«Өсімдік, балық ЖӘне ара шаруашылығЫ Өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»


Балды базарларда сату кезіндегі ветеринариялық саниатриялық талаптар



бет3/3
Дата13.02.2017
өлшемі1,3 Mb.
#9273
1   2   3

Балды базарларда сату кезіндегі ветеринариялық саниатриялық талаптар.

Балды базарға ағаш бөшке, сүт құтысы, шыны, эмальданған және саз балшықтан іселген жылтыратылған құмырамен әкеледі. Емен және қылқан жапырақтылардан істелген, сондай- ақ боялған, тот басқан, жез және мырыш жалатқан ыдыстар мен әкелуге рұқсат етілмейді. Иесінің қолында ветеринарлық анықтама немесе ветеринарлық куәлік және омартаның ветеринарлық-санитарлық паспорты болғанда ғана сараптауға қабылдайды. Егер құжаттарда ара семьясының антибиотикермен емделгені көрсетілсе олардың қалдық мөлшерін анықтау үшін балды лабораторияға жібереді.

Орта сынама-әкелінген бүкіл партиядағы тағамның сапасын сипаттайтын балдың бөлігі. Бал қандай мөлшерде болмасын, оның ботаникалық тегі бір болып және бір уақытта базарға сатуға әкелінсе бір партия деп саналады. Орта сынаманы әр ыдыстан (оның әр жерінен) алады. Сұйық балды алдымен араластырып, диаметрі 10-12мм алюминий түтігін тереңдетіп баырады да орта сынаманы алады. Кристалданған балды майға арналған қуыс құлақпен алады. Кәрез балды сараптауға кристалданбаған түрінде және печаттаған болса ғана қабылдайды. Кәрез ақ түсті неее сары болуға тиіс. Ветеринарлық – санитарлық сараптау лабораториялары мен ветеринариялық лабораторияларда балды ветеринарлық – санитарлық сараптаудан өткізу ережелеріне сай (1978) әр ыдыстан рефрактометрмен ылғалдылығын анықтау үшін 100г бал, ал ареометрмен анықтауға 200г алады. Кәрезі балдан әр бесінші кәрез рамадан көлемі 25см2, ал рамасыз кесек балдың әр ыдыстағысынан сондай көлемде сынама алынады. Органолептикалық және зартханалық зерттеуден қалған бал иесіне қайтарылмайды, оны техникалық утильдеуге жібереді.

Балды сатуға болмайды, егер де онда келесідей өзгерістер анықталынса:



  1. Ыдыстың сәйкес болмаы.

  2. Органолептикалық ақаулары.

  3. Судың құрамы 21% жоғары.

  4. Ашуы.

  5. Механикалық қоспалар.

  6. 500 С жоғары температурада қыздырылған.

  7. Улылық.

  8. Радиоактивтілік.

  9. Аралардың жұқпалы аурулардың қоздырғыштары.

  10. Фальсификаттар.

Зерттеу нәтижелерін алғанға дейін балды сатуға жібермейді. Базарларда балды сатуға арнайы киімдері бар (фартук,колпак т.б.) және сатудың санитарлық ережелерін орындаған адамдар рұқсат етіледі.

Балы бар ыдыстың сыртында ветеринариялық санитариялық сараптау жүргізілгені жайында этикеткасы болуы керек. Ақ түсті этикетка-сапалы балға, ал көк түсті –сапасы төмен бал мен шіре балына тән. Ветеринарлық-санитарлық сараптаудың нәтижелері белгілі журналда тіркелінуі қажет.



Тақырыбы №8 Балдың физико-химиялық көрсеткіштері.

Сабақтың мақсаты: Балдың физико-химиялық көрсеткіштерінің маңызын білу.

Негізгі сұрақтар:

1.Балдың құрамындағы судың мөлшерін анықтау

2.Балдың жалпы қышқылдығын анықтау

3.Инверттелген қантты анықтау

4.Балдағы сахарозаны анықтау

5.Балдың дефектісі және оны шығыру тәсілі

6.Балды сақтау

5-ші, 6-шы сұрақтар бойынша жазбаша жауап жазу.



Сабақтың қысқаша мазмұны: Алдынғы өткен тақырыпты теориялық бекіту және тапсырма бойынша сұрақ–жауап алу. Оқытушының жетекшілігімен студенттер балдың физико-химиялық көрсеткіштерінің әдістемесін жазады.

1.Балдың құрамындағы судың мөлшерін анықтау

Балдың құрамындағы құрғақ заттар мен судың ара қатынасына байланысты күн сәулесінің рефракциясының өзгеруіне негізделген. Неғұрлым құрғақ заттар көп болса, соғұрлым рефракция индекісі жоғары болады. Ылғалдылығы 21% дейінгі балда 1,4840 төмен емес рефракция көрсеткіші болады.

Зерттелінетін балдың 1-2 тамшысын шыны таяқшамен рефрактометрдің төменгі призмасына РЛ немесе РДУ қояды. Призмалардың замыкать етеді. Винттердің көмегімен ашық және қараңғы зоналар аралығындағы шекараны біріктіреді. Окулярдағы жіпшелердің қосылу нүктесінде шкала бойынша прибордың көрсеткішін анықтайды. Анықтауда 3 рет қайталап, орташа арифиметикасын есептейді. Кесте бойынша балдың құрамындағы суды анықтайды.

Индекс рефракциясына байланысты балдағы судың мөлшері,%




Индекс

рефракция

20°С


Судың

құрамы


Индекс

рефракция

20°С


Судың

құрамы


Индекс

рефракция

20°С


Судың

құрамы


1,5044

13,0

1,4940

17,0

1,4840

21,0

1,5038

13,2

1,4935

17,2

1,4835

21,2

1,5033

13,4

1,4930

17,4

1,4830

21,4

1,5028

13,6

1,4925

17,6

1,4825

21,6

1,5023

13,8

1,4920

17,8

1,4820

21,8

1,5018

14,0

1,4915

18,0

1,4815

22,0

1,5012

14,2

1,4910

18,2

1,4810

22,2

1,5007

14,4

1,4905

18,4

1,4805

22,4

1,5002

14,6

1,4900

18,6

1,4800

22,6

1,4997

14,8

1,4895

18,8

1,4795

22,8

1,4992

15,0

1,4890

19,0

1,4790

23,0

1,4987

15,2

1,4885

19,2

1,4785

23,2

1,4982

15,4

1,4880

19,4

1,4780

23,4

1,4976

15,6

1,4875

19,6

1,4775

23,6

1,4971

15,8

1,4870

19,8

1,4770

23,8

1,4966

16,0

1,4865

20,0

1,4765

24,0

1,4961

16,2

1,4860

20,2

1,4760

24,2

1,4956

16,4

1,4855

20,4

1,4755

24,4

1,4951

16,6

1,4850

20,6

1,4750

24,6

1,4946

16,8

1,4845

20,8

1,4745

24,8


2.Балдың жалпы қышқылдығын анықтау

Табиғи бал аздаған мөлшерде органикалық және органикалық емес қышқылдарды құрайды.

Жалпы қышқылдықты қалыпты градусымен ол 100 г балды титрлеуге кетен 0,1H NaOH ертіндісінің мөлшері.

Колбаға 100 мл 10% бал ертіндісін өлшеп, оған 3-5 тамшы 1% спиртті фенолфталеин ертіндісін қосып, 0,1H NaOH ертіндісінде 10 сек кетпейтін әлсіз қызыл түс пайда болғанша титрлейді. Титрлеуді 2 рет жүргізеді. Нәтижелері ± 0,05 жоғары болмауы керек.

Құрамында қышқылдың жоғар болуы балдың ашуының және сірке қышқылының көбеюінің көрсеткіші.

Қышқылдың төмен болуы ол балдың қант сиропымен, крахмалмиен фальсификацияланғандығының әсерінен болуы мүмкін. Сапасы жақсы балда 1-4°Т.



3.Инверттелген қантты анықтау

Ара балындағы моносахаридтардың (негізінен глюкоза және фруктоза) жалпы мөлшерін инверттелген қант деп аталады. Жетілген балдағы инверттелген қанттың мөлшері 65-79% дейін болады. Жаңа стандарт бойынша оның мөлшері 79% кем болмауы керек.



Анықтау тәсілі

Колбаға 10 мл 1% ті қызыл қант тұзы ертіндісін, 2,5 мл 10% күйдіргіш натрий ертіндісін, 5 мл 0,25% ара балының ертіндісін және 1 тамшы 1% метилен көгін құяды. Қоспаны отырып, оны 0,25% бал ертіндісімен көк тү жайылғанша титрлейді. Титрлеуді 2-3 рет қайталап, ортаңғы нәтижесін алады.

Инерттелген қанттың процентік мөлшерін келесі кесте бойынша анықтайды.

Мысалы: инверттелген қанттың мөлшері 70,7 % болса, тирлеуге 5,75 мл 0,25% бал ертіндісі кетеді. 59,5%-5,35 мл.


Кесте 7 Балдағы инверттелген қанттың мөлшерін анықтау


Титрлеуге

шығындалған

0,25% бал

ертіндісінің

мөлшері, мл


Инверттелген

қанттың


мөлшері, %

Титрлеуге

шығындалған 0,25% бал

ертіндісінің

мөлшері, %



Инверттелген

қанттың


мөлшері, %

5,0

81,2

7,4

55,1

5,1

79,6

7,5

54,3

5,2

78,0

7,6

53,6

5,3

76,6

7,7

53,0

5,35

75,9

7,7

53,0

5,4

75,2

7,9

51,6

5,45

74,5

8,0

51,0

5,5

73,8

8,1

50,4

5,6

72,5

8,2

49,8

5,7

71,3

8,3

49,2

5,75

70,7

8,4

48,6

5,9

68,9

8,6

48,0

6,0

67,8

8,7

47,5

6,1

66,6

8,8

45,4

6,2

65,6

8,9

45,9

6,3

64,5

9,0

45,4

6,4

63,5

9,1

44,9

6,5

62,6

9,2

44,9

6,6

61,6

9,3

43,9

6,7

60,7

9,4

43,5

6,8

59,8

9,6

42,6

6,9

59,0

9,5

43,0

7,0

58,2

9,7

42,2

7,1

57,3

9,8

41,7

7,2

56,6

9,9

41,3

7,3

55,8

10,0

40,3


4.Балдағы сахарозаны анықтау

Ара балына қант сиропының қосылғандығын балдағы сахарозаның мөлшеріне қарап анықтауға болады. Гүлден алынған балда сахароза 5 %, шіре балында 10% - тен аспау керек. Бұл әдіс балдың құрамындағы сахарозаның глюкоза мен фруктоза жасанды айналуға (инверсия) негізделген.

Анықтау әдісі

Колбаға (200 мл) 5 мл 10 % -тік бал ертіндісіне және 45 мл дистиленген су құяды. Содан соң, колбаның су ваннасына (80 °С) қояды. Колбаның ішіндегі температура 68-70 °С –ға жеткен кезде оған 5 минут тұз қышқылын (1:5) қосып, араластырып , осы температурада 5 минут ұстайды. Содан соң , колбаға,1-2т амшы метилфанги (1% тік ертітінді ) индикаторын тамызып, оған 10% тік NaOH ерітіндісінің қосып қызғылт сары түс пайда болғанша бейтараптандырады. Колбаның ішіндегісін 200 мл дейін сумен толтырып , одан алынған 0,25% -тік бал ерітіндісін үш қайтара ауыстыруы арқылы араластырады.

Сахарозаның мөлшерін мына формула бойынша анықтайды:

С=(Х – У) х 0,95

С- баладағы сахарозанның мөлшері, %

Х- инверттелген қанттың инверсияға дейінгі мөлшері , %

У - инверттелген қанттың инверсиядан кейінгі мөлшері , %

Өздік жұмыс: АКР орындау

1.Негізгі балдың дефектісі және оны шығару (ылғалдылықтың жоғарылығы, көпіршу, бөгде заттардың иісі, беткі қабатында сарғыш ақ түсті қабаттың пайда болуы)

2. Балды сақтаудың тәртібі:

Балды санитарлық ережелермен бекітілген таза, құрғақ, бөгде иіссіз, зиянкесермен ластанбаған транспорттарда тасымалдайды.

Құрамында 21%-тен кем емес су бар балды +200 жоғарғы емес температурада, ал 21% тен астам суы бар балды +100 жоғары емес температурада сақтау көрсетілген.

Балды таза, құрғақ, спецификалық иісі жоқ, шаң-озаннан және улы заттардан оқшауланған бөлмелерде сақтау керек. Бөлмеге шыбынның, аралардың, құмарсқа т.б. кіруінен қорғанған болу керек.



Тақырыбы №9 Балдың оптикалық белсенділігін анықтау.

Сабақтың мақсаты: Оптикалық және диастаза белсенділігін анықтау әдісін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1.Оптикалық белсенділікті анықтау

2.Диастаза ферментінің белсенділігі

3.Диастаза санын анықтау

4.Балдың улылығын анықтау

5.Минералды (күлді) заттарды анықтау

4-ші, 5-ші сұрақтар бойынша конспект жазу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Алдынғы өткен тақырыпты теориялық бекіту және тапсырма бойынша сұрақ–жауап алу. Оқытушының жетекшілігімен студенттер зерттеу әдістерін жазады.

1.Оптикалық белсенділікті анықтау.

Балдың көмірсуы активті жоғары белсенділік, полярлық жарықтың жазықта айналдыру қабілеті бар. Гүл балы- солға айналдырады, шіре балы, қоспалары фальсификаттар оңға айналады. Балдың активті белсенділігін анықтау үшін порттық поляриметр (П-161) немесе универсальды сахариметр СУ-3 қолданылады. Өлшеу алдында құрал қалыпқа келтіреді. Содан соң поляриметрлік кюветканы (түтіншені) камераға салады. Іші 10% зерттелінетін балдың 10% сүзілген ертіндісімен толтырылған.



2.Диастаза ферментінің белсенділігі

Диастаза ферменті табиғи ара балында болады, ол қант сиропында болмайды. Ол балға негізінен гүлдің нәрінен және қосымша араның сілекей бездерінен түседі. Яғни, жасанды балдың құрамында ферменттер болмайды.

Осы ферменттің белсенділік көрсеткіші. Ол Готе бірлігімен өлшенеді. Яғни дистаза саны деп, 40° С температурада бір сағат ішінде 1г. балдың құрамында дистаза ыдыратқан 1% крахмал ерітіндісінің мөлшері.

Балға қант сиропын қосса, дистаза саны біршама азаяды.



3.Диастаза санын анықтау

Анықтау тәсілі

Он бір пробиркаға 10% тік бал ертіндісін және тағы басқа және басқа қосымша заттарды үшінші кесте бойынша құяды. Пробиркаларды тығындармен жауып, жақсылап араластырып, су ваннасына (40°С) 1 сағатқа қояды. Содан соң, бөлме температурасына дейін салқындатылған пробиркаларға бір тамшыдан йод ерітіндісін қосады.



Крахмал ыдырамаған пробиркаларда көк түс пайда болады, яғни дистаза жоқ.

Дистаза санын анықтау

Компонент

Пробиркалардың номері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

10 % бал ерітіндісі,мл

1,0

1,3

1,7

2,1

2,8

3,6

4,6

6,0

7,7

11,1

15,1

Дистильденген су, мл

9,0

8,7

8,3

7,9

7,2

6,4

5,4

4,0

2,3

-

-

0,58 % тұз ерітіндісі,мл

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

% крахмал ерітіндісі, мл

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

Диастаза саны (Готе1)

50

38

29,4

23,8

17,9

13,9

10,9

8,0

6,5

4,4

3,3

Диастаза саны аз мөлшерде болса, сия әртүрлі реңдегі көк түске боялады. Диастаза көп мөлшерде болса, онда қоңырқай түске боялады. Диастаза санын (Д) мына формула бойынша анықтайды:

В=Ух10/А

У- 1 % крахмал ерітіндісінің мөлшері, мл.

А- пробиркаларға құйылатын 10%-ті ара балының ерітіндісі, мл.

10- түзету коэффиценті.



Мысалы: Әлсіз бояу 4-ші пробиркада байқалады, онда 2,1 мл 10% бал ерітінідісі және 5мл крахмал ерітіндісі болған.

Д= Ух10/А=5х10/2,1=23,8

Қазіргі кезде диастаза санының әр обылыстар бойынша мөлшері белгіленгенімен, барлық аймақтарда оның мөлшері 5-тен кем болмауы керек.



Өздік жұмыс: АКР орындауының жолы.

Тапсырма 1. Балдың улылығын анықтау туралы ауызша жауап беру.

Ақ тышқандарға тері астына 1 мл 50% тік бал ертіндісін жібереді.Егер бал уытты болатын болса, онда алғашқы сағаттың өзінде тышқандардың 55% өледі, қалғандары бір тәулік ішінде өліп бітеді.

Тапсырма 2. Минералды (күлді) заттарды анықтау



Тақырыбы №10 Балды фальсификациялау тәсілдері және жолдары.

Сабақтың мақсаты: Ара шаруашылығының өнімдерімен танысу; Балдан сынама алу тәртібі және оны зерттеуге дайындау; Ара шаруашылығы тарихы және ара балымен танысу.

Негізгі сұрақтар:

1.Фальсификация түрлері

2.Фальсификация әдісі

3.Балды микроскоппен тексеру

4.Балдағы қант қоспасын анықтау

Сабақтың қысқаша мазмұны: Кезекші тағайындау, өткен сабақтарды қайталау. 1,2 сұрақтар бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттер жазады. Аудиторияда бақылау жұмысы бойынша балды микроскопиялық зерттеу және балдағы қант қоспасын анықтау.

1.Фальсификация түрлері

1.Түрлік


2. Сапалық

3.Сандық


4.Бағалық

5.Ақпараттық



2.Фальсификация әдісі

Бал үшін түрлік және сапалық фальсификация тән. Фальсификациялаушы заттармен түріне және сол заттың балмен ұқсастығына байланысты фальсификацияның келесі түрлері ажыратылады:

1.Сумен жартылай өнімді алмастыру

2.Өнімге төменгі алмастырғыштарды қосу

3.Табиғи өнімді аметотормен алмастыру

Алмастырғыш заттар: тағамдық және тағамдық емес алмастырғыш заттар болып бөлінеді. Тағамдық алмастырғыш олар тағамдық құны төмен, арзан. Бірақ табиғи тағамға 1-2 көрсеткіші бойынша ұқсас келеді. Тағамдық емес алмастырғыштарға минералдық және органикалық заттар жатады, тағам ретінде қолдануға болмайды. Фальсификат ретінде өте көп тараған қант балы, жасанды инверттельген бал және жасанды қант қосылған.



Өздік жұмыс: АКР орындауының жолы.

3.Балды микроскопиялық зерттеу

4.Балдағы қант қоспасын анықтау

1) әдіс


5-10% бал ертіндісіне азот қышқылды күміс қосса- қоспада ақ тұнба хлорлы күміс бар.

2) әдіс


5мл 20% бал ертіндісіне 2,5 сірке қышқылын және 22,5 мл метил спиртін қосса- сары ақ түсті тұнба түзеді, яғни қант қоспасы бар.

Нәтижесін жұмыс дәптеріне жазу.



Тақырыбы № 11Балдың фальсификациясын зертханалық зерттеу.

Сабақтың мақсаты:Жасанды инверттелген қант қоспасын және қант қоспасын (песок) анықтау әдістерін меңгеру және бекіту.

Негізгі сұрақтар:

1.Жасанды инверттелген қант қоспасын анықтау (оксметилфурфуролға реакция)

2.Қант қоспасын (песок) анықтау

3.Қант балын анықтау

4.Балдағы ферменттің құрамы

3,4-ші сұрақ бойынша лабораториялық сабаққа арналған жұмыс дәптеріне жазу.



Сабақтың қысқаша мазмұны: Кезекші тағайындау, өткен сабақты кортындылау. Оқытушының жетекшілігімен оксиметилфурфуролға реакция және қант құмын (песок) анықтау әдістерін және реакцияның мәнін меңгеру.

1.Жасанды инверттелген қант қоспасын анықтау (оксметилфурфуролға реакция)

Егер концентрациясы жоғары қант сиропын қышқыл қосу арқылы қыздырса, сазарозаның глюказа мен фруктозаға инверсиясы (ыдырауы) жүреді. Осылай жасанды бал алынады, түсі мен консистенциясы бойынша ол ара балына ұқсайды, бірақ дәмі және хош иісінде айырмашылық болады. Сондықтан оған табиғи бал қосады.

Органолептикалық зерттеулермен бұндай фальсификацияны анықтау қиын. Сондықтан да, оксиметилфурфуролға реакция жүргізеді.

Оксиметилфурфуролға реакция

Анықтау тәсілі.

Форфор тостағаншасына 4-5 г ара балын салып және 5-10 мл эфир құйып, үгіткішпен жақсылап езгілейді, содан соң оны сағат шыныға құйып, оған резоциннің 5-6 кристалдарын қосады. Эфир бөлме температурасында буланып кетеді. Құрғақ қалдыққа 1-2 тамшы концентрациясы жоғары тұз қышқылын қосады. Егер балдың құрамында жасанды инверттелген қанттың қоспасы болса, онда қызыл шие немесе сары қызыл түс пайда болып, тез қызыл түске айналады. Қыздырылған балдың түсі қызғылт сарыға немесе ақшыл қызылға боялады. Басқа түс пайда болса, онда реакция теріс деп есептеледі. Осы реакцияның көмегімен табиғи ара балына 10% жасанды инверттелген қант қосылғандығын анықтауға болады.



2.Қант қоспасын (песок) анықтау

Балға қант қосуы кристалданудың алғашқы белгілерін көрсетеді. Уақыт өте келе әртүрлі кристалданудың массасы көрінеді.

Төсеніш шыныға жұқалап балдан жұғын жасап, микроскоптың кішкене ұлғайтқышымен, қанттың әртүрлі пішінде (төрт бұрышты, геометриялық әртүрлі фигуралар сияқты пішіндер), табиғи балдың кристалдары жұлдызша тәрізді болады.

Кейде қант қоспасын сұйық балға да қосады, тез арада тұнба түзеді. Керек жағдайда жұғын таңба жасап тексереді.

Кезекші әр студенке бал сынамасын таратады. Зерттеу жүргізіледі, лабораториялық жұмыс қорытындысын талқылап, жұмыс дәптеріне жазады.

Өздік жұмыс: АКР орындауының жолы.

Тапсырма 1.Қант балын анықтау

Қант балы араларға ұант сиропын беру арқылы алынатын бал. Мұндай бал «жалған бал» деп есептелінеді және оны сатуға тиым салынады. Қант балында судың мөлшері 15-21,1%, ал табиғи балда 13,4-22,2% су болады, яғни айырмашылық жоқ.

Глюкоза мен (32,6%), фруктоза (35,3%) мөлшері бойынша да қант балының табиғи балдан айырмашылығы жоқ.

Қант балында сазарозаның (1,7-13,3%) мөлшері табиғи балға қарағанда (0-12,9%) көбірек.

Қант балындағы диастаза саны 9,4-15 Готе бірлігін құрайды, ал табиғи балдың диастаза саны 6,5-50, яғни бұл көрсеткіште фальсификацияны анықтауға жарамсыз.

Қант балын төменгі көрсеткіштері бойынша анықтайды: хош иісі, дәмі, консистенциясы (жаңа алынған бал: сұйық, сақтау кезінде қою, желім тәріздес, жабысқақ), кристалдары (сало тәріздес), жалпы қышқылдығы 1-ден аспайды, күл өте аз мөлшерде -0,1 %, сахарозаның мөлшері 5% тен аспайды.

Сондықтан да, балдың табиғилығын органолептикалық және физико химиялық көрсеткіштерін зерттей отырып қан анықтауға болады.

Тапсырма 2. Балдағы ферменттің ролі, ол балдың жетілуіне, табиғи және сапалылығын анықтауда ерекше орын алады (инвертаза, альфа және бета амилазы, амилаза (диастаза), глюкоза оксидаза, каталаза).

Тақырыбы №12 Балдың табиғилығын анықтау әдісі.

Сабақтың мақсаты: Балдың табиғилығын анықтау әдістемесін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1.Ұн және крахмалдың қоспаларын анықтау

2.Балдағы желатинды анықтау

3.Қант (қызылаша) және крахмал патока қоспасын анықтау

4.Қыздырылғандығын анықтау

5.Балдың физика химиялық көрсеткіштері



Сабақтың қысқаша мазмұны:кезекші тағайындау, өткен тақырып бойынша әңгіме жүргізу. Оқытушының жетекшілігімен студенттер балдың табиғилығын анықтау әдістерін жазу.

1.Ұн және крахмалдың қоспаларын анықтау

Пробиркаға 3-5 мл ара балының ертіндісін (1:2) құйып қайнағанға дейін қыздырады. Бөлме температурасына дейін салқындатып, оған 3-5 тамшы Люголь ертіндісін қосады. Егер ашық көк түс пайда болса онда балға ұн немесе крахмал қосылғандығын білдіреді.



2.Балдағы желатинды анықтау

Созылуын жоғарылату үшін оған желатин қосады. Бірақ бұл кезде балдың дәмі мен иісі нашарлайды, диастазалық активтілігі мен инверттелген қант мөлшерінің құрамы төмендейді.

Пробиркаға 5мл бал ерітіндісін (1:2) және 5-10 тамшы 5% танин ертіндісін арластырады. Желатин бар болса ақ үлпершектер пайда болады, ал лайланып кетсе, теріс реакция болып есептеледі (желатин жоқ).

3.Қант (қызылаша) және крахмал патока қоспасын анықтау

1. Қант (қызылаша) патокасн анықтау

Балға қант патокасынын қосылуы органолептикалық көрсеткіштерді (патока иісі, жоғарғы созылу, т.б.) нашарлатады, инверттелген қант мөлшерін және диастазалық активтілігін төмендейді. Сапалық реакциялар қант патокасының құрамындағы рафиназа трисахарид және хлоридінің іздері кейбір реагенттерінің әсерінен тұнбаға түсіруіне негізделген.

А. Азот қышықлды күміс реакциясы: Пробиркаға 5 мл бал ертіндісін (1:2) құйып, 5-10 тамшы 5% азот қышқылды күміс ертіндісін (5 мл, 95мл дист суға) қосады. Оң реакция кезінде күңгіртену болып, ақ түсті тұнба түзіледі (хлорлы күміс). Бал табиғи болса тұнба түзілмейді, теріс реакция.

Б.Сірке қышқылды қорғасын және метилен спирті реакциясы: колбаға 5 мл 10% бал ертіндісіне, 2,5 қорғасын сірке қышқылы және 22,5 мл метил спирті құйып араластырады. Қант (қызылша) патокасы бар болса сары-ақ тұнба түзеді. Табиғи бал ертіндісі жай лайланады.

2. Крахмал патокасын анықтау.

А.Хлорлы бариймен реакция.

Күкірт қышқылын бейтараптау үшін крахмал патокасын технологиялық өңдеу процесінде көмір қышқылды кальцийді қолданады. Патока құрамындағы оның қалдық мөлшері хлорлы барийға реакция береді.

Пробиркаға 5 мл фильтрленген бал ертіндісін (1:1) құйып, 1% хлорлы барий ертіндісін тамшылатып қосады. Реактивтің алғашқы тамшылары № 2 қосқандағы күңгіртеу және ақ тұнбаның пайда болуы балда крахмал патокасының бар екенін көрсетеді.

Б. Мүсәтір спиртімен реакция.

Крахмалды қанттандыру үшін крахмал патокасын технологиялық өңдеу кезінде күкірт қышқылды пайдаланады, ал осы күкірт қышқылдығы қалдық мөлшерін мүсәтір спиртімен ұстайды.

Пробиркаға 2 мл бал ертіндісін (1:2) құйып, 5-10 тамшы мүсәтір спиртін тамшылатып қосады. Крахмал патокасы болса ерітінді қою қоңыр түске боялып, тұнбаға түседі (күкірт қышқылда аммоний).

В.Спирттік реакция. Крахмал патокасының декстриидері спирттің әсерінен қышқылдың қатысуымен тұнбаға түседі, ал табиғи бал декстиидерінің мөлшері өте аз болғандықтан тұнбаға түспейді.

1.ӘДІС: Колбаға 10 мл қыздырылған бал ертіндісін (1:2) құйып, 3-5 тамшы 10% танин ертіндісін қосады, араластырып, фильтрлейді. Басқа колбаға 2 мл фильтрат, 2 тамшы концентрленген тұз қышқылды (меншіктң салмағы 1:19) 20 мл 96% этил спиртін араластырады. Оң реакция белсенді күңгірттену болып, ал сол арада тұнбаға түседі. Балдың крахмал патокасымен фальсификациялануы.

2. ӘДІС: Балдың сулы ертіндісіне 96% этил спирт қосып араластырады. Ертінді түсі сүт тәрізді ақ және мөлдір жартылай сұйық масса (декстрин) тұнба түзеді. Қоспа жоқ болса ертіндіні мөлдір, тек балмен спиртің кездескен жерінде лайлану сызығы кездеседі.

Кезекші әр студентке бал сынамасын таратады, істелінген жұмыстың сапасын талқылайды.



Өздік жұмыс: АКР орындауының жолы.

Тапсырма 1. Қыздырылғандығын анықтау. Нәтижесін жұмыс дәптеріне жазу. Балды сұйық етіп көрсету үшін, кей жағдайда оны қыздырады, өйткені сұйық балды тұтынушылар жақсы алады. Ара балын қыздырғанда оның оганолептикалық көрсеткіштері нашарлайды: бал қоңырқай тартады, хош иісі нашарлайды, карамель дәмі пайда болады, ферменттік белсенділігі мен бактериалдық қасиеті төмендейді, ал 60°С-тан жоғары қыздырғанда, ферменттер ыдырап кетеді.

Диастазаға сапалық реакция

10 мл ара балының ертіндісіне (1:2) 1мл 1%-тік крахмал ертіндісін құйып араластырады да, су ваннасына (40°С) 1сағат ұстайды. Қоспаны бөлме температурасында біраз салқындатқан соң, оған бірнеше тамшы Люголь ертіндісін тамызады. Егер диастаза жоқ болса. Көк түске боялады. Өйткені крахмал ыдыраған жоқ. Диастаза болса, сұйық біраз қоңырқай тартады, көк түске боялмайды.



Тапсырма 2. Базарда және ветеринариялық лабораторияда балды ветеринариялық санитариялық сарптау тәртібі.

Көрсеткіштері













Балдың барлық түрі, тек ақ акация мен хлопчатниктен

Ақ акация

Хлопчатник

Иісі

Жағымды, әлсізден күштіге дейін, бөгде иіс жоқ




Жағымды, нәзік, иісі өзіне тән

Дәмі

Тәтті, жағымды, бөгде дәм жоқ







Пыльца анализ нәтижесі

-

Ақ акация

Хлопчатник

Судың массалық үлесі % тен аспайды.

21

21

19

Редицирлеуші қанттардың массалық үлесі (сусыз затқа ) % тен аспайды.

82

76

86

Сахарозаның массалық үлесі ( сусыз затқа ) % тен аспайды.

6

10

5

Диастоза саны, бірлігінен төмен емес.

7

5

7

Оксиметилфурфурол, мг/кг балда

25

25

25

Оксиметилфурфуролға сапалық реакция

Теріс







Механикалық қоспалар

Рұхсат етілмейді







Ашу белгілері

Рұхсат етілмейді







Олова мөлшері, %

0,01

0,01

0,01

Балды базарларда сату кезіндегі ветеринариялық саниатриялық талаптар.

Балды базарға ағаш бөшке, сүт құтысы, шыны, эмальданған және саз балшықтан іселген жылтыратылған құмырамен әкеледі. Емен және қылқан жапырақтылардан істелген, сондай- ақ боялған, тот басқан, жез және мырыш жалатқан ыдыстар мен әкелуге рұқсат етілмейді. Иесінің қолында ветеринарлық анықтама немесе ветеринарлық куәлік және омартаның ветеринарлық-санитарлық паспорты болғанда ғана сараптауға қабылдайды. Егер құжаттарда ара семьясының антибиотикермен емделгені көрсетілсе олардың қалдық мөлшерін анықтау үшін балды лабораторияға жібереді.

Орта сынама - әкелінген бүкіл партиядағы тағамның сапасын сипаттайтын балдың бөлігі. Бал қандай мөлшерде болмасын, оның ботаникалық тегі бір болып және бір уақытта базарға сатуға әкелінсе бір партия деп саналады. Орта сынаманы әр ыдыстан (оның әр жерінен) алады. Сұйық балды алдымен араластырып, диаметрі 10-12мм алюминий түтігін тереңдетіп баырады да орта сынаманы алады. Кристалданған балды майға арналған қуыс құлақпен алады. Кәрез балды сараптауға кристалданбаған түрінде және печаттаған болса ғана қабылдайды. Кәрез ақ түсті неее сары болуға тиіс. Ветеринарлық – санитарлық сараптау лабораториялары мен ветеринариялық лабораторияларда балды ветеринарлық – санитарлық сараптаудан өткізу ережелеріне сай (1978) әр ыдыстан рефрактометрмен ылғалдылығын анықтау үшін 100г бал, ал ареометрмен анықтауға 200г алады. Кәрезі балдан әр бесінші кәрез рамадан көлемі 25см2, ал рамасыз кесек балдың әр ыдыстағысынан сондай көлемде сынама алынады. Органолептикалық және зартханалық зерттеуден қалған бал иесіне қайтарылмайды, оны техникалық утильдеуге жібереді.

Балды сатуға болмайды, егер де онда келесідей өзгерістер анықталынса:



  1. Ыдыстың сәйкес болмаы.

  2. Органолептикалық ақаулары.

  3. Судың құрамы 21% жоғары.

  4. Ашуы.

  5. Механикалық қоспалар.

  6. 500 С жоғары температурада қыздырылған.

  7. Улылық.

  8. Радиоактивтілік.

  9. Аралардың жұқпалы аурулардың қоздырғыштары.

  10. Фалсификаттар.

Зерттеу нәтижелерін алғанға дейін балды сатуға жібермейді. Базарларда балды сатуға арнайы киімдері бар (фартук,колпак т.б.) және сатудың санитарлық ережелерін орындаған адамдар рұқсат етіледі.

Балы бар ыдыстың сыртында вет.санитарлық сараптау жүргізілгені жайында этикеткасы болуы керек. Ақ түсті этикетка-сапалы балға,ал көк түсті –сапасы төмен бал мен шіре балына тән. Ветеринарлық-санитарлық сараптаудың нәтижелері белгілі журналда тіркелінуі қажет.



Тақырыбы № 13 Шіре балын гүл балынан ажырату әдістері.

Сабақтың мақсаты: Шіре балының органолстикалық көрсеткіштерін анықтау, лабороториялық зерттеулер жүргізу шіре балын гүл балынан ажырату.

Негізгі сұрақтар:

1.Шіре балы деген ұғымды түсіну

2.Шіре балының оргонолептикалық көрсеткіштері

3.Спирттік, әктік және сірке қышқылды қорғасын реакцияларының нұсқауы.

4.Бал құрамындағы антибиотиктердің барын зерттеудің мағынасы.

5.Балды бөлу, қаптау және маркерлеу.

Лабороториялық сабаққа арналған жұмыс дәптеріне 4 – 5 сұрақ бойынша конспект жазу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Кезекшіні тағайындау, өткен сабақтың тақырыбы бойынша әңгімелесу, ағымдағы тақырып бойынша сабақ сұрау. Студенттер жетекшінің қарауымен таблицалар мен әдебиеттердің көмегімен 1-3 сұрақты меңгереді. Реакцияларды қояды. Жүргізілген жұмыс бойынша қорытынды береді. Нәтижелерін жұмыс дәптеріне жазады. Аудиторлық бақылау жұмыстарын жүргізу.

1.Шіре балы

Аралар құрғақ жылдары әсіресе ең ыстық мезгілде кейде көктемде және күздің басында шірені жинайды. Аралар шірені таңғы уақытта жинайды, өйткені бұл кезде шіре әлі қоюланбаған. Шіре балын табиғи балға жатқызады.Гүлді балымен салыстырғанда оның құрамында декстриндер, сахарозалар, азоттық және минералдық заттар көп бірақ инвертті қанттар аз болады.Оны сатуға рұқсат етіледі, бірақ шіре балы бар ыдысқа көк түсті этикетканы жабыстырады.


Гүлді және шіре балының физико химиялық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер

Гүлді

Шіре

Судың массалық үлесі % тен аспайды.

21

21

Редицирлеуші қанттардың массалық үлесі (сусыз затқа ) % тен аспайды.

82

71

Сахарозаның массалық үлесі ( сусыз затқа ) % тен аспайды.

6

10

Диастоза саны, бірлігінен төмен емес. Ак акациялығы балдың басқа түрлеріне.

5

7


-

10


Жалпы қышқылдық қалыпты градустар (мл экв)

1-4

1-4

Әртүрлі фальсификациялар ( бал табиғи, бірақ 50° С жоғары жылытылған)

Жібермейді

Жібермейді

Антибиотиктердің радиоактивтіліктің ұлылығының болуы мүмкін.

Жібермейді

Жібермейді


Шіре балының органолептикалық көрсеткіштері.

Түсі: Ашық сарыдан (қылқан жапырақты ағаштарынан)

Қошқылға дейін (жапырақты ағаштан) болуы мүмкін.

Иісі: Кейбір шіре балының түрінде кейде жағымсыз, иісі әлсіз немесе болмайды.

Дәмі: Өзіне тән әлсіз аштылау дәмділік жағымсыз. Тұтқырлығы гүлді балынан қарағанда неғұрлым жоғары.

Кристалдануы: Аралар шіре балын гүл балы сияқты кәрезге бекітеді. Жинап алғаннан кейін ол ұсақ (ашық бал) және ірі (қошқыл бал) кристалдарымен кристалданады. Құрамында аз мөлшерде бар шіре балы роганолептикалық көрсеткіштері бойынша гүл балынан аз ажыратылады.



Лабораториялық зерттеулер.

Шіре балын гүл балынан ажырату үшін зерттеудің сапалық және сандық әдістер қолданылады. Сапалық реакциялар кейбір реагонттердің әсерлесудің нәтижесінде "шірелі " заттардың тұнбаға түсуіне негізделген.



Спирттік реакцияны қою.

Пробиркаға 1 мл бал ерітіндісін (1:2) және 10 мл 96 % этил спиртін құйып араластырады. Гүлді бал әлсіз лайланады, ал шіре қоспасы бар балдың лайлануы қатты және сүтті ақ түс пайда болады. Таза шіре балы лай және мақта тәріздес тұнба береді. Реакцияны қою үшін спирттің аз мөлшерін және оның басқа концентарциясын алуға болмайды. Бұл реакция балдың грешиный және вересковый түрлеріне жатады.



Әкті реакцияны қою

Пробиркада 2 мл балдың судағы ерітіндісін (1:1) және 4 мл әк суын араластырып , қайнағанға дейін қыздырады . Күгірт түсті тұнбаға түскен мақталардың түзілуі шіре балы екендігін көрсетеді. Әкті суды бірдей бөліктегі сөндірілмеген әк пен дистеленген судан дайындайды. Алғашқы 3-4 сағ ішінде 2-3 рет араластырып ерітіндіні 12 сағ ұстайды. Кейін реакцияны қою үшін қолданылатын сұйықтың жоғары, мөлдір қабатынбайқап төгеді.



Сірке қышқылды қорғасын реакциясын қою.

Пробиркаға 2 мл балдың сулы ерітіндісін ( 1:1) 2 мл дист ген суды және 5 тамшы 25% сірке қышқылын қорғасын ерітіндісін араластырады. Жақсылап шайқап су моншасына (80-100° с) 3 минутқа қояды. Түнбаға түсетін борпылдақ мақталардың түзілуі шіре балы екендігін көрсетеді. Пробиркадағы құрамның әртүрлі дәрежедегі лайлануы мен мақта мен тұнбаның болмауы реакцяның теріс нәтижесі болып саналады.



Өздік жұмыс: АКР орындауының жолы.

1. Балдағы антибиотиктердің қалдық мөлшерінің зерттеу нұсқасына толық сипаттама беру. Антибиотиктерді анықтаудың негізінде ағардағы диффузия принципі жатыр. Оларды анықтаудағы ерекшелік ол әртүрлі тест культураларды, орталарды және буферлерді қолдану.

2.Балды бөлу, қаптау және маркеровканы қолданудың мағынасы мен техникасын түсіндіру.

Бөлу: Бөлу үшін қандай материалды қолдануға болатынын, ыдысқа қойылатын талаптарды, жуудың техникасы, технологиялық линияларды қолдануы, дәл температураны, кәрез рамаларын таңбалау техникасын көрсету керек. Қаптау және маркировка: тұтынушылық ыдысқа талаптар мен ережелер.



Тақырыбы № 14 Ара шаруашылығындағы жұмыстар негізінде және гигиена және қауіпсіздік техникасы

Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаның ластануының ара шаруашылығында ауыл шаруашылығының химизациясы және бал үшін сапасының және қауіпсіздігінің гигиеналық нормативтерінің негізгі мағынасын меңгеру

Негізгі сұрақтар :

1.Қоршаған ортаның ластануы, ауыл шаруашылығын химизациялау.

2.Балдың сапасы мен қауіпсіздігіне гигиеналық талаптар.

Екінші сұрақ бойынша ауызша жауап дайындау.



Сабақтың қысқаша мазмұны: Өткен сабақтың материалын дисскусия жүргізу арқылы бекіту, жетекшімен бірге студенттер бірінші сұрақтың мазмұнын терең меңгеру. Аудиторлық жұмысты жүргізу.

Қоршаған ортаның ластануы, ауыл шаруашылығын химизациялау.

Қоршаған ортаның ластануы, ауыл шаруашылығын химизациялау балға адам денсаулығына ғана емес, сонымен қатар оның өміріне де қауып келтіретін бөгде заттардың түсуіне жол береді. Балға бөгде заттардың түсуінің негізгі көзі арашаруашылығында қолдануға рұқсат етілген профилактикалық және емдік медикоменттері, нәрді алып тасушы өсімдіктер, сонымен қатар оны жылумен өңдеу мен сақтау процестерінде түзілетін қосылыстар болып саналады.

Таралуы мен улылығы бойынша қауіпі неғұрлым көп төменгідей компоненттер: улы элементтер сынап, қорғасын, мышьяк, кадмий; антибиотиктер, өсімдіктерді қорғау үшін химиялық заттарды бақылаусыз қолдану салдарынан балда көбейетін пестицитер; радиокулидтер (цезий 137, стронций 90)

Өздік жұмыс: АКР орындалуының жолы. Бал қауіпсіздігінің гигиеналық нормативтері-таблицасын қолдана отырып, ауызша жауап беру.



Көрсеткіштер







Улы элементтер:

Мырыш


Мышьяк

Кадмий


Оксиметияфурфурол

Пестицидтер:

Гексахлорцикологексан

(&, f, - изомерлері)

ДДТ және оның метаболиттері

Радионуклидтер:

Цезий 137

Стронций 90


1,0


0,5

0,05


80
0,005
0,005
100

80

-

-

-



-
Бк/кг

Бк/кг


Импортты балдың гигиеналық сараптау кезінде бал партиясының құжаттары, сонымен қатар поставщикпен келісім шартында көрсетілген, өнімді сапасы бойынша қабылдап алу шарттары туралы мәліметтерді есепке алу керек.

Әкелетін жерлерде орналасқан территориалды-санитарлы эпидемиологиялық станциялар импорттық өнімге жоспарлы лабораториялық бақылау жүргізуі тиіс.

Балдың түзілуі үшін аралар нәрді өсімдіктер нәрлерінің белсенді бездерінен жинап, өңдейді. Осы ретте бал жинайтын аралар энтимофильді,тұқымдық, көкіністік және басқа культуралардың нәрін жинайды, өсірген кезде өнімдерін жоғарлату үшін, өсімдіктекдің өсуін қалыптау мен қорғау үшін арналған химиялық заттардың кең ассартименті қолданылады.

Азық өнімінің ластануы және адам денсаулығына неғұрлым қауіптілік туғызатындарға пестицитердің қолдануға болатын концентрациясын зерттейді. Оксиметияфурфуролдың болуы балдың табиғилығын және сақтау мен өңдеу процесінде өзінің сапасының сақталу дәрежесін сипаттайды. Осыған байланысты балды гигиеналық сараптауда оның құрамы бақыланады.

Тақырыбы № 15 Балды санитариялық бағалау бойынша қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты: Ауызша коллоквиум тапсыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: ауызша екінші коллоквиумның сұрақтары бойынша сұрау. Білім сапасына баға беру, лабораториялық сабаққа арналған жұмыс дәптерлерін конспектілерін тексеру.

Екінші коллоквиумға арнлған сұрақтар:

1. Балды тағам өнімі ретінде сипаттау

2 .Балдан орташа сынама алу әдісі.

3. Ара шаруашылық өнімдері.

4. Ара шаруашылығының қысқаша тарихы.

5. Табиғи балдың органолептикалық көрсеткіштері.

6. Балдағы механикалық, тозаңды қоспалар, ашу белгілері .

7.Бал сапасының физико-химиялық көрсеткіштері (судың құрамы, балдағы қышқылдық құрамы, инверттелген қантты және балдағы сахарозаны анықтау).

8.Балдың куәлігі және ветеринариялық анықтамалар.

9.Бал ерітіндісін жасау әдісі.

10.Балдың улылығын анықтау.

11.Оптикалық белсенділікпен диастаза белсенділігін анықтаудағы мәні.

12.Жасанды балдың сипаттамасы. Витаминдік және емдік бал.

13. Балдың ақаулары және оларды жою әдістері.

14. Балды фальсификациялау заттары мен әдістер.

15. Балды базарларда сатудағы ветеринариялық-санитариялық талаптар.

16. Балды микроскопиялау .

17. Балдың қантты сироппен фальсификациялануы.

18. Қантты балды анықтау методикасы.

19. Балдаға ферменттер құрамы.

20.Балды фальсификациялаудың лабораториялық зерттеу әдістері (оксиметилфурфуролға реакцияцияның мәні, балдағы қант құмын анықтау).

21. Балдың табиғилығын анықтау (методика : балдағы ұн, крахмал, желатин, қантты сірнесі, крахмал сірнесі.)

22. Балдың қыздырылуын анықтау.

23.Базарларда сатуға рұқсат етілген гүлді және шіре балының физико-химиялық көрсеткіштері .

24.Шіре балын гүл балынын ажырату.(Органолептикалық баға, спирттік, әктік реакция, сірке қышқылдық мырышпен реакциларды анықтау методикасы.)

25.Балдағы антибиотиктердің болуы.

26.Балды сақтау.

27.Ара шаруашылығы жұмыс істеу кезіндегі жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы.



28.Балдың пеститцидтермен ластануын анықтау.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет