Осында келтірілген хаттың үлгісін қарап, мына нәрселерге назар аудар



Дата26.09.2019
өлшемі1,01 Mb.
#48876
Байланысты:
Дидактикалық материал ХАТ
1542728472
Хат үлгісі

Осында келтірілген хаттың үлгісін қарап, мына нәрселерге назар аудар:


1) хат ұқыпты әрі тиянақты жазылған;

2) хатқалта жоғалып кеткен жағдайда, хаттың өзінде салушының аты мен мекен-жайы көрсетілген;

3) бірінші абзацта-ақ хаттың мақсаты анық түсіндірілген;

4) әрбір жаңа ой абзацтармен бөлінген;

5) мақсатына сай хат не аса ресми, не тым еркінсіп жазылмаған.
Ресмилеу хаттарда, мысалы, қауым хатшысының филиалға жазған хатында, қауымның қалай аталатыны, хатшының есімі мен мекен-жайы және ай-күні көрсетілу керек. Сондай-ақ кімге немесе қандай ұйымға жазылғанын көрсету керек. Содан соң сәлемдесу сөздері жазылады. Хатты түріне қарай әдетте “Құрметпен...” деген сияқты сөздермен аяқтап, соңынан қол қойылады.

Хат кімге арнап жазылса да, ұқыпты, ешбір орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық қателерсіз жазылу керек. Сонда оны алған адам ішіндегі хабарды көңіл қойып оқуға тұрарлық деп көреді.

Хатқалтаның сыртына әрқашан кері мекен-жайды, мүмкіндігінше, өз мекен-жайыңды жазып жіберу керек. Егер бейтаныс адамға куәлік етуде өз мекен-жайыңды жазбағаның дұрыс деп есептесең, ақсақалдардан жергілікті Патшалық Сарайының не қауымға келетін поштаны алып жүрген ақсақалдың мекен-жайын жазуға болатын-болмайтынын сұрап көр. Мұндай жағдайда филиалдың мекен-жайын қолданба, өйткені хат алушы оны филиал жіберген екен деп дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Егер хаттың ішіне әдебиет салынып, бірақ қайдан келгені көрсетілмесе, оны да филиалдан келген деп түсініп қалуы мүмкін.

Хатқалтаға қажетінше марка жапсыру керек, мұны әсіресе әдебиет салғанда ұмытпау керек. Егер маркалары жеткіліксіз болса, қалған бағасын хатты алушыға төлетуі мүмкін. Ал бұл хабарымыздың құндылығын төмендетер. Көп елдерде хатпен бірге журнал не брошюра салғанда, оның бағасы қымбатырақ болатынын ұмытпа.

Бексұлтанқызы Маржан

Достық даңғылы, 83

Алматы қаласы 480056

1 маусым 2003 жыл


Сәлеметсіз бе!

Жолдасым екеуміз сізге жақын жерде тұрамыз. Сізбен бетпе-бет сөйлесе алмадық, бірақ сізбен өте маңызды хабармен бөліссек деп едік. Ол туралы өзіңізге салып отырған мына трактатта біраз айтылады.



Біз 200-ден астам елде ерікті түрде жүргізіліп жатқан іске қатысамыз. Бұл істің мақсаты — адамдарға “Неге біз қартаямыз және өлеміз?”, “Өмірдің мағынасы неде?”, “Қалай нағыз бақытқа қол жеткізуге болады?” деген сияқты сұрақтарға Киелі кітаптан жауап беру. Бұл іске шын жүректен маңайымыздағылардың игілігін ойлағандықтан атсалысамыз. Мұның сауда-саттықпен ешқандай байланысы жоқ. Жақын арада өзіңізбен жүзбе-жүз көрісіп, әңгімелесе аламыз деп үміттенеміз. Ал бізбен жоғарыда келтірілген мекен-жай арқылы байланысуыңызға болады. Құрметпен [аты-жөні] 

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/3977-omirbayan.html
© www.ZHARAR.com

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет