Оқу орыс тілдерінде жүргізетін қазақ тілі мұғалімдері үшін Диктант жинағы


-сынып Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған алғашқы бақылау



бет6/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,41 Mb.
#34963
1   2   3   4   5   6   7

10-сынып

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған алғашқы бақылау

Мақсаты: Мемлекеттік стандарттың орындалуын қадағалау; оқушылардың сауатты жазу дағдылары мен грамматика бойынша қалыптасқан білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау.

«Адай» күйі.

Қазақтың әрбір күйінің өзіндік тарихы бар. Дина Нұрпейісова мен Оқап Қабиғожиннің айтуларынша, бұл күйдің тарихы мынадай оқиғамен байланысты. Құрманғазы ел аралап жүріп, Адай руының бір үйіне түседі. Күйшінің көзіне кереге басында ілулі тұрған домбыраға түседі. Ол домбыраны алып, бұрауын өзгертіп қояды. Біраз уақыттан соң он алты-он жеті жас шамасындағы қыз бала келіп, отырғандарға қарамай, төрдегі домбырасына жармасады. Бұрауының өзгертіп қалғанын бірден сезген қыз: «Бүлдірген екенсің ғой», дегендей, Құрманғазыға қарады да, домбырасын ұсына қояды. Құрманғазы бір-екі тартқаннан кейін, үйдегілер бұл өңірде Ақмаңдайдан өткен күйші жоқ еді, бұл кім болды екен дегендей, таңдана қарайды.

Сұрастыра келе домбырашының қызылқұрт Құрманғазы екенін біліп, сый-құрмет жасайды. Сол Ақмаңдай қызбен күн тартысу үстінде осы «Адай» күйі шығыпты. (Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Ж.С. Қалиева, 114 сөз)

ІІІ деңгей.



  1. Берілген сөйлемдердегі асты сызылған сөздер құрамына қарай талдаңыздар

І нұсқа: Адай руының бір үйіне түседі.

ІІ нұсқа: Құрманғазыға қарады да, домбырасын ұсына қояды.



  1. Септік жалғаулары бар сөздерді теріп, септігін анықтаңыздар.

  2. І нұсқа, ІІ нұсқа

  3. Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

І нұсқа: Түседі ІІ нұсқа: Сый-құрмет

ІІ деңгей.



  1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

І нұсқа: Құрманғазы ел аралап жүріп, Адай руының бір үйіне түседі.

ІІ нұсқа: Ол домбыраны алып, бұрауын өзгертіп қояды.



  1. Сөз тіркестерден сабақтас құрмалас сөйлем жазыңыздар.

Бұл өңірде, ел аралап жүріп, кереге басында.

І деңгей.

«Әйгілі күйшілер» тақырыбына эссе жазыңдар

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант

Мақсаты: оқушылардың стандарттың талап-міндеттері бойнша білім-білік деңгейін қанша мөлшерде игергенін анықтау.


Отбасы – тәрбие бастауы.

Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік. Осы бір қанатты сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші! Себебі, бұл шынайы өмірден алынған. Әрбір ата-ана баласының өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптасқан тәрбиелі, заман талабына сай азамат болып өскенін қалайды. Ата-ана бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман бала болса солардан, - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-ана өз баласының тәрбиесі үшін, ел, халық алдында жауапкер. Бала аяғын тәй – тәйлап басқаннан бастап- ақ, ата – анасымен, отбасындағы басқа жандармен қарым – қатынаста болып, тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді үйренеді. Сондықтан отбасында күнделікті болып жатқан оқиғалар: ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесу, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, қонақ қабылдауды- бәрі балаларға тікелей әсер етеді.

(Интернет желісінен)

( 109сөз)



Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Ая бойынша білімдерін тексеріп,сөйлеу тілі мен жазбаша тілін, есте сақтау, түсіну қабілеттерін дамыту.
Әлкей Марғұлан

Әлкей Хаканұлы Марғұлан – белгілі қазақ ғалымы. Марғұлан Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. Адайлар мен Наймандардың әдет – ғұрпын, тұрмыс – салты мен өнерін зерттеді.

1945 жылы «Хандар тарихының тарихи – әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.Бұл көне қыпшақ зерттеудегі құнды еңбек.Марғұлан 1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар Отырар, Сауран, Сығанақ орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» деген еңбек жазды.

Марғұлан тарих, археология, әдебиет, өнер тарихынан 300-ден астам ғылыми – зерттеу жұмысының, 100 – ден астам энциклопедиядық мақалалардың авторы.

Әлкей Марғұлан Шоқан Уәлиханов жазып алған «Манас» жырының бөлігін қазақ тілінде жариялады. Сонымен қатар 1971 жылы «Шоқан мен Манас» атты монографиялық еңбегін жазды.

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты: Тоқсан бойы лексика-грамматикалық тақырыптарды қаншалықты игергенін анықтау, сауаттылығын тексеру.

Лексикалық тапсырмалар.

1.Берілген сөздерді септеңіздер:

Ғалым, зерттеу

2. Көп нүкте орнына қажетті тәуелдік жалғауын қойыңыздар

Сіздердің анықтамалар..., істің жағдай..., менің шешім...,

ЭЕМ мүмкіндіктер..., ақпараттар жиын...

3. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңыздар.



Белгі, ақыл, әлем, мемлекет

4. Мына сөздердің синонимін жазыңыздар:

еңбек - ...., бітіру -...., айналысу -... (жұмыс,аяқтау, шұғылдану)

5.Төмендегі сызба бойынша салалас құрмалас сөйлемдер жазыңдар.



1.________,сондықтан________.

2.____ біресе_______,біресе_______.

6.Берілген сөз тіркестерімен сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар



Еңбек жолы, институт бітіру
Грамматикалық тапсырмалар.

1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?( солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен,оңтүстікте-Қырғызстан,Өзбекстан, Түркіменстанмен шектеседі)

2.ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)

3.Қазақ халқының атақты ғалымдарын атаңыздар.

4.Қаныш Сәтбаевтың қанша ғылыми еңбегі бар? (640-тан астам)

5.Көп нүктенің орнына тиісті баяндауыштарды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Қаныш Имантайұлы ірі мемлекет және қоғам қайраткері … . 2. Оның ерекше қасиеті – студенттік шағынан … өмірінің соңғы күндеріне дейін – қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдарға сергек … , қолынан келмеген көмегін … .

Керекті сөздер: аямау еді, қарау, бастап, болды.

6.«Қазақ халқының ғалымдары» деген тақырыпқа диалог құраңыздар.

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған аралық бақылау

Мақсаты: 1,2-тоқсан бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.

Қаныш Сәтбаев.

Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.

Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.

Қ.И.Сәтбаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысында қала аталған. (96 сөз)

(Диктанттар жинағы 10-11 сынып. Қостанай 2004 8-бет.)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

ІІІ деңгей


  1. Сызбаға сәйкес сөз тіркесін теріп жазыңыздар.

І нұсқа. Зат есім+етістік ІІ нұсқа. Сын есім+зат есім

2.Берілген сөздердің синонимін, омонимін жазыңыздар.

І нұсқа: Белгілі, еңбек, жүз, аты. ІІ нұсқа: Көмек, бас, кітап, жаз.

3.Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, олармен сөйлем құраңыздар.

І нұсқа.Ұлт, өнеге ІІ нұсқа. білім, атақ

ІІ деңгей

1.Белгіленген сөзге морфологиялық талдау жасаңыздар.

I нұсқа – Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін.

II нұсқа -Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын.

2.Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар:

I нұсқа- Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. II нұсқа- Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.

І деңгей


1. «Қазақстанның белгілі ғалымдары»деген тақырыбына эссе жазыңыздар.

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау

Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.


Лексикалық тапсырмалар:

  1. Берілген адамдардың есімдері немен әйгілі болғанын көрсетіңіздер.

Билл Гейтс, Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбайұлы

  1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

А)Интертеттің туған жылын қай жыл деп саналады? (1990 жылы 1 тамызда КУРЧАТОВ технология институтында)

Ә) Интернетке қандай адамдар кіре алады?

Б) Сенің кім болғың келеді?


  1. Мамандыққа байланысты білетін мақал-мәтелдер, қанатты сөздерді жазыңыздар.

  2. Құрмалас сөйлем дегеніміз - ... .

  3. «Технология жаңалықтары» тақырыбына диалог құраңыздар.

  4. «Ер дәулеті – еңбекте» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңыздар.

Грамматикалық тапсырмалар:



  1. ССкругленный прямоугольник 5ызбаны толтырыңыздар.



  1. Берілген сөздердің орысша баламасын екінші бағанадан тауып, бағдар сызықпен көрсетіңіздер.

Мамандық интернет

Болғым келеді век техники

Техника ғасыры хочу быть

Сапалы, жылдам специальные программы

Арнаулы бағдарламалар качественно, быстро

Ғаламтор профессия



  1. Берілген сөйлемдерден бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді көшіріп, сол сөздерге сұрақ қойыңыздар.

Ол 1921-1932 жылдары Алматыдағы Н.Г.Хлудов студиясында, 1934- 1937 жылдары Мәскеудегі көркемөнер студиясында оқыған.

Мен өзім мал дәрігері болғым келеді.

Менің әкем – ұшқыш, шешем дүкенде сатушы.


  1. Морфологиялық талдау жасаңыздар.

Көздің (ауруы),жүйкеге (қатысты), компьютермен (ойнау).

  1. Кейінгі ықпал - ережесін жазып, мысал келтіріңіздер.

  2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Менің инженер болғым келеді, зауыт, фабриканы, шахтаны жақсы көремін

Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІV тоқсандық

тақырыптық тест

Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау.



1.Жазушы еңбегі қандай болатынын белгілеңіз.

А) қиын, жауапты

В) жеңіл, қиын

С) көңілді, жауапсыз

D) ардақты, жеңіл

Е) көңілді, мазасыз

2. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерін анықтаңыз.

А) Т.Бегелдінов

В) Л.Беда

С) Т.Әубәкіров

D) Т.Мұсабаев

Е) И.Панфилов

3. Т.Әубәкіров токарь боп істеген зауытты көрсетіңіз.

А) Павлодардағы трактор зауыты

В) Өскемендегі мырыш зауыты

С) Қарағандыдағы кірпіш зауыты

D) Теміртаудағы металлургия зауыты

Е) Ақсу темірқорыту зауыты

4. Қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшқан жылын белгілеңіз.

А) 1990


В) 1992

С) 1994


D) 1991

Е) 1993


5. Мұғалім, дәрігер, экономист-бухгалтер маманы болу үшін қай оқу орынды бітіру керек екенін көрсетіңіз.

А) колледжді

В) университетті

С) гимназияны

D) лицейді

Е) академияны

6. Қазақстанның халық суретшісін табыңыз.

А) Мұзафар Әлімбаев

В) Әбілхан Қастеев

С) Тоқтар Әубәкіров

D) Нұрғиса Тілендиев

Е) Мұхтар Әуезов

7. М.Г. Хлудов сурет студиясы орналасқан қаланы анықтаңыз.

А) Астана

В) Теміртау

С) Өскемен

D) Атырау

Е) Алматы

8. Сөзі Н.Әлімқұловтікі, әні Ә.Бейсеуовтің әнін көрсетіңіз.

А) «Әлия» әні

В) «Армандастар» әні

С) «Құстар қайтып барады» әні

D) «Балдаурен» әні

Е) «Көршінің қызы» әні

9. Тек тілегін, талабын, арманын ғана білдіретін етістіктің түрін анықтаңыз.

А) Ашық рай.

В) Шартты рай.

С) Көсемше.

D) Бұйрық рай.

Е) Қалау рай.

10. Сан есім мен зат есімнен бірігіп жасалған ұлттық ойынның атауын белгілеңіз.

А) Тоғызқұмалақ

В) Жетісу

С) Көкпар

D) Қазақша күрес

Е) Көкшетау

11. Қосарлы айқындауышты табыңыз.

А) Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.

В) Мүмкін, сен ертең келерсің.

С) Шынында, осы мәселе не болды?

D) Әрине, міндетті түрде келемін.

Е) Рас, инженер-техниктің жұмысы ауыр.

12. Ресми іс қағаздары стилі дегенді табыңыз.

А) жеке адамның, ұжымның, фирамның, мекеменің атқаратын қызметіне байланысты пайда болған жазбаша, ауызша қарым-қатынас құралы.

В) көркем шығармада қолданылатын сөздер.

С) жергілікті диалектілер

D) термин сөздер

Е) әдеби сөздер.

13. «Кепілхат, сенімхат» стильдің қай түріне жататынын көрсетіңіз.

А) публицистикалық стиль

В) ғылыми стиль

С) көркем әдебиет стилі

D) ауызекі сөйлеу стилі

Е) ресми іс қағаздар стилі

14. «Келгем, келгім кеп, келгесін» сөздері қай стильде жазылғанын анықтаңыз.

А) әдеби стиль

В) көркем әдебиет стилі

С) ғылыми стиль

D) ауызекі сөйлеу стилі

Е) ресми іс қағаздары стилі

15. Бірге жазылатын сөздерді табыңыз.

А) күні бойы, әдемі қыз, ақ қайың

В) жылы су, жарқын болашақ, ала қайың

С) талды аймақ, сабақ кестесі, үй жиһазы

D) сынып бұрышы, кәсіп орын, қисық таяқ

Е) ақ қайың, ақ сарбас, тоқым қағар

16. Қосарланған сан есімдерді анықтаңыз.

А) Министрлік тапсырмасы бойынша биыл 2 миллиард теңге қаржы игерілді.

B) Ірілі-ұсақты он-он бес тоқты отарда жайылып жүр.

C) Бұл – соңғы бес жылдағы алғашқы тұсаукесер.

D) Жиналған қарбыз әрқайсымызға үш-үштен бөлінді.

E) Мұражайда 150-ден астам экспонат қоры бар.

17. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыз.

А) қарақат, сексен, бәйшешек, биыл

В) ата, ана, қадыр, қасиет, ине, жiп

С) Ұлпан, ешқашан, таңертең, бүгiн

D) Қыстыгүнi, түрегел, әпер, бiлезiк

Е) Көкпар, қолөнер, сайыс, жарқанат

18. Қайталама қос сөзді табыңыз.

A) Жып-жылы, әке-шеше.


B) Өз-өзінен, жүзбе-жүз.
C) Үгіт-насихат, жап-жаңа.
D) Бақытты-бақытсыз, некен-саяқ.
E) Мәдени-ағарту, ат-мат.

19. Әлі тәуелсіздік алмаған есім сөздерді белгілеңіз.

А) Көмекші есімдер В) Дара зат есімдер С) Жалқы есімдер

D) Негізгі зат есімдер Е) Деректі зат есімдер

20. Тек тілегін, талабын, арманын ғана білдіретін етістіктің түрін анықтаңыз.

А) Ашық рай.

В) Шартты рай.

С) Көсемше.

D) Бұйрық рай.

Е) Қалау рай.

21. Туынды зат есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

С) Татулық – табылмас бақыт.

D) Ынтымақ түбі береке.

E) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.

22. Нақыл сөзді жалғасын анықтаңдар: Ұстаздан ... озар.

А) ана


В) кітап

С) білім


Д) мектеп

Е) шәкірт

23. Туынды зат есімі бар сөйлемді табыңыз.

А) Мен интернетті көп қолдандым.

В) Осы аптада тағы да ақпараттар жинадым.

С) Оқулықсыз келген оқушылар да болды.

D) Құжаттарды дұрыс толтыру керек.

E) Мектепте достарыммен кездестім.

24. . «Біл, өнер, сурет» сөздерімен туынды түбір жасауға болатын жұрнақтарды табыңыз.

А) –ша, -ым, -гіш

В) -ім, -лі, -ші

С) –ып, -іп, -шы

Д) –лы, -лі, -ғыш

Е) -ғыш, -гіш, -ш

25. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыз.

А) ұстаз шәкірт, бала шаға

В) өнер білім, лала гүл

С) ата ана, әке шеше

Д) ата мекен, киіз үй

Е) ойын күлкі, жақсы көңіл



Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.
Грамматикалық тапсырмалар:

  1. Сұраққа жауап беріңіздер.

«Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен ғылыми еңбектері кіммен жазылған? (А.Байтұрсынов)

  1. Стильдің түрлерін жазыңыздар, стильге байланысты мысалдар келтіріңіздер.

  2. Мақалды толықтырыңыздар.

Оқу – ... мен құдық қазғандай.

... түбі – тоқу.



  1. Ш.Уәлиханов, Ж.Күднрин, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Тынышбаев туралы білетіндеріңді жазыңыздар.

  2. «Мамандық» тақырыбына диалог құраңыздар.

  3. «Алаш ғылымдары» тақырыбы бойынша эссе жазыңыздар.

Лексикалық тапсырмалар:



  1. Берілген сөздердің жазылу түрін анықтаңыздар.

Әке/ шеше, аға /іні, туған/ туыс.

Жылы/жылы, сөйлей/сөйлей, досы/туысы.

Ап/анық, жап/жасыл, әке/аға.


  1. Сөйлемді дұрыс құраңыздар.

(Кейіннен Ұлтай Ділдәбекова адал еңбегінен зор абыройға ие болды.)

  1. Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңыздар.

Өнертапқыштық, зерттеулер, күншығыс, есепшотына.

  1. Морфологиялық талдау жасаңыздар.

Кіші (баласы),әкесіне (көмектесу).

  1. Мына сөздерден туынды зат есім жасаңыздар.

Оқу –

Мұра –


Сөз –

Еңбек –


  1. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Олардың кейбіреуі – тілші, суретші, балташы, енді біреулері – сәулетші, жүргізуші, жазушылар.
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған жылдық бақылау
Мақсаты: Мемлекеттік стандарттың орындалуын қадағалау; оқушылардың сауатты жазу дағдылары мен грамматика бойынша қалыптасқан білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау.

Мамандық


Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу.

Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды.Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады.

Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, журналист болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек.

Бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады. (Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Ж.С. Қалиева, 135 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
ІІІ деңгей.


  1. Берілген сөйлемдердегі асты сызылған сөздер құрамына қарай талдаңыздар

І нұсқа: Бірінде, он шақты бала жидек теруге келдік.

ІІ нұсқа: Керексіз жерде-ақ сақылдап күліп, қарға адым жерде айғайлап сөйлестік.



  1. Сөздерді септеңіздер.

І нұсқа: Өмір

ІІ нұсқа: журналист



  1. Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

І нұсқа: Жұмысшы

ІІ нұсқа: Мамандық

ІІ деңгей.


  1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

І нұсқа: Қамшыдан қайқалақтаған Әбзидің арық қабырғасы ыржың-ыржың етіп, екі қолымен арқасын уқалай "ағатайлаған" дауысы тым ащы шықты.

ІІ нұсқа: Кіруін ұрланып кірсек те, көңілді көкке көтеріп, қылп еткен сыбдырға жаңғырығып тұрған нуға кіргесін, айғайламасқа дәтіміз шыдасын ба!



  1. Сөз тіркестерден салалас құрмалас сөйлем жазыңыздар.

Болашақ маманым, жақсы оқу, университетке түсу.

І деңгей.



  1. «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына эссе жазыңыздар.


11-сынып

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған алғашқы бақылау үзігі

Мақсаты: 10-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

Банк қызметі туралы не білеміз?

Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді. Өндіріс керек болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.

Жалпы банктік жүйелер әртүрлі деңгейлі болады. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер, негізінен, халыққа қызмет етеді.

Банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер несие саясатын жүзеге асырады. Олар несие-есептік қызмет атқарады.

Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады.

(106 сөз)

(С.Дюсебаев. Қазақ тілі. Сборник диктантов. Алматы: «Мектеп», 2011.)

Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

ІІІ деңгей. 1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

І нұсқа. Өндіріс керек болса, банк те керек.

ІІ нұсқа. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

2. Сөздерді құрамына қарай талдаңыздар.

І нұсқа өндірістік, кәсіпорын, әртүрлі

ІІ нұсқа деңгейлі, несие-есептік, валюталарымен

3. Берілген сөзді септеңдер

І нұсқа – банк жүйесі ІІ нұсқа – қарыз алушы

ІІ деңгей. 1. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

І нұсқа. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.

ІІ нұсқа. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады.



  1. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыздар. І нұсқа – 1-ші абзац ІІ нұсқа – 2-ші абзац

І деңгей. Берілген тақырып бойынша диалог құрастырыңыздар. І нұсқа «Менің болашақ мамандығым» ІІ нұсқа «Сүйікті іс»

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант

Мақсаты: Мәтінді орфографиялық, пунктуациялық нормаларға дұрыс жаза алуын бағалау.


Зырян
Зырян – Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ол 1941 жылы кенді Алтайдың орта бөлігіндегі табиғаты көркем жерде құрылған. Қала іргесінің қалануы 1791 жылы жұмысшы Г.Г.Зыряновтың осы өңірден полиметалл кенін ашу тарихымен тығыз байланысты. Ұлы Отан соғысы жылдары Зырян майдан үшін өте қажет болған қорғасын, мысты көптеп жіберді. Қазіргі Зырян – республикамыздағы түсті металлургия орталықтарының бірі. Зырян полиметалл кені, Зырян қорғасын комбинаты осында. Зырян ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, 1977 жылы құрылған.

Аудан жері кенді Алтай мен Оңтүстік Алтайдың аралығындағы тауаралық аңғарлар мен аласа тауларды қамтиды. Оңтүстік, оңтүстік-батысында Бұқтырма бөгенімен шектелген. Жер қойнауынан қорғасын, мыс, мырыш, алтын, күміс, т.б. табылды. Климаты тым континентік, қысы ұзақ, аязды, жазы жылы.

(105 сөз)

(Матаева Ж.А. Диктанттар жинағы (Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 5-11 сыныптарына арналған қазақ тілінен жергілікті жер материалдары) - Өскемен қ.: ШҚО БАИ баспасы, 2008, 15 бет.)



Каталог: uploads -> doc -> 0421
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0421 -> Сабақтың тақырыбы : С. Мұқанов «Лашын» әңгімесі Сабақтың мақсаты
0421 -> Касыбаева Айнур Багдатовна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет