ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


-2019 жаңа оқу жылында бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша формада және олардың аралас түрінде жүзеге асырылады



бет7/24
Дата31.12.2019
өлшемі4.48 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

2018-2019 жаңа оқу жылында бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша формада және олардың аралас түрінде жүзеге асырылады.

Бақылау формасын таңдау меңгеруге бөлінген оқу пәні, оқу сағатының саны, оқыту кезеңі және жоспарланған оқыту нәтижелеріне, білім алушылардың жас ерекшелігі мен жеке қабілетіне байланысты.

Бақылау тексерістері білім беру ұйымының басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және соңғы сабақтарда өткізу ұсынылмайды.

Білім мазмұнына жаңартулар енгізуді ескере отырып, оқу процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін жалпы білім беретін ұйымдардың әкімшілігіне төмендегідей нормативтер ұсынылады.

2-кесте – Мектепішілік бақылау нормативтері





р/с

Бақылау нысандары

Норма

1

Сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларына қатысу және талдау

айына 8-10 сабақ (директор орынбасарларына),

айына 2-3 сабақ (директор орынбасарларына)



2

Сынып журналдарын тексеру

тоқсанда 1-2 рет

3

Білім алушылардың күнделіктерін(болған жағдайда) тексеру

тоқсанда 1 рет

4

Пән бойынша оқу бағдарламаларын тексеру


тоқсанда 1 рет, жылына 4 рет

5

Білім алушылардың жеке іс қағаздарын тексеру

жылына 2 рет (сынып жетекшілері үшін)

6

Пән бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларын тексеру

жылына 2 рет


Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

2018-2019 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптарда жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау жүйесі формативті бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.

Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету, оқытудағы алға басуын көрсету, оқыту нәтижесі бойынша ата-аналарын хабардар ету мақсатында әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады.

Мұндай бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандырады, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағыттайды. Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.

Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсаттарын айту/көрсету мен оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыту мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.

Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу материалын қалай игергенін, практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беретін, нақты анықталған, алдынала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген.

Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.

Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті, таңдау жасай білуді, рефлексияға қабілеттілікті, жауапкершілікті ұстану маңызды.

Бағалау жүйесі мұғалім мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты қолдауды және ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына жаңа бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық тренинг немесе мастер-класс өткізіледі.

Мұғалім ата-аналармен дескрипторларды алдын ала талқылап, критерийлері бұрыннан белгілі тапсырмаларды таратып, ата-аналармен топта және жұпта жұмыс істей отырып, ата-аналар жиналысын сабақ формасында өткізе алады. Сабақта ата-аналарға, балаларына берілгендей, өздерін бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерін талқылауға мүмкіндік беріледі.

Жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.

Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:



- «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;

  • «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;

  • жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;

  • бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық;

  • негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;

  • сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

  • сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

  • сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдама.

Әдістемелік құралдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.

Мұғалімнің бағалау қызметі – бағалау критерийлерін іріктеу, әзірлеу және қолдану, бақылау мен бағалау тәсілдері.

Білім алушының бағалау қызметі үшін:


  • үнемі әртүрлі бағалау түрлерін қолдану (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау);

  • білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өз бетінше дайындау және таңдап алу;

  • бақылау әдістері мен түрлерін әзірлеу және іріктеп алу;

  • кері байланысты үнемі қамтамасыз ету қажет.

Мұғалім:

1) бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;

2) бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);

3) бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе «НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы;

4) білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;

5) үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлеуі;

6) сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі;

7) жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша ата-аналар жиналыстары барысында кері байланыс немесе рубрикалар түрінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беруі қажет.

Мұғалім білім алушылардың бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын тексеруде және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу тапсырмаларының шарттарын белгілеуде түзетілген жерлерді ескеруге болмайтынын білуі тиіс.

Білім алушылар мен педагогтердің портфолиосын жүргізу міндетті емес.

Ескерту! Сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс дәптерлерін пайдалану міндетті емес.

Оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестация өткізілмейді.

Бағалау барысында мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды ескерген жөн:

1. Білім алушылар бағалау процесіне белсенді қатысады, соның ішінде, үнемі өзін-өзі бағалау жұмыстарын өткізеді.

2. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;

3. Білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.

4. тапсырмалардың әртүрлі формалары мен түрлері қолданылады және мінсіз орындаған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді;

5. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болады;

6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті шарты ретіндегі білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді;

7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін БЖБ және ТЖБ оқу тапсырмаларына өтілген (меңгерілген) оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқыту критерийлері оқыту мақсаттарына сай болуы тиіс.

Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану, анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.

Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушыларға дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

8. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.

9. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау маңызды.

10. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.

Өзін-өзі бағалаудың басты мақсаты - білім алушы өзін-өзі бақылайды, реттейді, оқу жетістіктерін өз бетінше сараптайды. Өзін-өзі бағалау:


  • білім алушының нақты бағалау критерийлерін қабылдауы немесе бағалау критерийлерін бірлесіп әзірлеуі;

  • оқу тапсырмасымен танысуы;

  • критерийлер бойынша өзін-өзі болжамды бағалауы (орындай аламын ба?, барлығын орындай аламын ба?, тапсырманың жартысын орындаймын?);

  • рефлексивтік өзін-өзі бағалауы;

  • қателермен жұмыс жасау сияқты рәсімдерден тұрады.

Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауынан бұрын өткізілуі тиіс.

Өзін-өзі бағалау түрлері

Болжамды өзін-өзі бағалау оқу тапсырмасын орындау алдында жүзеге асырылады және оны жиынтық бағалауға дайындық кезінде өткізген тиімді. Білім алушы нені жақсы орындай алатынын, не қиындық тудыратынын, нені орындай алмайтынын анықтайды.

Оқу жетістіктерінің бағалау критерияларына сәйкес тиісті тапсырмалар таңдалады және жасалады. Білім алушылар критерийлермен БЖБ және ТЖБ басталғанға дейін танысуы керек. Бұл жағдайда, білім алушылар үнемі сол критерийлерге сүйенеді және жиынтық жұмысқа дайындық барысында өздерінің мүмкіндіктерін бағалайды.

Білім алушы қандай критерий бойынша өзін-өзі бағалауды төмендеткенін немесе жоғарылатқанын анықтайды, айырмашылық себептерін табуға тырысады, сондай-ақ қателерінің себептерін табады.

Болжамды бағалауды тапсырмаларды орындау алдында, жаңа материалды меңгеру кезеңінде де қолдануға болады.

Мазмұнды өзін-өзі бағалау жақсы сараланған, оқу қызметінің сапалы өзін-өзі талдауын, оның нәтижесін қамтамасыз етеді.

Басында мұғалім білім алушыларға оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлерін ұсынады.

Өзін-өзі бағалау тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ жалпы білім беру дағдыларына да әсер етуі мүмкін. Бастауыш мектептің негізгі міндеттерінің бірі – білім алу мүмкіндігі – топта жұмыс істеу, ақпарат іздеу, сұрақтар қою, байқау, ынтымақтастық қабілетін қалыптастырусыз мүмкін емес.

Бастауыш мектептегі жалпы білім беру процесінде жалпы білім қабілеттерін қалыптастыру процесі бақыланатын болады.

Бірінші сыныпта білім алушыларға бағалау құралдарын қолдану, бағалау критерийлерін таңдау, олардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерімен байланыстыруды үйрету жеткілікті. Алдымен білім алушылар өзінің жұмысын өлшемдермен салыстыруға үйренеді. Өлшемдерге әріптер мен сандарды жазу үлгісі жатады. Бағалаудың сәйкес келмеуі рефлексияның мәні болып табылады.



Критериялар ретінде пәндік және жалпы оқуға икемділігі көрсетіледі.

Мысал ретінде, бастауыш мектепті бітіруші «Математика» пәнін оқу барысында төмендегідей пәндік жалпы оқуға икемділігі қалыптасуы тиіс: математикалық моделдеудің, мәтіндік (сюжеттік) тапсырмаларды шешу әдістері.



Математикалық модельдеу білім алушылардың нақты пәндік дағдыларды біртіндеп меңгеруін білдіреді: сызба, формулалар (теңдеу), сандық өрнек, тапсырманы кесте, сызбанұсқа ретінде көрсету, бір моделден екіншіге өтуді жүзеге асыра білу қабілеті. Сонымен қатар, бастауыш мектеп бітірушісі мәтіндік тапсырманы 1-2 әрекетте ғана шешіп қоймай, мәндердің берілген мәндері мен олардың арасындағы байланыс үшін, тапсырманы тұжырымдай білу (кем дегенде 1 әрекетте) керек.

«Жаратылыстану» пәнін оқыту барысында, мысалы, төмендегідей дағдылар қалыптасуы қажет:

- нысандар арасына қарамастан байланыстар орнату, нысандардың өмір сүру және даму жағдайларын сипаттау;

- жіктеу, нысандарды салыстыру, уақытты анықтау және кеңістікті сипаттау;

- ғылым әдістерін қолдану, ең бастысы байқау әдістерін, өлшеуді жүргізе білу.

Оқу пәні мен оқыту мақсаттарының жүйесіне сәйкес оқу пәндері бойынша бағалау критерийлері әзірленуде.

Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өзі таңдап, әзірлей алады.


  1. Диагностикалық құралдар тек бақылауды, диагностиканы ғана емес, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу функцияларын орындайтын тапсырмаларды қамтуы керек, яғни:

- тапсырмалар білім алушыға белгілі бір жаңа ақпаратты бере алады, мәселен: «Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс)»;

    • тапсырмалар білім алушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды, мысалы, «Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз («көп» немесе «аз» байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер».

  1. Тапсырмалар әртүрлі факторлармен жүктелуі керек, олардың бірі пән бойынша оқытудың нақты нәтижесі болып табылады, ал екіншісі жалпы білім беру (әмбебап) дағдыларын игерудегі білім алушының жеке қасиеттерін көрсетеді. Мәселен, «Мәтіннің үшінші абзацындағы түбірінде дауысты дыбысы бар үш сөзді жаз, оларға сәйкес келетін сөздерді таңдаңыз».

Сыныптағы балалардың дайындық дәрежесі, олардың оқуға қабілеттілігіне байланысты, мұғалім белгілі бір уақыт аралығында аралық нәтижелерге қол жеткізе алады.

Бұл ретте жетістіктерді бағалау үшін қажетті (негізгі) нәтижені барлық сынып білім алушылары көрсете алатындай критерийлерді таңдау қажет. Басқа критерийлер барлық белгілі бір мерзімге қосымша ретінде қабылданады. Көптеген білім алушыларды қосымша критерийлермен бағалауға болады, бірақ барлық 100% білім алушылардың әрі қарай оқуда табысқа жетуі үшін негізгі базалық критерийлерге сәйкес нәтижелерін ғана көрсету жеткілікті.

Бірінші сыныптағы бағалау қызметін ұйымдастыру әдістерін қарастырамыз.

Бастапқыда үлгі критерий болады. Мұғалім әріптер элементінің дұрыс жазылуын көрсетеді, балаларды сөзбен қайталап айтуды және олардың оқу нәтижесін үлгіге (өлшемшартпен) сәйкес бағалауды сұрайды.

Білім алушының өздігінен бағалауынан кейін бағалауды мұғалім жүргізеді. Бағалаудың сәйкессіздігі рефлексияны тудырады: менің бағалауым неге мұғалімнің бағалауымен сәйкес келмеді? Мен әріптің қай элементін қате жаздым? Білім алушы өз қателігінің себебін табуға тырысады.

Әр жұмысты әртүрлі критерийлермен бағалауға болады, бірақ білім алушы алдымен бір критерийдің призмасы арқылы нәтижесін көруді, содан кейін бірнешеуін көруді үйренуі маңызды. Тапсырманы орындауға дайындық барысында мұғалім білім алушылардан: «Біз қандай дағдыларды, қандай ережені тексереміз?»,- деп сұрайды.Солай критерийлер қалыптасады.

Білім алушылар оқу тапсырмаларын бірнеше критерийдің призмасы арқылы көруге, бірнеше критериймен өзін бағалауды үйренеді.

Тапсырманы орындай отырып білім алушы іс-әрекетінің өзін-өзі бақылау және қалыптасқан критерийлер бойынша өзін сауатты бағалауды жүзеге асырады.

Диктант, шығарма, бақылау жұмысы, эссе жазуға дайындық кезінде білім алушылар тұжырымдалған критерийлерді басшылыққа алады. Критерийлерге негізделген нәтижелердің бағасы мұғалімнің объективті болуына, білім алушыға орындаған тапсырмалар деңгейін болжауға, қателердің себептерін анықтап, ескертуге мүмкіндік береді.

Мұғалім мен білім алушылардың оқу қызметінің нәтижелеріне жақсы баға бергені маңызды. Ал білім алушылардың қателерін әрі қарай жетістіктерге, білім беру мақсаттарына қол жеткізуге пайдалану қажет.
Критериалды бағалау құралдары

Мұғалімнің ауызша бағалауы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін көтермелеумен байланысты болуы керек. Баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет.



Негативті баға білім алушының ынтасына,  жауапкершілігіне, табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге классикалық сөздермен тоқтап қалмай, сөздік бағалау қорын толықтыру қажет. Бұл ретте білім алушының оқу жетістігіне қарап, эмоционалдық қатынасты, білім алушының табыстары бойынша қобалжуы-алаңдауын көрсетуі қажет. «Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты», «сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын», «Сенің пікірің қызықты» (болжам, жорамал), «Қандай керемет идея, оқулық авторы бұл туралы ойлаған да емес»,«Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі жолы барлығын өзің жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер».

Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:

- білім алушыны бірден мақтаңыз, тіпті болмашы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін де мақтаған жөн;

- білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін мақтаңыз;

- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді, сізге оның жетістігі жағымды екенін айтыңыз.

Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды, содан кейін жаңа міндет қоюға болады.

Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта пайымдауды үйренуі керек.

Білім алушы коррекциялық міндетті өзі құрастырғаны жақсы.

Мұғалім білім алушыларға  өзара әрекеттестік-тің, конструктивті қарым-қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.

Жазбаша кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді.

Формативті бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі.

Бағалау – бұл үздіксіз процесс. Оған мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар, әкімшілік /мектеп әкімшілігі/ қатысуы қажет.

Формативті бағалау түрінің ажырамас бөлігі бақылау және құжаттама болып табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар. Бейресми бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ жүреді. Формалды бақылау – мұғалім өзіне қадағаланатын сол немесе өзге де дағдылар қаншалықты дамығанын көру мақсатын қояды.

Формативті бағалау білім алушылардың оқу процесінде білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау қызметін атқарады, білім беру процесін түзетуге мүмкіндік береді, мұғалім кері байланысты жүзеге асыру үшін жүргізеді.

Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім өзінің жинақталған тәжірибесін пайдалана отырып, өз қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн.

Формативті бағалау жүргізу алдында білім алушыларды оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды. Білім алушыларға тапсырманы орындау кезінде не нәрсеге назар аудару қажеттігі түсінікті болу үшін бағалау критерийлерінің маңызын түсіндіру керек.

4-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған.
4-кесте - Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері


Дағдылар

Сипаттама

Білу

Нақты дәлелдерді, ақпараттарды және олардың сипаттамаларын білу және еске түсіру

Түсіну

Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты интерпретациялауды көрсету

Қолдану


Ақпаратты және бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес жағдаятта немесе контексте қолдану және пайдалану

Талдау

Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, себептерді немесе мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен әртүрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерттеу, және/немесе жалпы ереже-қағидаларды негіздеу үшін дәлелдеме табу.

Синтез

Жаңа контексте бұрын алынған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта құру қабілетін көрсету

Бағалау

Белгілі бір критерийлер бойынша идеялар немесе фактілердің маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру

Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру ерекшелігін ескере отырып жобаланған, күтілетін оқыту нәтижелері арқылы анықталады.

Төменде ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін пайдаланылатын етістіктер кестесі берілген (5-кесте).
5-кесте – Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы


Р/с

Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін етістіктер тізбесі

1

Білу

Санап шығу, есте сақтау, айту, көрсету, қайталау, аяқтау, жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру және т. б.

2



Түсіну


Талқылау, айқындау-анықтау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрау, тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т. б.

3


Қолдану

Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент өткізу, иллюстрациялау - безендіру, түсіндіріп беру, әрекет жасау, аздап жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобайын жасау, шешу, пайдалану және т.б.

4



Талдау


Талдау, топтастыру, есептеу, категориялау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, талқылау, ажырата, айыра, зерттеуге, тәжірибе, түсіндіру, шығару, реттеу, күмәндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т. б.

5

Синтез


Топтастыру, жинау, комбинациялау/ араластыру, құрау, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап табу, өзгерту-модификациялау, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтау, көшіріп жазу, орнату, анықтап алу және т.б.

6

Бағалау

Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, , сендіру, дәйектеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу,, алдын ала болжау, реті бойынша бөлу, ұсыну-ұсыныс жасау, бөліп/атап көрсету, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, экспертиза жасау, рецензиялау, зерттеу, алып шығу.

Мұғалім білім алушылармен бірлесіп оқыту мақсаттарына жетудегі табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды толықтырады.

Формативті бағалауда мұғалім топтардағы жұмысты белгілі бір дағдыларды бағалаудың тиімді әдісі ретінде пайдалана алады.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын бақылайды және тыңдайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсаттарының жетістіктерін тез көрсете алады.

Бұдан әрі мұғалім оқыту мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылатын білім алушыларды тағы бақылауы қажет және оларға қосымша сұрақтар қою керек.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың жұмысын бақылауы тиіс.

Сонымен, формативті бағалау бес негізгі стратегиялардан тұрады:


    • күтілетін нәтижелер мен бағалау критерийлерін түсіндіру;

    • сыныпта түсінгендерін куәландыратын тиімді талқылаулар мен өзара іс-әрекеттер қалыптастыру;

    • білім алушыларды нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратын кері байланыс ұсыну;

    • білім алушыларды өзара оқыту көздері мен ресурстары ретінде тарту;

    • білім алушының өз білімін «жасаушы» ретінде қалыптасуы.

Формативті бағалау кезінде мұғалім бағалауда жеке тәсілдемені ескеруі тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдысын дамыту үшін көп уақыт қажет екенін көрген болса, бұл оқу мақсатын басқаша бағалауға және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу кезінде түзетулер енгізуге шешім қабылдауы керек.

Мұғалімге сондай-ақ, тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің 4 түрін бағалау қажеттігін есте сақтау маңызды: тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылым.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын мұғалімдер өз бетінше әзірлейді немесе ұсынылған жинақтарды пайдалана алады. Формативті бағалау бойынша есеп беру құжаты болуының қажеттілігі жоқ.

Формативті бағалау кезінде мұғалімнің өзі білім алушылардың санын және кері байланыс жиілігін анықтайды.

Формативті бағалаудың нәтижелерін тіркеу формасын мұғалім өзі (сандық, графикалық, балдық) дербес анықтайды. Формативті бағалау нәтижелері мұғалімнің есептік құжаты болып табылмайды.

Білім алушылар үлгерімінің ағымдағы мониторингі мұғалімдердің тоқсан аяқталғаннан кейін оқу материалының оқу мазмұнын анықтау мен түзету және бөлімдерді зерттеу (ортақ тақырыптар) үшін жиынтық бағалау түрінде жүзеге асырылады.

Білім алушыларға өз мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес белгілі бір дағдыларды дамытуға, сондай-ақ мұғалім білім алушылардың жұмысын объективті бағалауға мүмкіндік беру үшін тапсырмалар әртүрлі және жеткілікті болуы керек.

Үйге берілген тапсырмалар жеткілікті және ұсынылған көлемінен аспайтындай болғаны жөн. Аталған тапсырмалар алған білімін бекіту және ойлау үшін қажет. Мұғалім зерттелген құбылыстардың ішінде ұқсастықтар мен келіспеушіліктерді анықтайтын, сондай-ақ кеше немесе бұрын өткенді салыстыру тапсырмаларын бере алады.

Тапсырмалар белгілі бір критерийлер бойынша балдармен өлшенетін жұмыспен аяқталуы тиіс.

Бөлім/ортақ тақырыптарға арналған жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдары қойылады.

Білім алушылардың бөлім мен тоқсан бойынша жиынтық жұмыстары (БЖБ мен ТЖБ) білім беру ұйымдарында жыл бойы сақталады және білім алушы басқа мектепке ауысқан жағдайда, құжаттарымен бірге берілуі мүмкін.

БЖБ  максималды балын, БЖБ өткізу түрі (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңесі немесе мұғалімнің өзі анықтайды. Бұл ретте БЖБ бойынша алған ең жоғарғы көрсеткіш 1-4-сыныптарда 7-ден төмен және 15 балдан артық емес, 5-11 (12)-сыныптарда 7-ден төмен және 20 балдан артық болмауы тиіс.

Жиынтық бағалау нәтижелері туралы ақпарат білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз немесе электронды түрде беріледі.

Тоқсан бойынша оқу пәндері деңгейінің күрделілігін ескере отырып, күніне үшеуден аспайтын жиынтық жұмыстарын өткізуге болады. Олар тоқсан аяқталуының соңғы күні өткізілмейді.

2-11(12)-сынып білім алушыларының оқу пәндері бойынша жылдық бағалары жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы тоқсандық бағалар жиынтығының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады және қорытынды баға болып табылады.

Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау жүргізілмейді.

Отбасы мен мектеп арасында сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері кері байланыс ретінде формативті бағалау туралы ағымдағы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Білім алушылардың тоқсан бойынша жиынтық бағалауының оқыту нәтижесін әділ және ашық бағалауын қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бір пән бойынша бір жүйеде бағалау мақсатында және сынып параллелінде білім алушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижелерін талқылау үшін модерация процесін өткізеді.

Пән-мұғалімдері ТЖБ қорытындысы бойынша модерация өткізеді. Жиынтық жұмыс пен модерацияны өткізу арасындағы уақыт 2-3 жұмыс күнінен аспауы керек.

Бұл білім беру процесінің нәтижелілігі мен сапасын айтарлықтай арттыруға жол ашады. Анализ негізінде білім алушының оқу материалын меңгеруіне қиындық туғызатын себептері туралы қорытынды шығарылады, проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін жолдарын анықтайды.

Модераторлық сессияда мұғалімдер жасаған сұлбаға сәйкес жинақталған жұмысты талқылайды, қажет болған жағдайда, ұпай жинау сұлбасына өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізеді. Модерация аяқталғаннан кейін хаттама толтырылады.

Модерацияның нәтижелері бойынша балдары өзгеруі мүмкін білім алушылардың жалпы жұмысы қайта қаралады. Модерация нәтижелеріне негізделген жиынтық жұмыс қорытындысы жоғары және төменде өзгеруі мүмкін.

Электронды журналға білім алушылардың тоқсандардағы жетістіктері (бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалау балдары), сондай-ақ балдарды бағаға айналдыратын (тек тоқсан және оқу жылының нәтижесі бойынша) шкала автоматты түрде бағаларды есептеп шығарады.

Білім берудің барлық деңгейінің әр оқу пәні үшін, тоқсанның бөлімдері бойынша жиынтық жұмыстарының саны көрсетілген, электронды журналдың форматы әзірленген.

«Kүнделік» электронды мектеп журналдары жүйесін 5400-ден астам мектеп қолданады.



Kundelik.kz – білім саласындағы электронды құжат айналымының мүмкіндіктерін білім беру жүйесінің барлық қатысушылары арасындағы әлеуметтік желілік өзара қарым-қатынастың құралымен біріктіретін интернет-портал.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының барлық білім беру процесіне қатысушылардың электронды білім беру технологияларына тең дәрежеде қолжетімділігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін білім сапасын жоғарылату, сондай-ақ, функцияларды, оқу-тәрбие процестері мен жалпы білім беру ұйымдарының бақарушылық қызметтері орта білім беру басқармалары органдарын автоматтандыру есебімен, Қазақстан Республикасының жалпы білім ұйымдары білім алушыларының білім алудағы жетістіктері есебінің жүйесін жүзеге асыру болып табылады.

«Kүнделік» журналы тегін болып табылады. Kundelik.kz сайтын қолданғаны үшін абоненттік төлем алынған емес және алынбайды.

Ата-аналарға Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік» бөліміндегі өз баласының электронды күнделігіне кіріп, бағалары мен үй тапсырмаларын білуге үнемі тегін мүмкіндік беріледі. Сайтты пайдаланғаны үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды.

Болашақта қосымша міндетті емес ақылы қызметтер пайда болады деп болжануда. Мысалы, білім беру қосымшалары және контент болуы мүмкін. «Білім алушы рейтингі» осындай міндетті емес қызмет үлгісі болып табылады. Әр ата-ана оған өз қалауымен қосылуға құқылы, ол ата-анаға нақты пән бойынша өз баласының үлгерім деңгейін сыныптың басқа да білім алушыларының үлгерімімен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл опцияның баланың бағасын электронды күнделік түрінде үнемі тегін кез келген уақытта қолжетімді түрде көрсетуге еш қатысы жоқ.

Тұтынушы мәліметтерін қорғауға қатысты ақпарат. Kundelik.kz сайты және тұтынушылардың барлық мәліметтері «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» ММ бекітілген және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйелер операторына тиесілі ақпараттық-есептеу ресурстарында, яғни Қазақстан Республикасының аумағында жабық қорғалған мерзім орталығында орналастырылады. Тұтынушылар мәліметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тікелей жүргізуінде болады. Kundelik.kz жүйесіне кіру жабық болғандықтан, ешбір деректер қолжетімді емес. Kүнделік.kz ішінде әлеуметтік желі бар. Бұл байланыстың заманауи құралы, соның арқасында тұтынушылар жүйе ішінде бір бірімен қарым-қатынас жасай алады. Бұл әлеуметтік желіде басқа әлеуметтік желілер сияқты анонимді тұлғалар өз бетімен тіркеле алмайды. Әр тұтынушыны мектеп тіркейді. Сондықтан, Күнделік желісіне балаларға қауіп төндіретін анонимді тұлғалар кіре алмайды, ондай тұтынушы бірден анықталып, оған тосқауыл қойылады.

Бұдан басқа, әрбір тұтынушы өз бейінінде, мәліметтері ешкімге көрінбейтін, қызметтерді таңдап ала алады.Бұл Kundelik.kz–ті жасөспірімдердің қарым-қатынас жасау үшін ең қауіпсіз білім алу ортасына айналдырады.

Тіркелу үшін тұтынушының ЖСН-інің болуы міндетті емес. Ата-аналарға тіркелу үшін тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін және жынысын хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап етілмейді. Ата-аналардың тіркелуі өз қалауы бойынша іске асады, себебі, үлгерім туралы ақпаратпен қатар, ата-ана, мұғалімдер және мектеп әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады. Осылайша, ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн қарым-қатынас орнайды. Сонымен қатар, болашақта ата-аналарға арналған, мысалы, Ата-аналар кеңесі және т.б. ақпараттық бөлімдер пайда болады.

Осындай жолмен, ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн коммуникация орнатылады. Сонымен қатар, келешекте, мысалы, Ата-аналар кеңесі және т.б. ата-аналарға арналған ақпараттық бөлімдер қосылады.

Электронды журналмен қатар қағаз нұсқада есеп беруді қолдануға қатысты. Мектеп әкімшілігінің мұғалімдерден электронды және қағаз журналды қатар жүргізуін талап етуіне сәйкес қандай да бір нормативтік құжаттар жоқ. Мұғалімдердің қалауымен бір электронды журналды немесе электронды және қағаз журналдарды қатар жүргізуге рұқсат беріледі.

Kundelik.kz жүйесінде жыл басында бір-ақ рет таңдап алынатын журналдың екі түрі бар, олар – жаңартылған мазмұнға кірген 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8- сыныптарға арналған «Критериалды бағалау журналы» және сыныптың қандай бағалау жүйесімен оқытылатындығына байланысты 4, 9, 10, 11-сыныптарға арналған «Классикалық журнал».

Жиынтық бағалау журналында оқу бағдарламасы бөлімдері үшін жиынтық бағалаудың ең жоғарғы санын қою және ең жоғарғы балл көрсетілген баған қарастырылған.

Егер оқу бағдарламасының бөлімдері аз болса (мысалы 2 бірлік), онда 2 артық жиынтық жұмыстарының ең жоғарғы балын көрсету қажет емес.

Жиынтық бағалау журналына:


  • бөлім бойынша әр жиынтық жұмысының (БЖБ) балы – жиналған балдардың сомасы мен оқу жетістіктерінің тиісті деңгейі;

  • оқу кезеңінің жиынтық жұмыстары (ТЖБ) бойынша балл–ерекшеліктерге сәйкес жиналған балдардың сомасы;

  • оқу кезеңі бойынша бағалау - оқу кезеңінің ішінде барлық жиынтық жұмыстарға белгілі бір пайыздық арақатынасының бал сомасы. Оқу кезеңінің ішінде білім алушы ең жоғарғы БЖБ% + ТЖБ% = 100% ала алады: БЖБ % 50% - ға теңестіріледі, сәйкесінше, ТЖБ% да 50% -ға теңестіріледі;

  • жылдық бағалау – шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңі бойынша ықтимал ең жоғарғы балға жиналған соманың пайыздық арақатынасы.

Пайыздарды шығару үшін балды енгізген кезде браузер парақшасын жаңарту керек: парақшада «Ctrl+F5» пернесінің комбинациясын басу керек.

Егер балды түзету немесе жою қажет болса, онда курсорды қажетті балға қойып, түзету немесе жою, содан кейін пернетақтадағы «Enter»-ді басу керек. Егер қателесіп басқа бөлім толтырылатын болса, онда алдымен балдарды жойып, содан кейін ғана ең жоғарғы балды жоюға тура келеді.

Жиынтық бағалауды қою үшін алдымен «Ең жоғарғы балды», содан кейін БЖБ-лар мен ТЖБ-ларды қою керек. 1-сыныптарда БЖБ-лар мен ТЖБ-ларды тек 3-4-тоқсандарда қою қажет. Егер 1, 2-тоқсандарда БЖБ-лар мен ТЖБ-лар не болмаса «Ең жоғарғы балдар» көрсетілген болса, онда жылдық бағалау қалыптаспайды.

«Ең жоғарғы балды» өзгерту үшін, ең алдымен, осы ең жоғарғы бал оқулықтарының барлық БЖБ-ларын жою қажет. Осыдан кейін ғана ең жоғарғы балды түзетуге болады.

Түсіндіру жұмыстары мақсатында мұғалімдер, ата-аналар мен білім алушылар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар сараланды.

Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады?

Білім алушылар мен ата-аналарға тіркелуге арналған логин және құпия сөз алу үшін мектептегі мәліметтерді Жүйеге енгізуге жауапты тұлға, яғни әкімші болып табылатын қызметкерге хабарласу қажет. Егер әкімші туралы ақпарат болмаған жағдайда мәліметтерді алу үшін сынып жетекшісіне хабарласуға болады.



Не үшін профильді баптауда өз тегі, аты-жөнін өзгертуге болмайды және қажет болған жағдайда оларды қалай өзгертуге болады?

Тұтынушылардың тегі, аты-жөнін, туған күнін және жынысын редакциялау құқығының болмауы жоғары тұрған инстанцияға ұсыну үшін «Kundelik.kz» ААЖ көмегімен білім алушылар, ата-аналар және қызметкерлер туралы деректерді автоматты түрде жинауға негізделген. Білім беру саласындағы электронды құжат айналымының мәні осында. Берілген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді редакциялауға тек келесі мектеп қызметкерлерінің ғана құқықтары бар:



  • әкімші;

  • сынып жетекшісі.

Бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін қалай көруге болады?

Білім алушы оқу ақпараттарына өту үшін экранның жоғарғы жағындағы навигациялық жолақтан «Білім беру» - «Күнделік» бөлімін таңдауы қажет. Ата-аналар үшін сол навигациялық жолақта «Балалар»бөлімі бар. Берілген сілтемені басқанда ол барлық мәліметтер жиналған бетке түседі. «Күнделік» сілтемесі бойынша: күнделік (ағымдағы аптаның әдеттегі қалпы бойынша сабақ, баға және үй тапсырмасы жөніндегі ақпараттар); сабақта оқытылған және үйге берілген тапсырма.

«Мұғалім жазбалары» бағаны жекелеген білім алушылардың мінез-құлықтары мен олардың жетістіктері немесе оқу барысында артта қалуы туралы ескертпелер жазу мақсатына қызмет етеді.

Білім алушылардың бөлімдер/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалау қорытындылары бойынша балдары аталған жұмыс өткізілгеннен кейін екі күнтізбелік күн ішінде журнал бағанына қойылады.

Үй тапсырмасына «Үй тапсырмасы» бөлімінде қолжетімді, ал қоңырау және сабақ кестесін «Сабақ кестесі» бөлімінен табуға болады.

Мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін қалай жаппай жүйеге енгізуге болады?

Мектеп профилін толтыру кезінде қызметкерлер уақытын үнемдеу үшін жүйеде мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының деректерін импорттауға болады.



Бағалардың жиі сақталмай жоғалып кетуіне байланысты мұғалімге бағаны қайта қоюына тура келеді.

Журналдағы бағаның жоғалып кетуінің бірнеше себептері бар:

*журналда әкімші, пән мұғалімі, мұғалім-редактор немесе сынып жетекшісінің бағаны әдейі немесе кездейсоқ нүктелі жоюы себеп болды;

* әкімшінің әдейі немесе кездейсоқ кестені жоюы себеп болды;

* бағаларды қоюда Internet Explorer браузері қолданылды (қолданылмайтын нұсқа).

* бағалау жүйесі күшпен өзгертілді.

Айына бір рет журналдың резервтік көшірмесін түсіру ұсынылады, сондай-ақ осыған ұқсас жағдайларды болдырмау мақсатында үштен артық қызметкердің әкімшілік құқығын көрсетпеу ұсынылатындығын еске саламыз.

КТЖ өзгерісіндегі проблемалар. Өзгерістер енгізу үшін (сабақты, тақырыпты ауыстыру) басылымдардан барлық КТЖ-ны алып тастап, барлығын қайта қолмен толтыру керек болады, себебіжыл бойына қойылған тақырыптар өшіп қаладыжәнесақталмайды.

Сіз КТЖ-ны түзеткеннен кейін, оны жариялап, «Кесте бойынша бөлу» ұсынылады, сонда ғана тақырыптар сабақтар бойынша автоматты түрде бөлінеді. Әр сабақ өз орнына келеді. КТЖ-да көрсетілген сағаттар санының кестеде көрсетілген сағаттардың санымен сәйкес келуі маңызды. Сәйкес келмеген жағдайда сабақтардың тақырыптары «жылжып» қажетті күнмен сәйкес келмей қалуы мүмкін.



Кесте генераторы бойынша сұрақтар.

Кестені түзету және топтарды қосқан кезде, сабақта нақты қандай шағын топтар қатысатындығын тексеру қажет. Егер, қателесіп басқа топты таңдаса, онда қойылған бағалар жоғалып кетеді.

Кестені ауыстыру немесе жаппай жариялау қажет емес. Егер бір пән бойынша ғана туындайтын болса, деректерді өзгерту қажет. Алдымен, енгізілген қатені анықтау керек. Егер кабинет, сабақтың нөмірі немесе мұғалім дұрыс көрсетілмесе, онда бағалар жоғалмайды. Егер қателік кіші топтың өзінде, болмаса пәнде болса, онда бағаларды көшіріп, экспорттап, содан кейін өзгерту керек.

Жүйеде жұмыс істеу үшін қандай браузерді пайдалану қажет? Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет пе?

Жоқ, Жүйеге кіру және жұмыс істеу қарапайым браузермен іске асады. Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы «Ұсынылатын браузерлер» мақаласында: жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беретін және қолдайтын браузерлер тізбесі бар.




Жеке меншік білім беру ұйымдары да «Күнделік» электронды журналына қосыла алады. Ол үшін https://kundelik.kz/ сайтында қосылуға өтінім бере алады («Қосылу БҰ» командасы).

Kundelik.kz пайдалануға қатысты кез келген қиындықтар туындаған жағдайда Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласуға болады:8 (727) 313-18-32 немесе team@kundelik.kz

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамына сәйкес жаратылыстану-математикалық циклдің бірқатар пәндерін ағылшын тілінде оқытуға көшу жұмысы жүргізілуде.

Осы мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» көрініс тапқан. Сонымен қатар, 2015 жылы 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасы қабылданды.

4 пән бойынша сөз қозғағанда, келесі фактіні ескерген жөн. Барлық білім алушылар үшін міндетті 10-11-сыныптарға арналған Үлгілік оқу бағдарламалары дайындық бағытынан тыс (ҚГБ, ЖМБ), сондай-ақ стандартты және тереңдетілген деңгейлерді таңдауға арналған пәндер. ЖМЦ міндетті пәндерінің қатарына информатика ғана кіреді, ал қалғандары таңдау компонент бөлімінде.   Осылайша ең кемінде төрт пәннің ішінен бір пән – информатика, информатика және екеуі таңдау бойынша.

Информатика – қазіргі балалардың жазудан бұрын білетін пәні, себебі олар компьютерді жастайынан меңгереді. Ал компьютердің тілі – ағылшын тілі. Химия, физика, биология – бұл әлемнің табиғи ғылыми көрінісін бейнелейтін пәндер және басқа тілдік емес пәндермен салыстырғанда бұл пәндердің материалдары ағылшын тілімен кіріктіріледі, өйткені осылардың ерекшелігіне қарай, оларға сабақтан сабаққа дейін үнемі қайталанатын грамматикалық конструкциялардың шектелген саны қызмет етеді.Бұл пәндер,басқаларға қарағанда, графикалық тілмен сипатталады (сызбалар, диаграммалар, формулалар және т.б.), оқытылатын материалдың белгілі бір пайызы көзбен қабылданады, сондықтан бұл жүктемені азайтады.

2018-2019 оқу жылында ағылшын тілінде пәндерді оқыту пилоты жалғасады.Егер мектеп дайын болса, 2019 жылы педагогикалық кеңес пен ата-аналар комитеттерінің шешімі бойынша жоғары сыныптарда химия, биология, физика және информатика ағылшын тілінде оқытылады. 2019-2020 оқу жылында облыс орталықтарының барлық мектептерінің 10-11 сыныптарында 1-ден 4 пәнге дейін (физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде пәндерді және тілдерді оқытудың арнайы әдісімен,1 пән - міндетті түрде ата-аналардың пікірлерін ескере отырыпжүргізіледі. 2020-2022 оқу жылында аудандық орталықтар, моноқалалар мен ірі ауылдардың барлық толыққанды мектептері ата-аналардың келісімімен және мұғалімдердің, білім алушылардың, білім ресурстарының дайындығына сәйкес осы төрт пәннің біреуі немесе бірнешеуі ағылшын тілінде оқытылады.



2017-2018 оқу жылында ағылшын тілінде ЖМЦ пәндерін оқытуға ауысуды қалайтын 800 мектептің 153-і Пилоттық жобаға іріктелді, онда B1 және B2 деңгейлерінде ағылшын тілін меңгерген пән мұғалімдері жұмыс жасайды.374 мектепке ағылшын тілінде оқыту элементтері енгізілді.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мектептердің дайындық мониторингісін өткізді.



Онлайн-сауалнамаға Қазақстанның 16 өңірінен 2571 мектеп өкілі қатысты.Мониторинг тізіміне 4815 күндізгі жалпы білім беретін мектеп енгізілді, сондықтан қатысушы мектептердің үлесі 53,4% құрады. Тізімге бастапқы және негізгі мектептер, сондай-ақ, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын 500 Пилоттық мектеп кірмеді. Бұл мектептер үшін бөлек мониторинг жүргізілді.Онлайн-сауалнамаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 9392 физика, химия, биология және информатика мұғалімдері, сондай-ақ 90 000-нан астам ата-ана мен 130 000-нан астам білім алушы қатысты.
6-кесте–Мониторингке қатысқан мектептер туралы мәлімет.




Аймақтардың атауы

Тізім бойынша мектептердің саны

Мониторингке қатысқан мектептердің саны

1

Ақмола

320

151

2

Ақтөбе

220

120

3

Алматы

599

434

4

Атырау

159

106

5

БҚО

474

237

6

Алматы қ.

172

130

7

Астана қ.

55

32

8

Жамбыл

299

134

9

ШҚО

214

90

10

Карағанды

327

74

11

Қостанай

295

134

12

Қызылорда

290

179

13

Манғыстау

96

89

14

Павлодар

234

189

15

СҚО

267

204

16

ОҚО

794

268

Барлығы

4815

2571 (53,4%)

7-кесте – Онлайн-сауалнаманың респонденттер саны туралы мәлімет




Білім алушылар

Педагогтар

Ата-аналар

Барлығы

128800

23207

91091

243098

Мониторинг көрсеткендей, респонденттердің арасында 10 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі ұстаздар басым, олардың жартысынан көбісі жоғары және бірінші біліктілік санаттарына ие. Бұдан байқалғаны - сұрақтарға білікті жауаптардың берілгені.

Мұғалімдердің сапалық құрамы туралы мәліметтер биология, физика және химия мұғалімдерінің орташа біліктілік деңгейіне ие екенін куәландырды. Төменгі деңгейді информатика мұғалімдері көрсетті: педагогикалық тәжірибе көрсеткіштеріне қарамастан, респонденттердің үштен бір бөлігі біліктілік санатына ие емес, ауыл мектептері мұғалімдерінің үлесі басым.

Мониторинг деректері бойынша ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің шамамен 13%-ы өздерінің пәнін ағылшын тілінде оқытуды бастаған. Егер респонденттердің санына пилоттық мектеп мұғалімдерінің (527 мектеп) кірмегенін ескеретін болсақ, онда біз Елбасының 79-қадамын іске асырудың жақсы бастамасы деп айта аламыз.Сонымен қатар, ауыл мектептерінің мұғалімдері белсенді жұмыс істейтінін атап өту керек.

Жалпы, барлық төрт пән ағылшын тілінде вариативті компонент (факультативтер, үйірмелер, секциялар және т.б.) және ЖМЦ пәндері бойынша сабақтан тыс іс-шаралар шеңберінде оқытылады. Бірақ, ЖМЦ пәндерінің мұғалімдері өздерінің пәндерін оқужоспарының инвариантты құрамдас бөлігі шеңберінде жүргізетінінкөрсетті.Бұл ағылшын тілінің қажетті деңгейіне (B1-C1) ие және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде және БИЛ-да жұмыс істейтін мұғалімдер.

Аталған жағдайда ағылшын тілінде төрт пән бойынша оқыту көбінесе 7-сыныптарда және кіріктіріп оқыту режимінде жүргізіледі, бұл табысты бастау туралы қорытындыны растайды. Бұған сенімділік ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілінде біліктілік деңгейінің көрсеткіштері есебінен де артуда. Мұнда мынадай көрініс қалыптасқан: респонденттердің 19%-ы ағылшын тілін A1-A2 деңгейінде меңгерген және B1 деңгейінде 12%, мұғалімдердің жарты үлесі (жауап берушілердің үштен бірі) тиісті сертификаттарға ие, бірақ B2 деңгейінен бастап қажетті деңгей тек қана 6%.

Сертификаттар туралы айтатын болсақ, онлайн сауалнама барысында көптеген мұғалімдер ағылшын тілі курсын аяқтамаған және ағылшын тілін өздігінен оқып-үйреніп және оқып жатқан мұғалімдер де аз емес.

Оң үрдіс ретінде химия, биология, физика және информатика мұғалімдерінің ағылшын тілін оқып-үйрену мен жетілдіру ниеттерін сенімді бағалай аламыз. Осындай мұғалімдердің үлесі басым көпшілік болды - респонденттердің 80% -ы.

ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру туралы: ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің тіл курстары (шамамен 30%) және жаңартылған білім мазмұны бойынша (50%) оқыту курстары CLIL -технологиясы курстарына қарағанда (15% -дан сәл артық) жүйелілеу және жоспарлылау сипатта болды.Сондықтан ЖМЦ пәндері мұғалімдерініңарнайы технология бойынша оқыту үдерісін қарқындату қажет - пән мен тілдің кіріктірілген оқытуы (CLIL).

ЖМЦ пәндері мұғалімдерінің осы технологияны қолдану режимі туралы пікірлері: мұғалімдердің абсолютті көпшілігі (90% -дан астам) кіріктіріп оқыту режимін ең тиімді нұсқа ретінде санайды, ол ағылшын тілінде пәндік терминологияны оқытуды, сабақтың жекелеген кезеңдерін өткізуді, элективті курстардың бөлек бөлімдерін, тақырыптық үйірмелерді, секцияларды және т.б. сабақтан тыс іс-шараларды өткізуді болжайды.Сонымен қатар, химия, биология және физика пәндері мұғалімдерінің айтуынша енгізу режимін 7-сыныптан, информатика мұғалімдерінің айтуынша 5-сыныптан бастау қажет.

Ата-аналар туралы сөз қозғасақ, онда олардың көбісі ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту идеясын қолдайды. Сонымен қатар, оқыту қазақ тіліндегі мектептердің ата-аналарының (61%) көзқарастары жағымды, азырақ - оқыту орыс тіліндегі мектептерде (42,9%). Ата-аналардың басым көпшілігі балаларының ағылшын тілін үйренгісі келетінін көрсетті. Сондай-ақ, ата-аналардың көпшілігі өз балаларының мектепте ағылшын тілін үйренуіне қанағаттанатындарын айтты. Ата-аналардың үлкен үлесі олардың балалары 10-сыныпта ағылшын тілінде ЖМЦ пәндерін оқуға дайын болады деп санайды.

Білім алушылардың арасындағы сауалнама қорытындысы:

- ағылшын тілін үйрену мотивациясының жоғары деңгейі қалыптасқан;

- респонденттердің көбісінің ағылшын тілінде бір немесе бірнеше пәндерді оқуға деген ұмтылысы, сонымен қатар, оқыту қазақ тіліндегі мектеп балаларында бұл ынта оқыту орыс тіліндегі мектептердің құрбыларына қарағанда (37,3%) әлдеқайда жоғары (60,1%).

Жалпы, мұғалімдер, білім алушылар мен ата-аналар арасындағы онлайн-сауалнама ағылшын тіліндегі ЖМЦ пәндерінің оқыту мақсаттарын алға жылжытудың оң үрдістерін көрсетеді: ата-аналардың басым көпшілігі қарсылық көрсетпейді, мұғалімдер мен білім алушылардың мотивациясы өте жоғары.

Жүргізілген мониторинг деректері білім беру саласындағы жасалған іс-қимылдарды оң бағалайды, сондай-ақ күнделікті мәселелердің негізделген шешімдерін қабылдау, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту саласында табысты стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді.


«Өлкетану» кіріктірілген оқу бағдарламасы
2018-2019 оқу жылынан бастап қоғамдық танымды жаңғыртуды жүзеге асыру аясында мектеп бағдарламасына жалпы білім беретін «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін зерттеуге ықпал ететін кіріктірілген «Өлкетану» оқу бағдарламасы енгізіледі.

Бағдарлама мақсаты туған өлкенің қалыптасуы мен дамуы кешенінде сипатталатын географиялық, тарихи, мәдени, табиғат және басқа да факторлар; туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін, патриотизмді, қоршаған табиғатқа ұқыппен қарауды тәрбиелеу туралы білімді қалыптастыру болып табылады.

Курс міндетіне:

– Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті және музыка бойынша сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;

– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін туған өлке аумағындағы тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру;



– туған өлкенің табиғат байлықтары, тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілері туралы білімді кеңейту;

– өңірдің мақтанышы болып табылатын өлкенің мәдени және әдеби мұралары мен адамдары, дәстүрлі қолөнер кәсіптері туралы білім көкжиегін кеңейту;

туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдениетінің бірегейлігіне деген құрмет сезімін; оны сақтауға деген жауапкершілікке тәрбиелеу кіреді.

«Өлкетану» курсы оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сыныпта– оқу жылында 5сағатты;

2) 6-сыныпта– оқу жылында 7сағаттты;

3) 7-сыныпта– оқу жылында 8сағатты, барлығы – 20 сағатты құрайды.

«Өлкетану» кіріктірілген курсының материалы 5-7-сыныптарда «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка»оқу пәндерінің аясында оқытылады.

«Өлкетану» курсы оқу жүктемесінің көлемі сыныптар мен пәндер бойынша төмендегідей бөлінеді:

5-сыныпта – «Қазақстан тарихы» пәні аясында 4 сағат, «Музыка» пәні аясында 1 сағат;

6-сыныпта «Қазақстан тарихы» курсына 4 сағат, «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті») пәні бойынша 2 сағат, «Музыка» пәнінің мазмұны арқылы 1 сағат.

7-сыныпта «Қазақстан тарихына» (тағы 4 сағат), «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде оқытпайтын мектептер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті») (2 сағат), «География» пәні аясында 2 сағат қосылады.

Бағдарлама Қазақстан тарихы, география, әдебиет және музыка пәндерінің бағдарламасы мазмұнын қайталамайды. Тақырыптар мүлде басқаша. Мысалға, «Туған өлкенің аңыз-ертегілері», «Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (өлке тарихы атауларында)», «Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары)», өлкетану мұражайына баруды қажет ететін «Жәдігерлер сыр шертеді», «Туған өлке симфониясы», «Туған өлке тарихының тірі куәгерлері», «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада».

Мектеп білім алушылары іс-әрекетінің түрлері де дәстүрлі қалыптан өзгеше болады. Мысалға, өз өлкесінің Визит карточкасын жасау, туристік маршруттар дайындау. Ұжыммен бірге «Менің туған өлкемнің 30 әні мен әуені» аудиокаталогын, «Менің туған өлкем» электронды энциклопедиясын жасайды.



Бірыңғай оқулық-хрестоматия болмайды. Әрбір өңір үшін өз оқулығы болады. Әр өңірде оқулық-хрестоматияға не кіретінін анықтайтын шығармашылық топ құрылған. Қазіргі уақытта 16 оқулық бар. Жұмысқа оқу процесіне жұмыс жасайтын барлық баспалар шақырылған.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет