ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



бет1/5
Дата27.02.2020
өлшемі1,19 Mb.
#57450
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы




2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН (СОНЫМЕН БІРГЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН) ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ

НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат

Астана


2014
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2014 жылғы 26 маусымдағы № 5 хаттама).
2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 138 б.
Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң 1-11-сыныптарында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2014



Кіріспе
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектеп жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қол жетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.

Білім беру сапасының деңгейі халықаралық PISA, TIMSS және PIRLS мониторинг зерттеулері арқылы анықталады. Оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің білім және білік сапасының көрсеткіші функционалдық сауаттылық болып табылады. Қазақстандық оқушылардың осы зерттеулерге қатысу нәтижесі функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейде қалыптаспағанын көрсетіп отыр.

2015 жылы республиканың жалпы білім беретін мектептері PISA (математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығының салыстырмалы бағасы, сондай-ақ 15 жасар оқушылардың әртүрлі үлгіде берілген мәтіндерді түсінуі) мен TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын салыстырмалы бағасы) халықаралық зерттеулеріне қатысады.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.

Осыған орай, мектептегі білім беру жүйесі оқушылардың дағдылары әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттарда, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда дамуға бағытталуы тиіс.



Мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамыту бойынша әдістемелік құралдар әзірленді және олар Академияның сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. Мұнда PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар берілген. Оқушылардың білім жетістігін анықтауда қолданылған тапсырмалардың үлгілері енгізілген.

Білім берудің басым бағыттарының бірі тәрбие жұмыстарының әлеуетін күшейту болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.



Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуында «Өзін-өзі тану» пәні функционалды тұрғыдан маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Оқушылардың жетістіктері білім мазмұнының базалық деңгейі шеңберінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жарты жыл сайын «сынақ/сынақ емес» жүйесімен бағаланады.

2011 жылғы 17 сәуірдегі ҚР Президентінің тапсырмасын жүзеге асыру және ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 аясында 2014-2015 оқу жылында 1 және 2- сыныптарда «Шетел тілі» пәні оқытылады.

Орта білім беру ұйымдарында тілді меңгерудің жалпыеуропалық үлгісіне сәйкес шет тілін және оқу қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде деңгейлеп меңгертуді жүзеге асыру жалғасады. Бұл жүйенің ерекшелігі – оқыту тілінің тапсырылған деңгейі.

«Жол жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда: ана тілі, музыка, бейнелеу өнері, технология пәндері мен сынып сағаттары аясында іске асырылады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу кезінде жүргізіледі.

Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсының мазмұны 4-сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен кіріктіріліп оқытылады.

ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда жүзеге асырылады:

1) оқыту қазақ тілді емес 1-11-сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту қазақ тілді емес 5-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін


3-11-сыныптардағы орыс тілі;

4) 1-11-сыныптардағы шетел тілі;

5) 5-11-сыныптардағы информатика;

6) бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);

7) 5-11- сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту.

8) 5-11-сыныптардағы «Технология» пәні сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына бөлінеді.

Білім беру үдерісінде мұғалімнің оқушылармен қажетті деңгейде назарын аударуы мақсатында дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың дені сау оқушылармен оқыту кезінде бір сыныптағы мүмкіндіктері шектелген балалар саны 3-тен аспауы керек. Сыныпты топқа бөлу сыныптағы оқушылар санын 1:3 қатынасында жүзеге асырылуы тиіс, яғни сыныптағы дамуында мүмкіндігі шектеулі бір оқушыға дені сау үш оқушыдан келеді.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндігі бар және оқу жұмыс жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады; мамандандырылған білім беру ұйымдары жарғыларында айқындалатын оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін өздігінен дербес таңдайды.

Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде және үш тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтер және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру үшін әр сыныпқа 4 сағат, әр сыныпқа үйірмелер, студиялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 мөлшерлеме, сонымен қатар шарт негізіндегі жоғары білікті мамандардың жеке курстары мен лекцияларына ақы төлеу үшін мектеп бойынша жылына 1500 сағат есебінен қаражаттар бөлінеді.

Бейіндік оқыту жалпы орта білім деңгейінде: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағытты таңдау оқушылардың қажеттілігі мен сұраныстарын ескере отырып жүргізіледі. Саралап оқытуды жүзеге асыру мен екі бағыт аясында оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында кәсіби-бағдарланған тәсілді жүзеге асыру аясында бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту енгізіледі.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта 10 адамнан артық болғанда ғана жүргізіледі.

Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Дінтану негіздері» курсына 1 сағат апталық жүктеме беріледі. «Дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Алаштану» (9-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқытуға енгізу ұсынылады.

Білім беру салалары бойынша қолданбалы курстардың мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Мектеп және оқушы компоненті пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан,


2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,
5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,
8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда


34 оқу аптасын құрайды.

Оқу жылында 1-11-сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілейді.

Кешкі мектептерге күндізгі және сырттай оқыту бойынша оқу жүктемесінің үлесі: негізгі орта білім беру деңгейінде: 7-сыныпқа – 26 сағат, 8 -сыныпқа – 28 сағат, 9-сыныпқа – 31 сағат; жалпы орта білім беру деңгейінде: 10-сыныпқа – 28 сағат, 11-сыныпқа – 28 сағат белгіленсін. Әрбір сыныпқа аптасына 4 сағаттық сынақ қарастырылсын. Сынақ сағаттары мектеп әкімшілігінің шешімімен бөлінеді, бірақ 8 пәннен көп емес.

Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігіне оқыту үдерісін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін келесі нормативтер ұсынылады (1-кесте):


1-кесте – Оқу үдерісі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері




Бақылау нысанасы

Нормасы

1

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау

Аптасына 5 сабақ, жылына 170 сағат; 0,5 жүктемесіне – 80 сағат жылына (директордың орынбасарлары үшін);

Аптасына 4 сабақ, жылына 136 сағат (мектеп директорлары үшін).



2

Сынып журналдарын тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

3

Оқушылардың күнделіктерін тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

4

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру

Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет

5

Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру

Жылына 2 рет

6

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

Жылына 1-2 рет

Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2014-2015 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық тасымалдағыштар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 127 бұйрығымен анықталған.

Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептерде аударма оқулықтар немесе оқушылар мен ата-аналардың қалауымен қазақ тіліндегі оқулықтар қолданылады. Оқыту ұлттық тілдегі мектептерде оқу пәндерін көптілде оқыту бойынша әдістемелік нұсқау және оқыту ұлттық тілдегі мектептер үшін ғылым негіздері бойынша терминологиялық сөздік әзірленіп, Академияның сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

2013 жылғы жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 2-сынып пен 9-сыныптар үшін оқулықтар қайтадан баспадан шықты. Осы жылы 3-сынып пен 10-сыныптар үшін, келесі жылы 4-6-сыныптар және 11-сыныптар үшін оқулықтар қайтадан баспадан шығатын болады.

Мұғалімдерге көмек ретінде оқу пәндері бойынша үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулар әзірленіп Академияның сайтына (www.nao.kz) орналыстырылды. Мұғалім ұсынылатын күнтізбелік-тақырыптық жоспарға бөлінген оқу сағаттары шегінде, білім алушылардың жекелеген ерекшеліктерін ескере отырып өзгерістер енгізе алады.

Сондай-ақ, заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдері АКТ-құзыреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның ішінде интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін қалыптастыруы керек.




1 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
Бастауыш білім беру оқушыларды оқу, жазу, санау, оқу іс-әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін меңгеруін, сонымен қатар оқу әрекеттерін өзін-өзі бақылаудың қарапайым дағдыларымен, тәрбие және сөйлеу мәдениетімен, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерімен қамтамасыз етеді.

Демек, бастауыш білім берудің мақсатыоқу, жазу, санау, есептеу дағдылары қалыптасқан, ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас сияқты әрекет түрлерін меңгерген, тұлғалық, құндылық қасиеттерді бойына сіңірген, өзін-өзі бақылай және бағалай алатын, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерін, ұлттық менталитетті ескере отырып, отандық және әлемдік мәдениетпен таныстыру, шығармашылық қабілеттері дамыған жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Бастауыш білім беру деңгейінде 1-4-сынып оқушыларын оқытудың негізгі міндеттері:

– оқу іс-әрекетінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;

– оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

– оқушылардың жеке басын, олардың шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқу дағдысы мен икемділігін қалыптастыру;



адамгершілік қасиет пен эстетикалық талғамға, эмоционалдық құндылыққа, өзіне және қоршаған ортаға деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

салауатты өмір салтын, денсаулық пен жеке бас гигиенасын және өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетіне баулу болып белгіленген.

Қазіргі таңда ҚР білім және ғылымды дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында (ҚР БҒМ 2014 жылғыңғ 13 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген) біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұн жаңарту міндеті белгіленіп отыр. Бұл, біріншіден, білім беруді заман талабына сай жаңа мазмұнда ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланысты.

Екіншіден, білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырумен байланысты. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық РІSА, TIMSS, PIRLS бағдарламаларына сәйкес функционалдық сауаттылық үш сала – оқудағы және жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша бағаланады. Сондықтан бастауыш білім беру деңгейіндегі тіл және әдебиет, математика және жаратылыстану білім саласы пәндерін оқытуда мұғалімдер жаттығулар, тапсырмалар орындатқанда, есептер шығартқанда және түрлі мәтіндер оқытқанда, оларды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың оқудағы және жазудағы, математика мен жаратылыстану ғылымындағы сауаттылықтарын қалыптастыруға баса көңіл бөлгені жөн.



Үшіншіден, білім беруді жаңарту Елбасының Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қояды. «Мәңгілік Ел» идеясында белгіленген бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс. Сондықтан ұстаздарымыз күнделікті кез келген пәнді оқыту барысында әрбір сабақта «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруді естен шығармағаны жөн.

Төртіншіден, білім беруді жаңарту оқу-тәрбие процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды мұғалімдердің тиімді пайдалана білуіне байланысты екені сөзсіз. Сондықтан ұстаздар қауымы үнемі ізденісте болып, жаңалықты үйреніп, «өмір бойы білім алу» ұстанымымен жұмыс жасауы тиіс. бұл ретте мұғалімдерге толық еркіндік беріліп отыр.



Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы) 7 негізгі құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік. Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.

Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде, негізінен, тіл мен әдебиеттік оқу сабақтары барысында қалыптасады. Олай болса, бастауыш білім беру мазмұны оқушыны тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оның, ең алдымен, өз ана тілінде ауызекі және жазба тілде сауатты сөйлеу, ересектермен, сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасай білу, айтылғанды ыждаһатпен тыңдап, түсіну, өз пікірін жеткізе білу, дұрыс оқу және сауатты жазу, т.б. дағдыларын, соның нәтижесінде өздігінен білім алу, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттерін, өмірдегі мәселелерді шешуге арналған білік-дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс.

Бастауыш білім беру деңгейіндегі ең қиын да жауапты кезең – бірінші сыныптағы оқыту үдерісін ұйымдастыру. Себебі 1-сыныптағы оқытудың мақсаты – 6-7 жастағы сәбилерге әріптерді танытып, олардың басын қосып оқуға, одан әрі түсінгенін мәнерлеп баяндауға, жатқа айтып беруге, т.б. әрекеттерге баулу, қолына қалам ұстатып, бірте-бірте жазуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйретіп, тілін дамыту. Сондықтан 1-сынып оқушыларының оқуға оң ынта-ықыласын қалыптастырып, қызығушылығын ояту мақсатында оқыту үдерісін қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға біртіндеп өту тұрғысынан ұйымдастырудың маңызы зор. Ол үшін, біріншіден, оқу жылының бірінші жартыжылдығында баға қоймай, ынталандыру, мадақтау, т.б. тәсілдер қолданылады.

Бірнеше ауысымда жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарында 1-сынып оқушылары үшін бірінші сабақ 8.30-дан ерте басталмауы керек.

1-сыныпта балалардың оқу үдерісіне бейімделуін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесін бірте-бірте ұлғайтып отырған жөн, яғни сабақтар ұзақтығының «сатылы» тәртібі қолданылуы тиіс: бірінші тоқсанда сабақ кестесіне ұзақтығы 35 минуттан 3 сабақ, екінші тоқсанда – 35 минуттан 4 сабақ қойылады, екінші жартыжылдықта 45 минуттан жүргізіледі.

Сонымен қоса, 1-сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі, осыған байланысты оқу жылы 33 аптаны құрайды.

1-сыныпта сабақ кестесіне қосарланған сабақтар («Еңбекке баулу» пәнін қоспағанда) қойылмауы қажет.

Сабақ кестесіндегі үзілістердің ұзақтығы, оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін жеткілікті болуы қажет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 қаулысы).

Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».


1.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
«Тіл және әдебиет» білім саласындағы пәндердiң негiзгi ерекшелiгi  оқушының алдағы уақытта оқу әрекетін меңгеруіне негіз болатын коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыру. Олар:

  1. тыңдалым;

  2. айтылым;

  3. жазылым;

  4. оқылым дағдылары.

Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым және айтылым дағдылары болып табылады. Тыңдалым дағдысының адамның ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Оқушы айтылған немесе техникалық құралдарға жазылған сөздерді, сөйлемдерді, аудиомәтіндерді тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.

Сондықтан сауат ашу кезеңінде, ең алдымен, тыңдалым дағдысына ерекше көңіл бөлген жөн. Яғни оқушы ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушінің немесе мұғалімнің сөзін аяғына дейін зейін қоя тыңдай білуі, ақпаратты дұрыс қабылдауы, негізгі ойды түсінуі, жауап беруге дағдылануы қажет.

Айтылым дағдысының дұрыс қалыптасуының да адам үшін маңызы өте зор. Өйткені оқушы сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйренуі керек. Оның мектепте оқытылатын барлық пәндерден жақсы нәтижеге қол жеткізуі осы айтылым дағдысына , яғни белгілі бір мәселеге (тақырыпқа) байланысты өз ойын, пікірін немесе қандай да бір ақпаратты түсінікті, толық, жүйелі жеткізе білуіне байланысты.

1-сыныпқа келген оқушы тыңдауға үйреніп қана қоймай, сөйлеуге, яғни өз ой-пікірін айтуға, қойылған сұрақтарға жауап беруге, сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, мағынасын түсініп, орынды қолдануға, тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білуге, сөйлеу мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыланады.



Баланың мектеп табалдырығын аттауымен байланысты жаңа әрекет – «жетекші әрекет» (А.Н. Леонтьев), яғни оқу әрекеті пайда болады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – бала ауызекі сөйлеу тілімен қатар, осы кезеңде пайда болатын «жаңа түзілімдер» (Л.С. Выготский) оқуды және жазуды меңгереді.

Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор.

Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.

Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.

Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады:


  • түсініп оқуы;

  • зерттеп оқуы;

  • шолып оқуы;

  • мәселені сын тұрғысынан бағалауы;

  • негізгі аргументті анықтап, дәлелдеуі.

Жазылым да айтылым сияқты қарым-қатынас құралы. Бұл екеуінің атқарар қызметтері ұқсас болғанымен, екеуі екі басқа психикалық процесс: «оның айырмашылығы – жазба сөздің ерекшелігінде, оның психологиялық құрылысында», – дейді академик Т. Тәжібаев.

Тағы бір ерекшелігі – жазбаша сөйлеу кезінде әңгімелесуші адам болмайды, сондықтан ойды жазып білдірудің мазмұны жүйелі, логикалық байланысы берік және ауызша сөйлескендегіден толығырақ болуы тиіс. Оған қоса, «ол өте қиын, саналы, әдейі, бір мақсатпен жұмсалады». Сондықтан жазылым дағдыларын қалыптастыруға алғашқы күннен бастап ерекше мән берілуі керек. «Жазылым» «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

Жазылымның ерекшелігі – оқушыларды жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын, қолдың, саусақтың іс-әрекеті, көз бен бастың қозғалысы дұрыс игеруді үйретуді, т.б. ескеріп отыруды қажет етеді.

Жазылымда: сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазу; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау арқылы сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу дағдыларының қалыптасуына мән беріледі.


Сауат ашу (оқу, жазу)

Пәннің басты мақсаты – оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру.

«Сауат ашу» (оқу, жазу) пәнін оқытудың мiндеттерi:

әлiппеге дейiнгi кезең:

- тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыру, лексикалық тақырыптар, сюжетті суреттер бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту, сөздiк қорын байыту;

- сөйлем құрауға үйрету, сөйлемнен сөзді, сөзден бөліп алуға, сөзді буынға бөлуге, буынды дыбысқа ажыратуға машықтандыру; дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретiн табу) жасауға, дыбыстық сызба құруға дайындау, оны «оқу»; жазуға даярлау: жазу жолын сақтай отырып, әрiп элементтерiн (әртүрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар) жазуға үйрету.

әлiппе кезеңi:

- жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; сөздiк қорын байыту; мәтiндi дұрыс, саналы, түсініп оқуға дағдыландыру; сауатты, көркем жазуға үйрету.



Әлiппеден кейiнгi кезең: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіру, оқушының тiлін дамытып, алғашқы грамматикалық мәліметтер беру.

«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәні бойынша жазба жұмыстары

1 жартыжылдықтың соңында: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді (3-5 сөз), екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді тыңдау арқылы жазу; баспа әріптермен берілген мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс.

2 жартыжылдықтың соңында: 1) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді, құрмында л – р, н– ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б дыбыстары кездесетін сөздерді тыңдау арқылы жазу (барлығы 8-10 сөз); 2) үш-төрт сөзден тұратын сөйлемдерді, шағын мәтіндерді (10-15 сөзден аспайтын) тыңдау арқылы жазу; 3) сұрақтарға жауап жазу арқылы мазмұндама жазу (15-20 сөз көлемінде); белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрап жазу (2-4 сөйлем мөлшерінде)
(2-кестені қараңыз) жұмыстарын орындай алуы керек.

Ескерту: 1-сыныпта шығарма жазылмайды.

«Сауат ашу (оқу, жазу)» пәніне оқу жылы бойында аптасына


7 сағат берілген, барлығы 231 сағатты құрайды, оның ішінде: әлiппеге дейiнгi кезең – 14 сағат; әлiппе кезеңi – 98 сағат; әлiппеден кейiнгi кезең – 119 сағат.
2-кесте - Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі

Тоқсан /жұмыс түрлері

диктант

мазмұндама

шығарма

І

-

-

-

ІІ

-

-

-

ІІІ

1

1

-

IV

1

1

-

Жылдық

1

-

-

Барлығы

3

2

-

Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні  бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.



Пәнді оқыту мақсаты: тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау; ауызша және жазбаша сөйлеу білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;

  • тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;

  • ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;

  • тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;

  • алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сын тұрғысынан ойлауын жетілдіру.

Пәнді оқыту ерекшелігі – грамматикалық материалдар жүйелi-концентрлi ұстанымға негiзделiп, кешендi сипатта берілді. Пән мазмұны «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары» бөлімдерінен тұрады. Тілдік саладағы барлық тоғыз сөз табы мен олардың белгілері таныстырылады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде №8424 тіркелген «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес биылғы жылы 3-сыныптың оқулығы қайта өңделді. Аталмыш оқулықтың құрылымы мен мазмұны тiлдi оқытудың коммуникативтiк iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыру арқылы тiлдiк бiлiмнiң сапалы меңгертілуін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес оқулыққа енгізілген өзгерістер мынадай:

1) оқулық «Фонетика әлеміне саяхат», «Синтаксис әлеміне саяхат», «Морфология әлеміне саяхат», «Еліктеу сөздер», «Сөйлеу мәдениеті» тақырыптарымен толықтырылған;

2) жаттығулар мен тапсырмалар Блум таксономиясы бойынша оқу деңгейлеріне (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) сәйкес берілген;

3) оқулық мазмұны оқушының өз біліміне сын көзбен қарап, қатесін анықтап, өзіне баға беруге үйрететін рефлексиялық жаттығулармен (проблемалық жағдаят) толықтырылған;

4) кейбір 1 сағаттық материалдардың соңында міндетті бөліктерден басқа міндетті емес бөліктер берілген;

5) үлкен тақырыптардан, тараулардан соң оқушылардың өз білімдерін өздері тексеруін мүмкін ететін 1 сағаттық «Өзіңді өзің тексер» материалдары берілді,

6) «Жыл бойы өткенді қайталау» тарауының соңғы 1 сағаттық материалы оқушылардың «Жазғы қызықтар» жобасымен жұмыс істеуіне арналады.

4-сыныпта дыбыс және әріп тарауында фонетика термині енгізіліп, фонетикалық талдау үйретіледі; сөйлем тарауында синтаксис ұғымы енгізіліп, синтаксистік талдау жасау үйретіледі; сөз таптары тарауында морфология термині енгізіліп, морфологиялық талдау үйретіледі.

Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі кестеге (3-кесте) түсіріліп, әр сыныпқа тоқсан сайын диктант – 3 сағат, мазмұндама – 1 сағат, шығарма – 1 сағат, барлығы – 20 сағат жазба жұмысына берілген.


3-кесте – Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі


Сыныптар

Жазба жұмыстар

түрлері


Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

2

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4

Барлығы:

5

5

5

5

20

3

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4

Барлығы:

5

5

5

5

20

4

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4

Барлығы:

5

5

5

5

20




Жалпы саны:

15

15

15

15

20

Сауаттылықты тексеру қазақ тілі пәнінің міндеті болғандықтан, шығарманың әдебиеттік оқу пәнінде де жазылатыны ескеріліп, шығармаға берілген сағат саны қысқартылып, диктанқа бөлінді.



Ескерту: Әр сыныпқа мазмұндама мен шығармаға берілген жылдық сағат саны – 8 (4 мазмұндама, 4 шығарма жұмысы), ал диктантқа (сауаттылықты тексеру және бақылау диктанты) – 12 сағат беріледі.

«Қазақ тілі» пәні 2-4-сыныпта аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 (116 + 20) сағатты құрайды.



Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет