Отты күндер шежіресі



Дата27.12.2016
өлшемі20,74 Kb.
#5508

Отты күндер шежіресі

Жауынгер монологындағы кейіпкер



Менің атам болатын
Біздің отбасымыз өзіміздің дарынды жерлесіміз, қазақ әдебиетінің классигі, марқұм Әбу Сәрсенбаевтың шығармаларын сүйіп оқиды. Әрине, қазақ әдебиетінің қай өкілдері де біз үшін жат емес. Бірақ, Әбу Сәрсенбаев шығармашылығын қастерлеуіміздің басқадай да бір себебі бар...
Менің нағашы атам Құспан Нұрпейісов сонау аласапыранға толы жиырмасыншы ғасырдың басында дүниеге келіпті. Дәлірек айтқанда, 1916 жылы Бақсай ауданының Топайлы селосында туған екен. Жас күнінен ұстащдық мамандықты таңдаған ол Оралдағы екі жылдық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітіреді. Онда 1936-1938 жылдары оқиды. Алғаш ұстаздық еңбек жолын Сорочинкодағы 7 жылдық мектептен бастайды. 1939жылы әскер қатарына шақырылған ол Белоруссияның Бобруйск қаласында әскери дайындықтан өтеді. Одан әрі көп ұзамай Ұлы ОТАН соғысының отты күндері басталып кетіп, атам да өзге жауынгерлермен бірге майданның алғы шебіне аттаныпты.
Содан атам бірінші Белоруссия, үшінші Украина майдандарында қарасты жаяу әскер полкі сапында қиян-кескі ұрыстарға қатысады. Ол 396-ыншы артиллерия полкінің 46-шы бригадасы құрамында зеңбірек командирі болған. Әжемнің айтуынша, Курск, Польша, Румыния, Германия, Чехия, Кенисберг жерлерін жаудан азат етуге үлес қосқан. Армия генералдары Малиновский, Рокосовский, Жуковтармен де майданда бірге болған.
Енді атам туралы әңгіменің ең қызық жеріне келейін. Жауынгер жазушы Әбу Сәрсенбаевтың “Жауынгер монологы” атты кітабында “Қираған қамал” деген тамаша очерк бар. Сол очеркте: “...Бұл шайқаста батыр зеңбірекшілер Ивановпен Қ.Нұрпейісов екеуі қос-қостан неміс танкісін қиратты...” – деген жері бар. Сондағы Қ.Нұрпейісов менің атам болатын. Бұл атамыздың біз секілді ұрпақтары үшін үлкен мақтаныш. Орынды мақтаныш.
Атам жауынгерлік тапсырмаларын ойдағыдай орындағаны үшін 1942 жылы “Ерен еңбегі үшін” медальмен, 1943 жылы III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Жоғары Бас Қолбасшы И.В.Сталиннің колынан алты рет мақтау қағазын алды. Атам туралы көп әңгіме айтуға болады. Оның соғыста түскен суреттері көп.Соның біріне Украина селоларын жаудан тазарту кезінде түскен екен. Сол сәттердегі жауапты да, қатерлі операциялар кезінде кезекті бір жарылыс болып, Арсен Агаджанұлы Хачатурян деген жауынгер топырақтың астында қалады. Атам оны қазып алып, аман–есен дала госпиталына жеткізеді. Арсеннің ұлты армян екен. Атам екеуі дос көрінеді. Екеуі соғыстан кейін де хат алысып тұрды. Әттең, атам тірі болғанда осындай талай естеліктерді өз аузынан еститін едім. Қазір мен оқып жатқан Береке отарлау мектебінде ол кісі мектеп директоры болыпты. Талай шәкірттерді алдынан ұшырған ұстаз да. Осы мен оқып жатқан мектепке атамның атын берсе ғой шіркін... Бұл Ұлы Отан соғысының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында әжем мен біздер үшін үлкен сыйлық болар еді..
Дархан ХАСЕНОВ,

Береке отарлау мектебінің оқушысы, Махабет ауданы
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет