ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Психология негіздері»



бет6/10
Дата31.01.2018
өлшемі1,62 Mb.
#37014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сангвиникалық темперамент өкілдері қозғалғыш,сергек ,қызыққыш келеді. Эмоциялық көңіл күйі тұрақсыз,өзгеріп отырады,сезімге тез беріледі.Олардың сезімдері күшті,терең емес.Шапшаң ашуланады,бірақ тез басылады,кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді,сәтсіздіктерді тез жеңе біледі,ұжымда беделді.Адамдармен тез арада тіл табыса біледі. Сангвиникалық типтегі адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз эиоциялық қозуымен ерекшеленеді.Олар әртүрлі іске тез кіріседі, бірақ әр нәрсенің басын бастап, аяқсыз қалдырады, істі аяғынам дейін жеткізе алмайды, тез арада суып қалады, олар бір бағыттағы ұзақ, табандылықты қажет ететін іс әрекетке бейім емес. Олардың ренжуі де, жылау да тез,күлуі оңай. Сезімі тез өзгеріп отырады.

Холерик темперамент өкілдері тез пайда болатын күшті және тұрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді.Холериктердің сезімі бет пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анық байқалады. Холериктер күйіп пісу, тез қозғалғыштық, әруақытта да іс әрекетке бейім келеді.Оларда психикалық үрдістер тез, жылдам жүріп жатады. Холериктер іс әрекетке жылдам,қызыға,құлшына кіріседі.

Бұл типтегі адамдар өте белсенді.Олар жігерлі, қызу қанды, кейде артық кетіп қалады,кейде ашуға, сезімге тез беріледі.Ұжымда эмоциялық ұстамсыздық танытады және осының негізінде кейде жайсыз ахуал қалыптасады.

Холериктердің жағымды жақтары белсенділігі, іскелігі, іс әрекетке тез енетіндігі. Жағымсыз тұстары ұстамсыздығы,дөрекілігі, ұшқалақтығы,ашуға тез берілгіштігі.

Флегматикалық темперамент жай пайда болатын, әлсіз және қысқа мерзімді эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Флегматиктің сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Бұл типтегі адамдардың қуануы да, қайғыруы да қиын.Флегматикалық типтегі балалар сабырлы,салмақты, мінез құлқы әр уақытта да бір күйде тұрады. Флегматиктердің психикалық үрдістері жай,бірсарынды жүреді.Бұлар өте ұстамды, салмақты ,іс әрекетте баяу.Істеген ісін сапалы,тындырымды орындайды. Адамдармен қарым қатынаста флегматик әруақытта да орнықты,салмақты, ретімен адамдармен араласады,көңіл күйі тұрақты. Олар әркез жанжалдан басын ала қашады. Кейбір қолайсыз жағдайларда флегматиктерге тән сылбырлық, енжарлық, жалқаулық сияқты жағымсыз қасиеттер қалыптасуы мүмкін.

Меланхолик темперамент жай, бірақ күшті және тұрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Меланхоликтер тұрақты, ұзақ көңіл күйге бейім тұрады, бірақ олардың сезімі сырттай әлсіз аңғарылады.Меланхолик типтегі адамдар қозғалыста іс әрекетте баяу. Меланхолик іс әрекетке бірден кірісе алмайды, ырғалып жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса, аяғына дейін жеткізеді.Бұл типтегі балалар тез шаршайды, эмоциялық көңіл күйі жай пайда болады, бірақ тереңдігімен,ерекше күшімен және ұзақтығымен ерекшеленеді. Меланхоликтердің жаны тез жараланғыш,көңіліне ауыр алғандарын ешуақытта ұмытпайды, кекті ұзақ сақтайды.Бұл типтегі адамдар көбіне тұйық келеді, ұжыммен және адамдармен, әсіресе таныс емес,жаңа адамдармен қарым қатынас жасауы қиын. Олар қоғамдық жұмысқа қатыспайды, ондай балалар өзімен өзі болғанды жақсы көреді Сондықтан да дұрыс ұйымдастырылған оқу тәрбие жұмысында меланхоликтерге ерекше назар аударған жөн.

Темпераменттің ерекше қарапайым,табиғи көрінуін біз балалық шақта байқаймыз.Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым қатынасы күрделене түседі, демек,бұл дүниенің әсерін соғұрлым ол сезіне түседі.



9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1. Қазіргі психологиядағы жеке адам мәселесі.

2. Жеке адам құрылымы.

3. Қабілет және ақыл.

4. Темперамент.

5. Гиппократ бойынша темпераментті жіктеу,

6. И.П.Павловтың темпераментті типтерге бөлуі.

7. Темпераментің типтері,сипаттамасы,ұғымы.

1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

Темперамент, сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик, эмоция, лептосоматик,пикник, атлетик, диспластик,генотип,

т.б


10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау.

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақтың тақырыбы: Тұлғаның бағыттылығы.Мінез.

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

10- сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Тұлғаның бағыттылығы. Мінез.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты:

*оқыту: Тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру.

*тәрбиелік: Шығармашылық қабілетін дамыта білу.

*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.



5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994


1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Қазіргі психологиядағы жеке адам мәселесі.

2. Жеке адам құрылымы.

3. Қабілет және ақыл.

4. Темперамент.

5. Гиппократ бойынша темпераментті жіктеу,

6. И.П.Павловтың темпераментті типтерге бөлуі.

7. Темпераментің типтері,сипаттамасы,ұғымы.



8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Кіріспе.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.



1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады.Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс әрекетткр жасайды, қызығуларды адам іс әрекетте басшылыққа алады.

Белсенділік жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс әрекетте, қоршаған ортамен қарым қатынас үрдісінде байқалады.Адамда белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына , мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не?Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады.Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады.

Адам қажеттілігі әртүрлі.Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйге қажеттілік.Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар.

Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады.Адам қажеттілігі адамзат қоғамының қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып табылады. Тек қана қажеттілік адамды белгі бағытта әрекет етуге итермелейді.Қажеттілік бұл өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі.

Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері немесе нақтылы қылығы, іс әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз.Түрткілер қажеттіліктің нақты көрінуі.

Түрткілер (мотивтер) бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс әрекетке итермелеу. Егер де қажеттілік адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің нақты көрінуі болып табылады.Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді.Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой өрісін кеңейтуге, адамды терең білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге,қиындықтар мен кедергілірді жоюға итермелейді.

Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады.Жан жақты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді.Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында,оны оқыту және тәрбиелеуде қалыптасады.Жеке тұлғаның дамуының, сонымен қатар барлық психикалық сапалар мен үдерістердің қозғаушы күштері неде?

Психология тарихында бұл мәселені шешуде екі бағыт қалыптасты: биоге-

нетикалық және социогенетикалық.

Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше,жеке тұлғаның дамуы биологиялық,

Тұқым қуалау факторымен анықталады.

Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық ( өз еркімен ) сипатта болады.Биогенетиктердің айтуынша,Психология көптеген жаратылыстану және қоғамтану ғылымдар қатарында адамды, тұлғаны зерттейді, бірақ олардың жеке өздеріне тән ерекше қырлары мен сырларын бөле қарастырады.

Бұл орайда психология тұлға терминімен бір қатар адам, тек өкілі (индивид) және «даралық» түсініктерін пайдаланады. Бұл ұғымдардың бәрі өзіндік өзгешелікке ие, дегенмен олар өзара кіріге байланысқан. Аса жалпыланған, бірігімді түсінік – бұл адам.

Адам - өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің ажыралмас бірлігін танытушы тіршілік иесі. Әлеуметтік-тайпалық мәнге ие болуымен бірге, әрбір адам өз алдына бөлектенген табиғат туындысы, тек өкілі.Тек өкілі – бұл homo sapiens (саналы адам) ретінде нақты адам, дамудың адамдық алғы шарттарын (нышандарын) бойына сіңірген жаратылыс туындысы.

Даралық – нақты адамның тұтастай болмысының, оның табиғи және әлеуметтік меңгерілген қажеттерінің қайталанбас, ерекше сипаты.

Даралық әр адамның меншікті тәжірибесінен, білімінен, пікірі­нен, ұстаным – көзғарастарынан, мінезі мен темпераментіндегі өзгешеліктерден көрінеді, адам өз даралығын дәлелдейді, бекітеді.

Адам даралығының негізгі көрсеткіштері – сеп-түрткілері (моти­втері), темпераменті, қабілеттері, мінезі.

Сеп-түрткілер (мотивы) – іс-әрекетке ынталандырушы не мәжбүрлеуші, белгілі қажеттердің қанағаттандырылуымен байла­нысты, «не үшін іс-әрекет орындалып жатыр?» деген сұраққа жауап беретін ниет, талаптар (побуждения). Тіршілік жағдайына, қажеттеріне орай әрбір адам өзіне тән салыстырмалы тұрақты және қайталанбас сеп-түрткілер жүйесін (мотивация) пайдаланады.

Тұлға көп деңгейлі ұйымдасу құрылымына ие. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуының ең жоғары әрі жетекші деңгейі - оның қажетсіну – сеп-түрткілік аймағы, яғни тұлға бағдары, оның қоғамға, жеке адамдарға, өзіне және өзінің еңбектік міндеттеріне қатынасы. Тұлғалықтың мәнді тараптары – оның ұстаным бағыт – бағдары ғана емес, өзі қалаған қарым – қатынастарын іске асыра білу қабілеттілігінде. Бұл адамның іс-әрекеттік мүмкіндіктерінің даму деңгейіне, оның қабілеттеріне, білімдері мен ептіліктеріне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ес, зерделік сапаларына тәуелді.

Адам дайын қабілет не мінезбен дүниеге келмейді. Бұл қасиеттер өмір барысында, белгілі табиғи тіршілік желісінде қалыптасады.

Адамның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің негізгі сапалары, жүйке үдерістерінің жүрісі оның нәсілдік (генотип) болмысына тәуелді. Әр адамның биологиялық құрылымында, яғни бастау табиғатында оның психикалық даму мүмкіндіктерінің бар­шасына негіз қаланған, Дегенмен, әлеуметтік тіршілік иесі білім мен ғылымда, салт – дәстұрде, заттасқан және рухани мәдениетте бекіген өткен әулеттер тәжірибесін меңгергеннен соң ғана тұлға санатына көтеріледі. Адамның табиғи тарапын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға болмайды. Адам табиғатының өзі тек биологиялық эволюция өнімі ғана емес, ол тарихтың да туындысы. Адам бойындағы биологиялықты оның “хайуандық” белгілері деп қарауға типті де болмайды. Адамның барша биологиялық табиғи нышандары адами болмысқа ғана тән, олардың бірде бірі жануарларда болмайды. Нақты қоғамдық шарт, жағдайларда ғана адам қалыптасып, тұлғалық дәрежеде көрінеді.

Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен, қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. Күнделікті тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамды төменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның қоғамдық мәнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынан көрінеді.

Тұлға ерекшелігі – оның дербестігі. Өзінің жеке дербестігін таныған тек өкілі қалай болса, солай өтіп, ауысып жатқан әлеуметтік нұсқау талап­тардан өзін тәуелсіз, еркін сезеді; әлеуметтік жүгенсіздіктер мен әміршіл-әкімшіл, қуғын-сүргін замандарда өз болмысын билеп біледі, қоғамдық күйзелістерден жабырқап, тарықпайды. Тұлға дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы рухани жігерлілікпен байланысты келеді.

Рухани жігерлілік тұлғаның жоғары санасынан, барша ұждансыздыққа табанды қарсы тұра білуді қажетсінуінен, ұлағатты мұраттарға жан-тәнімен берілгендігінен, азаматтыққа сай келмейтін өресіз, өнегесіз ниеттерден алшақ болуынан, бір мезеттік мансап пен пайдакүнемдікке берілмеуі мен жалған әлеуметтік жалтаң белсенділіктен аулақ жүруінен көрінеді. Неғұрлым қоғамның рухани-мәдени деңгейі төмен болса, ол қоғамда жалпыламай теңдестіру бағыты белең алып, адам қадірін тану қалады, талапты саяси-идеологиялық стандарттарға көзсіз бағынушылар, құлдық психологиядағы пенделер саны ұлғаяды.

Тұлға сапалары оның тұрмыс – қызметтік жеке қатынастарының өрісімен әлеумет тіршілігінің әрқилы саласына еніп, араласа білуімен анықталады. Шығармашыл тұлға тікелей әлеуметтік қоршау шеңберінде тұсауланып қалмай, ауқымды да кең қоғамдық өмір даңғылында даму бағытын алады. Бір тұлға бойының өзінен бүкіл әлеуметтің болашақ даму желісін аңғарамыз. Себебі тұлғалыққа жетіскен әрбір адам – қоғам келешегінің айнасы, содан да ол елдің бүгінгі жағдайынан озық жүреді. Тұлға дербестігі оның матаулы тұйық топ тұсауынан тәуелсіздігін білдіреді, тұлға дамығандығының көрсеткіші есептеледі.

Тұлға дамуы – оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесінің әр өмір кезеңіне орай қалыптасып баруын, белгілі қоғамдық алғы шарттарды, әлеуметтік тапсырысты орындап жүруін, адамды қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдаяттардың күшін жойып отыруын талап етеді.

9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1. Жеке адам бағыттылығы.

2.Жеке адам құрылымындағы қасиеттер: Қызығушылық, тілек, идеал, дүниетаным, сенім.

3. Мінез,мінездіңқалыптасуы.

4. Психопатия.

5. Темпераментті анықтау және жеке адамның қасиеттері.

6. Тексеру кезінде, медициналық манипуляцияны жүргізуде науқастың мінез құлқын болжау.

7.Өзін өзі жоғары немесе төмен бағалайтын науқастың мінез құлқы.

1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

Түйсік, абсолюттік сезгіштік, психофизикалық заң, сенестизия, апперцепция т.б

10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау.

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақтың тақырыбы: Іс әрекет ұғымы.Қажеттілік және мотивтері.

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
.

11- сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Іс әрекет ұғымы.Қажеттілік және мотивтері.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты:

*оқыту: Білім білік дағдыларын қалыптастыру.

*тәрбиелік:Сұлулық тәрбиесі,өнердегі сұлулықты түсіне білу.

*дамыту: Еріктілікті дамыту,танымдық қызығушылықты арттыру.



5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Жеке адам бағыттылығы.

2.Жеке адам құрылымындағы қасиеттер: Қызығушылық, тілек, идеал, дүниетаным, сенім.

3. Мінез,мінездіңқалыптасуы.

4. Психопатия.

5. Темпераментті анықтау және жеке адамның қасиеттері.

6. Тексеру кезінде, медициналық манипуляцияны жүргізуде науқастың мінез құлқын болжау.

7.Өзін өзі жоғары немесе төмен бағалайтын науқастың мінез құлқы.



8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Кіріспе.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.



1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Тұлға түсінігіне байланысты біз ең алдымен адамның әлеуметтік мәнді сапалары жүйесіне назар аударамыз. Қоғаммен байланыста ғана адам қалыптасады және оның әлеуметтік мәні көрінеді.

Психология ғылымы тұлғаны қоғамның сыртқы ықпалдарын өз бойынан өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарт­тар жиынтығы ретінде қарастырады. Бұл ішкі жандүниелік жағдай, шарттар өткендегі әлеуметтік ықпалдар негізінде қалыптасқан нәсілдік – биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік себептерден болған сапалардың ажыралмас бірлігінен құралады. Тұлға жетіліп барған сайын ішкі шарттар тереңдей түседі, нәтижеде бір ықпалдың өзі әрқилы адамдарға әртүрлі әсер жасауы мүмкін. Сонымен, тұлға қоғамдық қатынастар нысаны және өнімі ғана емес, сонымен бірге ол іс-әрекеттің, қарым-қатынас және ортақтасудың, сана мен өзіндік сананың белсенді субъекті.

Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері

Тұлға бес түрлі мүмкіндіктерімен сипатталады. Олар келесідей: танымдық, құндылықты, шығармашылдық, ара-қатынастық (ком­муникативтік) және көркемөнерлік.



Тұлғаның танымдық (гносеологиялық) мүмкіндігі оның өзі жинақтаған ақпараттың көлемі және сапасымен анықталады. Бұл ақпарат сыртқы дүние (табиғат және әлеуметтік) жөніндегі білімдер мен өзін өзі тану мәліметтерінен құралады, сонымен бірге бұл құрамға адамның танымдық іс-әрекетімен байланысты психологиялық сапалар да кіреді.

Тұлғаның құндылықтық (аксиологиялық) мүмкіндігі оның ізгілік­тілік, саяси, діни, эстетикалық салалардың құңдылықтары жүйесіне орай әлеуметтену үдерісінде игеріп қабылдаған мұраттары, өмірлік мақсаттары, наным-сенімдері және ұмтылыс-ниеттері, яғни бұл психологиялық және идеологиялық сәттердің бірлігі, тұлға санасы мен оның өзіндік санасы жөнінде әрі бұлардың бәрі көңіл-күй, ерік және зерделік (ақыл-ес) тетіктердің жәрдемімен қалыптасып, тұлғаның дүниетанымында, көзқарастарында және тіршілік ұмтылыстарында ашылып, көрінуі.

Тұлғаның шығармашылдық мүмкіндігі - ол қабылдаған және өз бетінше меңгерген ептілік және дағдылар, жасампаздық , өнім беру немесе қайта жасау әрекеттеріне деген, қабілеттілігімен және олардың қандай да бір не бірнеше еңбек, әлеуметтік-ұйымдастыру мен қадағалау-бағалау салаларындағы іске асыру шамасы.

Тұлғаның қарым-қатынас (коммунинативті) мүмкіндігі - оның басқа адамдармен жасаған, орнықтырған әңгіме сұхбатқа түсу, байланыс түзу әрекеттерінің сипаты және беріктілігі. Өз мазмұны бойынша тұлғааралық тілдесу, ортақтасу әлеуметтік рөлдер жүйесінде байқалады.

Тұлғаның көркемөнерлік мүмкіндігі - оның әсемдік әлеміндегі қажеттерінің деңгейі, мазмұны және жеделдігімен, сонымен бірге олардың қаншалықты қанағаттандырылуымен өлшестірілуі. Тұлғаның көркемөнер белсенділігі кәсіби және өзіндік дербес шығармашылығында әрі өнер туындыларын қажетсінуінде, пайдалануында ен жая, ашылады.

Әрқандай қоғам өзінің тұлғалық сапа – қасиеттерді бағалау өлшемін (критерии) тағайындайды.

Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы

Тек өкілінің тұлғалыққа жетілуінде ұқсастыру (идентификация) мен тұлғалық дербестену (персонализация) үлкен маңызға ие.



Идентификация – тек өкілі санасында өзін басқа адамдармен, тіп­ті бүкіл адамдар қауымы, қоғамымен теңдестіру, ұқсастыру сезімінің қалыптасуы.

Персонализация - әрбір тұлғаның басқа адамдар арасындағы өзінің ке­мелді өкілеттілігін, қадір – қасиетін ұлықтай білуі мен нақты әлеуметтік қауымдастықта өз мүмкіндіктерін ашып, іске асыра білу сезімі.

Өзге адамдармен тұлға өзінің «Мен» сезімімен, яғни өзі жөніндегі өз тұжырымдарымен, өз мүмкіндіктерімен, өз мәнділігі негізінде қатынас жасайды. Тұлғаның өзіндік танымы (рефлексия) нақты «Мен» мәніне сәйкес болуы да, болмауы да мүмкін. Өз «Менін» орынсыз асқақ тұту не оның деңгейін жөнсіз әбден қарапайымдылықта төмендетіп жіберуден ішкі тұлғалық дау-дамай күйзелісі (конфликт) пайда болады.Тұлғаның өмір жолы нақты тарихи- әлеуметтік кеңістікте өтеді. Өндірістік - материалды жағдайлардың, тұтыну аймақтарының, әлеуметтік қатынастарының өзіндік ерекшелігі адамның тіршілік, өмір сүру қалпын айқындайды, оның әрекет – қылығындағы тұрақтанған меншікті ерекшеліктері тұлға типін айырады.

Әр тұлға өзінің өмірлік ізгілікті бағыт – бағдарын (стратегиясын) қалыптастырады. Ізгілікті бағыт - бағдар мәні – тұлғаның өмірлік ұстанымы, өз құндылықты бағытына сәйкес ағымдағы тіршілік жағдайларын өзгерту және оларды пайдаланудың, жасаудың жалпылай әдістері жүйесінің тұрақталған бет алысы.

Тұлға қалпының аса маңызды көрсеткіші оның өзіндік психикалық реттеу әрекеті, оның әрекет – қылығының әлеуметтік қалыптасқан өлшем – шектерге сай емес, тікелей жанама қарым – қатынасқа түсе білуі.

Тұлға өзінің тұрақтанған қасиеттер бірігімімен сипатталады. Олар: - сыртқы ықпалдарға сезімталдығы, тұрақты сеп – түрткі, қызығу, қоршаған ортамен қатынас түзу қабілеті және өзіндік әрекет - қылықты реттеудің адамгершілік принциптері. Тұлғаның бұл ерекшеліктерінің бәрі тума (генетикалық), нәсілдік және әлеуметтік - мәдени жағдаятардың біріге іске қосылуының нәтижесі. Мотивация адам өмірінің бұрынғы ғылымында орын ала бастаған. Жүз жылдықтың бірінші жарты жылында әр елдерде мотивация туралы ұғымдарды жан-жақты әр түрлі қарастыра бастаған. Мысалы, өздерінің түрткі және мотивация туралы зерттеулерін Фрейд Австралияда, Левин Германияда жүргізе бастаған және мотивация туралы пікірлер әр түрлі жағдайларда көп қарастырылған. «Түрткі» өзіне нақты жағдайда жүре бастаған талап етуді, қозуды, тырысуды тағы басқа қасиеттерді қосып алады. Осы терминдер динамикалық жағдайда бағытталып, іс-әрекеттің нақты бағалық жағдайын, субъективті тырысуын бағыттайды. Осы қасиеттердің барлығын қорытындылай келе және мотивацияның психологиялық зерттеулерін жүргізе отырып «түрткі» және «мотивация» деген ұғымдар туады. Түрткі бұл барлық қарым-қатынастағы «индивид-орта». Егерде түркіні бір шеңбердің ішіндегі қарым-қатынастың «индывид-ортасы» деп түсінсек, онда бұдан шыққан мотивацияның психологиялық мәселелерінің негізгі сегіз түрін атап өтуге болады:

1) «Индивид-орта» қарым-қатынастың эквиваленттілігі.

2) Жеке даралы өсу кезінде және нақты бағалы диспозиция қалыптасқанда түрткі қалыптасады.

3) Адамдардың жеке тұлғалық қасиеттері мен бірге түрткілері де өзгеріп отырады.

4) Адамның мінезі нақты бір жағдайда әр түрлі түрткіні иерархияға бағытталып, түрткілері әр түрлі жағдайға тап болып келеді.

5) Мотивация мінез-құлықтан қалыптасқандықтан түрткісі қалады.

6) Қозудың іс-әрекеттегі байланысын мотивация ретінде түрткі анықтайды.

7) Мотивация жеке процес емес, бұл мінез-құлықты басынан аяғына дейін анықтайды.

8) Мотивтендірілген іс-әрекетті мотивациямен салыстыруға болмайды.Маслоу төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттануына байланысты мотивтер туа біткен мінездеме алады. Яғни төменгі деңгей қажеттіліктерінің қанағаттануы келесі деңгей қажеттіліктеріне өтуге жағдай болады.егер төменгі деңгей қажеттіліктер қанағаттанбаса, жоғары деңгей қажеттіліктерін өтеу мүмкін емес. Адам қажеттіліктерін өтеу мүмкін емес. Адам қажеттіліктерін өтеу үшін алға ұмтылып іс-әрекет жасалынады. Адамның мұнда мінез-құлқы қажеттіліктері қанағаттанбайды да, төменгі деңгей жеңеді.Маслоу эксперименталды теориясын дамытуға белгілі шығармашылық табыстарымен ерекшеленетін тұлғалардың биографиясын оқып, үйреніп, оларға «самоактуализаторлар» деген атау берді. Оларға Спиноза, Линкольн, Эйнштейн, Рузвельт студенттерін бақылап, арасына «өзін-өзі актуалдандыратындарды » жіктеді [5, б. 56-58].Маслоу мотивтерді қажеттілік және бой түрткілері деп бөледі. Екілері иерархияда жоғарғы жағдайларды негізгі айырмашылық қажеттілік мотивтері мотивациясының төмендеуіне әкеледі, ал бой мотивтері қанағаттануы мотивацияның жоғарылауына әкеледі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет