ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану»


Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз)



бет24/37
Дата18.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#11893
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
5. Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз).
6. Халық ауыз әдебиетіндегі лирикалық поэмалар: «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек».Ұлттық аспаптар,күй,ән өнері.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық бағыттың қалыптасуы. Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларының қазақ мәдениетіне қосқан үлесі.
2. Зар заман ақындары. Шортанбай, Мұрат, Дулат толғауларындағы заман келбеті.
3. Ғасырлар тоғысындағы қазақ мәдениетіндегі ұлттық демократиялық бағыт. 4. Қазақ мәдениетінің жаңа кезеңдері. Шәкәрім мұралары. Қазақ сазгерлерінің шығармалары.
XIX ғ. Екінші жартысында Қазақстанның экономикасын, табиғи байлықтарын, тарихын зерттеу үшін көптеген ғалымдар жіберілді. П. П. Вельяминов-Зернов , А. И. Добромыслов, Г. Н. Потанин сиякты көрнекті орыс ғалымдарының есімдері Қазақстанмен тығыз байланысты.
Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов ( 1835-1865 жж.) ерекше орын алды. Оның қазақ халқының тарихына байланысты жазған еңбектері шығыстану ғылымына зор үлес қосты.
Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихына Ыбырай Алтынсарин терең із қалдырды. Ыбырай орыс графигіне негіздеп қазақ әліппесін жасады, «Қырғыз хрестоматиясын» және «Қырғыздардың орыс тілін үйренуде бастапқы нұсқауды » жазды. Азаматтық мектептер, колөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жігерін жұмсап, қыздар мектеп интернаттарын ашты.
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Қүнанбаев болды. Ол өз шығармаларында адамгершілекке, рухани тазалыққа оқып білім алуға шақырды. Абайдың өз балалары - Акылбай, Мағауия, інісі Шәкәрім, Туысы Көкбай көптеген шығармалар қалдырды.
Ауыз әдебиетінде Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Бақтыбай, Кемпірбай, Орынбай, Шөже, Біржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, Сара т.б. ақындар, қазақ музыкалық өнерінде Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, Мұхит, Біржан Сал, Ақан сері, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына белгілі болды. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық-тұрмыстық эпостар қатарында "Қобыланды", "Алпамыс", "Ер-Тарғын Қамбар", "Қыз-Жібек", "Қозы-Көрпеш - Баян сұлу", "Еңлік және Кебек" жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологиялық түрде жеткізеді. Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. Екі дәстүрдің - эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие -Қорқыт есімімен (бірінші жырау және шамаң "күй атасы" және қыл-қобызды жасаушы алғашқы шаман есімімен) байланысты. Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра-қобыздық күйлер - "Қорқыт", "Желмая", "Тарғыл тана", "Елімай", "Ұшардың ұлуы" сияқты және т. б. шығармалар қалдырды. Олардың бір бөлігі дыбысты беру сипатымен ерекшеленді және табиғаттың табиғи дауыстарын, өмір, өлім, тұрмыс туралы философиялық ойларды берген.
Барлық шығармаларда, бір күйден екінші күйге көшкенде музыкалық әуендер бір немесе бірнеше рет қайталанады. Көк тәңіріне, рухтарға бағытталған бұл дыбыстар қобыз үнінде тірілгенде жаңа реңк алады. Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихыда ғасырлар қойнауына кетеді. Домбыраның пайда болуы туралы мынадай археолгиялық қазбалар мәлімет береді: ежелгі қала Хорезмді қазғанда екі шекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелері табылған. Ғалымдар екі мың жыл бұрын Хорезм қаласынан табылған екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығын және оның Қазақстан территориясында тұрған ертедегі көшпенділердің қолданған аспаптарының бірі деп бағалайды. Домбыра және сыбызғылық музыканың көне үлгілеріне құстар мен жануарлардың атауларымен күй-аңыздар жатады - "Аққу", "Қаз", "Нар", "Ақсақ қыз", "Ақсақ құлан" батып бара жатқан балалар мен аңдар туралы -"Жорға аю", "Зарлау", "Жетім қыз" және т. б. күй - аңыздар. Бұлар ерте кездегі діни сенім -нанымның, әдет-ғұрыптың жаңғырығын осы күнге дейін алып келген.
Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және ақындық көркемөнердің біртұтастығын көрсетеді. Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт-дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар - жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды. Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қылқобыз немесе домбыра арқылы орындалған.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық бағыттың қалыптасуы.
2. Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларының қазақ мәдениетіне қосқан үлесі.
3. Зар заман ақындары. Шортанбай, Мұрат, Дулат толғауларындағы заман келбеті
4. Ғасырлар тоғысындағы қазақ мәдениетіндегі ұлттық демократиялық бағыт.
5. Қазақ мәдениетінің жаңа кезеңдері. Шәкәрім мұралары.
6. Қазақ сазгерлерінің шығармалары.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Зар заман,жырау,ағартушы
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет