ОҢТҮстік қазақстан өҢірі халқының білім деңгейіндегі өзгерістер (1926-1959 жж.) Мейірбеков М. Б. Т.ғ. к.,



Дата01.02.2018
өлшемі126,78 Kb.
#37360
ӘӨЖ 94(678.1)

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ХАЛҚЫНЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР (1926-1959 ЖЖ.)
Мейірбеков М.Б.

Т.ғ.к., «Сырдария» университетінің доценті



Абдикалиев Ұ.

«Сырдария» университетінің магистранты


Резюме

В статье рассматривается изменения уровня образования Южно-Казахстанкого региона в 1926-1959 гг.

Summary

In this article is researched chandes of education level in South Kazakhstan Region in 1926-1959 y.
Оңтүстік Қазақстан өңірінде өткен ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында халыққа білім беру, мәдениет ошақтарының жұмысын жақсарту саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Жыл өткен сайын мектептер көбейіп, оларда оқитын балалардың саны артты. Мысалы, 1926-1927 оқу жылында Сырдария губерниясындағы 279 мектепте 18914 бала оқыды. Оқу мекемелерінің материялдық негізінің төмен болуы, оқулықтардың жетіспеуі жастардың білімге деген құштарлығына бөгет бола алмады.

Оңтүстік өңірінде мәдени ағарту ісін өркендету жолында күрес тарихында республикадағы 1924 жылы құрылған «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының маңызы зор болды. 1925 жылы ересектер арасында сауатсыздықты жою жөнінде 150 ликбез жұмыс істеді. Көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы ересектер арасындағы сауатсыздықты жоюда қызыл отаулардың қызметі ерекше болды. Олар ауылдардағы түрлі саяси және үгіт жұмыстарының орталығына айналды [1].

Осындай игі шаралардың нәтижесінде мектептердің саны жыл өткен сайын артып, 1936 жылдың соңында мектептерде 165225 бала оқыды. Орта білім беретін арнаулы оқу орындарының да саны көбейді. Соның бірі 1930 жылы Әулиеата қаласында ашылған зооветеринарлық техникум болды. Кейін осы оқу орнын қәзіргі әлем әдебиетіндегі ірі тұлға, белгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов бітірген еді.

Қазақстанның 20-жылдарында қоғамдық-саяси өмірінің қайғылы ерекшелігі мынада болды: аппараты халықтың тарихи зердесін жоюға, бұл зерденің иелері ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдерін қыруға бағытталған кең көлемді шаралар жүргізе бастады. Кеңестік Шығыстың халықтары, Еділ бойының халықтары ішінара жүздеген жылдар бойы араб алфавитін пайдаланып келгені мәлім. Басшылықтың бұйрығы бойынша латын алфавитіне, одан кейін 1940 жылы кирилицаға көшіріледі. Оның салдарынан бір ұрпақтың өмірінде қазақтар ғасырлар бойы ұлттық мәдениетінің інжу-маржандары жасалып келген кітаптар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер, бағалы тарихи материалдар жинақталған жазуынан айырды [2].

Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі халықтың білім деңгейі жалпы тұрғындар ішінде 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағында төмендегідей болды: 9-49 жастағылардан Әулие-Ата уезінде – 14,3 %, Қызылорда уезінде – 16,3 %, Шымкент уезінде – 12,8 %, барлығының сауаттысы – 14,4 %-ды құрады. Бұл көрсеткіш басқа аймақтармен салыстырғанда артта келе жатты.

Оңтүстік өңіріндегі халықтың білім деңгейі жалпы тұрғындар ішінде 1939 жылғы Бүкілодақтық халық санағында төмендегідей болды: 9-49 жастағылардан Жамбыл облысында – 78,9 %, Қызылорда облысында – 77,3 %, Оңтүстік Қазақстан облысында – 73,6 %, барлығының сауаттысы – 76,6 %-ды құрады.

Оңтүстік өңіріндегі халықтың білім деңгейі жалпы тұрғындар ішінде 1959 жылғы Бүкілодақтық халық санағында төмендегідей болды: 9-49 жастағылардан Жамбыл облысында – 96,9 %, Қызылорда облысында – 97,2 %, Оңтүстік Қазақстан облысында – 96,8 %, барлығының сауаттысы – 96,9 %-ды құрады.

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағында Әулие-Ата уезінің қала және ауыл тұрғындарының білім деңгейі 9-49 жас аралығында төмендегідей болды: қалада сауаттылар – 51,4 %, ауыл халқының сауаттысы – 10,6 %, барлығы – 32,5 % болса, 1939 жылы Жамбыл облысында қала халқының сауаттысы – 85,5 %, ауыл тұрғындарының сауаттысы – 77,4 %, барлығы – 81,4 % болса, 1959 жылы қала халқының сауаттысы – 97,0 %, ауыл халқының сауаттысы – 96,0 %, барлығы – 96,5 %-ды құрады.

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағында Қызылорда уезінің қала және ауыл тұрғындарының білім деңгейі 9-49 жас аралығында мынадай болды: қалада сауаттылар – 63,8 %, ауыл халқының сауаттысы – 8,4 %, барлығы – 36,1 % болса, 1939 жылы Қызылорда облысында қала халқының сауаттысы – 82,4 %, ауыл тұрғындарының сауаттысы – 77,4 %, барлығы – 79,9 % болса, 1959 жылы қала халқының сауаттысы – 95,7 %, ауыл халқының сауаттысы – 97,8 %, барлығы – 97,2 % болды.

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағында Шымкент уезінің қала және ауыл тұрғындарының білім деңгейі 9-49 жас аралығында мынадай болды: қалада сауаттылар – 30,0 %, ауыл халқының сауаттысы – 11,2 %, барлығы – 20,6 % болса, 1939 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында қала халқының сауаттысы – 80,4 %, ауыл тұрғындарының сауаттысы – 74,2 %, барлығы – 77,3 % болса, 1959 жылы қала халқының сауаттысы – 96,1 %, ауыл халқының сауаттысы – 97,2 %, барлығы – 96,6 %-ды құрады.

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағында Әулие-Ата уезінде тұрғындардың 9-49 жас аралығындағы жастық және жыныстық құрамындағы сауаттылық деңгейіне талдаулар жасасақ, ерлердің сауаттысы – 21,5 %, әйелдерден сауаттысы – 7,2 %, барлығы – 14,3 %, 1939 жылы Жамбыл облысында ерлерден сауаттысы – 86,3 %, әйелдерден сауаттысы – 70,3 %, барлығы – 78,9 % болса, 1959 жылы ерлерден сауаттысы – 98,7 %, әйелдерден сауаттысы – 95,1 %, барлығы – 96,9 % болды. Яғни, 1926-1959 жылдар аралығында ерлердің сауаттылық деңгейінің өсуі 21,5 %-дан 98,7 %-ға дейін (77,2 %) өскен. Ал, әйелдердің сауаттылық деңгейі 7,2 %-дан 95,1 %-ға (87,9 %) көтерілді.

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағында Қызылорда уезінде тұрғындардың 9-49 жас аралығындағы жастық және жыныстық құрамындағы сауаттылық деңгейіне талдаулар жасасақ, ерлердің сауаттысы – 22,9 %, әйелдерден сауаттысы – 9,7 %, барлығы – 16,3 %, 1939 жылы Қызылорда облысында ерлерден сауаттысы – 86,6 %, әйелдерден сауаттысы – 67,9 %, барлығы – 77,3 % болса, 1959 жылы ерлерден сауаттысы – 98,9 %, әйелдерден сауаттысы – 95,5 %, барлығы – 97,2 % болды. Яғни, 1926-1959 жылдар аралығында ерлердің сауаттылық деңгейінің өсуі 22,9 %-дан 98,9 %-ға дейін (76 %) өскен. Ал, әйелдердің сауаттылық деңгейі 9,7 %-дан 95,5 %-ға (81,3 %) көтерілді.

1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағында Шымкент уезінде тұрғындардың 9-49 жас аралығындағы жастық және жыныстық құрамындағы сауаттылық деңгейіне талдаулар жасасақ, ерлердің сауаттысы – 18,3 %, әйелдерден сауаттысы – 7,4 %, барлығы – 12,8 %, 1939 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ерлерден сауаттысы – 84,7 %, әйелдерден сауаттысы – 62,4 %, барлығы – 73,5 % болса, 1959 жылы ерлерден сауаттысы – 98,5 %, әйелдерден сауаттысы – 95,2 %, барлығы – 96,8 % болды. Яғни, 1926-1959 жылдар аралығында ерлердің сауаттылық деңгейінің өсуі 18,3 %-дан 98,5 %-ға дейін (80,2 %) өскен. Ал, әйелдердің сауаттылық деңгейі 7,4 %-дан 95,2 %-ға (84,3 %) көтерілді.

Сырдария губерниясының өлкелік ақпарат бөлімінің мәліметіне қарағанда 1926 жылдың 10 қазанында партия бөлімі ұлтаралық азшылықты анықтау мақсатында нұсқау берген. Бұл нүсқау бойынша бөлімдер құрылып, Ташқазақ және Усумде сондай меңгерушілікке қазақ тағайындалған. Осы ұйымның қызметімен губерния тұрғындарының ұлтаралық азшылық мөлшері туралы санақ жүргізілген. Есеп жүргізу нәтижесінде губернияда 43 мектепте 69 мұғалім мен 3110 оқушы бар. Мектептерді ұлтаралық сипатына қарай жіктегенде мынадай көрсеткіште болды: өзбектердікі – 35, еврей – 2, дүнген – 1, неміс – 1, тәжік – 1, татар – 2, аралас – 1 мектеп жұмыс жасады [3].

Ұлтаралық үлес салмақты анықтауда мектеп жасындағы балалар 25 % - дық мөлшерде болды. Тұрғындардың 80 %-ы сауатсыз. Мәселе күрделі жағдайда еді. Жергілікті халық балаларының 9 % - ын ғана қамтыды. Бұл жағдайды дұрыстау үшін Қазақ өлкелік және губерния партия мекемелерінде қаулылар қабылдап, алдымен қалалық белсенділер, одан кейін ауылдық жерлердегі мекемелерге жүктелген. Мұндай қаулыларды қабылдаушылар Сырдария губерниясындағы Жауапты хатшы Круглов және Статистика және ақпарат бөлімінің меңгерушісі Воробьев еді [4].

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл өткен сайын мектептер саны өсіп, оларда оқитын балалардың саны артты. Мысалға алатын болсақ, 1926-1927 оқу жылдарында Сырдария губерниясындағы 279 мектепте 18914 бала оқыса, Шымкент уезіндегі 116 мектепте 6236 бала оқыды, бұларға 174 мұғалім ұстаздық етті. Оқу мекемелерінің материалдық негізінің төмен болуы, оқулықтардың жетіспеуі, тағы басқа жетіспеушіліктер білімге деген жастар құштарлығына бөгет бола алмады.

Жыл өткен сайын мектептер санының өсуі, оқушылар санының шұғыл көбеюі, ересектер арасындағы сауатсыздықты жою ісінің кеңінен өріс алуы мұғалімдер санын көбейтуді қажет етті. Расында да егер, 1927 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 22119 бала білім алып жатқан 342 мектеп болды [1, 62-б.].

Сырдария губерниясындағы уездердің сол кездердегі халықтың білім деңгейін көтерумен, ағарту ісімен айналысқан мектептері, олардың халыққа көрсеткен қызметі жайында Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік мұрағатында құжаттар сақталған. Мысалы, 1927 жылы 1 қазанда Сырдария губерниясы, Қазалы уезінде әлеуметтік тәрбие және кәсіби білім беру мекемелерінің ұлттық белгілері, орналасқан жеріне дейін мәліметтер берілген. Қазалы уезіндегі мектептерге тоқталайық. Олар мынадай сипатта білім берген: Қамбаш болыстығында аралас мектеп болды. Бөген мектебі қазақша тәлім-тәрбие берген. Қарабай-Ағаш мектебі қазақша оқытты. Сайқонды мектебі қазақша дәріс жүргізді. Аман-Өткел мектебі балаларға қазақша оқу ісін жүргізген. Райым мектебі қазақ тілінде оқытты. Ескі-Қамбаш мектебі де қазақша дәріс берді. Ал, Аралда тағы бір мектеп қазақша жұмыс жасаған еді.

Қазалы болысында Қарашенгел мектебі қазақша оқытты. Сарыпұл мектебі қазақша оқытты. Сарыбайтүбекте қазақша мектеп болды. Тоғамыз мектебінде қазақ тілінде оқу ісін жетілдірді. Түрткен-Арал жерінде қазақша балалар тәрбиеленді. Ал, Қармақшы болысында Қармақшы аралас мектебі білім берді. Жуалыда 7 жылдық мектеп жұмыс жасады. Қызыл-Тамда қазақ мектебі болса, Төрткүлде қазақша, Көктөбеде қазақша және Кенторғайда қазақ мектебі жұмыс жасады. Сонымен қатар, Қазалы қаласында 9 жылдық мектеп орыс тілінде оқытты. 7 жылдық мектеп қазақша білім берді. Татар мектебі татар тілінде дәріс дәріс жүргізді. Сондай-ақ, Өзбек мектебі өзбекше білім берді. Балалар үйінде №1 аралас мектеп болды [5]. Бұл мәліметтерге қарағанда Қазалы уезінде 2 орыс, 23 қазақ, 1 өзбек, 1 татар және 4 аралас мектеп, барлығы 31 мектеп халыққа білім берумен айналысты.

1927 жылы 13-20 тамыз аралығында Әулие-Ата уездік конференциясы өтіп, онда оқу-ағарту ісі қаралған. Оған 1-інші және 2-інші сатыдағы мұғалімдерден 113 адам қатысқан. Бұл жиынға басшылық жасағандар – Әміров, Гилев, Лавренко, Сұраншиев және тағы басқалары бар еді. Мәжіліс барысында қала және ауыл мектептерінің саны мен ұлттық ерекшелігін атаған. Онда қалалық жерлерде 2 аралас мектептер, 3 қазақ , 4 орыс, 1 өзбек, 1 аз ұлттың мектептері болды. Уездің ауылдық жерлерінде аралас – 3, қазақ – 31, орыс – 27, өзбек – 2, аз ұлттардың мектептері – 1, барлығы – 53 мектеп жұмыс жасаған. Мұндағы оқушыларға келсек, қалаларда – 9443, уезд ауылдарында – 3780 адам оқыды [6].

1927 жылы 1 қазанда Сырдария губерниясы, Қызылорда уезінде мынадай мектептер жұмыс жасаған: Аламесек болысында Азат № 28-ші мектебі қазақша, Шаған № 36-шы мектебі қазақша, Қуаңдария № 5-ші мектебі қазақша, Т. Рысқұлов атындағы № 36-шы мектеп балалар үйінде орналасты да, қазақша білім берді. Аққашқар № 18-ші мектебі қазақша оқу ісін жүргізді.

Қараөзек болысында Қараөзек, Жалағаш, Тереңөзек, № 19-шы ауыл мектебі қазақша дәріс берді. Ал, Шиелі болысында Телікөл, Сұрқұдық қазақша және Жүлекте қазақша, орысша мектеп болса, Шиеліде орысша, қазақша және Жол айырығындағы № 129-шы қазақша мектептер жұмыс жасап, халыққа білім берумен шұғылданды.

Қызылорда болысы Тартоғай, Коммуна, Диваев, Кеңтүбек, Қайдауыл станциясының, Сортөбе қазақ және орыс мектептерімен қатар, Берқазан, Кентүп, Сабалақ 1,2,3, Талсауат қазақ мектептері, Шайкөлде орысша, Н. Астрахан мектебі аралас, Қожанов атындағы балалар үйінде № 30-шы қазақ мектебі, № 37-ші және № 17-ші қазақ мектебі мен № 40-шы Сабынкөл мектебі болды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында Мыңбаев атындағы 9 жылдық аралас мектеп, Ғ. Мұратбаев атындағы 7 жылдық қазақ мектебі, Абай атындағы қазақ мектебі жұмыс атқарып тұрды. Бұлармен қоса К. Маркс атындағы орыс мектебі, Париж Коммунасы атындағы қазақ мектебі және Татар-өзбек аралас мектебі, Ленин атындағы балалар үйінде орналасқан қазақ мектебі, Луначарский атындағы орыс мектебі және екі аралас мектептер де оқыту, ағарту ісімен айналысты [7]. Яғни, Қызылорда уезі бойынша 6 орыс, 32 қазақ, 6 аралас, барлығы 44 мектеп жұмыс істеген.

Сырдария губерниясының Ташқазақ уезіндегі мектептер жөнінде 1927 жылы 1 қазандағы мәліметтер бар: Қызылқұм болысында Ақтөбе, Қарғалы мектептері қазақ тілінде жұмыс жасаған. Ал, Иіржар болысында Әулие-Үтір, Айдар ауылдарында қазақша мектеп болса, Славянская 1,2 орыс мектебі, Гражданское, Ново-Рожденское, Мақтарал 1,2, Покровский, Вознесенский, Первомайский мектептері орысша оқытса, Аққұм ауылында қазақ мектебі жұмыс жасады.

Садық болысында Қарабастау 1,2, Шарапхана, Жеті, Қызыл, Жігерген, Ұя ауылдарында қазақ мектептері болды. Бұлармен қатар, Жоғарғы Шыршық болысында Қошқорған қазақ мектебі, Брич-Мулла өзбек мектебі және Хумсан, Сайлы, Ходжинкент 1,2, Нанай, Қызыл-Су ауылдарында өзбек мектептері жұмыс жасаған. Ескендір орыс мектебі, Қараманас, Паргос қазақ мектебі және Қандайлық өзбек мектептері болған еді.

Багара болысы Рудзутак ауылында қазақ мектебі білім берсе, Тоболино ауылында неміс мектебі, Полотроцк, Первомайск, Горный, Ленин, Чичерин орыс мектептері және Балалар үйінде орналасқан аралас Чичерин мектебі жұмыс жасады. Ақжар болысында Турбат, Якин, Шарбулат, Ташкулак қазақ мектептері болса, Байқабұл болысында Бес-Обдал, Кенжегүл, Қошқарата, Сарыағаш, Ишан-Базар мектептері қазақша дәріс берсе, Сарыағашта 7 жылдық аралас мектеп дәріс берді [8]. Мұндағы мәліметтерді салыстыра келгенде уезде 19 орыс, 31 қазақ, 8 өзбек, 3 аралас, барлығы – 61 мектеп болды.

1927 жылы 1 қазанда мәліметтерде Сырдария губерниясы, Түркістан уезіндегі Жаңақорған болысында Жаңақорған, Төменарық, Бесарық қазақ мектептері жұмыс жасады. Сондай-ақ, Икан болысында Ескі Икан, Жаңа Икан, Чага, Чурангай өзбек мектептері жұмыс жасады. Сонымен қатар, Қарнақ болысында Қарнақ өзбек мектебі, Жүйнек аралас мектебі, Бабай-Қорған, Чорнақ өзбек мектептері халыққа білім беру ісімен айналысса, Сауран аралас және Қошмезгіл өзбек мектептері жұмыс істеді.

Шелек болысында Шелек, Бүрген, Шоктаз, Тимур қазақ мектептері болды. Ал, Шағатай болысында Күш-Ата, Сауран, Теке ауылдарында қазақ мектептерінде дәріс берді. Осы аталғандармен қатар, Созақ болысында Созақ, Шолаққорған, Қозмұлдақ мектептері қазақша және аралас мектепте дәріс жүргізді. Сонымен бірге, Түркістан қаласының өзінде 7 жылдық Ленин атындағы аралас мектеп, Абай атындағы қазақ мектебі және Калининде өзбек, Есебайда аралас мектептер жұмыс жасаған [9]. Демек, уезде 13 қазақ, 9 өзбек, 6 аралас, барлығы – 28 мектеп халыққа қызмет көрсеткен.

1927 жылы 1 қазанда Сырдария губерниясының Әлеуметтік-статистика бөлімінің меңгерушісі Добролюбовтың жазған мәліметтерінде Шымкент уезінде әлеуметтік тәрбие және орналасқан жері жайында анықтамалар берілген. Мәселен, Шаян болысында 13 мектеп қазақша білім берді. Сонымен қатар, Томин болысында 2 қазақ және Түлкібас болысында 1 өзбек, 12 қазақ мектебі балаларды оқытқан. Бұл аталғандармен қоса, Украин болысында 14 орыс мектебі болса, Ванновка болысында 15 орыс мектебі, Темірлан болысында 9 орыс мектебі, Беловод болысында 11 орыс мектебі жұмыс істесе, Манкент болысында 5 өзбек, 1 аралас мектеп болды. Ал, Сайрам болысында 7 өзбек мектебі дәріс жүргізді.

Арыс болысында 14 қазақ мектебі болса, Қараспан болысында 6 қазақ, 1 орыс мектебі халық ағарту ісімен айналысты, Бадам болысында 13 қазақ мектебі болды. Осы аталған оқу орындары бар болыстармен қатар, Шымкент қаласының өзінде 6 аралас, 1 еврей, 5 өзбек мектептері болды [10].

1927-1928 жылдардағы Сырдария губерниясының конфессиялық мектептері жайында Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік мұрағатында бірқатар мәліметтер кездеседі. Енді солардың құрамы мен орналасқан жері, тәлім-тәрбие беру бағытына тоқталсақ, Қызылорда уезі, Аламесек болысындағы Ес, Тоқсанбай және Қостал ауылдарында орналасқан 1914 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Ес ауылында Тоқсанбай және Қостал ауылында орналасқан Шаймасамбет діни білім беру оқу орнында 17 ер бала тәрбие алған. Ал, Қазалы уезі, Қамбаш болысының № 6-шы ауылында Аққұм және Сайғанды ескі медреселері 27 ер баланы оқытқан. Сондай-ақ, № 4-ші Қойөткел ауылындағы медресе 15 шәкіртке дәріс берген. Осы аталған уезде тағы да № 5-ші Тапыбайрақ медресесі 12 адамды діни сауатын ашқызумен айналысқан.

1927-1928 жылдары Әулие-Ата қаласында № 20 –шы Қара-Хан діни сауат ашу медресесі 4 оқушыны бір үйдің пәтерінің қабырғасындағы бөлмеде даярлаған. Сондай-ақ, Малач-Кургеме № 15 ші діни мектебі әйел адамдарға дәріс жүргізіп, онда 20 қыз баланы оқытқан және Старо-Михайловск № 11- шіде 8 қыз, Кученевская № 111-шіде 10 қызды, Мах-Мусаныр № 19-шы діни мектебінде 30 ер баланы, Мах. Атабек № 28 шінің Рухия-Ата мектебінде 3 ер және 16 қызды, Мах. Атабекте Расалум үйінде Таджи-Ата мектебінде 5 ер, 23 қызды оқытса, Мирабаба үйінде Айша-Ата мектебінде 2 ер, 3 қыз баланы тәрбиелесе, Наматай № 27-ші ауылында Мейрамата мектебінде 4 ер, 16 қыз, Тамарская № 20 –шы ауылында Арнатын мектебінде 3 ер және 10 қыз, осы ауылдағы № 19-шы Қарлыға-Атада 3 ер, 13 қыз бала медреседе сауат ашты. Бұлардан басқа тағы да ауылдарда 15 діни медреселер жұмыс жасаған.

Аталған жылдарда Қазалы қаласында Татар мешітінде 1 ер, 3 қыз бала тәлім алса, Қызыл-Қыстау ауылында Қармақшы медресесінде 15 ер, 2 қыз білім алып жүрсе, Қармақшы медресесінде 6 ер бала дәріс алған. Сонымен қатар, Бадам болысының № 28-ші Қыстау ауылында Оңғарбай ақын медресесі жұмыс жасап, 30 ер баланы тәрбиелесе және осы ауылда № 10-шы Алакөз Райымберді мешіті 15 ер баланы, № 22-ші Қыстай Шалдармекте 5 ер бала, № 23-ші Қыстау Бөріжар мектебінде 7 ер балалар оқыған.

1927-1928 жылдары Әулие-Ата уезінде Тоғыз-Тарау №10-шы ересектер мектебінде 15 ер, Мешітте 12 ер, Тұрсынбайда 15 ер баланы оқытты. Бұлардың барлығы орыс мектептері еді. Шаян болысындағы Сабыр мектебі 35 ер адамды діни тұрғыдан дәріс берсе, Шымкент болысындағы орыс мектебінде 13 ер, 5 қыз балаға білім берді. Ал, Сайрамда 4 мешіт жұмыс жасап, 74 ер, 33 қыз баланы оқытып тәрбиелеген.

Түркістан қаласында Атақожа медресесінде 17 ер, 3 қыз, Тохмұхамед мектебінде 7 ер, Селим-Шах мектебінде 10 ер, 5 қыз оқыса, Жабаған медресесінде 18 ер, 2 қыз, Сейітмұратта 5 ер, Әлім-Муфтиде 17 ер, 8 қыз мұсылманша дәріс алған. Аталған мешіт-медреселермен қатар тағы да оқу орындарының саны 21 болды. Оларда 347 ер бала және 106 қыз бала дәріс алып жүрді. Түркістан уезі Шағатай болысында мешіт және медреселер саны 16 болып, оларда 116 ер бала мұсылманша хат танып, білім алды.

Түркістан уезі Қарнақ болысында Әшір-Молла медресесінде 11 ер бала дәріс алса, Хасамед-Молла медресесінде 36 ер бала, Абджуал медресесінде 10 ер бала және басқа 6 мешіт-медреседе 94 ер бала сауат ашып, мұсылманша тәрбие алды. Сондай-ақ, Икан болысында 7 мешіт-медреседе 98 ер және 7 қыз бала оқыды. Созақ болысында 11 мешіт-медресе жұмыс жасап, онда 148 ер, 15 қыз балалар тәлім-тәрбиені мұсылманша алып жүрді.

Түркістан уезі, Шиелі болысында № 1 Бүгін ауылында Ахмет мектебі мешіт ғимаратында 15 ер баланы тәрбиелесе, Шымкент қаласында Сайд-Баб көшесіндегі Қара-Хан мешітінде 6 ер балаға Исатуддин Инусов мұсылманша дәріс берді [11].

Оңтүстік Қазақстан облысында 1937 жылы 600 дей мектепте 3122 мұғалім сабақ берді, оларда 100 мыңнан астам жас жеткіншек оқып, білім алды. Бірақ ондағы мұғалімдердің білім сапасы әлі де төмен, олардың 48-і екі кластық, 280-і үш кластық, 989-ы төрт кластық қана білімі барлар болатын. 121 мұғалімнің ғана толық орта білімі болды. Жоғарғы білімділерді былай қойғанда барлық мұғалімдер арасында арнайы мұғалімдік орта білімділер саны 108 ғана адам еді. Міне осының барлығы кең-байтақ жерді алып жатқан облыс үшін мұғалімдер даярлайтын оқу орынын қажет етті. Сөйтіп, 1937 жылдың наурыз айының 17 жұлдызындағы Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысының нәтижелерінде Шымкент мұғалімдер институты ашылды [1, 62-б.].

Білім деңгейі экономикалық және ғылыми–техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол - мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы – үлкен ұлттық мәні бар мәселе.

Әдебиеттер


1 Сыздықов К., Жолдасов С. Ата қоныс (Шымкент облысы. Кеше, бүгін).

- Шымкент, 1992. -46 б.

2 Қазақстан тарихы (Очерк). - Алматы: Атамұра, 1994. - 185 б.

3 ҚРПМ. 141-қ.,1-т., 839-іс, 43-п.

4 ҚРПМ. 141-қ.,1-т., 839-іс, 44-п.

5 ОҚОММ. 393-қ., 2-т., 240-іс, 1-п.

6 ЖОММ. 48-қ., 1-т., 151-іс, 51-п.

7 ОҚОММ. 393-қ., 2-т., 240-іс, 2-п.

8 ОҚОММ. 393-қ., 2-т., 240-іс, 4-п.

9 ОҚОММ. 393-қ., 2-т., 240-іс, 5-п.



10 ОҚОММ. 393-қ., 2-т., 240-іс, 7-8-пп.

11 ОҚОММ. 393-қ., 2-т., 241-іс, 41,42,43,44,45,46 -пп.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет