Өткізілу түрі: Дөңгелек үстел І. Баяндама «Жасөспірім кезеңінің психологиялық даму ерекшеліктері»


ІІ. «Мен кім болғым келеді?»  тақырыбында әңгіме айту немесе бейнеролик көрсету. ІІІ. Мамандық таңдауда балаға қандай көмек көрсете аламыз?



бет2/4
Дата20.05.2020
өлшемі24.03 Kb.
1   2   3   4
ІІ. «Мен кім болғым келеді?»  тақырыбында әңгіме айту немесе бейнеролик көрсету.
ІІІ. Мамандық таңдауда балаға қандай көмек көрсете аламыз?

«Өскенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.

Жұмыс пен оның  аясындағы  тіршіліктің  барлығы адам ғұмырының тең  жартысын  алады екен! Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттану мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау- болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол – өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсерін тигізеді.

Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар:


1)    Ата-ананың қалауы бойынша;
2)    Досымен бірге мамндық таңдау;
3)    «Қайда алса сонда барам» принціпі;
4)    Табысы жоғары жұмыс;
5)    Оқудың немесе жұмыстың беделді болуы.

Дұрыс таңдау жасау үшін келесі факторларды ескеру керек:


1 фактор – «Мен қалаймын» - бала қандай мамандықты қалайтынын анықтау, өмір бойы осы іспен айналысуға дайындығын сұрау, өзінің бойындағы қабілеттерін бағалауға көмектесу.

2 фактор – «Қолымнан келеді» - баланы таңдаған мамандықтың талаптарымен таныстыру. Мектепте алған білімін, білігін және өзінің қабілетін, бейімділігін айқындауға көмектесіп, таңдаған мамандықта оларды қалай қолдануға болатыны жайлы әңгімелеу.

3 фактор -  «Керек» - таңдаған мамандық бойынша кәсіби білімді қай жерден алуға болады, бүгінгі күнде ол мамандықтың сұранысы қандай екенін анықтау керек.

1-тұлға таңдаған бағытының қоғам талаптарына сай клеу аймағы;


2- тұлға мүмкіндігінің қоғам талаптарына сай келу аймағы;
3-рухани комфорт аймағы;
4- қолайлымамандық таңдау аймағы.

Мамандық таңдауда балаңыздың қабілеттерін,бейімділігін ескеріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет