. Олар:  

  Lesson Study басталмастан бұрын мектепте басқа 



мұғалімдерге әдістемені көрсете алады. 

  Lesson  Study  үдерісін  жоспарлау  және  оған  өз 



ойлары  мен  ұсыныстарын  енгізу  барысында 

Lesson Study тобына қосыла алады. 

  Lesson Study тобымен бірлесіп, олар дайындаған 



Lesson  Study-ді  талқылап,  педагогикалық  әдісті 

әзірлеу тәсілдері туралы ұсыныс енгізе алады. 

 

(Тиісті  құзыр  берілген)  бақылаушы  ретінде 



Lesson  Study-ге  және  оқушылар  пікіртеріміне 

қатысып,  сабақ  қорытындыларын  талқылауға 

атсалыса алады. 

Жетекші  пән  мұғалімдері  өздері  Lesson  Study  цикліне 

қатысып,  мектепте  көшбасшы  болатын  болса,  олар  да 

осы сияқты рөлді атқара алады. 

Мұғалімдер 

оқытудың 

белгілі 

бір 


тәсілдерін 

қолданатындығын  растайтын  портфолио  құру  немесе 

кәсіби/ғылыми  біліктілік  алу  мақсатында  осы  әдісті 

қолданған  жағдайда  Lesson  Study  тәсіліне  деген 

қызығушылық  артып,  оның  құндылығы  кеңінен 

мойындалар еді. 

Сіздің топ оқушылардың білім алуы мен жетілуіне әсер 

ететін  тәжірибе  ойлап  тауып,  әрі  оны  басқаларға 

қызықты болады деп ойласаңыздар, тәжірибелік зерттеу 

ретінде оны төмендегі сайтқа жүктеңіз:  

www. lessonstudy.co.uk

 

Бұл  вебсайт  сыныптар  мен  мектептерде  өзінің 



тиімділігін  бір  жерде  көрсеткен  және  басқа  жерлерде 

де  ықпал  ете  алатындығын  дәлелдеген  тәжірибені 

жетілдіруші  практик  мамандарға  көмек  көрсету  үшін 

әзірленген. 



Түсініктемелер 

 

 



 

Lesson Study: Нұсқаулық

 

Pete Dudley 



 17 

 

 

Пайдаланылған әдебиет 

 

Department  for  Children,  Schools  and  Families.  (2008).  Improving  practice  and  progression 



through  lesson  study:  a  handbook  for  head  teachers,  leading  teachers  and  subject  leaders 

[Lesson  Study  арқылы  тәжірибені  жетілдіру  және  алға  жылжу:  аға  оқытушылар, 

көшбасшы мұғалімдер мен пән мұғалімдеріне арналған нұсқаулық]. London: DCSF.  

Dudley, P. (2008). Lesson study in England: from school networks to national policy [Lesson study 

Англияда:  мектептің желілік  қоғамдастығынан мемлекеттік саясатқа  дейін].  Presented 

at  the  World  Association  of  Lesson  Studies  Annual  Conference,  Hong  Kong  Institute  of 

Education.  

Dudley,  P.  (2011).  How  Lesson  Study  orchestrates  key  features  of  teacher  knowledge  and  teacher 



learning to create profound changes in professional practice [Кәсіби тәжірибеде түбегейлі 

өзгеріс  жүргізу  үшін  Lesson  Study  мұғалімнің  білімі  мен  дағдыларының  негізгі 

мазмұнын қалай анықтайды]. Presented at the World Association of Lesson Studies Annual 

Conference, Tokyo.  

Trends  in  International  Mathematics  and  Science  Study.  (1999).  TIMSS  1999  assessment  results 

[1999  жылғы  математика  мен  жаратылыстану  білімінің  сапасын  бағалау  жөніндегі 

халықаралық  зерттеудің  бағалау  нәтижелері].  Retrieved  June  4,  2010,  from 

http://nces.ed.gov/timss/

 

 

Takahashi, A. (2005). An essential component of lesson study: post-lesson discussion [Lesson study-



дің негізгі құрамы: сабақ өткізілген соң оны талқылау]. Presented at the The Northwest 

Regional  Educational  Laboratory's  Lesson  Study  Symposium,  Olympia,  Washington: 

DePaul University, Chicago. 

Wragg, E.C., Wikely, F., Wragg, E., & Haynes, G. (1996). Teacher appraisal observed [Мұғалімнің 

қадағалауы және талдауы]London: Routledge.

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет