Қостанай облысы, Рудный қаласы, Қашар кенті



Дата06.07.2018
өлшемі42,73 Kb.
#47915
түріСабақ

Қостанай облысы, Рудный қаласы, Қашар кенті.


Рудный қаласы әкімдігінің «№2 Қашар орта мектебі » КММ

Информатика пәні мұғалімі: Ембергенова Жанар Кожакуловна



Сабақ жоспары




Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу

Мектеп: «№2Қашар орта мектебі»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ембергенова Ж.К

Сынып: 7 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мәліметтер пішімі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.1 -деректердің типін жіктеу

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Деректердің типін жіктейді.

Көпшілігі: Электрондық кестеде деректер типін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Электрондық кестеде деректердің әр типіне әр түрлі пішім қоя алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану.

Бағалау критерийі

  • Деректер типін жіктей алады.

  • Электрондық кестесінде деректер типтерін өзгерте алады.

  • Электрондық кестесі ұсынатын пішіндер жайлы күрделі тапсырмаларды орындайды




Тілдік мақсаттар


Ұяшық, пішін, белсенді ұяшық, мәтінмәндік мәзір,құралдар үстелі.

Құндылықтарға баулу


Оқушылар сын тұрғысынан ойлау және шығармашылық, бір-біріне деген құрмет көрсетуі, ұжыммен қарым-қатынас жасау қабілеті.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі.

Математика- сандық пішім, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

қазақ тілі - текстік пішін түрлерімен

ағылшын тілі- Microsoft Excel сөзін әріптерімен жазады , оқып біледі.


АКТ пайдалану дағдылары:

Слайд, Бейнеролик.

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Оқушылар Microsoft Excel бағдарламасын ашып, жабуды біледі.

Microsoft Excel құрылымын және ұяшық мазмұнымен жұмыс істеуді;

Баған және жолдың параметрлерін өзгертуді.

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету, берілген тапсырмаларды оқушыларға өз бетімен орындап көруіне мүмкіндік беру.







Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

7-10 мин



«Шаттық шеңбер» жаттығуы Ынтымақтастық орта қалыптастыру. « Бір-бірімен қол ұстасып жылулық сыйлау».

«Жарайсыңдар!»



«Ойлан-жұптас – бөліс» әдісі

Үй жұмысы:

Жұптасып тұрып, өткен

өткен сабақта немен танысқаны туралы бір-біріне сұрақ қою.

(үшбұрыш, төртбұрыш және дөңгелек) арқылы 3 топқа бөліну.
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында Microsoft Excel электрондық кестесінде деректерді пішімдеу туралы слайд көрсетіледі.

Жаңа тақырыпты ашу. Т кестесі стратегиясы

Жеке жұмыс.

1.Тапсырма

Берілген мәтіндегі деректер типтерін жікте.


  1. Бір үйде 5 бала бар. Олар:Арман, Лаура, Гулнар, Ораз, Жанна. Үлкені Арман 1996 жылы туған.Кішісі Жанна 2016ж туған. Лаура 2015- сыныпты бітіріп мадақтау қағазын алды.

Сандық

Мәтіндік

Уақыт және күн



















Дескриптор: Типтерін анықтап жіктеуді біледі.

2.Тапсырма
Тип атауы мен оған берілген мысал арасында сәйкестік орнатыңыз (сызықпен көрсетіңіз)


Атауы Мысал

ФОРМУЛА




1000 ТГ

САНДЫҚ

12.01.2014

МӘТІНДІК

17:30

ЖАЛПЫ

=А3-В5

ПРОЦЕНТТІК

100% ОРЫНДАЛДЫ

КҮН

ҚАЗАҚСТА

ҚАРЖЫЛЫҚ

70%

УАҚЫТ

345

Дескриптор Білім алушы

  • берілген типтерді жазылуымен сәйкестендіре алады.



.

(үшбұрыш, төртбұрыш және дөңгелек) арқылы 3 топқа бөліну



http://nis.edu.kz/

Интерактивті тақтадан слайд көрсету

Үлестірмелі қағаз


Сабақтың ортасы

30 мин


«Қызығушылықты ояту»

«Bilimland» сайтынан оқушылар Microsoft Excel электрондық кестесінде деректерді пішімдеу жайында бейнеролик көреді.



Деңгейлік тапсырмалар :

І деңгей тапсырмасы «Бірге ойлаймыз» тәсілі

1.Уақыт мезгілін жазу үшін қандай пішім пайдаланады?

2.Сандық пішімдерге мысал келтіріңдер.

3.Ұяшықтарды пішімдеу дегеніміз не?

4.Мәтіндік пішімдеуге мысал келтіріңдер.



Дескриптор Білім алушы

Microsoft Excel-де деректер 3 түрлі пішімде болатынын біледі.

1) Сандық

2)Текстік

3) Формула

ІІ деңгей тапсырмасы «Жалпақ сұрақтар» әдісі



  1. Жақтаудың түрін анықтайтын параметрлерді қай терезеден енгізуге болады?

  2. Microsoft Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың қай жақ шетінде орналасады?

Дескриптор Білім алушы

1.Есеп-қисаптар үшін түрлі пішіндер қолданылатынын біледі.



  • Жай сандық

  • Қаржылық

  • Мезгілдік

  • Проценттік

  • Бөлшектік

  • Дәрежелік

2.Microsoft Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақ шетіне орналасатынын біледі.

Сергіту сәті: Көз жаттығуын жасау.

ІІІ деңгей тапсырмасы



Топтық жұмыс. «Бірін-бірі оқыту»

Әр топ өзіне сәйкес тапсырманы орындап, өз тобында талдайды, оны ортаға шығып қорғайды.

І топ. Ұяшықтарға сандар енгізіп,оларды:

Жай сандық;

Қаржылық;

Мезгілдік қылып өзгертіңдер.



ІІ топ. Ұяшықтарға сандар енгізіп, оларды:

Проценттік;

Бөлшектік;

Дәрежелік қылып енгізіңдер.



ІІІ топ. Ұяшықтарға мәтін енгізіп, сол ұяшықтардың қарпін, бояуын, қоршауын өзгертіңдер.

Дескриптор Білім алушы

Microsoft Excel электрондық кестесінде деректерді пішімдеуді меңгереді.



Кері байланыс- «Екі жұлдыз, бір тілек» . Топтар бір-бірін бағалайды.

bilimland.kz, twig-bilim.kz

бейнеролик,

Компьютермен топтық жұмыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»



Сабақтың соңы

3-5 мин


«Эссе немесе ой толғаныс стратегиясы»

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жаз.

Үй тапсырмасы:


  • Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:

Өтілген тақырыпты қайталау. Оқушылар күнделігінің кестесін құрып келу.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Оқушыларға ынтымақтастық орнату, жұппен , топпен жұмыс істеу арқылы және кері байланыс орнату. Жаңа тақырыпты меңгеру үшін слайд және бейнеролик көрсету арқылы қолдау көрсетіп, деңгейлік тапсырмалар оқушылардың білім деңгейіне жас ерекшеліктеріне байланысты дайындалды.

«Ойлан-жұптас – бөліс» әдісі

Үй жұмысы:

Жұптасып тұрып, өткен

өткен сабақта немен танысқаны туралы бір-біріне сұрақ қою.



Т кестесі стратегиясы – Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда, жаңа материалды түсінуге дайындық . оқушылар жеке орындайды.

«Бірге ойлаймыз» тәсілі

Мұғалім 1-4 –ке дейін санды таңдайды ;

Осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;

Талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.



ІІ деңгей. «Жалпақ сұрақтар» әдісі- сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап береді. Жауапты мәтіннен алуға болады.

Топтық жұмыс. «Бірін-бірі оқыту»

Әр топ өзіне сәйкес тапсырманы орындап, өз тобында талдайды, оны ортаға шығып қорғайды.

«Эссе немесе ой толғаныс стратегиясы» - тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады.Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды.

  • Оқушыларға Microsoft Excel-дегі деректермен жұмыс істеуді, яғни мәтінді енгізуді, сандарды енгізуді және оларды форматтауды (пішімдеуді) үйрету.

  • «Оқыта үйрену» әдісімен кесте құру және деректер енгізіп, оларды форматтауды (пішімдеуді) компьютер арқылы көрсету.

  • Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру.



Бағалау сабақ үдерісі кезінде жүргізіледі.Ол үлестірмелі қағаздағы бағалау шкаласы бойынша.

Топтық жұмыс. «Бірін-бірі оқыту» тәсілі арқылы

Әр топ өзіне сәйкес тапсырманы орындап, өз тобында талдайды, оны ортаға шығып қорғайды «Екі жұлдыз, бір тілек» айту арқылы бағаланады.

Кері байланыс «Эссе немесе ой толғаныс стратегиясы » жазу арқылы.

Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.


Компьютермен жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жұмыс аяқталғанда ҚЕ сақтау,

Сергіу сәті: «Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



«Көз жаттығуын орындау» ұйымдастырылды.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет