Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі және биологиялық маңызы



Дата04.07.2018
өлшемі0,7 Mb.
#46554
түріСабақ


Абилова Балсулу Таласқызы

жалпы білім беретін

№25 Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің

бірінші санатты

биология пәнінің мұғалімі,

Атырау қаласы


Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі және биологиялық маңызы


Сынып: 7

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.2.1.1 Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюлерін сипаттау.


Бағалау критерийлері

1) Өсімдіктердегі көбеюдің негізгі тәсілдерін атайды;

2) Әрбір көбею тәсіліне сипаттама береді;

3) Жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерінің биологиялық мәнін түсіндіреді.

Сабақ мақсаттары
5 мин

Барлық оқушылар орындай алады:

-өсімдіктердегі көбеюдің негізгі тәсілдерін сипаттайды;

- жынысты және жыныссыз көбею түрлерін айтады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

-жынысты және жыныссыз көбею тәсілдерінің биологиялық мәнін түсіндіреді;

- өсімдіктердің көбею тәсілдерін салыстырады.

Кейбір оқушылар орындай алады

Көбею мүшелерін талдайды.

Тілдік мақсат

  • Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: көбею

  • жынысты көбею, жыныссыз көбею, спорангий, спорофит, гаметофит, гамета, спермии (сперматозоидтар), жұмыртқажасуша, ұрықтану

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Жынысты көбею – половое размножение – Sexual reproduction

Жыныссыз көбею – бесполовое размножение – Asexual reproduction

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Жынысты көбею мен жыныссыз көбеюдің өімдіктер үшін маңызы қандай?

2. Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден қандай айырмашылығы бар?

Құндылықтарды дарыту

Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

География, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, ғаламтор.


Бастапқы білім

Тірі ағзалар (жаратылыстану) Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқымқуаламайтын белгілерді біледі.

Жоспар

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин


Сабақтың ортасы

30 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлықты тексеру.

Оқушылар мен сабақтың тақырыбын оқу мақсатын және жетістік критерийін тұжырымдау.


Ой қозғау. Қоржындағы көбею түрлері жазылған қағазды суыру арқылы топқа бөлу.

I. топ II. топ III. Топ

Спора зооспора бүршік
Оқушылармен бірге тірі ағзалардың қасиеттерін талқылау.


  • Осыдан 3,5 млрд. жыл бұрын тіршілік еткен тірі ағзалар біздің заманымызға жетті ме?

  • Тіршіліктің үздіксіздігін, ұрпақ жалғасын қамтамасыз ететін тіршіліктің қай қасиеті деп ойлайсыздар?

Дискрептор. Оқушылармен бірге ағзалардың қасиеттерін талқылау


« ЖИГСО» әдісі










Т) 1. Оқушыларға «көбею» ұғымына анықтама беруді ұсыну.

Дәптерлеріне қысқаша жазып алу.

Дескриптор:

Оқушылар көбею ұғымына анықтама береді. Дәптеріне көбею туралы мәлімет жазады.


(Ж) 2. Оқушыларға өсімдіктердің көбею тәсілдері жөнінде бейнероликтер көрсетіп, оқушыларға көру барысында берген кестені сәйкестендіру.

«Жұптас-бөліс» кесте толтыру әдісі

Белгілері

Тозаңдану әдісі

1.Тұқымы ұсақ, жеңіл, құрғақ

1. Жел арқылы

2.Гүлі ашық реңді

2.Бунақденелілер

3.Тозаңы ірі,жабысқақ

3.Өздігінен

4.Гүлдің аталық жіпшелері өте ұзын, тербеліп тұрады

4.Бунақденелілер

5.Гүлдері хош иісті, өсімдік топтасып өседі

5.Құстар

6.Гүлдердің шірнеліктері болмайды

6.Жел арқылы



Дескриптор:

Оқушылар бейнероликті қарап, кестені сәйкестендіру.
Топпен жұмыс «Карусель әдісі» 3 топ орындайды.

1 топ. Өсімдіктер қалай көбейеді?

2 топ. Өсімдіктер не арқылы көбейеді?

3 топ. Вегетативті көбею деген не?
(Ж немесе Т) Жасалған жұмысты қорытындылау үшін жұптық және мұғаліммен талқылаулар жүргізіледі. Оқушылардың назарларын бейнероликте аталған терминдерге аударту (жынысты көбею, жыныссыз көбею, гаметалар, спермиилер, гаметофит, жұмыртқажасуша, ұрықтану).

Дескриптор:

1 топ. Өсімдіктер қалай көбейетінін түсіндіреді.

2 топ. Өсімдіктер не арқылы көбейетінін баяндайды.

3 топ. Вегетативті көбеюдің не екенін айтады.

Оқушылар бейнероликте көрсетілген терминдерге назар аударады.

«Еркін жазу»

Тақырыпқа сай терминдерді қолданады.
Мұғалім оқушыларға өсімдіктердің әр түрлі көбею тәсіледері берілген суреттерді алдымен екі топқа, кейін өз ішінде тағы бірнеше топтарға жіктеуді тапсырады. Тапсырманы орындау кезінде әрбір оқушы өсімдікті неге осы топқа жатқызатынын түсіндіруі қажет. Қабілеті жоғары оқушыларға сыныпта тұрған өсімдіктерді жіктеуге тапсыруға болады.

Дискриптор

Суретте не бейнеленген? Қандай көбею тәсілдер қай өсімдіктерде көрсетілген? Баяндап бер.



Өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбею тәсілдері




















Дескриптор:

Оқушылар қандай көбею тәсілдері көрсетілгенін баяндап береді. Кестеде берілген анықтама көбеюдің қай түріне жатады?

Тапсырма: келесі терминдердің анықтамасымен танысып шығыңыз.

Көбею т

Анықтамалар

1.

А) гаметалардың қатысынсыз, сомалық жасушалалардың қосылу нәтижесінде келесі ұрпақ түзілетін көбею түрі

2.

Б) гаметалардың қосылу нәтижесінде жаңа

ұрпақ түзілетін көбеюдің бір түрі

3.

В) аталық жыныс жасушасы

4.

Г) аналық жыныс жасушасы

5.

Д) жыныс жасушалары

6.

Е) өсімдіктің жынысты ұрпағы,

спорадан дамиды және гаметалар түзеді



7.

Ж) өсімдіктің жыныссыз ұрпағы, зиготадан дамиды және спора түзеді

8.

З) төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерде спора түзілетін мүше

9.

И) жыныс жасушаларының қосылу үрдісі

Жауабы: 1. Жыныссыз көбею, 2. Жынысты көбею,

3. Сперми, 4. Жұмыртқа жасуша, 5. Гаметалар, 6.Гаметофит, 7. Спорфит, 8. Споронги, 9. Ұрықтану.

Дескриптор:

Берілген анықтамаға сай көбею түрлерін анықтайды:

1) Өсімдіктердің жынысты ұрпағы зиготадан дамиды.

2) Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерден спора түзіледі.

3) Жыныс жасушалары қосылады.

Жж. Дұрыс жауаптардың тұсына белгі қою арқылы сұрақтарға жауап бер.



Элективті тест

1. Аталық жыныстарға жатады:

А) аталық тозаң Ә) хромосома Б) спора

2. Аналық жыныс жасушасы:

А) спора Ә) хромосома Б) жұмыртқа жасушасы

3. Жыныссыз көбеюге қайсысы жатады?

А) Гидра Ә) өсімдік Б) жануар

Дескриптор :

1. Аталық жыныс тозаң мен жіп шумақтан тұратынын біледі;

2. Аналық жыныс жасушасы жұмыртқа жасушасынан тұратынын біледі;

3. Гидраның жыныссыз көбеюге жататынын біледі.

1.а) 2.б) 3.а)


Бейнеролик


Кестелер



Сабақтың соңы

7 мин



Үй жұмысы:

  1. §

  2. Жаңа терминдерді қайталау.

«Сөйлемді жалғастыр»:

  • Маған қызықты болды…

  • Біз бүгін ….

  • Мен бүгін түсіндім…

  • Маған қиын болды…

Келесі сабақта мен…




Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

ЖИГСО

1.Барлық оқушылар жиксо әдісі бойынша сабақ талқылайды, бір-біріне түсіндіреді.

2.Оқушылардың көпшілігі сәикестендіреді, кесте орындайды

Элективті тестіне дұрыс жауап береді.

3.Кейбір оқушылар оқу тақырыбы бойынша еркін жазу әдісіне терминдерді пайдаланып эссе жазады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


1 топ оқушыларды қалыпты бағалау ұйымдастыру бойынша бірін-бірі бағалайды.

3 топ өзін-өзі бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төменірек оқушыларға карточкалар, үлестірме материалдар ұсынуға болады, онда оларға қажетті ақпарат берілген.



Бүкіл сыныпты оқыту, топтық жұмыс арқылы жасушаларды өзара салыстыру, жеке жұмыс, талқылау сұрақтары арқылы, проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпты бағалау.




Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім?


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.



Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1


2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет