Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов



бет23/36
Дата04.11.2016
өлшемі6,9 Mb.
#242
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36

Алехо Карпентьер (1904–1980). Жазушы өз шығармашылық жолын еуропалық өнер­дегі авангардтық бағытпен бастайды. Бірақ 40-жылдардан бастап латынамерикалық конти­нент тарихына бет бұрып, оның шығармаларындағы мәселелер реализмге қарай бағыттала­ды.

Карпентьер тарихи мәліметтерге сүйене отырып, дұрыс жолды таңдай білді. Оны Еуропада болып жатқан оқиғалар мен қандай-да бір жаңалықтар, ондағы халықтың жағдайы мен басқа да елдерде орын алған оқиғалар қызықтырады. Оның «Ағартушылық ғасыры» (1962) атты романындағы оқиғалар шеңбері ХYІІІ-ХІХ ғасырларды қамтиды. Саяси режим­дер­дің ауысуы романның басты кейіпкері Юга Виктордың өз тұжырымдарын өзгертіп, яко­бин­дік террорға жақындауына әкеліп соқтырады.

«Теріс әдіс» (1974) романының мәтінінде бет перденің тұрақсыздығы сөз етіледі. Онда А. Карпентьер диктатордың өзіндік бейнесін көрсетеді. Ол арқылы автор саяси көзқарас­тар­дың тұрақсыздығы мен қоғамда орын алған сенімсіздікті көрсетеді.

Карлос Фуэнтес (1928) - 1962 жылы жарық көрген «Артемио Крустың өлімі» атты еңбегі арқылы әлемге танылған ең ірі мексикандық прозаик. Бұл шығарманың жазылуына Л.Н. Толстойдың «Иван Ильичтің өлімі» атты дастаны ықпал етеді. Бұл еңбекте бұрынғы революционер әрі бай адам өлер алдында өзінің жасаған қылмыстары мен сатқындықтарын еске алады. Ол еш өкінбейді, тек өткен өмірін еске түсіреді. Бірақ әңгімені баяндаушы немесе автор оның әркеттерін өткер сынға алады. Шығармада оқырмандардың өзіндік талдау жасауы түрлі айғақтар келтіріледі. Шығарманың соңында басты кейіпкер балаларының байлық пен мұрагерлік үшін бірін-бірі өлтіруге дейін баратын­дығын көргенде, өз өмірінің мәнсіз өткендігін түсінеді.

К. Фуэнтестің нақты тәжірибелерге деген қызығушылығы «Екі жүзді» (1967), «Қасиетті аймақ» (1968), «Терра ностра» (1975), «Өртелген су» (1981) атты еңбектерінен байқалады. Ол аталған шығармаларында жазушының шындықты елемей, қиялдарын еркін жеткізуге құқықтары бар екенін айтады.

К. Фуэнтестің тағы бір ерекшелігі ретінде оның детективті жанрды жазуға жақын болуын айта аламыз. Оған мысал ретінде жазушының «Гидраның басы» (1977) атты шығармасы келтірсек болады.

Марио Варгас Льос (1936) өзінің алғашқы шығармаларынан-ақ тәрбие мәселесіне қатты көңіл бөлген. «Қала және иттер» (1963) атты романында оқиға Перудың астанасы Лимде орын алады. Шығарманың басты кейіпкерлері болашақ жазушының өзі білім алған әскери кадет училищесінің түлектері. Мұнда мықтылар әлсіздерді басып озып, бірін-бірі аңдумен болады. Автор кадет студенттерінің бір-біріне қарсы келетін түрлі пікрірлерді баяндай отырып, оқырман қауымға өзіндік тұрғыдан баға беруді ұсынады.

Автордың «Хулия тәтей және жазушысымақ» (1977) атты автобиографилық романы халық арасында кең тарап, үлкен жетістікке ие болады. Шығарманың бас кейіпкері жас жазушы үлкен табысқан жеткен радиоопералар жазады. Драматург мәнсіз қайдағы жоқ оқиғаларды жазған сайын оның табынушылары да көбейе түседі. Тек Хулия тәтей ғана оған үнемі қарсы пікір айтып, оны үнемі келеке етеді. Бұл романның ерекшелігі ретінде оның қалжынға негізделіп жазылғанын айтуға болады. Ал мұндай шығармалар латынамерикалық жазушыларда көп кездесе бермейді.



Жорж Амад (1912-2001) да қалжыңды ұнататын жазушылардың бірі болғанымен, оның өмірі мен ғылым жолы қайғылы өтеді. Жазушы-коммунист 20 жыл бойы қуғын-сүргінге ұшырайды. Ол тек 1958 жылы ғана өз отаны Мексикаға қайта оралып, алғаш туындыларында халықтың тұрмыс-тіршілігі, күнделікті өмірі жайлы жазады. Ол «Жалған мансаптағы гене­ралдар» (1939) атты еңбегімен әлемге танымал болады. Автор өзінің еңбегінде ұрлыққа, тіпті өзін де құрбандық етуге дайын қаңғыбас жеткіншектер мен кедейлерді суреттейді.

Авордың құнды шығармалар қорын «Дона Флор және оның екі күйеуі» (1969), «Қарсыласудан шаршаған Тереза Батиста» (1972), «Агрестадаға тәтей­ге» (1976), «Ұрланған қасиет» (1989) атты еңбектері толықтырады.



Хорхе Луис Борхес Буэнос-Айресте дүниеге келген. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезін­де ол ата-анасымен бірге Швейцарияға көшіп келеді. Ал 1919 жылы Борхес Мадридке келіп, екі жылдан кейін өз отанына қайта оралады. Ол бірнеше тілді меңгеріп, батыс мәдениетімен жақын танысады.

Буэнос-Айресте Борхес Ұлттық кітапхана қызметшісі болып, университетте дәрістер оқиды, аудармамен айналысып, көбіне ағылшын тілімен жұмыс істейді. Ол қоғам өміріне белсене араласпағанымен де, уақыт өте келе баспасөздерде өзінің саяси көзқарасын білдіре бастайды. Оның айналасында­ғылар Борхес туралы үнемі кері пікірде болған. Бірақ көптеген еуропалық марапаттарға ие болған Борхес өз елінде халық сүйіп оқитын жазушы бола алмайды. Борхес өз шығармашылығын алғашында метафораларға жүгіне отырып, ақын-тәжірибеші ретінде бастайды. «Сыбайлас» атты өлеңінде автор қайғы мен қуаныштың, зұлымдық пен жақсылықтың бірлігі туралы ой қозғайды. Борхес проза жазуда да өзінің ақындық қағидаларынан бас тартпайды. Оның туындылары қысқа, мазмұны тұрғысынан детективті болып келеді. Борхес өзінің «Соқпақ жолдағы бақ» атты әңгімесін детектив жанрына негіздеп жазған. Мұнда Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында орын алған оқиғалар мен германдық және ағылшындық тыңшылардың арасындығы тайталастар туралы айтылады.

Детективтік жанрда жазылған Борхестің «Эмма Цунц» атты әңгімесінде өзінің әкесі үшін кек алу жоспарын жүзеге асырған қарапайым қыз туралы айтылады. Эмма әкесінің абыройы үшін өзінің абыройынан айырылады, сол арқылы өзінің жазықсыздығын дәлелдейді. Борхес өзінің кейіпкерлерін екі топқа бөледі: ой адамы және еңбек адамы. 40-50 жылдары жазушы көбіне еңбек адамдарын таңдайтын.

Борхестің туындылары ғылыми мақалаларға жақын келеді. Себебі онда беделді адамдардың еңбектерінен көптеген үзінділер келтіріп, оларға сілтемелер жасап отырады. Ол өз шығармаларында түрлі тақырыптарда даула­сады. Автор Минотавр туралы аңызыға сүйене отырып, «Астерия үйі» атты әңгімесінде адам тектес бұқаның бостандыққа деген құлшынысын көрсетеді. «Иудаға жасалған сатқындықтың үш нұсқасы» атты әңгімесінде ол Христостың шәкірті жасаған сатқындықты ақтап, керісінше ол өзінің ұстазының құдіретті­лігін дәлелдегендігін баяндайды. Луис Борхестің мақсаты жаңа бір шындықты алып келу емес, оқырмандарға кейбір дау тудырмайтын мәселелер туралы ой тастау болды. Осы тұрғыда ол жетістіктерге де жетті.



Хулио Кортасар (1914-1984) – Борхестің ізін жалғастырушы. Ол Брюссель­дегі аргенти­на­лық жұмысшы отбасында дүниеге келген. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ата-ана­сымен бірге Отанына қайта оралады. Болашақ жазушы Буэнос-Айрос университетінің әде­биет және философия факультетінде оқыған. Кейіннен бір провинцияда мектеп мұғалімі болып қызмет етеді. Осы кезден бастап ол өлеңдер жаза бастаса да, өз еңбектерін жарияла­май­ды. 1946 ж. Аргентинада билік басына Хуан Доминго Перон келген кезде Корта­сар оған қар­сы шыққан күштерді қолдап шеруге қатысады. Әскери-полицейлер шеруге қаты­су­шы­ларды қуғынға ұшыратады да, нәтижесінде Кортасар Отанынан кетуге мәжбүр болады. 50 ж. басында Кортасар Парижде тұрып, саясатпен айналыспаса да, өз шығармала­рында тотали­тар­лық жүйені әшкере­лейтін. Мысалы, жазушы өзінің «Кіші жұмақ» атты шығарма­сында билік басында генерал Орангу болған латынамери­калық елді сипаттайды. Онда адам­дар өздерін бай, әрі бақытты сезінуі үшін тұрғындарының денесіне кішкентай алтын балықтарды енгізеді.

Хулио Кортасардың 1946 ж. жарыққа шыққан «Басып алынған үй» атты шығармасы халық арасында кең тарап, үлкен жетістікке ие болады. Бұл шығармадан Эдгар Поның ықпа­лын байқауға болады. «Эшерлер шаңырағының құлауы» атты шығармадағыдай мұнда да дәулетті әрі танымал болған ересек ағасы мен қарындасы туралы айтылады. Кенеттен келген бейтаныс жандар олардың тыныш та, бір қалыпты өмірлерін бұзып, нәтижесінде оларды өздерінің үйінен қуып шығады. Кортасар үнемі табиғат пен әлемдегі ерекше және қауіпті нәрселерге көп мән береді.

Автордың «Басқа аспан» атты еңбегінде ХХ ғасырдың 30 жылдары Париж қаласында өмір сүріп жатқын қарапайым аргентиналық азамат қиялында ХІХ ғасырдың 70 жылдарына саяхат жасайды. Кортасардың кейіпкері басқа адам­ның өмірімен өмір сүруге қатты құштар болады. Оның бұл арманы кейіпкердің қиялында жүзеге асады.

1960 жылы автордың «Ұтыстар» еңбегі жарық көрсе, кейіннен «Малькольм», ал 1963 жылы «Классик ойыны» атты романы басылып шығады. Соңғы шығармасында ешқандай жұмыс істегісі келмейтін жалқау Оливейро туралы баяндалады. Ол бір мамандықты таңдау өмірдегі басқа мүмкіндіктерден бас тарту деп ойлайды. Оливейро өзі сияқты түрлі елдерден келген Париждегі кезбелердің «Жыландар клубын» құрады. Автор өзінің кейіпкеріне сын көзбен қарайды. Бұл жерден Кортасардың шығармашылығындағы постмодернисттік тенденцияларды байқауға болады.



Габриэль Гарсиа Маркес (1928) латынамерика әдебиетінде маңызды орынға ие. Нобель сыйлығының иегері (1982), колумбиялық жазушы Оңтүстік Африкадағы өркениеттің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын нақты тарихи деректер арқылы шебер көрсете біл­ген. Автор кейін Колумбияның президенті болған (1819-1830) Симон Боливардың басшылы­ғы­мен өткен тәуелсіздік үшін күрес туралы мәліметтердің жинақтап, ежелгі халықтардың наным-сенімдері мен Еуропа мәдениетін үйлестіріп, ұлттық ерекшеліктерді аша отырып өз халқының ұлы эпосын жасады. Жазушы нақты деректерге сүйене отырып, Латын Америка­сын дүр сілкіндірген азамат соғысының қайғылы тұстарын баяндайды.

Жазушының туған жылы ереуілдерге шыққан жұмысшылардың қанды қырғыны болған кезбен тұспа тұс келеді. Ол Атлантика жағалауындағы Аракатака деген қалашықта әскери жанұя­да дүниеге келген. Боготеда заң факультетінде оқып, баспасөзде жұмыс істейді. Кор­рес­пондент ретінде Рим және Париж қалаларында болады. 1957 ж. Халықаралық жастар мен студенттердің фестивалінде Мәскеуге сапар шегеді. 60-шы жылдардың бас кезінде Маркес Мексикада тұрақтайды.

Ең алғашқы туындыларын 20 жасында жариялай бастаған. Оның ең үздік жазылған шығар­ма­ларының бірі «Полковникке ешкім де жазбайды (1958)» атты дастаны үлкен жетістікке ие болады. Маркестің өзі оны әлі күнге дейін ең үздік шығарма деп есептейді. Бұл шығармада азамат соғысының батыры өзіне тағайындалған зейнетақы­сын 20 жыл бойына күтеді. Оның зейнетақы алу үшін жасаған еңбектері ақталмай, бұл күресте полковниктің саясы қарсыластар жеңіске жетеді. Полковник пен оның жұбайы үкіметке қарсы сөздер жазғаны үшін атылып кеткен баласының өліміне қайғырады. Бірақ сырқаттанған қарт баласының естеліктерімен және әділеттіліктің бір күні орнайтынына деген сеніммен өмір сүреді.

Дастанда бұл оқиға Колумбияның Макондо деген кішкентай қалашығында орын алады. Кейін автор 1967 жылы «Жалғыздықтың 100 күні» романын жазып шығарады. Егер «Пол­ков­никке ешкім жазбайды» атты шығармадан Э. Хемингуэйдің ықпалын байқасақ, «Жалғыз­дықтың 100 күні» романынан У. Фолкнердің әсерін көре аламыз. Онда оқиға Буэндиа және Хосе Аркадио негізін қалаған, әлемдік орталықтардан оқшауланған Макондо қалашығында өрбиді. Автор Макондода болған оқиғалардың басқа да жерлерде орын алатын жағдай екенін көрсетеді. Жақын екі ағайындының арасындағы бауырлық байланыстар болғанымен, Ама­ран­та­ның ағасының жұбайына деген қатігездігі оны қылмыс жасауға итермелейді. Ал жанұя ошағының мықтылығы соншалықты, тіпті Хосе Аркадио мен Ребеканың арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Олар отбасын құрып, ата-баба дәстүрін берік ұстанғандарын дәлелдейді.

Шығармадағы эпикалық кейіпкер бейнесінде полковник Аурелиано Буэндиа­ны ерекше атап өтсек болады. Ақын, қарапайым зергер өз шеберхана­сын, сүйікті ісін тастап, соғыс майданына аттанады. Оған не себеп болды десек, оған бір ғана түсінік беріледі: тағдырдың жазғаны солай болған. Ол өзінің өмірдегі міндетін түсініп, оны жүзеге асырмақша болады.

Аурелиано Буэндиа өзін азаматтық және әскери басшы, кейіннен полковник деп жариялайды. Шынында ол нағыз полковник емес-ті, оның қол астында бар жоғы 20 жігіт болған. Маркес саясат пен соғыс туралы жазғанда фантастика мен гротеск тәсілдерінен бас тарпастан, саяси апаттарды бейнелеуде нақтылық пен шынайылыққа ұмтылады. Полковник Аурелиано Буэндиа бұл дастанда жан-жақты суреттеледі. Оның қызметкерлері мен айналасындағылар оны батыр деп санайды, ал анасы полковникті халқы мен жанұясын құр­дымға кетіретін қанішер көреді. Қаншалықты батыл, әрі батыр болса да оның айтқан бір сөзі үшін полковниктің барлық балалары бір мезетте көз жұмады.

Ол либералдарды басқарып, кейіннен жақтастарының да өзінің жауларынан ешқандай айырмашылығы жоқтығын түсінеді. Барлығы тек билік үшін, жер үшін күреске шығады. Билікке қол жеткізіп, полковник Буэндиа өмірін мәңгілік жалғыз өткізуге мәжбүр болады. Ол бүкіл Латын Америкасын қамтитын төңкеріс жасауға ұмтылады. Маркес төңкеріс оқиға­ларын тек бір ғана қалашықпен шектейді, онда түкке тұрғысыз нәрсе үшін көрші өз көршісін, ағасы інісін өлтіруге деін дайын. Маркестің ойынша, азаматтық соғыс -ағайындылардың бір-бірін өлтіру.

Пауло Коэльо (порт. Paulo Coelho) - атақты Бразилия жазушысы. Ол 1947 жылы 24 тамызда Рио-де-Жанейрода дүниеге келген. Оның көптеген әнгімелер жинағы жарыққа шық­қан. Ол Ресейде ұзақ уақыт бестселлер шығармалардың алғашқы ондығында тұрған «Алхи­мик» басылымынан кейін әлемге танылады. Бұл шығарманың барлық тілдердегі жалпы тиражы 60 миллионға дейін жетеді. Коэльо үлкен атақ-даңқ пен асқан құрметке ие болып, толық қорлануды да басынан кешіреді.

Ол Рио-де-Жанейродағы инженер Педро мен Лижии Коэльоның үлгілі отбасында дүниеге келген. Жеті жасында Әулие Игнатии Лойолдағы иезуит мектебіне жіберіледі. Осы мектепте жүргенде оның кітап жазуға деген қызығушылығы пайда болады. Пауло Коэльо­ның жазушы болу арманы орындалмай, отбасының қалауы бойынша Рио-де-Жанейро уни­вер­си­тетінің заң факультетіне оқуға түседі. Бірақ көп ұзамай оқуды тастап, журналистикамен айналысады. Оның отбасы мүшелерімен арасындағы жанжал күн санап өрши түсіп, ақы­рында 17 жасар Пауло психиаторлық клиникадан бірақ шығады. Электрошокпен емдеу оның өз-өзіне деген сеніміне ықпал ете алмайды. Кейін ол клиникадан қашып шығып, біраз уақыт жалғыздықта басынан кешіріп, кезбе атанады.

1970 жылы Мексика, Перу, Боливия, Чили, Еуропа мен солтүстік Африкаға саяхат жасайды. Екі жылдан соң Коэльо Бразилияға қайта оралады, әндерге өлең жаза бастайды, бразилиялық атақты орындаушы Рауль Сейшастың орындуында оның әндері ел арасында кең тарап, үлкен жетістікке ие болады. Өзінің берген сұхбаттарында жазушы сол уақытта ағылшын мистигі Алистер Кроулидің еңбектерімен танысқанын айтады. Ол Коэльоның шығармашылығы айтарлықтай әсер етеді. Ол тек музыка саласында емес, сонымен қатар Минас–Жирайс штатында анархистердің «Альтернативті қоғамын» жасау жоспарына да ықпал етеді. Ол Кроулидің «Ойыңа келгенді жаса - заң осындай» деген сөздеріне негізделеді. 1964 жылғы төңкерістің нәтижесінде билікке келген бразилия әскерлері бұл жобаны құпта­май, топтың барлық мүшелерін қамауға алады. Коэльо мен Сейшасты түрмеде қинағаны да белгілі. Бірақ Коэльоның өткен өмірі оның бостандыққа шығуына себеп болып, оны есінен адасқан деп түрмеден босатады.

«Валькирияда» көрсетілген құбылыстан соң Коэльо елінен кетіп, кейінірек Голландияда оның өмірін өзгертіп, христиан дініне өмірін арнауға себеп болған тұлғамен танысады. Ол RAM деп аталатын католик тобына мүше болады. 1986 жылы ол ежелгі испан қажыларына тиесілі Сантьяго жолымен жүріп өтеді. Жазушы бұл туралы өзінің «Сиқыршы күнделігі» атты еңбегінде жазады.

Пауло Коэльоның кітабы әлемнің 15 елінде 67 тілге аударылған. Ол көптеген елдердің түрлі әдеби сыйлықтарына ие болады. Мысал ретінде Франция­да алған «ha hegion d’Honneur» мен Италияда алған «Grinrane CaYour» атты сыйлығын келтіруге болады. Оның «Алхимик» новелласы Борхестің «екі қиялшылдары» негізінде жазылған. Негізгі сюжеті Аарне Тоипсон Утердің фольклорлық сюжеттерінің классификациясы бойынша 1645 жылы жарыққа шыққан «Үйдің байлығы» атты еңбектен алынған. Басты кейіпкер – Андалу­сияда тұратын бақташы Сантьяго. Бір күні ол түс көреді. Бұл түс бақтышыны Египет пирамида­ларына барып алтын қазынаны іздеуге итермелейді. Сыған қызы оның түсін жорып беріп, табылған қазынаның оннан бір бөлігін беруді сұрайды. Жолда ол қария Мельхидесекті, Салиман патшаны кездестіреді. Салиман патша оған жолдағы қиыншылықтарды жеңуге көмек болатын екі тасты (Урим және Туммим) сыйға тартады. Сантьяго қойларын сатып, Египетке жолға шығады. Көптеген шытырман оқиғаларға тап болып, ақырында Алхимикті кездестіреді. Алхимик оны өзін-өзі тануға және әлемді терең түсінуге үйретеді. Кейін Фатимаға ғашық болып, қазынаны тауып, тағдырдың сынақтарынан да өтеді. 2002 жылы Португалиядағы «Журнал ди Летраш» атты журналда португал тілінің даму тарихында жазылған кітаптардың ішінде ең көп таралған еңбек ретінде Пауло Коэльоның осы шығармасын көрсетеді. Бұл шығарма тіпті Гиннесс рекордтар кітабына да енеді. Шығарма әлемнің 41 тіліне аударылып, жалпы тиражы 11 миллион данаға дейін жетеді. Коэльоның табынушысы Лоуренс Фишборн осы шығарманың негізінде фильм түсіреді. Оның 2005 жылы жарық көрген «Заир» новелласы Иранда жарыққа шыққан кейін 1000 көшірмесі тәркіленеді.

Оның осындай жетістіктеріне қарамастан көптеген Бразилия сыншылары оны қарапайым жазушы деп есептейді. Кейбіреулер оның еңбектерін «коммерциялық» рынокқа бағытталған деп айтады. Оның Бразилия әдебиетші­лерінің академиясына қабылдануын көптеген бразилиялықтар құптамайды. Белгілі орыс тележүргізушісі және сценарист Авдотья Смирнова ол туралы былай деген: “Әдебиетті сүйіп оқитын оқырманның жиіркенішін туындыратын Коэльо еңбектерінің басты ерекшелігі онда не бір әзіл, не бір күлкі, не бір өтірік жоқ. Соған қарамастан осы байсалдылық Коэльоны осындай атақты жазушы етті.”

Пауло Коэльоның еңбектеріне «Қажылық» немесе «Сиқыршы күнделігі» (1987), «Алхи­мик» (1988), «Брида» (1990), «Валькирии» (1992), «Мактуб» (1994), «Рио-Пьедра жағажайы­на отырдым да жыладым» (1994), «Бесінші тау» (1996) сияқты шығармаларын жатқызуға болады. Латынамерикалық жазушылар тарих пен мифтің, эпикалық дәстүр мен авангардтық ізденістердің, реалисттердің психологизмі мен испандық барокконың түрлі баяндау тәсілдерін шебер үйлестіре отырып, үлкен жетістіктерге жетті.
Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. ХХ ғасыр латынамерика әдебиетінің көрнекті өкілдері шығармашылық­тары мен олардың көтерген тақырыбы?

  2. Алехо Карпентьердің «Ағартушылық ғасыры» романының негізгі идеясы

  3. Карлос Фуэнтестің «Артемио Крустың өлімі» атты еңбегінің жалпы мазмұны

  4. Марио Варгас Льостың өз шығармаларында көңіл бөлген басты мәселесі

  5. 20 жыл эмиграцияда болған Жоржи Амаду өзінің алғашқы шығармасында нені сипаттады?

  6. Детектив жанрда жазылған Борхестің «Эмма Цунц» әңгімесінде не туралы баяндалады және автор өз кейіпкерлерін қандай категорияларға бөледі?

  7. Хулио Кортасардың еңбектері жайлы айтып өтіңіз

  8. Кортасар есімінің шыңдалуына себеп болған шығармасы

  9. Габриель Гарсиа Маркестің «Жалғыздықтың 100 күні» атты еңбегінің мазмұны

  10. Борхес шығармаларында қандай еңбектерден үзінді, цитата, аллюзиялар келтірілген?


Үндістан әдебиеті
Үнді әдебиетінің жаңа дәуірі 1900 жылдан ағылшындар Үндістанда өз ұстанымдарын нығайтқан кезде басталады деп есептеледі. Шығыс және Батыстың арасындағы идеялар мен рухани байлықтардың шарасыз алмасуының нәтижесінде ұлттық жәдігерліктерді аса бағалау іске асты. Соқыр жолды ұстанған ортадоксальды дәстүр айыпталды. Өмірдің жаңа филосо­фиясы негізінде халық санасында өзін қоршаған қараңғылықтың бет-пердесін ашу мақсаты тұрды. Үнді әдебиетінің жаңа даму кезеңінде отарлау саясаты, үнді халықтарының ұлт-азаттық көтерілістері оның көркем әдебиетіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Тәуелсіз Үндістанның Рабиндранат Тагор, Премчанд, Яшпал, Кришан Чандра және басқа да ақындары мен жазушы­ларының есімдері әлем әдебиеті сахнасына енді.

Үндістандағы әдебиеттің дамуы барысында түрлі үнді тілінде пайда болғандарды «біртұтас үнді әдебиеті» деп есептеген дұрыс па, әлде әрқайсысын жеке-дара үнді әдебиеттері ретінде қарастырған абзал ма деген сұрақ әдебиетшілердің түсінігін анықтауды күрделендіре түседі. Мұнда зерттеу­шілердің «үнді әдебиеті» мен «үнді әдебиеттері» деген екі түсінікті бірдей қолданатындығын айта кеткен жөн. «Үнді әдебиеті» деген термин өз кезегінде аймақтық деңгейдегі түрлі үнді тілінде жазылған әдебиетті қана емес, сонымен қатар Үндістанның іші мен одан сыртқары аймақтарындағы үнді диаспора­ларының ағылшын тілінде жазылған әдебиетін де қамтиды.

Соның ішінде аймақтық деңгейдегі үнді (урду, пенджаб, кашмир, бенгал, маратхи, гуджарати, телугу, синдхи, малаялам т.б.). тілдерінен хинди тіліндегі әдебиет көш ілгері екені есепке алыну тиіс.

Хинди тіліндегі жаңа поэзия 3 кезеңге бөлінеді. Бірінші, 1925-1950 жылдар кезеңінің көш басшысы Бхаратенду Харишчандра саналғандықтан, бұны «Бхаратенду юг» («Бхара­тен­ду кезеңі») деп те атайды. Рухани, эмоционал­­дық әсердің керемет күші, жаңаша ойлардың ескі дәстүрмен астасуы осы автордың даралығының куәлігін анықтайды. Бұл кезеңде романтизм үнді әдебиетінде жақсы дамып қана қойған жоқ, үнді әдебиетінің ары қарай дамуына себеп болды. Көбіне романтизм поэзияда қолданылады. Сол кездегі Үндістанның әлеуметтік-саяси және мәдени даму үстінде болғандығы әдебиетке де мол әсерін тигізді. Соның ішінде Шелли, Байрон, Китс, Вордсворт және т. б. ағылшын романтик-ақындардың шығармашылығы әсер етті. Бұл кезеңнің елеулі тұлғаларының арасында қарама-қайшы­лықтар болды. Ақындардың бір бөлігі үнді поэзиясына жаңа бір леп әкелген романтизмді қолдаса, басқалары бұл ағым хинди әдебиетіне нұқсан келеді деп есептеп, үйреншікті класскикаға келуін шақырды. Үнді әдебиетінің романтизмінің басты тақырыбы – феодалдық тұйықтықтан құтылуға, бостандыққа шақыру, еркін тіршілік етуге қарсы ескі дәстүрден құтылу, адамның жеке тұлғасының дамуына көңіл бөлу. Бұл ақындар арасында қарама-қайшылықтар туғызғанымен, дәстүрлі ежелгі философиямен байланыса отырып, үнділік интел­лигенция арасында жылы қабылданды және үнді әдебиетінде өз орнын таба білді. Рабиндранат Тагор бенгал әдебиетінде, Сурьякант Трипатхи Нирал (1896-1961), Джайшанкар Прасад (1889-1937), Сумитранандан Пант (1900-1977) хинди әдебиетінде, Кешавсут(1866-1905), Рендалкар(1887-1920), Говиндаградж (1885-1919) маратхи әдебиетінде, Пунд­жа­лал гуджарати әдебиетінде, Хитешвар ассам әдебиетінде, Байкунатх Патнаик (1904), Ахтар Ширани (1905-1948), Исрар Ульхак Маджаз (1913-1955) урду әдебиетінде, Вир Сингх (1872-1957), Пуран Сингх (1887-1931) пенджаб әдебиетінде және басқа да көптеген романтик-ақындар үнді әдебиетінде, әуенінді, стилінде – жалпы бар жүйесіне революция жасады. Барлық осы ақындарға әдебиетшілерге қарсы шығуларына тура келді. Мысалы, Махавир­прасад Двиведи романтикалық тенденциялар хинди әдебиетінің табиғатын бұзады деп есеп­теді. Сондықтан ол ақындарды Калидаса негізделіп құралған, моральды-этикалық норма­дағы тақырыптарға сай классикалық дәстүрлерді ұстануын шақырды. Бірақ М.Двиведидің ақындарға қарсы шығуын айыптауға болмайды, себебі ол осындай қарсылығымен қайта жастарға неғұрлым жаңа нәрселер іздеуге талпыныс берді.

1947 жылы 15 тамызда Үндістан тәуелсіздігін алды. Жаңа сувереннитеттік мемлекеттің құрылу мен даму кезеңі басталды. Сонымен қатар әдебиетіне де жаңа толқын лебі келді. Осы себепті оқиғаның әсерімен әдебиеттің басты тақырыбы - әлеуметтік-саяси бостандық, идео­логия үшін күрес. Бірақ ескіліктің қалдығы әлі де берік орнатылған, халқының көп бөлігі діни-философиялық негіздермен әлі де өмір сүретін, феодалдық қарым-қатынас пен капиталистік нормалардың көрші болып келе жатқан елде әдебиет жағынан да көптеген қарама-қайшылықтарға әкеледі. Мемлекеттің тәуелсіздік алуына байланысты әдебиеттің басты тақырыбы – патриоттық сезім, рухтық күш және көптен күткен бостандық туралы болды. Мысалы, Шивмантал Синх Суман жаңа өмір күтіп тұрғаны жайлы жазды. Балкришна Шарма Навиннің (1899-1972) «Біздің Үндістан» атты сол кездегі халық арасында атақты ұрандардың бірі болып кеткен өлеңі мысал бола алады. Бұдан басқа да ақындардың көптеген өлеңдері мысал бола алады: Рамдхарисинх Динкардың «Неру кезеңіне арнау», коммунист-ақын Али Сардар Джафри «Жаңа әлемге сәлем» өлеңдері.

Екінші, 1950-1975 жылдар арасындағы кезең. Бұл кезеңде үнді әдебиетінде лирика дамыды. 50 жылдардың басында романтикалық бағыттың әлсірегені және бостандық рухты күшті шақыратын эмоционалды лириканың күшейгені байқалады. Тәуелсіздікке қол жеткіз­ген бостандық рухы сезімдердің босатуына шақырады. Бұл кезеңнің басты тақырыбы – лирика, сезім, адамгершілік құндылықтар, шынайы махаббат және бақыт. Алдыңғы кезеңдегі романтизмде көрініс тапқан лирикаға қарағанда бұл кезеңдегі лирика толық көрініс тапқан. Солардың елеулілерін атайтын болсақ – атақты пенджабтық әйел ақын Амрита Притамның «Көк шөп үстіндегі сәт» (1949) өлеңі, Агьеяның хинди тіліндегі «Ессіз аңшы» (1954) және «Күн күріші» (1950) өлеңі, Гириджакумар Матхур (1918 дүниеге келген), Рагхувир Сахая (1929 дүниеге келген), Шрикант Варма (1931 дүниеге келген), Кедарнатх Агравал (1912 ж. дүниеге келген) және т. б. ақындарды жатқыза аламыз.

Бұл кезеңде махаббат лирикасы да елең қалмады. Бұл бағытқа да бірталай ақындар өлеңдерін жазды. Мысалға алатын болсақ солардың бірі – Шубхаш Мукхопаддхая. Ол «Мен оралдым» атты лирикалық өлеңінде өзінің сүйгеніне қайта оралғаны жайлы қуанғанын ашық, үлкен шаттанысымен жеткізеді. Бұдан басқа да ақындардың лирикалық өлеңдерін мысалға алсақ болады: Мохан Сингх «Жіберші, мені үйге кіргізші» (1953), Виночандра Наяк «Үйге қарай жол»(1951), Шубхан Мукхопаддхая «Сенен қанша алыс кетсем де...» (1949).

Үшінші, 1975 жылдан осы күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан кезең, яғни әлеу­меттік күш ретінде пролетариатты қолдаған прогрессшіл поэзия. Жаңа заманның басында батыс әдебиеті мен мәдениетін танудың арқасында хинди әдебиетіне көптеген жаңа әдеби жанрлар енді. Алайда драматургиядағы сияқты роман хинди әдебиетінде тікелей батыс әдебиетімен байланыста болғандығынан емес, бенгал әдебиеті арқылы пайда болды. Хинди романдарының пайда болуына дейін бенгал тілінде керемет романдар дүниеге келген.

Жаңа заманғы хинди романдары келесідей үш кезеңге бөлінген, олар - Премчандқа дейінгі романдар, Премчанд және оның замандастары романдары, Премчандтан кейінгі ро­ман­дар. Алғашқы кезеңнің өзінен-ақ әлеуметтік, тарихи, фантастикалық және махаббат – шытырман-оқиғалы романдар деп тақырыбы жағынан бөлуге болады. Әлеуметтік тақы­рып­тағы романдар негізін Балкришна Бхаттың «Нутан брахмачари» және «Сау аджан эк суджан» («Жүз ақымақ пен жалғыз ақылды»), Радхакришнадастың «Нисахай хинду» («Қамқорсыз индус»), Киртипрасад Кхатридың «Джая» («Жеңіс»), Кишорилал Госвамидың «Лаван­глата» («Лаванг ағашы»), Балмукунд Гупттың «Кусум Кумари» («Кусум атты қыз»), Гопалрам Гахмаридың «Наи баху» («Кіші келін») және «Бара бхай» («Үлкен бауыр»), сондай-ақ Ладжарам Мехттың «Дхурт Расиклал» («Әккі Раксиклал») т.б. құрайды. Фантастикалық романдардың негізін қалаушы Деванидан Кхатри танылды. Көптеген адамдар хинди тілін тек оның «Чандра­канта» және «Чандраканта сантати» («Чандракантаның үрім-бұтақтары») рома­нын оқу үшін үйренді. Бұл бағыттағы романның үздік романистері қатарына Кишори­лал Госвами, Харикришна Джаухар да кіреді.

Тек осы түрлі романдардың осал жағына іс-әрекетке толы болып, кейіп­керлердің дара қасиеттері және таза тілде жазылу деңгейінің (санскриттелген, урдуға жақын т.б.) төмен дәрежеде болуы жатады.

Бұл кезеңде әдебиет жаңа әлеуметтік және моральды құндылықтарды бекітуге ұм­тылды. Сондықтан этикалық ойлар романдарда жамандықты жақсылықтың жоюымен жүзеге асты. Романның басты мақсаты қоғамның қайта құрылуы, батыс өркениетіне сыни көзқарас, үнділік әйелдері болды.


Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы
Annotations -> «базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет