Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы


Пайдалануға рұқсат етілген шай жүгері сорттары



бет43/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Пайдалануға рұқсат етілген шай жүгері сорттары

Кинельское 3. .Кинель селектдиялық станциясында шығарылған, эффузум (шашақты) тобына жатады. Өсіддік биік өседі, 2,0-2,2 м, орташа туптенеді (2-5 сабақ). Сабақ өзегі шырынды, қанттың мөлшері 16% дейін, негізгі сабақта 7-10 жер бетіндегі түйіні болады. Дөндері ірі, ұзынша-сопақ пішінді, сарғыш түсті. Сорт ерте піседі, өсіп-жетілу кезеңі 100 күнге дейін, 1978 (6,11).



Ранний янтарь 161. Синельников селекциялық станциясында шығарылған, эффузум тобына жатады. Биіх өсетін өсімдік (1,8-2,3 м) орташа түптенеді (3-4 сабақ). Сабақ өзегі шырыңды, 13-15% қант болады. Сіпсебастың ұзындығы 15-25 см, тік өседі, борпыддақ қысыңқы. Масақша қабықшалары дәннен ұзындау, жылтыр қара, қалың, дәнге қабысып өскен. Дәні қабықты, кейде шеттері өлсіз ашық, ашық-қоңыр түсті, ұзынша-эллипс пішінді, 1000 дәннің массасы 20-25 г. (қабықсыз), қабықтылығы 15-20%. Орташа мерзімде піседі, алайда аудавдастырылған аймақта піспейді, 1962 (2,6).

Астық шай жүгерісінің пайдалануға жіберілген сорттары: Кшышинское 75, 1989 (6); Молдавский 40, 1988 (3); Ставропольское 63, 1992 (4);

Сүрлемге өсіруге пайдалаңуға рұқсат етілген сорттары: Казахстанское 16, 1998 (11); КИЗ 94, 2000 (3); Красноводопадское 246, 1964 (13); Силосный 72, 1982 (5); Цунами 85, 1993 (8,13);

Сыпыртқы шай жүгерісінің сорттары: Веничное ранкее, 1987 (11); Донское 35, 1985 (2,3,4,6);

Судан шөбі шай жугері буданы: Алма-Атинский 81, 1992 (3,4,8,11,13).



КҮНБАҒЫС - ПОДСОЛНЕЧНИК – НELIANTHUS ТАПСЫРМА

1. Өсімдік құрылысының ерекшеліктерін оқып-үйрену.



  1. Сүрлемдік күнбағыстың аудандастырылған сорттарына шаруашылық-биологиялық сипаттама беру.

  2. Күнбағысты сүрлемге өсірудің операциялық технологиясын жасау.

Күнбағысты сүрлемге өсіру, жүгерімен қатар, метеорологиялық жағдайлары әртүрлі жылдары, өсіресе жылу тапшы жылдары, сүрлемдік жасыл балаусаның тұрақты өнімін алуға мүмкіндік береді.

Дақылдың морфологиялық ерекшеліктері мен жүйеленуі "Майлы дақылдар" тарауында қарастырылған. Сүрлемге төмендегідей сорттарын пайдалануға рұқсат етілген: Армавирский 3497. Армавир тәжірибе станциясында шығарылған, 1968 (9). ВНИИМК 8931 улучшешіый. Сорт орташа мерзімде піседі, 1969 (1,2,6,12). ВНИИМК 6540 улучшенный. Орташа мерзімде піседі, 1978 (11). Передавик улучшенный. Орташа мерзімде пісетін сорт, 1972 (1,7,12). Восход, 1987 (4); Маяк, 1974 (5).

Бақылау сұрактары

  1. Негізгі сүрлемдік дақылдар латынша және орысша қалай аталады

  1. Өсіп-даму кезендеріне байланысты жүгерінің мал азықтық құндылығының сипаттамасы.

  1. Тамыр жүйесі, сабақ пен жапырақтарының қалыптасуерекшеліктері қандай ?

  1. ФАО эдістемесі бойынша будандарды пісу топтарына қарай жүйелеудің мәні (белсенді температура жиынтығына талаптары, жапырақтар саны, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы, астық технологиясымен өсіруге жарамдылығы).

  1. Жүгерінің тұр тармақтары, оларды анықтаудың әдістемесі.

  2. Жүгері өсімдігінің даму кезенцері.

  3. Жүгерінің жылуға талаптары және Қазақстанның негізгі топырақ-климат аймақтарында осы фактормен қамтамасыз етілуі қандай ?

  4. Жүгерінің ылғалға талаптары және ертүрлі ылғалдану жылдары негізгі топырақ-ютимат аймақтарында осы фактормен қамтамасыз етілуі қандай ?

  5. Жүгерінің топырақтарға талаптары жөне Қазақстанның әртүрлі топырақ-климат аймақтарында жүгеріге танаптарды тандау ерекшеліктері қандай ?

Ю.Сүрлем сапасы мен ондағы ақсыл мөлшерін арттыру шаралары қандай ?

П.Негізгі табиғи аймақтарда қарқынды технология элементтерін пайдаланып жүгеріні астыққа және сүрлемге өсіру агротехникасының ерекшеліктері қандай ?

12.Суармалы жүгерінің өсіру агротехникасының ерекшеліктері қандай ?

Солтүстік Қазақстанда жүгеріні сүрлемге астық технологаясы бойынша өсірудің ерекшеліктері қандай ?



  1. Жүгері егістігін күтіп-баптау шаралары.

15.Тұқымды себуге дайындау технологиясы қандай ? Қайда жане қалай бүл жүмыс іске асырылады ?

іб.Жүгеріні сүрлемге жинау технологиясы мен мерзімі, оның ішінде астық технологиясы бойынша өсірілгенде.

17.Жоғары сапалы сүрлем дайындау мен алу технологиясының негізгі элементтері.

18.Шай жүгері астық, жасыл балауса мен сүрлемінің мал азықтық құндылығы қандай ?



  1. Шай жүгерінің морфологиялық ерекшеліктері (тамыр жүйесі, сабақ, жапырақтары) жөне өнімді қалыптастыру ерекшеліктері.

  2. Негізгі топырақ-климат аймақтарында сүрлемге және астыққа өсіру мүмкіндіктерш ескеріп шай жүгері сорттары мен будандарын сипаттау.

21.Шай жүгері мен жүгерінің сыртқы орта факторларына (жылу, ылғал, топырақтарға) қоятын талаптарына салыстырмалы баға беру және негізгі топырақ-климат аймақтарында осы факторлармен қамтамасыз етілуі.

22.Нақты топырақ-климат жағдайларына сөйкес Қазақстанда шай жүгеріні сүрлемге және астыққа өсіру агротехникасының ерекшеліктері.



  1. Күнбағыстың жасыл балаусасы мен сүрлемін азықтық құндылығы бойынша жүгері мен шай жүгерімен салыстырып сипаттау.

  2. Қазақстанның әртүрлі аудандарында жүгеріні толықтырушы мал азықтық дақыл ретіндегі күнбағыстың маңызы.

  1. Күнбағыстың өсу ерекшеліктері.

  2. Сүрлемге аудандастырылған күнбағыс сорттары.

  1. Күнбағыстың сыртқы орта факторларына (жылу, ылғал, топырақтарға) қоятын талаптары. Аталған көрсеткіштер бойынша күнбағыстың жүгеріге қарағанда артықшылықтары.

  1. Күнбағыс сүрлемінің сапасын арттыратын шаралар.

  2. Күнбағысты тығыз егістікте өсірудің технологиясы.

  1. Қарқынды технологияның барлық элемегатерін қарастыратын күнбағысты сүрлемге өсірудің агротехникасындағы ерекшеліктері.

Тарау бойынша әдебиеттер

Богданов Г.А., Привалов О.В. Сенаж и силос. М.: Колос, 1983.

Зафрен С.Я. Технология приготовления кормов. М.: Колос, 1977.

Искаков Я.И. Сорго. М., Россельхозиздат, 1983.



Интенсификация кормопроизводства и пути решения проблемы белка в Северном Казахстане. Тр.ЦСХИ, 1989.

Кукуруза на корм. Производство и использование. /Пер.с англ./ М., 1983.



Можаев Н.И. и др. Специализированные кормовые севообороты и размещение в них кормовых культур при орошении и без орошения. Тр.ЦСХИ, 1990.

Можаев Н.И. Опыт интенсификации кормопроизводства на орошаемых землях//Тр./ЦСХҚ т. 72, 1986.

Можаев Н.И. Площадь листовой поверхности и урожай кукурузы/ЛСукуруза. 1966, №8.

Можаев Н.И., Донова Л.В. Площадь питания и урожай кукурузы/ЛСукуруза. 1969, №2.

Можаев Н.И., Заботина Е.И. Полевая всхожесть, сроки посева и холодный метод определения всхожести семян кукурузы//Тр./Красноярский НИИСХ. Том 2. Красноярск, 1964.

Можаев Н.И. Культура огромных возможностей. Кукуруза - могучая культура. Красноярск, 1962.



Можаев Н.И., Искаков М.А. Урожайность кукурузы, сорго и подсолнечника на силос при разном загущении и уровне минерального питания//Тр./ЦСХИ. Т. 34, Целиноград, 1981.

Можаев Н.И. Полевое кормопроизводство Северного Казахстана. Алма-Ата: Кайнар, 1975.

Можаев Н.И., Шейкин В.С. Использование сорго в качестве силосной культуры//Вестник с.-х. науки Казахстана, 1981, № 6.

Можаев Н.И., Шейкин В.С. Приемы повышения урожайности сорго// Кормопроизводство. 1982, № 9.

Можаев Н.И., Шейкин В.С. Нормы и способы посева и площади питания сорго при орошении//Тр./ЦСХИ, том 49, 1982.

Можаев Н.И., Альберти Э.И. и др. Эффект правильного севооборота на орошаемых землях Северного КазахстанаУ/Земледелие, 1985, № 11.

Можаев Н.И., Лазник Э.Ф. Интенсивные технологии в кормопроизводстве и себестоимость кормов//Вестник с.-х. науки Казахстана. 1991, № 3.

Правила производства механизированных работ под пропашные кулыуры. М.: Россельхозиздат, 1986.

Подсолнечник. Под общей ред. акад. В.С. Пустовойта. М.: Колос, 1975.



Теоретические основы построения и освоения кормовых севооборотов. М.: Агропромиздат, 1987.

Томмэ М.Ф. Корма СССР. Состав и питательность. М.: Колос, 1964.

Ткаченко Ф.М. Силосные культуры. М., 1974.

Труды ЦСХИ: т.9, вып.4,1973; т., 1974; т.12, вып.7,1975; т.13,вып.6, 1975; т.14,вып.11,1977; т.24,1979; т.34,1981; т.49,1982; т.52,1983; т.57,1984.

Физиология сельскохозяйственных растений. Т.5, М., 1969.

Химический состав и переваримость кормов Казахстана. Алма-Ата: Кайнар, 1988.

Шорин П.М. Сорго - ценная кормовая культура. М: Россельхозиздат, 1975.



Юмагулов Г.П. Кукуруза. Индустриальная технология возделывания. Алма-Ата:Кайнар, 1987.

4. МАЛ АЗЫҚТЫҚ ШӨПТЕР

Қазақстаңда мал азығын өндіруде көпжыддық және біржыдцық мал азықтық шөптер үлкең рөл атқарады.



Дақыл есіретін жыддың алдындағы жылда жаздың екінші жартысы мол ылғалды, қыс қарлы, ал көктем жауынды-шашынды, жылы болған жыддары көпжыддық шөптерге қолайлы жагдайлар қалыптасады, біржыддық шөптерге шілде, тамыз жаңбырлы болған жыддар қолайлы. Сондықтан шаруашылықтарда метеорологиялық жағдайлар әртурлі жыддары мал азығының берік қорын жасау ушін шөптердің бірінші тобы да, екінші тобы да өсірілуге тиіс.

Ғылыми мекемелер мен озат шаруашьшықтардың тежірибелерін негізге ала отырып, өрі көпжыддық жөне біржылдық шөптердің биологаясын білуге суйеніп, аталған мал азықтық шөптер топтарының пішен өнімін суарылмайтын жағдайда 25-35 ц, ал суармалы жағдайда 50-70 ц/га жеткізуге болады.

4.1. КӨПЖЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ЕКІЖЫЛДЫҚ БҰРШАҚ ТҰҚЫМДАС ШӨПТЕР ТАПСЫРМА

  1. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер туыстығының өсімдіктерін жапырақ типтері, жапырақшалардың, гүл шоғырлары мен жемістердің қурылысы бойынша анықтауды үйрену.

  2. Бұршақ тұқымдас шөптер туыстығын тұқьмдары бойынша анықтауды үйрену. Кескінді суреттерін салу.

Бұршак тұқмдас шөптер туыстығын анықтау. Өндірістік тәжірибеде бул тұқымдастар тобынан барынша маңыздылары жоңышқа, қызыл беде, эспарцет, лядвенец және түйежоңышқа, соңғысы екіжыддық болып есептеледі. Қазақстанда қазіргі уақытта жэне болашаққа кең тарағаны жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа.

Кепжыддық бұршақ тұқымдас шөптер бір-бірінен жапырағының құрылысы, жапырақшалардың, гүл шоғырының пішіні, гүлдердің түсі, жемістердің пішіні т.б. белгілері бойынша ажыратылады. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер туыстығын анықтайтын негізгі белгілер 54-сурет пен 77,78-кестелерде келтірілген.

ЖОҢЫШҚА – ЛЮЦЕРНА MEDICAGO ТАПСЫРМА

  1. Жоңышқаның негізгі түрлерін анықтауды үйрену.

  2. Жоңышқаның негізгі сорт типтерін анықтауды үйрену.

  1. Жоңышқаның пайдалануға рұқсат етілген сорттарына сипаттама беру.

  2. Егістік, сары және орташа жоңышқаның морфологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену.

  3. Жоңышқаны мал азығына және түқымға суармалы және суарылмайтын жағдайда өсірудің операциялық технологиясын жасау.П.М. Жуковскийдің (1971) сипаттамасы бойынша жоңышқа (Месііса§о) туыстығы 60-тан астам түрлерді қамтиды, туыстығының құрамына, диплоидты, тетраплоидты, гексаплоидты генетикалық топтарға кіретін түрлер жатады. Диплоидты түрлерден Қазақстанда жабайы түрде кездесетін көкшіл және Трауфеттер жоңышқасы көңіл аударарлық, өндірістік маңызы бары тетраплоиды жоңышқалар.

Бұл топқа дақылда өсірілетін үш түр кіреді: М. заііуа (егістік жоңышқа), М. іаісаіа (сары жоңышқа), М.теёіа (орташа жоңышқа) -55-сурет.



54-сурет. Кепжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің түқымдары мен жемістері: 1-шалғындық беде; 2-будандық беде; 3-көген тамырлы беде; 4-біржылдық (пунцалық) беде; 5-ақ түйежоңышқа; 6-сары түйжоңышқа; 7-сары жоңышқа; 8-егістік жоңышқа; 9-егістік эспарцет.

55-сурет. Жоңышқаның бүршаққаптары: 1-сары жоңышқа; 2-буданды жоңышқа; 3-егістік жоңышқа.



77-кесте Көпжылдық мал азықтық бүршақ тұқымдас шөптер туыстықтарының тұқымындағы негізгі айырмашылық белгілері

Пішіні

Беті

Түсі

Тұқым жолы

Мөлшері,

мм


Туыстык атауы

Бүйрек төрізді немесе жүрек тәрізді, бірбүйірлі

Күңгірт ақ

Сарғыш-сүр, ашык-қоңыр

Домалақ, кішірек

1,75-2,5

Жоңышқа

Әлсіз бүйрек пішінді

Тегіс

Жасылдау-қоңыр

Сондай

6-7

Эспарцет

Жүрек төрізді, тұқым жолы астында шығыңқы

Күңгірт, кейде өлсіз жылтыр

Жасылдау-сары

Сондай

1,7-1,9

Түйежоңышқа

Жүрек төрізді, бірбүйірлі

Жылтыр

Сары-күлгін ескі тұқымдарда қоңыр

Сондай

1,75-2,26

Қызыл беде

Әлсіз бүйрек төрізді

Күңгірт

Қоңыр, кейде жасыл

Сондай

1,1-1,4

Мүйізді лядвенец

78-кесте

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер туыстықтарының айырмашылық белгілері

Жапырақ

типі


Жапырақшалар

Гүл шоғыры

Гүлдер

Жемістер

Туыстық атауы

Үштік

Эллипс, кері жұмыртқа пішінді, ортаңғы жапырақша ұзынырақ сағақшада (аяқша) орналасқан, ортаңғы жүйке жапырақ шетіне шыққан, жапыракдіа шеттері бүтін немесе тістенген, төбесі ойық келген

12-16 гүлді шоқгүл (бүтақбас гүл түғырындық аяқта, немесе отырған бұтақбас)

Үсақ, күлгін, кекшіл акдиыл-қызғылт-сары, шүбар түсті

Көп тұқымды бұршаққап, спираль сияқты бүратылған немесе орақ тәрізді

Жоңышқа

Дара қауырсынды

Эллипс төрізді, әртүрлі шамада, сағақ негізіне қарай кішірейген, аяқшасының ұзындыгы барлық жапырақшаларда бірдей, ортаңғы жүйке қыска, жапырақ шетіне шықпаған, жапырақтар шеттері бүтін.

Шоқгүл, бұтақбас, ұзын, гүлдері көп. Гүлдері қысқа гүл аяқшаларына бекіген.

Ірі, қызғылт өртүрлі рендерде

Біртұқымды жарылмайтын бұршаққап, домалақтау бұрышты

Эспарцет

Үштік

Кең сопақ пішінді, ортаңгы жапырақша ұзынырақ аяқшада, ортаңғы жүйке-жапырак шетіне шыққан, жапырақшалардың шеттері аратісті.

Қолтықты шоқгүл, гүлдері қысқа гүл аяқшаларына бекіген.

Ұсақ,ақ немесе сары

Бір тұқымды бұршаққап, домалақ, жұмыртқа пішінді, торлы немесе көлденең әжімді

Түйежо-

ңышқа


Сондай

Эллипс, кері жұмыртқа пішінді, барлық жапырақшаларда аяқша ұзындығы бірдей, ортаңғы жүйке қысқа, жапырақша шетіне шықпаған жапырақпіалар шеттері бүтін немесе өлсіз тістенген

Шар төрізді жұмырбас, сопақ немесе ұзынша, көп гүлді, гүлдер отырған (аяқшасы жоқ)

Ұсақ ашық-қызғылт, сарғыш-ақ, ақ

1-2-тұқымды бұршаққап, домалақ жұмыртқа пішінді

Беде

Сондай

Кері жұмыртқа пішінді, бұрыс ромбы-тәрізді ланцетті, ұсақ барлық жапырақшаларда аяқша ұзындыгы бірдей, ортаңғы жүйке қысқа, жапырақша шеттері тістенген

Зонтик тәрізді жұмырбасты 5-8, гүлден тұрады, гүлдер басқа аяқшаларға бекіген.

Ұсақ, ашық-сары

Көп тұқымды бұршаққап піскенде жарьшады

Лядвенец

Каталог: Книги -> 269
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
269 -> Назар аударыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет