ОҚУ-Әдістемелік кешен семей 2014 Кіріспе



Дата27.08.2017
өлшемі423,63 Kb.
#29774

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті



СМК 3 деңгейдегі құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-19.1.25/03-2014

«Теориялық саясаттану» пәні бойынша

оқу-әдістемелік кешен




Басылым №2 11.09. 2014ж,

өзгеріс басылым №1 18.09.2013ж.



«Теориялық саясаттану» пәні бойынша

саясаттану мамандықтарына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Семей

2014



Кіріспе
1. Құрастырғандар: «03» 09 2014г

________ Кенжебулатова А.М.,

________Садыков Д.К.,

________ Камиева К.Р.,

________ Татиев Е.Е., аға оқытушылары

“Философия және саясаттану ” кафедрасы

2 Талқыланды.

2.1. Философия және саясаттану кафедрасында

Хаттама № 1 «03» 09. 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі: ___________ А.А.Мұқатаева

2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында Хаттама №1 «09» 09. 2014ж.


Төраға: _____________ С.Қ. Тойкин
3. Бекітілді.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және басылымға ұсынылды.


Хаттама №1 «11» 09. 2014ж.
ОӘК төрағасы: ____________ Г.К. Искакова

4. Алғашқы рет енгізілді

(«18 »09. 2014ж. №1 басылымның орнына)

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Студенттің өздік жұмысы

5 Әдебиеттер



ГЛОССАРИЙ

Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.

Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.

Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.

Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.

Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.

Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.

Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.

Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.

Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.

Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.

Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

Инновация-жаңалық енгізу

Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.

Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі

Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.

Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі

Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.

Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым

Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.

Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері

Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы

Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым

Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.

Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.

Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..

Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері

Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.

Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.

Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.

Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.

Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.

Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.

Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.

Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.

Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.

Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.

Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

1 дәріс Саясат теориясы ғылыми пән ретінде

  1. Саясат теориясы зерттеу обьектісі

  2. Теориялық саясаттану пәні

  3. Саясат теориясы ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметті.

Дәріс тезисі: Саясат теориясының объектісі мен пәні. Саясат теориясы саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым. Саясат теориясы пәнін анықтаудағы негізгі амалдар. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар саясат субьектісі ретінде. Саясат теориясын Саяси философия, саясат әлеуметтануы, саяси этика, саяси тарих саяси ғылымдардың құрамдас бөлімдері ретінде. Антропологиялық амал. Саясаттанудың функциялары: прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелік және т.б.

Саяси теорияның болмысы. ХХғ. 80-90 жж. әлемдік саясаттағы жаһандық өзгерістер. Саяси дискурсты құрайтын тұжырымдарды қайта қарастыру. Қазіргі саяси теорияның мазмұны. Саясат теориясы пәнінің кейбір түсініктемелерінің кемшіліктері. Саясатты зерттеудің теориялық деңгейі. Жалпысаналы әдістер. Эмпирикалық зерттеу әдістері. Жалпы, фундаменталды әдістер. Саясат теориясының әлеуметтік ролі.



Саясат теориясы заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиористік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық әдістер. Саясат теориясының қызметтері: бағалау, реттеушілік, жетілдіру, болжау. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
2-дәріс Саяси парадигма және оның түрлері

  1. Саясаттағы «парадигма» ұғымы

  2. Саясаттағы парадигманың түрлері: теологиялық, натуралистік, әлеуметтік, тиімді-сыни парадигма анықтамаларымен мен негізін салушылар

  3. Саяси парадигмалардың саясат теориясындағы маңызы

Дәріс тезисі: Саясаттағы «парадигма» ұғымы және оны үлгі ретінде қабылдау. Зерттелетін мәселені шешу. Ол ұғымның ХХ ғ. 20-жылдарында пайда болу себептері. Парадигама ұғымы-Т.Кун. Саясаттағы парадигманың түрлері: теологиялық, натуралистік, әлеуметтік, тиімді-сыни парадигма анықтамалары.

Саясаттағы парадигманың негізін салушылар: діни көзқарас Ф.Аквинский, табиғат мақсаттылығы Ж. Боден, Ш. Монтескье, Г,Тард, Т.Парсонс, М.Вебер т.б. Теологиялық парадигма- саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіру. Натуралистік парадигма- саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіру. Әлеуметтік парадигма-саясатың табиғаты мен пайда болуын факторлар арқылы түсіндіру. Тиімді-сыни парадигма- саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіру.


3-4-5-6 дәрістер Саяси теорияның даму кезеңдер

1. Саяси ғылымның әр тарихи кезеңдерде дамуы мен құлдық, ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар мен саясаттың дамуы.

2.Жаңа заман және марксистік саяси идеялар.

3. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.

4.ХХ ғасырдағы саяси ілімдер.
Дәріс тезисі: «Саяси ой», «саяси мағына» категориялары. Саяси теорияның генезисі мен эволюциясы. Платонның, Аристотельдің, Цицеронның ілімдері. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, досизм, легизм).Полистік саясаттың мінездемесі. Қалыпты тәртіптің негізін іздестіру. Саяси теология (Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер). Еуропалық орта ғасыр Қайта өркендеу дөуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден).Саясаттың рационалды-қауіпті түсініктемесі.

Н. Макиавеллидің саяси теориясы. Қоғамның рационализмнің құндылықтарына көшуі. Модернизм және постмодернизм. Юрген Хабермастың теориясындағы модернизмнің жаңаша түсініктемесі.



Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар. (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан-Жак Руссо). Т.Джефферсон мен А.Гамильтонның саяси көзқарастары. ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлеуметтік-саяси идеялар мен ағымдар: либерализм, консерватизм, марксизм.

XXғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В.Парето, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже және т.б.)

Қазақстан саяси ойларының тарихы

XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары(Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев).

XX ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар, Ә.Бөкейхановтың,А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқаевтың, М.Тынышпаевтың, X.Досмүхамедовтың, Т.Рысқұловтың, С.Садуақасовтың, С.Қожановтың, М.Жұмабаевтың, С.Торайғыровтың, Ж.Аймауытовтың, С.Сейфуллиннің,Б.Майлиннің,І.Жансүгіровтің және т.б. саяси идеялары.

ХХ ғасырдағы саяси ілімдер солидаризм (Л.Дюги), «элитаризм» (Г.Моска, В.Парето) плюрализм (Макс Вебер).


7-8 дәрістер Билік қатынасындағы билік теориясы

  1. Билік тұжырымдамалары.

  2. Билік институттары

  3. Биліктің әдіс-тәсілдері


Дәріс тезисі:

Билік тұжырымдамалары. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері. Саяси биліктің түрлері. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде.

Билік құрылымы: билік институттары, функциялары жене билік ресурстары. Биліктің ұйымдастырылуы мен өмір сүруінің принциптері. Биліктің легитимді типтері: дәстүрлі, харизматикалық және ұтымды- партриархалдық, азаматтық және белсенділік. Биліктің әлеуметтік болмысы. Биліктің саяси мәні. Авторитет – билікті іске асыру формасы. Билікті қоғамдық құбылыс ретінде өлшеу. Билік ету, әсер ету, саяси актордың бостандығы. Күштеп әсер ету формасы. К. Хорнидің теориясы. Қоғамда және оппозицияда саяси бәсекелестіктің қажеттігі. Билік және оппазиция, олардың ҚР өзара әрекеті.

Биліктің әдіс-тәсілдері: экономикалық қор, информациялық қор, күш жұмсау құралдары, ақпарат құралдары, әлеуметтік әдіс.
9-10 дәрістер Саяси жүйелер теориясы

  1. Саяси жүйе және оның теориялары.

  2. Әлеуметтік жүйенің өзгерісі.

  3. Әлеуметтің әрекет, жүйелік әрекет.

  4. Жаңару теориясындағы саяси жүйе.

Дәріс тезисі: Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Д.Истон, Г.Алмонд пен К.Дойчтың саяси жүйе теориялары.

Саяси жүйенің құрылымы. Институционалдық, нормативтік, коммуникативтік, мәдени, функционалдық жүйешелер.

Әлеуметтену, бейімделу, реттеу, керісінше жауап қайтару жәнекоммуникация функциялары.



М.Вебердің, Г.Аптердің, Г.Алмондтың жүйені типтеуі мен топтастыруының өлшемдері (критерийлері).

Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер (өкілетті, модернистік және постмодернистік).

Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар жене үкіметтік емес ұйымдар. ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары.
11 дәріс Саяси тәртіп оның түрлері

  1. Саяси тәртіп түсінігінің кең мағынасы.

  2. Саяси тәртіптің құрылымы

  3. Саяси тәртіп және оның түрлері.


Дәріс тезисі: Саяси режим ұғымы. Саяси режимдердің типтері. Тоталитаризм саяси феномен ретінде. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен алуан түрлері. Диктатураның тарихи формалары. Тоталитарлык жүйенің формалары. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы. Тоталитарлық жүйелердің негізгі белгілері. Авторитаркизм. Авторитарлык саяси жүйенің тоталитарлықтан өзгешіліктері. Авторитарлық жүйелердің объективтік негіздері.

Авторитарлық жүйелердің негізгі типтері және формалары. Дәстүрлі абсолюттік монархиялар, олигархиялық жөне әскери режимдер. Авторитаризмнен демократияға етудің жолдары. Демократия ұғымы. Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелерінің бірі.



Саяси құрылымның парламенттік формасы. Саяси құрылымның президенттік формасы. Парламенттік және президенттік саяси құрылымдағы партияның ролі.
12 дәріс Мемлекет - саяси институт ретінде

1. Мемлекеттің пайда болуы мен оның белгілері.

2.Тарихи дамуы: монархия, республика, конституциялық монархия,

3.Мемлекет функциялары.Құрылымы.

Дәріс тезисі: Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде. Мемлекеттің шығуы және оның мәні. Мемлекеттің теологиялық, патриархтық, қоғамдық келісім, зорлық жасау, географиялық, психологиялық т.б. пайда болуы Мемлекеттің белгілері, аумақтық (территориялық) бөлінуі, өкімет аппараты (жариялы билік), егемендік, күш қолдану, салық салу, мемлекет азаматының болуы, Мемлекеттің оның функциялары және мақсаттары. Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері. Аристотель, Бодэн және Ф. Аквинскийдің теорияларындағы мемлекеттің түсінігі. Мемлекеттің пайда болуының марксистік теориясы. Мемлекеттік құрылымдардың формалары. Тұжырымдама және оның негізгі белгілері. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметтері.

13 дәріс Демократия саяси теорияда және тарихта

  1. Демократия ұғымы.

  2. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару

  3. Демократия мәдениеті

Дәріс тезисі: Демократия ұғымы. Қазіргі кезеңдегі демократия проблемалары саяси ғылымдар мен практиканың маңызды мәселелерінің бірі.

Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық жөне қазіргі. Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары. Тіке жөне өкілетті демократия. Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері. Демократияның Қазақстандық моделін (үлгісін) қалыптастырудың проблемалары. Демократиялық саяси жүйені қалыптастыру саяси жүйелерді жаңалау процесінің мәні ретінде.Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары. Қоғамдағы шектеулер. Транзитологтер мен аймақтанушылар. Халықаралық ортаның әсері. Поставторитарлық өзгерістерді түсіндірудегі екі тұжырым. Демократияның өзгерісі. Үшінші толқынды демократияландырудың негізгі тұжырымдары.
14 дәріс Азаматтық қоғам және мемлекет

  1. Азаматтық қоғамның құрылымы.

  2. Мемлекет -құқықтық мемлекет

  3. Азаматтардың әлеуметтік көзқарастары. Халықтардың өкілет және үкіметпен байланысы.

Дәріс тезисі:

Азаматтық қоғам ұғымы. Азаматтық қоғамның құрылымы. А. Токвильдің теориясы. Либералды доктрина. Марксистік тұжырымдама. Азаматтардың әлеуметтік көзқарастары. Халықтардың өкілет және үкіметпен байланысы. Азаматтық қоғам идеясының пайда болу мен дамуы. Азаматтық қоғам ұғымының кең және тар мағынасы.

Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекшелікті белгілері. "Әлеуметтік" мемлекет және оның эволюциясы. Әлеуметтік мемлекеттін, функциялары және демократияның жаңа тұжырымдамалары. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру проблемалары.

Мемлекеттің маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру. Азаматтық қоғам құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастар. Жеке тұлғаның емін-еркін дамуы, мүмкіндігі. Азаматтық қоғам экономикасы. Азаматтық құқықтар. Құқықтық мемлекет демократиялық жолмен қабылданған заң.


15 дәріс Саяси мәдениет

  1. Саяси мәдениет ұғымы

  2. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері жөне факторлары

  3. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементтері

Дәріс тезисі: Саясат және мәдениет. Саяси мәдениет ұғымы. Саяси мәдениет тұжырымдамасы. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері жөне факторлары. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементтері: саяси сана, саяси жүріс-түрыс, саяси тәжірибе. Саяси субмәдениеттер: аймақтық, социоэкономикалық, этнолингвистикалық, діни, жас шамасы.

Саяси мәдениетті зерттеу контексті. Алмондтың функционалды тұжырымын қолдану. Парохиальды саяси мәдениет. Бағынушылық саяси мәдениет. Қатысу мәдениеті. Саяси мәдениеттің деңгейлері мен компоненттері.



Саяси мәдениет функциялары: реттеушілік, ықпалдастық, танымдық, коммуникативтік, тәрбиелік және т.б.

Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениеттің үш типі: патриархалдық, азаматтық, белсенділік. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық типтері.
16-17 дәрістер. Саяси идеология

1. Саяси сана және саяси идеология

2. Қазіргі саяси идеологияның негізгі түрлері мен бағыттары

3. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену

Дәріс тезисі: Идеологияның тұжырымы. Идеологияның сендіру жүйесі ретіндегі түсініктемесі. Идеология және нормативистика. Мемлекет және идеология. Қоғамдық макроконсенсус принципі. Экологизм, ұлтшылдық идеологиясының әсері. Идеологияның саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық философиялық тәсілдері. Саяси идеология тұжырымдары мен пікірлері. Саяси идеологияның ағартушылық дәуірдегі мәні мен бастуы. Қоғам өмірінде идеологияның қызметтері: танымдық, бағдарламалық, жұмылдыру, іске асыру, амортизациялық, бағалау қызметі. Саяси идеология теориялық тұрғыдағы топтың, таптың негізгі мүдделерін тануы. Ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесі. Саяси идеологияның санаға, жеке тұтастық сезімге ие болу қабілеті. Саяси идеологияның прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік, радикалыдық, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық т.б. түрлері. Саяси идеология және БАҚ. Саяси идеологияның либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық және фашистік идеологиялар. Идеология және патриотизм.
18 дәріс Саяси процесс

  1. Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы.

  2. Саяси процестің құрылымы.

  3. Саяси процестің типологиясы. Сыртқы және ішкі саяси процестер.


Дәріс тезисі: Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы. Саяси процестің құрылымы. Саяси процестің өмір сүруінің режимі. Саяси процесс сатылары (фазалары). Саяси процестің типологиясы. Сыртқы жөне ішкі саяси процестер. Ашық және жасырын саяси процестер Саяси процесс субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде. Саяси әрекеттер сипаттамасы. Саяси әрекеттердің түрлері. Саяси жүріс-тұрыс және оның формалары. Әлеуметтік топтардың жүріс-тұрысындағы стихиялық пен ұйымшылдықтың арақатынасы. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру, Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттардың рөлі. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер. «Саяси стиль» терминінің мазмұны. Саясат стильдерінің технологиясы. Саяси шешімдерді қабылдау ережелері. Кәсіби саясат және жоғары бюрократия. Шешімдерді қабылдаудың авторитарлы стилі.
19 дәріс Саяси құлық-мінез және саяси әрекет

  1. Саяси әрекеттің психологиялық моделі.

  2. Саяси әрекетті топтастыру жүйесі.

  3. Саяси мініз-құлық

Дәріс тезисі: Саяси әрекеттің психологиялық моделі. Мичигандық мектептің дәстүрлері. Рационалды таңдаудың моделі. Саяси әрекетті топтастыру жүйесі. Партиялық әрекеттің формалары Саяси талдаудың мәні және ерекшеліктері. Саяси талдау процесі және оның негізгі кезеңдері. Саяси талдаудың әдістері. Саяси ақылдасу. Саяси мініз-құлық Ақылдасудың сатылары және тәсілдері. Саяси шешімдерді қабылдау. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру технологиялары, Дағдарыстық технологиялар. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары. Ақпаратты технологияларды қалыптастырудың факторлары. Шешім жасау мен қабылдаудың ақпараттык технологиялары. Ақпаратты рыноктағы технологияның ерекшеліктері. Ақпаратты рыноктағы мемлекеттің стратегиялық тәртібі.
20 дәріс Саяси көшбасшылық

  1. Саяси көшбасшылық пен көшбасшылар типологиясы.

  2. Әлемдік көшбасшылық

  3. Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты

Дәріс тезисі: Саяси көшбасшылық, көшбасшылар типологиясы мен стильдері. Саяси іс-әрекет. Қазір саяси көшбастаушылар: халықтың мақсат-мүддесі, зерттеу. Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері. Қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі. М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыру. Бедел ұғымы. Көшбасшылықтағы әдет-ғұрып жетекшілігі, харизматикалық топ бастар, Конституция негізінде саяси серкелер. Саяси басшылықтың жеке, элитарлық-корпоративтік және институционалдық. Адамдар тобы мен органдар жүйесі.
21 дәріс Партиялар және партиялық жүйелер

  1. Саяси партия ұғымы.

  2. Саяси партиялардың негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары.

  3. Партия жүйелері ұғымы. Партия жүйелерін жіктеу.

  4. Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары.


Дәріс тезисі: Мүдделі топтар: үғымы, функциялары, типологиясы. Қысымшы топтар Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.

Саяси партия ұғымы. Партиялар генезисі жөне партия жүйелері. Саяси партиялардың мақсаттары, міндеттері және функциялары. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық котериелер, саяси клубтар бұқаралық партиялар. Партиялардың типологиясы. Партияларді типологиялаудың өлшемдері (критерийлері).

Партия жүйелері үғымы. Партия жүйелерін жіктеу. Бірпартиялық екіпартиялық, көппартиялық. Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары. ҚР саяси партиялардың қызметін заңменен реттеу.Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі.Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым-қатынас проблемалары.


  1. дәріс Саяси элита

  1. Саяси элита ұғымы және оның анықтамасы.

  2. Саяси элитағы келу және оның жолдары

  3. Элита және бюрократия. Саяси жүйе өмір сүруіндегі бюрократияның ролі.


Дәріс тезисі: Саяси элита ұғымы. Элитаның классикалық теориялары. Саяси элиталар өмір сүруінің факторлары. Саяси элиталардьщ функциялары: стратегиялық, ұйымдық, интегративтік және т.б. Саяси элитаның жіктелуі.

Элитология – саясат теориясының жеке бөлімі. Әлеуметтік тұрақтылық тұжырымдамасы. Психологиялық стимулдар. Тұлғалардың психологиялың теңсіздігі. Олигархтар. Элиталарды сұрыптау жүйесі.



Қазіргі элита теориялары. Бюрократизм саяси феномен ретінде. Элиталар мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде. Саяси элитаны қалыптастыру тәсілдері. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырырдама, психологиялық тұжырымдамалар, интерактивтік амал.

Р. Михельс"Олигархиялық тенденциялардың темірдей заңы". В.Паретоның элита теориясы.
23 дәріс Саяси шиелініс пен саяси қайшылықтар

  1. Саяси шиелініс

  2. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары

  3. Саяси қайшылықтар

Дәріс тезисі: Саяси шиелініс ұғымы. Конфликтология. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары, Саяси қайшылықтар. Саяси қақтығыс, саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру. Билік үшін теориялық және іс-жүзіндегі күрес. Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштер. Саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері.Саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлау үлгісі. Саяси қақтығыстардың саяси-мемлекеттік, билікті жүзеге асыру мен бөлісу, әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және басқа да топтар мүдделерінің сан алуандылығы. Саяси қақтығыстардың шығуы. Саяси саладағы мәртебелік-рөлдік құрылымның сатыллары. Саяси құқықтар мен бостандықтар. теңсіздік. Саяси өмірге қатысу деңгейлері мен түрлері. Саяси қақтығыстар пәні

Саяси қақтығыстардың кезеңдері келіспеушілік, наразылық. Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары: мәмілеге келу, кешірімділік, ымыраға келуін, зорлық негізінде бітістіру, келістіру, келіссөздер.



24 дәріс Геосаясат

Дәріс тезисі: Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

25 дәріс Әлемдік саясат

  1. Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі.

  2. Халықаралық қатынастар субъектілері.

  3. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері.

  4. Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары жәнеөмір сүру ерекшеліктері.

  5. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты.

Дәріс тезисі: Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі, Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет,халықаралық ұйымдар). Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар және құндылықтар. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.

Халықаралық институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, алдын алу жөне шешу тәсілдері.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты. Қазіргі заманның жаһандьгқ проблемалары

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемалары. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметгік-саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.
26 дәріс Сайлау жүйелері

  1. Сайлау жүйесі.

  2. Сайлау науқаны

  3. ҚР сайлау жүйесінің типі

Дәріс тезисі: Сайлау жүйесі. Прогюрционалды сайлау жүйесі. Мажоритарлык сайлау жүйесі. Аралас сайлау жүйесі. Сайлау науқанын ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету. ҚР сайлау жүйесінің типін анықтау проблемасы. Сайлау науқанының стратегиясы. Сайлау науқанының тактикасы. Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар. Паблик технологиялар (РК). Еліміздегі сайлау. Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар. Сайлау комиссиялары: республикалық Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиялары, округтік сайлау комиссиялары, учаскелік сайлау комиссиялары. Сайлау комиссиясының өкілеттілігі. Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері. ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау. Азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделері. Шешімдер қабылдау: әділ және тәуелсіздік. Кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметі. Сайлау округтері; бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық. Сайлау учаскелері.
27-28 дәрістер Саяси болжау

  1. Саяси болжамдау ұғымы, мөні және ерекшеліктері. Саяси болжамдауды қолдану аясы және негізгі принциптері.

  2. Саясаттануда ғылыми болжам жасаудың әдістері мен қүралдары.

  3. Қазіргі Қазақстанда саяси болжамдаудың жәйі және проблемалары.


Дәріс тезисі: Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Саяси болжам аясыжәне негізгі принциптері. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері және міндеттері. Болжамдаудың кезеңдері және типтері. Ғылыми болжамның әдістері және құралдары. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және олардың өлшемдері (критерилері).

Саяси болжамның функционалдық міндеттері. Негізгі функциялары: нормативтік, шамамен алу, алдын ала істеу (сақтық). Қазіргі Қазақстанда саяси болжамдаудың жәйі және проблемалары.

Егемен қазақстанның саяси проблемалары

Егемен Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасы - зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.

Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалар және қиындықтар. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңде даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.



Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың

проблемалары.

Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастырудың жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.
29 дәріс Саяси модернизация

  1. Саяси модернизация

  2. Саяси модернизация теориялары

  3. ҚР саяси модернизация

Дәріс тезисі: Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу. ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.

Саяси модернизация теориялары - XX ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.

Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.

Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.



Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.

30 дәріс Қазіргі замандағы ғаламдық мәселелер

  1. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы.

  2. Жаһандық проблемалардың типтері.

  3. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық.

  4. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.



Дәріс тезисі: Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі, Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде. Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет,халықаралық ұйымдар). Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар және құндылықтар. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері. Геосаясат.

Халықаралық институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, алдын алу жөне шешу тәсілдері.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты. Қазіргі заманның жаһандьгқ проблемалары

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемалары. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату (есірткі бизнесі және есірткі трафигі), дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметгік-саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар.Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.


3 Практикалық және лабораториялық сабақтар:

1 семинар Саясат теориясы ғылыми пән ретінде

  1. Саясат теориясы зерттеу обьектісі

  2. Теориялық саясаттану пәні

  3. Саясат теориясы ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметті.


2-семинар Саяси парадигма және оның түрлері

  1. Саясаттағы «парадигма» ұғымы

  2. Саясаттағы парадигманың түрлері: теологиялық, натуралистік, әлеуметтік, тиімді-сыни парадигма анықтамаларымен мен негізін салушылар

  3. Саяси парадигмалардың саясат теориясындағы маңызы


3-4-5-6 семинарлар Саяси теорияның даму кезеңдер

1. Саяси ғылымның әр тарихи кезеңдерде дамуы мен құлдық, ортағасырлық және қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар мен саясаттың дамуы.

2.Жаңа заман және марксистік саяси идеялар.

3. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.

4.ХХ ғасырдағы саяси ілімдер.
7-8 семинарлар Билік қатынасындағы билік теориясы


  1. Билік тұжырымдамалары.

  2. Билік институттары

  3. Биліктің әдіс-тәсілдері


9-10 семинарлар Саяси жүйелер теориясы

  1. Саяси жүйе және оның теориялары.

  2. Әлеуметтік жүйенің өзгерісі.

  3. Әлеуметтің әрекет, жүйелік әрекет.

  4. Жаңару теориясындағы саяси жүйе.



11 семинар Саяси тәртіп оның түрлері

  1. Саяси тәртіп түсінігінің кең мағынасы.

  2. Саяси тәртіптің құрылымы

  3. Саяси тәртіп және оның түрлері.


12 семинар Мемлекет - саяси институт ретінде

1. Мемлекеттің пайда болуы мен оның белгілері.

2.Тарихи дамуы: монархия, республика, конституциялық монархия,

3.Мемлекет функциялары.Құрылымы.


13 семинар Демократия саяси теорияда және тарихта

  1. Демократия ұғымы.

  2. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару

  3. Демократия мәдениеті


14 семинар Азаматтық қоғам және мемлекет

  1. Азаматтық қоғамның құрылымы.

  2. Мемлекет -құқықтық мемлекет

  3. Азаматтардың әлеуметтік көзқарастары.

  4. Халықтардың өкілет және үкіметпен байланысы.


15 семинар Саяси мәдениет

  1. Саяси мәдениет ұғымы

  2. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері жөне факторлары

  3. Саяси мәдениеттің құрылымдық элементтері


16-17 семинар Саяси идеология

1. Саяси сана және саяси идеология

2. Қазіргі саяси идеологияның негізгі түрлері мен бағыттары

3. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену


18 семинар Саяси процесс

  1. Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы.

  2. Саяси процестің құрылымы.

  3. Саяси процестің типологиясы. Сыртқы және ішкі саяси процестер.



19 семинар Саяси құлық-мінез және саяси әрекет

  1. Саяси әрекеттің психологиялық моделі.

  2. Саяси әрекетті топтастыру жүйесі.

  3. Саяси мініз-құлық


20 семинар Саяси көшбасшылық

  1. Саяси көшбасшылық пен көшбасшылар типологиясы.

  2. Әлемдік көшбасшылық

  3. Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты


21 семинар Партиялар және партиялық жүйелер

  1. Саяси партия ұғымы.

  2. Саяси партиялардың негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары.

  3. Партия жүйелері ұғымы. Партия жүйелерін жіктеу.

  4. Қазақстанда партия жүйелерінің ерекшеліктері мен даму тенденциялары.



  1. семинар Саяси элита

  1. Саяси элита ұғымы және оның анықтамасы.

  2. Саяси элитағы келу және оның жолдары

  3. Элита және бюрократия. Саяси жүйе өмір сүруіндегі бюрократияның ролі.



23 семинар Саяси шиелініс пен саяси қайшылықтар

  1. Саяси шиелініс

  2. Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары

  3. Саяси қайшылықтар



  1. семинар Геосаясат

  1. Геосаясат ұғымы

  2. Геосаясат негізін қалаушылар

  3. ҚР геосаясат мәселелері


25 семинар Әлемдік саясат

  1. Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі.

  2. Халықаралық қатынастар субъектілері.

  3. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері.

  4. Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары жәнеөмір сүру ерекшеліктері.

  5. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты.


26 семинар Сайлау жүйелері

  1. Сайлау жүйесі.

  2. Сайлау науқаны

  3. ҚР сайлау жүйесінің типі


27-28 семинарлар Саяси болжау

  1. Саяси болжамдау ұғымы, мөні және ерекшеліктері. Саяси болжамдауды қолдану аясы және негізгі принциптері.

  2. Саясаттануда ғылыми болжам жасаудың әдістері мен қүралдары.

  3. Қазіргі Қазақстанда саяси болжамдаудың жәйі және проблемалары.


29 семинар Саяси модернизация

  1. Саяси модернизация

  2. Саяси модернизация теориялары

  3. ҚР саяси модернизация



30 семинар Қазіргі замандағы ғаламдық мәселелер

  1. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы.

  2. Жаһандық проблемалардың типтері.

  3. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық.

  4. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.



4 Студенттің өздік жұмысы



Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары.

    1. Саясат теориясы ғылыми пән ретінде

4.2Саясат – адамдардың өмір сүру тәсілі ретінде (Аристотель).

4.3Саясат – «дос – дұшпан» атты әлеуметтік қатынастар типі (К. Шмид).

4.4Cаясат – ресурстарды бақылайтын механизм ретінде (Д. Хелд).

4.5Саясат – байланыстың ерекше түрі: герменевтикалық түсінік.

4.6Саясат – мемлекеттік билікке қатынасы ретінде.

4.7Саясаттың психологиялық тұжырымдамасы (М. Вебер).

4.8Саясат Т. Парсонстың кешенді жүйелік талдауында.

4.9Д. Истонның саяси жүйесінің институционалды моделі.

4.10Г. Алмонд пен Д. Лоуэллдің саяси жүйесінің ролдік тұжырымдамасы.

4.11К. Дойчтің саяси жүйесінің байланыстық моделі.

4.12Саяси жүйе «саясаттың құраушысы» тәсілі ретінде (Ч. Эндрейн)

4.13Либералды доктрина.

4.14Марксистік тұжырым

4.15Марксистік тұжырымдамадағы азаматтық қоғамның гегемониялық идеясы.

4.16«Идеалды типтер» тұжырымдамасы (Г. Алмонд және С. .Верба).

4.17В. Розенбрумның субмәдениеті.

4.18Саяси әлеуметтенудің қазіргі тұжырымдамасының екі нұсқасы.

4.19Саяси қолдау тұжырымдамасы (Д. Истон, Дж. Денис).

4.20А. Першеронның әлеуметтену тұжрымдамасы.

4.21Ұжымдық саясаттанудағы әлеуметтену теориясы.

4.22.Социал-демократизм идеологиясы. Э. Бернштейннің теориялық жаңалықтары

4.23Халықаралық социал-демократияның саяси доктринасы.

4.24Саяси стильдердің типологиясы. Матрица Дж. Ричардсонның және т.б.

4.25К. Дайсонның саяси стильдер типологиясы.

4.26Консенсустық саяси стиль.

5 Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

5.1.1 Қуандық.Е.С. Саясаттану негіздері : оқу құралы 3-ші бас., толықтырылған.- Алматы: Дәуір, 2013.- 360 бет.

5.1.2 ЖамбыловД. Саясаттану: Оқулық / 3-бас.- Алматы: Жеті жарғы, 2007.- 265б

5.1.3 Әлемдік саясаттану антологиясы.10 томдық.  Алматы: Қазақстан, 2007. (Мәдени мұра).

5.1.4 Саяси модернизация: оқулық / Г.А. Жұмасұлтанова, Д.Б. Көшербаев; ҚР БҒМ.- Алматы: Полиграфкомбинат, 2012.- 151 б.

5.1.5 Нұртазина Р.А. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі: [оқу құралы] Алматы: Бастау, 2014.- 361 б.


Қосымша әдебиеттер тізімі:

5.2.1. Мадиярова А.С. Мемлекет мәні мен мазмұнын айқындаушы негізгі белгі ретіндегі билік // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы.Заң сериясы = Вестник КазНУ им. аль-Фараби. Сер. Юридическая.- 2014.- №2.- Б.27-32.

5.2.2. Кармазина Л. Саяси жүйелердің ауыспалы кезеңінде қазақстан мен Ресейде партиялық құрылыстың пайда болу жолдары мен кезеңдері// Қоғам және Дәуір.- 2008.- №4.- Б.23-31

5.2.3.Қалиев Н. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі : сапалық өзгерістер // Ақиқат.- 2011.- №12.- Б.28-34.

5.2.4.Раджапов, А. Мемлекет және саяси тәртіптер// Қазақстан жоғары мектебі = Высшая школа Казахстана.- 2010.- №4.- Б.204-206.

5.2.4. Раджапов, А.Ө. Қазіргі заманғы мемлекет және саяси тәртіптер // Алматы энергетика және байланыс университетінің хабаршысы.- 2010.- №4.- Б.126-128.

5.2.5. Карипов, Б. Консерватизмді зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері // Ізденіс-Поиск Гуманитарлық ғылымдар сериясы.- 2009.- №2.- Б.90-93.

5.2.6. Раджапов А. Партия және партиялық жүйелер, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар // Ізденіс-Поиск Гуманитарлық ғылымдар сериясы.- 2011.- №4.- Б.46-50.

5.2.7.Әмірбеков Ш. Элитааралық күрестің саяси жүйенің ыдырауына әсері // Ақиқат.- 2009.- №5.- Б.21-27

5.2.8.Тәуекелова, Н.Б. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуының конституциялық негізі // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы.Заң сериясы = Вестник КазНУ им. аль-Фараби. Сер. Юридическая.- 2014.- №3.- Б.37-41

5.2.9. Демократия мәдениеті// Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.- 2008.- №10.- Б.7-12.

5.2.10.Нығматулин Н. Саяси мәдениеттің ерекшеліктері мен проблемалары // Ақиқат.- 2009.- №2.- Б.4-10, Ақиқат.- 2009.- №3.- Б.4-8.



5.2 11. Әбсаттаров Р. Саяси болжамдаудың өзекті проблемалары/ Р. Әбсаттаров // Ақиқат.- 2009.- №9.- Б.13-19., Ақиқат.- 2009.- №10.- Б.24-29.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет