ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық



бет5/8
Дата04.11.2016
өлшемі2,25 Mb.
#186
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін-өзі бақылау сұрақтары.

1.Жаңа технология түрлері?

2.Модульдік оқыту технологиясына түсініктеме бер.

3.Қашықтан оқыту технологиясының мәні неде?


4 дәріс тақырыбы. Оқыту технологиялары

Дәріс мақсаты: Оқыту технологияларын меңгерту.

Негізгі сұрақтар:

1.Оқыту технологияларының тиімділігі.

2.Шетелдік, отандық зерттеуші ғалымдардың еңбектерін саралау.

3.Әр технологияның ерекшеліктеріне тоқталу.
Қысқаша мазмұны:

1.Қазіргі технологиялык оқыту кезенінде сабак жоспарьшың ұстанымы оның түрлеріне карай әр түрлі болып келеді. Мысалы, жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясында сабак жоспары темендегідей үш ұстанымды негізге алады:

Біріншіден, оқушынын өз еркіндігіне, тандауына жол беріледі. Олар тапсырмаларды, косымша құжаттарды, оқу іс-әрекеттерін таңдап ала алады.

Екіншіден, мүғалім сабак үстінде окушылардын талап-тілегін ескере отырып, сабақ жоспарын өзгерте алады. Алдын-ала жасаған сабак жоспарын мүлтіксіз орындау міндет емес. Ен бастысы, әр баланың талап-тілегі бірінші орында түрады. Қай тапсырманы орындайды, кіммен орындайды, қандай әдіс-тәсілдерді, оку күралының кайсысын калайды, ол бала еркіндігінде.

Үшіншіден, окушы - субьект. Ол - тыңдаушы, мүғалім түсінігін кайта-лаушы емес, өз пікірі бар, білімді өз еңбегімен алатын еркін түлға. Аукымды, негізгі максаттармен бірге сабақ жоспарында шағын максаттар да нақты белгіленуі тиіс. Мысалы, мәнерлеп окута, не көркем жазуға дағдыландыру т.б. Шағын максаттар да берілетін білім мен негізгі максаттардан туындайды. Жалпылама, аукымды максаттар коюшылык әлі де кезігіп келеді. Басылымдардағы іс-тәжірибелер мен тіпті жарык көріп жаткан оқу кұралдарынан да оны көруге болады. Мақсат қоюда мұғалімнің диагностикаға жүгінгені жен. Накты бір уақыпа неге қол жеткізуге болады, карапайым тілмен айтсак, максат орындалады ма, мүмкіндік кандай деген мәселелерді ескерген дұрыс.

Сабак максатын білім беру, тәрбиелеу, дамыту деп жіктеп жүрміз. Ал шындығында осы үш максатты бір жанды организмдей бірлікте, түтастыкта карастыру керек. Білім бере отырып, ішкі мүмкіндіктерге түрткі жасап, сол білім негізінде окушылардын жеке бас ерекшеліктері, кабілеттерін дамытуға әрекеттену - ен негізгі мәселе болып табылады. Окытудағы максаттар ол окушылар мен мүғалімнің білім беру, білім алу мақсаты болып табылады. Сол себептен де мүғалім максатты накты, окушыларға бағыттай жоспарлағаны дүрыс. Бүл жерде американдык ғалым Блум таксономиясы, академик Монаховтың шағын максаттар жүйесіне үңілген өте тиімді болар еді. Мақсат бірлігінің бір саласы тәрбие максатына казір жанашыл үстаздар, педагог-ғалымдар сақтыклен, сынмен карайды. Оған косылуға болады. Тәрбие үрдісі - аса күрделі әрі нәтижесі тез байқала коймайтын үрдіс. Дегенмен, әсіресе әдебиет сабағында онын тәлімдік-тәрбиелік, үлағаттык, үлгілік мәнін ешкім де жокка шығара алмайды. Сөз нақты такырып, накты жағдайға байланысты ғана жүзеге асыруға болатын тәрбие мәселесі айналасында болып отыр. Сабактын жоспарында ең бастысы окушы білімін окушылық деңгейден-алгоритмдік, одан эвристикалық, одан шығармашылық деңгейге дейін көтеру жолдары карастырылуы керек. Яғни, окушылардын берілетін білімді түсінуінен бастап, оған анализ, синтез, өзіндік сыни баға беру іс-әрекеттерін жетіддіру, дамытуға ерекше кеніл белген жөн.

Сабақ - окытуды, білім беруді үйымдастырудың негізгі формасы, тек формасы ғана емес, жалпы педагогикалык үрдістің ең манызды әрі күрделі бөлігі болып табылады. «Сабак» деген ұғым жалпы айтылғанымен, ол даралық іс-әрекет, яғни бала мен мұғалімнің арасындағы білім мен білім алу іс-әрекеті. Әрине, эр сабак - сыныптағы барлық окушыларға ортак, барлығы үшін жүргізіледі. Бірақ білім алу үрдісінде эр бала жеке, дербес оку еңбегіне енеді. Дәстүрлі оқытуда да сабақты мүғалім үйымдастырып келді. Ал қазіргі технологиялар, білім беру ісінде жаңғырулар мен жаңарулар жүріп жатқан кезенде сабакка койылатын талаптар да өзгерді. Ең бастысы:

-Окушылардын білімді өз беттерімен алуы, оларды іздендіру, зерттеу, шыгармашылык жүмыстарға баулуды ойластыру;

-Білімді жеке тұлғаға бағыттай беруді максат ету;

-Сабакты күзырлылык түрғысында үйымдастыру;

-Инновациялык технологиялардан іздену.

Ежелден-ак мұғалім сабаққа дайындалады. Сабақка дайындалу кезеңі -ең жауапты, ең маңызды кезең болып саналады. Мүғалім ең алдымен өзі сабак өтетін сынып окушыларын жан-жақты білуі керек. Олардың білім дәрежесі, пәнге деген ынтасы дегендей. Екіншіден, өтілгелі отырған такырып, берілетін білімнің мазмұнына анализ жасағаны дұрыс. Тақырыптың ауыр-жеңіддігін ескерген жөн. Бұл жерде мұғалім диогностика-прогнозға жүгінеді. Сабақ максаты да, оқу іс-әрекеттерін жүзеге асыратын технологияларды таңдап алу да осы мәселелерге тікелей байланысты болып келеді. Мұғалім сабақ жоспарын қүрғанда міндетті түрде кандай нәтижеге қол жеткізуге болады, соған болжам (прогноз) жасауы керек. Яғни оқушылар:_________

Сабактың үш мақсат бірлігі дәстүрлі оқытуда да негізгі ұстаным болды. Кезінде академик Ю.К.Бабанский өзінін «Оптимизация учебно-воспитательного процесса» деген еңбегінде ол туралы жан-жакты талдап жазган болатын. Дегенмен, максаттар бірлігінің берілетін білім мазмүнына тікелей байланыстылығын түсінбей, бір сабакта нақты жағдайда орындалмайтын (45 минутта) «адамгершілікке тәрбиелеу», «қабілеттерін дамыту» деген аса ауқымды максаттар қоюдан құтыла алмай келеміз.

Бүгінгі таңда егемен еліміздің оқу-тәрбие ісіне, жалпы білім беру саласының жұмысына байланысты ресми құжаттарында (Білім туралы Заң, мектеп түрлеріне, пән негіздеріне арналған әр түрлі құжаттар, оқу жоспарлары мен пәндік оқу бағдарламалары) білім жүйесін жетілдірудің сан-салалы жолдары көрсетіліп жүр.

Бұл әсіресе жалпы білім беретін мектеп жұмысын өркендетуге орай жүргізіліп жатқан іс-шараларда ерекше ескеріліп, алда тұрған айқын міндеттер белгіленіп келеді. Оқушыларға білім беруде күнделікті сабақтың орны айрықша. Сондықтан да сабақ – оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Сыныптан тыс, мектептен тыс оқу-тәрбие жұмыстарындағы жас жеткіншектердің танымдық қызметі күнделікті сабақта алатын теориялық білім-білігінің, практикалық дағдысының негізінде тығыз логикалық байланыста өрбиді. Одан оқушы өзіне бағыт-бағдар алады.

Сабақ үстінде оқушылардың ой-өрісін, ақыл-парасатын дамыту тұрғысында көптеген оқу материалдары, өмірлік өнегелер пайдаланылады. Шәкірт өзінің күнделікті тұрмыста байқаған мағлұматтарын, түсінік-тұжырымдарын сабақ барысында белгілі бір жүйеге келтіріп, оны рет-ретімен өзінің ой-санасында бекітеді. Оларды өмірлік тәжірибесінде пайдаланатындай дағды қалыптастырады, бойындағы қабілетін жан-жақты дамытады. Міне,сол себептен де, сабақты оқушының оқу еңбегін ұйымдастырудағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі деп танимыз.

Сабақ ұстаздың оқушылар дербестігін, белсенділігін қалыптастыратын, оларды ұжымдық еңбекке жұмылдыратын алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдануы арқылы жүзеге асады. Бұл ретте, орыстың белгілі әдіскер ғалымы, профессор М.А.Рыбникованың «Әдістеме ғылыми сабақ жүйесіне қызмет ететін мұғалімге қажетті материалдардың, мектеп жағдайы туралы білімнің жан-жақты жиынтығы» деген пікірін ескерте еткен абзал. Оқыту барысында мұғалім өз шәкірттерін зерттеп байқайды, олардың білім, білік дағдаларын тексеріп бағалайды. Сондықтан да әрбір ұстаз сабақты шын мәніндегі нағыз шығармашылық еңбек деп түсініп, өзінің педагогикалық шеберлігін, білім-білігін күн сайын арттыра түсуі, озат тәжірибелерді өз дәрістеріне сарқа пайдалануы тиіс. Әр тақырыпты өткенде мұғалімнің қай әдісті тиімді деп таңдайтыны – өзінің еркі. Өйткені,ұстаз үшін ең тиімді әдіс – оның өзі жақсы меңгерген әдісі. Әрине, бұдан мұғалім тек бір әдісті ғана меңгеріп, басқасына көңіл қоймасын деген ұғым тумаса керек. Өйткені, біздің дәуіріміздің мұғалімі өз әріптестерінің озат тәжірибесінен тек хабардар болып қана қоймай,оны өз жұмысында шығармашылықпен пайдалануы қажет. Себебі, бүгінгі таңдағы жаңалығымыз ертең үшін жаңалық болудан қалатыны айдан анық. Бұл орйда: «Жақсы дерлік те,жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек;оларды өзіне сүйеніш,қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - дейді қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов «Қай әдіс жақсы?» атты еңбегінде.Бұл – әлі құнын жоймаған ақиқат шындық.

Мұғалім сабаққа дайындалғанда негізіне 3 нәрсені анықтап алуы керек: сабақтың мазмұны,оны өткізудің әдіс-тәсілдерін және құрылымын білуі. Сабақ күнтізбелік, тақырыптық жоспарға сәйкес болуы керек. Тақырыптық жоспар негізінде күнделікті сабақ жоспары жазылады. Мұнда ең алдымен өткізілетін пәннің аты, күні, сабақтың тақырыбы, сабақтың мақсат-міндеті, материалдың мазмұны анықталады. Сонымен бірге жоспарда сабақтың түрі, құрылымы, барысы жан-жақты талданады. Конспектінің жазылу үлгісін мұғалімнің өзі іскерлігі мен ізденісіне қарай өзгертіп,жасауы тиіс. Бұл туралы В.А.Сухомлинский: «Сабақ жоспары – мұғалімнің жеке шығармашылық лабороториясын бейнелейтін міндетті құжат» демекші, әрбір мұғалім сабақ жоспарын шығармашылық ізденіспен қарап, алдын-ала болжай білуі керек.

Мұғалімнің сабақты жоғары дәрежеде жүргізуі үшін еркін қалыпты жағдай, орнықты көңіл-күй болғаны абзал. Бұл айтылғандардың өзі асбақтың құрылысы толығымен,кішігірім мәселелерге дейін жан-жақты ойластырғанда ғана жүзеге аспақ. Ол жайттар сабақтың құрылымдық бөлімдерінен тиісті орын алғаны мақұл. Ал әрбір сыныптық сабақ, негізінен, мынадай бөлімдерден құралады:

1. Өтілген оқу материалын оқу,оны пысықтау.

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

3. Өтілген жаңа материалдарды бекіту.

4. Үйге тапсырма беру.

2. Сабақ біртұтас мақсаттың орындалуын талап етеді. Сабақ құрылымы дегеніміз – сабақ барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады.

Сабақтың құрылымын жоспарлағанда, ұстаз мына мәселелерге назар аударуы тиіс:

1.Сабақтың мақсаты

2.Сабақты ұйымдастыру және оны жабдықтау( көрнекілік, дидактикалық материалдар).

3.Сабақтың мазмұны. Сабақта ескеретін мәселенің ғылыми негіздегі дәлелдемесі. Оқу бағдарламасына сәйкестігі.

4.Сабақтың құрылысы. Жаңа сабақты түсіндіру, бекіту әдістері.

5.Оқушылардың өздігінен орындайтын және жаттығу жұмыстары.

6.Сабақты күнделікті өмірмен, басқа оқу пәндерімен байланысы, онда ескерілетін мәселелердің өмірлік-тәжірибелік мәні.

7.Сабақтың тәрбиелік астарлары.

8.Сабақтың барлық кезеңдерінде шәкірттердің білімі мен білігін айқындау, дағдысын қалыптастыруға назар аудару, үй тапсырмасын тексеру.

Кез келген сабақ төмендегі дидактикалық талаптарға сәйкес жүргізілгені дұрыс:

- оқу-тәрбие ісінің ғылымилық сипаты;

- оның күнделікті өмірімен байланысы;

- шәкірттерді оқыта отырып тәрбиелеу;

- берілген білімді саналы түрде меңгеру;

- сабақта көрнекілік қолдану мәселесі;

- сабақтың жүйелілігі.



Өзін-өзі бекіту сұрақтары.

1.Сабақ жоспары дегеніміз не?

2.Сабақ жоспарына қандай талаптар қойылады?

3.Сабақтың қандай мақсаттары бар?


5 дәріс тақырыбы. Дамыта оқыту технологиясы

Дәріс мақсаты: Дамыта оқыту. технологиясымен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Дамыта оқыту барысында берілетін тапсырма түрлері.

2. Оқушылардың танымдық қызметін дамыту жолдары.

3.Дамытушылық жаттығулар.

Қысқаша мазмұны:

1.Дамыта оқыту бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту. Дамыта оқыту теориясы Г.Пестолоций, А.Дистерверк, К.Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негізде дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Давыдов тәжірибелік-эксперименттерінде жалғасын тапты. Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясы тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Бұл технологияның 1986 жылы Ресейде озық технология деп жариялануы, оқыту барысында бүкіл әдіскер-мұғалімдердің назарын аударды.

Дәстүрлі оқыту оқушылардың икем-дағдысы, іскерлігін қалыптастыруды бағыттаса дамыта оқыту оқушы-субъектінің теориялық ойлау қабілетін, танымын, дарынын, дамытуды мақсат етеді. Ойлауды өнімді- өнімсіз; шығармашылық- шығармашылық емес деп жіктеуге болады. Дамыта оқыту балалардың шығармашылық ойлауларын дамытуға түрткі жасайды. Ал шығармашылық ойлау жеке тұлға дамуының биік сатысы болып табылады.

Дамыта оқытудың ерекшелігін төмендегідей саралауға болады:

- Білім беру үрдісінің жеке тұлғаға бағытталуы;

-Алдыңғы кезекте білім ғана емес, баланың абстрактілі ойлауы, ғылыми танымы, тұлғалық қасиеттерін дамытудың тұратыны;

- Оқушыны-субъектінің сабақтың барлық негіздерінде белсенді зерттеуші тұлға, «өнім жасаушы», өз өніміне өзі баға беруші қызметін атқарады;

- Мұғалімнің ұйымдастырушы, баланы даму аймағына енгізуші, оның ақылшысы дәрежесінде болуы;

- Дамыта оқытуға құрылған сабақтың ұжымдық ойлау іс-әрекеті диалог, пікірталасқа, іскерлік қарым- қатынаспен ерекшеленуі;

Теориялық ойлау баланың құбылыс, оның жаратылысы, бір нәрсенің мәнін, қасиеттері туралы зерттеу-ізденістерінің сөз арқылы көрініс табатын іс- әрекетіне жатады. Таным ақыл- ой  еңбегі арқылы қалыптасады. Сол себептен де дамыта оқыту ең алдымен баланың санасын, ақыл- ойын дамытуды көздейді. Теориялық ойлау пікірталас, диалогиялық әңгіме негізінде қалыптасады. Дамыта оқытуда мұғалім оқушылар алдына жауабы дайын, оқулықта бар, қайталауды талап ететін біліммен келмейді. Керісінше, проблемалық сұрақпен келеді. Проблеманы шешу- оқушының міндеті. Мақсатқа жету - оқушының дербес ізденісін талап етеді. Ол әдіс-тәсілдерді оңтайлы жолдары өз еркімен таңдап алады, табады. Модель, жоба жасау, оны қорғау - дамыта оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Дамыта оқыту - шығармашылық ойлау мен шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығармашылық ойлаудың басты белгілері төмендегідей:

-бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені ашу, жаңа өнімге қол жеткізу;

-нәтижеге жетудің әр түрлі жолдарын іздеу;

-нәтижеге әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жету;

- ешкімнің жетелеуінсіз өз беттерімен іздену.

Кезінде Қ.Жұбанов XX ғасырдың 30-жылдары «технология» мәселесіне айтарлықтай мән бере отырып, тақырыпты баяндамас бұрын сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыны ойлануға, пайымдауға шақыруы, оларды іздендіре отырып, санасына түрткі жасауы дамыта оқыту идеясынан туғанын көрсетеді. Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген.

К.Жүнісова 4 қырлы дамыта оқыту идеясын білім негізіне салды.




Интеллект

аспектісі

Мәдениет

аспектісі




Төрт қырлы

дамыта оқыту




Қарым-қатынас

аспектісі

Білік,дағды қалыптастыру аспектісі

Бүгінде дамыта отырып оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіріп шыңдауда М.Жұмабаевтың баланың ойын ұштауға байланысты айтқан қағидаларының мәні ерекше.

«Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы біз бір затты түгелімен білеміз, оның бөлімдерін, мөлшерін білеміз,» - деп, бала сезіміне жол табу керектігіне баса назар аударады.

Дамыта оқыту мақсаты, міндеті:

- Оқушы қарым-қатынасы.

- Оқушының ойын дамыту,толықтыру

- Оқушылардың жалпы даму ерекшеліктері,жеке жұмыстар жүргізу

- Оқу үрдісін жеделдету,өмір деректерін көбірек пайдалану

- Тапсырманы түсіну және сезіну

- Өз бетінше қорытынды жасай білуге үйрету

Қ.Даупаев

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру, дамыту үшін:

1) Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар( ребус, сөзжұбақ, анаграмма)

2) Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді жалғастыру)

3) Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби-шығармашылық

бағыттағы жұмыстар(өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу)

Кезінде Ж.Аймауытов: “...Өзі ойлап таппаған білім жан қуаттарын жетілдіре алмайды десе ’’, М.Жұмабаев: “Тегінде берік ұғу керек, адамның берік нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан”, - деген.

Ойлау қабілетін дамытуда бала қиялы жүйрік, терең болуға тиіс, ол іс-әрекет үстінде жетіліп отырады. Сабақ барысында оқушылардың теориялық ойлауы, пікір алмасуы, ой қорытуы, өзіндік тұжырым жасауы олардың танымдық қабілеттерін арттырады.

Дамыта оқыту барысында оқушыларға берілетін әдеби жаттығулар мен тапсырмалардың қай-қайсысы болмасын олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне бағыт-бағдар береді, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыланады. Шығармашылық ізденістер, жеке дара т.б. тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырады, алдарына нақты мақсат қояды, оны шешуге өздіктерінен әрекет жасайды.

Демек, дамыта оқыту барысында танымдық-зерттеушілік әдіс жандана түседі. Мәтінді оқып жете түсіну, ойлау шығармашылық ізденіске жетелейді. Бұл білімді өз бетінше ізденуге жол ашады. Түсіну- ойлау әрекетінің өзіндік жемісі.

Дамытушылық жаттығулар, әдеби-сұрау тапсырмаларды орындауда оқушылар іздене отырып, әр түрлі жағдайды анықтауға ,өз беттерінше шешуге тырысады. Одан өздері қорытынды шығарады. Дамыта оқытуда мәтінмен әртүрлі жұмыс істеу, оқушылардың ой-өрісін, ақыл-ойын, білімін кеңейтуге, оқиғаны танып білуге, мағынасын жете түсінуге жол ашады. Сондай-ақ, оларды ізденушілік әрекетке жетелей отырып, өзіндік пікір, қорытынды, тұжырым айтуды өздеріне қалдырады. Оқушылар іздену үстінде әр түрлі тапсырмаларды шешіп, әрекеттер жасайды. Оқу-танымдық әрекеттерді жете игеруге мүмкіндік туындайды, ақыл-ой әрекеті дамудың жоғары нәтижесіне жетеді. Дамыта оқыту технологиясымен сабақ өткізу барысында оқытушылар көптеген жетістіктерге жеттетінін көрсетті. Әсіресе, әр оқушының ынтасын, дарындылығын, бейімділігін ескере отырып оқытудың шығармашылық сипатын кеңейту, шығармашылық тұлға қалыптастыру біртіндеп іске асырылады.



Дамытушы жаттығу

Сөз байлығын дамыта

тын жаттығу



Өзіндік ізденіске жетелейтін

Интеллектуалдық,дамыту

шылық


Мәтінді бөліктерге бөлу, ат қою, өлең шумағын, әңгімені әрі қарай өз сөзімен жалғастыру

Пікір жазу, реферат дайындау

Пікірталасқа дайындалу, өз пікірлерін қорғау


Дамыту мақсатында шәкіртті ойландыру, іздендіру мұғалім үнемі алдына қою керектігін, соған орай әдіс-тәсілдері тиімді пайдаланудың жолдарын табу қажеттігін кезінде Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т. Ақшолақов сияқты әдіскер ғалымдар нақты дәлелдеп көрсете білді. Академик Л.В.Занковтың “Оқыту үрдісі шәкірттерді алға бастыру мақсаттарына орай құрылуға тиіс”,- деуінің мәні ерекше, мұның өзі ұзтардан шығармашылықпен ізденуді талап етер сөзсіз.

Қорыта келе, дамыта оқытуда оң нәтижелерге жетуде сабақта дәстүрлі әдіс-тәсілдерді ретімен пайдалану оқытудың жаңа әдістері шеберлікпен ұштастыра білуге саяды.



Тұлға

* Сөздік қоры молаяды

* Ізденімпаздыққа үйренеді

* Ойын еркін айтады

* Шығармашылықпен жұмыс істейді

* Тапқырлыққа үйренеді

* Ойлау қабілеті артады

* Қиялы ұшқыр болады.

Дамыта оқыту жаттанды іс-әрекеттерге сүйенбейді, окушының жеке басын дамыту,-білімді өз ізденістері аркылы алуды камтамасыз етеді. Шығармашылык еңбекке кең жол ашады. Ол окушының шығармашылык ойлауына, ізденісіне, іс-әрекетіне түрткі жасайды, оны дәстүрлі окытудағы өнімсіз енбектен босатады. Оны зерттеуші, ізденуші биігіне көтереді. Оқытудын бүл түрінде сүрактар, тапсырмалар жүйесі де басқа сипатта болады, яғни ез беттерімен орындалатын шығармашылык тапсырмаларға ерекше назар аударылады.

Корыта келгенде, дамыта оқытудың пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылык жұмыстарды жүргізудегі ең басты тиімділігін төмендегідей көрсетуге болады:

- окушылардың дербес ізденісіне, білімді өз бетімен алуына пәрменді ыкпалы;

- окушылардың шығармашылык ойлауын жетілдіруі;.

- олардың кабілеті, дарынын, шығармашылық бейімін дамытуға түрткі жасауы;

шығармашылык түлға қалыптастыруға әсері, жеке бас ерекшеліктерін жан-жакты дамытуы;

- оқушылардың өзін-өзі тануы мен "Мен" менталитетін жетілдіруге жағдай жасауы;

- ғылыми ізденіске, ғылыми енбекке баулуы.

Үжымдық окыту технологиясы

Үжымдық оқыту білімді жеке түлғаға қарай бағыттай беру технологиясына жатады. Оны кейде «үйымдастырылған диалог», «ұжымдык окыту» деп те атайды.



Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу. Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагок мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім – тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс - әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді»- деген Ы. Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірін, қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. XXI ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Мысалы, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтардың «Дамыта оқыту». Олар дамыта оқыту деп оқыту мақсаттарын, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды айтады. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Дамыта оқыту баланың белсенділігін ұйымдастырумен іске асады. Мен оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «Дамыта оқыту технологиясының» бағдарламасынан жұмыс жасау арқылы білім негізін дамыта отырып тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып білім беруде нәтижеге жеткізетін байқадым. Мамандардың алдында тұрған бірден – бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, оларды өз бетінше түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өмірге өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу. Әрбір нақты сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс – әрекеттерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс – тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе. Ал, біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетте бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау.

Мақсаты: Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау еске түсіру білімдерін пысықтау. Сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді және олардың байланысын тапқызу арқылы ойларын дамыту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, сауаттылығын көтеру. Ерлік, батырлық туралы түсінік бере отырып, патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Жаттығу ережелері, үлестірме қағаздар, сынау үлгілері, белгілейтін көрсеткіш, Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы: І Кіріспе бөлім:1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2. Сабақ мақсатын хабарлау, дәптерлеріне күн ретін тақырыпты жаздыру. 3. көркем жазу минуты. 4. Тәртіп сақтауды, сабаққа белсенді қатысуын, бір - бірінің жауабын тыңдауды ескерту. 5. Жаттығу ережелері бойынша өте жақсы жауапқа – 5 ұпай. Жақсы жауапқа – 4 ұпай. Орташа жауапқа – 4 ұпай.ІІ. Негізгі бөлім: 1. «Зымыран сұрақ».Үш топқа бір уақытта бірдей сұрақтар қойылады. Әрбір топ мүшелері жылдам жауап беруі қажет. Бұл бөлімде біліммен қатар жылдам ой қорытып, нақты жауап беруі талап етіледі. Ойланып жауап беруге 15 секунд белгіленеді. - Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді? - Бастауыш қай сөз табынан жасалады? Мысал келтір. - Баяндауыш қай сөз табынан жасалады? - Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

- Бастауыштан кейін қай уақытта сызықша қойылады? 2. «Ой жинақта, талдаумен» Тапсырмаларды таратып береді. Берілген нұсқа бойынша сөйлем құрау. Сөйлемнен сұрақ қойып тұрлаулы, тұрлаусыз мүшені тап. Ойлануға 2 минут, жұмысты орындауға 2 минут беріледі.

1 топ тапсырмасы: Кім? Нені? Не істеді? (Зайра шәй жасады)

2 топ тапсырмасы: Не? Неден? Не істеді? (Мал төлден өседі)

3 топ тапсырмасы: Кім? Қайда? Не қылды? (Мұғалім сыныпқа кірді)

3. «Жұмбақ сөз» әр топқа жеке - жеке мақал - мәтел айтылады. Ол үшін баяндауышты үнсіз айту белгісімен оқимын. Жасырған сөзді тауып оны орыс тілдеріне аудару керек, Ойланып айтуға 1 минут.

1 топ тапсырмасы: Ақылды адам арын (қорғайды)

Сараң адам малын (қорғайды)

2 топ тапсырмасы: Ақылды кісі ісіне (сенеді)

Ақымақ кісі күшіне (сенеді)

3 топ тапсырмасы: Болат қайнауда (шынығады)

Батыр майданда (шынығады)

4. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»

Үлестірме қағаздар беріледі. Берілген мысал ережеге сай емес екендігін айтып дәлелдейді. Ойлануға 2 минут, жауап беруге 1 минут.

1 топ №1 үлестірме

Мысал Ереже

1. Жадыра қалаға келді Тұрлаусыз мүше

2. Қызыл ала зат есім

Анықтамаға сай ма?

5. «Нұсқалықты сөйлет» Ойланып жауап беруге 1 минут.

1 топ: сөйлем мүшелері бойынша кесте құрастыру

2 топ: әрі қарай сөйлем мүшелерінің кестесін жалғастырады.

3 топ: кестені толықтырады.

ІІІ. Қорытынды кезең: Сабақты қорыту. Топтардың ұпай санын санау, кестеге белгілеу. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма: кез - келген

1 мәтінді көшіріп жазу, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін белгілеу.

Өзін-өзі бекіту сұрақтары:

  1. Дамыта оқыту технологиясы дегеніміз не?

  2. Дамыта оқыту технологиямсының негізін салғандар?

  3. Дамытушы жаттығу түрлері.

6 дәріс тақырыбы. Проблемалық оқыту технологиясы туралы түінік.



Негізгі сұрақтар:

1. Проблемалап оқытудың ерекшелігі.

2.Проблемалық сұрақ-тапсырмалар.

3.Оқушы ой-өрісін дамытудағы проблемалық ерекшелік.


Қысқаша мазмұны:

Проблемалық окыту туралы ғылыми еңбектер, ізденістер, жинакталған тәжірибелер баршылык. М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, Г.Ю.Ксензова, поляк ғалымы В.Оконь т.б. еңбектерімен қоса, казақстандық ғалымдар Т.Акшолаков, Қ.Тасболатов, Ә.Дайыровалар ізденістерін атауға болады. Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады. Онын басты себебі проблемалық оқыту технологиясынын өзіндік ерекшелігінде жатыр. Проблемалық окытуда окушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жүмылады. Проблемалык ситуацияны шешу арқылы окушылардың шығармашылык ойлауы дамиды, интеллектуалдык таным үрдісі жетіледі.

Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылык тапсырмалардың тіл дамытудағы тиімділігі - окушылар бүл окыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерттеушілікпен айналысады. Ойлау үрдісі токтаусыз жүмыс істейді. Ойлаумен бірге тілдері де дамиды. Ғалымдардың төмендегі пікірлері осы түжырымды дәлелдейді: «Осознав поставленную проблему, ученики сами намечают план поиска, строят предположения (гипотезу), проводят наблюдения, опыты, фиксируют факты, сравнивают, доказывают, делают выводы». Ал Г.Ю.Ксензова:«Основной ситуацией, порождающей процесс творческого мышления, является проблемная ситуация»,-дейді.

Проблемалык окытуға .негізделген жүмыстар, тапсырмалар окушылардын ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалык сұрактарды, ситуацияны шешу -шығармашылық үрдіс. Ал шығармашылык, өнерпаздык сөзінің мәні -жеке түлғаның бірнәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге кол жеткізуі. Шығармашылык - ешкімнің кол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тын, жаңа өнімі. Ғалымдар проблемалык оқытудың өзіндік ерекшелігі мен маңызын төмендегідей саралайды: «Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций, формулирование проблемы (постепенно к этому привлекаются сами ученики), оказание учеником необходимой помощи в решении проблем, проверка этих решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знании», - дейді поляк ғалымы В. Оконь

Ал проблемалык оқыту айналасында ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізген М.И.Махмутов: "В основе проблемного обучения лежит учебная проблема, сущностью которой является диалектическое противоречие между известными ученику знаниями, умениями и навыками и новыми фактами, явлениями, для понимания и обьяснения которых прежних знаний недостаточно",- деген тұжырым айтады Екі ғалымнын пікірін карастырғанда проблемалық оқыту туралы ортақ бір түжырым шығады. Ол - оның негізінде бір бейтаныс проблеманың жататыны, ол проблеманы шешу қажеттігі, ол үшін бүрынғы білімге сүйену, бірақ оның мақсатқа толык апармайтынын түсінуге болады. Проблемалык окытудың басты-басты белгілерін педагог-ғалым М.Н.Скаткин өзінің"Совершенствований учебного процесса в школе" деген еңбегінде былай көрсетеді

Проблема шешу, проблемалык тапсырмалар, сұрактар эр түрлі іс-әрекеттер аркылы жүзеге асады. Бұл үрдісте әсіресе пәнаралык байланыска негізделген шығармашылык тапсырмалардың орны ерекше. Проблемалык жүмыстар, сүрак-тапсырмалар туралы педагог-ғалым Г.Ю.Ксензованың тұжырымдамасына жүгінген дүрыс:«Проблемная учебная задача - это задача позволяющая освоить общий принцип решения практических задач»

Дегенмен ғалым бүл жерде шығармашылык тапсырмалар туралы, онын проблеманы шешудегі орны жайында сөз қозғамайды. Ал проблемалык окытуға негізделген шыгармашылык тапсырмалардың ең басты белгілері, окушылардың белсенді дербес ізденісі, өзіндік, шығармашылық ойлауы аркылы проблемалык ситуацияны шешулерінде. Бүл жөнінде:«Решая проблемную ситуацию человек либо находить новое, прекомбинируя хорошему известное в известном, то есть свести не известное к уже усвоенному ранее и тем самым разрешить проблему»,-деп түсіндіреді галым-педагог Г.Ю.Ксензова.

Алайда ғалым ен басты және манызды мына мэселелерге ерекше көніл беле алмаған:

— Проблемалык окытудың басты белгілері

1.Білімді негізінде баяндау.

проблема

Мұғалім сабакты жаи хабарлап, не баяндап түсіндірмейді. Проблема қоя отырып, түсіндіреді. Окушылардың таным белсенділігін арпыру, біріге отырьш оны шешу жолдары максат етіледі. Окушыларды іздендіруге, табуға жүмылдырады.

2.Окушыларды іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу.

Мүғалім окушьлар алдына проблема қояды, ол проблемаға балалардьщ назарын аударады, сабак түсіндіру барысында сүрак-жауап, баска да өнімді тәсілдер аркылы оны шешуге түрткі жасайды.

3.Окытудің әдісі

зерттеу

Окушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, корытынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін енбектенеді.


  1. 1. Оқушы үшін "жаңа", "беймәлім" проблема дегендер ғылымға белгісіз, мүлде тың, ашылмаған мәселелер емес.

  2. 2. "Жаңа" дегенде окушының ез ізденісі, ез зерттеуі арқылы кол жеткізген өнімі айтылатыны.

  3. Проблемалык окытудың тиімділігі де сол - ол окушынын ез дербес іс-әрекеті арқылы проблеманы шешуі, сол жолдағы ізденісі, шығармашылык енімге қол жеткізуі. Бүл жерде проблема кайдан және калай пайда болады деген сұрак туындайды. Проблемалык оқыту технологиясымен үзак жылдар айналыскан М.И. Махмутов оның окытылатын такырып, керкем туындынын езінде, автордьщ идеялық нысанасының негізінде жататынын айтады.

Проблемалык оқыту аркылы енімді, тиімді нәтижеге кол жеткізу үшін мүғалім тарапынан проблеманы дел, нақты қоя білудің де маңызы зор. Оқушылар проблеманы шешуде қиындықка кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады. Технология оқушы - субьектінін дербес еңбегін талап еткенмен, мұғалімнін басшылығын, ақыл-кенесі, яғни "режиссердің таяғын" мүлде жокка шығармайды.

Проблемалык оқытуда сол "таяңтың" маңызы зор болып келеді.

Проблемалык окытудағы окушының шыгармашылык іс-әрекетін былай тұжырымдауға болады:

1. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.

2. Проблеманы ашу, өнім жасау, шыгармашылык еңбекке кол жеткізу.

3. Қорытынды жасау, езіне-езі баға беру, саралау. Проблемалык окытуға негізделген шыгармашылык тапсырмалардьщ дәстүрлі окытудағы тапсырмалардан ен басты айырмашылығын ғалымдар еңбегіне сүйене отырып, төмендегідей жіктелінді.

Оқушы мен мұғалім іс-әрекеттері

Дәстүрлі окытудағы

Проблемалык окытудағы

1. Проблема койылмайды

2. Мұғалім тарапынан тапсырмалар берілетін жауабы дайын, карапайым тапсырмалар. Накты жауап оку-лыкта, косымша материалдарда бар.

3.Оқушы-обьект. Ол- орындаушы. Мұғалім жетекшілігі, баспшлығы үстем болады.

4. Шығармашылык ізденіс, жаңа өнім жасау міндетті емес.

5. Сыньштағы барлык окушыларға арналған тапсырмалар.


1. Алдыға проблема койылады.

2. Дайын жауабы жоқ, проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар.

3. Окушы- субьект. Ол - дербес ізденуші. Еш нәрсені кайталамайды. дайын дүниені көшірмейді, өзінін ізденісі, зерттеуі аркылы проблема-

ны шешуге талаптанады. Мұғалім-акылшы, кенесші, үйымдастырушы, бағыт беруші.

4.Оқушыларды жап-жакты дамытуға, жеке түлғага, онын дарыны, кабілетін арттыруға бағытталған шығармашылык сипаттағы тапсырмалар.


Проблемалык оқытуға негізделген тапсырмалардын кай түрі болмасын, окушылардын шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардын барлығы—окушылардын шығармашылык қабілетін, дарынын дамытуға бағытталады. Бүл жөнінде «Методика развития речи на уроках русского языка» деген еңбекте былай делінеді:«Для развития творческой деятельности учащихся предлагается использовать наряду с упражнениями поисковые, проблемные, творческие задачи». Проблемалык окыту технологиясынан дүрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда енімді, нәтижелі корытынды береді.

Еңбектің бастапкы бөлімдерінде оқушыларды ғылыми жүмысқа баулитын, жетелейтін әдіс-тәсілдерді, тиімді жолдарды сөз еткен болатынбыз. Енді шығармашылык жүмыстардың, тапсырмалардын окушылардын дербес ізденісі, зерттеуіне тигізетін игі ыкпалына токталмакпыз. Ол үшін шығармашылык жұмыстар технологиясын білген дұрыс.

Проблемалап оқыту әр пәннің ерекшелігіне саяды. Проблемалап оқыту барысында оқушының ғылыми танымы кеңейеді, соған жетудің жолын іздестіреді, ең бастысы ізденімпаздық белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті, шығармашылық тұрғыдан ойлауы қалыптасады.

Мұғалім белгілі бір проблемалық міндетті шешуге оқушыларды, проблемалы жағдайда ізденуге бағыттайды. Проблемалы оқыту, проблемалы сұрақ-тапсырмалар, проблемалы жағдайды туғызу, оқытушы тарапынан көп ізденісті қажет етеді. Сабақ үрдісінде туындайтын мұғалім мен оқушы арасындағы сұрақ пен жауапты проблемалық ситуацияның көрінісі ретінде қарауға болмайды.

Демек, кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Мұнда оқушылардың танымдық ізденушілігін туғызатындай, проблемалы тапсырма сұрақтарда оқушы үшін түсініксіз мәселелер болады. Оны шешуде оқушы қиналысқа түседі. Әр түрлі әрекеттер арқылы мәселені шешудің жаңа жолын іздейді, белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге талпынады. Оқушының танымдық, шығармашылық қасиетін дамыту, алған білімдерін кез келген жағдайда қолдана алу дағдыларын қалыптастырып, оқуға деген қызығушылық сезімдерін туғызу т.б. бағытында мұғалім тарапынан әр түрлі жұмыстар іске асырылады.

Мұғалім материалды түсіндіруде, бұрынғы тақырыптар мен логикалық байланыстарын ашып, іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу себептерін көрсетеді. Оларды шешудің жолдарына бағыт-бағдар береді. Мәселені шешуге, ойлауға, ізденіске түсуге бірнеше нұсқада салыстырып отыруға жетелеп, жаңаны табуға ұмтылдырады. Оқушылар бұрын алған білімнен, меңгерген тәсілдерінің арқасында проблемалық оқиғалардың шешімін табудың жолдарын жан-жақты іздестіріп, қарастырады.

Ғалым В.Г.Маранцман: «Проблемалы талдаудың негізгі буыны проблемалық ситуация»,- десе, Т.Ақшолақов: проблемалық ситуацияны туғызуда оқулықта берілген кейбір сұрақ-тапсырмалардың ролі ерекше екенін айқындап, сұрыптап ұсынады. Сондай-ақ сұрақ тапсырмаларды орындауда, оқушылардың жұмыс істеу тәжірибелерін дамытудың ұтымды жолдарын көрсетеді.

Проблемалы жағдай тудырып, шығармашылыққа баулу оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың бірден-бір жолы екенін көреміз. Оқытудың мұндай проблемалы түрінде оқушыларда өз бетімен ізденуге ұмтылыс туындайды, өзіндік жұмыстар орындалады. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, оны үнемі берілген тапсырмалар, мәтінді талдауда ойландыруға жетелеу, өз пікірін еркін айта білуге төселдіру, іздендіру – оқытудағы ең негізгі басты мәселенің бірі.

«Проблема» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда «қиындық», «кедергі» деген ұғымды білдіреді. Демек, проблема зерттеуге бағытталған, проблемалық жағдаятқа сәйкес туындайтын мәселе.

Проблемалы сұрақ-тапсырмаларды орындауда оқушылар ең алдымен проблеманы таба білулері керек. Проблеманы көріп, таба білу оңай емес, ол ұзақ уақытта әр түрлі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Сондықтан да проблема көре білуді дамытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүргізілуі керек. Проблеманы анықтауда оқушылардың зерттеу нысанына деген көзқарастарын өзгерте білуі қажет.

Проблеманы көріп, тануда, оны анықтауда, оқушының ойын білдіруде жауап іздеуге, шешімге келуге, ойлануға жетелейтін басты нәрсе сұрақ болып табылады. Сұрақты оқылып отыратын мәтінге сәйкес дұрыс қоя білуге үйрену өте маңызды. әр поблемалы сұраққа жауап іздеуде оқушының зерттеушілік қабілеттері, танып білу, түсіну қабілеттері артады. Сұрақтардың нақтылығын, дұрыс және бұрыс болып келуін оқытушы толық ескеруі керек. Шындыққа негізделмесе де сұрақ қойылса ол сұрақтың дұрыс еместігін оқушы бағдарлай алғаны жөн. Оқушылардың өздері де проблемалы сұрақтар қоя білуге төселу керек. Сұрақ қоя білу оқыту үшін өте маңызды болып табылады.

Оқушыларға берілетін сұрақ-тапсырмалар проблемалы ситуацияның негізігі бөлігі. Мұнда оқытушы берілген мәтіндерге сай проблемалы ситуация жасайтын жерлерін бөліп көрсетіп, олардың назарын аудартады. Сұрақтардың анық түсінікті болуы, мәтіннің логикалық құрылмына, мазмұнда қандай идея жатқанына мән беріп, өзіндік ізденісін, білімдерін жүйелеуге жол ашады. Оқытушы оқушының білім деңгейін, болжамын, проблема бойынша саралап т.б. түсінігін ескере отырып, қарастырылып отырған мәселеге сай әдебиеттер ұсынады.

Нақты ақпараттар бере отырып, сұрақтар мен тапсырмаларды орындауға бағыт, бағдар көрсетеді. Бұл оқушыларды ізденіске, ой операцияларына жетелеп, өз пікір- тұжырымдарын қорғауға, дәлелдеуге іскерліктерін дамытады.

Оқытушы проблемалы сұрақтар дайындап, тапсырмалар бере отырып, алынған жағдаятқа байланысты ұжымдық талқылаулар ұйымдастырады. Оқушылар бұрынғы жинақтаған білімнің негізінде проблемалық ситуациядан шығудың жолдарын іздестіреді. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың ой-өрісінің шығармашылық сипатта болуын, зерттеушілік қабілетін т.б. оқытушы қадағалайды. Олар өз бетімен ізденеді, ойланады, өзіне-өзі сұрақтар қояды, кітаптан қарайды, салыстырады, ажыратады, ойтүйін жасайды.

Проблемалық сұрақтар мен тапсырмалардың жүйелі түрде берілуі, проблеманы оқушының зерделеп, өздігінен шешуі, оларда белгілі бір мотив туғызады. Жалпы, оқу мотивтері оқушының таным әрекетіне қозғау салады. Психолог, зерттеуші Х.Хекхазен: «Оқу мотивтері әрекетіне түрткі жасайтын, тілек, талпыныс, қызығушылық ынта, ықылас»,- деп көрсетеді. Жеке тұлға дамуының қозғаушы күші неден бастау алатынын ұғынуда адамның жалпы әрекетінің мотивация жүйесіндегі өзін-өзі тану қажеттілігінің мәні ашылады.

Қазақ әдебиетін оқытуда оқушының танымдық белсенділігінің артуына, әдеби білімін тереңдетуге, өздік әрекетін дамытуға оқу мотивтерінің мәні ерекше, мұның өзі сапалы білім берудің, білім мен біліктілікті дамытудың бірден-бір жолы. Кезінде Ж.Аймауытов: «Мотивтер –пәнді оқытудың ең маңызды тетігі»,-деп бағалаған. Демек, мәтінге сәйкес дұрыс түзіліп, нақты берілген проблемалық сұрақ-тапсырмаларды орындауда оқушы мәтіндегі белгісіз проблемаға көңіл бөліп, көркем туындыны әр қырынан алып талдауға, шығарма сырына терең үңіліп, ой-тұжырымдар жасауға тырысады.

Әрекетке түрткі болған мотивтер бала бойында қызығушылықты оятып, дербес шешім қабылдауға, өзіндік қорытынды жасауға ықпал тигізеді. Әсіресе, шынайы мен нақты жағдаяттар арасындағы қайшылықтарға талдау жасайды.

Мұғаліммен бірге анықтанған проблеманың негізінде зерттеу мақсаттарын құрады. Проблеманың себептерін ашуға тырысады.

Демек,проблемалық оқыту технологиясы оқушыны шығармашылыққа бағыттап, оқыту үрдісінің әрбір сатысында әр түрлі ситуацияны шешуде ой ұшқырлығын дамытып, қарама-қайшылықты түсіне білуге жетелейді, дұрыс нәтижеге жетудің, берілген тапсырмаларды орындаудың жаңа жолдарын іздестіреді.

Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық ситуацияны, проблеманы шешу-зерттеу, іздену еңбегін шығармашылық еңбекті талап етеді. Ал шығармашылық сөзінің мәні – жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық-ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі. Проблеманы шешу проблемалық сұрақ-тапсырмаларға байланысты жүретін үрдіс. Проблемалық сұрақ-тапсырмалардың өзі оқушыларды ғылыми-ізденіс, зерттеушілік іс-әрекеттерге баулиды. Себебі ол оқушылардың белсенді дербес еңбегі, шығармашылық ізденісіне негізделеді.

Проблемалық оқытуға негізделген зерттеу-іздендіру бағытындағы тапсырмалардың ерекшелігін төмендегі салыстырмалы кесте арқылы дәлелдеуге болады.

1-кесте.


Дәстүрлі оқытуда

Проблемалық оқытуда

-Тапсырмаларда проблема қою міндет емес.

 

 



-Проблеманы шешу міндетү

-Тапсырмалар оса бағытта беріліп, олар дербес ізденіс, зерттеушілік еңбекті талап етеді.



-Жауабы оқулықтарда, мұғалім түсінігінде бар.

 


-Дайын жауабы жоқ. Проблемалық ситуацияны шешуді қажет ететін тапсырмалар

- Оқушы-обьект.

Оқушы- субъект. Ол белсенді -тұлға.

-Орындаушы, жауап беруші, дайынды қайталап айтушы.

Білімді өз ізденісімен алушы және зерттеуші.

-«Жаңалық» ашу, жаңа өнім жасау міндетті емес.

Жеке тұлғаны дамытуға, ғылыми – ізденіске жетелейтін шығармашылық бағыттағы тапсырмалар.

Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі, басты белгілерін төмендегі кесте арқылы тұжырымдауға болады:

2-кесте.


1.  Білімді проблема қоя отырып түсіндіру.

 

 



 

2.  Оқушыларды дербес іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу.

 

 

3.  Зерттеу, іздендіру әдісі. Оқытудың өнімді жолы.



Мұғалім сабақты проблема қоя отырып, түсіндіреді. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті проблеманы шешуге бағытталады. Оқышуларды іздендіруге жұмылдырады.

  Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды. Сабақ барысында өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге жұмылдырады.

Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдейді, салыстырады, қорытынды шығарады. Өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.


 

Проблемалық оқытудың оқушыларды іздендіру, зерттеу еңбегіне баулудағы шешуі қиынға түспейтін дербес іс-әрекеттерге жетелейтін проблемалық сұрақтарға жауап іздетуді төменгі сыныптардан бастаған жөн. Қазақ тілінің әр тақырыбында оқушыларды ғылыми ізденіске жетелейтін проблемалар баршылық. Проблеманы шешу үшін ең алдымен өзіндік салыстырулар, өзіндік дәлелдеу жасауға баулу керек. Мысалы, 6 сыныпта «Қос сөздер» өтіледі, оның түрлері туралы түсініктеме беріледі. Білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау сабақтарында төмендегідей тапсырмалар беріп, оқушыларды проблемалық сұрақтарды шешуге жетелеу керек.

1. Қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздердің негізгі айырмашылықтарын қалай түсіндірер едіңдер? Ол үшін мына үлгідегі тапсырманы орындаңдар:

Үлгі:

Қайталама қос сөздердің жасалу жолы

Қосарлама қос сөздердің жасалу жолы

Ұқсастық белгілері

Айырмашылықтары

 

 

 

 

Жасалу жолдарына, үш мысалдан келтіріңдер.

2. Төмендегі мәтінді мұқият оқып, қос сөздерді табыңдар, түрлеріне қарай ажыратыңдар да бөлек- бөлек жазыңдар.

3. Мына шағын шығарма- суреттемеге назар аударыңдар. Табиғат көрінісін суреттеуде қай қос сөздің орны ерекше деп ойлайсыңдар? Пікірлеріңді дәлелді түрде білдіріңдер.

Қыс суреті.

«Тау- тау болып үйілген аппақ – аппақ қарлар ауыл- аймаққа ерекше бір көрініс беріп тұр. Күн нұры түскенде олар жалт- жұлт етіп, көзіңді шағылыстырады. Шаналарын сүйрей- мүйрей жеткен Асандар тобы айқай- шумен жаңағы әдемі көріністі әп- сәтте көз алдыңнан ысырып жібергендей болды».

Әрине, қай қос сөз болмасын оның тілімізде өз орны, өз маңызы бар. Ал мына тапсырмалардың тиімділігі сол, балалар ізденеді, ойланады  жауабын табуға еңбектенеді. Жауабы дайын, не оқулық, не мұғалім түсінігіндегі білімді қайталап орындадатын, оқушыларды қызықтырмайтын тапсырмалардай емес, бұнда олар өзінше бір «жаңалық» ашуға ұмтылады.

Табысқа жету- проблемаларды шеше білу. Себебі ғылыми-ізденіс тақырыптары проблемадан туындайды. Яғни әр түрлі білім саласында жауабы әлі де шешімін таппаған, өзекті мәселелер баршылық. Қазақ тіл білімінде де ондай мәселелер жауабын күтуде. Проблеманы табу оңай емес. Ол ашық тұрмайды. Сондықтан да оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулығанда ең алдымен проблемаларды көре білуге жетелеген дұрыс. Бұл жерде мұғалім көмегі, оның ой салуы, ойландыруы аса қажет. 6-сыныпта қазақ тілі пәнінде «Қысқарған сөздер» өтіледі. Оқулықта оған анықтама берілген, жасалу жолдары түсіндірілген. Дегенмен, тыныс белгісі бойынша оқушыларға беймәлім айтылмаған мәселе де баршылық. Мысалы, АҚШ, БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) т.б. қысқарған сөздер арасына нүкте қойылмайды, себебі не? Ал қосымшалар дефис арқылы жазылады. АҚШ-тың ірі-ірі қалалары бар, БҰҰ-ның кезекті жиыны өтті. Қысқарған сөздердің нүктесіз жазылуы мұғалімдерге түсінікті болғанмен, оқушыларға түсініксіз. Қысқарған сөздерді өткеннен кейін оларға төмендегідей сұрақтар берілді:

1.Қалай ойлайсыңдар, АҚШ, БҰҰ т.б. қысқарған сөздер яғни, бас әріптер арасына неге нүкте қойылмайды?

2.Ойланайық, өзіңше нүкте қою керек пе, жоқ па? Жауаптарыңды дәлелді түрде айтыңдар.

Оқушылардың бұл сұраққа жауап беруі оңайға түспейді. Көмек, бағыт-бағдар ретінде әр жылдарда шыққан орфографиялық сөздіктер ұсынылды, ондағы қысқарған сөздердің жазылу емлесі туралы түсініктерге назар аударылды. Бірде-бір сөздікте нүктенің қойылмау себебінің берілмегенін оқушылар анықтады. Осы сұрақтың өзі ізденіс бастауы болды. Ары қарай оқулыққа қайта үңілткен дұрыс. Оқушылар алған білімдерін тиянақтай түсті, қысқарған сөздердің жасалу жолдарына қайта үңілді. Осы жұмыстан соң төмендегідей сұрақ қойылды:

1.Нүктенің қойылу ережесін еске түсіріңдер.

2.  АҚШ-Америка Құрама Штаты. Назар аударыңдар, күрделі атау арасына нүкте қойылмайды екен. Себебі неде?

Орыс ғалымы В.В.Давыдовтың: «Процесс усвоения знаний может проходить в результате самостоятельного поиска путем решения позновательной задачи»,- деген сөзінің маңызын осы жұмыс дәлелдейді. Проблема шешуге бағытталған тапсырмаларды 7-8 сыныптарда жүйелі түрде жүргізу арқылы оқушылардың ғылыми ізденіс қабілетін дамытуға түрткі жасау-ұтымды тәсіл болып табылады. Бұл сыныптарда жұмыстарды күрделендіре түскен дұрыс. 7 сыныпта «Әдеби тілдің лексикалық нормасы» тақырыбы өтіледі. Оқулықта лексикалық нормаға анықтама беріледі. Лексикалық нормаға жатпайтын сөздер жіктеледі. Олар:

1.Диалектизмдер.

2.Дөрекі және жаргон сөздер.

3.Баламасы бар термин сөздердің орысша атаулары.

Осы сөздердің әдеби тілдің нормаларына неге жатпайтынына түсіндірме берілмеген. Проблеманы осы сұраққа жауап іздетуден бастау керек. Сондай-ақ, «Әдеби нормаға қай сөз жатады, қай сөз жатпайды, неге?» деген сауал негізінде де проблема жатыр. Бұл сауал оқушылар үшін проблема, жауабын табуға іздендіретін сауал. Проблеманы шешу үшін мұғалім оның әдіс-тәсілдерін, жолдарын көрсетіп, жетелеп отыруы керек. Оқушылар лексикалық норма дегеннің анықтамасын жеке түсінгенде ғана жоғарыдағы проблема жауабын таба алады. Ең алдымен теориялық білімді қайталатып, оқулыққа үңілдіріп, сонан кейін ғана тапсырманы орындауға жұмылдыру нәтиже бермек.

1. Сөйлеу тіліндегі сөздердің барлығы әдеби нормаға жата ма?

2.Қай сөз әдеби нормаға жатады, қайсысы жатпайды, себебін дәлелде.

Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер талданып төмендегі тапсырмалар арқылы проблеманы шешу ізденісі жүрді.

1.Ойланыңдар диалектизмдер, жаргон сөздер, терминдердің орысша атулары бар сөздер неге әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайды?

Сұраққа жауап беру үшін мына тапсырмаларға назар аударыңдар.

8 сыныпта оқушылардың 6-7 сыныптарда қалыптасқан дағдыларын ары қарай жетілдіруді мақсат еткен дұрыс. «Сөйлем мүшелері» тақырыбында оның екіге бөлінетіндігі, тұрлаулы, тұрлаусыз мүше болып бөлінетіні туралы ұғым беріледі, ережесі айтылады. «Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты» айтамыз делінген. Осы ереженің өзінде шешімін күтіп тұрған проблемалар жатыр. Мынадай тапсырмалар ұсынылды:

1. Неге бастауыш пен баяндауыш-тұрлаулы мүшеге жатады?

2. Бастауышсыз мүшелер бар, сонда да оны неге тұрлаулы мүше дейміз?

3. Бастауышы жасырын тұрған және бастауышы жоқ екі сөйлем құрастырыңдар, талдау жасаңдар.

4. Баяндауышсыз сөйлемдер бар ма? Бар болса, қай сөйлемдерде кездеседі?

5. Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты қалай тауып алуға болады?

Осы сұрақтар алдыда тұрған проблеманы шешуге түрткі жасайды. Проблема берілетін білімнің негізінде жатады, сондықтан оны дөп тауып, шешімін іздеудің өнімді әдіс-тәсілінен ізденгенде ғана оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға болады. Жоғарыдағы тапсырмалардың 6-7 сыныптағы тапсырмалардан ерекшелігі оқулықта берілген білімді толықтыру, айтылмаған ұғымдарды оқушылардың өзіне іздетіп, тапқызуында жатыр. Сондай-ақ олар проблеманы әр түрлі іздену, зерттеу іс-әрекеттері арқылы шешеді. Проблемалық оқыту арқылы оқушыларды ғылыми зерттеу ізденісіне баулуда пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардың ұтымдылығын анықтауда, әсіресе, оқушылардың қабілеті, икемділігі, дарыны осындай жұмыстарда көрінеді. Ол туралы орыс ғалымы М.Р.Львов: «В творческих работах учащихся отражается личность школьника, его чувства, взгляды, его пожизненная позиция», - деуі жоғарыдағы пікірді дәлелдейді. Шығармашылық жұмыстар оқушылардың өз беттерімен іздену, зерттеу, қорытынды жасау іс-әрекетіне түрткі жасай отырып, оларды ғылыми ізденіске жетелейді.

Проблемалық оқытудың оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулудағы тиімділігін төмендегідей саралауға болады:

-Оқушылар өздеріне «беймәлім» проблеманы шешуге жұмылады.

-Іздену, зерттеу жұмыстарына төселеді.

-Бұрынғы білімдерін жаңа мақсатқа пайдалана білу дағдылары дамиды.

-Жаттандылықтан дайын білімді қайталап айтудан, өнімсіз еңбекпен сақтандырады, шығармашылық жұмыстарға белсендіреді.

-Білімді өз ізденістерімен алуға жаттықтырады.

-Өздерін- өздері оқыту, өзін-өзі тану үрдістері жүреді.

Оны негізге алған сабаққа төмендегідей талап қойылады:

-Сабақ мақсатын белгілеу, пайдаланылатын оқу жабдығы, әдіс-тәсілдер, оқу формаларын сұрыптауда проблемалық оқыту талаптары басшылыққа алынады.

-Мұғалім тақырыптың басты проблемасын тауып, қойылатын сұрақтарды реттейді.

-Берілетін білім проблемалық сұрақтарға негізделеді; Мұғалім проблема қоя отырып түсіндіреді.

- Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың дербес ізденісіне, өзіндік зерттеулеріне жағдай туғыза отырып, оларды проблемалық ситуацияны шешуге жетелейді.

Өзін-өзі бекіту сұрақтары:

1.Проблемалық оқыту дегеніміз не?

2.Проблемалық оқытуға үлес қосқандар?

3.Проблемалық оқытудың маңызы неде?


7 дәріс тақырыбы. Модульдік оқыту технологиясы

Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясы туралы түсінік.

Негізгі сұрақтар:

1.Модуль арқылы оқытудың өзіндік ерекшелігі.

2.Сабақты модулге бөлу жолдары.

3.Пән бойынша оқу модульдерін құрастыру.


Қысқаша мазмұны:

1.Модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісін жаңаша құруға және оптимизациялауға байланысты қазақстандық жәле әлемдік оқыту жүйесінің барлық саласында кеңінен қолданыла бастады. Модуль (латын) – «өлшем», «шама», «мөшер» деген ұғымды білдіреді. Модуль арқылы оқытудың тәжірибелік тұрғыдан тиімділігін, оқу материалдарын модульге құру, соның нәтижесінде модуль арқылы оқыту ұтымды екенін Ю.У. Байсалов, Г.С. Күдебаева, Н. Оралбаева, К. Жақсылықова, Р. Жанпейісова, З. Бейсембаева, Н.Г. Нуртаева т.б. өз зерттеулерінде атап көрсетті.

Модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушы өз мүмкіншілігіне қарай жұмыс істейді. Зерттеуші ғалымдар: Г.Қ. Нұрғалиева, А. Құсайынов, Қ. Мусин: «Модуль – іріленген мазмұнды дидактикалық бірлік. Ол зерттеліп отырған педагогикалық құбылыстың мәнін сипаттайтын ғылыми білім жүйесін өзара функционалдық байланыстармен қоса ашып көрсетеді», - деп анықтама береді.

Модуль – оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отырады. Модульдік оқытуда оның бағдарламасы пән бағдарламасына сәйкес жасалады. Мұнда материалды оқытудың мақсаты айқын беріледі, оқушы алдағы күтілетін нәтижені түсіне отырып, оған жетудің жолын ойластырады.

Мұғалімнің ұсынысымен әр түрлі тапсырмалар орындап, оны игеруде қосымша әдебиеттермен танысып, өздігінен ізденеді, басқалардың пікірін сарадайды, шешеді, жинақтайды, өз ой – тұжырымын дәлелдейді, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланады, ішкі мүмкіншілігі жүзеге асады. Әсіресе, мұғалім мен оқушының өзара бірлігін қамтып, оқу мен оқытуда бір – біріне үнемі ықпал етіп отырады. Бұл модульдік оқытудың басты ерекшеліктерінің бірі екенін байқатады.

Әр пәннің құрылысы мен құрамына байланысты 3 – 4 модульге бөлу озат мұғалімдер тәжібибесінде жиі кездеседі. Модуль санының көп болуы оқушының білімін тексеруге, ізденісін арттыруға, т.б. оң ықпалын тигізгенімен, оқытушының жұмысын да көбейтетінін көреміз. Тәжірибеде модуль саны 3 – 4 – тен аспайтынын байқатады.

Модульдік оқыту технологиясы оқытушының өз жұмысын нақты жоспарлауына, жан – жақты айындалуына жол ашады, онсыз мақсатқа жете алмайтынын толық түсінеді.

Тақырыпты терең меңгертуде әдеби жаттығулар, әр түрлі проблемалық сұрақ – тапсырмалардың қай – қайсысы болмасын оқушыны шығармашылықпен жұмыс істейтіндей дәрежеге жеткізу мақсатын көздейді.

Оқушы берілген модульдік тапсырмаларды орындау барысында негізгі мәселелердің қайсысын қаншалықты білетіні, қайсысын жеткіліксіз біледі, оны толықтыруда қандай іс - әрекеткерек екенін анықтайды, осы негізде оқушыға мәлімет, деректерді, т.б. ұсынып, олармен жұмыс істей тәсілдерін үйретеді.

Модульдік оқытудың ерекшеліктері төмендегідей:



  • оқытудың мақсаты айқын, нәтижесі белгілі;

  • оқу мәтіндері бөліктерге бөлінеді;

  • әрі бөліктердің мазмұны, құрылымдық элементтерінің болатындығы;

  • оқытушы – кеңесші, бағыт беруші;

  • оқушы (студент) шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады;

әр модульге тиісті тапсырмалар, модульге ену, шығу, т.б. беріледі.

Оқытудың қазіргі технологияларына келсек, жаңа технологиялардың бірі – модульдік оқыту технологиясы.

Модульдік оқытудың өзегі – оқу моделі. Ол: ақпараттардың аяқталған блогынан, студент іс-әрекеті бағдарламасынан, оқытушының нұсқауларынан тұрады. Модульдік оқыту – бұл студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Модульдік технология әдісі бойынша әр сабақта тек жаңа ақпаратты игеру емес, сонымен қатар қабылдаған ақпаратты өңдеу ептілігі мен дағдылары қалыптастырылады.

Модульдік технология оқу пәнін ірі тарауларға (модуль) бөлінуін, сонымен қатар әр тараудың мазмұны, білімі және ептілігі анықталып, сол модульді меңгеруге қажетті, бақылау және орындалған жұмыс туралы есеп беру әдістерін қарастырады, атап айтқанда: дәріс (жаңа материалды меңгеруабағы), семинар, практикалық сабақ (білім, ептілік дағдыларын жетілдіру), коллоквиум, зачет (бақылау жұмысы, бағалау сабақтары), рефлексия (оқу материалының мағыналылығын түсіну деңгейін жоғарлататын студенттердің оқу іс-әрекеті компоненттерінің бірі). Сонымен, оқу процесін модульдік принцип негізінде ұйымдастыру дегеніміз – ол оқу жылын модульге бөлу.

Оқу модулі – ол оқу жылының құрылымдылық бөлігі.

Модульде оқу уақытының басым бөлігі студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне жұмсалады, алайда олардың білімдері күнделікті бақылау, тексеру (ағымдық бақылау) әдістері арқылы анықталып тұрады. Күнделікті бақылау нәтижесінде, пән бойынша рейтинг және аралық бақылау (рубеждік бақылау) жүргізіледі.

Модульдік технология жұмысына қойылатын бірыңғай талаптар әр тақырып бойынша: актуалдану модулі; теориялық модуль; практикалық модуль; қателер модулі; тексеру модулі; технологиялық карта модульдердің болуы қажет.

Актуалдану модульде: өткен тақырыптарды қайталауға арналған тест және жаңа білімді талап ететін бір тапсырмаларды орындау көзделеді.

Теориялық модульде тақырып бойынша:

- теориялық материалдың блок-схемасымен жұмыс істеу;

- топпен (жұппен жұмысы;

- модуль мазмұнын талқылап, бір-біріне мазмұнын айтуы;

- модуль мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, дәптерлеріне жазып алуы;

- теориялық материалға өздерінің мысалдарын келтіруі және оларды жазып алуы;



Өзін-өзі бекіту сұрақтары.

  1. Модуль дегеніміз не?

  2. Модульдік оқыту технологиясының негізін салушылар?

  3. Модульдік оқыту технологиясының блоктары?

8 дәріс тақырыбы Сын тұрғысынан ойлау технологиясы



Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы түінік.

Негізгі сұрақтар:

1. Оқыту процесінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-теориялық негізі.

2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу жасау.
Қысқаша мазмұны. 1.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткізілді.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет