Қосымша Жалпы білім беретін мекемелерде Интернет желісін қолдану ережелері



Дата25.01.2017
өлшемі63,12 Kb.
#8039
Қосымша 1.
Жалпы білім беретін мекемелерде Интернет желісін қолдану
ЕРЕЖЕЛЕРІ


(Үлгі)

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Жалпы білім беретін мекемелерде Интернет желісін қолдану оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешуге бағытталады.

1.2. Осы Ереже білім беру мекемелерінде (ББМ) Интернет желісін қолдану тәртібі мен жағдайларын үйлестіріп отырады.

1.3. Осы Ереже білім беру мекемесінің жергілікті нормативтік актісінің құқында болады.
2. Жалпы білім беретін мекемелерде Интернет желісін қолдануды ұйымдастыру.

2.1. Инетрнет желісінің мүмкіндіктерін білім беру үрдісінде қолдану мәселелері ББМ-ң педагогикалық кеңесінде қаралады. Педагогикалық кеңес оқу жылына арналған Интернет желісін қолдану Ережесін бекітеді. Ереже ББМ басшысының бұйрығымен іске енгізіледі.

2.2. Ереже үлгі регламент негізінде немесе сыртқы сарапшылардың қатыстырылуымен педагогикалық кеңесте әзірленеді. Сыртқы сарапшылар құрамына:


  • Интернетті оқу үрдісінде қолдануда тәжірибесі бар ББМ-ң оқытушылары;

  • ақпараттық технологиялар саласының мамандары;

  • білім беруді басқару органдарының өкілдері;

  • оқушылардың ата-аналары кіруі мүмкін.

2.3. Интернет желісін қолдану ережесін әзірлеуде педагогикалық кеңес:

  • Қазақстан Республикасының заңдарын;

  • ақпараттық технологиялар мен Интернет желісін оқу-тәрбие үрдісінде мақсатты және тиімді қолдану тәжірибелерін;

  • оқушылардың мүдделерін;

  • білім беру үрдісінің мақсаттарын;

  • желі ресурстарын классификациялау салаларында ұйымдастыру мен бағдарлық органдардың ұсынымдарын басшылыққа алады.

2.4. ББМ басшысы ББМ-нің Интернет желісіне тиімді және қауіпсіз қатынау мүмкіндігімен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ белгіленген Ереженің орындалуына жауап береді. ББМ-де қабылданған Ережеге сәйкес білім беру үрдісіне қатысушылардың Интернет желісіне қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мекеме басшысы бұйрығымен Интернет желісінің жұмысын ұйымдастыруға және қолжетімділікті шектеуге жауапты адам тағайындайды.

 

2.5. ББМ-нің педагогикалық кеңесі:



  • Интернет желісінің белгілі бір ресурстарына және (немесе) ресурстар категориясына қатынауға рұқсат беру/бұғаттау туралы шешім қабылдайды;

  • ББМ-нің Интернет ресурстарында жарияланатын ақпараттардың көлемі мен сипаттамаларын анықтайды;

  • Интернет желісі ресурстарына қатынауды ұйымдастыру және желідегі жұмыстың қауіпсіздігін бақылауға жауапты адамды тағайындау немесе оны қызметінен босату жөнінде мекеме басшысына ұсыныс береді;

2.6. Оқу жоспарына сай сабақ кезінде білім алушылардың Интернет желісін қолдануын сабақ беруші мұғалім бақылайды.

Бұл ретте мұғалім:



  • білім алушылардың Интернет желісін және компьютерлерді пайдалануын бақылайды;

  • «Оқушылардың интернет желісіне қосылғанын тіркеу журналын» толтыруын қадағалау;

  • білім беру үрдісіне қатысы жоқ контенттерге кіруге қарсы шаралар қолданады.

2.7. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың Интернет ресурстарын еркін пайдалануына бақылау жасау мекеме басшысы бұйрығымен тағайындалған адамдарға жүктеледі.

Білім беру мекемесінің қызметкерлері:



  • білім алушылардың Интернет желісін және компьютерлерді пайдалануын бақылайды;

  • білім беру үрдісіне қатысы жоқ контенттерге кіруге қарсы шаралар қолданады.

  • «Оқушылардың интернет желісіне қосылғанын тіркеу журналын» толтыруын қадағалау;

  • оқушылардың білім беру үрдісіне қатысы жоқ контенттерге кіргені туралы сынып жетекшісіне хабарлайды.

2.8. ББМ-де Интернет желісін қолданғанда оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тек білім беру үрдісіне қатысы бар ресурстарды қолдану қамтамасыз етіледі. Бұл талаптардың орындалуын бақылау техникалық құралдар мен ББМ-де орнатылған немесе байланыс қызметі операторы ұсынған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

 2.9. ББМ-нің Интернет желісін қолданушылары техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы Интернет желісі ресурстарын олардың жиі жаңаруына байланысты толық сүзгіден өткізу мүмкін болмайтындығын ескеруі керек. Сондықтан оқушылардың білім беру үрдісіне қатысы жоқ немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін контенттерге кіру ықтималдығы болады. ББМ-дегі Интернет желісінің ресурстарын қолданушылар мекеменің ББМ –нің Интернет ресурсынан тыс талапқа сай контентке кездейсоқ кіруге қатысты жауапкершілік те болмайтынын түсінуі керек.

 2.10. Белгілі бір ресурстарды және (немесе) ресурстар категорияларын техникалық құралдармен немесе контенттік фильтрациялауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету топтарына жатқызуды мекеме басшысы тағайындаған жауапты қызметкер ББМ-де қабылданған Ережеге сай жүргізеді.

 2.11. ББМ-нің Интернет ресурстарына орналастыру принциптері:



  • Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауды, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауды;

  • оқушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің дербес мәліметтерін сақтауды;

  • ақпараттың шынайылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2.12. Білім алушылар туралы дербес мәліметтер (аты-жөні, сыныбы/оқытылу жылы, жасы, фотосуреті, тұрғылықты жері туралы мәлімет, телефоны, т.с.с.) ББМ-нің Интернет-ресурстарында оқушының ата-анасының немесе оның заңды өкілінің жазбаша келісімімен жарияланады.

2.13. ББМ-нің сайтында орналасқан шаралар туралы ақпараттарда жоғарыда аталған адамдар мен олардың заңды өкілдерінен келісімдер алынбаған жағдайда оқушының аты мен фамилиясы, оның мұғалімінің немесе ата-анасының аты, фамилиясы және әкесінің аты ғана көрсетіледі.

2.14. Дербес мәліметтерді жариялар алдында ББМ өкілі жарияланымның қандай салдарлары болуы мүмкін екендігін хабарлауы міндетті. Алдын-ала жазбаша келісім алынған болса, дербес мәліметтері бар жарияланымға байланысты келеңсіз салдарларға ББМ жауапкершілік алмайды.


3. Білім беру мекемелерінде Интернет желісін қолдану.

3.1. ББМ-де Интернет желісі білім беру үрдісін жүзеге асыру үшін қолданылады.

3.2. ББМ-де Интернет желісінің жұмысын ұйымдастыруға және оған қолжетімділікті шектеуге жауапты адамның рұқсатымен оқытушылар, қызметкерлер мен оқушылар:


  • ББМ-нің Интернет ресурсарында өздерінің ақпараттарын орналастыруға;

  • ББМ-нің Интернет ресурсарының электрондық пошталарында есептік жазбалар ашуыға құқылы.

3.3. Оқушыларға:

  • мазмұны мен тақырыбы кәмелетке толмаған жастарға арналмаған және/немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ресурстарға (эротика, порнография, зорлық-зомбылықты, лаңкестікті, саяси немесе дінаралық экстремизмді, ұлттық, нәсілдік т.б. жік салуды насихаттау немесе осылармен бағыттас ресурстар) кіруге;

  • Интернет арқылы қандай да бір келісімшарттар жасауға;

  • арнайы рұқсатсыз ББМ-нің компьютерлеріне файлдар жүктеуге;

  • өзге адамдардың ар-намысына тиетін, жалған ақпараттарды, қауіп туғызатын мәліметтерді таратуға тиым салынады.

3.4. Білім беру үрдісіне қатысы жоқ ресурстарға кездейсоқ кірген жағдайда оқушы ол туралы сабақ жүргізіп жатқан мұғалімге дереу хабарлауы тиіс. Мұғалім бұл ресурстың домендік адресін тіркеп алып, жергілікті желіге жауапты және ақпараттық ресурстарға шектеу қоятын адамға хабарлайды.

Жауапты адам:



  • оқытушыдан ақпаратты қабылдауға;

  • категорияланбаған ресурс туралы ақпаратты техникалық құралдар мен ақпаратқа техникалық шектеу қоятын операторға (бір тәулік ішінде) бағыттауға міндетті.


Оқушылардың Интернет желісін қолдануын бақылауды жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған нұсқау

1. Бұл ереже ББМ қызметкерлерінің:

1) оқушылардың білім беру үрдісіне қатысы жоқ контентті пайдалануы;

2) техникалық себептерден болған білім беру үрдісіне байланысты контентке кіру мүмкін болмаған жағдайлары анықталған кездегі әрекеттер тәртібін белгілейді.

2. Интернет желісін оқушылардың қолдануын бақылауды жүзеге асырады:

1) сабақ кезінде – оны өткізетін мұғалім және(немесе) ББМ арнайы көмекке бөлінген қызметкері;

2) оқушылардың Интернет желісін бос уақытта қолдануы кезінде – белгіленген тәртіппен ББМ басшысымен тағайындалған ББМ-нің қызметкері.

3. Мұғалім:



  • білім беру үрдісіндегі техникалық мүмкіндіктерге, сонымен бірге бір оқушының жұмыс сеансының ұзақтығына сәйкес білім алушының Интернет желісіндегі жұмыс орны мен уақытын анықтайды;

  • білім алушының Интернет желісі мен компьютерді қолдануын бақылайды;

  •  Интернет желісіндегі ББМ трафиктік көлемдеріне бақылау жасауды жүзеге асырады;

  • Оқушы сабақ кезінде Интернет желісімен жұмыс жасау ережесін бұзған кезде оған әрі қарай жұмыс жасауына тыйым салады;

  • Оқушының  Интернет желісімен жұмыс жасау ережесін бұзғандығы жөніндегі ақпаратты сынып жетекшісіне баяндайды;

  • Білім үрдісіне қатысы жоқ Интернет ресурстарына кіру айқындалған жағдайда, арнайы шаралар қабылдайды.

4. Мұғалімнің пікірінше ҚР заңнамаларына сәйкес таратылуға тыйым салынған ақпараттар ресурсы немесе оқушыларға әлеуетті қауіпті болып табылатын басқа да контент анықталған жағдайда Интернет жұмысына және оған қолжетімділікті шектеуге жауапты адамға хабарлайды.

5. ББМ-мен рұқсат етілген ресурстарға кіру мүмкін болмаған жағдайда, мұғалім Интернет жұмысына және оған қолжетімділікті шектеуге жауапты адамға хабарлайды.
Каталог: content -> news
content -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
content -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
content -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
content -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
content -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
content -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
content -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)
news -> Национальный музей республики коми
news -> «Жас мұғалімдер мектебінің» жұмыс жоспары 2013жыл
news -> «Мұғалім жетістігі шеберлігінде» облыстық байқауы туралы ереже Жалпы ережелер. Осы Ереже «Мұғалім жетістігі шеберлігінде»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет