ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


-8-СЫНЫПТАРДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет14/24
Дата31.12.2019
өлшемі4,48 Mb.
#54722
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

4.1 5-8-СЫНЫПТАРДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шет тілі» оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

2018-2019 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша 5-8-сыныптар жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен оқитын болады.

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.

Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:



  1. қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;

  2. тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;

  3. тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу ЖӘНЕойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;

  4. тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол білім алушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.

Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).



Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

5 - 8-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқыту мақсаттары түрінде нақты көрсетілді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:



  1. тыңдалым жәнеайтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларынсақтау.

«Тыңдалым және айтылым» бөлімі білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

- берілген ақпаратты түсіну;

- негізгі идеяны және түрлі жағдайлар тұрғысынан мәтіндегі көптеген көзқарастарды анықтау;

- тыңдалған материалға жауап беру;

- жасырын мәтінді анықтау, болжау;

- қоғамдық және іскерлік жағдайлардағы тіл мәдениетін түсіну және іске асыру;

- тыңдаушылардың назарын аудару үшін әдеби тәсілдерді пайдалану;

- тыңдалған материалды бағамдау;

- мультимедиа ресурстарын пайдалана отырып, сөйлеу және тыңдау.

«Оқылым» бойынша:

- жазбаша ақпаратты түсіну;

- мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау;

- мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну;

- сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау;

- мәтіннің түрлері мен стилін анықтау;

- әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану;

- түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты алу;

- мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.

«Жазылым» бойынша:

- өз көзқарасын білдіре отырып мәтін жазу;

- тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мәтін жазу;

- жоспар құру;

- өзіндік стильде мәтін құру;

- тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материалдар негізінде шығармашылық жұмыс жазу;

- түрлі жанрда мәтін құру;

- мәтіндерді салыстыру;

- мәтіндерді түзету және түрлендіру;

- оқырманның қызығушылығын оятып, сендіріп жазу;

- эссе жазу.

«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

- орфографиялық норма;

- орфоэпиялық норма;

- лексикалық норма;

- грамматикалық норма;

- пунктуациялық норма.

Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған.

Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары:


  • оқу жоспарында көрсетілген оқыту мақсаттары білім алушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған;

  • мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым);

  • әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады.

Бағдарлама білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай қызықты болатын, өмірмен байланысты лексикалық тақырыптар ұсынылды. Мысалы, «Ғарышты игеру», «Қызыл кітапқа енген жануарлар», «Энергия ресурстары» , «Туризм. Экотуризм», «Театр», «Заң» бөлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар білім алушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама мазмұнына түрлі санаттағы мәтіндермен жұмыс істеу түрлері енгізілді. Мысалы, оқылымның «Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып білім алушылары ауызекі сөйлеу және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде білім алушылардың мәтінді талдау дағдысы қалыптасады. Білім алушы табиғат пен қоршаған ортаны тануда, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесіп қалатын табиғи құбылыстардың сырын ашуда, ой бөлісуде, пікір алмасуда тілді құрал ретінде пайдаланып, грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана білуге үйренеді. Білім алушылар грамматиканы дәстүрлі «жаттанды» әдіспен емес, өмірмен байланысты мәнмәтінде меңгереді. Ол оқу бағдарламасында сөйлеу әрекеті түрлері бөлімінен бөлек «Әдеби тіл нормасы» бөлімінде көрініс табады.

Грамматика бөлек қарастырылмай, лексикалық тақырыптар аясында әдеби тілдік норма арқылы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті жүктеледі.

Мәтінді оқыту кезеңдері:

Мәтіналды (тыңдалым, оқылымалды) тапсырма:мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, ой шақыру, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою, т.б.

Мәтінмен жұмыс тапсырмалары:әртүрлі оқылым/тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

Мәтіннен кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар білім алушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.

«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы білім алушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.



Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер:

  1. ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген оқу мақсаттары арқылы білім алушылардың тілдік дағдылары дамытылып, жетілдіріліп отырады және тарау аяқталған соң сол дағдылар бойынша бағаланады;

  2. мұғалім сынып ерекшелігін ескере отырып, бір тарау барысында оқу мақсаттарының ретін, оларға ұсынылатын сағат санын өзі таңдап жоспарлай алады және мектеп журналына белгілі бір тарау бойынша ұсынылған тақырыпшаларды жазған дұрыс;

  3. бір сабаққа таңдалатын оқу мақсатының саны 1-3 аралығында болуы қажет, үштен артық мақсат таңдалса білім алушыға қиын тиеді және оны жүзеге асыру мүмкін болмайды;

  4. қалыптастырушы және жиынтық бағалау оқу мақсаттарында көрсетілген дағдылар бойынша жүзеге асады;

  5. күрделі деп танылған оқу мақсаттарын мұғалім сабақ мақсатына қарай бейімдейді және бірнеше бөлікке бөліп, бірнеше сабаққа жоспарлай алады;

  6. бір сабақта сөйлеу әрекетінің бір немесе екі түрі ғана таңдалады. Егер сөйлеу әрекетінің екі түрін таңдаған кезде рецептивті (тыңдалым, оқылым) продуктивті дағдыға шығып отыруы қажет. Яғни білім алушы тыңдаған не оқыған материал негізінде ауызша/жазбаша тапсырмалар орындауы қажет;

  7. тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру барысында мәтін кезеңдерін (мәтіналды кезең, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтінсоңы кезеңі) қатаң сақтау қажет;

  8. жазылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру барысында білім алушыларға тақырып бойынша үлгі мәтіндер берілуі керек;

  9. айтылым (диалог, монолог, полемика), жазылым (хат, хабарлама, мақала, т.б.);

  10. грамматика коммуникативтік контексте оқытылады, яғни грамматика теориясынан гөрі оның функционалдығына, білім алушылардың тілдік бірліктерді ауызша және жазбаша түрде орынды қолдана білуіне аса мән беріледі;

  11. лексикалық тақырыптар бойынша материал таңдау барысында қазақ тілі пәні мұғалімінің басты міндеті білім алушының сол тақырып бойынша тілдік қорын байыту, тақырып бойынша ақпараттар бере отырып, шынайы өмірмен байланыс орнату, пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында білім алушылардың академиялық сөздерді орынды қолдана білуіне ықпал ету.


«Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)

«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)

2018-2019 оқу жылында «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 5-8-сыныптар жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен оқитын болады.

Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/Оқу бағдарламалары/Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.

5-8-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша жүзеге асырылады.

Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.

Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.

Әр сынып бойынша дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін оқу мақсаттарының жүйесі берілген.

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.

«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, жүзеге асыру көзделеді.

Негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:

1)5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68сағат;

4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.

«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:


  1. түсіну және жауапберу;

  2. анализ жәнеинтерпретация;

  3. бағалау жәнесалыстыру.

«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

- көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;

- әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;

- көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;

- шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

«Анализ және интерпретация» бойынша:

- әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау;

- шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;

- көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау;

- көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

«Бағалау және салыстыру» бойынша:

- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;

- әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;

- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.

Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.

Үлгілік бағдарламада көркем шығарма санының аз болуы ұлттық құндылықтарымыздың білім алушы бойына сіңірілуіне еш кедергі келтірмейтінін, ғылыми таным мен түсінік, салт-дәстүр мен ұлттық сана әдеби туындыларды талдап, зерделеп және бағалап, зерттей оқу арқылы ғана көңілге тоқылатынын ескеру керек.

Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы білім алушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.



«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

2018-2019 оқу жылынан бастап 6 және 7-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.



Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жеріңді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:

- білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;

- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:

Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

6-сыныпта«Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады.

7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.



Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің тамыздағы пәндік секцияларында талқылауға ұсынылатын мәселелері:

- 2018/2019 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беру мекемелерінің 6, 8-сыныптарында жаңартылған мазмұндағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері;

- 2018/2019 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны;

- Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру жолдары;

- Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін оқу мақсаттарына сәйкес таңдау – табысты сабақ негізі;

-Төрт дағдыны қалыптастырушы бағалаудың әдістері, түрлері;

- Тыңдалым дағдысын қалыптастыруға арналған белсенді жұмыс түрлері;

- Білім алушыларды жиынтық бағалауға дайындау жолдары.



Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:

1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау және критериалды бағалау;

2. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;

3. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары;

4. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;

5. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;

6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;

7. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;

8. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;

9. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;

10. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік;

11. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;

12. «Эссе жазу стратегиясы туралы»;

13. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.

Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны мұғалімді де, білім алушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға, өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы өмірлік жағдаяттарды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.



«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.);

Шал ақынның туғанына 270 жыл (1748-1819);

Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781);

25 маусым – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893 - 1937);

2 қыркүйек – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл (1918-1987);

25 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына – 95 жыл (1923—1994);

28 қыркүйек –жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейхановтың туғанына 75 жыл (1943-1993);

28 қазан – қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл (1893-1920);

29 қазан – қазақ ақыны, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына – 95 жыл (1923);

12 желтоқсан – қырғыз халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына – 90 жыл (1928 - 2008);

5 мамыр – ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл (1894-1938;

22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов – 95 жаста (1924);

15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938).

Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:


  1. http://nao.kz - Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;

  2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;

  3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;

  4. http://mugalimder.kz - республикалық сайт;

  5. http://bilimland.kz – ұстаздар мен білім алушыларға арналған сайт;

  6. http://abai.kz- ақпараттық-танымдық сайт;

  7. http://bilimger.kz- білім порталы;

  8. http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты;

  9. http://sabak- сайт творческих учителей Казахстана;

  10. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;

  11. http://bilimsite.kz/ustaz - білімділерсайты;

  12. http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;

  13. http://oqu-zaman.kz- ұстаздар мен білім алушыларға арналған қосалқы білімді сайт;

  14. http://tarbie.org- ұстаздар сайты;

  15. http://kazbilim-edu.kz- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;


«Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі мектептер үшін)

Важность учебного предмета «Русский язык и литература» для школ с нерусским языком обучения определена приоритетным статусом русского языка как средства межнационального общения в Республике Казахстан и его значимостью в создании полиязычного пространства.

Изучение учебного предмета «Русский язык и литература» способствует развитию коммуникативных навыков в устной и письменной речи.

Учебный предмет «Русский язык и литература» способствует становлению мировоззрения учащегося, дает возможность пользоваться информацией различных сфер: социально-бытовой, социально-культурной, научно-технической, учебно-профессиональной; помогает ориентироваться в общемировом образовательном пространстве.

Овладение русским языком поможет учащимся адаптироваться к условиям современного мира, успешно регулировать речевое поведение в соответствии с коммуникативной ситуацией; научит пользоваться различными источниками информации и современными информационными технологиями для выражения и обоснования собственного мнения.

Целью учебной программы по учебному предмету «Русский язык и литература» является формирование коммуникативных навыков, основанных на владении системой разноуровневых языковых средств, соблюдении правили норм русского литературного языка, правил речевого этикета, употреблении языковых единиц в речевой деятельности, ориентированной на ситуацию общения, что способствует развитию функциональной грамотности учащихся. Учебная программа направлена на развитие всех видов речевой деятельности: слушания, говорения, чтения и письма.

Обновленное содержание обучения предполагает реализацию комплексного подхода в развитии языковой, речевой (в том числе этнокультурной), коммуникативной компетенции на основе функциональной грамотности и в общем направлении воспитания языковой личности; актуализацию самостоятельной работы учащихся по лингво-коммуникативному развитию и совершенствованию.

Вся методическая система обновленного содержания обучения русскому языку строится на основе учета теории обучения второму языку, при котором соблюдается главное условие – коммуникативная направленность презентации всего языкового материала. Так же, как и в 5 и 7 классах, в 6, 8 классах изучаемый курс представлен как интегрированный курс русского языка и литературы. Программа предусматривает планирование такого урока, в котором сочетается материал по чтению и грамматике. Это определяет его структуру: каждое занятие должно содержать работу над текстовым материалом и работу над языковым материалом (орфографические, грамматические правила, определения, упражнения по развитию устной и письменной речи). Реализация основной цели обучения русскому языку как неродному – формирование навыков речевой деятельности – обеспечивается охватом таких сторон в изучении языка, как расширение словарного запаса, приобретение навыков самостоятельной передачи мыслей на русском языке.

Учебный материал должен подаваться с учетом ведущих принципов современной русской лингводидактики, среди которых имеется в виду рациональный отбор лексики; взаимосвязанное изучение лексики и грамматики, целесообразная дозировка теоретических сведений и практических заданий, направленных на активизацию всех видов речевой деятельности; ярко выраженная коммуникативная направленность языкового материала.

Межпредметные связи устанавливаются через дидактические тексты, обладающие информационной насыщенностью. Тексты и послетекстовые задания и упражнения должны быть направлены не просто на конструирование высказываний, но и должны предполагать совершение речевого поступка, проявление речевого поведения.

Методика подачи фактического материала должна отвечать требованиям научности, одновременного развития видов речемыслительной деятельности, наглядности и коммуникативности в обучении неродному языку. В этой связи текстовой материал должен презентовать не только историю, культуру, мировидение русского народа, но и, что отвечает языковой политике РК, особенности современного функционирования русского языка в Казахстане как неотъемлемой части общего социокультурного пространства.

Содержание учебного материала рекомендуется представлять в трех основных видах: текстовой материал, содержащий достаточное количество изучаемых грамматических форм и лексических единиц, теоретический материал – определения и орфографические правила и практический – лексико-грамматические упражнения.

К примеру, упражнения в 6 классе к теме «Паронимы».

Задания:

1. Ознакомьтесь с нормой употребления глаголов выходить и сходить.

2.Составьте вопросительные предложения с данными паронимами. Употребление глаголов выходить и сходить регламентируется грамматическими правилами. В предложении с предлогом из употребляется глагол выходить (выйти), а в предложении с предлогом с – глагол сходить (сойти). Поэтому из вагона, из автобуса, из троллейбуса, из трамвая выходят, а с поезда, с теплохода, с корабля сходят.

3. Ответьте на вопросы, используя паронимы. Какой пароним надо употребить, когда речь идет:

1) о необразованном человеке;

2) о грубом и невежливом человеке;

3) о человеке, занимающемся дипломатической деятельностью;

4) о лице, награжденном дипломом какого-либо конкурса.

Слова-помощники: невежа // невежда, дипломат // дипломант.

Рекомендуется использовать такие учебные тексты и практические упражнения, которые реализуют выполнение индивидуальной работы, работы в паре и группах.

Необходимо строить обучение русскому языку на основе практических методов и приёмов. Языковые упражнения должны быть представлены в минимальном объеме, должны преобладать речевые (коммуникативные) упражнения, построенные на основе текстов.

Рекомендуются следующие педагогические подходы в обучении русскому языку как второму:

1. Использование заданий с учетом индивидуальных возможностей ученика и изучение их ошибок не для классификации, а с целью организации работы по их устранению.

2. Создание атмосферы доверия между учителем и учащимися, а также среди самих учащихся.

3. Дифференциация заданий согласно индивидуальным способностям учащихся.

4. Создание условий для работы в группах (каждый учащийся может исполнять различную роль при работе в группе, например, роль лидера, «следовать за лидером» и др.).

5. Предоставление пространства для самостоятельного решения, выбора, обсуждения и выражения собственных мыслей.

6. Использование заданий, связанных с реальной жизнью, где учитель только направляет, а учащиеся добывают знания самостоятельно.

7. Использование различных целей обучения развивает критическое мышление, учит учащихся работать самостоятельно при постановке целей, исследовании проблем, поиске ответов, обсуждении проблем и выражении своего собственного мнения во время внимательного слушания мнений других учащихся.

8. Использование интерактивных методов обучения помогает учащимся развивать личную точку зрения и принимать во внимание мнения других.

9. Использование совместных методов обучения заключается в формировании у учащихся навыков, при выполнении командной работы, при обсуждении и сотрудничестве для достижения соглашения, принятии на себя ответственности за члена команды, в процессе самоуправления и управления.

В обучении русскому языку как второму рекомендуется исследовать методы активного чтения и письма, что в дальнейшем сформирует эффективные навыки говорения и аудирования.

Некоторые моменты, которые следует учитывать при использовании различных заданий:

- рекомендуется планировать множество различных заданий в рамках одного урока. На одном уроке необходимо включить четыре, пять или более различных заданий. Предусмотреть работу в коротких промежутках времени, например, 10 минут. Время, за которое учащиеся могут сосредоточить свое внимание, часто довольно короткое;

- обращать внимание, что каждое задание следует за предыдущим, и постоянно напоминать учащимся о главных учебных целях. Повторяйте задание по-разному. Например, сделать задание в устной форме, а затем попросить класс сделать ту же самую задачу в письменной форме. Это помогает учащимся понять задачу, приводит к плавному переходу, укрепляет предыдущее обучение и позволяет учащимся практиковать более одного навыка;

- включать индивидуальные, парные, групповые задания в деятельность всего класса.



Оценка устных ответов учащихся

Устный опрос на уроках русского языка и литературы является одним из основных способов учета знаний учащихся. Развернутый ответ учащегося должен представлять собой связное, логически последовательное сообщение на заданную тему, показывать его умения применять определение, правила в конкретных случаях.

При оценке ответов учащегося необходимо руководствоваться следующими критериями:

- полнота и правильность ответа;

- степень осознанности, понимания изученного;

- языковое оформление ответа.

В течение учебного года на заседаниях методических объединений учителей русского языка и литературы(методическое объединение, школа молодого учителя, школа совершенствования педагогического мастерства, творческие группы и др.) рекомендуется рассмотреть актуальные вопросы теории и методики обучения русскому языку и литературе с учетом имеющегося эффективного педагогического опыта педагогов:

1. Актуальные проблемы преподавания русского языка и литературы в условиях обновления содержания образования.

2. Коммуникативная культура учителя и развитие речемыслительной деятельности учащихся.

3. Организация образовательного процесса на уроках русского языка и литературы в условиях обновленного содержания образования.

4. Формирование универсальных учебных действий на уроках русского языка и литературы в условиях реализации ГОСО.

5. Содержание уроков русского языка и литературы, как условие и средство развития познавательных интересов учащихся и их способностей в рамках обновленного содержания образования.

6. Эффективные приемы формирования и развития читательской грамотности учащихся в процессе обучения русскому языку и литературе, использование потенциала библиотек для развития читательской грамотности учащихся.

7. Совершенствование педагогического мастерства через участие в творческих конкурсах и работе методических объединений.

8. Актуальные вопросы научно-исследовательской работы в области литературы в школе. 

Объем учебной нагрузки по учебному предмету «Русский язык и литература» составляет:



  1. в 5 классе – 3 часа в неделю, 102 часа в учебном году;

  2. в 6 классе – 3 часа в неделю, 102 часа в учебном году;

  3. в 7 классе – 3 часа в неделю, 102 часа в учебном году;

  4. в 8 классе – 3 часа в неделю, 102 часа в учебном году.

При оценке языковых компетенций необходимо учитывать следующее:

  1. Языковые ошибки учащихся следует отмечать и обращать их внимание на совершенные ошибки доступным для них способом, однако ошибки не могут повлиять на оценку, если ученик может доступно продемонстрировать свои знания. Главная задача ученика передать свое сообщение, грамматика при этом может страдать. Постепенно самовыражение становится более точным и корректным.

  2. Ученики, отвечая на вопросы, могут использовать и первый язык. Поскольку вначале ограниченный словарный запас и знание целевого языка могут стать препятствием при высказываниях и ответах, то на первой стадии обучения это (по крайней мере, частично) разрешается. При этом следует договориться, в какой момент все ученики перейдут на ответы на неродном (целевом) языке и, начиная с того момента, применение первого языка становится скорее исключением.

  3. Как правило, в устной речи учитель исправляет возникшую ошибку с помощью перефразирования, повторения правильной формы от ученика не требуется, потому что это может прервать выражаемую мысль, а также ученик может потерять уверенность в выражении мыслей на неродном языке.

  4. Если одна и та же ошибка повторяется вновь, в конце объяснения соответствующей темы учитель приводит примеры правильных форм и при необходимости делает ударение на грамматике. Помимо этого, либо педагог, либо класс в целом, в виде совместной деятельности, могут привести некоторые соответствующие теме примеры выражений, имеющие то же самое лингвистическое содержание.

  5. При проверке письменных работ языковые ошибки также не учитываются (если выраженная мысль или текст понятны), но педагог указывает это в своих комментариях.

  6. На встрече учителя-предметника с учителем языка передается проблемный языковой материал, чтобы учитель языка мог повторить тему на следующем уроке.

Учебная программа по предмету «Русский язык и литература» размещена на сайте НАО им. И.Алтынсарина www.nao.kz/Основные направления деятельности/Учебно-методическое обеспечение образования. Учебные программы уровня основного среднего образования по обновленному содержанию/
Количество процедур суммативного оценивания по предмету

«Русский язык и литература»
Суммативное оценивание по предмету предполагает проведение конкретного количества процедур суммативного оценивания за раздел (СОР) и за четверть (СОЧ) 1 раз в каждой четверти. Ниже представлено количество процедур суммативного оценивания за раздел/сквозную тему.


Класс

Количество процедур суммативного оценивания

за раздел/сквозную тему



1 четверть

2 четверть

3 четверть

4 четверть

5 класс

2

2

2

2

6 класс

2

2

2

2

7 класс

2

2

2

2

8 класс

2

2

2

2

Примечание: По языковым предметам в суммативном оценивании за раздел объединяются два вида речевой деятельности (например, аудирование и говорение, чтение и письмо).
Шетел тілі

Ағылшын тілі

Негізгі орта білім беруге арналған «Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәнінің деңгейлік курсы білім алушыларды жалпыеуропалық тілді меңгеру деңгейлеріне сәйкес

дайындауға арналған.

Негізгі орта білім беруге арналған шет тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты білім алушылардың негізгі мектепті аяқтағанда В1 деңгейінде тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған:


  1. шығармашылық ойлауы мен бағалауын, талдау дағдыларын дамытуды қалыптастыратын әртүрлі тапсырмалар;

  2. кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмысжасау.

Оқу бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп жасалған. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты оқу барысында белгілі бір уақыт өткен соң қайталап отыруды қарастырады (оқу жылы немесе келесі сынып), алған білімдері мен дағдыларының тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша біртіндеп кеңейіп отырады. Сөйлеу әрекеті бойынша мақсатқа жетуі ойлау іс-әрекетінің дамуындағы «біледі, түсінедіден» «ажыратады, салыстырадыға» алға басуын жобалайды. Қарапайымнан бастап жоғары ойлау дағдыларына дейін ойлану арқылы білім, білік және ойлау дағдылары дамиды және қалыптасады (Блум таксономиясы бойынша).

5-8-сыныптардағы бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады:Strand 1:Content, Strand 2:Listening, Strand 3:Speaking, Strand 4:Reading, Strand 5:Writing, Strand 6: Useof English, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді. Дағдыларының дауына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкенсайын мақсаттар күрделене түседі.

Оқу бағдарламасы бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.

5-8-сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқу процесінің әдіснамалақ әлеуетін кеңейтуге бағытталған. Шығармашылық және жобалық іс-әрекет, оқыту әдістерімен, әлеуметтік, мәдени білім алу жолымен өзіндік пәндік білімді саналы меңгеруді қамтамасыз етеді.

5-8-сыныптарға арналған оқу бағдарламасына тән сипат білім алушылардың әртүрлі жан-жақты дағдылары мен пәндік білім, біліктерін дамытуға арналған. Осылайша оқу мақсаттарының жүйесі коммуникацияның түрлі тәсілдерін, зерттеушілік, сыни ойлау, АКТ, функциональдық және шығармашылық білімдерін, командалық жұмыс, өзіндік жұмыс, проблеманы шешу мен шешім қабылдау тәрізді түрлі тәсілдерді қолдануға және оларды дамытуға негіз болады. Бұл жан-жақты дағдылар білім алушының өмірде және мектепте табысқа жетуін қамтамасыз етеді.

5-8-сыныптарға арналған оқу бағдарламасында гармониялық байланысы бар дәстүрлі нормативтік білім беру құжаттары мен инновациялық әдіснамалық стратегиялар кіреді. Оқу бағдарламасы өзінің ерекшелігі бар инновациялық құрылымды болып келеді.

Оқу бағдарламасы түрлі аудиторияларда тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Білім алушылар мектеп ортасында өз қатарластарымен, мұғалімдерімен интерактивті тапсырмалар, ресми және ресми емес ауызша, жазбаша презентациялар кіретін осы бағдаламаның мүмкіндігі арқасында қарым-қатынас жасау арқылы мақсатқа жетеді. Сонымен қатар ағылшын тілін тасымалдаушыларға онлайн тәртібіндегі, өзара қарым-қатынасқа, сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңілбөлінеді.

Жаңартылған бағдарлама білім алушылардың шынайы өмір жағдаятында функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Ағылшын тілі бойынша жаңартылған бағдарлама лексикалық жиынтық, құрылымдық талаптар мен коммуникативтік конвенцияларды пайдалану шеңберінде ғана үйренуге шек қоймайды. Прагматикалық аспектісі барлық мүмкіндіктерді қарастырады, тілдік бояу мен қарым-қатынас жағдайларына, контекске, коммуникацияға қатысушылардың өзара қарым-қатынасында пайда болған ережелерге баса назар аударылады. Білім алушының лексикалық және грамматикалық материалдарды контексте оқып үйренуі аталған жағдаятқа өзіндік қарым-қатынасын білдіреді. Пән бойынша оқылып жатқан тақырыпқа деген білім алушылардың табиғи ішкі уәжі мен қызығушылығы кірігіп кетеді. Техникалар мен тәсілдерді қолдану арқылы ойлау процесін белсендендірудебелсенді оқыту тиімді және саналы түрде қолданылады. Білім алушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес түрлі әдебиеттер мен ресурстарды қолдануұсынылады.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша 5-8 - сыныптардың оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұны 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұнын жалғастырады. Сонымен қатар, келесі тақырыптар оқытылады:

5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);

6-сынып –Helping and Heroes, Drama and Comedy, Our Neighbourhood;

7-сынып – Communication and Technology, Space and Earth, Natural disasters;

8-сынып – Entertainment and Media.

5-сыныпта жаңа лексика мен грамматиканы оқытуға көңіл бөлу ұсынылады. Тыңдалым мен оқылым тапсырмаларында мәтіндердің лексикасы мен грамматикасы таныс па, жоқ па дегенді алдын ала тексеру ұсынылады, сондай-ақ оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.

6-сыныпта өтілген лексика мен грамматиканы қайталау және білім алушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану ұсынылады. Оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.

7-сыныпта төмендегі грамматикалық тақырыптарды: Past Simple Tense, Past Continuous Tense, Future Simple Tense, Passive Voice және сын есімдердің салыстырмалы шырайын қайталау ұсынылады, себебі жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған тақырыптар өтілген тақырыптар болып саналады (2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар А1 high деңгейі бойынша оқиды, ағылшын тілінің оқу бағдарламасы бойынша 7-сыныптар В1 low деңгейі бойынша оқиды). Оқыту процесінде, сондай-ақ, қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.

Жаңа тақырып бойынша оқыту және жаңа сабаққа дайындық процесінде мәтіндер мен сөйлемдердің лексикалық және грамматикалық мазмұнын тексеру ұсынылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған себептер бойынша білім алушыларға таныс емес грамматикалық құрылымдарға көңіл бөлген дұрыс. Айтылым және жазылым тапсырмаларында перифраз қолдану ұсынылады.

8-сыныпта жоғары ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмаларды таңдау ұсынылады. Сонымен бірге даралап оқыту технологиясын қолданған дұрыс. Білім алушылардың лексикалық қорын жақсарту және айтылым мен жазылым дағдыларын бұдан әрі қалыптастыру үшін перифраз қолдану ұсынылады.

Қосымша материалдар мен Интернет-ресурстарды қолдану кезінде мәтіналды, мәтіндік және мәтінсоңы жұмыс кезеңдерін сақтаған дұрыс.

Ағылшын тілініңоқу процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбат, рөлдік ойындар, пікірталас, дебат, конференциялар, конкурстар, сахналандыру және т.б.) жан-жақты қолдануды талап етеді. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және сабақтан тыс іс-әрекеттердің кең мүмкіншіліктерін мақсатқа сай белсенді қолдану шет тілін оқытуға уәждемені арттыруға, білім алушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіруге, олардың өзара тілдік қарым-қатынастарының белсенділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді.

Сабақ уақытында дағдылар мен іскерліктерді дамыту және жетілдіру үшін ауызша сөйлетуді қолданған дұрыс. Коммуникативтік жағдаяттарда жаңа лексикалық және грамматикалық материалды енгізу және бекіту, сабақта жұппен, топпен жұмысты ұйымдастыру арқылы әрбір білім алушының сөйлеу белсенділігін арттыру; мәтіндермен жұмыс жасау кезеңдерін міндетті түрде сақтай отырып оқылым мен тыңдалымға үйрету ұсынылады.

Бағдарламаның міндетті компоненті ретінде ұсынылатын «Independent Project бөлімі» («Жобалық жұмыс»), зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін (білім алушылардың қызығушылығын тудыратын) «Reading for Pleasure» бөлімі, осының аясында білім алушылар көркем шығармаларды және ғылыми-публицистикалық әдебиеттерді оқиды; әдеби шығармалардың түрлі жанрларымен танысады.



Ағылшын тілібойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-8-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.



«Ағылшын тілі» пәнінен оқу жұмысын ұйымдастыруда келесі ұсыныстар беріледі:

1. Білім алушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастыруға бағытталған «Independent project» юнитына назар аудару қажет. Жобалау жұмысы арқылы түрлі мақсаттар мен сөйлеу әрекетіне мұғалім фокус бойынша қалыптастырушы бағалауды жүргізеді. Жобалау жұмысының форматы мен мазмұны және (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет формалары, күтілетін нәтижесі, әрекетті бағалау формалары және т.б.) мектеп ішінде әдістемелік бірлестіктерде әріптестермен талқыланады.

2. «Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдыларын дамыту аясы бойынша әдістемелік нұсқауларды белсендіқолдану. Көркем және оқу әдебиет мәтіндерімен жұмыс жасау ағылшын тіліне оқытудың міндетті элементі болып табылады және білім алушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді.

Шетел тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің үлкен білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар. Бұл жұмыс тек шет тілі туралы білімдерін арттырып қоймай білім алушының мәдениеттану ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін тереңдетуге мүмкіндік береді, эстетикалық талғамын, өзге елдің тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Міндетті курспен қатар толық практикалық, тәрбиелік, дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.



Шетел тілін сыныптан тыс оқытуды моделдеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдері :

    • тақырыптық ойынкештері;

    • елтануға арналған кіріспеүйірмелері;

    • шет тілдеріапталығы;

    • бейнеклубтар, тілдікорталықтар;

    • шет тіліндегі театрландырылған қойылымдар және т.б.

Тілдік құзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар:

1. Білім алушылардың жіберген тілдік қателерін оларға түсінікті қарапайым тәсілдермен жеткізуге көңіл аудару қажет. Егер білім алушы өз білімін көрсете алған болса бағалауда әсері болмау керек. Білім алушының ең басты мақсаты өз ойын қарапайым сөзбен бере білуі керек. Сөйлеуде грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы мүмкін. Біртіндеп өзіндік сөйлеу дағдысы қалыптасып, нақтылана әрі дұрыстала түседі.

2. Сұраққа жауап беру барысында білім алушылар бірінші тілді қолдануы мүмкін. Олардың бастапқы шектеулі сөздік қорлары және мақсатты тіл бойынша білімдерінің аздығы сөйлеуі мен сұраққа дұрыс жауап беру барысында кедергі болуы мүмкін. Сондықтан барлық білім алушылар мақсатты тілге қашан көшуге болатынын келісіп алуға болады және келісілген уақыттан бастап бірінші тілді қолдану тоқтатылуы керек.

3. Мұғалім ережеге сәйкес ауызекі сөйлеу тілінде кеткен қателерді, сөйлемдерді қайта құру көмегімен дұрыстауға болады, бірақ білімалушыға дұрыс түрін қайталату міндетті емес, себебі өзге тілде ол өз ойын сенімді жеткізе алмауы мүмкін.

4. Егер бір реет жіберілген қате тағы да қайталанса, сәйкес тақырыпты түсіндіру соңында мұғалім дұрыс үлгідегі сөздерге мысалдар келтіреді және қажет болған жағдайда оның грамматикасына баса назар аударады. Бұдан өзге, сынып білім алушылары немесе мұғалім барлығы ынтымақтасқан іс-әрекет негізінде кейбір тақырыптарға байланысты лингвистикалық мазмұндағы сөйлемдерге мысалдар келтіре алады.

5. Жазба жұмысты тексеру барысында тілдік қателер ескерілмейді (егер білдіретін ойы мен мәтіні түсініксіз болса), бірақ педагог оны өзінің түсініктемесінде көрсетеді.

2018-2019 оқу жылында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерімен әдістемелік жұмыстарды жоспарлауда педагог қызметкерлердің мүдделері мен сұраныстарын, олардың кәсіпқойлық іскерліктері мен дағдыларын ескерген дұрыс.

Ағылшын тілі мұғалімдерінің тамыздағы пәндік секцияларында төмендегі сұрақтарды талқылау ұсынылады:

1. Негізгі орта мектепте жаңартылған білім мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері.

2. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын жоспарлаудың ерекшеліктері.

3. 2018-2019 оқу жылында ағылшын тілін оқытуда мұғалімдердің тәжірибе алмасуы мен семинарларын жоспарлау.

Жаңа оқу жылында ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырыстарында төмендегі сұрақтарды қарастыру ұсынылады:

- негізгі орта білім берудеңгейінде ағылшын тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді іске асыру;

- негізгі орта мектепте ағылшын тілі бойынша қалыптастырушы бағалауды өткізу;

- ағылшын тілін оқытуда шығармашылық бастамаларды енгізу және ағылшын тілі пәні бойынша сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру;

- ағылшын тілі пәні бойынша бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға дайындау.


«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны



1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады:

1) «Математика» – 5, 6-сыныптар;

2) «Алгебра» – 7, 8-сыныптар;

3) «Геометрия» – 7, 8-сыныптар;

4) «Информатика» – 5-8 сыныптар.

Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегі кестеде көрсетілген.


70-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі


Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Апталық

Жылдық

5

Математика

5

170

5

Информатика

1

34

6

Математика

5

170

6

Информатика

1

34

7

Алгебра

3

102

7

Геометрия

2

68

7

Информатика

1

34

8

Алгебра

3

102

8

Геометрия

2

68

8

Информатика

1

34


Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты - пән мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде білім алушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.

Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған:

- «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;

- әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;

- есептерді шешу мақсатында білім алушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;

- өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

- практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;

- өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

- математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;

- математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.

«Информатика» оқу пәнін оқудың мақсаты білім алушылардың бойында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

«Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы компьютердің жұмыс істеу қағидаларын түсінуді, объектілер мен жүйелерді талдау қабілеттерін, алгоритмдер әзірлеу және бағдарламалауды, шешімдер мен программалық қосымшаларды модельдеу және жобалауды, сондай-ақ түпкілікті өнімді бағалауды білім алушылардың бойында қалыптастыруды көздейді.

Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған:

- білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін қалыптастыру;

- ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;

- білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін бағалауда компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;

- талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;

- білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;

- білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;

- білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.

Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында жобалау жұмысы арқылы ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жүргізуге көңіл бөлу керек. Жобамен жұмыс істейтін білім алушылар одан әрі жүргізетін жұмыстарын жеке немесе топпен жоспарлауы, мақсат қойып, қажетті ақпарат іздеп, гипотеза ұсынулары және дәлелдеулері, эксперименттер жүргізулері, атқарылған жұмыстың нәтижелерін ұсынып, талдау және бағалау жасап, сондай-ақ, өз жобаларын шебер қорғаулары керек. Білім алушылар, Интернет көптеген қол жетімді ақпарат көздерінің бірі екенін, олар оған қол жеткізіп және әр түрлі көздерден деректер жинай алатынын біледі.

Сонымен қатар проблемаларды өнертапқыштықпен шешу теориясы ерекшеліктерін дамыту және проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясын пайдалану, оқу курсы мазмұны арқылы өз білімін толықтыру мен бағдарламаның құрамдас бөліктерін өздігінен қолдана білу қабілетін, білім алушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек.

Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген. Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер:дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктертүрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген.

Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс.

2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.

1. 5-сыныпқа арналған «Математика» оқу пәні.

2018-2019 оқу жылы 5-сыныпқа бастауыш сыныптарда «Математика» пәнін қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша оқыған білім алушылар келеді. Сондықтан, 5-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «Жиын» тарауы және «шиыршық» принципін сақтау мақсатында «Кеңістік фигураларының жазбалары» тарауы қосылған, оларды оқуға оқу жылына берілген 170 сағаттан сәйкесінше 5 сағат және 3 сағат бөлінеді.

Сонымен қатар базалық мазмұн тарауларын оқып игеруге бөлінген сағаттарда айырмашылық бар. «Натурал сандар және нөл саны» тарауын игеруге шамамен 15 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат сандары өзгеріссіз.



2. 6-сыныпқа арналған «Математика» оқу пәні.

  1. 6-сыныпта «Математика» оқу пәнінің базалық мазмұнына шамалы өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 6-сыныпта қарастырылатын «функция» ұғымына қатысты тарау 7-сыныпқа көшірілген. Осы тараудың орынан 6-сыныпта «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» тарауы қарастырылады және келесі тақырыптардан тұрады: «Шамалар арасындағы тәуелділіктерді беру тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл», «Нақты процестердің графиктерін қолданып шамалар арасындағы тәуелділіктерді зерттеу», «Тура пропорционалдық және оның графигі». Осыған байланысты «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен олардың жүйелері» бөліміне өзгерістер енгізілген. Яғни осы тарауда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу, есептерді сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару материалдары ғана қарастырылады.

5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген. Бұл практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты.

3. 7-сыныпқа арналған «Алгебра» оқу пәні.

Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Егер, қолданыстағы оқу бағдарламасында 5 тарау оқытылатын болса, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында 6 тарау оқытылады. Бұл, «функция» ұғымына қатысты материалдар жеке «Функция. Функцияның графигі» тарауы етіп берілген және бұл тарауға 6-сыныптан «Функция ұғымы», «Функцияның графигі», «Сызықтық функция және оның графигі», «Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыптары көшірілген. Бұл тақырыптар 6-сынып білім алушыларының игеруіне қиындық туғызады деп есептеп, практик-мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.

Практикаға бағытталған, зерттеушілік және шығармашылық тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек.

4. 8-сыныпқа арналған «Алгебра» оқу пәні.

Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда елеулі өзгерістер жоқ. Курстың базалық мазмұнына «Статистика элементтері» тарауы (Жиілік. Жиіліктер кестесі. Интервалдық кесте. Гистограмма. Жинақталған жиілік. Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алқап.) қосылған. Бұл тараудың кейбір материалдары қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 9-сыныпта қарастырылған боалтын.



5. 7-сыныпқа «Геометрия» оқу пәні.

7-сыныпта білім алушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.



6. 8-сыныпқа «Геометрия» оқу пәні.

«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ.

7-8-сыныптарда «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.

«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұнында 2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда келесідей өзгерістер бар.



7. 5-сыныпқа «Информатика» оқу пәні.

«Интернеттегі қауіпсіздік», «Алгоритмдер», «Бағдарламалау» тақырыптарымен толықтырылды. «Ақпарат және өңдеу» тақырыбы растр графикасын оқуға ауыстырылды.



8. 6-сыныпқа «Информатика» оқу пәні.

«Компьютерлік ойындардың дамуы», «Компьютерлік ойындар жасау» тақырыптары қосылды. 2013 жылғы оқу бағдарламасының 7-сыныбындағы «Компьютерлік графика» және «Мәтіндік ақпараттарды таныстыру» тақырыбы бойынша компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдерін оқыту кейінге қалдырылды.



9. 7-сыныпқа «Информатика» оқу пәні.

2013 жылғы оқу бағдарламасының 6-сыныбынан «Ақпаратты өлшеу және компьютерлік есте сақтау» тақырыбы - мұрағаттық бағдарламаны оқыту кейінге қалдырылды.



10. 8-сыныпқа «Информатика» оқу пәні.

Интегралды ортасындағы C/C ++, Python, Delphi, Lazarus бағдарламаларының бірі ұсынылады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бағалау процесін өткізу үшін мұғалімге көмек ретінде (http://smk.edu.kz) сайтқа келесі материалдарды: Критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағы, Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдамалар, Тоқсанға арналған жиынтық бағалау спецификациясы орналастырған және еркін түрде кіруге мүмкіншілік жасалған.

5-8-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән үшін айрықша болып танылатын білім алушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ үшін білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын анықтауды қамтиды. Мысалы: «Білім алушылар әлеуметтік желіні пайдалану мен атрибуттарын ауызша талқылай алады».

Программалау тілі ағылшын тілі болып табылатынын, көптеген компьютерлерлік интерфейстер де ағылшын тілінде берілгенін айта кету керек. «Информатика» пәні жоғары сыныптарда білім алушылардың калауы бойынша ағылшын тілінде оқып игеруіне болатынын пән мұғалімдері әрдайым естерінде сақтаулары керек. Мұғалімдер білім алушылардың назарын, информатика бойынша (http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon) лексиконда сипатталғандай академиялық тілді пайдалануға аударту, сондай-ақ ұқсастықтар мен метафораларды пайдалана отырып күрделі жүйелерді түсіндіру мүмкіндігі сияқты информатика саласындағы жұмыстарға қажетті тілдік дағдыларға аудартулары керек. Одан бөтен, мұғалімдер білім алушылардың бойында бай академиялық тіл қалыптастыру мақсатында, диалог/жазу үшін пайдалы сөздерді пайдалануды қамтитын мұқият және жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетулері керек.

Мұғалімдерге көмек ретінде TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге білім алушыларды дайындауғаарналғанесептер жинағы әзірленді, ол Академия сайтында (www.nao.kz) орналастырылған.


«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

3

1

3

3

6-сынып

2

2

3

3


«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны



1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

1

1

8-сынып

1

1

3

1


«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

1

1

1

1

8-сынып

1

1

1

1


«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны



1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

1

2

1

6-сынып

1

2

2

1

7-сынып

2

1

2

1

8-сынып

2

1

1

1



«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

«Жаратылыстану» пәнін география, биология, физика және химияның кіріктірілген курсы ретінде география пәнінің мұғалімі сияқты биология пәнінің мұғалімі де, немесе физика немесе химия пәні мұғалімі жүргізе алады.

Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады:

5, 6-сыныптарда – «Жаратылыстану»;

7, 8-сыныптарда - «География», «Биология», «Химия», «Физика».

Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес 7-сыныптан бастап бір мезгілде «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері оқытылады, мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқытудың үздіксіздігін және әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Бұл 5-сыныпта оқыған «Жаратылыстану» пәнінен кейінгі үзілістің болуын жояды, өйткені қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша «Физика» пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын.

«Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерінің синхронды оқытыла басталуы әр пәннің мазмұны басқа пәнде жалғасын табуға ықпал етеді, оған сәйкес осы төрт пән бойынша кейбір тақырыптар бір академиялық кезеңде зерделенеді.



«Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш мектепте оқытылған «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 5-6 сыныптың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

5-6-сыныптарда «Жаратылыстану» курсын оқудың мақсаты білім алушылардың бойында жаратылыстану ғылымы білімін, табиғат пен қоғамның өзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы түсінігін қалыптастыру және күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстарының зардабы мен процесін сипаттау, болжау үшін қолдану біліктігін дамыту болып табылады. Пәннің мазмұнын меңгерудегі жүйелік-әрекеттік тәсіл зерттеу дағдыларын (іздеуді, іріктеуді, жүйелеуді, ақпаратты талдауды және бағалауды, зерттеу нәтижелерін ұсынуды қалыптастыру)дамытуға мүмкіндік береді.

Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады: «Ғылым әлемі», «Ғалам. Жер. Адам», «Заттар және материалдар», «Тірі және өлі табиғаттағы процестер», «Энергия және қозғалыс»,«Экология және тұрақты даму», «Әлемді өзгертетін жаңалықтар». Бағдарлама білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептері мен салдарын, табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін, адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретіндейетіп құрылған.

Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.



«Жаратылыстану» сабақтарында жергілікті компонент деректерін тартуғаерекше назар аудару қажет.

Мысалы, ғылыми жобаларды әзірлеу үшін білім алушыларға күнделікті өмірде практикалық маңызы бар төмендегідей оқыту мақсаттарына назар аудару ұсынылады:

5.6.3.1 - Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын атау;

5.6.3.2 - өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу;

5.6.3.3 - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау;

5.7.1.1 - әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру;

5.7.2.1 –ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну;

6.3.3.3 - Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау;

6.3.3.4 - Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету;

6.3.3.5 - пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;

6.4.2.4 - толыққанды тамақтану рационын құру;

6.4.2.5 - азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттардың болуын тестілеу;

6.5.1.4 - электр энергиясының құнын есептеу;

6.5.1.5 -энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну;

6.6.3.1 - өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау;

6.6.3.2 - экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну

6.7.1.1 - әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау;

6.7.1.2 - жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық ғалымдардың үлесін талқылау;

6.7.1.3 - ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақтағы дамуына болжам жасау.

«Жаратылыстану» пәнінің мұғалімдері білім алушының бойында білуге құмарлықты, ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи және техногендік байлықты бағалау және қорғауды қалыптастыру қажет.

Ол білім алушының қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.



Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің тамыз отырысында қарастыруға төмендегідей тақырыптар ұсынылады:

1.Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) жаратылыстану пәндері оқу бағдарламасының ерекшеліктері.

2. STEM – білім беру – проблемасы және келешегі.

3. Жаратылыстану-ғылыми білім беру және clil - технологиялар.



Жаратылыстану мұғалімдерінің оқу жылы ішінде әдістемелік құрылымдарының (әдістемелік бірлестіктер, жас маман мектебі, педагогикалық шеберлікті жетілдіру мектебі, шығармашылық топтар және т.б.) отырыстарына ұсынылатын тақырыптар:

  1. Жаратылыстануциклыпәндерін оқыту жәнеSTEM-білімінің артықшылығы

  2. Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері.

3. Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп оқыту әдістемесі: ерекшеліктері, артықшылықтары, әдістері, жүзеге асыру тәсілдері.
«Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

1

2

2

6-сынып

2

1

2

2


«Физика» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.

«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет