Оқу пәнінің паспорты Этнография және этногеография негіздері



бет3/3
Дата26.08.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3

2. Оқытушы жөнінде ақпарат:


Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Ерубаева Ләззат Жәнібекқызы


География және туризм кафедрасы

Тел. (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313а



3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты – әлем халықтарының нәсілдік, тілдік және діни құрамын зерттеу, кейбір аймақтардағы еңбек ресурстарының тапшылығы, халықтың баяу өсуі, оның біркелкі емес таралуы жағдайында миграциялық ахуалды, оның әр-түрлілігін, әсер ету факторларын географиялық тұрғыдан зерттеу.

Пәнді оқытудың міндеттері:



  • қоғамның қозғаушы күші ретінде дүние жүзінің халықтары туралы керекті мәліметтерді беру;

  • халықтың ұдайы өсуінің жағдайын, ролін көрсету;

  • этнос ұғымы, дүниежүзілік халықтың құрылымы және құрамы туралы жалпылық бейне беру;

  • ҚР-ның халқы туралы, ұлтық құрамы, өсіп-өнуі және көшіп-қонуы туралы ерекшеліктерін қарастыру.


4. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Студент білу керек:

  • этногеографияның зерттеу пәні мен нысандарын;

  • жер шарының халық санын, өсу динамикасы және орналасу ерекшеліктерін;

  • этникалық құрамы мен демографиялық ерекшеліктерін;

  • дін түрлерін және таралу аймақтарын.

Студент істей білу керек:

  • халықтың таралу ерекшелігіне баға беруді, халықтың біркелкі таралмауының себептерін көрсете алуды;

  • халықтың жастық және жыныстық құрамдары бойынша анализ жасай алуды;

  • алғашқы мәліметерді өңдей білу және ақпараттар ағынында бағдарлай алуды;

  • демографиялық ахуалды болжай алуды және еңбек ресурстарының орналасу тенденцияларын болжай білу.

5. Пәннің тақырыптық жоспары


р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

Курстың пәні және міндеттері. Этнос ұғымы және қалыптасу кезеңдері

2

3

10

2

2

Халықтың саны және ұдайы өсіп-өнуі

2

3

10

2

3

Халықтың нәсілдік, этникалық құрамы. Халықтардың тілдік жіктемесі

2

5

20


4

4

Әлемдік діндер және олардың таралу аймақтары

2

4

10


4

5

Халықтың таралу ерекшеліктері. Қоныстанудың географиялық формалары. Еңбек ресурстары

2

4

10

4


6

Халық миграциясы және миграция түрлері

2

4

10

2

7

Урбандалу және қоршаған ортаны қорғау

2

4

10

2,5

8

Халық орналасуының ғаламдық мәселесі

1

3

10

2




БАРЛЫҒЫ:

15

30

90

22,5




Пән бойынша барлығы

135



6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 Тақырып Курстың пәні және міндеттері. Этнос ұғымы және қалыптасу кезеңдері

Жоспар


  1. Курстың мақсаты мен міндеттері

  2. Этногеография ғылымының басқа ғылымдармен байланысы

  3. Этнос ұғымы және оның қалыптасу кезеңдері


Этногеография (грек. ethnos – тайпа, geo – жер, grapho – жазамын, сызамын, сурет саламын) – этнология мен география ғылымдарының тоғысындағы ғылым. Этногеография этн. топтардың қалыптасуы мен қоныстану және қоныс аудару заңдылықтарын, олардың шаруашылығы мен тұрмысына, заттай мәдениетіне табиғи ортаның тигізетін әсерін, халықтардың киімдері мен тұрақ-жай ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ тарихи дәуірлер мен жыл мезгілдеріне қарай, тұрмыс және жол-қатынас мүмкіндіктерін ғыл. тұрғыдан анықтайды. Этногеография 20 ғ-дың 2-жартысында ғыл. пән ретінде қалыптаса бастады. Өз зерттеулерінде де тарихи пәндердің әдістемесімен қатар, жаратылыстану ғылымдарының әдістерін пайдалана береді. Ежелгі дәуірлердегі көрсетілген сауалдарды шешуде деректанулық талдау кеңінен жүргізіледі.

Тарихтан белгiлi болғандай әр түрлi халықтар белгiлi бiр аймақта пайда болып, сол аймақтың өзiндiк ерекшелiгiне (климатына, өсiмдiгiне, жер бедерiне, географиялық аймақтың хайуанаттары мен жәндiктерiне) бейiмделiп, тiршiлiк етедi. Өзiндiк мәдени және рухани мұрасын жасап қалдырады. Осы ерекшелiктерiне сүйене отырып, көрнектi тарихшы-этнограф Лев Гумилев: “Этнос дегенiмiз – жер бетiндегi белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк ортаның бiлiгiнде жатқан салт- дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы, тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы”(19,13) деген анықтама бередi. Бiз осы анықтаманы басшылыққа алған жөн деп есептеймiз.

Ендi “Жаңа этностардың пайда болу себептерi неге байланысты?” деген сұраққа жауап iздесек, бiрiншiден, көршi этностардың бiр-бiрiмен соғысып, жеңiлгендерiнiң қоныс аударуынан, сөйтiп олардың жаңа жерге келiп, жергiлiктi халықтармен, тайпалармен биологиялық қан араласынан (миграцияланудан) жаңа этностар дүниеге келедi; екiншi, бiрнеше тайпалар мен халықтардың жаңа жердi отарлап, игеруiнен пайда болады. Мысалы, ХIҮғ. аяғында ағылшындар мен испандықтардың Солтүстiк Американы жаулап алып, жаңа жерге қоныстануынан американ этносы пайда болды. Үшiншi, климаттық өзгерiс (қуаңшылық, су тасқыны т.б.) адамдарды туған жерiнен ауа көшуге мәжбүр етедi. Олар басқа жерден тұрақ iздейдi. Мысалы, қырғыз халқы ХV ғ. басында Алтайдың солтүстiгi мен Енисей өзенi бойынан, ойраттардан бөлiнiп шығып, қырғыз Алатауына көшiп келiп, жергiлiктi түркi тайпалармен қан араласуынан жаңа этнос пайда болды. Бұл жерде жаңа жерге келiп тiршiлiк етушi этностар тобының жергiлiктi этностар тобымен бiрiгуiнен (қан араласуынан үшiншi бiр жаңа этностың) пайда болатынын ескеру қажет. Яғни этникалық тiршiлiктiң географиялық ортамен байланыстылығын ескерген жөн. Осыдан келiп, Э.Семплдiң “Адам – жер бетiнiң өнiмi” деген теориясы туындайды. Ал жер бетiндегi тiршiлiк күн нұрының күшеюiне, ғарыштық сәулелердiң әсерiне байланысты. Ғарыштық сәулелер ауа қабаттарын жарып өтiп, бiрнеше қиындықтарды жеңiп барып жер бетiне жетедi. Осыдан келiп себептестiк және қарама-қайшылық заңдылықтары туындайды. Табиғатта да, қоғамда да қарама-қайшылықсыз, себеп-салдарсыз даму мүмкiн емес. Этностардың бiр-бiрiнен этногенездiк айырмашылығы олардың нәсiлiне, тiлiне, дiнiне, бiлiмiне байланысты емес, тек мiнез-құлқы мен жер бедерiнiң табиғатына үйренiп, бейiмделуiне байланысты деп қарауды география ғылымы қуаттайды (19,5). Мысалы мұхит жағалауындағы ұлттар мен ұлыстардың салқын қанды болуы, олардың балық аулап, бұғы өсiрiп, ет жеп тiршiлiк етуi, ал оның керiсiнше, Оңтүстiк Африка халықтарының ыстық қанды болып келуi және тропикалық өсiмдiктермен қоректенуi географиялық - климаттық жағдайға бейiмделуiне байланысты ерекшелiк.

Әр ұлттың өзiне тән мiнез-құлық құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа көшкен сайын өзгерiп отырады. Мысалы ХVIII-ХIХ ғ.ғ. қазақтар мен бүгiнгi қазақтардың мiнез-құлқы бiрдей емес. Тiптi қазақстандық жергiлiктi қазақтар мен Иран, Түркия, Моңғол қазақтарының мiнез-құлқындағы айырмашылық бiрден сезiледi. Ол – этникалық топтардың жергiлiктi халықтың психологиясы мен кәсiби ерекшелiгiне қарай бейiмделуiне байланысты.

“Этнос мүшелерiнiң мiнез-құлық құрылымының бiрiздiлiгi қарым-қатынас нормасына негiзделген. Олар: 1) жеке адам мен ұжымның арақатынасына; 2) жеке адамдардың өзара қатынасына; 3) этникалық топтардың арақатынасына; 4) этностар мен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынасқа құрылады. Басқа этностардың басқаша нормалармен байланысқа түсуiне әр этностың мүшелерi таң қалады және өзiнiң тұқымдастарына басқа халықтардың “өрескелдiктерi” туралы таңдана айтатын болады. Мысалы, ертедегi афиналықтар скифтердiң үйiнiң жоқтығын, ал өздерiнiң мейрамдарында есi кеткенше iшетiнiн ызалана айтады екен. Ал римдiктер еврейлердiң сүндетке отырғызуын жаратылысқа қарсы әрекет деп айыптаған. Палестинаны жаулап алған рыцарьлар арабтардың көп қатын алуын ызалана сөз етсе, ал арабтар француз әйелдерiнiң бетiн ашық ұстауын сөлекет санаған. Иудейлер римдiктердi шошқа етiн жегенi үшiн жек көрген.

Заман өзгерген сайын мiнез-құлық нормалары да жаңарып отырады. Мысалы, қазан төңкерiсiнен кейiн қазақтарда “қалыңмал” берiп, әйел алуы мүлде жойылды немесе өзбек әйелдерi пәрәнжi жамылуды қойды.



Алайда этностың дамуы бiркелкi болмайды. Ол доға iспеттi дамуды бастан кешiредi. Себебi, этностың қоғамдық мәдени-экономикалық және географиялық жағдайға байланысты бiрде шапшаң, бiрде баяу дамуы мүмкiн. Адам өмiрi оны қоршаған табиғатпен, ғарыштық кеңiстiкпен, күн сәулелерiмен және радиацияның жер бетiндегi тiршiлiкке, соның iшiнде адамға да тигiзетiн әсерiмен биосфералық жағынан тығыз байланыста өтедi. Бұл жөнiнде Чижевскийдiң “Күн бетiндегi отты борандардың жер бетiндегi жаңғырығы” атты кiтабында айтылады. Күн бетiндегi отты борандар мен қопарылыс-жарылыс пайда болғанда, жердiң магниттiк белдеуi бағдарын өзгертетiн көрiнедi. Сонымен бiрге күн бетiнен жерге өткiр сәулелер атқылайды. Жер бетiндегi тiршiлiк әлемiне ерекше әсер ететiн физикалық құбылыстар пайда болады. Чижевскийдiң бақылауынша, күн бетiнде пайда болып жатқан осы құбылыстар кезiнде өткiр сәулелердiң шамадан тыс бөлiнуiмен байланысты вирустар көбейiп және олар желдiң бағытымен ұшып келiп, бiр жерге шоғырланып, әр түрлi жұқпалы ауруларды таратады, түрлi апаттар жиiленiп, адамдар арасында ақыл-есi ауысушы, асылып өлушiлердiң көбеюiн, бiр ұлт пен екiншi ұлттардың өзара соғысып, қантөгiстердiң болуын туғызатын көрiнедi (19,7). Биосфераның әсерiнен болатын табиғи апаттан, жарылыстан кейiн пайда болатын шала-жансарлық жағдай этностарды бiрден мүлдем құртып жiбермейдi. Дегенмен, ол этникалық жұлдыздарға (этностардың алдыңғы белсендi тобына) үлкен әсерiн тигiзiп, әлсiретуi, тiптi тұқымға орасан зор зиян келтiруi мүмкiн. Адам үнемi табиғат құшағында өмiр сүрiп, тiршiлiк ететiн болғандықтан, күн сәулесiнiң де адамдардың психикасына ықпалын тигiзетiнi көпке аян. Яғни адамдардың өз еркiн билеу әрекетi де табиғатпен тығыз байланысты. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы жиi-жиi болатын соғыс, қан төгiс, қақтығыстарды бiр жағынан экономикалық үстемдiк үшiн күрес деп қарасақ, екiншiден, ұлттар мен ұлыстарды басқарушы хандар мен патшалардың мiнез-құлық әрекетiне, мемлекеттi басқарушы адамдардың нерв жүйесiнiң қызметiне байланысты құбылыс деп ұғуға тура келедi. Мысалы, Гитлердiң немiс ұлтын үстемдiкке жаралған ақ нәсiл деп қарап, бүкiл Еуропаны басып алуды мақсат еткенi, еврейлердi кемсiтiп, асып-атуы Мальтустiң теориясына негiзделген фашистiк-диктаторлық iс-әрекет едi. Ал бiреулер мұны адамның физиологиялық жағымсыз қасиетi демей, “Алланың жiберген iсi” деп қарап, фашистiк iс-әрекеттi ақтамақ болады.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
2 Тақырып Халықтың саны және ұдайы өсіп-өнуі

Жоспар

  1. Халық саны

  2. Халықтың ұдайы өсіп-өну коэфициенті.

  3. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары



Халықтың ұдайы өсіп-өну коэфициентіұрпақтардың өсіп-өну қарқындылығының жалпылама сандық бағасын беретін көрсеткіштер. Әдетте әйелдер үшін және ерлер үшін бөлек-бөлек есептеледі, бірақ практикада ерлердің жасына қарай туылуы туралы деректердің жоқтығы себепті ерлер үшін есептеулер қолданылмайды. Халықтың ұдайы өсіп-өну коэффициентін қолданудың мақсаты — түрлі факторлардың ықпалымен өзгеріп тұратын халықтың өмір жасының құрылымына қарай халықтың өсуі туралы түсінік беру. Халықтың ұдайы өсіп-өну коэффициенті болжалды ұрпақ үшін неғұрлым кең ауқымда дамыған. Есептеу үшін бірнеше күнтізбелік жылдағы статист. ақпараттың болуы жеткілікті. Өміршеңдік индексі, тұрақты халықтың үлгілері мен жалпы туу коэффициентіне негізделетін орнын толтыру көрсеткіштері ең қарапайым Халықтың ұдайы өсіп-өну коэффициенті болып табылады.

Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография » пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман – географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.

Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары. Халықтың ұдайы өсуі – адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді. Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі топқа бөлеміз. Оның бірінші типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде халықтың санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе дамыған елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың табиғи өсу көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші типінде келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болкы тән. Бұл елдерде туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай жоғары деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік – Батыс Азия, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
3 Тақырып Халықтың нәсілдік, этникалық құрамы. Халықтардың тілдік жіктемесі

Жоспар

1. Халықтың нәсілдік құрамы

2. Халықтың этникалық құрамы

3. Халықтардың тілдік жіктемесі


Нәсіл (фр. race, итал. razza — туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері — терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.

Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:



  • экваторлық, (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),

  • еуропалық,

  • моңғолоид.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер


Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілер


Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Негроидтік нәсілдерге тән белгілер


Негроидтік нәсілдердің шаштары бүйра әрі кара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпак, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
4 Тақырып Әлемдік діндер және олардың таралу аймақтары.

  1. Әлемдік діндердің ұғымы және таралу аймақтары

  2. Жергілікті немесе ұлттық діндер және таралу аймақтары

  3. Рулық тайпалық діндер және таралу аймақтары


Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді.

Христиан дінінде Иисус Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн); 2) апостолдардың арнаулы хаттары; 3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар; 4) ақыр заман туралы өсиет. Христиан дінінің 3 тармағы: проваславие, католицизм, протестанттық.

Православие – құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген.

Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) – бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді.

Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды[4].

Исла́м (араб.: إسلام‎ [ʔɪsˈlæːm]) — монотеистік, ханиф — Ибраһим пайғамбардың діні. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһның заңдарына) «мойынсыну» болып табылады.

Исламдағы бөлімдер: Сунниттер яғни Аһл ас-Cунна (араб.: سنة‎ — “Сүннетті ұстанушылар”) — Сүннетке мойынсұнып, оны қолдап-қуаттаушы сунниттер тобының атауы. Сунна — шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол Мұхаммедтің (с.а.с) іс-әрекеттері мен айтқан өсиет, тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифты мойындау (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли), алты хадистер жиынтығын мойындау (Мұхаммад б. Исмайил әл-Бұхари, Муслим б. ан-Найсабури, әл-Хаким ат-Термизи, Әбу Дауд, ан-Насаи, ибн Маджи) және төрт мазһабтың (ағымның) біріне тиістілігі (мәликашылар, ханифашылар, ханбалшылар, шафийшылар). Аһл ас-Суннаға жататындар Иран мен Ирактан өзге (бұл екі елде шииттер саны басым) мұсылман елдерінің бәрінде өмір сүреді. Қазақ халқы да Суннаны мойындаушыларға, яғни аһл ас-Суннаға жатады және ханифшылар ілімін ұстанады.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

5 Тақырып Халықтың таралу ерекшеліктері. Қоныстанудың географиялық формалары. Еңбек ресурстары


  1. Халықтың жер бетінде таралу ерекшеліктері

  2. Қонысьанудың географиялық формалары

  3. Еңбек ресурстары


Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі. Еңбек ресурстарының өлшемі халықтың санына, оның өсіп өнуінің режіміне, демографиялық құрылымына байланысты барлық демографиялық процестерінің қарқындылығына сәйкес болады.

Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады. Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: «экономикалық адам», «адам ресурстары», «адам капиталы», «кәсіпкер», «жұмыс күші», «өндірістің жеке факторы», «еңбек ресурстары» т.с.с.

Экономикалық адам — бұл таңдау бостандығы бар,жеке мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын,нарықтық экономиканың басты шығармашылық субъектісі,еңбек ресурсы.

Еңбек нарығы қызметінің тетігін (механизмін) талдауда, төрт тұжырымдамадан тұратын көзқарас өмір сүреді:

1.  Еңбек нарығының классикалық моделі, мұнда толық жұмыспен қамтамасыз етілуі нарықтың экономикалық нормасы      болып      табылады,      ал      экономикаға мемлекеттің   араласпауы   ең   жақсы   экономикалық саясат    болып    табылады.     Бұл    моделдің    негізгі теориялық ережелері:

ұсыныс    меншікті    ішкі    сұранысты    туғызатын болғандықтан, жалпы артық өндіру мүмкін емес;

•    жұмыстың  көп  кезінде  өндірілген  өнімді  сатып алуға      жұмсайтын      каржылардың      жеткіліксіз деңгейін жоққа шығарады;

•     егер жалпы қаржы деңгейі жеткіліксіз болса, онда баға  және  жалақы  сияқты  реттеу тетіктері  іске қосылады,  бұл  өндірістің  нақты  өнім  көлемінің қысқаруына,      жұмыссыздыққа      және      нақты табыстың төленуіне жол бермейді;

•  еңбек нарығындағы бәсеке ішкі жұмыссыздықты жоққа шығарады,  өйткені  нарықпен  белгіленген жалақы ставкасымен жұмыс істегісі келетін адамға жұмыс табу оңай болады;

•    мемлекеттің экономикаға көмегі артық, тіптен зиян деп те айтуға болады.

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3,4.)
6 Тақырып Халық миграциясы және миграция түрлері


  1. Халық миграциясының ұғымы және миграция себептері

  2. Миграция түрлері және олардың сипаттамасы

  3. Кейбір аймақтардағы миграциялық ерекшеліктер

Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. Келесідей себептер анықталады:

- экономикалық,

- әлеуметтік,

- әскери,

- демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция),

- мәдени,

- саяси,

- діни және

- этникалық.

Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді.

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)
7 Тақырып Урбандалу және қоршаған ортаны қорғау


  1. Урбандалу ұғымы және оның себептері

  2. Урбандалу түрлері және олардың ерекшеліктері мен болу себептері

  3. Урбандалу және қоршаған ортаны қорғау


Урбанизация (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.

"Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")

Урбанизация үрдісі осылардың арқасында жүреді: қала халқының табиғи өсімі; ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының пайда болуы; ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)

8 Тақырып Халық орналасуының ғаламдық мәселесі

1. Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі

2. Қала халқы: қала — агломерация — мегаполис

3. Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану


Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағынын, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады.

Халықты орналастыру - халықты мемлекет, облыс көлемінде, аймақ бойынша орналастыру.

Халықтың қоныстануы - халықты елді мекендер бойынша орналастыру.

Бұлардың бір-бірімен тығыз екендігін дәлелде. Қалалық және ауылдық елді мекендер, соған байланысты қала мен ауыл халқы деп белінеді.

Кез келген

мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді.

Ірі қалалар - адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. Қалалықтар қызмет түрінің көптеген түрлерін пайдаланып, жайлы қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді. Сондықтан болар, дүние жүзінің барлық елдеріне тән үрдіс - адамдардың қалаға жылжуы.

Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. urbanus - қалалық).

1) қаланың және халқының өсуі;

2) қалалық тіршіліктің өркендеуі;

3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.

Қалалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар. Қала, қалалық агломерация және мегаполис.

Қалалар Қазақстан жерінде ежелгі дүние кезеңдерінде қалыптасқан жоспарлы экономика тұсындағы урбандалу саны жағынан қалалар мен халық саны өсті. Қала және қала типтес ауылдар көбінесе бір кәсіпорын маңында (зауыт, фабрика, кен орны) калыптаса бастады. Экономикалық дағдарыс тұсында көсіпорындардың жабылуы қала тіршілігінің де жойылуына алып келді. Осыған орай мемлекеттің күшімен көптеген қала типтес кенттер біртіндеп ауылға айналды. Қазіргі таңда 86 кала және 35 кент бар. Қалалар тұрғын санына, атқаратын қызметіне және елді модернизациялаудағы реліне қарай бөлінеді.

Қала қызметі - қаланың негізгі қызметі. Олар қаланы қалыптасатын және қалаға қызмет көрсететін салаларға бөлінеді.



Қаланы қалыптастырушы қызметі - негізгі. Бұл қаланың мамандығы, яғни сол үшін негізі қаланған. Ңаланы қалыптастыруға өнеркөсіп, көлік, сауда, әкімшілік, мәдениет, ғылым, туризм және әскери қызметтер жатады.
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, 30 сағат


1 Тақырып Курстың пәні және міндеттері. Этнос ұғымы және қалыптасу кезеңдері
Жоспар:

  1. Этнос туралы ұғым. Этностың пайда болу заңдылықтары

  2. Этностың қалыптасу кезеңдері

  3. Қазақ этносының қалыптасу кезеңдері

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Этностың әр қалыптасу кезеңіне сипаттама беріп, ауызша мысалдар келтіру

  3. Қазақ этносының қалыптасу кезеңдерін сызба нұсқа түрінде көрсету


Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
2 Тақырып Халық саны. Халықтың ұдайы өсуі.
Жоспар:

  1. Халық саны бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттерді анықтау

  2. Халық санын есептеу әдістері

  3. Халықтың ұдайы өсуінің түрлері

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Халық санын есептеу әдістерін ашып көрсету, нақты мысалдар келтіру, санақ түрлеріне ауызша сипаттама беру

  3. Халықтың ұдайы өсуін есептеу әдістері, яғни формуласын көрсету, Қазақстанның соңғы жылдардағы ұдайы өсіп-өнуін есептеу .

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2,4.)
3 Тақырып Халықтың нәсілдік, этникалық құрамы. Халықтардың тілдік жіктемесі

Жоспар:

  1. Негізгі нәсіл түрлері

  2. Этностар-тайпа, халық, ұлт

  3. Аймақтық белгісіне қарай жіктеме жасау

  4. Жергілікті және келімсек халықтарҰлттық діндер

Тапсырмалар:

  1. Нәсілдік белгілерге сипаттама беру, ішкі және сыртқы белгілеріне сипаттамаберу және әр нәсілдің ерекшеліктеріне тоқталып кету керек

  2. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  3. Әр нәсілдің географиялық орналуын анықтап, карта бойынша сипаттап беру. Нәсілдердің географиялық таралу ернкшеліктерін ескеріп, оның себептерін анықтау. Әр материктің нәсілдік құрамына жазбаша сипаттама беру

  4. Этностардың тілдік жіктемесіне картаның көмегімен ауызша сипаттама беру

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4.)
4 Тақырып Әлемдік діндер және олардың таралу аймақтары

Жоспар:

  1. Әлемнің негізгі діндері. Ислам діні, Христиан діні, Буддизм діні.

  2. Ұлттық діндер және олардың географиясы

  3. Рулық-тайпалық діндер

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Негізгі діндерге жалпы сипаттама және географиялық таралу ерекшеліктерін қарастыру керек.

  3. Ұлттық діндер және олардың географиясы.

  4. Рулық-тайпалық діндердің түрлеріне сипаттама беріп, талдау жасау, сақталған түрлеріне толық тоқталып кету керек.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.)

5 Тақырып Халықтың таралу ерекшеліктері. Қоныстанудың географиялық формалары. Еңбек ресурстары


Жоспар:

  1. Халықтың таралу ерекшеліктері мен себептері.

  2. Қоныстанудың географиялық формалары. Қала түрлері және ауылдық тұрғын жерлер

  3. Еңбек ресурстары.

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Қала түрлеріне ауызша сипаттама беріп, Қазақстандағы кездесетін қала түрлерін сипаттап, мысал келтіру

  3. Ауылдық тұрғын жерлерге сипаттама беріп, ерекшеліктерін анықтау

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4.)
6 Тақырып Халық миграциясы және миграция түрлері

Жоспар:
1. Миграцияның негізгі түрлері

2. Миграцияның сандық көрсеткіштері

3. Негізгі терминдер мен ұғымдар

Тапсырмалар:


  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп презентация жасау

  2. Миграциялық үрдістерде кездесетін терминдерге глосарий құрастыру


Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, суреттерімен презентация жасап, қорғау. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)

Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта

7 Тақырып Урбандалу және қоршаған ортаны қорғау.

Жоспар:

  1. Урбандалудың қазіргі кезеңдері және оның қоршаған ортаға әсері

  2. Дүние жүзінің ірі қалалары, олардың ролі

  3. Мегаполистер


Тапсырмалар:

1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

2. Урбандалу үрдісінің нәтижесінде қоршаған ортаның өзгеруіне әсер ететін жағдайларды кесте түрінде сызып көрсету.

3. Мегапрлистер ұғымы және әлемнің ірі 10 мегаполистерін жатқа айтып беру



Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4.)
8 Тақырып. Халық орналасуының ғаламдық мәселесі.
Жоспар:

  1. Азық-түлік мәселесі Антропогендік факторлардың географиялық қабыққа тигізетін әсері.

  2. Табиғи ресурстардың азаюы және осымен байланысты мәселелер

Тапсырмалар:

  1. Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.

  2. Мальтус теориясын ауызша талқылау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын көрсету

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.)
8. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар




Тақырыптар

СӨЖ формасы

1

«Этногеография» пәні, міндеттері мен мазмұны.

Баяндама: «Ғылымдар жүйесіндегі этногеографияның алатын орны».

2

Тұрғын халықтың ұдайы өсіп-өну географиясы (берілген тақырыптардан бір тақырыпты таңдап алу керек)

Рефераттар: «Тұрғын халықтың ұдайы өсіп-өнуі», «Тұрғын халықтардың қоныстану заңдары», Халықтың демографиялық көрсеткіштері, Қазақстанның демографиялық жағдайы, Қазақстан халқының жастық және жыныстық құрамы.

3

Дүние жүзі тұрғын халықтарының этникалық және нәсілдік құрамы(берілген тақырыптардан бір тақырыпты таңдап алу керек) .

Баяндамалар: «Дүние жүзі тұрғын халықтардың этникалық құрамы», «Дүние жүзі тұрғын халықтардың нәсілдік құрамы», Павлодар облысының этникалық құрамы, Қазақстан халқының этникалық құрамы, Европеоидтық нәсілдің географиялық таралу ерекшелігі, Негроидтық нәсілдің географиялық таралу ерекшелігі, Монголоидтық нәсілдің географиялық таралу ерекшелігі, Австралоидтық нәсілдің географиялық таралу ерекшелігі.

4

Дүние жүзі тұрғын халықтың діни құрамы.

Карточкалармен жұмыс (яғни берілген сұрақтарға нақты және қысқаша жауап беру)

5

Еңбек ресурстары және оларды қорғау.

Еңбек ресурстарының сандық және сапалық сипатына жазбаша сипаттама беру.

6

Тұрғын халықтардың таралып орналасуы және көші-қоны

Тест тапсырмалары бойынша сұрақтарға жауап беру.

7

Қоныстанудың географиялық формалары, қазіргі қалалар және урбандалу мәселелері.

Карточкалармен жұмыс(яғни берілген сұрақтарға нақты және қысқаша жауап беру)

8

Әлемнің жеке аймақтарының халқына сипаттама.

«Шетелдік Еуропа мен Шетелдік Азия халықтары», «Африка мен Америка халықтары», «Австралия мен Мұхиттық аралдар халқы» (Картаны пайдаланып ауызша сипаттама беру, белгілі бір аймаққа презинтация дайындау).

9 СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру













12.35

13.25





2.

Семинар сабақтары бойынша кеңес







12.35

13.25











3.

СӨЖ бойынша кеңес
















12.35

13.25


4.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес

12.35

13.25


















11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік (семинар, зертханалық) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады



Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Тұрғын халықтың ұдайы өсіп-өну географиясы




2 жұма



2-ші жұма

2

Картамен жұмыс

Әлемнің жеке аймақтарының халқына сипаттама)

Атлас

Семестр бойы




семестр бойы

3

Аралық бақылау

Жоспар бойынша алғашқы 4 тақырып







коллоквиум

8-ші жұма

4

Тақырыптың белгілі бір тақырыпшасы бойынша презентация дайындау

Халықтың нәсілдің құрамы




2 жұма




9-шы жұма

5

Баяндама

Берілген тақырыптар тізімі бойынша




2 жұма




14-ші жұма

6

Аралық бақылау

Жоспар бойынша 5-8 тақырыптар







коллоквиум

15-ші жұма

Ескерту:

1. Реферат СӨЖ тапсырмаларында берілген тақырыпқа сай жазылуы тиіс.

12. Студенттердің білімін бағалау критериилері


Пәнді оқуту жыл бойы алған білімдері бойынша, тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Бағдарламада берілген барлық тапсырмаларды орындау, емтиханға жіберудің міндетті критерииі болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.




14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. Демография: учеб. пособие для студентов вузов/под ред. В. Г.
    Глушкова.- 2- е изд.-М.:Кнорус, 2006. - 290 с.

  2. Демография: учеб. пособие для студентов вузов/под ред. В. Г.
    Глушкова.- 2- е изд.-М.:Кнорус, 2006.-290 с.

  3. Алисов Н.В., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира: Учебник. - Гардарики, 2000.

  4. Родионова И.А.Экономическая география и региональная экономика.- М.:Моск.лицей, 2001.-288 с.

Қосымша:

  1. Голубчик И.M., Файбусович Э.Л., Насонов A.M., Макар СВ. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. Для студентов высших учебных заведений, — М., 2003 г.

  2. Желтиков В Л. Экономическая география: учебное пособие для студ. Вузов - Ростов н/Д: Феникс, 2003.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет