Өтетін орны: сынып Мектеп: А. Чехов атындағы №62 жалпы орта мектебі Өткізді



Дата07.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49353
Байланысты:
shablon kaz
түйіндеме
Отбасылық Тәрбие Мектебі

Ата -аналар жиналысының тақырыбы:

Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұлттық педагогика мен мұсылмандық дәстүрдің ролі.Ата-ананың педагогикалық мәдениеті және отбасындағы ұрпақтың өзара қарым-қатынасы

Өтетін орны: сынып Мектеп: А.Чехов атындағы №62 жалпы орта мектебі

Өткізді:

сынып жетекшісі : Миржибаева Роза Бектургановна

Сыныбы : 9 «Б»

Жиналыс барысы:

1.Жиналыстың тақырыбы: Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұлттық педагогика мен мұсылмандық дәстүрдің ролі



Мақсаты: Заманға лайықты саналы ұрпақ қалыптастыру үшін ұлттық педагогика мен мұсылмандық дәстүрлерді ата –аналармен қарым-қатынаста бірлесе жұмыс жасау арқылы ұрпақ санасына сіңіре отырып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу

2.Кіріспе бөлімХалықтық педагогика –ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі , халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу

3.Ми шабуылы

Халықтық педагогика дегенді қалай түсінесіз?

4. \ талқылауғаарналғансұрақтар

Отбасында қандай халықтық педагогиқаны қолданасыз?

Халықтық педагогиканың жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызы қандай?

5.Практикалық мысал

Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Ендеше, халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.

Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтиды. Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын дамытудың бастау кезі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге «Арманы жоқ жас- қанатсыз қарлығаш» - дейді халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды.

Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды.

Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б. жатады. Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілерт.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.

6.Қорытынды / қорытындышығару

Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.

7.Рефлексия \ Пікірлер







ОтбасылықТәрбиеМектебі

Ата-аналар жиналысының жоспары

Тақырыбы: Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұлттық педагогика мен мұсылмандық дәстүрдің ролі.Ата-ананың педагогикалық мәдениеті және отбасындағы ұрпақтың өзара қарым-қатынасы

Мақсаты: Заманға лайықты саналы ұрпақ қалыптастыру үшін ұлттық педагогика мен мұсылмандық дәстүрлерді ата –аналармен қарым-қатынаста бірлесе жұмыс жасау арқылы ұрпақ санасына сіңіре отырып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу

Міндеттері:

  • -Білім беру ұйымы мен отбасы күшін біріктіру

  • -Ата-аналар отбасында халықтық педагогиканы көбірек насихаттау арқылы олардың балаға деген жауапкершілігін арттыру

  • -Білімберу жүйесінде тәрбиенің үздіксіздігімен білім алушыларды қамтамасыз ету

Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар!. Бүгін біз балаларымыздың тәлім-тәрбиесіне үлес қосу мен одан ары жақсы болуына көмектесу үшін жиналдық. Бүгінгі дамыған қоғамда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі болып,тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.Сондықтан да құрметті ата-аналар, білім алушыларды білім мекемесінен тыс отбасында қазақы салт –дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарды бойына сіңіру арқылы қоғамға,туған жеріне, Отанына деген құрмет сезімдерін арттыру үшін мен сіздермен бірлесе жұмыс жасауды қалар едім.

Қай кезеңде, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі – заман талабына сай жеке тұлғаны тәрбиелеу. Жан – жақты дамыған, ақыл парсаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін ұрпақтың бойына сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылыққа тәрбиелеу мүмкін емес.

Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.

Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Ендеше, халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.

Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәрбиесінің жиынтығы. Этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы жасты тәрбиелеу. Сондай-ақ, халықтық тәрбие түрлерін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіртіп ілім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол басқа тәрбиелермен қатар жүргізіліп, балалардың қайрат- жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Этнопедагогика бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі қамқорлық ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтиды. Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастырудың және оның ақыл-ойын дамытудың бастау кезі ретінде ең алдымен оның қоғамға, қоршаған дүниеге «Арманы жоқ жас- қанатсыз қарлығаш» - дейді халық. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен жетілдіруге үндейтін терең және танымдық процестер жиынтығы екендігін дұрыс болжайды.

Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды.

Халық педагогикасының мақсаты: бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге ең жоғарғы адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогикасының негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б. жатады. Демек, халық педагогикасы-ғасырлар бойы өмір тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәжірибесіндегі дәстүрлердің жиынтығы. Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілерт.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданып келді.



Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т.б.

Мақал-мәтелдер – халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.

Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.

Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген мәлім.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.

Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.

Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды.

 

Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой сойып, қанына найзаларын малып, «өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын» деп төс түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып, «қаны бір бауырмыз» деп ант ішкізіп, құшақтастырып сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты орын алды. Халық: « Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар», «Әдет-әдет емес, жөн әдет» деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген. Демек құрметті ата-аналар дәстүрімізді дәріптей білген халықпыз ғой, сол дәстүрді балаларымыздың бойына сіңіріп ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу сіз бен біздің міндетіміз екенін ұмытпағанымыз абзал



 

Рефлексия

- Сіз не туралы ойладыңыз? Қандай қорытынды жасадыңыз?



Мен отбасында ата-ана , білім мекемесінде сынып жетекшісі бірігіп ұлттық құндылықтарымызды насихаттау арқылы және өзіміз сол балаларға үлгі болу арқылы жұмыс жасағанда ғана ,бүгінгі қоғамға лайықты саналы, ұлтжанды ұрпақ қалыптасатынына сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет