Өткізген: Ахметова Мадина Күні



Дата16.06.2020
өлшемі14,03 Kb.
#73571
Байланысты:
«Жалауша» ойыны


Өткізген: Ахметова Мадина

Күні: 12.06.20

Тақырыбы: «Жалауша» ойыны



Ойынның мақсаты: жарысып тез жүгіруге,қарсыласынан бұрын жалаушаны алуға жаттықтыру. 

Керекті құралдар: ысқырық,жалауша,бор,таяқша. 

Сыныптағы балалар санау арқылы екі командаға бөлінеді.Олар ойын алаңының екі шетінде қарама-қарсы сап түзеп тұрады.Ойыншылардың дәл ортасынан диаметрі 1 метрлік шеңбер сызылады. Шеңбердің ортасына жалауша тігіледі.Жалаушаның қасында қолына ысқырық ұстаған ойын жүргізуші тұрады. 



Ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін әр командадағы бірінші тұрған ойыншылар тез жүгіріп келіп, жалаушаны алдымен алуға тырысады. Егер ала алса, ол ойыншы команда есебіне бір ұпай қосады. Ал шеңберге екі бала да қатар келсе, олар өте сақ болулары керек, өйткені қай ойыншыға қарсыласының қолы бұрын тисе, оның жалаушаны алуға қақысы жоқ. Ойын осылай бірнеше рет жүріп,жеңіске жеткен команда анықталады. 


Ойынның ережесі. 

1.Ойыншылар тұрған қатарларынан бір мезетте шығуын мұқият қадағалау қажет. 

2. Шеңбердің сызығын басуға болмайды. 

3. Шеңбер ішінен алған жалаушаны ойын жүргізушіге беріп, ойыншылар қайтадан тұрған орындарына жүгіріп кетеді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет