ОҚу- әдістемелік қҰжаттар семей – 2008 Мазмұны



бет1/3
Дата31.12.2019
өлшемі214 Kb.
#55336
  1   2   3

ПОӘК 042-14-4.04.1.20.209-2007

№1 басылым

17:40:37

25 беттің -шісі




`

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК

042-14-4.04.01.20.28/03-2008



ПОӘК

«Аңдардың қоректену физиологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығы



№1 басылым


" Аңдардың қоректену физиологиясы" пәні бойынша

050803 – "Аңшылық және аң шаруашылығы" мамандығын
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР

СЕМЕЙ – 2008



Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Практикалық сабақтар

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

4. Глоссарий
Адаптация-бейімделу, үйрену, дағдылану.организмніңі сыртқы, не ішкі ортаның өзгеруіне бейімделуі.

Аддисон ауруы-бйрек безінің қыртыс қабатынан шығатын гормондардың жетіспеуіненпайда болатын ауру. Оны 1885 жылы Аддисон ашқан.

Адреналин- бүйрек безінен шығатын гормон.

Адренокортико тропты гормон-гипофиздің алдыңғы бөлімінен шығады.

Альдестерон-бүйрек безінің қыртыс қабатынан шығатын гормон.

Анаболизм- организмдегі зат алмасудың арта түсуі.анаболизмге барлық ассимиляция(ферменттік синтездер)және тағамды сіңіру жатады.

Анаэробиоз- организмнің ауасыз, оттексіз тіршілік етуі.

Андрогендер- еркектің жыныс гормоны.

Ассимиляция- организмнің тағамды сіңіруі.Ассимиляция зат алмасуда организм шығаратын заттардың нәтижесі.

Аэробты-оттекті ортада болады.

Базедов ауруы-қалқанша безінің гормон шығаруынан болады. Бүл ауру адамдар қалқанша безі шамадан тыс гормон шығаратындықтан тамаққа тоймайтын, көзі аларып, жүрегі жиі соғатын, денесі жүдеу, ысығыш және мінезі ашушаң болады.

Вазопрессин-гипофиздің артқы бөлігінен шығатын гормон.Бұл қан тамырларын тарылтып, қан қысымын арттырады және бүйректегі қайта сорылуды күшейтіп, несептің пайда болуын күшейтеді.

Гематология-қан туралы ілім.

Гиповитаминоз-организмге келген витаминнің мөлшері.

Гипофункция-организм, органдар қызметінің нашарлауы.

Гормондар-ішкі секреция бездерінен шығып, тікелей қанға және лимфаға қосылатын зат.

Иммунитет – генетикалық бөгде белгілері бар заттардан және тірі денелерден организмнің қорғану әрекеті.

Иммундық реакция – генетикалық бөгде заттарды құртуға, бейтараптандыруға бағытталған организмнің бейімділік жауабы.



2 Дәрістер

Тақырыбы 1: Ағзаның физиологиялық құрылымы.

Сұрақтар: Физиология пәні .Мақсаты. Қоректену физиологиясы. Ағзаның функциональдық құрылымы.

Ағза дегеніміз не?

Организм дегеніміз сыртқы ортаның жеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтас жеке бөлшегі. Организм –күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен үздіксіз затпен және энергиямен алмасып отырады. Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялпры қалыптасады.

Қоректену ерекшеліктеріне қарай организм автотровты және гетеротрофты болып екі топқа бөлінеді. Автотровты организмге жасыл өсімдіктер мен бактериялардың кейбір түрлері жатады.Олар қөректік -заттардың көзі ретінде негізімен бейорганикалық қосылыстарды пайдаланады.Автотровты организмдер өзінің тіршілік әрекетіне қажет энергияны күн сәулесінен алады.

Гетеротрофты организдер ге жануарлар, саңырауқұлақтар және әр түрлі микроорганизмдер жатады. Олар белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер сияқты органикалық қосылыстармен қоректенеді.Гетерофты организмдер энергияны органикалық заттардың биологиялық тотығудың арқасында алады.

Кез келген организм өзінің құрлым ерекшеліктерімен сипатталады. Бір жасушалы, көп жасушалы болып бөлінеді. Вирус сияқты қарапайым тірі организмге тек оның молекулаларын құратын белоктар мен нуклеин қышқылдарының бірлесу дәрежесі ғана тән. Бұл жағдайда тек молекулалық дәрежеде қалыптасқан организм жөнінде ғана сөз болады. Ал бұдан гөрі жоғарырақ сатыдағы бір жасушалы организмдер күрделірек құрлысымен сипатталады. Оларда ядро, цитоплазма, вакуольдер, жасуша қабығы пайда болады.Бұл құрлымдардың әрқайсысына тән функциялар туындайды.

Организм дамуының белгілі бір сатысында әр түрлі тканьдер жиынтығынан мүшелер пайда болады. Мүше деп өзіндік құрлысы мен қызмет ерекшеліктеріне қарай топтасқан түрлі тканьдердің анатомиялық бірлестігін айтады. Мүше – организмнің күрделі қызмет атқаруға маманданған жұмыс аппараты.

Организмдерге белгілі тіршілік әрекетін атқаратын мүшелер жиынтығынан құралған анатомиялық және функцияналдық бірлестік мүшелер жүйесі деп аталады. Олардың қатарына организмдегі барлық органдардың қызметін реттеп отыратын нерв және ішкі секредция бездері жүйесі, тыныс алу, қан айналу, ас қорту, бөлу, көбею т.б жүйелері жатады.

Сондықтан жоғарғы организмдер құрлысының күрделігіне қарамй тірі организм өзінің клеткалары, тканьдері, органдары мен жүйелері әрекеттерінің біртұтастығымен сипатталады.

Физиологиялық процесс дегеніміз тірі организмде жаңа сапалы мазмұнға не болған физикалық және химиялық өзгерістерінің күрделі түрлерінің жиынтығы.Ол зат алмасу процецінде өте алмай байкалады.

Зат алмасу процесі организмнің өмір сүруінің негізгі шарттарының бірі. Зат алмасу арқасында тірі материя жаңа сипаты мазмұнға ие болады.Зат алмасу процесінің нәтижесінде организм сыртқы ортадан қабылданған органикалық заттары ыдырап, олардан өзіне қажет материалдар түзеді де, қажетсіз ыдырау өнімдерін бөліп шығарады. Зат алмасу процесінің әсерінен азық құрамдағы күрделі органикалық қосылыстар энергиясы организмге химиялық, жылу, механикалық және электр энергиясына айналады.Организмде жинақталған бос энегия әр түрлі жұмыс атқару, клеткалардың құрлысы мен қызметін, дене температурасының тұрақтылығын сақтау, өсу және даму процестері үшін жұмсалады. Зат алмасу бірімен бірі тығыз байланыста ассимиляция және диссимиляция процестерінен тұрады. Ассимиляция немесе анаболизм деп сыртқы ортадан түскен заттарды сіңіруін қарапайым қосылыстардан күрделі химиялық қосылыстардың түзілуін айтады.Диссимиляция немесе катоболизм деп тірі материяның бұзылуын , клеткалардың құрамындағы заттардың ыдырауын, организмге қажетсіз ыдырау өнімдерінің түзілуін айтады. Бұл екі процесс біріне – бірі қарамақайшы және бірімен бірі тығыз байланысты. Диссимиляция процесі ассимиляция негізін құрайды, ал ассимиляция диссимиляцияны күшейтедіЗат алмасумен организмнің өсу, даму, көбею, қоректену, тыныс алу, бөлу, қимыл әрекет сияқты функциялары және тітіркенгіштік, қозғыштық, рефлекс сияқты реакциялары тығыз байланысты.

Барлық тірі материяға ортақ қаситтерінің ең негізгілерінің бірі – тітіргенгіштік. Тітіргенгіштік дегеніміз тірі материяның сыртқы ортаның әсеріне зат алмасу процесін күшейтумен беретін жауабы. Тітіргенгіштік өсімдік клеткаларына да жануарлар клеткаларына да тән қасиет. Ал жануарлар клеткаларына тағы да бір ерекше қасиет тән ол қозғыштық. Қозғыштық деп тірі жүйенің сыртқы, не ішкі орта тітіркендіргіш – терінің әсерімен өзінің физиологиялық белсенділігін өзгертуін айтады. Қозғыштық тек жануарлар клеткаларына тән қасиет. Қозғыштық толқын тәрізді ерекше процесс қозудың негізінде жатады. Барлық тірі ткань қозады, бірақ қозуға жауап әр тканьде әр түрлі болады. Мысалы, қозудың әсерінен ет талшықтары жиырылады, нерв тканьде импульсі пайда болады, ал бездерде сөл бөлінеді.

Өзін өзі тексерудің сұрақтары:.

1.Физиология пәні, мақсаты, маңызы.

2.Физиологияның салалары қандай?

3.Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы.

4.Ағза дегеніміз не?

Әдебиеттер: Т.Несіпбаев Жануарлар физиологиясы.Алматы 2005


Тақырып 2 Стресс ұғымы.

Сұрақтар: Стресс ұғымы. Биологиялық ұғымдардың пайда болуы.

Нерв жүйесі жетілген жануарда физиологиялық реакциялардың ерекше түрі – рефлекс болады. Рефлекс деп организмнің сыртқы , ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне нерв жүйесінің қатысуымен беретін жауабын айтады. Рефлекс мысал етінде ауыз қуысындағы сезімтал нерв ұштарын тітіргенде сілекейдің бөлінуін, көздің қасақ қабығына жер еткенде кірпіктің қозғалуын, т.б атауға болады.Рефлекс орындалғандағы қозу толқыны жүріп ететінжолды рефлекс доғасы деп атайды. Ол бес бұыннан құралған

рецепторлар немесе сезімтал нерв ұштары

эффектік немесе сезгіш нерв талшықтары

нерв орталығы

эфферектор немесе жұмыс органы.Рефлекс болу үшін осы аталған буындардың тұтастығы шарт.

Рефлекс табиғатына қарй шартты және шартсыз болып екіге болінеді.

Шартсыз рефлекстар туа пайда болады, тұқым қуалайды.Шартты рефлекстар жүре пайда болады, тұқым қуаламайды. Шатсыз рефлекстің тұрақты рецептивті алаңы болады да, рефлекс доғасы орталық нерв жүйесінің төменгі бөліктерінде түйіседі.Ал шартты рефлекстерде тұрақты рецептивті алаң болмайды және ондай рефлексті бағыттайтын нерв орталығы үлкен ми жартшыларында орналасады. Мәселен, шартты рефлекс түрінде сілекей болу процесін жарық сәуле, қоңырау, немесе электр тоғының әсерімен туғызуға болады.

Организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау үшін қоршаған ортамен затпен және энергиямен алмасып отырады. Ол сырқы ортадан қажетті энергияны, пластикалық заттарды қабылдап, энегияға бай күрделі химиялық қосындыларды жинайды, өседі, дамиды, және басқа да тіршілік әрекетін атқарады.

Қоршаған ортаның алуан түрлі жағдайлары ауа райы, судың, азықтық құрамы, жыл мезгілі, температура ауытқулары, т.б. себептер организмге үздіксіз жер ете отырып, оның әр түрлі физиологиялық процестерін зат алмасу, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту, т.с.с. не күшейтеді, не әлсіретеді.Демек, тіршілік ортасының әсерлеріне организм өзінің физиологиялық, функцияларының өзгерту негізінде бейімделеді. Бейімделу процесінің арқасында организмде ортаның экологиялық жағдайларына ауа райының ауытқуларына, оттегінің, судың, жарықтың талшылығына, азық түрлерінің өзгерістеріне т.б. жағдайларға төзімділік қасиеті қалыптасады.

Сыртқы жерлерге организм біртұтас жүйе ретінде жауап қайтарғанымен, оның әр түрлі органдарының қызмет әрекеттері әр дәрежеде өзгереді де, қолйсыз жағдай төзімділігі артады. Орталық нерв жүйесінің күрделі қызметінің арқасында әр түрлі жануардың жалпы құрлысы мен органдарының қызметімен тіршілік, ортасының жағдайларына бейімделіп, организм мен қоршаған орта арасында үйлесімділік қалыптасады. Бұл тіршілік сақтаудың негізгі шарты.

Организм бір тіршілік аймағынан экологиялқ жағдайлары өзгеше екінші аймаққа ауысса, оның көптеген физиологиялық процестерінде өзгерістер туып, жаңа жағдайға бейімделу процесі жүреді.

Егер жаңа тіршілік ортасының жағдайларына организм бейімделе алмаса, оның негізгі физиологиялық процестері әлсіреп бастайды да, тіршілік әректі тоқтайды. Сондықтан сыртқы ортаның қолйсыз әсерлерін азайту, организмнің физиологиялық процестерінің қалыпты жағдайда дамуына мүмкіндік туғызу малдың саулығын сақтаудың, оның өнімділігін артырудың негізгі шарттарының бірі.



Өзін-өзі тексерудің сұрақтары:

1.Стресс ұғымы.Стресстің пайда болуы.

2.Биологиялық ұғымдардың пайда болуы.

3.Рефлекс дегеніміз не?

4.Биология қандай ғылым салаларына бөлінеді?

Әдебиеттер: Т.Несіпбаев Жануарлар физиологиясы.Алматы 2005
Тақырыбы: 3 Аурулар туралы түсінік.

Сұрақтар: Ауру ұғымы. Олардың пайда болуы.

Нозология(грек тілінен аударғанда.nosos-aypy, logos-ғылым)-ауру туралы ғылым.Ауру дегеніміз – тұтас организмдегі тіршілік процесінің бүлінуі болып табылады.Жеке ағзалармен жүйелер бір-бірімен күрделі тығыз байланыста болған, кез-келген ағзамен ұлпалардың бүлінген кезде дерттің зардабын тартады.Павловтың анықтамасы бойынша - ауру бір –біріне қарама-қарсы, бірақта бір тұтас екі құблыстан тұратын процесс.Біріншіден сыртқы ортаның зиянды әсері.Екіншіден оған қарама-қарсы өтетін организмнің қорғаныс бейімделу реакциясы.Яғни бұл физиологиялық қалыптасу құблысы.Бірінші құблыс организмнің функциясының бұзылуына әкеп соғатын таза потологиялық құблыс болса, екінші организмнің бейімделуін бұзылған ұлпалармен функциялардың қалыпқа келуін қамтамасыз етеді.Бейімделу механизмдерге қатысты күрделі құбылыстар үш топқа бөлінеді.

1.битосқоуылдар(бұл жүйе организмнің гомостазын қамтамасыз етеді).

2.регенерациялық процесс( қалпына келу процесс, организмнің ішкі қорларын іске қосу).

3.Ауру ұғымына потологиялық реакция процесс(құблыс, күй жатады.

Аурудың төрт кезеңі болады

Бірінші жасырын кезең ол потенттік немесе инкубациялық.Бұл кезең ерекшіліктері аурудың ешқандай белгілері білінбейді.Бұл кезең сыртқы ортаның зиянды әсері организмге қолға тиген сәтен бастап, аурудың алғашқы пайда болуына дейін созылады.

Екінші кезең продромольді немесе көмескі кезең.Онда аурудың ең алғашқы белгілерінің пайда болуын сипатталады.

Ерекшілігі ауруға тән жалпы белгілерін пайда болуы.

Мысалы:ыстықтың көтерілуі, сел қостық т.б тәбеттің болмауы.

Үшінші кезең.Ол аурудың айқын белгілердің пайда болу кезеңі немесе клиникалық белгілері бар бір аурудың айқындауының сипаттамасының пайда полуы.

Төртінші кезең.Аурудың соңғы кезеңі яғни шешуші кезең. Организм сауығады немесе өлімге ұшырайды.Сауығу толық немесе жартылай болады.Толық сауыққан организмнің қызметі мен бүлінген құрлымдары өз қалпына қайта келмейдіӨлім дегеніміз-клиникалық және биологиялықбөлімге бөлінеді.

Клиникалық өлім-4-6 мин созылады.Белгілері:жүрекпен тыныс алу тоқталып, жасушалар мен ұлпаларда зат алмасу төмендейді,фосфор органикалық заттар мен гликоген мөлшері азаяды, органикалық фосфордың мөлшері артады.

Клиникалық өлім биологиялық өлімге айналады.Мұнда алдымен орталық жұйке жұйесінде , содан кейін басқа жұйеде қайтымсыз өзгерістер өлім алады.Клиникалық өлімдер қайтымды болады.Белгілер:Ол өліктің суынуы алғашқы тәуліктерде сағатына 1 градусқа екінші тәуліктегі сағатына 0,2 градусқа төмендейді.Бірақ кейде өліктің температурасы жоғарлауы мүмкін. 1 стреске немесе ыстық өту.2 өліктің сіресуі 8-10 сағат кейін басталады.Алдымен сирақтары мойынның, құйрықтың бұлшықеттері сіреседі.3Өліктің таңбалары немесе гипостаз гимолизге ұшырайтын қанның, өліктің төмендеуі,жоғарлауы ұлпалардың жиынтығы.4 Өліктің шіруі – күлгін, жасыл таңбалар пайда болады.Қан гемоглобиннің күкірт сутегі қосылыстарын пайда болу нәтижесінде пайда болады.

Ауру кезінде организмнің сыртқы ортамен өзара байланысы бұзылып, соның салдарынан өте күрделі жағдайлардың туындуы әр бір ауруға белгілі бір даму циклі.Бүліну күші және өту ұзақтығы тән.Аурудың ұзақтығы организмнің қасиетіне нервтік рефлекторлық күіне оның реттеу жағдайына ауру тудыратын органдық сипатына және оның организмне ықпал ету ұзақтығына байланысты.Ұзақтығына және білу күшіне қарай аурудың 4 түрлі дамуы байқалады.Бірінші өте жіті түрде 4 күнге созылады.Екінші жіті түрі 5-14 күн.Үшінші жітілеу түрі 15-40 күн.Төртінші созылмалы ойлап, жылда өтеді.

Этиология-аурудың пайда болу мен жағдайын зерттейді.Екі бөлімнен турады.

Бірінші жалпы аурудың пайда болу себептері мен жалпы заңдылықтарын зерттейді.Екінші жеке нақты ауру дың пайда болу себептерін зерттейді.

Экзогенде және эндогенді деп бөлінеді.

Экзогенді себептер: механихалық, физикалық, химиялық, психологиялық

Эндогенді себептер: тұқым қуалаушылық фактор, зат алмасуы процесінің ішкі секреция без қызметінің бұзылуы , нейрогенді факторлар әсері.

Ауру-тек себептердің салдарынан емес, сонымен қатар қолйлы жағдайларға болды.Себептерден жағдайдың аурулардың пайда болуын бірнеше ағыны бар.

Монокаузамизм(«mono»-бір, «kausa»-себеп)

Бұл ағылшынның негізгі аурулардың пайда болу бірғана себеп жеткілікті.

Констгипутциянализм-аурудың пайда болу өзі кінәлі.

Кондиционолизм-негізгі аурудың пайда болу себеппен қолайлы жағдай қажет.Осыған байланысты аурудың себептері үлкен 3 топқа бөлінеді.

1.Ауруды-қозғауыштағы себеп:ішкі және сыртқы

2.Демеуші-қосалқы себеп:азықтандыру, бағыт күту,пайдалану

3.Бейімделу.

Потогенез деп-ол аурудың пайда болу жолдарын даму механизмін аурудың барысының сипатымен ерекшеліктерін зерттейді.

Кез-келген сыртқы ортаның әсерінің оргонизмде іске асуы жұйке жұйесінің қызметімен байланысты сол себепте аурудың даму барысының механикалық 2 жолы белгіленген.

1.Нервтік рефлекторлық жол.

2.Органдар мен ұлпаның тікелей заңдылықтар

Өзін-өзі тексерудің сұрақтары:

1.Ауру туралы ұғым.

2.Аурудың түрлері, пайда болуы.

3.Аурудың кезеңдері.



әдебиеттер: Т.Несіпбаев Жануарлар физиологиясы.Алматы -2005
Тақырыбы 4: Аңдардың әр түрлі кезеңдегі қоректік заттарға

қажеттілігі

Сұрақтары: Қоректенуі. Қоректік заттардың құрамы.

Ас қорыту жолының түрлі бөлімінің сіңіру қабілеті әр түрлі.Сіңіру деп

заттардың торшалар қабаты мен торшааралық саңылаулар арқылы қан мен

лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесті айтады. Сіңіру

процесі дененің барлық ұлпаларында орын алады,ас қорыту жолының эпителиі

жақсы бейімделген.Қоректік заттар негізінен иондық, концентрациялық

градиентке қарсы бағытта негізделеді.Қоректік заттардың ыдырау өнімдері

күйіс малының алдыңғы қарнында сіңіріледі.Сіңіру процесі ұлтабар ұшында

онша қарқынды жүрмейді.Қоректік заттар негізінен аш және мықын ішекте

сіңіріледі.оған ішектің кілегейлі қабығының құрылым ерекшеліктері мен

ащы ішекте денеге жеңіл сіңетін ыдырау өнімдері жатады.Қоректену кезінде

аңдарға белгілі мөлшерде витаминдер, көмірсулар, майлар, минералды заттар

берілуі қажет. 2.Ас қорыту жолында көмірсулар негізінен моносахаридтерге айналып, фосфорлану процесі өткен соң қанға сіңеді. Қанға өткен моносахаридтер қақпалық венамен бауырға тасымалданып, онда гликогенге айналады да, қорға жиналады. Гликогенез процесі бұлшық еттерде жүреді. Глюкозаның біраз бөлігі бауырда тотығу процесіне ұшырап, энергияға айналады. Немесе әртүрлі уытты заттарды зарарсыздандыруға қажет қосылыстарды (глюкурон қыш) түзу үшін пайдаланылады. Организм мұқтаждығына сәйкес бауырда көмірсулардың бір түрі екінші түрге айналып отырады. Бауырдың күрделі қызметінің арқасында қанның құрамындағы қанттың мөлшері бір деңгейде қталады (адам қанында глюкоза деңгейі 100-120 мг% шамасы). Қорек құрамындағы су белоктер, көмірсулар, майлар тотыққан кезде бөлініп шығады. Оны алмасу (метаболиттік) суы делінеді. Орта есеппен адам тәулігіне 2,5-3 л су қабылдайды.




Өзін-өзі тексерудің сұрақтары:

1.Тірі жүйе құрылымында үлкен маңызы бар химиялық байланыстарды атаңыз.

2.Қоректену физиологисына сипаттама.

3.Иондық байланыс молекулалардың қандай өзара іс-қимыл жасауына негізделген?

4.Сутегіндік байланыс туралы не білесіз?

5.Белоктар құрылысы бойынша қандай топтарға бөлінеді?



Әдебиеттер: Т.Несіпбаев Жануарлар физиологиясы. Алматы2005

Тақырыбы 6: Аңдарға протеин және аминқышқылдарының

физиологиялық жағдайына қажеттілігі.

Сұрақтары:Ақуыз туралы ұғым. Ақуыздың құрылымы, қасиеттері

Ақуыздардың биологиялық құндылығы.

Аңдар сыртқы ортадан түрлі қоректік заттарды: ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды тұздар мен суды қабылдайды.

Ақуыз (протеин) – құрамында амин қышқылдары бар, жоғарғы қосылыстары. Ақуыздың аңдардың денесі үшін үлкен маңызы бар, оның денедегі орны ерекше, көптеген қызмет атқарады:


  1. құрылыс материалы, сүйек, тері, сіңір, ұлпаның негізгі бөлігі; ақуыз синтезінің нәтижесінде дене өседі, жетіледі.

  2. ұрпақтан ұрпаққа тән белгілерді сақтайды.

  3. қорғаныс, тасымалдау қызметтерін атқарады, пайда болуы, қанның ұюына қатысады. Тасымалдау қасиеті қанның құр/ғы гемоглобин О2 –н жасушаға тасымалдайды.

  4. реттеушілік қызмет. Денедегі ферменттердің, гормондардың құрамында ақуыз болады, олар ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап, оны реттеуге қатысады.

  5. Ақуыз денедегі энергия көзі болып табылады, 1 г ақуыз тотыққанда 4,4 ккал энергия бөлінеді.

Көмірсу – табиғатта қарапайым күрделі қосылыстар түрінде кездеседі. Олар полисахаридтер, дисахаридтер түрінде болады. Полисахаридтерге крахмал,гликогендер; дисахаридтерге қызылша, қант т.б. кіреді. Көмірсулар қанда, жемісте, картопта, т.б.көп болады. Көмірсулар ферменттердің әсерінен полисахаридтер→дисахаридтер→моносахаридтер.

Моносахаридтер – глюкоза, галактоза, фруктоза ішектің қабырғасында қанға сорылып, қақпа венасы арқылы бауырға барады. Бауырда биосинтездеуден өткен моносахаридтердің бір бөлігі гликогенге, ал енді бір бөлігі глюкозаға айналады. Гликоген бауырда, бұлшық еттерде қор болып жиналады. Глюкозаның қандағы деңгейі 0,1-0,2% болады

Атқаратын қызметтеріне байланысты ақуыздар бірнеше топқа бөлінеді.

Олар: торшадағы әр түрлі химиялық реакцияларды жүргізетін биокатализатор

Ферменттер, торша ішіндегі процестерді реттеуге қатысатын белоктар гармондар,

Қорғаушы белоктар антиденелер; уытты белоктар токсиндер;қоректік беолктар;

Тасымалдаушы белоктар; бұлшықеттің жиырылуын қамтамасыз ететін белоктар.

Ақуыздың құрылмы күрделі, құрамы әр түрлі.Ақуыздар қорғаушы қызмет

Атқарады.

Өзін-өзі тексерудің сұрақтары:


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет