Өткізген: Тарих пәнінің мұғалімі Ыбырай Г.Қ. 2015-2016 оқу жылы Ерліктің, еркіндіктің туы – Абылай Мақсаты



бет1/7
Дата28.01.2018
өлшемі3,18 Mb.
#34078
  1   2   3   4   5   6   7
63 мектеп-гимназиясы

Сахналанған қойылым

Ерліктің, еркіндіктің туы – Абылай



Өткізген: Тарих пәнінің мұғалімі Ыбырай Г.Қ.

2015-2016 оқу жылы

Ерліктің, еркіндіктің туы – Абылай

Мақсаты: а) Отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

ә) Адамгершілікке, адамдарға деген мейрімділікке тәрбиелеу.



б) Абылай хан, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр туралы, үш жүздің билері: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би туралы әдебиеттерді оқу арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай біліуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Көренкілігі: Абылай ханның үлкен суреті, үш бидің және халық батырлары Бөгенбай, Науырызбай, т.б. суреттері.

1- жүргізуші: Бүгінгі  тәрбие сағаты үш жүздің басын біріктіріп, халқымызды тоз – тоз болудан, елдігімізді ыдыраудан сақтап қалу үшін жанқиярлықпен күресе білген батыр бабамыз Абылай ханға арналады.

Күй орындалады.

1 – оқушы: Еліміз дүр сілкінді, көгерді,

Көшеміз тұлғамызға өгей еді.

Абылай даңғылымен өрлеп келеді,

Қазақтың болашағы, ел ертеңі, — деп, ақын ағаларың айтқандай Тәуелсіздік туы аспанымызда желбірегелі сол тумен бірге қазақтың асқақ рухы әуелей түскеңдей көрінеді. Алматының әр көшесін жаяу аралар болсақ, қазағыңның бүкіл тарихын аударып шыққандай күйге енесің. Иә, иә, дәл солай. Мысалы, Абылай хан көшесі, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би, М. Мақатаев, С. Сейфуллин, Абай, Ш. Уәлиханов, Д. Қонаев т.т.с. кете барады. Кәне, кім айтады, әрбіреуі бір тарихи кезенді көз алдыңа әкелмейді деп?!



2-жүргізуші: Еңдеше, бүгінгі кешіміз сол қазақ халқының тағдыры талауға түскен кезде елін-жерін жаудан қорғап, азат еткен, қазақтың қазақ болып қалуында зор рөлі болған бабаларымыз, қазақ халқының ханы Абылай жайында болмақ.

Сахнаға қазақша киінген ұл бала шыгады, суретке қарап тұрып:

Ұлы Абылай хан алып ием,

Асқар таудай алып ең,

Қазағым деп жанып ең,

Қазағым деп налып ең,

Тосылғаңда қалың ел,

Өзінді-өзің танып ең,

Намыс өртеп жағып ең,

Ұлы Абылай, хан ием!

Қорғаным ең, бағым ең!



Көрініс

Құрманғазының "Көбек шашқан" ойнап тұр. Сахнада шұбырған ел. Жоңғарлар салған жара. Жас баланы жетелеген қарт. Бала 12-13 жаста. Қарт сахна төрінде тізерлеп отырып қалады.



Бала: Ата, тұр, жүр кеттік, жау келіп қалар, мен сүйейін.

Қарт: Жоқ, балам, енді жүре алар емеспін. Сен тоқтама, жүре бер, бірақ тыңдап ал. Сенің атаң — Абылай, Түркістанның билеушісі болған. Аты аңызға айналған. Әкең Уәли орта жүздің сұлтаны, ал сен сол екеунің бауыры Әбілмәмбетті іздеп тап, өзіңді жан адамға ашпа. Жауға сырыңды берме. Оның сәті келер. Ал, қош бол.

Бала: Жоқ ата, мен сені тастамаймын! (Қартты көтеріп алып шыгып кетеді).

Каталог: uploads -> doc -> 12e3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12e3 -> Кемеңгер Елбасы – еліміздің мақтанышы Мақсаты
12e3 -> Сабақтың тақырыбы: §§25. 26. Күш. Деформация. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет