Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет60/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76

БҰРШАҚ-АСТЫҚ ТҰҚЫМДАС ҚОСПАЛАРДЫ ӨСІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Біржылдық бұршақ тұқымдас шептерді мал азығына біржылдық астық тұқымдастармен қоспа түрінде өсірген тиімді, алайда

қоспалардан дайындалған мал азығының сапасы жалпы өнімде бұршақ тұқымдастар коспоненті 25-30 проценттен кем болмағавда ғана анағұрлым жоғарылайды, сондықтан маңызды мэселелердің бірі компоненттердің себу мөлшерін дүрыс анықтау болып табылады.



ТАПСЫРМА

1. Қазақстанның өртүрлі топырақ-климат айцмақтарына бейімдеп бұршақ-астық түқымдас қоспалардың (аралас шөптердің) себу мөлшерін есептеу.

2. Мал азығына өсірілетін бір қоспашөптердің (асбұршақ- ноғатық-сиыржоңышқа-астық тұқымдас) операциялық технологиясын жасау.

Компоненттердің себу мөлшерін өртүрлі тәсіддермен ессптеуге болады, олардың бірі 88-кестеде негізгі аймақтар үшін келтерілген компонентгердің жобалы себу мөлшері.



88-кесте Мал азығына өсірілетін бұршақ-астық тұқымдас қоспалардың себу мөлшері (гектарына млн енгіш тұқым)

Дақылдар




Табиғи аймақтар






орманды-дала

далалық қара-топырақты

құрғақ далалы

Сиыржоңышқа

1,6-2,2







Асбұршақ

0,3-0,4

0,3-0,4

0,3-0,4

Сұлы

3,0-3,5

2,5-3,0

2,0-2,5

Судан шөбі




2,5-3,0

2,0-2,5

Компоненттерді тандап алу әртүрлі аймақтар үшін есімдіктердің ылғалдану жағдайларына қоятын талаптарын ескере отырып іске асырылады. Пәрменді есіру технологиясының басқа да элементтерін мұқият ескерген жөн.

Бақылау сұрақтары

  1. Негізгі біржылдық астық тұқымдас шөптердің !(судан шөбі, мал азықтық тары, итқонақ, қонақтары) сүлы, қара бидай, арпа және кырыққабат тұқымдас өсімдіктерінің мал азықтық құндылығын сипаттау.

  2. Біржылдық астық тұқымдас шөптердің және қырыққабат тұқымдас өсімдіктердің мал азығын арттырудағы маңызы мен жасыл конвейер жасаудағы рөлі.

  3. Мал азықтық шөптер мен қырыққабат тұқымдас өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы түрде сипаттау.

  4. Негізгі біржылдық мал азықтық шөптер мен қырыққабат тұқымдас өсімдіктерді биологаялық ерекшеліктері жөне топырақ- климат жағдайларына қарай аудандастыру.

  5. ҚР пайдалануға рұқсат етілген біржылдық астық тұқымдас шөптер мен қырыққабат тұқымдас өсімдіктердің сорттары.

  6. Биологиялық ерекшеліктері мен топырақ-климат жағдайларына қарай біржылдық шөптерді тұқымға есіру ерекшеліктері.

  7. Судан шөбі, мал азықтық тары, итқонақ, қонақтары, қара бидай, рапс, майлы шомыр ж.б. мал азығына есіру ерекшеліктері.Бұршақ-астық тұқымдас біржылдық шөптердің қоспасын қолданудың биологиялық және шаруашылық маңызы.

  1. Аймақтың әртүрлі топырақ-климат жағдайлары үшін біржылдық бұршақ-астық түқымдас шөптер қоспаларының компоненттерін тандау ерекшеліктері.

  2. Біржылдық бұршақ-астық тұқымдас шөптерді мал азығына өсіру ерекшеліктері өсіру технологиясының мына элементтеріне назар аударған жөн:

а. ауыспалы егістегі орны және алғы дақыл;

б. шөп қоспаларының себу мерзімі мен технологиясын негіздеу;

в. Аймақтың негізгі топырақ-климат жағдайларына қарай бұршақ-астық түқымдас қоспалары тұқымдарының себу мөлшері;

г. шөп қоспалары егістігін күтіп-баптау.

Бөлім бойынша әдебиет



Андреев Н.Г., Савицкая. Кострец безостый. М.: Россельхозиздат, 1987.

Бенц В.А. Горох. Алма-Ата: Кайнар, 1976.

Благовещенский Г. Сено. Сенаж. Травяная резка. М., 1974.

Величко П.В. Житняк. Кайнар, 1980.

Зыков Ю.Д. Люцерна Семиреченская. Алма-Ата, 1965.

Иванов А.Е. и др. Механизация производства семян многолетних трав. Л.: Колос, 1981.

Интенсивные технологии в кормопроизводстве в Северном Казахстане//Труды, Акмола, 1994.

Каджюлис и др. Выращивание многолетних трав на семена. М.: Колос, 1983.

Можаев Н.И. люцерна на корм и семена. Алма-Ата: Кайнар, 1981.

Можаев Н.И. Основные резервы повышения урожайности многолетних трав в Северном Казахстане//Тр. ЦСХИ, т. 57, 1984.

Можаев Н.И., Цапков Н.А. Приемы повышения урожайности семян суданской травы// Селекция и семеноводство. 10, 1982.

Можаев Н.И. Полевые культуры Северного Казахстана. Алма-Ата: Кайнар, 1979.

Можаев Н.И. Рекомендации по возделыванию многолетних трав и суданской травы на семенных участках Целиноград, 1983.

Производство семян многолетних трав. М.: Россельхозиздат, 1976.

Суданская трава. М.: Колос, 1981.

Соловьев В.Ф. Суданская трава-высокопродуктивная кормовая культура. М.: Колос, 1979.

Тютюнников А.И. Однолетние кормовые травы. М.: Россельхозиздат, 1995.

Труды ЦСХИ: т.9, вып. 4, 1973; 1974; т.12, вып.7, 1975; т.13, 1975; вып.П, 1977; т.18, 1978; т.24, 1979; т.49, 1982; т.52, 1983; т.57, 1984; т.65, 1985; т. 72, 1986; 1989.



Федосеев Б.В. Механизированная технология возделывания и уборка бобовых культур. М.: Россельхозиздат, 1983.

Физиология растений. Т.УІ. Зернобобовые растения. Многолетние травы. М., 1970.

5. ТАМЫР ЖЕМІСТЕР ТАПСЫРМА

  1. Тамыр жемістердің түрлерін, тұқымын, егін көгі, жапырақтары және тамырлары бойынша оқып-үйрену.

  2. Тамыр жемістердің өсіп-жетілу кезеңдерін сипаттап жазу.

  3. Тамыр жемістердің биологиялық өнімін анықтау әдістемесін оқып-үйрену.

  4. Пайдалануға рүқсат етілген сорттары мен будандарына шаруашылық-биологиялық сипаттама беру.

  5. Мал азықтық қызылшаның суармалы және суарылмайтын жерлерде өсірудің операциялық технологиясын жасау.

Егістікте өсірілетін басты тамыр жемістер төмеңдегідей тұқымдастар мен түрлерге жатады.

Қант қызылшасы , ала бүталар тұқымдасы , сәбіз , шатырша гүлдер тұқымдасы, тарна, турнепс, қырыққабат тұқымдасы.



Аталған дақылдар, әсіресе қант қызылшасы қүрамында көмірсутектер, минералдық тұздар мен дөрумендердің (В), Вг,С) молдығымен, жеңіл қорытьыатындығы және жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. Қоректілігі женінен тамыр жемістердің ішівде қант қызылшасы бірінші орында. Қант қызылшасы-қант өнеркәсібіне шикізат беретін өте маңызды дақыл.

Тамыр жемістерді барлық ауылшаруашылық жануарлары сүйіп жейді өрі олар ірі сабақты жөне құнарландырылған мал азығының жеңіл қорытылуына мүмкіндік жасайды. Күзгі-қысқы кезеңде тамыр жемістер сүт түзгіш жене ірі қара малға, шошқаға, қойға диэтикалық мал азығы ретінде аса бағалы. Тамыр жемістер мал өнімі мен төдділігін, сонымен қатар олардың көптеген ауру түрлеріне төзімділігін арттырады.

Тамыр жемістерді тұқымдары бойынша анықтау. Тамыр жемістерде нағыз тұқымдарды ғана емес (тарна), жемістері мен жемісшелерін де тұқымдары деп есептейді (сөбіз, қант қызылшасы). Олардың кейбір морфологиялық ерекшеліктері 74-суретте келтірілген Қант қызылшасының жемісі-екі қабатты тығыз тканьді, қалың қабықты жаңғақ. жеміс шоғырын қүрайтын жемістер саны 2-6, мұның өзі оның массасы мен көлеміне өсер етеді. Жемістері піскен кезде тостағанша жапырақшалар кдтаяды да қатты қабықпен қабысып кетеді. Піскен жемістің төбесі жалпақ немесе өлсіз дөңес қақпаққа айналады, оны аластатқанда горизонталь жатқан тқұқымды көруге болады. Тұқымының жылтыр қоңыр қабығы болады. Тұқымының ұрығы перисперма, ұрықтық жапырақша мен тамыршаны сақинамен орай орналасқан (89-кесте).

Сәбіздің жемісі-екі айрық сопақ тұқым (шекілдеуік) піскевде екі тұқымға ажырайды. Әрбір тұқымның арқалығывда 4-5 қабырғашық бар, олар жіңішке инелермен қапталған. Қабырғашықтардың астында арнаулы иісті эфир майымен толтырылған жолдар орналасқан.

74-сурет. Тамыржемістердін жемістері: 1,2,3-қант қызылшасының жемісшесі, жемісі мен түқымы; 4-сөбіздің жемісі; а-бүйірінен көрінісі; б-көлденең қимасында, е-үрық, с-май жолдары; 5-тарнаның жемісі түқымдарымен.

89-кесте Тамыр жемістер тұқымдарының айырмашылық белгілері

Тамыр жеміс

Жемістері мен тұқымдары

Пішіні

Беті

Түсі

Мөлшері, мм

Қант қызьшшасы

Жеміс шоғыры

Домалақ-тау бүрышты

Бүдырлы

Сары-қоңыр

2-6

Сәбіз

Екі айрық түқым (ше-кілдеүік)

Ұзынша, жүмыртқа пішінді

Қырлы, инелері бар

Сары-қоңыр

2-3

Тарна

Түқым

Шар тәрізді

Жылтыр

Қара

1-2

Түрнепс

Сондай

Сондай

Сондай

Қоңырлау-қара

1-2

Тарна мен турнепстің тұқымдары ұсақ, шар төрізді, күңгірт-қоңыр немесе қара түсті. Олар бір-бірінен қиын ажыратылады. Тарнаның түсі қоңырлау деп есептеледі, алайда шала піскен тарна тұқымының түсі турнепс тұқымының түсіне ұқсас күңгірт-қоңыр болады. Жас тарна тұқымына жас қырыққабат иісі төн, ал турнепс тұқымына-еткір шомыр дәмі төн. Сондықтан тұқымның органолептикалық анықтау өдістемесі сенімсіз. Тамыр жемісті тұқымдарының анық түрін білу үшін химиялық төсіл қолданылады. Ол үшін тұқымның екі үлгісін (100 данадан) бірнеше кішірек пробиркаларға салады да 1% күйдіргіш натрий ерітіндісін құяды, соңынан температурасы 25-28°С термостатқа 2 сағ. қояды. Тарна тұқымының сығынды ерітіндісі ашық-сары, ал турнепстікі ашық-жасыл (салат) түсті болады.

Тамыр жемістерді егін көгі мен жапырактары бойынша анықтау.

Тұқымның көктеуі ұрықтық тамыр мен сабақшаның өне бастауының нәтижесінде тұқым қабығы жарылады да тұқым жарнақтары жер бетіне шығып жасылданады. Жер бетіне шығарылған қант қызылшасы мен сөбіздің тұқым жарнақтары ұзынша пішінді болады, осынысымен тарна мен турнепстің қыска, жалпақ жөне шеттері ойықты түқым жарнақтарынан ажыратылады (90-кесте).

Әрі қарай дамығанда тамыр жемістің тұқым жарнақтарының арасындағы бүршіктен алғашқы (бірінші) нағыз жапырақ түзіледі. Қант қызылшасының алғашқы жапырақтары жұптасып түзіледі, кейіннен бір-бірден пайда болады. Алайда қазіргі уақыттағы түсінік бойынша жапырақтар жүптасып түзілмейді, бүрандалы тәртіппен пайда болады-5/13 бөлшегімен жапырақ түзілуінің анықтамасына сэйкес.

90-кесте Тамыр жемістердін егін көгі мен нағыз

жапырақшаларының айырмашылык белгілері



Тамыр жеміс

Тұқым жарнағы жапырақтары

Бірінші нағыз және кейінгі жапырақтар





тақтасы

беті, түсі

Қант қызылшасы

Ұзын ланцетті

Бүтін бірінші жарпырақтарда сопақ, кейінгілерінде жүрек тәрізді

Жылтыр, жасыл

Сәбіз

Үзын, сызықты

Күшті тілінген

Бірінші жапырақтарда жылтыр немесе өлсіз түкті, кейінгілерде жылтыр, жасыл

Тарна

Сопақ,

шеттерінде ойығы бар

Біріншісінде бүтін немесе тілінген, кейінгілерінде тіліктілігі арта береді, үзынша-сопақ

Жылтыр. күңгірт жасыл, балауыз түкті

Турнепс

Сондай

Сондай

Түкті, ашық-сары

Бөлшектегі сандардың мәні-тамыр басының әрбір 5 бүрандалы айналым санына 13 жапырақ пайда болады, ал 15 жапырақтан бастап бүраңдалы айналым циклінің келесі 13 жапырақтары түзіледі ж.б. Бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде қант қызылшасы 4-5 және одан да көп жапырақ орналасу циклдары болады. Қант қызылшасының нағыз жапырақтары ірі, сағақты, шеттері бүтін келеді. Жас жапырақтарда сағақтар қысқа, тақтасы домалақ келген, ал ересек жапырақтардың сағағы ұзын, тақталары жүрек пішінді жөне толқынды кеңірдектенген.

Себіздің нағыз жапырағының тақтасы өте күшті тілімденген, тарна мен турнепстің алғашқы жапырақтары ұзынша-сопақ немесе өлсіз тілінген, ал кейінгілеріңде тақталарының тіліктері арта түседі. Тарнаның жапырақтары күңгірт-жасыл, беті жылтыр, ал турнепсте-ашық-жасыл, түкті.



Тамыр жемісті тамырлары бойыншы анықтау. Егін көгі пайда болғаннан кейін жапырақ массасының түзілуімен бір мезгілде тамыр жемістің тамыры да дами бастайды. Тамыр жемісте тамырдың үш белігі-басы, мойны және нағыз тамыр-ажыратылады. Басы-тамырдың жоғарғы бөлігі, мүнда өсіп түрған жапырақтар, бүршіктер, өлген жапырақтар орналасқан. Тамырдың басы сабақ тегінен есімдіктің жер үсті бөлігінен түзілген. Бастың өсу конусы оның ортасында болады, сондай-ақ жоғарғы (ішкі) жапырақтар әр уақытта жас, ал төменгілері (сыртқы)-барынша ересек (кәрі).

Тамырдың мойыны-цилиндр пішінді, не жапырақшалары, не тамыршалары болмайды жөне ұрық тамыршасының үстіндегі жарнақтың (үрықтық сабақ) жуандауының нөтижесінде пайда болады, оның жоғарғы шеті бастың төменгі бөлігімен шектеседі. Нағыз тамыр жемістің ең төменгі бөлігі болып табылады, ұрық тамыршасынан дамиды да бүйір тамыршаларын түзеді. Қант қызылшасында олар екі вертикаль қатарға орналасқан (75-сурет), сөбізде төрт қатар. Турнепстің тамыры, ұзын білікпен аяқталады, онда ретсіз орналасқан бүйір тамыршалар болады, ал тарна тамырының төменгі бетінде айтарлықтай жуан тармақтар түзіледі де олар бұтақтанады, соның нөтижесінде

төменгі тамыршалар дамиды.

Нағыз тамыр жерде дамиды. Техникалық жөне мал азықтық шикізат ретінде тамыр жемістің бағалы белігі болып табылады.

Тамыржемістерге төнпішіндер төмендегідей (76-сурет):

Каталог: Книги -> 269
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
269 -> Назар аударыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет