Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз
ekonomikaly -teoriya- kaz, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, экспресс-информации на казахском языке м

Дебеттік  (төлем)  карточка - банкте  арнайы  карточкалық  қаражаты 
бар,  клиент  арасындағы  келісім-шартқа  сəйкес  шоттағы  қаражатты 
пайдалануға,  банкомат  арқылы  қолма-қол  ақша  алуға,  сондай-ақ  тауарлар 
мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы. 
Кредиттік  карточка - оның  элименті  мен  карточка  иесі  арасындағы 
келісім  шартқа  сəйкес,  несиелік  көлемінде  тауарлар  мен  қызметтер  үшін 
төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.  

 
 
14
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік жəне 
кредиттік  карточкалардың  отандық  жəне  халықаралық  түрлерін  кеңінен 
қолданылуда. Оларға “Eurocard”, “Master Card”, “Vіsa”, “ALTYN”, “Maestro” 
жəне т.б. жатады.    
Қазіргі  кезде  жалақы  алуға  арналған  дебеттік  карточкалар  да  кеңінен 
қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгеде ашылады. 
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында жəне қызмет көрсету 
сферасында  қолданылады.  Қазіргі  уақытта  несиелік  карточкалардың   
мынадай  түрлері  қолданылады:  банктік,  саудаға  арналған,  бензин  сатып 
алуға  арналған,  туризм  жəне  ойын-сауық  шараларын  төлеуге  арналған. 
Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.  
 
1.3. 
Ақшаның қызметтері жəне экономикадағы ролі 
 
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы 
орындайды.  Ақшаның  əр  қызметі  тауар  айырбасы  процесінен  туындайтын 
тауар  өндірушілердің  формасы  ретінде  ақшаның  əлеуметтік  жəне 
экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды. 
Ақшаның  қазіргі  экономикадағы  атқаратын  қызметтеріне  мыналар 
жатады: 
1.) құн өлшемі жəне баға масштабы; 
2.) айналыс (айырбас) құралы; 
3.) төлем құралы; 
4.) қорлану жəне қор жинау құралы; 
5.) дүниежүзілік ақша. 
Ақшаның құн өлшемі қызметі.  Ақша жалпылға бірдей балама ретінде 
барлық  тауарлардың  құнын  өлшейді.  Ақша  құн  өлшемі  ретінде: “мөлшері 
жағынан  аттас,  сапасы  жағынан  салыстыруға  келетін  тауарлар  құнын 
бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру”
7
 қызметін атқарады. Бірақ 
та  тауарларды  өзара  өлшейтін  ақша  емес,  тауарлар  өндірісіне  кеткен 
қоғамдық  қажетті  еңбек  олардың  бірінің  біріне  өлшенуіне  жағдай  жасады. 
Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік 
құны бар нақты ақшалар (алтын жəне күміс) өлшей алады.  
Тауар  құнының  ақшамен  бейнеленуі  оның  бағасы  деп  аталады.  Баға 
тауарды  өндіруге  жəне  сатуға  қажетті  қоғамдық  еңбек  шығынымен 
анықталады.  Əрбір  елде  ақшаның  өлшемі  ретінде  қабылданған  жəне 
тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу 
процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп 
аталады.  
Бағалардың  негізінде  жəне  олардың  қозғалысында  құн  заңы  жатыр. 
Ақшаның  құн  өлшемі  қызметі  мен  баға  масштабы  арасында  өзара 
айырмашылық  бар.  Құн  өлшемі - бұл  мемлекетке  тəуелсіз  ақшаның 
                                                           
7
 Êàïèòàë I òîì 109 áåò. 

 
 
15
экономикалық  қызметін  сипаттайды.  Құн  өлшемі  қызметі  құн  заңына 
байланысты  анықталады.  Баға  масштабы - бұл  мемлекетке  тəуелді,  бірақ 
тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет 
етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты 
белгіленеді.  Сөйтіп  баға  масштабы  арқылы  ойша  белгіленетін  тауарлар 
бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.  
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды жəне олардың 
бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында 
жүретін  оның  құндық  өкілдері  немесе  қағаз  жəне  несиелік  ақша  белгілері 
атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды 
толық бағалы емес ақшалар деп атайды. ´йткені, олар тауарлар құнын толық 
өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.    
Ақшаның айналыс құралы қызметіАйналыс құралы қызметінде ақша 
тауар  айналысы  процесінде  делдалдық  рөл  атқарады.  Тауар  айналысы 
мынадай процесстерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, жəне 
тауарды    сатып  алу,  яғни  тауардың  ақшаға  айналуы.  Бұл  процесті  арнайы 
формулада  келесідей  түрде  беруге  болады:  Т  (тауар) 

  А  (ақша) 

  Т 
(тауар).  
Ақша  айналысының  тауар  айналысынан  айырмашылығы  ақша 
тауарларды  біртіндеп  айналыстан  шығара  отырып,  өзі  айналыста  үнемі 
қалып  отырады.  Ақшаның  айналыс  құралы  ретіндегі  қызметінің  басты 
ерекшелігі,  біріншіден,  бұл  қызметті  толық  бағалы  емес  құнның  белгілері: 
қағаз жəне несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты жəне қолма-қолсыз 
ақшалар атқарады.  
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың 
саны,  яғни  айналысқа  қажетті  сатылатын  тауарлар  массасы  жəне  бағасы 
негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан 
артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді. 
Ақшаның  төлем  құралы  қызметі.  Əр  түрлі  жағдайлардың  болуына 
байланысты  тауарлардың  тек  нақты  ақшаға  ғана  сатылмайтыны  белгілі. 
Себебі  əртүрлі  тауарларды  өндіру  кезеңі  мен  айналыс  мерзімінің 
ұзақтығының  бірдей  еместігі,  сондай-ақ  бірқатар  тауарлардың  өндірісі  мен 
сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша 
қаражаттардың  жетіспеушілігін  туғызады.  Соның  нəтижесінде  тауарлардың 
төлемін  кешіктіріп  сатып  алу  жəне  сату,  яғни  несиеге  беру  қажеттігі 
туындайды.  Ақша  төлем  құралы  ретінде  мынадай  ерекше  бір  қозғалыс 
формасына  ие:  Т  (тауар) 
  М  (міндеттеме),  келісілген  мерзімнен  кейін:  М 
(міндеттеме) 
⎯ Т (тауар).  
Ақшаның  төлем  құралы  қызметі  мен  айналыс  құралы  қызметтері 
арасында өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық 
рөлінде  жүретін  болса,  төлем  құралы  қызметінде  ақша  мен  тауардың  бір-
біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы 
өтеу,  сату  жəне  сатып  алу  процесінің  аяқталғандығын  білдіреді.  Тауарлар 

 
 
16
мен  ақша  арасындағы  уақыттағы  алшақтық  кредиторға  қарыз  алушының 
төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін. 
Ақша  төлем  құралы  ретінде  тек  қана  тауар  айналысына  қызмет  етіп 
қоймай, сол сияқты қаржы жəне несие қатынастарына да қызмет етеді.  
Жалпы  барлық  ақшалай  төлемдерді  төмендегідей  түрде  топтастыруға 
болады: 
•  тауарлар 
жəне 
көрсетілетін 
қызметтер 
бойынша 
төлем 
міндеттемелері; 
•  мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер; 
•  банктік  ссудалар,  мемлекеттік  жəне  тұтыну  несиелері  бойынша 
қарыздық міндеттемелер; 
•  сақтандыру міндеттемелері; 
•  əкімшілік жəне сот алдындағы  жəне өзге міндеттемелер. 
Ақшаның  төлем  құралы  қызметін  толық  бағалы  емес,  яғни  қағаз  жəне 
несиелік ақшалар атқарады.  
Ақшаның  қор  жинау  жəне  қорлану  қызметі.  Ақша    жалпыға  бірдей 
балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты 
жинау  құралы  болып  табылады.  Сондықтан  да  адамдар,  оларды  жинақтау 
немесе  қорлануға  тырысады.  Қорлану  үшін  ақша  айналыстан  алынады, 
сөйтіп, тауарды сату жəне сатып алу қозғалысы үзіледі. 
Ақшаның  қор  жинау  қызметін  толық  бағалы  емес  ақшалар  атқара 
алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан 
алтынға жүктелген.  
Ал  ақшаның  қорлану  қызметін  толық  бағалы  емес  ақшалар  атқарады. 
Тауар  өндірісі  жағдайында  қорлану  екі  формада  жүзеге  асырылады  десе 
болады: 
1.)  Кəсіпорындар  мен  ұйымдардың  ағымдық  жəне  жинақ  (депозиттік) 
шоттардағы,  сол  сияқты  банктегі  басқа  шоттардағы  ақшалай  қаражат 
қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында; 
2.) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке 
қорлану формасында. 
Дүниежүзілік  ақша.  Сыртқы  сауда  байланыстары,  халықаралық 
заемдар,  сыртқы  серіктестерге  қызмет  көрсету    барысы  дүниежүзілік 
ақшалардың  пайда  болуына  себеп  болды.  Дүниежүзілік  ақшалар  жалпыға 
ортақ  төлем  құралы,  жалпыға  ортақ  сатып  алынатын  құрал  жəне  жалпыға 
ортақ  қоғамдық  байлықтың  материалдану  құралы  болып  табылады. 
Халықаралық  төлем  құралы  ретінде  дүниежүзілік  ақшалар  халықаралық 
байланыстардағы  есеп  айырысуларда  қолданылады.  Халықаралық  сатып 
алынатын  құрал  ретінде  дүниежүзілік  ақшалар  елдер  арасындағы  нақты 
ақшамен  төленетін  тауарлар  жəне  көрсетілетін  қызметтер  айырбасындағы 
тепе-теңдік  бұзылған  жағдайда  қызмет  етеді.  Жалпыға  ортақ  қоғамдық 
байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ 
немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді. 

 
 
17
Егер  де  еліміздің  ішіндегі  ақша  мемлекетпен  заңдастырылған  ұлттық 
ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. 
Маркс өз еңбегінде: “ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы 
формасы  ретіндегі  металл  құймасына,  яғни  жалпылама  балама  тауар 
формасына  өтеді”-  деп  жазады.  Сондай-ақ  бұл  жерде  дүниежүзілік  ақша 
ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады. 
Алтын  монета  стандарты  тұсында  дүниежүзілік  ақша  қызметін  алтын 
жəне  алтынға  ауыстырылатын  жекелеген  елдердің  несиелік  ақшалары 
(банкноталар) көбіне АҚШ доллары жəне ағылшын фунт стерлингі атқарған.  
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ - доллары, Еуропалық 
Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты Халықаралық валталық қордың 
СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады. 
1999  жылы  қаңтар  айынан  бастап,  Еуропалық  қауымдастық  елдерінде 
жаңа валютасы “Еуро” еңгізілді. Еуропралық валюталық Одаққа бастапқыда 
он  бір  ел  қатынасқан:  Германия,  Франция,  Люксенбург,  Нидерландия, 
Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания жəне Италия. 
1999 ж.ылдың 1 қаңтардан бастап, “Еуро қолма-қолсыз төлемдер үшін жəне 
мемлекеттің  жаңа  қағаздарын  орналастыру  үшін  пайдаланылды. “Еуро” 
банкноты  мен  монеталары 2002 жылдың 1 қаңтарынан  жəне 6 айдай  уақыт 
ішінде  енгізіліп,  валюталық  одаққа  мүше  елдердің  ұлттық  ақша  бірліктері 
2002ж. 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.  
 
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Ақшаның пайда болу себебі неде

2.  Ақша дегеніміз не

3.  Толық  бағалы  ақша  жəне  толық  бағалы  емес  ақшалар  жайлы  не 
білесіз

4.  Қағаз ақшалардың шығуына не себеп болды

5.  Несие ақшаның түрлерін айтыңыз

6.  Электрондық ақшалардың қандай түрлері

7.  Ақшаның атқаратын қызметтерін атаңыз

 
 
Ұсынылатын əдебиеттер 
1. Ақша,  несие,  банктер  Ғ.С.  Сейітқасымовтың  редакциялығымен. 
Алматы “Экономика” 2001. 
2. Деньги, кредит, банки Под ред. О.И. Лаврушина. Москва “Финансы и 
стататистика” 1999. 
3. Финансы.  Денежное  обращение.  Кредит.  Под  ред  Л.А.  Дробозиной 
М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997 
4. Общая теория денег и кредита Под ред. Е.Ф. Жукова Москва: Банки и 
биржи, 1995. 

 
 
18
 
 
2-тақырып. Ақша айналысы жəне ақша жүйесі 
 
2.1 Ақша айналысы жəне оның заңы 
 
Ақша  айналысы – шаруашылықтағы  тауарларды  өткізуге,  сондай-ақ 
тауарлы емес төлемдерді жəне есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет 
ететін  қолма-қол  жəне  қолма-қолсыз  ақша  формаларындағы  ақшалардың 
қозғалысы. 
Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар 
өндірісі тұсында тауарлар əлемі: тауар жəне ақшаға бөліне отырып, олардың 
арасында  өзара  қарама-қайшылықтар  туады.  Қоғамдық  еңбек  бөлінісінің 
тереңдеуіне  жəне  жалпы  ұлттық  жəне  дүниежүзілік  нарықтардың 
қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да əрі қарай 
дами  түседі.  Сонымен  ақша,  капитал  айналымына  қызмет  ете  отырып, 
барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дəнекер болады. 
Ақшаның қолма-қол  жəне қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар 
айналысы,  сондай-ақ  ссудалық  жəне  жалған  капиталдың  қозғалысы  жүзеге 
асырылады. 
Ақша  айналысының  құрылымына  қолма-қол  ақшалар  айналысы  мен 
қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.  
Қолма-қол  ақшалар  айналысы – бұл  нақты  ақшалар  қозғалысын 
білдіреді.  Оған  банкноталар,  монеталар  жəне  қағаз  ақшалар  (қазыналық 
билеттер)  қызмет  етеді.  Дамыған  елдерде  нақты  ақшалар  айналысының 
едəуір  бөлігін  орталық  банктерден  шығарылған  банктік  билеттер  құрайды. 
Ақша  шығарудың  кішкене  бөлігі (10
%-ға  жуығы)  қазыналық  билеттерді 
шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.  
Қолма-қолсыз 
ақшалар 
айналысы – қолма-қолсыз 
ақшалар 
айналымының ақшаларының қозғалысы. 
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар  - чектер,  пластикалық карточкалар 
электрондық  аударымдар  көмегімен  пайдаланылатын  клиенттердің 
шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).  
Қолма-қол  ақша  мен  қолма-қолсыз  ақшалар  арасында  тығыз  байланыс 
пен өзара тəуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші 
біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі 
депозитке  салынуы,  олардың  қолма-қолсыз  ақшаға  айналуын  білдірсе,  ал, 
банктен  жалақы,  жəрдемақы,  стипендия,  зейнетақы  жəне  т.с.с.  төлеу  үшін 
ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы 
байқалады.  
Құн заңы жəне оның айналыс аясында пайда болу формасы, яғни ақша 
айналысының  заңы  тауар-ақша  қатынастары  қалыптасқан  барлық  қоғамдық 

 
 
19
формацияға  тəн  болып  келеді.  Құн  формаларының  дамуына  талдау  жасай 
отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын. 
Оның  пікірінше,  ақша  айналысының  заңының  мəні  ақшаның  айналыс 
қызметін  атқаруға  қажетті  ақша  саны,  сатылатын  тауарлар  бағасы  ақша 
айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы 
айналыстағы жүрген тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен 
ақша  айналысының  жылдамдығы  арасындағы  экономикалық  тəуелділікті 
бейнелейді.  
Ақша  айналысының  заңы – тауарлар  айналысы  үшін  қажетті 
ақшалардың санын 
та
) анықтайды. 
                                   
Тауарлардың бағаларының сомасы 
    А
та
 
= ⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯ 
Ақша айналымының саны 
 
Бұл  жерде  бір  айта  кететіні,  ақшаның  төлем  құралы  қызметін 
атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде. 
Айналысқа  қажетті  ақша  санын  мынадай  формуламен  бейнелеуге 
болады: 
 
  С
тб 
- Н
тб  
+ М
тс 
- ´
тс
 
А
қ 
= ⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯ 
А
ос
 
мұнда, 
А
қ 
- айналысқа қажетті ақша саны; 
С
тб
 – сатылатын тауарлар бағасының сомасы; 
Н
тб 
– несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;  
М
тс
 - міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы; 
´
тс
 - өзара өтелетін төлемдер сомасы; 
А
ос 
–  айналыс  жəне  төлем  құралы  ретіндегі  ақша 
айналымының орташа саны. 
 
Осындай  жағдайларды,  айналысқа  қажетті  ақша  санына  өндірістің 
дамуының  шарттарына  тəуелді  болып  келетін,  əр  алуан  факторлар  ықпал 
етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-
ақ  шаруашылықтағы  ақшаға  деген  қажеттілік  тауарлар  жəне  көрсетілетін 
қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.  
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді: 
•  несиенің  даму  дəрежесі,  себебі,  қаншалықты  тауарлардың  басым 
бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі; 
•  қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы; 
•  ақша айналысының жылдамдығы. 

 
 
20
Металл  ақша  айналысы  тұсында  айналыстағы  ақша  саны  ақшаның 
қазына  жинау  құралы  қызметінің  көмегімен  реттеліп  отырды.  Егер  ақшаға 
деген  қажеттілік  қысқарса,  онда  айналыстағы  артық  ақша  (алтын  монета) 
айналыста  қазынаға  кетіп,  ал,  егер  ақшаға  деген  қажеттілік  ұлғайса,  онда 
айналысқа  қажетті  мөлшердегі  ақша  қазынадан  айналысқа  шығырылып 
отырады.  
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз 
ақшалар  (қазыналық  билеттер)  қызмет  етсе,  онда  бұл  жағдайда,  қолма-қол 
ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сəйкес жүргізіледі.  
Ақша  айналысын  қолдап  отыру  шарттары  мен  заңдары  келесідей  екі 
фактордың өзара əрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген 
қажеттілік  жəне  айналымға  ақшалардың  нақты  түсуімен.  Егер  де 
айналымдағы  ақша  көлемі,  шаруашылыққа  қажетті  ақшадан  артық  болса, 
онда  ақшаның  құнсыздануына,  яғни  ақша  бірлігінің  сатып  алу  қабілетінің 
төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді. 
 
2.2. Инфляция 
 
Инфляция (латын. іnflatіo, аудармасы - “қабыну”, “ісіну”)  - бұл бағаның 
өсуінен,  тауарлар  тапшылығынан  жəне  тауарлар  жəне  қызметтер 
сапасының  төмендеуінен  туындайтын  ақшаның  құнсыздануы,  сондай-ақ 
оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. 
Инфляция -  бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тəн объективті 
құбылыс.  Инфляцияның  себептері  айналыс  жəне  өндіріс  саласында  орын 
алады.  
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:: 
1.)  Ақша  айналысының  факторларына:  бюджет  тапшылығын  жабуға 
пайдаланылған,  шексіз  көп  ақшаның  эмиссиялануы  есебінен  айналыс 
аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық 
несиеге толуы. 
2.)  Ақшалай  емес  факторларға:  қоғамдық  өндірістегі  теңсіздікке, 
шарушылықтың  шығындық  механизміне,  мемлекеттің  экономикалық 
саясаты,  оның  ішінде  салық  саясаты,  баға  саясаты,  сыртқы  экономикалық 
саясатына байланысты факторлар жатады. 
Аталған  факторлардың  қанат  жаюына  байланысты  инфляцияның  екі 
типі болады: сұраныс  жəне шығын (ұсыныс) инфляциясы. 
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың əсерінен туындайды: 
•  əскери  шығыстардың  өсуі,  яғни  əскери  техникалардың  азаматтық 
салаларда  пайдалану    қажеттігінен,  нəтижесінде  ақша  баламасы  айналыс 
үшін артық болып қалады; 
•  мемлекеттік  бюджет  тапшылығы  жəне  ішкі  қарыздардың  өсуі,  яғни 
мемлекеттің  қысқа  жəне  орта  мерзімді  міндеттемелерін  шығару  есебінен 
бюджет тапшылығын жабу, нəтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады; 

 
 
21
•  несиелік  экспанциялау,  яғни  елдің  орталық  банкінің  коммерциялық 
банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды; 
•  импортталған  инфляция,  яғни  шетел  валюталарын  сатып  алу 
барысында  тауар  айналымына  қажеттіліктің  үстіне  ұлттық  валютаның 
эмиссиялануы; 
•  ауыр өнеркəсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау. 
Шығын (ұсыныс) инфляциясы – бұл баға белгілеу процесіне əсер ететін 
мынадай факторлардың болуымен сипатталады: 
•  еңбек өнімділігінің өсуін азайту жəне өндірістің құлдырауы; 
•  көрсетілетін қызметтің маңызының артуы; 
•  бір  өнім  бірлігіне  жұмсалатын  шығынның  өсуінің  жеделдетілуі, 
əсіресе жалақының өсуі; 
•  энергетикалық дағдарыс. 
Инфляция 
жағдайында 
қағаз 
ақшалар 
мыналарға 
қатысты 
құнсызданады: 
•  алтынға; 
•  тауар; 
•  шетел валютасына. 
Бірінші  жағдайда  қағаз  ақшамен  берілетін  алтынның  нарықтық  құны 
артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы  өседі. Үшінші жағдайда шетел 
валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді. 
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады: 
1.) 
Инфляциялық процесстің сипатына қарай
ашық  инфляция,  яғни,  бағаға  ешқандай  да  кедергі  болмайды,  оның 
еркін өсуі байқалады; 
жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет 
қатаң бақылау жасап отырады; 
инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді. 
2.) 
Таралу орнына қарай:  
локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі; 
дүниежүзілік  инфляция,  яғни  кейбір  елдер  топтарын  немесе  барлық 
ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды. 
3.) Бағаның өсу қарқынына  қарай:  
-      баяу  инфляция – баға  баяу  қарқынмен  біртіндеп  жылына  10 
%  -ға 
өседі; 
орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20–дан 200 
%-ға дейін 
өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық жəне əлеуметтік зардаптарға 
шалдықтырады; 
ұшқыр инфляция – баға жылына  500 –ден 1000 
% -ға дейін жəне одан 
жоғары  қарқынмен  өседі.  Ұшқыр  инфляция  ақша  жүйесінің  құлдырауына 
əкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта 
бастайды. 

 
 
22
Өнеркəсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тəн болса, ал дамушы елдер 
үшін екінші жəне үшінші түрлері тəн. 
Қазақстан  Республикасында  бағаның  өсуіне  қарай  қазіргі  кезде  бірінші 
түрі  көрініс  табады.  Мысалы, 2002 жылдың  соңында  статистикалық 
мəліметтері  бойынша  инфляция  мөлшері – 5.9 %-ды (2001 жылы – 8,4 %) 
құрады.  Бұл  көрсеткіш  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкінің 2002-
2004  жж  арналған  ақша-несие  саясатының  негізгі  бағыттарында  бекітілген 
болжамға сай болып келеді. 
 
жылдың соңына қарай, 

6,4
9,8
8,5
7,6
6,9
6,8
6,6
0
2
4
6
8
10
12
2000ж
2001ж
2002ж
2003ж
2004ж
2005ж
2006ж
 
 
Инфляция  қарқыны  статистикалық  көрсеткіш – тұтыну  бағаларының 
индексі көмегімен анықталады. 
Тұтыну  бағаларының  индексі  тауарлар  мен  қызметтердің    түрлерін 
қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады. 
Тұтыну  бағаларының  индексін  (ТБИ)  есептеуде  мынадай  формула 
қолданылады: 
 
          Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы 
 ТБИ 
= ⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯ х 100 
           Базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы 
 
Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мəні болуы мүмкін: 
•  баға  индексі 100%-ға  тең  болады,  яғни  баға  өзгермеген  болып 
табылады; 
•   баға  индексі 100%-дан  жоғары,  мысалға 140%-ға  тең.  Демек, 
ағымдағы  жылдағы  бағаны  базалықпен  салыстырғанда 1,4 есе  өскен,  яғни 
ақша инфляциялық құнсызданды; 
•  баға  индексі 100%-дан  төмен,  айталық 80%-ға  тең,  яғни  ағымдағы 
жылдағы  бағаны  базалыққа  қарағанда 20
%-ға  төмендеген.  Бұл  дегеніміз 
дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді.  

 
 
23
Инфляцияның тигізетін əлеуметтік-экономикалық салдарларын мынадан 
көруге болады: 
•  халық  топтары,  өндіріс  сферасы,  аймақтар,  шаруашылық 
құрылымдары,  мемлекет,  фирмалар  арасында,  дебиторлар  мен  кредиторлар 
арасында табыстардың қайта бөлінуі; 
•  халықтың,  шаруашылық  субъектілерінің  ақшалай  жинақтарының 
жəне мемлекеттік бюджет қаражаттарының құнсыздануы; 
•  бағаның  əркелкі  өсуі  нəтижесінде  өнеркəсіп  салаларындағы  пайда 
нормасының  теңсіздігінің  артуы  жəне  ұдайы  өндіріс  процесіндегі 
теңсіздіктің орын алуы; 
•  жұмыссыздықтың өсуі; 
•  халық шаруашылығына деген инвестицияның қысқаруы; 
•  амортизациялық қорлардың құнсыздануы; 
•  бағадағы,  валютадағы  жəне  пайыздағы  алып-сатарлық  ойындардың 
ұлғаюы; 
•  көлеңкелі экономиканың белсенді түрде дамуы; 
•  ұлттық валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуі; 
•  қоғамның əлеуметтік топтарға бөлінуі.  
Жоғарыда  аталған  инфляцияға  ықпал  ететін  факторлар  мен  оның 
əлеуметтік  жəне  экономикалық  салдарлары  оған  қарсы  саясаттың  болуын 
талап етеді. 
 Инфляциялық  процестің  жағдайларына  байланысты  ақша  айналысын 
тұрақтандыру формаларына: ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат 
жатады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет