ОҚу сараманының ЖҰмыс бағдарламасы жұмыс бағдарламаасын құрастырғандар



Дата25.08.2017
өлшемі0,49 Mb.
#27273
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


5В010900 – МАТЕМАТИКА

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде

оқитын 1-4 курс студенттеріне арналған

ОҚУ САРАМАНЫНЫҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламаасын құрастырғандар:

Аға оқытушылар Айтенова Г.М., Имангалиева Б. С.

ҚР МЖМБС жоғарғы білім, ҚР үкіметінің №1080 23 тамыз 2012 ж. бекітілген қаулысы және  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары, ҚР үкіметнің №499 17 мамыр 2013 ж. бекітілген қаулысы негізінде құрастырылған.

Физика және математика кафедрасының отырысында қаралған

Хаттама № «___» __________20__ж.

Кафедра меңгерушісі_________________ Кульжумиева А. А.


Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралған:

Хаттама № «___» __________20__ж.

Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңес төрағасы_____Иксебаева Ж. С.
Келіскен: Сафуллин Е. Н. ____________________________20__ж.

Қызметі: «"Өрлеу " біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»" акционерлік қоғамның филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" директорының орынбасары.

Қоғамдағы жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай, әлемдік мәдени – білім кеңістігіне ену, өркениетті елдердегі педагогика ғылымы және білім беру жүйесі дамуының қазіргі кездегі тенденциялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және психология ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі мұғалім мамандығына сапалы етіп дайындауды қажет етеді.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын – ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық – педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнынының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.

Бұл бағдарлама «Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетініңі «Кәсіби сараманды ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес құрастырылған.

Кәсіби сараман университетте окыту процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдылары мен жетік білімділіктің қалыптасуына, сонымен қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған.

Педагогикалық сараман: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді – шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу – тәрбие іс – әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу – тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Педагогикалық сараман мына шарттар арқылы өткізіледі:


  • мұғалімнің кәсіби іс – әрекетінің обьектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;

  • студент оқу іс–әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады

  • психологиялық–педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.

  • бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми – зерттеу жұмысына бағыттау;

  • педагогикалық сараманның болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағытталуы.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартна», психологиялық-педагогикалық пәндердің кешендеріне сәйкес,студенттерді оқытудың барлық кезеңдерінде әрбір курста үздіксіз педагогикалық сараман өткізіледі және мыналарды қамтиды:

1)студенттің оқу сараманы 1 курс ( 1 апта);

2) студенттің оқу-педагогикалық сараманы 3 курс (2 апта);

3)студенттің кәсіби педагогикалық сараманы 4 курс (10 апта);

4)студенттің диплом алдындағы сараманы 4 курс (5 апта);

Педагогикалық сараманның базалық ұйымына орта жалпы білім беретін мектептер мен инновациалық типтегі мектептер (мектеп-гимназия, мектеп-лицеи және т.б.).


Педагогикалық сараманның мақсаты:

Жалпы ғылыми, мәдениеттілік, психологиялық педогогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету және сонымен қатар теориялық білім негізінде педагогикалық, дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру.


Педагогикалық сараманның міндеттері:


  • Тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;

  • Мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасы сын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпы педагогикалық және жалпы психологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру;

  • Пән мұғалімдерінің, оқушылармен психологиялық қызметтің қызметкерлерімен ата – аналарымен ынтақтастықта болу;

  • Педагогикалық құзырлығын (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, құрастыра білушілік, қолданбалы және басқалары) дамыту және қалыптастыру;

  • Кәсіби педагогикалық және тұлғалық кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақты оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі);

  • Дәстүрлі және жаңашыл технологияларын оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;

  • Педагогикалық іс – әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік қалыптасыру;

  • Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;

  • Кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.

Математика (физика) бакалаврының құзыретілігін қалыптастыруға бағытталған іс-тәжірибенің барлық түрлері:

Негізгі:

А) қалыптастыру – педагогикалық мақсатқа бағытталған білімнің болуы, тұтас педагогикалық процесті жобалау және іске асыру қабілеті мен дағдыларының болуы, гуманизм және оптимизмге бейім, ұлттық құндылықтар, этикалық құндылықтар жүйесіне деген ұстанымын;

Б) жүйелендіру - синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер(жүйелі педагогика принципі) салаларында білімінің болуы , психологиялық-педагогикалық білімді жүйелеу және құрылымдау, рәсімдеу, іздестіру дағдылар мен іскерлігінің болуы, педагогикалық қызметті біртұтас қабылдау және жүйелі ойлауға ұмтылу.

В)зерттеушілік - гносеология, әдіснамалық, педагогикалық және психологиялық білімінің болуы, ақпаратты басқару дағдысы мен іскерлігінің болуы, психологиялық және педагогикалық диогностика негізінде кешенді мониторингты жүзеге асыру, талдау және синтездеу, педагогикалық рефлексияға қабылетті, зерттеушілік мәдениетті үздіксіз жақсартуға ұмтылу.


Мамандандыру:

A) коммуникативтік – технологиялық қарым-қатынас үшін қазақ, орыс және бір шет тілін меңгеру;педагогикалық реторика және қайшылық (конфликтологии), байланыс стратегиялары, конструкциялық диолог дағдылары мен іскерлігі, , көпұлтты және көпконфессиялы қоғамдағы байланысы; толирантты болу және педагогикалық ынтымақтастыққа ұмтылу.

B) технологиялық – педагогикалық технология, педагогикалық жаңашылдық саласында білімінің болуы, педагогикалық технологияны қолдану, таңдау, бағалау, іздену қабілеті мен дағдысының болуы, жаңашыл болуға ұмтылуға қабілеті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу;

B) бақылаушылық- педагогикалық менеджмент саласында білімі болуы, педагогикалық мониторингты жүзеге асыруға дағдысы мен іскерлігінің болуы, педагогикалық шкалалар және көрсеткіштер жүйесін әзірлеу, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіру, әділ және шынайы болу үшін адекватты өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылауға ұмтылу.



Арнайы:

A) бағдарламалы - психологиялық-педагогикалық, пәндік, әдістемелік жүйелі білімінің болуы, әлеуметтік-педагогикалық шарттарға сәйкес кәсіби қызметінің теориялық білімін қолдана білу іскерлігі мен дағдысының болуы, педагогикалық қызметінің нәтижесіне жауапкершілігін, педагогтың кәсіби борышын сезіну,

Б) пәнаралық - - қазіргі әлемдегі болып жатқан әлеуметтік –экономикалық процестерге сәйкес білім алуға, педагогикалық мәселелерді шешуге әртүрлі пәндерден алған білімдерін біріктіре білу іскерлігі мен дағдысының болуы;

B) әлеуметтік- адам құқығы саласынан білімінің болуы, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін дағдылары мен қабілетінің болуы,педагогтың кәсіби абыройы мен қадiрі, сонымен қатар педагогикалық этиканы сақтау, педагог кәсібінің әлеуметтік маңызын сезіну, азаматтық құқықты құрметтеу.

Г) дамушылық - Қазіргі заманғы педагогикалық антропология саласынан білімі болуы, сондай-ақ жоғары білікті оқытушылардың тәжірибесін пайдалану, жинақтап қорыту, үйрету, таратуға іскерлігі мен дағдысының болуы, педагогикалық қызметке жағары мотивацияны игеру, өзін-өзі тануға, өз білімін жетілдіруге ұмтылу, жоспарлау дағдысы, ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын үйлестіру және шығару; пәнаралық жобалар бойынша жұмыс істей білу.
Д) шығармашылық - шығармашылық ойлауға және жаңа мәселелер мен жағдайларды шешу үшін шығармашылық көзқарас, білім беруде авторлық инновациялық идеяларды жүзеге асыру, шығармашылық және баламалы шешімдер табуға, жаңа ойларды өндіруге икемді болу.

E) ұйымдастырушылық-әдістемелік - ғылыми-зерттеушілік қызмет , ғылыми стандартты міндеттерді шешу; кредиттік технология бойынша білім беру мен педагогикалық қызметті жүзеге асыру, кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесі, білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.



жеке өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі

- Өздігінен білім алуға және өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі; әлеуметтік жағдайын жақсарту, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, өзінің жеке қасиеттері дамытуға, табысқа жетуге, жаңа жағдайларға бейімді болуға, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылу.


1 курс (1 апта) оқу сараманы.

1-ші курс студентердің оқу сараманы «Педагог қызметке кіріспе» пәніне негізделген. Студенттерге практикалық қызметті ұйымдастыруға негіз болатын пәндер «Психология және адам дамуы», «Әлеуметтану», «Экология және тұрақты даму», «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» жалпы білім беру пәндері, және 1-ші курста оқытылатын кәсіби циклдегі пәндер. Оқу сараманы математика мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан дайындаудың негізгі бөлігі болып табылады.

Сараманның мақсаты - табысты мансап қалыптастыру және студенттерді өзін-өзі ықпал ететін заманауи технологияларды оқыту. Бірінші курс студенттерінің оқу сараманынан өту кезіндегі қарым-қатынасынан өздерінің мамандықтарын сәтті немесе сәтсіз таңдағаны және одан кейінгі кезеңдердегі оқу жетістіктеріне байланысты.
Сараман міндеттері:
- тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;

- мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру және диогностикасын жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, ілгерлік, дағдыларлы жетілдіру;

- пән мұғалімдерімен, оқушылармен, психологиялық қызметтің қызметкерлерімен, ата-аналармен ынтымақтастықта болу;

- педагогикалық құзырлығын ( ұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б) дамыту және қалыптастыру;

- кәсіби-педагогикалық және тұлғалық кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білу);

- дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;

- педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық зерттеушілік әдісін қалыптастыру;

- тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;

-кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.

Осы уақыт ішінде, студенттік тәжірибесін дамытуға тиіс:

1)Кітапханалар мен оқу залдарында әдебиеттерді таңдай білуді үйрену, арнайы тақырыпта интернет деректерімен және онымен жұмыс істей білу;

2)оқытушының берген нұсқауы сапалы және уақытында орындау;

3)Таңдалған тақырып бойынша зерттеу және тапсырмалар дайындау және өткізуде белсенділік таныту;

4)тиісті физикалық, зертханалық және демонстрациялық жабдықтармен жұмыс істей білу;

5) математика кабинеттерді жабдықтауға, безендіруге қажетті плакаттарды, модельдерді дайындауға икемді болу;

6) Әрбір студент сараман кезінде жұмыс берушімен сұхбаттасу кезінде қажет болатын кәсіби түйіндемесін дайындау, Түйіндеме-бұл үнемі толықтыруды қажет ететін және іскер адамды өз өмірінде алға жетелейтін құжат, сондықтан барлық студенттерге электрондық нұсқасын дайындауға кеңес береміз.

Сараман соңында әрбір студент өз сараманыңың өтуі туралы есеп береді.


Сараманның мазмұны

1. оқу-тәрбие үрдісінің әр түрлі типтегі мекемелердің жұмыс жүйесімен сәйкесінше нормативтік құжаттарымен танысу

- нормативті және мұғалімнің жасаған жоспарларымен (пән мұғалімің оқу жоспары, оқу бағдарламасы , күнтүзбелік, тақырыптық және сабақ жоспары);

- пән бойынша оқу кабинеті (техникалық оқу құралдарының , кесте, үлгі, таратпа дидактикалық материалдар, оқулықтар және электронды бейне құралдардың болуы және т.б);

- әр тұрлі түрдегі оқу процесінің жағдайы (дебаттар, дөңгелек үстел, семинар, сабақ және т.б);

- пән бойынша сабақтан тыс жұмыстар;

- педагогикалық-психологиялық, диагностикалық әдістемені пайдаланған балалар ұжымы;

- оқушылардың жас ерекшеліктері;

-сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі;

-сыныптағы педагогикалық процеске қазіргі білім беру технологияларын ендіру.

2.Математика пәндері бойынша өткізілетін зертханалық, физикалық практикум, демонстрациялық жұмыстардың әдістемесі мен техникалық талаптарымен танысу.

3.Студенттерді орта мектептерде өткізілетін фронтальды зертханалық жұмыстар, математикалық практикумдарды өткізу мен ұйымдастыру әдістемесімен таныстыру.

4.Математика сабақтарында қолданылатын техникалық оқу құралдарын дайындау

5. Математикадан практикалық есептерді шешу

6. Студент (кем дегенде төрт )таңдаған білім беру бағытына сәйкес ғылыми журналдардағы мақалалар, оның ішінде оқулықтар және оқу және ғылыми әдебиеттер тізімін ұсынуы қажет.

7.Өз түйіндемесінің электронды нұсқасын құру.
Студент-практиканттың міндеттері мен құқы

Студент – практиканттың құқығы:

Студент-практикант кез-келген жағдайда өзін ойландырған сұрақтар төңірегінде педагогикалық практика жетекшісіне, кафедра меңгерушісіне, факультет деканына, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге жолығуға.

Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мен практиканы ұйымдастыру туралы өз пікірін ортаға салуға, ұсыныс айтуға.

Унивеситеттегі өзіне қажетті кафедра мен кабинеттерден әдістемелік көмек алуға.

Мектеп кітапханасы мен кабинетіндегі бар құралдарды, көмекші жадығаттарды пайдалануға.



Педагогикалық практика жетекшілерінің атқарар міндеттері:

Кафедра бойынша педагогикалық практика жетекшісінің қызметі:

1.Педагогикалық практика өткізілетін мектептерді уақтылы анықтап, олармен байланыста болу.

2.Студенттерді практика өткізілетін мектептерге бөліп, олардың педагогикалық практикаға шығатыны жөнінде ректор атына мәлімдеме дайындап, әдіскерлер тағайындау.

3.Педагогикалық практика алдындағы ұйымдастырушы және қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру, әдістемелік жадығаттар негізінде көрмелер ұйымдастыру.

Әдіскерлерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, басшылық жасау, семинарлар мен кеңестер өткізуге және оның жұмысын әділ бағалауға міндетті.



Студенттерді оқу сараманынының қортындысына дайындау және оны қорғау

Есеп берудің құрылымы мен мазмұны.

Есеп беру - бұл студенттің сараманнан өту кезіндегі істелінген жұмыстарды хабарлайтын негізгі құжат болып табылады. Есеп берудің келесі құрылымын ұсынады:

1.таңдалып алынңан тақырыптың әдебиеттерімен танысу;

2.құрастырылған әдебиеттер тізімі бойынша істелінген жұмыстар;

3.зерттеуді өткізу және әзірлік бойынша істелінген жұмыстар;

4. зерттеуді жүргізудің әдіснамасы;

5.зерттеу нәтижесін талдаудың әдіснамасы;

6. жасалынған қорытынды және алынған нәтиженің хабарламасы.


Есепті безендіру.

Есеп компьютерде терілген болуы керек. Есепте сараманға берілген тапсырма, жетекшінің студент жұмысына қойылған бағасы бар бағалау парағы салытуы керек.

Есеп мазмұнында болу керек:

-титулдық бет (қосымша №3)

-компьютерде жазылған түйіндеме(қосымша №5)

-таңдалынып алынған бағыт бойынша оқу және ғылыми әдебиеттер тізімі(қосымша №4)

-кафедра оқытушысының жетекшілігімен жүргізілген зерттеу бойынша жүргізілген жұмысы, жасалынған қорытынды және алынған нәтиженің хабарламасы.

Есеп беру тәртібі.

Барлық талаптары бойынша толтырылған құжаттар кафедраға тапсырылады. Есеп беру уақытына дейін сараман жетекшісі бағалау парағы толтырылып, студентке қайтарады. Студент кез-келген бөлімі бойынша жазылған есебіне жауап бере алуға тиісті және кеңес алуға болады. Студенттің сараман бойынша жасаған қортындысына, сараманнан алған тәжірибесіне, есебінің безендірілуіне, кәсіби түйіндемесінің сапсына баса назар аударылады.



Қосымша:

Қосымша 1. Оқу сараманына тапсырма

ЖОО _______________________

Факультет__________________

Кафедра ___________________

мамандық______________

Оқу сараманына тапсырма


Бірінші курстың _____________ тобының студентіне берілді
(Ф.А.Ә.)__________________________________________________________
Сараман жетекшісі:
Оқытушы ____________________________________________________
( Сараман жетекшісінің аты-жөні)
Тақырыбы: ____________________________________________________________
Сараманның жұмыс жоспары:

1. Базлық оқу әдебиеттерін оқу.

2. өзі туралы кәсіби түйіндеме жазу.

3. тақырыбың бойынша әдебиеттерді іздеу және іріктеу.

4. Мәселе бойынша әдебиеттерге аңдатпа жасау.

5. Зертеуге дайындық және жүргізуге қатынасу.

6. Зерттеу қорытындысына талдау және өңдеу жасауға қатынасу.

7. Сараманнан өту есебін безендіру.

Сараманның басталуы: ______________________ 20___ жыл.
Сараманның аяқталуы: _______________________20 ___ жыл.

Сараман жетекшісі / Аты-жөні/
тапсырманы қабылдады / Аты-жөні /
Қала , жыл.

Қосымша 2.

Оқу сараманнан өту есебінің бағалау парағы

Бірінші курстың _____________ тобының студенті
(Аты-жөні.) ___________________________________________

№№

не бағаланады (критерии)

жетекшінің бағасы

1.

Жасалынған жұмыстың сапасы мен көлемі




2.

Студенттің белсенділігі




3.

Жұмысқа орналасу және мақсатын орындау барысындағы ұйымдастырушылық қызметі мен студенттің өдігінен жасай алу қабілеті




4.

Сараман бағдарламасын орындаудағы дәлдігі мен уақтылы орындауы




5.

Зерттеуді ұймдастыру және өткізу кезіндегі шығармашылық әрекеті мен оның қорытындысын алу мен тұжырымдауға қатынасуы




6.

ұжымдық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндігі.





Сараман қорытындысы бойынша ұсынылған жалпы баға ___________________
Сараман жетекшісі _________________________________________

Қосымша 3. Оқу сараманының есебі

ЖОО______________________________

Факультет _________________________

Кафедра __________________________

Мамандық _____________________


Оқу сараманының есебі

Бірінші курстың _____________ тобының студенті
(Аты-жөні.)_________________________________________
Мамандық _________________________________________
Сараман жетекшісі: __________________________________
зерттеу түрі _________________________________________
Тақырыбы: __________________________________________

Есепті қабылдады : ______________________________________
Бағасы: ________________________________________________

Қала,жыл.

Қосымша 4
оқу және ғылыми әдебиеттерді рәсімдеу тәртібі
Оқулықтар:

1.

2.

3.

4.
Оқу әдістемелік құралдар:

1.

2.

3.

4.
Журналдағы басылым:

1.

2.

3.

4.

Қосымша 5.

Кәсіби түйіндеме жоспардың нұсқасы

Аты-жөні (толық)
Мекен жай:
Байланыстелефоны:
Мақсат:
жұмыс тәжірибесі:
Білімі:
Қосымша білімі:
Ғылыми жетістіктер мен басылым:
Жеке жетістіктер:
Қосымша ақпарат:

Әдебиеттер:

1) ҚР «Білім туралы» заңы



  1. ГОСО РК 6.8.065-2010 специальности 5В010900 – «Математика»,

  2. «Квалификационный справочник должностей руководителей, специалистов и других служащих», утвержденный приказом Министерства труда и социальной защиты населения РК от 25.11.2010 г. №385

  3. «Типовые квалификационные характеристики должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц», утвержденным приказом МОН РК от 13.07.2009 г. № 338;


2 курс (жеделдетілген оқу), 3курс оқу-педагогикалық сараманы (2 апта)
3 курстағы студенттердің теориялық және практикалық дайындығын «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогика», «Психология» пәндері, арнайы пәндер, «Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» пәндеріне алған білімдері қамтамасыз етеді.

Сараманның міндеттері

1.Сыныптағы педагогикалық процестің жағдайын ұғынып және меңгеру:

а)оқу процесі тұтас педагогикалық процестің құрамдас бөлігі

б)тәрбие процесі тұтас педагогикалық процестің құрамдас бөлігі:

2.Педагогикалық процестің негізгі белгілерін меңгеру үшін қолданылатын психологиялық-диагностикалық әдістердің кешенін меңгеру.

3.Кәсіби құзырлылықты(педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру жәнне пән мұғалімінің,сынып жетекшісінің көмекші қызметін орындау үшін білім,іскерлік және дағды)қалыптыстыру.



Сараманның мазмұны

1. Меңгеру

- нормативті және мұғалімнің жасаған жоспарларымен (пән мұғалімің оқу жоспары, оқу бағдарламасы , күнтүзбелік, тақырыптық және сабақ жоспары);

- пән бойынша оқу кабинеті (техникалық оқу құралдарының , кесте, үлгі, таратпа дидактикалық материалдар, оқулықтар және электронды бейне құралдардың болуы және т.б);

- әр тұрлі түрдегі оқу процесінің жағдайы (дебаттар, дөңгелек үстел, семинар, сабақ және т.б);

- пән бойынша сабақтан тыс жұмыстар;

- педагогикалық-психологиялық, диагностикалық әдістемені пайдаланған балалар ұжымы;

- оқушылардың жас ерекшеліктері;

-сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі;

-сыныптағы педагогикалық процеске қазіргі білім беру технологияларын ендіру.

2. Қатысу

- пән мұғалімінің сабаққа дидактикалық материалды дайындауына;

- сыныптан тыс әртүрлі танымдық іс-әрекеттердің өтілуіне (оқу пәндері бойынша);

- оқушылардың оқу материалдарын меңгеруіне көмек көрсету;

- тәрбие жұмысының кейбір түрлері мен формаларын өз бетінше дайында және өткізу.

3. Іске асыру

- сабаққа жалпы дидактикалық, психологиялық талдау жасау;

- сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме жасау;

- кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзіне білім беру бағдарламасын жүзег асыру жұмыстары;



4. Педагогика және психология пәндерінен ғылыми реферат, баяндама дайындау мақсатында студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары және студенттердің оқу ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындау.
4 курс (10 апта), 3 курс (жеделдетілген оқу) студенттерінің кәсіптік сараманы

Бітіруші курстағы педагогикалық сараман мектептегі оқу-тәрбиелік процесін ұйымдастырудағы алдыңғы сараманның үйлесімді аяқталуы болып табылады және тұтас педагогикалық процесті басқарудағы білім, іскерлік және дағдыны меңгеруге және диплом жобасы бойынша тәжірибе жұмыстарын өткізуге бағытталған.


Сараманның міндеттері:

- тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;

- мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру және диогностикасын жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, ілгерлік, дағдыларлы жетілдіру;

- пән мұғалімдерімен, оқушылармен, психологиялық қызметтің қызметкерлерімен, ата-аналармен ынтымақтастықта болу;

- педагогикалық құзырлығын ( ұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б) дамыту және қалыптастыру;

- кәсіби-педагогикалық және тұлғалық кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақты оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білу);

- дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;

- педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық зерттеушілік әдісін қалыптастыру;

- тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;

-кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.

Сараманның мазмұны

1.Меңгеру:

-құжаттар (мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық,сабақ жоспары,пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспары т.б);

-өзі бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейі;

-жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;

-оқу-тәрбие іс-әрекеттерінің психологиялық аспектісі (сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылардың қызушылығы, педагогтік этика, танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, қарым-қатынас);

-пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;

-пән бойынша оқушылардың іскерлігі, білім деңгейі;

-сыныптағы тәрбие процесі (жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қызығушылығы және мінез-құлық тәртібі)



2. Құрылымы:

-Пән мұғалімдері мен сынып мұғалімі болып жетекшілік практикасын мерзімге студенттің жеке жоспары;

-Тақырыптық және күнделікті сабақ жоспары;

-Сабақтан тыс сабақ жосапрлары;

-Сыныптағы әдістемелік толықтырулар (кесте, схема ...және т.б.);

-Ата-ана мен сынып жетекші арасына керекті әдебиеттер тізімі;

-Практика кезеңіндегі ғылыми-зерттемелік жұмыс жоспары;

3.Іске асыру:

-пән мұғалімінің және сынып жетекшілерінің іс-әрекеті;

-жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтан психологиялық-педагогикалық талдауы;

-оқытудың интерактивтік әдістері, қазіргі инновациялық технологияларды пайдаланылған оқыту әрекеттері;

-оқыту әдістерін және қазіргі компьютерлік технологияларды пайдалану;

-ата-аналармен жұмыс әдістері мен жекеленген түрлерінің ынтымақтастық негізінде оқу-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыру (ата-аналар жиналысына дайындық, сұхбаттасу, сауалнамалық сұрақ);

-оқушылармен кәсіби бағдарлық жұмыстар;

-жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралардың психологиялық-педагогикалық талдауы;

-пән бойынша оқушылардың жалпы мектептік іс-шаралар өткізу және дайындық (пәндік кештер, апталық олимпиада, конкурстар);

-ұжымдық шығармашылық іс-әрекет негізінде жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралық өткізу және т.б.

4.Қатысу:

-мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы;

-пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмыстары;

-сынып жетекшісінің семинар жұмыстары;

-кіші педагогикалық жұмыстары (студенттердің);

-оқыту іс-әректерінің талдауы және өзіндік талдауы;



-оқушылармен тәрбие жұмыстарының талдауы және өзіндік талдауы.
Студенттердің жұмысына мониторинг және бағалау. педагогикалық іс-тәжірибе нәтижелерін қорытындылау

Тәжірибе негізінде аттестаттау белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген жазбаша баяндама негізінде жүзеге асырылады, және жұмыс берушімен практика жетекшісі ескеріледі.

Студенттердің мониторингі, оның тіркеу және бағалау практика кезінде студенттер қызметінің сандық және сапалық сипаттамаларын қамтиды. Сандық сипаттамасы бағдарламасының талаптарына сәйкес көлемі бойынша орындалған жұмыстың негізінде беріледі.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы есепке алу күнделікті оқу студенттің күш-жігерін, сондай-ақ мерзімді білім беру қызметінің сапасын және студенттердің ұжымдық қызметін ұйымдық нысандарына тән дәрежесін көздейді.

Студенттің практика сапалық аспектісі қоғамдық қызметі дәрежесін анықтау, тәрбие жұмысына тәуелсіздігі мен шығармашылық көзқарас, мектеп үшін балаларға арналған оқу-әдістемелік мамандыққа қатысы, есептік құжаттардың сапасы.

Жұмыс берушінің талаптары мен бағалауы сәйкес жүзеге асырылады, оқытушылық практика барысында студенттердің жұмысын тексеру және есепке алу.
Студент-практиканттардың сабағын бағалау критериі

Үздік.

Сабаққа баға қойылады мынадай талаптарға сәйкес : уақтылы дайындалған және барлық қажетті жабдықтар дайындалған болса, жетіспеген құрал жабдықтар қолдан дайындалған болса, сабақ жоспары уақытында бекітілген болса, қосымша керекті дидактиалық материалдар сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес дұрыс таңдалса, сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары анық қойылған және жүзеге асырылса, сабақтың түрі, типі, құрылымы мен жоспары тақырыптың қиыншылығына қарай дұрыс таңдалса, кемшіліктер жіберілмесе, сабақтығы құралдар мен дидактикалық материалдар шебер қолданылса, сабақтың міндетті кезеңдеріне уақыт тиімді үйлестірілсе, оқушылардың қателіктері уақытылы дұрыс түзетіліп отырса, білімдері әділ әрі нақты бағаланса, бағаға берілген комментарилердің тәрбиелік мәні болса, оқушылардың қызметі дұрыс үйлесімін тауып және әртүрлі формалары қолданылса, оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері қолданылып, дұрыс ұйымдастырылса, тақырыптың мазмұнын сыныптың барлығына жуық бөлігі меңгерсе, машықкер сынып оқушыларын жақсы танып білген болса, өзінің сабағын өзіндік тұрғыдан талдай және сынай алса .
Жақсы. Сабақтың негізгі құрылымы дұрыс қойылған және қосымша материал дұрыс таңдалған, сабақ конспектісі уақытылы бекітілген, сабақтың барысы және оған бөлінген уақыт дұрыс қойылған, сабақтың білімділік, дамытушылылық мақсатары дұрыс айқындалған, сабақтың мақсат ғылыми тұрғыдан түсінікті және ашылды, сабақтың құрылымы, әдісі және оқытуға қолданылған тәсілі тақырыпқа сәйкес дұрыс құрастырылған, сабақтың материалын сынып оқушылары меңгерді, оқушылардың қателіктері кеш болсада дүзетіліп отырды, бірақ сабақты өзіндік тұрғыдан талдауда жетіспеушілік болған жағдайда қойылады.
Қанағаттанарлық. Сабақтың конспектісі және құрал жабдықтары уақытылы дайындалған. Бірақ әдіскердің және сараман жетекшінің көмегін қажет етеді. Сабақтың білімділік және тәрбиелік мақсаты жүзеге асты. Сабақтың тақырыбы ғылыми тұрғыдан ашылды, оқушылардың сабаққа белсенділігі қалыпты, оқу материалы жеткілікті деңгейде меңгерілді. Алайда кейбір кезеңдерінде сабақтың мазмұнынан қателіктер жіберілді. Оқушыларды бағалау кезінде, баяндау барысында, сабақтың құрал жабдықтарын пайдалану кезінде өзіне деген сенімсіздіктер байқалды, сабақтың құрылымдарын уақыт дұрыс бөлінбеген. Машықкер сыныптағы оқушылардың тәртіп бұзушылығына өз уақытында әсер етпеді. Сабақ өзіндік тұрғыдан талдауда дұрыс талдамады.
Қанағаттанарлықсыз. Білімдік және тәрбиелік міндеттері шешілмеген, сабақтың мазмұнында өте өрескел қателіктер жіберілген (жаңа материалды зерттеу кезінде, тапсырмаларда және т.б.), қатысушылардың жауапарындағы қателіктер ескерілмеді, сабақтың жоспары толық орындалмаған, сабақ бағаланады.Сабақтың тәрбиелік бағыты жоғары емес.
Ескерту:

І.Студент уақытында, немесе ұқыпсыз немесе жеткіліксіз деңгейде сабаққа дайындалса, сабақ конспектісін жеткіліксіз деңгейде жазбаса, сабаққа қажетті көрнекіліктерді дайындамаса және т.б. кемшіліктер жасаған жағдайда сабақ өткізуге жіберілмейді және қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады.

ІІ. Егер студент сабақ өткізуден бас тартса немесе себепсіз сабақты өткізуге келмесе, онда қанағаттанарлықсыз деген баға қойылып, одан әрі сараманды жалғастыру мәселе қойылады.

Тәрбиелік жұмыстың бағалану критериі
Өте жақсы баға курстың сараман бағдарламасында талап етілетін тәрбиелік жұмыстың барлық түрлерін дұрыс, әрі оны орындауға педагогикалық-психологиялық теориялық біліміне сүйене алатын, үлкендерменде, оқушыларменде тез тіл табысып біріге жұмыс жасай алатын, тәрбие жұмыстарын ешкімнің көмегінсіз өзі ұйымдастыра алатын , белгіленген тәрбиелік шараларды жоғары деңгейінде және өз уақытында орындаған студентке қойылады.

Жақсы баға курстың сараман бағдарламасында талап етілетін тәрбиелік жұмыстың барлық түрлерін дұрыс, әрі оны орындауға педагогикалық-психологиялық теориялық біліміне сүйене алатын, үлкендерменде, оқушыларменде тез тіл табысып біріге жұмыс жасай алатын, тәрбие жұмыстарын ешкімнің көмегінсіз өзі ұйымдастыра алатын , белгіленген тәрбиелік шараларды жоғары деңгейінде және өз уақытында орындаған студентке, алайда тәрбие жұмыстарын жүргізуде елеусіз қателер жіберіп алатын қойылады.

Қанағаттанарлық баға қойылады егер машықкер тәрбие жұмысын ұйымдастыруда өзінің педагогикалық-психологиялық білімдерін дұрыс пайдалана алмаған, тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда кейбір қателіктерді жіберген, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай дұрыс байланыс жасай алмаған студентке қойылады.

Қанағаттанарлықсыз баға сараман бағдарламасында қойылған талаптарға сәйкес тәрбие жұмысын жүргізе алмаған. Жоспарлау мен ұйымдастырып өткізуде өзінің педагогикалық-психологиялық білімін дұрыс пайдаланалмаған, оқушылармен дұрыс қарым қатынас орната алмаған студенттерге қойылады.

Қорытынды баға машықкердің мектепте өткен сараманы кезіндегі оқу-тәрбие процесіндегі жұмысына, оны атқару кезіндегі жауапкершілігіне, мектептің әдістемелік жұмыстарына қатысу деңгейіне, студенттің белсенділігіне, құжаттарының сапалы жасалуына, педагогикалық қызметке деген көзқарасы ескеріле отырып қойылады.


Қорытынды баға қойылу саясаты

әріптік

Балдық

Пайыздық

дәстүрлі

А

А-


4,0

3,67


95-100

90-94


Өте жақсы

В+

В

В-



3,33

3,0


2,67

85-89

80-84


75-79

Жақсы

С+

С

С-



Д+

Д


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

қанағаттанарлық

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Педагогикалық сараман аяқталған соң студент кафедраға келесі құжаттарды тапсыруы керек:

1.Жеке жұмыс жоспары

2.Күнделік

3.Сараман кезінде өткізілген жұмыстар жөнінде жалпы есеп

4. Пән мұғалімі неиесе әдіскердің талдауы жасалған,көрнекілік құралдары бар екі сабақтың конспектісі

5. Сынып жетекшісінің жоспары бойынша өткізілген тәрбиелік шараның конспектілері

6. Сыныпқа немесе оқушыға берілетін психологиялық-педагогикалық мінездеме

7. Мектептегі сараман қорытындыс бойынша өткізідген педагогикалық кеңестің хаттамасының көшірмесі


Педагогикалық сараманның қорытындысы бойынша, студенттер кафедраға есеп тапсырады және кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық рейтингтік әріпті жүйе бағаасы бойынша дифференциалды сынақпен бағалады.Комиссия құрамына:кафедраның сараман жетекшісі, әдіскерлер, жұмыс берушілердің өкілдері. Практика программасын орындамаған, жұмысы жөнінде қорғау барысында теріс баға немесе қанағаттанарлықсыз баға алған студент университеттен шығарылады.

Педагигикалық практиканың шешімі кафедра отырысында және университеттің есеп конференциясында қаралады.


Сырттай бөлімде оқитын студенттердің педагигикалық сараманы барлық қала және ауылдық мектептердің 7-11 сыныптарына өткізіледі. Мамандығы бойынша жұмыс жасайтын студенттер кафедраның, педагогика және психология кафедрасымен бірлесіп құрған индивидуалдық тапсырма-жоспарымен практикадан өтеді. Мамандығы бойынша жұмыс жасамайтын студенттер тәртіп бойынша арнайы мамандығы бойынша жұмыс орнымен және дипломдық жұмысының тақырыбын сай келетін материалдармен танысу үшін жіберіледі.

Өзінің тұрғылылықты жерінен өтетін студенттер міндетті түрде бекіту конференциясына дейін факультет әдіскеріне немесе сараман жетекшісіне қандай мектепке, қандай аудандық білім беру бөліміне, қандай сыныптан өтетінді жөнінде хат жолдауы тиіс.

Педагогикалық практиканы аяқтау кезінде студенттер кафедраға ткелесі құжаттарды тапсыруы керек:

1.Жеке жұмыс жоспары

2.Күнделік

3.Сараман кезінде өткізілген жұмыстар жөнінде жалпы есеп

4. Пән мұғалімі неиесе әдіскердің талдауы жасалған,көрнекілік құралдары бар екі сабақтың конспектісі

5. Сынып жетекшісінің жоспары бойынша өткізілген тәрбиелік шараның конспектілері

6. Сыныпқа немесе оқушыға берілетін психологиялық-педагогикалық мінездеме

7. Мектептегі сараман қорытындыс бойынша өткізідген педагогикалық кеңестің хаттамасының көшірмесі


IV. Дипломалды сараман 4 курс (5 апталық)
Дипломалды сараманды ҚР МЖМБС сәйкес жоғарғы оқу орны өздері жоспарлайды.

1.Дипломдық жұмыстың дайындығы мен жазылуы үшін арнайы білімдік бағдарлама бойынша дипломалды сараман қарастырылады.



2. Дипломалды сараманның мазмұны дипломдық жұмыстың тақырыбымен анықталады.

3. Дипломалды сараманның жетекшісі диплмдық жұмыстың ғылыми жетекшісі болып табылады.

4. Диплом алды сараман уақытының аралығында диплом жұмысының тақырыбына сәйкес қажетті деректер жинауға, жазуға, дайындауға, қорытындылауға, безендіруге бағытталған жұмыстармен шұғылданады.

5. Дипломалды практиканың қорытындысы дипломдық жұмысың алдын-ала қорғалатын кезінде қаралады.

6. Дипломалды практиканың қорытындысы бойынша, студенттер кафедра алдында практика жетекшісімен тексерілген есепті комиссия алдында қорғайды. Комиссия құрамына:кафедраның практика жетекшісі, әдіскерлер, жұмыс берушілердің өкілдері. Қорғалған есепберудің қорытындысы диференцияланған есеппен рейтингілік баллмен және әріптік жүйедегі бағамен бағаланады.

Педагогикалық сараманның қорытындысы бойынша, студенттер кафедраға есеп тапсырады және кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық рейтингтік әріпті жүйе бағаасы бойынша дифференциалды сынақпен бағалады. Комиссия құрамына:кафедраның сараман жетекшісі, әдіскерлер, жұмыс берушілердің өкілдері. Практика программасын орындамаған, жұмысы жөнінде қорғау барысында теріс баға немесе қанағаттанарлықсыз баға алған студент университеттен шығарылады.

Педагигикалық практиканың шешімі кафедра отырысында және университеттің есеп конференциясында қаралады.
Әдебиеттер:

1) ҚР «Білім туралы» заңы

2) ГОСО РК 6.8.065-2010 специальности 5В010900 – «Математика»,

3) «Квалификационный справочник должностей руководителей, специалистов и других служащих», утвержденный приказом Министерства труда и социальной защиты населения РК от 25.11.2010 г. №385

4) «Типовые квалификационные характеристики должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц», утвержденным приказом МОН РК от 13.07.2009 г. № 338;

Қосымша
Қосымша 1.

Студент-практиканттың жеке жоспарының сызбасы
Аты-жөні :

Мамандығы:

Тобы:

Мектебі:



Сынып жетекшісі

Әдіскері

Орал 20__

3 курс


п./п.


Оқу-тәрбиелік қызметтің мазмұны


Орындалғаны жөнінде белгі

Жұмыстың бағасы

Бірінші апта

Бірінші күн

1

Мектеп директорымен немесе меңгерушісімен мектеп жұмысының бағыты туралы сұхбаттасу








2

Сыныпқа бөлу







3

Мектеппен танысу

- мектеп паспорты



-мектепті аралап танысу (барлық пән бойынша оқу кабинеттерімен танысу, кітапхамаен, медициналық кабинетпен, асханамен, акт залмен, спортзалмен танысу)







Екінші күн

1

Пән мұғалімімен танысу







2

Сынып жетекшісімен танысу







3

Сабаққа қатысу







4

Сынып журналын үйрену







Үшінші күн

1

Мектептің жұмыс жоспарын үйрену







2

Сабаққа қатысу







Төртінші күн

1

Оқу жоспарын және мамандық бойынша оқу бағдарламасын үйрену







2

Сабаққа қатысу







3

Сынып сағаттарына немесе басқа да тәрбиелік шараларға қатысу







Бесінші күн

1

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды үйрену







2

Сабаққа қатысу







Алтыншы күн

1

Тәрбиелік шараға материал дайындау







Бекітемін: әдіскер ___________________________


Екінші апта

Бірінші күн

1

Мұғалімнің сабақ жоспары мен оқу кабинетіндегі құрал жабдықтармен танысу







2

Пән мұғалімінің тапсырмаларын орындау







Екінші күн

1

Сынып жетекшінің тапсырмаларын орындау







2

Оқушылардың сабаққа ынтасын анықтау үшін сұхбат жүргізу







Үшінші күн

1

Сынып жетекшінің тәрбие жоспарымен танысу







2

Сабаққа қатысу







3

Толытырылым (анкета)







Төртінші күн

1

Сабаққа қатысу







2

Оқушылардың күнделігін тексеру әдісімен танысу







Бесінші күн

1

Сабаққа қатысу, ұйымдасытырылған тірбиелік іс-шараларға қатысу







Алтыншы күн

1

Практика қорытындысы құжататрын дайындау






Бекітемін: әдіскер _________________________

Мектеп директоры: _________________________

(4 курс)

Жұмыстың негізгі мақсаты.

1. Оқыту (тәрбие) жұмысы.

2. Сынып жетекшінің тәрбие жұмысы.

3. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар.

4.әдістемелік және зерттеушілік жұмыстарға қатынасуы


Жеке жоспарның қорытынды беті

Мұғалім пікірі

Сынып жетекшінің пікірі

Баға_______________________

Қолы____________________

Баға ____________________________



Қолы_________________________


Мектеп педагогикалық кеңесінің бағасы мен қорытындысы___________ __________________________________________________________________

Мектеп директорының қолы______________________________________

Мөр орны

Психологиялық-педагогикалық мінездемесінің бағасы_______

Жалпыбағасы_________________________________________________

Топ жетекшісінің қолы_______________________________________
Қосымша 2. Күнделік мазмұны
Практикант-студенттің педагогикалық күнделігінің мазмұны:

1. Сынып оқушыларының тізімі.

2. Сынып оқушыларының орналасу жоспары.

3. Бекітілген сыныбының сабақ кестесі.

4. Практикант-студенттің сабақ кестесі.

5. Оқу тәрбиелік жұмыс мазмұны және оның қорытындысы

6. Жетекшінің практика тапсырмалары.

Төменде көрсетілген схема бойынша күнделік күндклікті толтырылып, жазбалар нақты жазылуы тиіс.

«Ескертпелер» бағанында зерттелетін оқушы жөніндегі мәліметтер, осы оқушы туралы педагогикалық-психологиялық мінездемеге қажетті мәліменттер, сонымен қатар СҒЗЖ қажетті материалдар жазылады.


Күні, сынып


Мазмұн қызметінің түрі


Жұмысты талдау

Ескертулер











Қосымша 3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының кысқаша конспектілеуге үлгісі

сызба

1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының тақырыбы.

2. Оқушылармен өткізілетін оқу-тәрбие мазмұнының түрі.

3. Өткізілген тәрбие жұмыстарның жосапры.

4. Сабақ конспектісі (өткізу жоспарына сәйкес сабақтың мазмұнын ашып жазу).

5. Пайдаланылған көрнекіліктер және оқу техникалық құралдары

6.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша 4. Тәрбие ісінің психологиялық-педагогикалық талдау сызба үлгісі

1. Өткізілген сыныптан тыс жұмыстардың түрі (мектеп, сынып).

2. Тақырыптың педагогикалық негізі (не себепті іс-шара тәрбие жоспарына енгізілді, оның оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы )

3.Өткізілген жұмыстың мақсаты мен міндеті.

4. Оқушылардың іс-шараға дайындығы (оқушылардың қатысуы, қолданылатын көрнекіліктер, техникалық құралдарды қолдану).

5. Өткізілген шараның мазмұны мен әдістемесі:

а)іс-шараның мақсатқа сай болуы;

б) қойлған мақсатқа таңдалған материалдың мазмұнының сәйкес келуі

в)Оқушылардың қызығушылығы, белсенділігі, эмоционалдығы.

г) Оқушылардың дамуы мен олардың жас ерекшелітеріне байланысты қолданылған әдіс-тәсілдердің сай болуы.

6. Өткізілген сабақтың оқушының жеке басының дамуына ықпалы: сенімділігі, оқушылармен қарым қатынас, білімнің маралдық сапсы және т.б.

7. өткізілген шараның педагогикалық құндылығы, ұжымның одан әрі дамуына ықпалы және жеке тәрбиеленушінің ұжымға деген қарым қатынасының іске асуы
Қосымша 5. Этикалық әңгімелесудің талдау сызба үлгісі.

1. Әңгімелесудің тақырыбы, мақсаты, әдісі.

2. Әңгіме тақырыбының ұжымдағы өзектілігі.

3. Балалардың моралдық тұрғыдан қолдауы.

4. Сенімділігі, нақтығы және дәлелдері.

5. Моральдық санат түрғысынан түсіндірудегі логикасы және бірізділігі.

6.Таңдалған тақырыптың оқушы жас ерекшеліктеріне сай болуы, олардың дамуына ықпалы, моралдық түсінігі, пайдаланылған дерек көздері, құрылымы.

7. Әңгімелесудің эмоционалды қарқындылығы.

8. Әңгімелесуге дайындық кезеңіндегі балалардың қатынасу дәрежесі.

9. Әңгімелесу кезіндегі мектеп оқушыларының белсенділігі. сыыынппен байланыс, байланыс түрі, белсенділікті арттыру тетіктері.

10. Мұғалімнің сұрақ қоя білуі және жауап бере білуі.

11.Қорытындылар. Мақсатқы қолжетімділігі және оның артықшылығы мен кемшілігі.
Қосымша 6. Үйірмені талдау сызбасы.

1. Үйірме тақырыбы және оны өткізу орны, жұмыс жоспары.

2.Білімділік-тәрбиелік мақсаттары, қазіргі заманмен оқу материалдарымен байланыстылығы.

3. Сабаққа дайындығы.

а) Қазіргі засанға сай босталды ма?

б) Жұмысқа кім қатысты және талаптар қалай қаралды?

в) Үйірменің белсенділігі мен озіндік ерекшелігі қандай? сабақтың өту орнының безендірілуі?

г)Мұғалімдерге ата-аналар қандай көмек көрсетті?

4. Сабақтың әдісі мен түрі.(конференция, экскурсия, кеш, диспут, әңгімелесі және т.б.)

5. Жұмыс барсы:

а) Сабақтың ұйымдастыру бөлімі болды ма? Үйірме мүшелері қатысты ма?

б) Сабақты кім жүргізді?

в) жұмыс бағдарламасы талқыланды ма және өзгертулер енгізілді ме?

г) үйірменің мүшелері белсенді болды ма? ( үйірме мүшелерінің нешеуі сабаққа қатынасты, қандай сұрақтар қойды, толықтырулар жасалынды ма? Қандай ескертулер жасалды?

д)Жұмыстың қорытындысы қандай түрде болды?

6.Қорытынды

а) жұмыс мақсатына жетті ме?

б)Балалар бойларына қандай іскерлік пен дағды қалыптастырда?

в) үйірме жетекшісінің ролі қандай болды? Үйірме мүшелерін күштемей білім алуға бағыттай алды ма?

г) Оқушыларға жасаған жұмыстар ұнады ма? Осы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

д) Болашақта назарда болатындай қандай оқылықтар кетті?
Қосымша7. Оқушылар мен әңгімелесу кезінде есте сақтау керек.

1. Мақсат: әңгімелесудің мақсатын қоя білу , қарым қатынас жасай білу деңгейіне қарай балалармен әңгімелесудің түрлері мен оны өткізудің түрлі технологияларын жасақтау.

2.Сұхбат жүргізуге дайындықтың тәртібі:

- тақырып пен мақсат анықтау;

- жоспар мен қойылатын сұрақтар ;

-сұхпаттасуға кірісу әдісін анықтау;

-сұхбаттасу барысында ойластырылған әдістемені енгізу;

-2-3 оқушыға сынақ жүргізу;

- талқылаудың түзетудің технологиясы;

3. Әңгімені талдау кезінде келесі жағдайларға көңіл аудар:

а) сұхбаттасу жүзеге асты ма? Егер ия - не себепті? Егер жоқ- не себепті?

б) әңгімелесуді өрбіту кезінде не қолданылды?(суреттер, дауыс ырғағының өзгеру және т.б.);

в) сұхбаттасқан оқушының ерекшелігі, оның мимикасы, дауыс интонациясы;

г) қандай сұрақтарға белсендірек жауап берді? не себепті?

д) қандай сұрақтар мақсатқа жетілмеді? Не себепті?

е) сұхбаттың аяқталуы.

4. Қорытынды: мақсатқа қол жетілді ме, қандай түзетулер керек?
Қосымша 8. Оқушының жеке тұғасын зерттеуге бағытталған бағдарлама (психологиялық-педагогикалық сипаттама үшін материалдар жиыны)

1.Оқушы туралы жалпы, ақпарат: денсаулық жағдайы, балалар мен жастар ұйымдарына тиесілігі.

2. Оқушының отбасылық жағдайының сипаттамасы:отбасындағы мәдени-тұрмыстық жағдайы , отбасылық қарым-қатынастың ерекшеліктері, отбасының оқушыға қатынасы, тәрбиелік қамқорлығы.

3. Сынып ұжымының мінездемесі: сынып белсенділігі, қоғамдық жұмыстарға деген көзқарасы, үлгерімі мен тәртібі, ұжымдағы өз орын, ұжымшылдығы.

4. Оқушының ұжымға қатынасы: ұжым мүшесі болуға қажеттілігі, оның ойымен санасуы, ол үшін күресу, қатарластары арасындағы белсенділігі, басқалады түсіне білуі және т.б.

5. Жеке тұлға ретінде бағытталуы: жеке, қоғамдық, қызметтік.

6. Танылған мативіне мінездеме. Қызығушылығы, таным қызығушылығының айқындылығы, іскерлігі, тұрақтылығы.

7.Көзқарасы. Ойы мен тәртібінің бірізділігі.өзінің мақсатына, арманына деген ұмтылысы.

8. Талап деңгейі: ұстамдылығы.

9.Әр түрлі қызметтердегі оқушы. Оқушының сабақпен байланысы, үлгерімі, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі.

10. Танымдық қызметінің сипаттамасы: қабылдау ерекшелігі, бақылау, есте сақтау ерекшеліктері. Ойлау ерекшелігі, сөйлеу және жазу дәрежесін ерекшеліктері.

11. Эмоционалды саладағы ерекшеліктері: адамгершілік, интеллектуалдық және эстетикалық сезім.

12. Ерекшеліктері:тәуелсіздігі, табандылық, өзін-өзі бақылау.

13. Жалпы және негізгі қабілеттері.

14. Темперамент және оның пайда болуы.

15. Мінезі.
Қосымша 9. Сынып журналын талдау

Тексеру күні, тексеру мақсаты, сынып, сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің фамилиясы мен инициалдары.

1. Бағдарламаның орындалуы. Теориялық бөлігі:

а) бағдарлама бойынша сағаттар саны;

б) дерек түрінде берілген;

а) сағаттардағы ауытқушылық.

Практикалық бөлігі

а) бағдарлама бойынша экскурсия

негізінен өткізілген

б) бағдарлама бойынша лабораториялық және практикалық жұмыстардың өткізілгені

в) сөйлеу мәнері бойынша шығармашылық жұмыстардың жүргізілгендері

д) оқытудың басқа түрлері (дәрістер, семинар сабақтар сабақтар, әңгімелесу, практикасы, консультациялар)

2. Жазбаша жұмыстардың түрлері:

а) оқушының үй тапсырмалары, класс жұмыстары, практикалық, лабораториялық, шығармашылық және бақылау сипатында;

б) осы жұмыстар үшін баға қалай қойылады, олардың бақылау жұмыстары үшін өз уақытында қойылуы.

3. баға қорының жинақталуы, білімі мен біліктілігін тексеру жиелілігі

4. Ағымдағы баға мен бақылау жұмысы үшін баға қатынастарының қайсысы артық болады.

5. Үлгере алмайтын оқушылармен жұмыс

б. Ағымдағы және қорытынды қайталаулар.

7. Үй тапсырмаларының мөлшері. Жеке тапсырмалар, Дифференциалданған тапсырмалар.

8. Қатысуы (әрекеттері мен кешігулерн жөнінде белгілер).

9. Журналдардағы жазбалардың толықтығы мен дұрыстығы, уақытылылығы.

10. Мұғалімге, класс жетекшіге ұсыныстар мен қорытындылар, қайталамалы тексерістің уақыттары

Қосымша 10. Күнделіктерді талдау.

Күн, класс, класс жетекшісінің фамилиясы мен инициалдары.

1.Дұрыстығы мен мұқияттылығы, күнделіктің барлық бөлімдерін толтырудың толықтығы.

2. Толтырудың сауаттылығы.

3. Үй тапсырмаларының көлемі.

а) әр пән бойынша жүктеме;

б) аптаның әр күндеріне арналған жүктеме;

в) әр күнге арналған жүктеме;

г) дүйсенбіге арналған жүктеме.

4. Оқушыларға аптаға қойылған белгілердің қойлуының жүйелілігі.

5. Оқушылардың күнделіктерінде және класс журналдарында бағалардың сәйкес келуі.


  1. Мұғалім мен сынып жетекшінің ескертулер жазбаларының нақтылығы.

  2. Ата-аналар тарапынан күнделіктерін бақылау.

8.Қорытындылар мен ұсыныстар.
Қосымша 11. Практикант студенттің есебінің шамамен сызбасы

____________________факультетінің___________________тобының


_________________________________________________

(Аты-жөні)

студент-практиканттың педагогиалық сараман жөніндегі


Е С Е Б І


_______________нен ___________________________ аралығында

1. Ұйымдастырушылық сұрақтар

1) Педагогикалық практиканың орны мен уақыты.

2) Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің жұмыының әдістемесі мен сыныпты зерттеу.



  1. Сыныптағы оқу-тәрбиелік жұмыстың, сыныпқа мінездеме..

3. Оқу-педагогикалықтапсырмалардың мазмұны.

4. СҒЗЖ бойынша жеке жұмыстарды орындау.



5. Қорытындылар. Ескертулер мен ұсыныстар.
Каталог: documents -> 002
documents -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
documents -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
documents -> Лекция №7-8 по дисциплине: «Зоопсихология и сравнительная психология» Проф. Гагарин
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
002 -> ОҚу сараманының ЖҰмыс бағдарламасы жұмыс бағдарламаасын құрастырғандар
002 -> Қазақ филологиясы кафедрасы бойынша 2015 жылғы басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалалар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет