Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет58/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76

Крулносемянный 1 - Солтүстік Қазақстан МАТС-да (Чаглинка) шығарылған, өсімдігінщ биіктігі 70-80 см, орташа бұталы, 1000 тұқымның массасы 2,0-2,6 г. шашылып қалу дәрежесі жоғары. Сорт ерте піседі: шабылмалы пісу кезеңінде 65-75, тұқымның шаруашылықты пісуіне 90-105 тәулік қажет. Қуаңшылыққа орташа төзімді, алшынкөктігі өлсіз-бір-ақ шабыс береді, 1972 (12).

Степняк 1 - Хакас МАТС-да шығарылған, биіктігі 60-90 см өсімдік, түптенуі орташа (2-4 сабақ), жақсы жапырақтанған (50%), буын аралықтарының саны 6-10. Тұқымдары қызыл-күрең, қабығы жарылуға бейім. 1000 тұқымның массасы 2,5-3,0 г. сорт орташа мерзімде піседі, алғашқы кезенде және шабылғаннан кейін қарқынды өседі, тұқымы шашылуға төзімді, 1974 (12).

Темирский 110 - Қарабалық МАТС-да шығарылған, өсімдігінің биіктігі 70-100 см, орташа түптенген (3-5 сабақ), тұқымы қызыл-күрең немесе қызғылт-сары, 1000 түқымның массасы 2-3 г. сорт ерте піседі, қуаңшылыққа төзімді, алшынкөктігі әлсіз, 1954 (1,12).

Алтайский 23 - Алтай егіншілік ҒЗИ-да шығарылған, бұтасы тік өседі, жинақты, сабақтары жіңішке және биіктігі 90-110 см. Жапырақтануы 42-47%. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы мал азығына өсіргенде 50, ал түқымға өсіргенде 100 төулікке дейін. Құрғақшылыққа төзіщі, 1994 (1).

ҚОНАҚТАРЫ-ЧУМИЗА-8.І. МАХІМА

Итқонақ сияқты қонақтары да бастанған тарының (Зеіагіа йаііса тахіта) түр тармағына жатады жөне көп белгілері бойынша итқонаққа ұқсас. Итқонақтан айырмашьшығы-сіпсебасы ірі, айқын қалақты, бұтақшалары күшті дамыған, дәндері көп, сабақтары ірі (80-120 см) өрі қатты, әлсіз түптенген. Гүл шоғыры-масақ тәрізді сіпсебас, ұзындығы 16-50 см, ені 2-10 см, әртүрлі пішінді цилиндр, ұршық тәрізді т.б. қалақшаларының ұзындығы 1-2 см-ден 7-10 см дейін жөне оларда үсақ масақшалар орналасқан, бас білігі мен бүйір біліктері әр уақытта түкті. Жемісі-дән, жұқа гүл қабықшасымен қапталған, сарғыш-ақ, сары күңгірт-сүр, сабан түсті-сары ж.б. түсті болып келеді. Итқонақтан айырмашылығы қонақтырының жемісі (дәні) бір жағынан тегіс, ал екінші жағы дөңес болып келеді. 1000 тұқымның массасы 1,5-4,1 г.



Пайдалануға рұқсат етілген сорттары:

Новосибирская 1-Новосібір МАУ-ды шығарылған, бұтасы тік өседі, жапырылуға төзімді. Тұқымы ашық-сары түсті, 1000 санының массасы 2,5 г., сорт орташа мерзімде піседі: егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін 40-56, тұқымның шаруашылықты пісуіне дейін 74-89 тәулікқажет, қуаңшылыққа төзімді, 1959 (1,2,12).



МАЛ АЗЫҚТЫҚ ТАРЫ-ПРОСО КОРМОВОЕ

-PANIKUM MILIACEUM

Тары жармалық дақыл ретінде астыққа қана емес, мал азығы ретінде де өсіріледі, бірақ ол үшін астықты сорттарына қарағанда жасыл балауса өнімін 1,5-2,0 есе жоғары калыптастыратын мал азықтық бағыттағы оның сорттарын пайдаланған жөн. Тарының ботаникалық сипаттамасы мен жүйеленуі тиісті бөлімде қаралған.



Пайдалануга рұқсат етілген мал азықтық тарының сорттары:

Кормовое 2-Самара АШҒЗИ-да шығарылған, сангвиниеум түршесіне жатады, 1000 түқымның массасы 7,7 г. сорт орташа мерзімде піседі: егін көгінен жасыл балаусаның шабылмалы пісуіне дейін 47, ал тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 81-92 тәулік. Шашылуға төзімді, жоғары мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді, жасыл балаусасының өнімі 150-200 ц/га, 1979 (1,7,11,12).

Кокчетавское 66 -Көкшетау АҒЗИ-да шығарылған, кокцинеум түршесіне жатады. Бұтасы жинақты, жартылай жайылмалы, түптенуі-бір өсімдікте 3-6 сабақ. Жапырақтануы 45-61%, 1000 тұқымның массасы 5,3 г. сорт орташа мерзімде піседі, егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін 43-49, тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 66-67 төулік. Аудандастырылған аймақтағы жасыл балауса өнімі 110 ц/га дейін, 1985 (1,12).

Черносемянное 1 -Сібір МАҒЗИ мен Новосібір АТС-да шығарылған, атрокостенеум түршесіне жатады, бұтасы тік өседі, сіпсебасы иілген, жапырылуға төзімді, биіктігі 80-90 см, жапырақтануы 35-37%, 1000 тұқымның массасы 6-7 г, сорт орташа мерзімде піседі, егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін 60-61, тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 80-90 тәулік. Өсірілетін аймақтағы жасыл балауса өнімі 120 ц/га дейін, 1978 (2).

Кормовое 89-Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, ауреум түршесіне жатады, сабақтары нөзік жақсы жапырақтанған, қатты түктелген, биіктігі 57 см дейін. Мал азығына пісу кезеңі 44, тұқымға 89 тәулік,

1993 (1,9,11,12).



Омское 11, 1994 (1); Саратовское 6, 1994 (1); Шортандинское 7,

1994 (1).



МАЛ АЗЫҚТЫҚ КҮЗДІК ҚАРА БИДАЙ-

КОРМОВАЯ РОЖЬ-SECALE

Күздік қара бидай дөнді дақыл ретінде тиісті бөлівде қарастырылған. Мал азықтық мақсатқа осы бағыттағы сортгарды өсіру керек.



Саратовская 2-Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған, вульгара түршесі, диплоидты түрлеріне жатады. 1000 тұқымның массасы 28-40 г. Өсімдіктің биіктігі 114-117 см. Сорт біркелкі биіктікте өседі, орташа мерзімде піседі, өсіп-жетілу кезеңі 300-320 тәулік. Қысқа, құрғақшылықққа, жапырылуға төзімді, жоғары өнімді, 1991 (1,3,12).

Чулпан-Башқұрт АШҒЗИ-да шығарылған, 1998 (11,12), Сибирская кормовая, 1981 (4); Вахшская 128, 1995 (5); Кормовая 51 (Тегра),1988 (3); Памирская, 1975 (13); Снежная, 1996 (13).



Аталғандардан басқа мал азығына пайдалануға рұқсат етілген астық тұқымдас дақылдар: Тритикале Простор, 1987 (13); Күздік бидай Пиротрикс 50 (Зернокормовая 50), 1992 (3); Жаздық арпа Бота, 1997 (1,12); Гранал, 1992 (1,6,9,12); Кедр, 1992 (6,9,12); Оренбургский Кормовой, 1993 (6); сүлы Алтайский крупнозерный, 1992 (3,5); Аргымак, 1999 (3); Бітік, 1998 (12); Иртыш 15, 1994 (11,12). Казахстанский 70, 1992 (3,5,13); Льговский 82, 1992 (4); Урал, 1988 (7).

МАЙЛЫ ШОМЫР-РЕДЬКА МАСЛИЧНАЯ-RAPHANUS

SATIVUS OLEIFERUS

Майлы шомыр (К.8. ОіеИегаз) біржылдық мал азықтық суыққа төзімді өсімдік-4-5° С бозқырауды жеңіл көтереді. Тамыры кіндікті, жоғарғы бөлігі 2-3 см дейін жуандаған, топыраққа 0,8-1,0 м дейін бойлайды. Сабағы бұтақты, буындарында майысқан, 3-4-5 қырлы, гүлденгенде жасыл, ал толық піскенде сүр немесе ашық-қоңыр түсті, бітеу немесе іші қуыс, әртүрлі дәрежеде түкті, биіктігі 0,5-1,5 м. Жапырақтары түкті, төменгілері сағақты, желпігіш-қауырсынды 2-6 жұпты қалақты жоғарғылары-сағақсыз, бүтін, ұсақ, тұқым жарнақты жапырақшалары антоциан түсті. Гүл шоғыры-борпас шоқгүл. Гүлдері ақ түсті, қызғылт, немесе ашық күлгін күлтеше жапырақша түзеді, өсімдігі айқас тозаңданады. Жемісі-сүйір ұшты жарылмайтын қампиған бұршаққын, ұзындығы 3-7 см, диаметрі 1-1,5 см. Бұршаққындағы тұқым саны 6-10, ашық-қоңыр, ашық-қызыл және мүдде қызыл түсті, бұрыс сопақ пішінді, 1000 тұқымның массасы 8-12 г. Пақдалануға рұқсат етілген сорт:

Тамбовчанка —ТАША шығарылған, бүтасы тік өседі, биіктігі 0,8-1,0 м. Тұқымы-ашық-қоңыр түсті, 1000 тұқымның массасы 17-18 г. Өсіп-жетілу кезеңі егін көгінен шабылмалы пісуіне дейін 45-50, тұқымының шаруашылықты пісуіне дейін 75-80 тәулік, суармалы жерлерде 300-350 ц/га дейін жасыл балауса өнімін береді, 1985 (1,4,7,9,12).

РАПС-BRASSICA NAPUS OLEIFERA

Рапс-(В.М. О1еИега)-біржылдық майлы өсімдік, соңғы жылдары мал азығьша қолданылады. Бұл тарнаның жақын тумасы, мал азықтық қырыққабат пен қышаны будавдастыру жолымен алынған, егістікте күздік жөне жаздық түрде өсіріледі. Қысы қатты, қатал аудандарда негізінен жаздық рапс өсіріледі. Тамыры-кіндікті, ұршық тәрізді, 1,6-1,8 м тереңдікке бойлайды. Сабағы түзу, бұтақты, биіктігі 0,6-1,6 м, жасыл немесе күңгірт-жасыл, кейде антоциан түсі болады, балауыз тотымен көмкерілген. Күздік рапс қысқа кеткенше 10-15 жапырақты дегелең қалыптастырады. Гүл шоғыры 20-40 ірі алтын түсті-сары гүддерден құралған шоқгүл. Жақсы бал жинағыш, жемісі-үзын (6-11 см), жіңішке (4-6 мм) піскенде жарылғыш, тегіс немесе әлсіз дөңесті, жіңішке тұмсықты бұршаққын. Бұршаққында 20-40 шар тәрізді, беті ұсақ-ұялы қара, қара-сұр, немесе күңгірт-қоңыр түсті диаметрі 1,5-2,0 мм тұқым болады, 1000 санының массасы 3-7 г (72-сурет).





72-сурет. Рапс: 1,2-дамыган егін көгі мен гүдцену-жеміс түзу кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-гүлдері жөне жемістерімен сабақтың бір бөлігі; 4-жеміс; 5-түқым (жоғарғы жақта-үлкейтілген).

Мал азығына пайдалануға рұқсат етілген жаздық рапстың сорттары: Золотонивский-Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, 1989 (1,2,3,4,7,8,9,12). Шпат-МДҒЗИ-да шығарылған. Өсімдік биік өседі 96-110 см, 1993 (12). Күздік рапс Иванна, 1991 (3), Проминь, 1988 (5).



Каталог: Книги -> 269
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
269 -> Назар аударыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет