ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет15/24
Дата31.12.2019
өлшемі4,48 Mb.
#54722
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

7-9-сыныптарда «Физика» оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды: Физикалық шамалар мен өлшеулер; Механика; Жылу физикасы; Электр және магнетизм; Геометриялық оптика; Кванттық физика элементтері; Астрономия негіздері; Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.


7-сыныпта «Физика» оқу пәнінде табиғат құбылыстарын қарастырады, физиканың негізгі заңдарымен танысады және осы заңдарды техникада, күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады. Физика мен оның заңдары барлық жаратылыстану саласының өзегі екендігіне басты назар аударылады.

7-сыныптың кіріспе бөлімінде «атом», «материя» және «физикалық термин», «гипотеза» және «эксперимент», «өлшем» және «өлшеу қателігі» «Халықаралық бірліктер жүйесі(SI)», «скаляр және векторлық шамалар» физиканы зерттеу үшін негіз болып табылады.

«Физика» пәнін оқыту бойынша тақырыптың оқу күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:

- «7.1.1.7- күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету. Білім алушыларға күрделі емес есептер ұсыну және әртүрлі денелердің қозғалысының нақты мысалында меңгеру үшін «вектор» бастапқы ұғымын енгізу ұсынылады;



  • 7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;

  • 7.2.2.9денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау.

Осы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін практикалық бөлігіне графикалық деректермен жұмыс істеудің әртүрлі нұсқалары берілген тапсырма карталарды енгізу ұсынылады.

7-сыныпта физиканы сапалы меңгеру 6-сыныпта математикадан, 7-сыныпта алгебра және геометриядан алған білімдеріне негізделетініне назар аудару қажет.

Физика және химия пәндерінде: атом, молекула, физикалық және химиялық құбылыстар, масса, дененің агрегаттық күйі тәрізді көптеген ортақ ұғымдар зерттеледі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде бірдей анықтаманы қолдану қажет.

Физика мен биологияның өзара байланысы ретінде жалпы және ішінара пайымдау, табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика заңдарының әсері туралы білім алушылардың биологиядан алған білімдерін кеңейтуіне көмектеседі. Ол биологияның әдістерін физикамен байланыстырып пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.

Физика пәні сабақтарының басты ерекшеліктерінің бірі – физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау.

Физика пәнінің негізі физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Сондықтан білім алушылар тәжірибелерді жасап қана қоймай, мәліметтерді жинақтау, талдау, градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастыру, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтау және оның нәтижесін көре білуі керек. Сондағана білім алушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытынды жасай алады. «Орындалуға міндетті практикалық және зертханалық жұмыстар тізімі» білім алушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.

7-сыныпқа «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу», «Жазық фигураның массалар орталығын анықтау» атты екі зертханалық жұмыс қосылды. Барлығы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.

8-сыныпта үш бөлім яғни «Жылу физикасы», «Электр және магнетизм», «Геометриялық оптика» оқытылады.

Қолданбалы материалды теориялық зерделеу кезiнде оның мазмұны, негiзiнен, адамзат қоғамындағы жаратылыстану ғылымдарының рөлiн көрсетуге, білім алушылардың ғылым жетiстiктерiн әртүрлi көзқарас тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық прогреске байланысты туындайтын экологиялық проблемаларды түсiнуге бағытталатыны қарастырылады.

Физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндіруде математикалық аппаратты қолдануына назар аударылады. Математиканың физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану. Физика мұғалімі білім алушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдынала математика мұғалімдерімен бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады.

«Физика» мен «Химия» ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отырады. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, молекулалық-кинетикалық және электрондық теория жатады.

Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде бірдей: атом құрылысы теориясын оқып үйренуде айқын көрініс алады.

Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыру ұсынылады. Технология, медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен энергетиканың әртүрлі саласындағы жетістіктер ғылыми идея мен ғылыми прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады.

Мысалы оған төмендегідей мақсаттар берілген:



  • техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;

  • әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру;

  • жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

  • жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау;

  • Қазақстанда және дүниежүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру.

Білім алушылардың базалық білімдерін практикада бекіту зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылады.

8-сыныптыңзертханалық жұмысында №3«Ауаның ылғалдылығын анықтау»зертханалық жұмысы алынып тасталып, оның орнына № 6 «Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу» зертханалық жұмысы екіге бөлініп, №5 «Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу»зертханалық жұмысы және №6 «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»зертханалықжұмысы берілген. Барлығы 10 зертханалықжұмыс және 30 практикалық жұмыс қамтылған.

Физика пәнінің мұғалімдерінеғылыми тілді қалыптастыру мақсатында білім алушылардың сөздік қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша) дағдыларын қалыптастыру;есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді дамыту; білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру ұсынылады. Ол үшін сабақты жоспарлау кезінде белгілі бір біліктілік, дағдыларды қалыптастырытын қолайлы тақырыптарды таңдау қажет.

Зертханалық және практикалық жұмыстың қажетті көлемін орындау үшін ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) пайдалану ұсынылады.

Зертханалық және практикалық жұмыстарды әзірлеу кезінде эксперименттік деректер мен қортындыны жасауға басты назар аудару қажет.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» (7-9-сыныптар)оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамаларды Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.


«Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

2

2

3

8-сынып

2

2

2

1


«География» пәнінің мазмұныкелесі жүйелі-әрекеттік нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс:

- функционалдық білім мен білік, жоспарлау дағдылары, талдау мен өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс істеудің қалыптасуы; зерттеушілік, тәжірибе-эксперименттік дағдыларды жетілдіру;

- бағалау мен қорытынды жасауды тиянақтау; әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесінің негізін қалаушы түсініктерді, заңдылықтарды, теориялар мен принциптерді, табиғатты танудың ғылыми әдістері, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерделеу негізінде адамзаттың жаһандық және жергілікті проблемаларын түсіну;

- экологиялық мәдениеттің, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлаудың дамуы;

- патриоттық сезімді, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу;

- білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану бағыттары бойынша кәсіптік бағдарын жүзеге асыру.

Бағдарламаның шиыршықты құрылымына байланысты 8-сыныптағы пән мазмұны білім алушылардың өткен оқу жылында алған білімдері мен дағдыларын одан әрі тереңдетеді және дамытады.

«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімінде географиялық ақпаратты визуалдау, өз зерттеулерінде далалық, картографиялық, теориялық әдістерді қолдану, сандық және сапалық деректерді өңдеу мен талдау, еліктемелік (иммитациялық), графиктік, мәтіндік, математикалық және басқа да модельдер құрастыру, жұмыс нәтижесін түрлі формада ұсыну дағдыларын одан әрі дамытуға көңіл аудару қажет.

«Картография және географиялық деректер базасы» бөлімінде білім алушыларды тақырыптық карталарды жіктеуді және оқуды, сонымен қатар оларды қосымша сипаттайтын профиль, диаграмма, график, кесте тәрізді элементтерін құрастыруды үйрету қажет. Географиялық номенклатура нысандарымен жұмыс істеу дағдалырын дамытуды жалғастыру ұсынылады. Білім алушылар тілдік дағдыларын дамытуларымен қатар, сәйкес түсініктемелер бере отырып географиялық нысандарды картадан батыл көрсетуді де үйренулері тиіс. Егер 7-сыныпта бұл бөлім бойынша географиялық деректердің кесте түріндегі қарапайым базасын жасау қарастырылған болса, 8-сыныпта тиісті оқыту мақсаттарына қолжеткізуде АКТ біртіндеп қолдану қарастырылған.

7-сыныпта «Литосфера» бөлімі бойынша жер қыртысының құрылысы, ірі геотектуралар оқытылады. 8-сыныпта тақырып жер бедері түрлерінің, тау жыныстары мен минералдардың, пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын оқумен жалғастырылады. Бұл бөлімді жергілікті жер бедерінің тұрғындардың тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға берумен қорытындылау ұсынылады. Білім алушылардың өз ойларын дәлелді жеткізулеріне көңіл аудару қажет.

7-сыныпта «Атмосфера» бөлімінде метеорологиялық құбылыстар, ауа райы мен оның элементтері зерделенеді. 8-сыныпта жер шарының түрлі бөліктеріндегі климаттың ерекшеліктерін қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар, климатты, атмосфераның ғаламдық циркуляциясы оқытылады.

7-сыныпта «Гидросфера» бөлімндеі Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерін оқудан басталады да, құрлық суларын оқумен жалғастырылады. Бұл тақырыпты оқу барысында қазақстандық және жергілікті компонентті қосымша қамтуға баса назар аударылуы тиіс.

«Биосфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта биосфераның, топырақтың құрамы мен құрылымы, ал 8-сыныпта табиғат зоналары мен Жердің биіктік белдеулері оқытылады. Сонымен қатар балалар өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғаудың қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады.

«Табиғи-аумақтық кешендер» бөлімі бойынша өткен оқу жылында «Табиғи-аумақтық кешендер» ұғымы, олардың пайда болу шарттары мен мысалдары, кеңістіктік рангтары анықталған болатын. Биылғы оқу жылында білім алушылар географиялық қабықты планетарлық масштабтағы табиғи-аумақтық кешен ретінде және оның даму заңдылықтарымен танысады.

7-сыныпта «Халық географиясы» бөлімі бойынша адамзаттың нәсілдік және діни құрамы оқытылады. 8-сыныпта халық санының және құрылымының негізгі көрсеткіштерін есептеу арқылы дүниежүзіндегі, Қазақстан Республикасындағы және өлкедегі демографиялық жағдайды анықтау бойынша жүйелі әрекет басталады.

«Табиғи ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта «табиғи ресурс» ұғымы, оларды жіктеудің негізгі тәсілдері мен шоғырлану орындарына көңіл аударылады. 8-сыныпта білім алушылар табиғат ресурстарын экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды, дүниежүзінің жекелеген аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін анықтайды.

«Әлеуметтік-экономикалық ресурстар» бөлімінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылым туралы білім беріледі. 8-сыныпта сауда және қаржы инфақұрылымы оқытылады.

«Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы» бөлімінде білім алушылар дүниежүзі шаруашылығын өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына жіктеудің қарапайым түрімен танысады. 8-сыныпта дүниежүзілік шаруашылықты өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсету салаларына жіктеуді, сонымен қатар аталған салалардың қызметін ұйымдастыру түрлеріне сипаттама беруді, түрлі салалардың өнеркәсіпті орналастыру факторларына талдау жасауды, дүниежүзі шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттауды үйренеді.

«Елтану және саяси география негіздері» бөлімінде 7-сынып білім алушылары дүниежүзі елдерінің географиялық және экономикалық-географиялық жағдайына баға беру ерекшеліктерін зерделейді. 8-сыныпта дүниежүзінің саяси картасын, оның негізгі нысандары мен олардың ерекшеліктерін, картадағы сандық және сапалық өзгерістерді, дүниежүзі елдерінің саяси ынтымақтастығының қажеттілігі мен ерекшеліктерін оқиды.

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасында шиыршықты оқу мақсаттары қарастырылған. Бағдарламаның бірінші және екінші бөлімдеріндегі мақсаттар әр бөлімде қайталанып отырады. Оларды оқу және дамыту екі рет, яғни: бірінші рет – бірінші тоқсанда дербес тақырыптар мен сабақтар ретінде, екінші рет – келесі бөлімдердің барлық тақырыптарын оқу барысында шиыршықты мақсаттар ретінде жүзеге асырылуы арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Тапсырмалардың белгілі бір бөлігі оқу бағдарламасындағы «Географиялық зерттеу әдістері» мен «Картография және географиялық деректер базасы» бөлімдерінің шиыршықты мақсаттарын жүзеге асыруды қарастырады, сонымен қатар барлық бөлімдердің оқылатын тақырыбының мақсаттарын толықтырады. Бұл мақсаттар бойынша әр сабақтың тәжірибеге бағытталуын қамтамасыз ететін зерттеушілік және картографиялық дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмаларды әзірлеуді қарастыру қажет.

8-сыныпта материктердің ерекшеліктері зерделенеді. Оқытудың стандарттық, ақпараттық тәсіліне қарағанда, жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы оқытудың белсенді мақсаттары арқылы планетаның материктерін әрекетті зерделеуді талап етеді. Бұл білім алушылардың әр түрлі ақпарат көздерін және салыстыру, талдау, бағалау және жинақтау тәрізді ойлау операцияларын қолдана отырып, әрбір материктің ерекшелігін анықтайды.

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үлгілік оқу жоспарында қазақстандық және өлкетанулық материалдарды қамту қарастырылған.

Мұғалімнің білім алушылардың танымдық қызығушылық ерекшеліктеріне сәйкес келетін неғұрлым қызықты және шығармашылық тапсырмаларды таңдау мүмкіндігі бар.

Білім алушыларды әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен, олардың ішінен қажетті ақпаратты табу, оны талдау және түсіндіру, бағалау және қойылған мақсатқа жету үшін қолдану тәрізді жұмыс түрлерін істеуге үйрету маңызды болып табылады.

Негізгі оқу материалы сабақта меңгерілуі тиіс екеніне көңіл аударамыз. Оқылмаған материалды, сонымен қатар географиялық номенклатура нысандарын үйде оқуға тапсыру мүмкін емес. Үй тапсырмасының басты қызметі – сабақта меңгерілген білім мен біліктерді бекіту болып табылады.




7-сыныпқа арналған «География» оқу пәнінің «Физикалық география» бөліміне өлкетану бойынша екі тақырып енгізілді: «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы» және «Менің өлкемнің визит карточкасы:өлкетанулық деректер қорын дайындау». Аталған тақырыптарды оқыту кезінде өзінің туған өлкесіне тән өсімдіктер мен жануарларды зерттеу бойынша ұжымдық жұмыстарды, оларды қорғау жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен өлкенің деректер қорын жасау ұсынылады.


«География» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

2

3

3

8-сынып

3

2

3

3



7, 8-сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша «Химия» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Химия – заттар, олардың қасиеттері, құрылымы және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым.

Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын, заттардың құрылымын,заттардың өзара әрекеттесу қабілетін зерттейді және химиялық энергияның жылу, электр, жарық тағы басқа энергияларға өту құбылыстарын зерттейді.

«Химия»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 7 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;

2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:

1) заттардың бөлшектері;

2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;

3) химиядағы энергетика;

4) химия және қоршаған орта;

5) химия және өмір.

7-сыныпта жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға «Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі» тақырыбындазаттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан оқыту тұңғыш рет енгізілді, бұл білім алушыларға заттардың құрылысы мен қасиеті арасында себеп-салдар байланыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мұғалімдерге ескеретін жайт кесте, диаграмма, суреттер, графиктер түрінде берілген ақпаратты құруға көбірек көңіл бөлу керек, білім алушыларға физика мен математика сабақтарында қалыптасқан дағдыларды қолдана отырып, тәжірибе барысында температураны өлшеп және өздерінің бақылауларын жинақтап, тиісті қызу және салқындау үрдістерінің графиктерін салуды ұсынуға болады.

«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі химия пәні бағдарламасына жаңадан қосылып отыр, бөлімде қоректік заттар, адам ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K), химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы, адам ағзасындағы микро- макроэлементтердің биологиялық рөлі, тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі ұғымдары берілген.

Сондай-ақ білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау қарастырылған:

- «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» № 4 практикалық жұмысы;

- «Тыныс алу процесін зерттеу» № 11 зертханалық тәжірибе.

Бұл жаңа бөлімнің негізгі танымдық міндеттері – білім алушыларды шынайыөмірдегі кейбір маңызды биологиялық процестердің химиялық тараптарымен таныстыру. Биология курсынан алған білімді пайдаланып, білім алушылар адам ағзасының химиялық құрамын оқыпбіледі. Мұнда сондай-ақ адам ағзасына кері әсер ететін зиянды заттар туралы мәліметтер беріп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттауға көңіл бөлу қажет.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына «Тағам құрамынан қоректік заттарды анықтау»деп аталатын жаңа практикалық жұмыс енгізілген.

«Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімі де жаңадан енгізіліп отыр. Бұл жаңа бөлімде пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи ресурстар, кен орны, кен, кеннің құрамы, минералдар, табиғи ресурстарды өндіру, металдарды алу, Қазақстанның пайдалы қазбалары, минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері ұғымдары оқытылады.

Қазақстанның байлығы болып табылатын жанар май қоры мен минералдық ресурстар туралы білім алушыларға «Жаратылыстану» және «География» пәндерікурсынан өз білімдерін жинақтап қорытуға мүмкіндіктері бар.Жер қыртысының химиялық құрамы, кендерден металл өндіру негіздері мәселелері қарастырылады.Бұл тақырыпты зерделеу жансыз табиғатта өтіп жатқан процестер туралы білімддерін тереңдетуге, сондай-ақпатриоттық сезімдерін оятуға мүмкіндік береді.

8-сыныптың оқу бағдарламасында жаңадан қосылған «Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу» бөліміндетиісінше экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, термохимиялық реакциялар,отындардың жануы мен энергиясын бөлуі, кинетикалық бөлшектер теориясы тұрғысынан энергия өзгерту жаңа ұғымдар зерделенеді.

Жану – ол, жылу мен жарықты қоса бөле отырып оттегімен жоғары жылдамдықта өтетін реакция.

Жанатын бөліктің басты өнімі көміртек, ол көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Кейде көміртек қосылыстары шала жанған кезде өмірге қауіпті улы газ-иіс газы СО және күйе С түзіледі.

Термохимиялық теңдеулерді дұрыс жазуға көңіл бөлу маңызды. Термохимиялық теңдеулерді жазғанда заттардың агрегаттық күйлерін әріппен белгілеуге назар аудару қажет, мысалы:

Н2(г) + Cl2 (г) =2HCl (г) +184 кДж

N2(г) + О2(г) = 2NO(г) -180 кДж

Жаңартылған мазмұндағы бағдарламада практикалықіс-әрекеттердағдыларын қалыптастыру әлдеқайда көп дәрежеде қарастырылған. Бұл арада практикалық және зертханалық жұмыстар ерекше рөл атқарады.

8-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша 10 зертханалық тәжірибе берілген,оның ішінде 3-уі жаңа:

- «Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» № 2 зертханалық тәжірибе;

- «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» № 4 зертханалық тәжірибе;

- «Судың кермектігін анықтау» № 10 зертханалық тәжірибе.

«Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» зертханалық тәжірибесінде білім алушылар әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтайды.

«Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» зертханалық тәжірибе 2-ші тоқсанда өткізіледі. Бұл зертханалық тәжірибеде білім алушылар экзотермиялықреакциялар жылуды бөле отырып, ал эндотермиялық реакцияларжылуды өзіне сіңіре отырып өтетінін танып біледі.Тәжірибені оындаған кезде білім алушылардың қорғаныш көзілдірік кигендігін қадағалау керек.

№ 10 «Судың кермектігін анықтау» зертханалық тәжірибесі«Су» бөлімін өткенде өткізіледі. Білім алушылар судың «кермектігін» анықтайды және оны жою тәсілдерін түсіндіреді.

Жаңартылғанмазмұндағы типтік оқу бағдарламасы бойынша қолданыстағы бағдарламамен салыстырғанда 7-8-сыныптар үшін зертханалық жұмыстар саны көбейді. Төменде химия бойынша зертханалық және практикалық жұмыстар мен демонстрациялар өткізутізімі берілген.




Жұмыс түрлері

7-сынып

8-сынып

Демонстрациялар

-

4

Зертханалық тәжірибе

11

10

Практикалық жұмыстар

4

7

Оқу жылы ішінде химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне төмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі:



Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді жүзеге асыру. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер. Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту. Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Белсенді және интербелсенді оқыту әдістерімен химия сабақтарында білім беру саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері.

Білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі бағалаудағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Химия пәні бойынша оқу сабақтарында бақылау-бағалау процесінде білім алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру. Білім алушылардың бірін-бірі бақылау,бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау,кері байланыс тәсілдерін тиімді пайдалану, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.

Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы химия пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында және сабақтан тыс қызметте заманауи технологияларымен электронды білім беру оқыту құралдарын пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау, бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және жаңа мәселелерді шешу үшін қолдану

дағдыларын. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана).

Академия мұғалімдерге білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайына әдістемелік ұсынымдамалар дайындады. Ұсынымдамалар Академияның сайтына орналастырылған.
«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

3

3

3

3


«Биология» оқу пәнін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
«Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде білім алушыларға қоршаған ортаның көптүрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.

«Биология» пәнін зерттеу барысында алынған деректерді жинау, өңдеу және түсіндіру, зерттеу жүргізу, биология бойынша эксперименттік зерттеуді жоспарлау, биология пәні бойынша оқу жабдығын қалай пайдалану сияқты дағдыларын дамытуға ықпал етеді.Білім алушылар биология оқу процесінде алған білімдері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.

«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.

«Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуантүрлілігі, құрылымы және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»; «Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы ғылымдар».Биология бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы сатыларының өзінде пән туралы бүтіндей түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Биология бойынша оқу бағдарламасына (7,8-сыныптарда)алғаш рет мынадай бөлімшелер енгізілді: «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары», оның аясында тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қарастырылады, «Микробиология және биотехнология» – микроорганиздер, антибиотиктер және антисептиктер туралы түсініктер енгізіледі.

Аталған бөлімшелерді оқыту білім алушыларды қоршаған ортаны түсіну, сонымен қатар жоғары сыныптарда пәнді барынша тереңірек одан әрі зерделеуге көмектеседі.

Демек, білім алушылар ағзалардың әртүрлі топтарына тән биологиялық процестер мен құбылыстарды бір мезгілде зерделеу және салыстыру мүмкіндігін алады.

Оқу бағдарламасының мынадай бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек:


      • «Тірі ағзалардың әралуандылығы» – білім алушыларды ағзалардың әр түріне арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісін оқыту;

  • «Қорек» – адамның ас қорыту жүйесі бойынша білім негіздерін қалануы тиіс (аталған тақырыпты білім алушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады).

  • «Жасушалық цикл» – генетикалық материал туралы түсінікті енгізу (химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты білім алушылар 10-сыныпта жан-жақты зерделейтін болады).

Сабақтарды жоспарлаған кезде практикалық дағдыларды дамытуға бағыталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек.

«Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

- 7-сыныпта: аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты.

- 8-сыныпта: аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

«Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде білім алушыларға қоршаған ортаның көптүрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.

«Биология» пәнізерттеу барысында алынған деректерді жинау, өңдеу және түсіндіру, зерттеу жүргізу, биология бойынша эксперименттік зерттеуді жоспарлау, биология пәні бойынша оқу жабдығын қалай пайдалану сияқты дағдыларын дамытуға ықпал етеді.Білім алушылар биология оқу процесінде алған білімдері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады.

«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.

«Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуантүрлілігі, құрылымы және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»; «Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы ғылымдар».Биология бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы сатыларының өзінде пән туралы бүтіндей түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Биология бойынша оқу бағдарламасына (7,8-сыныптарда)алғаш рет мынадай бөлімшелер енгізілді: «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары», оның аясында тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қарастырылады, «Микробиология және биотехнология» – микроорганизмдер, антибиотиктер және антисептиктер туралы түсініктер енгізіледі.

Аталған бөлімшелерді оқыту білім алушыларды қоршаған ортаны түсіну, сонымен қатар жоғары сыныптарда пәнді барынша тереңірек одан әрі зерделеуге көмектеседі.

Демек, білім алушылар ағзалардың әртүрлі топтарына тән биологиялық процестер мен құбылыстарды бір мезгілде зерделеу және салыстыру мүмкіндігін алады.

Оқу бағдарламасының мынадай бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек:


      • «Тірі ағзалардың әралуандылығы» – білім алушыларды ағзалардың әр түріне арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісін оқыту;

  • «Қорек» – адамның ас қорыту жүйесі бойынша білім негіздерін қалануы тиіс (аталған тақырыпты білім алушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады).

  • «Жасушалық цикл» – генетикалық материал туралы түсінікті енгізу (химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты білім алушылар 10-сыныпта жан-жақты зерделейтін болады).

Сабақтарды жоспарлаған кезде практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек.

«Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

- 7-сыныпта: аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты.

- 8-сыныпта: аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.




Мұғалімдер назарына!!!

Оқу бағдарламасы бойынша 7 және 8- сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды.Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады.

Мұғалімдер назарына!

«Физика», «Химия», «Биология» және «География» курстарының оқу бағдарламаларында қарастырылатын зертханалық, практикалық жұмыстар, модельдеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс, себебі бұл әрекет білім алушылардың ізденіс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Демонстрациялық жұмыстардан басқа барлық жұмыстар бағаланады. Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады
Жаңартылған бағдарлама бойынша 7 сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу жұмыстары қарастырылған





Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

3

1

-

2-тоқсан

4

1

-

3-тоқсан

2

-

-

4-тоқсан

5

2

-

Барлығы

14

4

-

8- сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-сыныптан – 3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған.






Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1

1

2-тоқсан

3

-

-

3-тоқсан

6




1

4-тоқсан

-

1




Барлығы

14

2

2

Бұл пәнді оқудың бірнеше негізгі мақсаттары бар. Мақсаттарының бірі мәліметтерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру, ғылыми зерттеуді жоспарлау, бақылау сияқты зерттеу, ойлау және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Мысалы, әр түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы білім алушы жоспары құруды, зерттеу, жіктеу, бақылау, эксперименттер жүргізу, нәтижелері баяндау мен бағалау, қорытындылар жасауға және ойша пайымдауды үйренеді. Білім алушылардың бойында үйде, мектепте, табиғаттан байқалатын объектілер мен құбылыстарды түсіндіру және сипаттау үшін алған білімі мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуі дамиды.

Білім саласы бойынша қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика»,«Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздарына арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», (Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биологияның проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».

Мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруіне және әдістемелік бірлестіктерге ұсынылатын тақырыптар: «Биология сабағында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру», «Биология және химия сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолдану», «Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру», «Оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру және ұйымдастырудағы рефлексияның рөлі», «Биология сабақтарында білім алушы тәрбиесіндегі экологиялық бағыт», «Сабақта білім алушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту», «Ойлау әрекетін белсендендіру кұралы ретінде жаңа материалды зерделеудегі проблемалық тәсіл», «Білім алушының белсенді өздік жұмысы арқылы проблемалық жағдайларды жасау», «Білім алушылардың сабақта және сабақтан тыс уақыттағы ғылыми және жобалық жұмыстары», «Білім алушыларды олимпиадаға дайындау әдіс-тәсілдері», «Оқу процесін жаңғырту жағдайында сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану».



Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларына байланысты өзгертілуі мүмкін.
«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

3

3

3

8-сынып

3

2

3

3


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:

  • білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға;

  • білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне тарту, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған.

2018/2019 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./ Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары Қазақстан тарихы. Дүниежүзі тарихы)


2018-2019 оқу жылында тарих пәндері бойынша 5-8 - сыныптарда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары енгізіледі.

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды.



Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

  • тарихи пәндер мазмұнының қөлемі тақырыптық бөлімдерді біріктіру арқылы ықшамдалған;

  • тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи процестер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;

  • тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;

  • білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінген.

Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

Күтілетін пәндік нәтижелер әр бөлімдер мен тақырыптар бойынша анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.



Негізгі орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:

  1. - сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр)

  2. - сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар);

  3. - сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);

  4. - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);

9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін).

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 2017-2018 оқу жылынан бастап 5- сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқытылмайды. Бұл бастауыш мектептегі «Дүниетану» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанымен байланысты. Сондықтан да 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі тарихымен қатар) оқытылады. Сонымен, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерін жүйелі түрде оқу 5- сыныптан басталады.
Назар аударыңыздар!

2018-2019 оқу жылында тарих пәндері бойынша 5, 7, 6, 8 – сыныптарда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын енгізу барысында қолданыстағы және жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мазмұнында хронологиялық кезеңдердің сәйкессіздігі орын алады.


71-кесте – Оқу бағдарламаларын салыстыру


Қолданыстағы бағдарламалар

Білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар

5-сынып – Қазақстан тарихынан әңгімелер

5-сынып – Ежелгі заман тарихы

6-сынып – Ежелгі заман тарихы

6-сынып – Орта ғасырлар тарихы

7-сынып – Орта ғасырлар тарихы

7-сынып – Жаңа заман тарихы

8-сынып – Жаңа заман тарихы

8-сынып – Қазіргі заман тарихы

(ХХ ғасырдың бірінші жартысы)



9-сынып – Қазіргі заман тарихы

9-сынып – Қазіргі заман тарихы

(ХХ ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін )




6-сыныпта ежелгі заман тарихын оқыған білімалушылар 2018-2019 оқу жылында 7- сыныпқа өткен кезде жаңартылған бағдарламаға сәйкес орта ғасырдағы тарих курсын оқымай жаңа замандағы тарихты бастап оқып кететін жағдайда болады.

Осы жағдайды болдырмау үшін, «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша білім мазмұнынында сабақтастықты сақтау мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнын кезең-кезеңмен енгізу үрдісінде 7-сыныпта 6-сыныптың жаңартылған бағдарламасы қолданылатын болады (орта ғасыр тарихының кезеңі).

Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқуда бірізділік пен сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында 8- сыныпта 7-сыныптың жаңа бағдарламасы енгізілетін болады (жаңа заман тарихы кезеңі).
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері
Қазақстан тарихы бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.
«Қазақстан тарихы»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5- сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  3. 7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  4. 8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.


Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

5-8-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының ежелгі дәуір, орта ғасырдағы және жаңа замандағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды қажет етеді. Сондықтан, жаңартылған білім мазмұны бойынша «Қазақстан тарихы» пәнін тарихи түсініктер негізінде оқыту ұсынылады:

Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:



  1. өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады)

  2. себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);

  3. дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);

  4. ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);

  5. маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);

  6. интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).

Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.

Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу үдерістері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).



2018-2019 оқу жылынан бастап 5,6,7-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:

- білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;

- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:

Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді

5-сыныпта: «Өлкенің тарихи ескерткіштері», «Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар, ақындар», «Туған өлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, өнегелі жерлестерінің өмірін замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.

5-сыныпта «Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау үшін мүмкіндігінше мұражай сабақтарын өткізу ұсынылады. Мұражайда өтетін сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.

Мұражай базасында өткізілген сабақтар білімалушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді.

6-сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім алушылардың өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне ықпал ету ұсынылады.

Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел-бір тағдыр» тақырыбы арқылы аймақтағы әр түрлі ұлттардың тарихы, салт-дәстүрімен танысады. Бұл білімалушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.

7-сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады.


«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

1

2

2

3

6-сынып

1

1

3

2

7-сынып

1

1

3

2

8-сынып

2

2

3

1


«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері

«Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны: әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бөлімдерін қамтиды. Сондықтан 5-8-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» бойынша ежелгі дәуір, орта ғасырдағы және жаңа замандағы әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:


  1. 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  4. 8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер

1. Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:

  • тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін (тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді өздігінен шешумен сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;

  • тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыруға;

  • тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

2. Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны «оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады.

Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.

Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау» аттыоқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады.

3. Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:



  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

  • білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

  • білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;

  • оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;

  • сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.

4. Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады:

- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;

- тұлғалық белгілерін сипаттау;

- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;

- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.

Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының дамуына өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден көрінетін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рөл атқарады.

Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.



«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Тәрбиелік компонент

Пән мазмұны біздің ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1.Ақын, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 925 жыл (1093-1166);



2. Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781);

3. Қазақ ханы, қолбасшы Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл (1693-1748);

4. Қолбасшы, би, шешен Сырым Датұлының туғанына 295 жыл (1723-1802);

5. Күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1818-1896);

6. Жәңгір сұлтан Бөкей Ордасының ханы болып сайланғанына 195 жыл (1823);

7. Қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 160 жыл (11.07.1858-2.10.1931);

8. Қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл (1858-1931);

9. Халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 145 жыл (1873-1919жж.);

10. Ақын, педагог, түрколог, ғалым, ҚазАКСР халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл (1873-1938жж.);

11. Педагог, ғалым, журналист, қазақ дәрігері, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл (1883-1939жж.);

12. Ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893-1938жж.);

13. Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл (1918-2006жж.);

14. Мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 75 жыл (1.01.1943);

15. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Тенгенің енгеніне 25 жыл (1993 ж.);

16. Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998).

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Тамыз кеңесінде тарих пәні мұғалімдерінің пәндік секциясында талқылауға келесі сұрақтар ұсынылады:

– 2017-2018 оқу жылындағы жаңартылған мазмұнда тарихи білім беру нәтижесін ескере отырып, жалпы білім беретін ұйымдарда 2018-2019 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;

– тарих бойынша әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтардың, жас мұғалімдер мектебі жұмысын жоспарлау.

Оқу жылы ішінде тарих пәні бойынша әдістемелік бірлестіктер кеңесінде келесі мәлелелерді қарастыру ұсынылады:


  • Рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру;

  • Қазақстан тарихы сабағында «Өлкетану» кіріктірілген курсын жүргізудің өзекті мәселелері;

  • Қоғамдық пәндерді оқытудағы тарих пәні мұғалімінің рөлі мен маңызы.


«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау

рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

Мұғалімге қауіпсіз білім беру ортасының компоненттерін «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту барысында кіріктіру ұсынылады. Мысалы, адамзаттың жаһандық мәселелерін талқылау барысында тарих сабақтарында апаттар қаупін төмендету, ақпараттық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік, зорлық-зомбылықты жою т.б. сұрақтарды қарастыруға болады.



«Өзін-өзі тану»

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті:

  • тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау;

  • білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру;

  • жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

5-8-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды:

  • «Таным қуанышы»;

  • «Адам болам десеңіз ...»;

  • «Адам және әлем»;

  • «Адамзаттың рухани тәжірибесі».

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-8-сыныптардааптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
5-сыныпта:

Тарау тақырыбы

Сабақ нөмірі

Сабақ тақырыбы

Таным қуанышы

1-2

Мен өзімді танимын

3-4

Менің талпыныстарым

5-6

Танымға бастар жол

7-8

Мен – Адаммын!

Адам болам десеңіз ...

9-10

Адам мінезі

11-12

Болу – болып көріну емес

13-14

Еңбек қуанышы

15-16

Адам жанының сұлулығы

Адам және әлем

17-18

Отбасы татулығы

19-20

Адам ұжымда

21-22

Адами қарым-қатынастар әлемі

23-24

Сенім туралы

Адамзаттың рухани тәжірибесі

25-26

Табиғат – шабыттың қайнар көзі

27-28

Ойдың, сөздің және істің бірлігіндегі өмір

29-30

Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі

31-32

Ар ілімі

33-34

Әсемдік әлемінде

6-сыныпта:



Тарау тақырыбы

Сабақ нөмірі

Сабақ тақырыбы

Таным қуанышы

1-2

Ақиқатты іздеу жолында

3-4

Адамның мүмкіндіктері

5-6

Өзіне сенім

7-8

Әсемдікке талпыныс

Адам болам десеңіз ...

9-10

Өзгелермен үндесу

11-12

Ақкөңілділіктуралы

13-14

Ар-ұждан және абырой туралы

15-16

Адамдық борышың

Адам және әлем

17-18

Отбасының жылуы

19-20

Сыныптағы достық

21-22

Мен және қоршаған әлем

23-24

Қоғам игілігі үшін еңбек

Адамзаттың рухани тәжірибесі

25-26

Дәуірлерді жалғастырушы желі

27-28

Жүрек қалауымен

29-30

Адамзаттың шынайы көшбасшылары

31-32

Адамзаттың рухани байлығы

33-34

Қандай әсем әлем!

7-сыныпта:



Тарау тақырыбы

Сабақ нөмірі

Сабақ тақырыбы

Таным қуанышы

1-2

Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек

3-4

Адамның ішкі әлемі

5-6

Өмірдің мәні

7-8

Адам бақыты

Адам болам десеңіз ...

9-10

Адам абыройы

11-12

Адам жауапкершілігі

13-14

Парыз тәртіптен басталады

15-16

Қоғамға қызмет ету

Адам және әлем

17-18

Адами қарым-қатынас жарастығы

19-20

Отбасылық құндылықтар

21-22

Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

23-24

Адам және адамзат

Адамзаттың рухани тәжірибесі

25-26

Қоршаған әлеммен үндестік

27-28

Адамның рухани әлемі

29-30

Адам жасампаздығы

31-32

Сүйіспеншілік жолындағы өмір

33-34

Әсемдік әлемінде

8-сыныпта:



Тарау тақырыбы

Сабақ нөмірі

Сабақ тақырыбы

Таным қуанышы

1-2

Бұл әлемге келген соң...

3-4

Ар-ұждан үні

5-6

Шынайы білімнің нұры

7-8

Сүйіспеншілік – таным жолы ретінде

Адам болам десеңіз ...

9-10

Қайырымдылық көкжиектері

11-12

Достық айнасы

13-14

Сыйластық бастаулары

15-16

Отанға жол

Адам және әлем

17-18

Отбасын қадірлеу

19-20

Менің сыныптасым

21-22

Өз мұратына жету

23-24

Мен әлемді сүйемін!

Адамзаттың рухани тәжірибесі

25-26

Даналықтан қанып іш...

27-28

Қалаулар шегі

29-30

Шығармашылық қанатында

31-32

Болашақты жасаймыз

33-34

Қандай әсем әлем!


Білім алушылардың білімін бағалау

Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Сынақ» бағасы қойылады.



Егер білім алушы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Өзін-өзі тану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін әзірлесе, білім алушыға «сынақ» қойылады.
«ӨНЕР»БІЛІМ САЛАСЫ
5-6-сыныптарға арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде білім алушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту

Пәнді оқытудың міндеттері:өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру; музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру; сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-қатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру; музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту; музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту; музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін қалыптастыру; музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және өңдеу); ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.

«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

2) 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«Музыка» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны бөлімдер бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер пән бойынша оқыту мақсаттары және оған қол жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бөлімшелерге бөлінген.

Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:

1. «Музыка тыңдау, орындау және талдау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: «Музыка тыңдау және талдау»; «Музыкалық сауаттылық»; «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет».

2. «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: «Идеялар және материалдарды жинақтау»; «Музыка шығару және импровизация».

3. «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау» бөлімі келесі бөлімшені қамтиды: «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау».

«Музыка» пәнінің 5-сыныпқа арналған базалық мазмұны: «Қазақ халқының музыкалық мұрасы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-салт әндері және заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»; «Музыка тілі – достық тілі»; «Өлкетану: Туған өлке симфониясы» бөлімдерін қамтиды.

«Музыка» пәнінің 6-сыныпқа арналған базалық мазмұны:«Классикалық музыканың үздік туындылары»; «Заманауи музыка мәдениеті»; «Музыка және өнер түрлері»; «Музыка – өмір тынысы»; «Өлкетану: Туған жердің таланттары» бөлімдерін қамтиды.

Әрбір бөлімшелерде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге үш түрлі іс-әрекет арқылы (білім алушылардың музыкалық сауаттылықты зерделеу, музыкалық-орындаушылық және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті) жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары білім алушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.  «Музыка» пәні бойынша   жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.

«Туған өлке симфониясы» және «Туған жердің таланттары» тақырыптары 2018-2019 оқу жылынан бастап «Өлкетану» кіріктірілген курсына енгізілген, ол 5-6-сыныптардың «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде оқытылады. «Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады, соның ішінде, қазақтың атақты әншісі, Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл (1888-1934жж.).

5,6,7,8-сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде білім алушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы); жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға; эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға; уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет