Оқу жылы Шымкент, 2020ж



Дата05.08.2020
өлшемі0,64 Mb.
#76124
түріСабақ
Байланысты:
АХМЕДОВ АЗАТБЕК (6)




Шымкент қаласы Айбек атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ахмедов Азатбек Акрамовичтың жас мамандар жылдық есебі


-


2019-2020 оқу жылы

Шымкент, 2020ж.
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Ахмедов Азатбек Акрамовичтың шығармашылық есебі

Мен, Ахмедов Азатбек Акрамович №14 жалпы орта мектебінде  еңбек етемін.  Мамандығым: Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, туған жылым 1979 жылы 09 мамыр.

Жалпы еңбек өтілім: 1 жыл, аталған мектепте 1 жыл жұмыс істеймін.

Білімім: Жоғары, 2019 жылы  SILK WAY Халықаралық университетінің «дене шынықтыру және спорт»  білім беру бакалавры дәрежесін алдым.

Сабақ беретін пәнім: Дене шынықтыру.   

Сыныптар: 5, 6,7,8.

Апталық сағат жүктемесі: 21 сағат

Педагогикалық  ұстаным: Баланы ақылды және парасатты  етіп қалыптас-тыру үшін, алдымен оны дені сау әрі мықты ету керек: ол жұмыс істеп, қимылдап, жүгіріп, әрдайым қозғалыста болу керек.

Оқу барысында жаңа әдіс тәсілдерді, формаларды және ойын технология-ларын қолданамын, керекті ақпаратты өз білімімді жетілдіру тақырыбы бойынша: «Денешынықтыру сабақтарында спорттық ойындар арқылы оқушылардың дене қозғалыс қасиеттерін қалыптастыру»  арқылы оқып білемін.

Жұмысымның басты мақсаты : «Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, балалардың  салауатты өмір салтына  қарым-катынасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, мектебіміздің барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып, дені-сау, әлеуметтік-бейімделген физикалық  тұрғыда дамыған адамды қалыптастыру.

Оқыту үрдісі келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:

-физикалық  үйлесімді дамуына жәрдемдесу, денсаулығын нығайту;

- қозғалыс (шартты және үйлестіру) дағдыларын дамыту;

- жеке гигиена туралы білімді негіздерін қалыптастыру, оқу барысында физикалық жаттығулардың денсаулығымыздың негізгі жүйелеріне әсері,

-ерiк -жiгер және моральдық қасиеттерін дамыту.

Осы міндеттерді іске асыру үшін инновациялық білім беру технологиясын қолданамын:  Біздің қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, қабілетті азаматтың өз бетінше ойлауға, шешім қабылдауға және оның айналасындағы адамдардың мүдделеріне сәйкес өз қызметін құруға, дайындау міндеті орта мектеп-ке  койылады. Мәселенің шешілуі оның мектепте жоғарғы деңгейде оқыту және бұл процесс оқушының белсенді ойлау қабілетінде болуы мүмкін.

Сабақ барысында қолданамын:

Жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін.

Оқыту барысында Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың элементтерін қолданамын:

Орта мектепте оқушылардың спорт және компьютерлік дағдыларын дамыту 3 кезеңдерін  қолданамын.

1 кезең визуалдық  5-6 сыныпқа арналған үлкен спортшылардың қозғалыс іс техникасын қарап, оқушылар қозғалыс іс әрекетіне жеке элементерін құру мүмкіндігіне ие болады. Теориялық білімін практикалық жаттығулар кезінде сәтті өткізеді.

2 кезең техникалық 6-7 сыныптарға арналған қозғалыс іс – әрекеттерін видеоаппаратқа түсіріп, кейін  оқушылар қозғалыс іс – әрекеттерінің талдауға мүмкіндік алады.

3 кезең аналитикалық 7-8 сыныптарға бір бірінің қозғалыс іс– әрекеттерін талдау. Өз – өздерін бағалау.

Соңғы 1 жылда өткізілген ашық сабақтардың тақырыптары: «Ойын кезінде допты алып жүру» (баскетбол бөлімі)  6 сыныппен.

Сонымен қоса сыныптан тыс  өткізілген іс шаралардың тақырыптары

«Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы волейбол жарысы», «көңілді сөре» 5-7 сыныппен, «Денсаулық күніне арналған  Алтын күз марафоны», «Эстафеталық ойындар» 5-6 сыныппен, «Эстафеталық ойындар»  мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында және т.б.

Жариялымдар:

1. Ахмедов Азатбек Акрамович «Физкультурно-оздоровительное направ-ление как психологический способ здоровьесбережения учащихся средних школ» 2019 жылдың 30 қазан күні SILKWAY Халықаралық университетінде өткен «V Оразов оқулары: Түркі өркениетінің ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектер жинағы. I ТОМ. – Шымкент: «Әлем» баспаханасы, 2019. – 520 б.



2. Ахмедов Азатбек Акрамович «Пути организации и проведении современного урока физической культуры с использованием информационно-коммуникационных технологий и дистанционного образования» 2020 жылдың 09 сәуір күні SILKWAY Халықаралық университетінде өткен «IІI Юнусов оқулары: Шығыс өркениетіндегі ұлы ойшылдар мұрасының қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектер жинағы. «Әлем» баспаханасы, Шымкент, 2020. – 536 б.

Әдістемелік жоспарларды инфоурок, видеоурок, мультиурок, продленка, конспекты урока, копилка учителя халыққаралық сайттарға, ренал ком.кз, білім едукейшн, республикалық интернет айттарға жариялап, тиісінше авторлық куәліктерге ие болдым.

Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция қатысқаным үшін сертификат мен мадақтама қағаздарға ие болдым.                          







Қорытынды:

Осы жүргізілген  жұмыстарымның нәтижесінде оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылықтары артты. Балалардың қозғалыс дағдылары дамытылды. Оқу барысында физикалық жаттығулардың дене мүшелерінің негізгі жүйелеріне тигізу әсерін білді. Әр түрлі спорттық сайыстардан жүлделі орындарға ие болды. Сондай ақ балалар өзінің ғана емес, өзгенің де қуанышын бөлісе білуді үйренді. Оқушы–ізденуші тұлға, ұстаз біліктілікке бастар баспалдақ. Өткенге қарап бас иетін, ертеңге қарап білек сыбанатын жеке тұлға қалыптасады

 
Назарларыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет