ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет1/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
 

Қ. Бержанов, С.Мусин

Педагогика

тарихы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚ

Алматы. Мектеп. 1984Қазақ ССР Жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



МАЗМ¥НЫ

Автордан

Кіріспе

Шетелдер мектебі мен педагогикасының тарихы.

ХVІІ—ХVПІ ғасырлардағы буржуазиялық революциялар кезе-ңіндегі буржуазиялық демократиялық педагогиканың дамуы.

XIX және XX ғасырларда маркстік педагогиканың пайда болуы жә-не дамуы .

XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдағы империалистік елдердегі педагогика .

СССР халықтарының мектебі мен педагогикалық ой-пікірінің тарихы.

XVIII ғасырдағы Россиядағы мектеп және педагогика.

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы мектеп пеп пе-дагогика.

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс.

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы революцияшыл демократиялық педагогика.

Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы прогресшіл орыс педагогикасының қайраткерлері.

СССР-дегі және басқа социалистік елдердегі мектеп және педаго-гика тарихы.

Социалистік қоғам орнату кезеңіндегі совет мектебі мен педагоги-каның тарихы.

Социалистік қоғам құруды аяқтау және коммунизм құруды өрістету дәуіріндегі совет мектебі және педагогика (1937—1980).

АВТОРЛАРДАН

Біздің елімізде педагогтың оқу орындарының жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұнын анықтау істерінде ұлы кө-семіміз В. И. Лениннің мұғалім туралы идеясы, оның педагогтың еңбектің саяси және қоғамдык, мәні, мұғалім белсенді қоғам қайраткері екендігі жөніндегі терең ойлары негізге алынды.

Педагогтық мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол — өте күрделі және сан қырлы. Педагогтық мамандық иесі адамнан ең алдымен терең және жан-жақты ғылыми білімді болуын, мамандық шеберлігі шыныққандықты, саяси-адамгершілік сапаларды, мықты ерік қасиеттерді, адамшылық пен ұстамдылықты талап етеді. Мұндай зор талап өз өмірлерін жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнаған педагогтық оқу орындарының студенттеріне көптеген міндеттер жүктейді.

Педагогтық институттарда студенттердің болашақ мұғалімдік мамандығының бағытын анықтауда, әсіресе олардың осы мамандыққа қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыруда педагогика тарихы пәнінің алатын орны ерекше.

Педагогика тарихы арқылы болашақ мұғалімдер педагогика ғылымының бай қазынасы мен мұраларын меңгереді, әр түрлі тарихи дәуірлердегі педагогтардың прогрессивтік және реакцияшыл теорияларының арасындағы шиеленіскен күрестермен танысады.

Педагогика тарихын оқу үстінде болашақ ұстаздардың пе-дагогикалык, ой-өрісі кеңейеді, олар педагогикалық тұрғыдан ойлануға, оқу мен тәрбие жөніндегі әр түрлі пікірлерді салыс-тыруға, бағалауға, қажетті жағдайда пайдалануға үйренеді.

Оқулықтың көлемінің тапшылығына байланысты шетел және орыс (1917 жылға дейінгі) мектептері тарихына шолу жасау тақырыптарының біразы кітапта қамтылмады, немесе тым қысқаша берілді.

Оқулыққа “Қазақстандағы педагогикалың ой-пікірдің қа-лыптасуы және дамуы” деген бөлім беріліп отыр. Оқулықтың: “Кіріспе”, “Құлдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп”, “Феодалдық қоғамдағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікір”,

“И. Г. Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы”, “А. Дистервегтің педагогикалық теориясы мен қызметі”, “Р. Оуэннің педагогикалық; қызметі мен көзқарасы”, “XVIII ғасырға дейінгі Россиядағы тәрбие мен педагогикалық ойлар”, “XVIII ғасырдағы Россияның мектебі мен педагогикасы”, “Л. Н. Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы”, “Совет мектебі дамуының негізгі кезеңдері 1917—1980 жылдар)”, “Н. К. Крупскаяның педагогикалық қызметі мен теориясы”, “Социалистік елдердегі мектеп пен ағарту ісі” тарауларын С. Мусин жазды. Оқулықтың осы аталтан тарауларынан басқа бөлімдерін Қ. Бержанов жазды.

3

КІРІСПЕ



Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айна-лысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді. Коммунистік партия өткен дәуірде қол жеткен тәжірибелерді зерттеп, пайдалануға үлкен мән береді. Пролетариат социалистік қоғамды құруда, және оның мәдениетін дамытуда адамзаттың қолы жеткен тәжірибесінен бас тартпайды, керісінше, коммунизм құруға қажетсізін шығарып тастап, ол тәжірибенің барлық бағалы жағын пайдаланады деп көрсетті В. И. Ленин. Қоғамдық өмірдің оқыту және тәрбие теориясы мен практикасы сияқты ең қажетті құбылысына бұл қағиданың тікелей қатысы бар.

КПСС Программасы қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтай отыра коммунистік

қоғам құрылысының тәжірибесін зерттеп және теориялық жағынан жинақтауды, коммунистік қоғамның экономикалық саяси және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын анықтауды, коммунистік тәрбие проблемаларын зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты қазіргі кездегі тарихи-педагогикалық ғылымның басты міндеттерінің бірі — дүние жүзіндегі ең бірінші социалистік мектептің құрылу тәжірибесін шын ғылыми түрде жинақтап зерттеу болып саналады.

Коммунистік тәрбие мәселелерін дұрыс шешу тәрбие және оқыту теориясы мен практикасының өткенде қалай дамығанын мұғалімнің білуін керек етеді. Өткен дәуірлерде алдыңғы қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие-мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашақ мұғалімдердің педагогтың дайындығын күшейтеді.

Педагогика тарихы мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді, олардың коммунистік тәрбие мәселелерін дұрыс шешуіне көмектеседі.

Маркстік-лениндік педагогиканың дамуы мен пайда болуын және совет мектебінің даму тарихын білу арқылы мұғалім совет

4

мектебінің жинақталған бай тәжірибесімен танысады, сол арқылы ол өзін мұғалімдік қызметке даярлайды.



Бұл пәннің деректі материалдары мен теориялық тұжырымдары болашақ мұғалімнің ой-өрісін кеңейтеді, оларды педагогиканың классикалық шығармаларымен таныстырады, коммунистік тәрбиенің жастарды тәрбиелеу салаларының басқа түрлерінен артықшылығын және зор күшін көрсетеді. Педагогика тарихын терең меңгеру арқылы болашақ ұстаздар совет мектебінің төориясы мен тәжірибесінің дидактикалық және тәрбие мәселелерін байыпты ойластыра қарастырып шешуге үйренеді. Осылай педагогика тарихы болашақ ұстаздарды халық ағарту ісі мен педагогикалық идеялар және педагогикалық әдебиеттермен кең және әр жақты қаруландырады.

Советтік педагогика тарихы әр дәуірдегі тәрбие мен тәрбие мекемелерінің дамуын зерттеуде қоғамның дамуы туралы маркстік ілімге сүйенеді. Бұл ілім бойынша педагогикалық теориялар, тәрбие мекемелерінің жүйесі, оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырылуы, мазмұны және әдістері қоғамның материалдық өмірінің жағдайларына сай белгіленеді.

Мектеп тәжірибесі мен педагогикалық, ой-пікір қоғам да-муының әлеуметтік-экономикалық талаптары мен дәрежесіне тәуелді болады деген объективтік заңдылыққа сүйене отыра, педагогика тарихының марксист зерттеушілері мектеп білімінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін қайта құрудың, педагогикалық көзқарастардың өзгеріп отыруының шын себептерін ашып отырады.

Совет елінің педагогика тарихын зерттеушілер өткен за-мандардағы мектеп пен педагогика тарихын зерттеп, ғылыми бағалауда біраз жұмыс істеді. Совет Одағындағы халықтардың мектеп ісі мен педагогикалық ой-пікірін зерттеді.

Советтік педагогика тарихы өткендегі педагогикалық жү-йелердің барлық алдыңғы қатарлы және прогрессивті жақтарын творчестволық түрде пайдаланады.

Советтік педагогика тарихы советтік педагогика ғылымы мен совет мектебі тәжірибесінің дүние жүзілік маңызын және оның адамзаттың прогрессивтік педагогика ғылымының дамуындағы ерекшелігін ашып көрсетеді. Педагогика тарихының курсы үш бөлімнен түрады:

1. Шетелдер мектебі мен педагогикасының тарихы.

2. СССР халықтарының мектебі мен педагогикалық ой-пі-кірлерінің тарихы (1917 жылға дейін),

3. СССР-дегі және басқа социалистік елдердегі мектеп пен педагогика тарихы.

5

БІРІНШІ БӨЛІМ



ШЕТЕЛДЕР МЕКТЕБІ МЕН ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ

ТАРИХЫ


Алғашқы қоғамдағы тәрбие

Тәрбие — адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдың өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы — рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф. Энгельс “Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы” және “Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі” атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.

Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке семья болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің коллективтік жұмысы болды.

Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.

Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.

Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және

6

адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлы іске айналды.



Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыға бастады.

Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі — рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.

Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке семьяның шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке семья тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала болжау, адамдарды емдеу т. б. сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен қанағаттанатын болды.

Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп

Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды. Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді.

Қолдан суарып егін егумен шұғылданған жергілікті халық өзендердің суы таситын мезгілдерін дұрыс пайдалануға тырысты. Жыл мезгілдерді санау арқылы алдын ала болжау, су бөгеттерін салу әр түрлі ғылымдардың (астрономия, геометрия, арифметика, медицина) дамуына себеп болды. Діни мектептермен қатар кітап көшірушілер даярлайтын мектептер де пайда бола бастады. Сол дәуірден сақталған кейбір қолжазбаларда тәрбиенің мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез-құлқы жөнінде құнды пікірлер айтылған.

Осы Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Греция және Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Ежелгі Греция бірнеше құл иленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Ішіндегі ірілері Аттика (орталығы Афины) және Лакония (орталығы Спарта) болды.

7

Спартада құлдарды қатал қанауға негізделген егін шаруа-шылығымен кәсіп етті. Сондықтан бұл елде құлдардың көтерілісін қатал күшпен басатын әскери шыңдалған құл иеленушілер даярлауға көп көңіл бөлінді. Спартада үстем тап балаларына әскери тәрбие берілді. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп жаттықтыру, әскери жаттығуларға үйрету (жүгіру, секіру, күрес, жекпе-жек, әскери әндер айту, найзаласу) ойыны жүргізілді. Әскери ойындар ұйымдастырылды, музыка, ән айту және діни билер үйретілді. Мұнда оқу және жазуға үйретуге өте аз көңіл бөлінді. Спарта тәрбиесінің мақсаты қатаң тәртіпке және құлдарға деген қайырымсыздыққа тәрбиелеу болып табылды.



Моральдың және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылық жөнінде арнаулы әңгімелер жүргізілді. Балалар анық және қысқа сөйлеуге үйретілді. 18—20 жастағы жігіттер әскери қызметке алынды. Қыз балаларға да әскери және дене тәрбиесін беруге көп көңіл бөлінді.

Афиныда біздің жыл санауымызға дейінгі V—IV ғасырларда ғылым және мәдениет едәуір дамыды. Әсіресе, жаратылыс, математика, тарих, скульптура, құрылыс өнері өркендеді. Бұл Афинының ертедегі Шығыс елдерімен тығыз сауда жасауына байланысты болды. Афиныда дене тәрбиесімен қатар басқа тәрбие түрлеріне де көп көңіл бөлінді. Құл иеленушілердің балаларына жан-жақты тәрбие (ақыл-ой, моральдық, эстетикалық және дене тәрбиесі) берілу керек деп есептелінді.

Құл иеленушілердің жеті жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды. Қыз балалар семьяда ғана тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді. Ер балалар 7-ден 13—14-жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды. Бұл мектептерде ер балалар екеуін қатарынан немесе әуелі грамматист, кейін кифарист мектебінде оқыды.

Афиныда мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды. 13—14 жасында ер балалар палестра (күрес) мектебіне көшіріліп, онда 2—3 жыл дене шынықтыру жаттығуларының жүйесімен (жүгіру, секіру, күрес және найзаласу) таныстырылды, жүзуге үйретілді. Мектепте саяси және моральдық таңырыптарға әңгімелер өткізілді.

Ерекше бай семьялардың балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат және әдебиетпен танысып, мемлекеттік басқару ісіне араласу үшін белгілі дайындық алды. 18 және 20 жастағы жастар әскери дайындың алумен қатар саяси білім-

8

дерін дамытты. Олар бекіністер салу, қала гарнизонында әскери қызмет атқару, теңізде жүзу ісімен шұғылданды.



Құл иеленушілерден басқа жай халықтың (демостың) өз балаларын мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі болмады. Олар балаларын қолөнерге үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды. Ал құлдар тек “сөйлейтін құрал” ретінде бағаланды.

Ертедегі грек ғалымдары мен философтары Платон және Аристотель өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құ-нды пікірлер қалдырды. Олардың бұл пікірлері педагогика ғылымының дамуына себеп болды.

Көрнекті грек философы Платон (біздің заманымызға дейінгі 427—347 жылдары өмір сүрген) тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің педагогикалық пікірінде ол Спарта және Афины тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиешілердің басқаруымен уақытын ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санады. Мектепке дейінгі тәрбиеде Платон ойынның ролін өте жоғары бағалады. Сонымен бірге балаларға айтылатын әңгімені мазмұн жағынан іріктеп алуды талап етті. Платон қыз балалардың дене тәрбиесіне ерекше мән берді, жақсы үлгі арқылы тәрбиелеуді жақтады. Мемлекет тарапынан тәрбие берудің белгілі жүйесін ұсынды.

Афины аристократиясының өкілі Платон құлдардың балаларына білім беруге қарсы болды, жалпы дене еңбегі құлдардың төл ісі, сондықтан болашақ философтар мен әскерлер дене еңбегі туралы мүлде ойламауы керек деп есептеді.

Атақты грек философы және ғалымы Аристотль (біздің заманымызға дейінгі дәуірдің 384—322 жылдары өмір сүрген) мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен семьядағы тәрбиенің өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму мүмкіндігі болады. Ал ол даму тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асырылады. Аристотель барлық адамдарға тәрбие беру мемлекеттің мақсаты дегенде құлдарды ескермеді, оларды “сөйлейтін құралдар” деп санады.

Аристотель ең алғаш рет баланың дамуын белгілі кезеңдерге бөлді (жеті жасқа дейін, жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен 21 жасқа дейін). Жеті жасқа дейінгі дәуірде бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде Аристотель кейбір құнды пікірлер ұсынды. Жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, денені шынықтыру, баланың тәрбие алатын ортасын ескере көрсетілді.

Жеті жастан бастап ер балалардың мемлекеттік мектепке баруы, онда алдымен дене тәрбиесіне көңіл бөлінуі талап етілді. Дене тәрбиесінде жаттығулардың жеңіл, балалардың күшіне тимейтіндей болғаны дұрыс деп санады.

9

Аристотель тәрбиенің әр түрлі салаларының (дене, ақыл-ой және моральдық тәрбиенің) байланысты болуын жақтады. Дене тәрбиесімен қатар оқуға, жазуға, сурет салуға, музыкаға үйреткен дұрыс. Мектепте бала елеулі білім алуы керек: әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны, музыканы оқуы керек деп есептеді. Мұндай дәрежеде әйелдерге де білім беру қажет деп санамады. Моральдық тәрбие беруде Аристотель моральдың дағдылар мен мінез-құлыққа жаттықтыруға үлкен мән берді. Моральдық тәрбиенің үш көзі — табиғи нышандар, моральдың дағдыларды және сананы дамыту керектігін айтты. Моральдың тәрбие беруде семьяның ролін ол өте жоғары бағалады. Тәрбие жөніндегі Аристотельдің пікірлері кейінгі дәуірлерде педагогикалық ой-пікірлердің дамуына үлкен әсер етті.



Ежелгі Рим мемлекетінде құл иеленудің дамуы халықтың үстем тапқа және қаналушы тапқа бөлінуіне әкеп соқты. Осыған сәйкес мектептер, элементарлық және одан жоғарырақ грамматикалық болып екіге бөлінді. Элементарлың мектептерде құлдардан басқа еркін халықтың (плебейлердің) балалары да оқитын болды. Бұл мектептерде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Үстем таптың өкілдері балаларына алғашқы білім беруді үйде ұйымдастырып, бірден грамматикалық мектептерге берді. Бұл мектептер жеке адамдар ұйымдастырған, оқу ақысын төлеуді керек ететін мектептер болды.

Грамматикалық мектептерде латын тілінің грамматикасы, грек тілі, риторика (әдебиет және тарих мәліметтерін бере отырып, шешендікке баулу) оқытылды. Кейінірек риторика мектептері пайда болды. Бұл мектептерде өте жоғары оқу ақысына риторика, философия, заң, грек тілі, математика және музыка сабақтары оқытылатын болды. Осы мектепті бітірушілер жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға қажетті дайындық алды. Ежелгі Рим педагогтарының ең көрнектісі Марк Фабий Квинтилиан болды (біздің заманымыздың 42— 118 жылдары өмір сүрген.) Ол — “Шешендікке тәрбиелеу туралы” деген еңбектің авторы. Квинтилиан өз дәуіріндегі грек, рим философиясы және педагогикасымен жақсы таныс болды. Өз еңбегінде ол риторика мектебінде мұғалім болып істеген бай тәжірибесін қорытты.

Квинтилиан балалардың табиғи нышандарын жоғары ба-ғалады. Балалар мектепте тәрбиеленуі керек, мұғалім әр балаға ерекше көңіл бөлуі қажет деп есептеді. Мұғалімнің білімді, ұстамды, балаларға үлгі болуы және оларды жете білуі қажет деп санады.

Квинтилиан балалардың тілін дамытуға ерекше мән берді. Ол үшін ерте бастан олардың сөйлеуіне көңіл бөлуді талап

10

етті, тілді және музыканы оқыту баланың дұрыс сейлеуін дамытады деп санады. Баланың логикалық жүйелі түрде ойлауын дамыту үшін математиканы оқытуды қажет деп есептеді. Балаларға берілетін білімнің негізі берік болуын талап етті. Квинтилианның педагогикалық еңбектері өте жоғары бағаланды.



Феодалдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп

Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиелер феодалдар мен дін иелері болды. Олар бүкіл жердің және өздеріне бағынышты шаруалардың қожасы саналды. Феодалдық қоғамның негізгі тірегі — дін мекемелері (шіркеу). Орта ғасырда Қытай мен Индияда, Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оңыту мәселесі діни ұйымдардың (шіркеудің) қолында болды, білім діни мазмұнда берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарды үстем тапқа бағынуға үгіттеді.

Иранды; Сирияны, Палестинаны, Египетті, Африканың

солтүстік жағалауын VII—VIII ғасырларда арабтар жаулап алып, ірі мемлекет құрды. Бұл мемлекет Қытаймен, Индиямен, Европамен экономикалық байланыс жасады. Арабтар жаулаған жердің халықтарының мәдениеті ертеден дамыған болатын, ол мәдениетке енді жаулаушылар ие болды.

VIII ғасырда арабтар Пиреней түбегін жаулады, соның нәтижесінде Батыс Европа жерінде мұсылман мектептері ашылды. Пиреней жеріндегі Кордова халифаты арқылы Батыс Европада Ежелгі Шығыс мәдениеті тарады. Соның ішінде Аверроес деген атпен әйгілі болған араб философы Ибн-Рошданың түсіндірмесі арқылы Аристотельдің еңбектері тарай бастады.

IV ғасырда Рим империясы Батыс және Шығыс империя болып екіге бөлінді. Батыс империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінді. Шығыс империя Византия деген атпен мың жылдай сақталды. Бүкіл Византия мәдениетінің діни сипатта болуына қарамастан, онда Ежелгі Шығыс мәдениетінің кейбір әлементтері сақталды. Шіркеу жанындағы мектептермен қатар, кейбір қалаларда жоғары мектептер болды, ол мектептерде діни кітаптар, Ежелгі Шығыс философтарының, ақын-жазушыларының еңбектері оқытылды.

Византия мәдениетін Шығыс Европа жеріне таратуда славяндар үлкен роль атқарды. Ол мәдениет Ежелгі Русь жеріне де тарады. Бірнеше ғасырлар бойы Батыс Европа елдеріне католик шіркеуі күшті әсер етті. Олар бүкіл оқыту мәселесін өз қолында ұстады. Орта ғасырлық монастырьларда дінді тарату мақсатымен діни кітаптар қолдан көшіріліп, көбейтілді. Кітап көшіретін адамдар даярланды, кітапхана және мектептер құрылды. Алдымен монастырь мектептері, кейін собор мек-

11

тептері ашылды. Кейбір шіркеулердің жанында да мектептер ашылды. Бұл мектептерде ер балалар ғана оқыды. Шіркеу мектептерінде латын тілінде дұға оқуға, діни әндер айтуға, кейде жазуға үйретті. Оқу тек қана латын тілінде болғандықтан, балалар оқығандарының мазмұнын түсінбеді.



Монастырь және собор мектептерінде мұғалімдік қызметті діни қызметкерлер атқарды. Мектептерде оқудың белгіленғен мерзімі болмады. Шіркеу мектептерінде оқу мерзімі бес және одан да көп жылға созылды. Онда балалармен бірге жастар да оқыды. Оқуға пайдаланатын діни кітаптардың мазмұны балаларға өте ауыр тиді және олар қолдан көшірілгендіктен, біреудің жазуын айырып оқу өте қиындық келтірді. Құстың қауырсынынан жасалған қаламмен жазу да ауыр еді. Мектептерде ұрып жазалау көп қолданылды. Төменгі мектептерге алғашқыда дін иелерінің балалары ғана оқуға алынса, XI ғасырдан бастап басқа сословиенің балалары да алынатын болды. Бірақ халықтың негізгі көпшілігінің балалары мектепте оқуға қамтылмады, олардың балалары атааналарының еңбегіне араласу арқылы ғана тәрбиеленді.

Монастырь және собор мектептерінде білім берудің көлемі бірте-бірте кеңейтілді. Грамматика, риторика, діни филоеофияның негіздері (диалектика) енгізілді. Арифметика, геометрия, астрономия және музыканы оқытатын мектептер де болды. Бұлардан басқа дін ілімі оқытылды, дін “ғылымның негізі” деп саналды.

Әсіресе, грамматиканы оқуға көп көңіл бөлінді (латын тіліндегі грамматикалың формаларды жаттау, діни кітаптарды талдау). Риториканың міндеті дінді уағыздауға даярлау болды. Диалектика оқушыларды діни тақырыпта таласуға, діни қағидаларды қорғауға даярлады. Барлық оқытылатын пәндердің мазмұны діни сипатта берілді.

Феодалдардың балаларына берілетін тәрбие басқаша болды, феодал тәжірибелі әскер болуы, шаруалар көтерілісін қатаң түрде басуы керек болды. Сондықтан олардың балаларын тәрбиелеуде әскери әрі дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді: оның программасы “жеті серілік өнерді” қамтыды (атқа салт міну, жүгіру, қылыштасу, найзаласу, аң аулау, шахмат ойнау, өлең шығару). Оқуға және жазуға үйрету міндетті деп есептелмеді.

XII—XIII ғарырларда Батыс Европадағы мемлекеттер арасында экономикалық байланыс кеңіді, қалалар пайда болды, қолөнер мен сауда дамыды. Экономикалық даму терең білімнің болуын қажет етті, осыған байланысты университеттер ашылды. XII ғасырда университеттер Италияда, Францияда, Англияда тағы басқа елдерде, XIV ғасырда Чехияда (Прагада), кейінірек Польшада (Краковта) ашылды.

Орта ғасырда ғалымдардың инициативасымен университеттер ашылды. Ішкі жұмыстарын олар өздері басқарып, бас-

12

қызметкерлерді де өздері сайлайтын болды. Материалдық көмек көрсету жолымен университеттерге шіркеу өз билігін жүргізуге тырысты. Кейінірек университеттерге шіркеудің әсері күшейе түсті. Негізгі факультет дін факультеті болды. Орта ғасырдағы университеттерде 4 факультет болды. Дайындық факультетінде грамматика, риторика, философия, арифтика, геометрия, астрономия және музыка оқытылды. Бұл факультет орта мектептің қызметін атқарды, оқу мерзімі 6— жылға созылды. Әрі қарай үш негізгі факультеттің біреуінде (дін, медицина және заң факультеттері) 5—6 жыл оқитын болды. Университетте оқудың негізгі түрі лекция болды және диспуттар ұйымдастырылды.



Қалада қолөнердің және сауданың дамуына байланысты қолөнершілер цех мектептерін, сауда қызметкерлері гильдия мектептерін ашты. Бұл мектептерде ана тілінде оқу және жазу үйретілді, есеп және дін сабақтары оқытылды. Кейін бұл мектептер бастауыш қала мектептеріне айналды.

Арабтар жаулап алуының нәтижесінде ислам дініне бағынған халықтарда мектеп және медреселер ашылды. Мектеп мешіттің жанынан ашылып, ер балаларға бастауыш діни білім берді, ал медресе діни қызметкерлермен бірге үкімет қызметіне де әзірлейтін болды. Мектептегі негізгі міндет балаларды құранның тексін оқуға үйрету еді. Оқу балаларға түсініксіз араб тілінде жүргізілді. Құранды басқа тілге аударуға тыйым салынды. Мұсылман мектептері балаларды құдайға, құдай қалаған үкіметке бағынуды талап етті.

Балалар алдымен араб тіліндегі барлық әріптің атын білуге тиісті болды. Әріптерді қосып оқымастан бұрын, әріптердің атын қосуға жаттықтырылды. Оқудың негізгі әдісі жаттау болды. Жазуды тек қана кітап көшіретіндер ғана меңгере алды. Жазу құралдары өте нашар болды. Кейбір медреселерде орта біліммен қатар, жоғары білім де берілді. Алдымен медреседе арабтың әдеби тілін меңгеру міндеттелді. Әр халықтың ана тілі оқытылмады. Логика оқытылды, мұсылман діні жөнінде кең білім берілді. Медреседе екі бағытта білім берілді (дін және заң). Медресеге мұғалім болғысы келгендер араб философиясымен шұғылданды. Дін және заң қызметімен шұ-ғылданатындардың негізгі сүйенетіндері құран болды. Сон-дықтан медреседегі оқудың негізгі мазмұны құранды үйре-

ту еді.


Құранның араб тексін түсінуді оңайлату мақсатымен Иранда және Орта Азияда оны парсы, тәжік тілінде түсіндіру жүзеге асырылды.

Құранға діни түсінік берушілер оны құдай жасағанын, жерді және адамды құдай жаратқанын түсіндірді, ал құранға заң ретінде түсінік берушілер сауда, неке және мұрагерлік туралы заңдылықтарды уағыздады.

13

Медреседе лекцияға аз көңіл бөлінді, шәкірттерге өздері оқу үшін тапсырма өте көп берілді. Оқығанын әңгімелеп шығу және жаттау әдістеріне баса назар аударды. Медресе жаратылыс сабағынан ешбір білім бермеді, математика аз оқытылды. Медреседе көбінесе үстем таптың балалары ғана оқыды.



Қолөнерді, табиғат жөніндегі ғылымды, медицинаны, ма-тематиканы игеру мектептен тыс жүргізілді. Әскер және дене тәрбиесі, құс салып, ит қосып аң аулау т. б. спорт ойындары арқылы жүргізілді. Мейрамдарда спорт ойындарынан жарыс ұйым-дастырылды. Соғыс, жорық туралы, батырлардың ерлігі туралы әңгімелер арқылы балаларға моральдық тәрбие берілді.

Мұсылман мектептерінде балаларды қорқытып ұстау, ұрып жазалау үлкен орын алды.

Орта ғасырлық шығармалардың ішінде педагогикалық мазмұнда жазылғандары да кездеседі. Соның бірі — ескі тәжік тілінің диалектісінде жазылған XI ғасырдағы “Кабус-на-мэ”. Бұл шығарма әкенің баласына өсиеті ретінде болғандықтан, бірнеше шығыс халықтарының тіліне аударылды.

Кейінгі дәуірлерде ана тілінде оқыту мәселесі қолға алына бастады. Бұдан мың жыл бұрын ислам дінінің негізін парсы-тәжік тілінде түсіндірген оқулық “Чор-китаб” дүниеге келді. Кейінірек діни өлеңдердің жинағы түркмен, ескі өзбек тілінде басылып, оқулық ретінде пайдаланылды.

Халық педагогикасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жастарды тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарды. Шығыстағы мұсылман халықтарында мынадай мақалдар кездеседі: “Білмеген айып емес, оқымаған айып”, “Таяң еттен, сөз сүйектен етеді”, “Атаның ұлы ғана болма, халықтың ұлы бол” т. б.

Қазақ жеріндегі мұсылман мектептері оқушылар құрамы жағынан кішігірім мектептер болды. Көбінесе олар киіз үйге орналасты, мектеп жабдықтары мен оқу құралдары болмады. Байлардың қаражатына қалаларда салынған медреселер ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, оқу программалары және тұрақты сабақ кестелері болмады. Мектептерде діни кітаптардың мағынасына түсінбей, тек қарасын оқып білу үйретіліп, балаларға ешқандай ғылыми білімдер берілмеді. Өйткені оқу ана тілінде жүргізілмей, балаларға түсініксіз араб тілінде жүргізілді. Оқушылар араб әріптерін оқып үйрену үшін айлап, жылдап уақыт кетірді. Көптеген мектептерде оқуды хат танитын сауаты ғана бар молдалар оқытты. Олардың ұстаздық қызметке ешбір даярлығы болмайтын. Оқудың басталатын белгілі уақыты болмағандықтан, әр бала қалаған уақытта мектепке алынып, молда олардың әрқайсысын жеке оқытты. Балалардың бәрі бір киіз үйде отырғаны болмаса, олардың әрқайсысы жеке тапсырма алды.

14

Мектеп пен медреселерде оқығаны үшін балалар ақы төледі. Шәкірттер аптасына бір рет бейсенбі сайын молдаға ақшалай және заттай ақы төлеп тұрды. Ал оқу аяқталғанда бағалы сыйлықтар беруге тиісті еді.



Бірте-бірте мектептерде ана тілінде ғылыми білім беретін пәндерді оқытуда жаңа әдістерді қолдану орын ала бастады. Жаңа әдіспен оқытқанмен оларда ескі мектеп, медреселер сияқты діни догмаларды тарататын және ислам дінін нығайту үшін мұсылман миссионерлерін даярлау жолында қызмет ететін мектептер болды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі мектеп және педагогикалық

ойлар (XIV—XVI ғасырлар)

Қайта өрлеу дәуірінде сауданың, қаланың дамуымен бірге тоқыма өндірісі өркендеді, капиталистік өндіріс кәсібі дамыды, буржуазия табы туды. Бұл өзгерістер ғылымның дамуын талап етті. Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, география, жаратылыс ғылымдары дамыды. Ғылымның әр саласынан жаңалықтар ашылды. Европада кітап басу пайда болды. Америка және Индияға теңіз жолы ашылды. Энгельстің айтуы бойынша, бұл дәуір Папаның діни диктатурасын күйреткен, Ежелгі Шығыс мәдениетін жарыққа шығарған, өнердің даму дәуірі болды. Гуманистер жаңа тап — буржуазияның мүддесін жақтады.

Гуманист педагогтар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті. Олар баланы бағалауды жақтады. Бұл дәуірде қолөнершілер мен сауда қызметкерлерінің балалары үшін ашылған қала мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілді. XVI ғасырда бастауыштан жоғары латын мектептері және орта мектептер ашыла бастады (коллегиум, гимназия). Бұл мектептердің оқу мерзімі 8— 10 жыл болды, оларда тек үстем таптың балалары ғана оқыды. Кейбір діни ұйымдар балаларға жаппай бастауыш діни білім беруді жүзеге асырды Чехия).

Қайта өрлеу дәуірінде Англияның социал утописі Томас Мор педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды (1478—1535 жылдар). Басқа Европа елдеріне қарағанда Англияда капитализм тез қарқынмен дамыды. Тоқыма өндірісінің дамуына байланысты қой өсірудің кең етек алуы жерсіз қалған шаруалар мен қолөнершілердің күйзеліске ұшырауына себеп болды. Томас Мор еңбекшілердің тұрмысының нашар екендігін керсетіп, Англиядағы қоғамдық құрылысты батыл сынады. Оның орнына социалистік қоғам құруды ұсынды. Томас Мор қоғамдағы үстем таптың өкілдерінен құтылу керек деп санады. Ауыр жұмыстарды қолға түскен құлдар атқаруы керек деп

15

есептеді. Мор тәрбиеге де үлкен мән берді, барлық балаларға қоғамдық тәрбие, бастауыш білім беруді жақтады, оқудың ана; тілінде оқытылуын қолдады. Мектепте оқуға, жазуға үйрету мен қатар арифметика, геометрия, астрономия, музыка, диалектика, жаратылыс сабақтарының оқытылуын талап етті.



Мор дене тәрбиесіне үлкен мән берді. Алғаш рет еңбекңе тәрбиелеуді ұсынды. Барлық балалар ауыл шаруашылығы мен қолөнердің бір түрімен шұғылдануы керек деп көрсетті. Жұмыстан бос уаңытты кітапханада, музейде білім толықтыру үшін пайдалану қажет деп санады. Томас Мордың педагогикалың идеяларының педагогикалың пікірді дамытуда зор әсері болды. Ол жаппай бастауыш білім беруді, әйелдердің ерлермен бірдей білім алуын жақтады.

16

XVII—ХVІІІ ғасырлардағы буржуазиялық

революциялар кезеңіндегі буржуазиялық-демократиялық педагогиканың дамуы

Ян Амос Коменскийдің (1592—1670) педагогикалық

теориясы

Өмірінен қысқаша

мәлімет Я.А.Коменскийдің

қөзқарасы XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский 1592 жылы 28 мартта туды. Бұл кезде XV ғасырдың бас кезінде болған тарихтағы аса зор ұлт-азаттық гусит қозғалысының әсері әлі де бар еді. Соның ықпалымен шаруалар мен қолөнершілердің қалың бұқарасы демократияшыл көзқарастағы адамдардан “чехтык,” немесе “Богемалық туыстар” атты қауымдарын (община) құрды. Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ал өзі кейінірек сол қауымның көсемі болды. Қауымның көмегімен ол латын (орта мектебін; кейіннен университетті бітіреді. Мұнан соң священник болып сайланады, сонымен бірге қауымның “туыстық” мектебін басқарды.

1620 жылы чех басқыншыларымен күресте жеңіліске ұшы-рауына байланысты ұлы педагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ел үлкен күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылды және барлық семьясынан айрылды.



Отанынан айрылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Қауым мүшелерімен ауыр азапта одақтас болған Коменский мұнда да өзінің педагогикалың қызметін тоқтатқан емес: “туыстық мектепті” басқарды, қажырлы түрде ғылыми-педагогикалың жұмыс жүргізді. Ол 1631 жылы “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” Деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің

17

тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады. Келесі жылы Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан “Ұлы дидактика” еңбегі жазылып бітті.



“Ұлы дидактика” Коменскийдің педагогикалық жүйесін толың және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді.

Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі болған Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту методикасын жасаумен айналысты. 1648 жылы ол шетелден Лешноға келіп, кешікпей “чех туыстың” қауымының басшысы больш сайланды.

Осы жылдары оның “Әлемді суреттеп бейнелеу” оқулығы, “Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары” және “Жастарға арналған мінез-құлық ережелері” деген педагогикалық шығармалары аяқталды. “Әлемді суреттеп бейнелеу” өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклопедиялық кітап XIX ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді.

1656 жылы швед-поляк соғысы кезінде “чех туыстығының” ең ақырғы панасы Лешко қаласы өртенді. Өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның “Ұлы дидактикасы” 1957 жылы осында бастырылды.

Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Наарденде қайтыс болды.

Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдың және капиталистік формацияларының, аралығында өмір сүрген Коменскийдің көзқарасы сол дәуірлердің ерекшеліктері мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.

Коменский шығармаларына, әсіресе оның дидактикасына XVI—XVII ғасырдағы жаңа философияның (Джорданно Бруно, Галилей, Леонардо да-Винчи т. б.), әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561—1620) философиясының әсері болды.

Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көзқарастар да болды, дидактиканың принциптерін материалистік сенсуализм тұрғысынан түсіндірді. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын таным проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды. Коменский ақиқаттың бір саласы — логикалық, оның көзі — діни сапа. Ақиқаттың екінші саласы табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі, бұл көз-

18

ді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет деді.



Коменский көзқарасының жаңа бағыттарына Қайта өркендеу дәуіріндегі гуманизмнің әсері күшті болды. Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін “адамгершіліктің шеберханасы” болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды. Қайта өркендеу дәуірінің әсерімен Коменский адамға, оның ақылы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, адам ақылы “ақиқатында бүкіл дүниеде зор” деген тұжырымға келді. Коменскийдің мұндай гуманизмі адам жөніндегі орта ғасырлық көзқарасқа тікелей қарама-қарсы еді.

Сондай-ақ ол өзінің “Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы”-деген шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық құрылысты әшкереледі. Байлығы мен жыныс ерекшеліктеріне қарай бөлінбейтін, біртекті, жалпыға бірдей ана тілінде оқытатын мектепті талап етуінен де Коменскийдің демократизмі айқын байқалды.

Коменскийдің өз кезіндегі білім беру жүйесін, схоластикалық мектепті әр жақты және дәлелді сынға алуының қоғамдық зор мәні болды. Әсіресе оның халықтың төменгі тобының мектепке қолы жетпей отырғандығын, осының арқасында халық арасындағы көптеген таланттар мен дарындардың көзге түспейтіндігін, мұның мемлекет тағдырына зияндылығын көрсетті, мектеп құрылысын қатаң сынады, бұл сол кездегі демократиялық топтардың қоғамға наразылығын туғызды.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет